Мазмұны
1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары 1.1 Жаратылыстану терминіне түсінік
2.2 Жаратылыстанудағы алғашқы ғылыми түсініктер
2.Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы 2.1 Ғылым туралы
2.2 Ғылым – дүниетану процесі.
3. Клетка – ең ұсақ тірі система. 3.1 Жасушаға сипаттама
3.2 Жасушаның атқаратын қызметі
3.15M
Категории: БиологияБиология ФилософияФилософия

Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Жаратылыстану терминіне түсінік

1.

Дайындаған: Сейдалиева Гүлдана

2. Мазмұны

1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары
1.1 Жаратылыстану терминіне түсінік
1.2 Жаратылыстанудағы алғашқы ғылыми түсініктер
2.Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы
2.1 Ғылым туралы
2.2 Ғылым – дүниетану процесі.
3. Клетка – ең ұсақ тірі система.
3.1 Жасушаға сипаттама.
3.2 Жасушаның атқаратын қызметі.

3. 1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары 1.1 Жаратылыстану терминіне түсінік

Жаратылыстану — адамзаттың рухани мәдениетінің айырғысыз
құрамдас бөлігі. Оның қазіргі заманғы негізгі ғылыми
қағидаларын, дүниеге көзқарастық және методологиялық
пайымдауларын білу кез келген қызмет саласындағы мамандар
үшін қажетті мәдени даярлықтың бір түрі болып табылады.

4.

5.

Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін
айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады.
Энергияның сақталу және айналу заңының,
Эйнштейннің салыстырмалық теориясының,
Дарвиннің эволюциялық ілімінің жасалуы, сондайақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механика,
генетика, кибернетика, астрофизика, т.б. жедел
дамуының нәтижесінде философия ғылымы
теориялық жағынан байытыла түсті.
Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылымитехникалық прогресті жеделдетудің негізі болып
табылады

6. 2.2 Жаратылыстанудағы алғашқы ғылыми түсініктер

Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер
ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан
пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде
жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі.

7.

8.

Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б.,
органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі
заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және
содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады.
Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына
қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар
орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен
өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар
көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына
байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер
нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан
пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады.

9.

Франческо Реди XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер
Франческо Реди (1626—1698 жж.) тәжірибе жасап, тіршілік
өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол 1668
жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт
ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға
шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті
дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы
тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана
шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын
дәлелдеп берді.

10.

Жер ғаламшарында
тіршіліктің пайда
болуының
алғышарттарына —
ғаламшардың қажетті
мөлшері, энергия және
белгілі температуралық
жағдайлар жатады. бұл
айтылған алғышарттар
тек Жер ғаламшарында
ғана болғандығы
ғылыми дәлелденген.
Тіршіліктің пайда
болуы, адам баласын
өте ерте кездерден
бастап- ақ толғандырып
келе жатқан күрделі
мәселенің бірі.

11. 2.Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы 2.1 Ғылым туралы

ХХғасыр – ғылым ғасыры
десе де болады. Ғылымның
қазіргі қоғамдағы беделі
мен маңызы өлшеусіз
артып отыр, сол себепті де
дәл қазір “білім” деген
ұғымды көбінше “ғылыми
білім”деген тепе –тең ұғым
деп түсінеміз.

12.

Шынынды, бұл дұрыс емес. Ғылым дегеніміз
адамның шындық дүние жайлы қызметінің
арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық
системасы. Ғылыми зерттеулер, ізденістер
арқылы алынатын білімнің мазмұны мүлдем
басқа. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын,
мәселен, күделікті тәжірибеде қалыптасқан
тұрмыстық білімдерден ажырату үшін
ғылымды түсіне білу керек.

13. 2.2 Ғылым – дүниетану процесі.

Ғылым жай күнделікті таным процесі емес,
арнайы ұйымдастырылған теориялық таным
процесі болып табылады. Ол- теориялық
білімдер жүйесі.

14.

Ғылымның
сенімді негізі –
анықталған
факторлар. Егер
факт дұрыс
анықталған
болса, онда ол
сөзсіз ақиқат
болғаны. Бұл
ғылымның
эмпириктік,
яғни
тәжірибелік
негізі.

15.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы
жалпылық абстракциялау жолымен
анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән
жекеше, ерекше белгі болады, қасиеттерге
назар аудармай, жалпы ортақ белгі, қасиеттерді
ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция
дегеніміз латын тілінен аударғанда көңіл
аудармау дегенді білдіреді.

16.

Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының
себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық
жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау
процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына
жан – жақты назар аударуында, зерттеуінде болды.
Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой – пікірлерді,
жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды
негіздеп дәлелдеумен айналысты.

17.

Жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда —
Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми
зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік)математикалық әдістің дүние танымдағы
маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде
классикалық жаратылыстану дүниеге келді

18.

19.

Ғылыми танымның құрылысыла келсек, өзі өмір
сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері
ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіндік айқын
құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап
айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі
элементтері мыналар:
Дәл анықталған фактілер
Бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын
жинақтаушы заңдылықтар
Шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып
табылатын дүниенің ғылыми көрінісі
Бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі
болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі

20.

