200.68K
Категория: ПравоПраво

Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау

1.

Құқық жоғары мектебі
Пән: ҚР Әкімшілік құқығы
12-тақырып. Мемлекеттік басқару
аясындағы заңдылықты бақылау
және қадағалау

2.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Басқару аясындағы заңдылық.
2. Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
3. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері.
4. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері.
5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
6. Прокурорлық қадағалау.

3.

1- сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық.
Атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерін қолданумен
анықталады.
Басқару әдістері дегеніміз:
1. Әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру;
2. Басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу;
3. Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері.

4.

Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі
дегеніміз құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың
функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының
жүйесіне кіргізу; басқарушылық процестерді ресімдеу, т.б.
Сонымен, атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына
қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппараттарын ұйымдастырады.
Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр,төраға),
ақылдасып (алқада, ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп ( екі
немесе бірнеше минстрліктер, комитеттер, т.б. қатысып) шешілуі
мүмкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық, нұсқаулық түрінде шешіледі.

5.

Атқарушы биліктің негізгі міндеті — заңдардың орындалуын
қамтамасыз ету. Бұл міндет басқарудың әртүрлі формаларында жүзеге
асырылады. Басқару формасын заң анықтайды.
НЫСАНДАРЫ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕМЕС

6.

Басқарудың құқықтық нысандарына мыналар жатады:
Нормативтік құқықтық актілерды дайындау және қабылдау;
Шарттар жасасу.
Нормативтік құқықтық актілерды дайындау, талқылау, қабылдау
және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған
жағдайда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау
мүмкіндігі де жойылады.
Басқарудың құықтық емес формаларына
материалдық – техникалық әрекеттер жатады.
ұйымдық
және

7.

Ұйымдық әрекеттерге:
Заң және басқа актілердің мазмұнын түсіндіру;
Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау
беру;
Басқару органдарының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту.
Төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңес,
мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өткізу және басқа
шаралар өткізу.

8.

Материалдық - техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:
Органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық
қамтамасыз етуді жүргізу;
Іс қағаздарын жүргізу ( хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау).
Есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті
құралдар беру (реестерге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету) Мұндай
әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзірет берілген органдар да (
статистика және т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де
(нұсқамалар, ережелер) анықтай алады.

9.

2-сұрақ.
Мемлекеттің
басқару
аясындағы
қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.
Мемлекетік басқару органдары:
Іс әрекеттің заңға сәйкес ережелерін белгілейді;
билік ету өкілеттігін жүзеге асырады;
әкімшілік әрекетті жүзеге асырады.
заңдылықты

10.

Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару
органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі
тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік
функцияларды жүзеге асыруға бағытталады.
Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару
аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз
ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару
органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес
актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі
заңдылық болып табылады.

11.

Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде
берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару
органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу
тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне,
қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді.
1. Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай
бөлінеді:
Жоғары
органдар.
Мұндай
органға
Қазақстан
Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ;
мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары,
олардың қызметі белгілі бір әкімшілік –аумақтық құрылым – облыс;
аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады.

12.

2. Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары
жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер
бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық —
нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы,
қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен
қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер;
жалпы алтғанда – ведомстволар) органдар болып табылады.
3. Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын,
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды
қызметтен босатады.

13.

3 - сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері.
ҚР
Президентінің
бақылау
жүргізу
өкілеттіліктері
ҚР
Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік бақылаудың мынандай
түрлері бар:
Президенттік бақылау;
Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы;
Атқарушы билік органдарының бақылауы.
Бақылаудың негізгі мақсаттары-атқарушы билік органдарымен олардың
лауазымды адамдарының қызметінің өз міндеттеріне сәйкестігін, оларды
орындаудың уақытылы және толымды болуын, заңдар талаптарының
сақталуын, қаражаттардың үнемді және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету,
мемллекеттік құрылымның тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік реттеудің
тиімділігін арттыру.

14.

ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. Қазақстан
Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы
лауазымды тұлға болып саналады.
Сондай-ақ Президент 7 жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің
құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген. Республика
Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халық пен
мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына,
сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына
кепілдік береді. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласында шаралар қолданады.

