Перинаталогия негіздері
840.50K
Категория: МедицинаМедицина

Перинатология адам өмірінің

1. Перинаталогия негіздері

2.

Перинатология-адам өмірінің
кезеңін,жүктіліктің 28 аптасынан
бастап( нәресте салмағы 1000 грамм) және
туғаннан кейінгі бірінші 7 күнді қоса зерттеуге
бағытталған медицинаның бір бөлімі.
Перинатология жатырдағы ұрықтың,жаңа
туылған сәбидің өсіп дамуын,денсаулығын
перинатальдық кезеңде зерттеп,қорғайтын
ғылым.
Перинатологияның өзі 3 сөзден тұрады:
peru(грекше)айнала,төңірегінде,жанында,қасында,маңында;
natus
(латынша)-туу;logos(латынша)-ілім.Туудың
маңындағы ілім деген ұғымды білдіреді.Бұл
термин әдебиетке XX-ғасырдың 60-жылдары
ене бастады.Перинатология ғылымы 1976 ж.
бастап дами бастады.Даму жолдары
ғылыми,тәжірибелік,ұйымдастыру ағымдарына
байланысты болды

3.

Перинатология ғылымының даму жолдар
1.Перинотологияның ғылыми ағымы акушерия саласында
эмбриология,патологиялық физиология,эндокринология т.б.
енгізілгеннен кейін дами бастады.
2.Тәжірибелік ағымы- акушерияға жаңа тәсілдері
(УДЗ,КТГ,амниоцентез т.б.)енгізілгеннен соң дамыды.
3.Ұйымдастыру ағымы-жоғары “кауіп қатердегі” әйелдер
тобын ерекше диспансерлік бақылауға алып,оларға арнайы
перзентханалар ашқаннан кейін дами бастады.

4.

Адам өмірінің анте-,интра- және постнатальды
кезеңдері деп бөлуі белгілі неміс акушері Э.Залингтің
атымен байланысты.
Ол кісі адам өмірінің перинатальды кезеңін мұқият
зерттеу және әртүрлі мамандарды зерттеуге
тарту,перинатальды ауру-сырқаулықты және өлімжітімді төмендету керектігін көрсетті.
Перинатология ғылымының негізгі мақсаттарының
бірі-перинатальдық өлім деңгейін төмендетумен
қатар,дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз ету.

5.

“Перинатальдық өлім”деген анықтаманы
1949ж.тұңғыш рет американ ғалымы Пеллер
енгізген,біздің елде 1965ж.енгізілген.
Перинатальдық өлім-өлі туылған және ерте
неонатальдық өлімнен тұрады.
Өлі туылғандар деп жүктілік немесе босану
кезеңдерінде тыныс алмай туылған нәресте
өлімін айтады.Перинатальдық өлімнің
көрсеткіштерін анықтаған кезде мезгіліне жетіп
туылғандар мен шала туылғандар үшін талдау
бөлек жасалады.Перинатальдық өлімнің ең
жоғарғы көрсеткіштері салмағы 1500г. дейінгі
нәрестелерде байқалады.Шала туылған
нәрестелер өлі туылғандардың 50%-ын,ерте
неонтальды өлімнің 60-70%-ын құрайды.
Перинатальдық өлімнің ең төменгі көрсеткіші
нәресте салмағы 3000-3500г. дейінгі аралықта.

6.

Перинатальды кезең үшке бөлінеді:
1)Антенатальды кезең-босануға дейіндгі уақыт.
2)Интранатальды кезең-босану кезіндегі уақыт.
3)Неонатальды кезең-босанғаннан кейінгі уақыт.
Перинатальды кезең бұл әрі қарай адамның дамуы
үшін аса маңызы бар кезең,себебі жүктіліктің
соңында нәрестенің құрсақ ішілік қалыптасуы
бітеді,босану үрдісі кезінде нәресте көп
факторладың әсеріне ұшырайды,ал бірінші 7 күнде
сыртқы өмірге бейімделу үрдісі жүреді.Нәрестелердің
және жаңа туылған балалардың анте-,интранемесе постнатальды кезеңдерде өлген
саны,перинатальды өлім-жітімнің көрсеткішін
анықтайды,ал осы кезеңдерде пайда болған аурулар
перинатальды ауру-сырқаулық деп аталады.

7.

Перинатальдық өлімнің себептері:
Тікелей және негізгі болып екіге бөлінеді.
Тікелей себептердің ішінде бастысы-нәресте гипоксиясы және
асфиксиясы(44,3%),босану жарақаты (13,1%),туа пайда болған
даму ақаулары (13,7%),респираторлық бұзылыстар синдромы
(12,8%),туа пайда болған пневмония(7,8%).
Негізгі себептер:босанудың асқынуы(22%),кеш
гестоздар(20%),планцета,кіндіктің ауытқуы(10,6%),ананың
созылмалы аурулары(10,2%),резус-қайшылықты
жүктілік(3,2%),басқа себептер(19%),белгісіз
себептер(16,8%).Себептердің 70%-ы жүктілік пен босану
кезеңдеріндегі асқынуға байланысты.
English     Русский Правила