Дәл анықталған фактілер
Бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын
жинақтаушы заңдылықтар
Шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып
табылатын дүниенің ғылыми көрінісі
Бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі
болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі

21. 3. Клетка – ең ұсақ тірі система. 3.1 Жасушаға сипаттама

Жасуша - тірі организмдердің
(вирустардан басқа)
құрылымының ең қарапайым
бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің
негізі; жеке тіршілік ете алатын
қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз
алдына жеке организм ретінде
(бактерияда, қарапайымдарда,
кейбір балдырлар мен
саңырауқұлақтарда) немесе көп
жасушалы жануарлар, өсімдіктер
және саңырауқұлақтардың
тіндері мен ұлпаларының
құрамында кездеседі. Тек
вирустардың тіршілігі жасушасыз
формада

22.

Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір
бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың
жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты
организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100
мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде –
2×1012 Жасуша, ал ересек адамның
организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің
кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына
тұрақты болады. Жасушаның тірі заты –
протоплазма. Ол биол. мембраналармен
(жарғақтармен) шектелген биополимерлердің
тәртіптелген құрылымдық жүйелері –
цитоплазма және ядродан тұрады.

23.

Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін құрайтын
жасушалардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы
организмдерді қалыптастырудағы қызметі туралы
жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы
300 жылға созылды.Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық
әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне
негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын
физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған.Ол
микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі
объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын),
қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын
көрді.

24.

Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық
элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат
алмасу процестеріне қатысады. Әрбір
жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық
қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға:
нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және
нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық
қосылыстар: су және минералды тұздар.
Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 2030% үлесіне тең.

25.

1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот,
күкірт және т. б. элементтерден тұратын
күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да
ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан
тұрады.
2. Майлар үш элементтен құралған, олар:
көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл,
суда ерімейді. Май глицерин мен май
қышқылынан тұрады.

26.

3. Көмірсулар - майларға ұқсас,
көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады.
Көмірсу деп аталу себебі, сутегі
мен оттегінің арақатынасы сумен
бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі
атомынан 2 есе көп деген сөз.
Көмірсуларға әр түрлі суда тез
еритін тәтті (кристаллы) қанттар
жатады. Бұлардың ішінде көбірек
таралғандары - глюкоза (жүзім
қанты) мен гликоген (жануарлар
крахмалы). Гликоген бауыр мен
бұлшықеттер жасушаларында
кездеседі.

27. 3.2 Жасушаның атқаратын қызметі

Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне
жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі,
көбею, өсу мен даму және т. б.
Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта
арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз
өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат
алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу
өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек
қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың
жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік
етедігаз, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр
шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады

28.

Тітіркенгіштігі. Жасушалар
сыртқы ортаның түрлі
тітіркендіргіштерінің әсерінен
қозады. Қозғыштық - барлық тірі
ағзаға тән қасиет. Мысалы,
суықтын, ыстықтың, жанасудың,
химиялық заттардың барлығы
тітіркендіргіштер.
Көбею жасушалардың бөлінуі
арқылы жүзеге асады. Алдымен
ядро, содан соң цитоплазма екіге
бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында
ядродағы хромосомалар ұзынынан
екі еселенеді де, бірінен-бірі
ажырап, жас

29.

Цитоплазманың қозғалуы Жасуша
қоректенеді, тыныс алады, сыртқы орта
əсеріне жауап береді, артық заттарды
бөліп шығарады, көбейеді, яғни тіршілік
етеді. Жасушадағы зат алмасу процестері
цитоплазма арқылы жүзеге
асатындықтан ұдайы қозғалыста болады.
Кейде сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайынан (өте төменгі
температура,оттегі мен жарықтың
жетіспеуінен, т.б.) қозғалысы баяулап
немесе мүлде тоқтап қалады. Жасушаның
тіршілік əрекетіндеші ең маңызды
көрініс - цитоплазманың қозғалуы.
Цитоплазма - жасушаның негізгі бір
бөлігі. Онда қоректену жəне тыныс алу
процестері жүреді. Жасуша
микроскоппен қарағанда ондағы
пластидтердің қабықша бойымен
қозғалатынын көреміз. Бұл
цитоплазманың қозғалуына байланысты.

30.

Жасушаның қоректенуі Өсімдік жасушасының цитоплазмасында
жасыл түсті пластидтер өте көп. Оларда фотосинтез жүжеге асады.
Осы процестің əсерінен өсімдік жасушасында түрлі қоректік заттар:
нəруыздар, майлар, көмірсулар түзіледі. Өсімдіктерде қорек
жасушасының қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар
қозғалып сабаққа, тамырға, жемісіне жəне т.б. мүшелеріне
таралады. Онымен барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өсімдіктердің
жақсы өсіп, дамуы үшін су, еріген минералды заттар, күн сəулесі
жəне ауа қажет. Су мен еріген минералды өсімдік ағзасы тамыры
арқылы сорады. Ал жапырақ ауадан көмірқышқыл газы мен су
буын сіңіріп, жарықтың əсерінен органикалық зат түзеді. Өсімдік
ағзасындағы бұл процестер бір-бірімен тығыз байланыста өтеді.
Өсімдіктердің тыныс алуы Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін
бойына сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жапыраққа
күн сəулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын
сіңіреді. Яғни ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттекпен
байытады. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік
мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Фотосинтез процесі мен
тыныс алу бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, өсімдік
фотосинтез арқылы тыныс алуға қажетті оттек пен көмірсулар
алады. Ал өсімдік тыныс
English     Русский Правила