15.

Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды.
Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге
асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге
асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың
қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді.
Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады.
Орталық басқару органдары дегеніміз — министрліктер, агенттіктер,
мемлекеттік комитеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы
істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және
ғылым және т.б. бойынша басқаруды жүзеге асырады.

16.

Қазақстан
Республикасының агенттіктері — спорт және
туризм, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша
басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік комитеттері
арнаулы функцияларды орындап, нақты салалар бойынша
бірыңғай саясатты қамтамасыз етеді. Оар ведомстводан тыс
заңдық биліктік өкілеттікке ие және қызметін өздеріне
бағынбайтын мемлекеттік басқару органдарына қатысты жүзеге
асырады. Комитеттер орындайтын міндеттер олардың
атауларынан көрініс табады.

17.

Мемлекеттік мүлік саласы бойынша жетекшілікті — Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет
жүзеге асырады. Осы сияқты Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет инвестицияларға
қатысты қызметті, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет өзіне қатысты
атауынан көрініс табатын тиісті қызметтерді атқарады және т.б.
Мемлекеттік комитеттердің қаулылары барлық министрліктермен өзге де басқару
органдары үшін міндетті. Республика Президентінің актілеріне сәйкес атқару билігінің орталық
органдарының жүйесі тәртіпке келтірілген және олар қоғамдық қатынастардағы өзгеріске орай
өзгеріп отырады.
Мәселен, 1999 жылға дейін мемлекеттік комитеттердің басты міндеті болып келген қызметті
1999 жылғы Президент актісі негізінде қайтадан құрылған министрліктер мен агенттіктер
атқарып келеді. Өз кезегінде олардың нақты құрылымдары департаменттері, комитеттері,
басқармалары нақты айқындалған қызметтерді атқарады. Жергілікті мемлекеттік басқаруды
тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге
асырады.

18.

Жергілікті өкілді органдар — мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегі халықтың еркін білдіреді әрі жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере
отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге
асырылуын бақылап отырады.
Ал жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен қатар тиісті аумақтың
мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы
мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне:
аумақты
дамыту
жоспарларын;
экономикалық
және
әлеуметтік
бағдарламаларын; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету; коммуналдық меншікті басқару; жергілікті органдардың
жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады.

19.

Мемлекеттік
басқарудың
жергілікті
органдарына

Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару
органдары жатады. Мемлекеттік басқару функцияларын өз аумағына
сәйкес жүзеге асыратын және дара басшылық принциптері негізінде
әрекет жасайтын жергілікті атқару органының басшысы тиісті
әкімшілік -аумақтық бөліністегі Республика Президентінің тіккелей
өкілі болып есептеледі.

20.

4 - сұрақ. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.
Қадағалау
атқарушы
билік
органдарының
заңдылықты қамтамасыз ету ретінде белгіленеді.
Қадағалаудың үш түрі бар:
Әкімшілік қадағалау;
Сот тәртібімен қадағалу;
Прокурорлық қадағалу.
қызметінде

21.

Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін
ұйымдастыру құқықтық және материалдық – техникалық
қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын әзірлейтін және оның
орындалуын жүзеге асыратын жергілікті әкімшіліктің аппараты
құрылады.
Жергілікті
әкім өзінің құзыретіне жататын тиесілі мәселелер
бойынша тиісті аумақтағы барлық заңды тұлғалар (меншік
нысанына қарамастан) лауазымды тұлғалар, сондай-ақ барлық
азаматтар орындауға міндетті қаулылар мен өкімдер қабылдайды.

22.

