ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ
Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 2015-344б
344.03K
Категория: ПравоПраво

Тінту және алу

1. ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы
ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ
Орындаған:Уалиханов Ә.
Тобы: ЮМ-14-1К1
Қабылдаган:Альшуразова Р.
Шымкент 2016 ж.

2.

Тiнту iс үшiн маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу
және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті
табу мақсатында жүргiзiледi.
Заңда мынадай тінту түрлері қарастырылған:
• Белгілі бір мекемені тінту (ғимарат, ұйым, үй-жай)
• Өзге де жерледі тінту (аула, саябақ, бақша, т.б.)
• Жеке тінту.
• Жер учаскелерін тінту;
• Көлікті тінту.
Тінту сондай-ақ әділ соттан жалтарып жүрген
адамды табу немесе өлтіру туралы іс бойынша
мәйітгі іздеу мақсатыңда жүргізіледі

3.

Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр заттар мен
құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі
болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын
мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.

4.

Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам
уәждi қаулы бойынша жүргізеді. Тiнтуді жүргiзу туралы, сондай-ақ
мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны
қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға тергеу судьясының
санкциясы алынуға тиiс.
Тiнту мен алуды жүргізу туралы қаулыны
санкциялау ҚР ҚП Кодекстің 220-бабының 13-1,
13-2, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген
тәртіппен жүзеге асырылады.

5.

Тінту мен алуды тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік немесе
заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы тергеу судьясы санкция беруге тиіс. Тінту не алу
жүргізілетін адамдарға, сондай-ақ куәгерге, маманға, аудармашыға олардың құқықтары түсіндіріледі: тергеушінің
барлық әрекеттеріне қатысу және осы әрекеттерге қатысты ескерту жасауға құқылы, бүл туралы хаттамаға енгізіледі.
Тергеушінің қаулысынсыз тінту және алу жүргізу заңды бұзу деп саналады жөне осындай әрекеттермен алынған
нәтижелер мен дәлелдемелер жоққа шығарылады.
Қаулы шығарып, құқықтарымен түсіндіргеннен кейін тергеуші қылмыс қаруын, заттарын, қылмыс жолымен
алынған құндылықтар мен басқа қүжаттарды тапсыруды ұсынады. Егер іздестірудегі заттар мен құжаттар ерікті түрде
берілсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанынан күмәндануға негіздер болса, тергеуші одан
әрі іздеу жүргізуге құқылы.
Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесі оларды ерікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар
ашылуы мүмкін. Бұл ретте есік құлыптарын және басқа заттарды қажетсіз бүлдіруге жол берілмеуі тиіс.
Алу кезінде тергеуші алынуға жататын заттар мен құжаттарды беруді ұсынады, ал бүдан бас тартылған жағдайда алу
мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Тергеуші сол үй-жайда түрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың жеке емірінің
тінту мен алу кезінде анықталған мән-жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті. Тергеуші тінту
немесе алу жүргізіліп жатқан үй-жайды немесе орында тұрған адамдарға және осы үй-жайға келген адамдарға тінту
немесе алу аяқталғанға дейін ол жерден кетуге, сондай-ақ бір-бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым
салуға құқылы.
Тінту мен алу жүргізілген кезде тергеуші іске қатысы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алумен шектелуге тиіс.
Айна-ымға салуға тыйым салынған затгар мен қүжаттар олардың іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс.
Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған баска да адамдарға көрсетіледі, буып-түйіледі және
тінту жүргізілген жерде мөрмен бекітіледі және куәгер мен бұған қатысқан адамдардың қол қоюымен
куәландырылады. Тінту жүргізген кезде қажет болған жағдайда фотосуретке, киноға түсіру жөне бейнежазба
жүргізіледі.

6.

Тінту немесе алу Хаттамасында заттар мен
құжаттар қай жерде және қандай жағдай-да
табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе
мәжбүрлеп алынғаны керсетілуге тиіс. Бірақ
алынған затгар хаттамада саны, мөлшері, салмағы,
өзіндік белгілері және мүмкіндігінше бағасы дәл
көрсетіле отырып жазылуы тиіс.
Егер тінту немесе алу жүргізген кезде алынуға
жататын заттарды немесе құжаттарды жою немесе
жасыру әрекеттері жасалған болса, бұл хаттамада
қолданған шаралар көрсетіле отырып жазылуға
тиіс.
Тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі олар
жүргізілген адамға не оның кәмелетке толған
отбасы мүшесіне, ал олар болмаған жағдайда
тұрғын үй пайдалану ұйымның немесе жергілікті
атқарушы органның өкіліне олардан қолхат
алынып тапсырылады. Егер тінту немесе алу
ұйымда жүргізілсе, онда хаттаманың көшірмесі
оның өкілдеріне қолхат алынып тапсырылады.

7. Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 2015-344б

Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік
кодексi, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 2015344б
English     Русский Правила