ӘКІМШІЛІК ҚАДАҒАЛАУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Қадағалау субъектілері мен
бағыныштылығы болмайтындығы;
қадағаланатын
объектілердің
ұйымдастыру
жағынан
Қадағаланатын объектілердің қызметін тек заңдылық тұрғыдан және өте аз арнаулы мәселлер
тобы бойынша ғана қадағалау мүмкіндігі;
Қадағалау объектісінің жедел- шаруашылық қызметіне араласуға мүмкін болмайтындығы;
Қадағалау қызметінің арнаулы объектісінің болуы-нормативтік актілерде қаралатын
нормалар,ережелер,талаптар, стандарттар және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауы;
Құқық бұзушылық табылған немесе әртүрлі объектілерге қауіптілік қаупі пайда болған
жағдайларда әкімшілік мәжбүрлеу шараларын дербес қолдану мүмкіндігі;
Бұл мәжбүрлеу шараларын құқықтық шеңбермен қатал шектеу;
юрисдикциялық өкілеттіктердің болуы.

23.

Әкімшілік қадағалу – бұл құқық бұзушылықтың алдын алу, табу
және жолын кесу, бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді
әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеу шараларын
пайдаланатын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.

24.

5 - сұрақ. Прокурорлық қадағалау.
ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан
Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген
шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің
мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Республика
Прокуратурасы
төменгі
прокурорларды
жоғары
тұрған
прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай
орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік
органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика
Президентіне ғана есеп береді.

25.

Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға,
күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға,
қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда,
Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор
өкілеттігінің мерзімі - бес жыл.
Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі
конституциялық заңда белгіленеді.

26.

Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің
қағидаттары.
Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттік органдардан және
лауазымды адамдардан тәуелсіз болу, Қазақстан Республикасының Президентіне
ғана есеп беру, жариялылық қағидаттарында жүзеге асырады.
Прокуратура органдары өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыру
кезінде олардың қызметіне қандай да бір араласуға тыйым салынады.
Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік
органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметін тексеруді тағайындауға,
заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігіндегі, мемлекеттік
құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңдарының
талаптарына қайшы келмейтіндей шамада жария түрде әрекет етеді.

27.

Прокуратураның мақсаттары мен міндеттері.
Прокуратура адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, Қазақстан Республикасының
аумағында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды
тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және
бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді;
2) заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды,
сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жоюды;
3) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты,
құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі
қызметін үйлестіруді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

28.

Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарына сәйкес:
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де
ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің;
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың, жедел-іздестіру және қарсы барлау
қызметінің;
атқарушылық іс жүргізудің;
заңды күшіне енген сот актілерінің;
қылмыстық жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын
қолданудың;
мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың заңдылығын жоғары
қадағалауды;

29.

2) сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;
3) қылмыстық қудалауды;
4)
қылмыстық-құқықтық
салада
халықаралық
ынтымақтастықты,
шет
мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық
қудалау мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде)
прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекет мүдделерін
білдіруді, халықаралық шарттар жасасуды, қылмыстық-құқықтық саладағы
халықаралық шарттардың жобаларын келісуді;
5) нормашығармашылық қызметке қатысуды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде көзделген өзге де құзыретті жүзеге асырады.

30.

Прокурор өз құзыретіне сәйкес:
1) заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне
енген актілерді бағалауды жүргізуге;
2) осы Конституциялық Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
айқындалатын, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура
актілерін енгізуге;
3) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің және олардың лауазымды
адамдарының
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына,
Қазақстан
Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілеріне қайшы келетін құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіруге;

31.

4) меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан
Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін актілеріне, егер бұл
актілер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де
мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра
алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ адамдардың
шектелмеген тобына қатысты болса, Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген шектерде наразылық білдіруге;

32.

Прокуратура актілерінің жүйесін мыналар құрайды:
1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, санкция, нұсқау,
ұсыну, қаулы;
2) прокурорлық ден қою актілері: өтінішхат, арыз (талап қою),
жолданым, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол
берілмейтіні туралы түсіндірме;
3) прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі
мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, өкімдер, ережелер,
нұсқаулықтар, регламенттер және басқалар.

33.

Наразылық
Прокурор
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына,
Қазақстан
Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне
қайшы келетін заңды күшіне енген актілерге, мемлекеттік органдардың,
мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті адамдардың
шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді.
Наразылық заңсыз акт, шешім қабылдаған мемлекеттік органға, мекемеге,
ұйымға, лауазымды немесе өзге де уәкілетті адамға немесе жоғары тұрған органға не
жоғары тұрған лауазымды адамға келтіріледі. Мемлекеттік органның, мекеменің,
ұйымның, лауазымды немесе өзге де уәкілетті адамның заңсыз әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) наразылық осындай тәртіппен білдіріледі.
Прокурордың наразылығы күнтізбелік он күн ішінде тиісті органның немесе
лауазымды адамның қарауына жатады.

34.

Санкция (келісім)
Прокурор заңда белгіленген жағдайларда құқықты шектейтін сипаттағы
жекелеген әрекеттерді жасауға, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
алуға санкция (келісім) береді.
Санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкция (келісім)
сұратуға негіз болған материалдар зерделенгеннен кейін лауазымды адамның
қаулысына бұрыштама және қол қойып ресімдейді.
Санкция (келісім) беруден бас тартылған жағдайда оның себептері мен негіздері
көрсетіледі.
Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді алуға байланысты жеделіздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда,
осы бапта көрсетілген әрекеттерге санкция (келісім) Қазақстан Республикасының
электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.

35.

НҰСҚАУ
Прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
2) жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу;
4) атқарушылық іс жүргізу;
5) жазаларды орындау;
6) прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер;
7) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де мәселелер бойынша жазбаша
нұсқаулар береді.
Прокурордың өз құзыреті шегінде берген нұсқаулары орындау үшін міндетті.

36.

Ұсыну
Прокурор өз құзыреті шегінде:
1) заңдылықтың бұзылуын жою туралы;
2) қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер
мен жағдайларды жою туралы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда ұсыну
енгізеді.
Ұсыну онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды
қабылдай отырып, лауазымды адамның немесе органның – күнтізбелік отыз күн
ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі
үшін орны толмас зардаптың басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор
белгілеген мерзімде қарауына жатады.

37.

Прокурор ұсыну қаралған кезде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе
лауазымды адам прокурорды ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы
ұсыну қаралатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
Ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ұсыну қаралған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде прокуратураға хабарланады.

38.

ҚАУЛЫ
Прокурор тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық
актінің қолданысын тоқтата тұру туралы, мемлекеттік, жергілікті өкілді және
атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың
лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы
шаралардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының қылмыстықпроцестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық
бұзушылық туралы заңнамасында көзделген қаулылар, сондай-ақ заңда көзделген
өзге де жағдайларда қаулылар шығарады.
Прокурордың қаулысы уәкілетті органның немесе лауазымды адамның міндетті
орындауына жатады. Қаулыға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

39.

Өтінішхат
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік
заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық
бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген
тәртіппен прокурор заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы
өтінішхат келтіруге құқылы.
Арыз
Прокурор заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа арызбен
(талап қою арызымен) жүгінуге құқылы.
Прокурорлық қадағалау актілері қабылданбаған не олар қараусыз
қалдырылған кезде прокурор органдардың және лауазымды адамдардың
актілерін, шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану
туралы арызбен сотқа жүгінеді

40.

ҮНДЕУ
Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға
теңестірілген прокурорлар заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық
бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды
және жеке тұлғаларға үндеу жасауға құқылы.
Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып немесе өзге де жария тәсілмен
таратылады.
ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында
немесе дайындалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде,
прокурор жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне заңдылықты
бұзушылықтарға жол бермеу туралы және заңда белгіленген жауаптылық туралы жазбаша
және (немесе) ауызша нысанда түсіндіреді.

41.

Үй тапсырмасы:ю№ ч
Бақылау сұрақтары:
1. Заңдылық дегеніміз не?
2. Заңдылыққа қандай тәсілдер мен әдістер көмегімен қол жеткізіледі?
3. Қадағалау дегеніміз не?
4. Бақылау дегеніміз не?
5. Қадағалау мен бақылаудың қандай түрлері бар?
6. Прокурорлық қадағалау дегеніміз не?
Глоссарий: Мемлекеттік басқару Заңдылық Мемлекеттік бақылау
Әкімшілік қадағалау ҚР Президентінің бақылауы Прокурорлық қадағалау
Орталық басқару органдары

42.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Правила