Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу шараларын қарастыру
Жоспар:
Кіріспе
Індетке қарсы шаралар туралы түсінік  
Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері
Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы:
Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары:
Жұқпалы аурулардың шет елден әкелiну қаупi  төнген кезде шектеу іс-шараларын жүргізу, жүзеге асыру  және тоқтату тәртiбi
Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын
Өлтірілген вакциналар.
Қорытынды
124.03K
Категория: МедицинаМедицина

Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу шараларын қарастыру

1. Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу шараларын қарастыру

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
IНДЕТI ПАЙДА БОЛУ
ҚАУПI ТӨНГЕН
ЖАҒДАЙДА ШЕКТЕУ
ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРУ
Тексерген:Абдиева Гүлжамал Жанадиловна
б.ғ.к., доцент
Орындаған:
Мақсұтова Айдана
Каримова Ляззат

2. Жоспар:

• Кіріспе
• Негізгі бөлім:
• 1.Індетке қарсы шаралар туралы түсінік;
• 2. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары;
• 3. Жұқпалы ауруларды шектеу;

3. Кіріспе


Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак
олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі
атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше
«миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар
туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы
үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді.
Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады.
Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір
жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар,
саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір
сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы
көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар
туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі,
бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен
қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер
өмір сүреді.

4. Індетке қарсы шаралар туралы түсінік  

Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
• Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың
таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды
болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал
ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары
қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары
және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қайқайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл
күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына
қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция
қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу
тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.
• Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді.
Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта
болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялықсанитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы
ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және
жануарларды иммундеу жатады.

5. Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері


Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл
кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты
біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы
шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде
жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы
жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл
жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бұл
шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың
қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе
шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке
қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек
көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан
сақтандыруға бағытталады. Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу
қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы деп атайды. Сондықтан
жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық
мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.

6. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы:

Жалпы
1. Жұқпалы кеселдердің жалпы алдын
алу - тұрғындардың экономикалық,
әлеуметтік жағдайын жақсартуға,
денсаулық сақтау жүйелерін
дамытуға, медициналық қызметті,
медициналық және
фармацевтикалық өндірістерді,
ғылыми орталықтарды, медициналық
білім беру мекемелерін материалдық
жағынан қамтамасыз етуге
бағытталған жалпы мемлекеттік
масштабта жүргізілетін іс-шаралар.
Арнайы
2. Жұқпалы кеселдердің арнайы алдын
алу - емдік-профилактикалық
мекемелерде (ЕПМ) және мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау органдарының мамандары,
ветеринарлық қызмет көрсету, ауыл
және орман шаруашылығының
қызметкерлерімен бірлесе отырып,
қоздырғыштармен, инфекция көзімен,
оның жұғу жолдарымен және
механизмдерімен күресу бойынша ісшаралар.

7.


Адамдар үшін жұқпа көзі - науқас адам (антропоноздарда), үй
және жабайы жануарлар (зооноздарда) және сирек
жағдайларда дерт топырақтан жұғады.
Антропонозды ауру кезінде, ең алдымен дерт жұққан адамды
тауып алып, оны оқшалау (үйде немесе ауруханада) және
қоздырғышты жоюға арналған этиотропты ем қолдану керек.
Бұл эпидемияға қарсы шаралар емханаларда, жұқпалы аурулар
ауруханасында (аудандық, қалалық, обылыстық,
республикалық) жүреді.
Зоонозды ауру кезінде ветеринарлық қызмет көрсету
мекемесімен бірге отырып, үй және ауыл шаруашылығы
малдарының денсаулығын жақсартуға бағытталады.
Кеміргіштер мен ауру жұқтыратын жабайы жануарлардың көзін
жоюға арналған. Осы сатыдағы эпидемияғы қарсы жүргізілетін
шаралар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға
арналады. Аурудың жұғу жолымен, деректерінің көп болуына
байланысты қоздырғыштың нәжістік-ауыздық (фекалдыоралды), аэрозолды, трансмиссивті, қарым-қатынас, қан
арқылы, тік жұғу механизмдерінің көп болуына байланысты
алдын алу шаралары да әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар:
санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық,
дезинсекциялық, дератизациялық шаралар.
Санитарлық-гигиеналық шаралар - ішек инфекциясының алдын
алуда маңызды. Бұл коммуналдық-санитарлық, өндірістік,
тағамдық, мектептік бақылау түрлері мен тұрғындарды
санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу болып табылады.

8. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары:

• Қажетті шаралар мынадай үш бағыт бойына жоспарланып, жүргізілуі
тиіс: инфекцияның тарау жолдарын үзу, адамдардың жұқпалы
ауруларға қарсы тұрушылық, қабылдамауылық қабілетін арттыру.
• Инфекцияның көзіне әсер етуде жұқпалы ауруларды дер кезінде
анықтау, оларды ертерек оқшаулау және ауруханаға жеткізу айрықша
маңызды. Сонымен бірге халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру,
жұқпалы аурулардың негізгі белгілерін білу, дәрігерге дер кезінде
қаралу зор роль атқарады.
• Инфекцияны жұқтырудың көзін анықтау үшін медицина құрамы ауру
шыққан ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.

9.


Ауру шыққан аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі. Карантин –
бактериологиялық зақым ошағын, оның аймақтағы адамдарды, жануарларды
төңірегіндегі халықтан толық оқшаулауға және зақым ошағындағы ауруларды
жоюға бағытталған әкімшілік-шаруашылық, санитарлық-гигиеналық, режимдіқорғау, эпидемияға қарсы, емдеу шараларының жүйесі.
Карантин ошағындағы жүзеге асырылатын негізгі шараларға мыналар жатады:
- зақым ошағын оқшаулау, бұл үшін ошақты қарулы түрде күзету;
- ауырған немесе ауыруы мұмкін адамдарды алдын ала анықтау, байланысқан
адамдарды бақылауға алу,
оларды оқшаулау және емдеу;
- шұғыл профилактикалық шаралар жүргізу (вакцинация) немесе егу;
- халықты және жасақтардың адам құрамын санитарлық тазартудан өткізу;
- киімді, аяқ-киімді, мүлікті, аймақты, ғимараттар мен техниканы
дезинфекциялау;
- емдеу мекемелерін, кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс тәртібін белгілеу;
- зақым ошағына кіруге, одан шығуға және мүліктерді алып шығуға тиіым салу;
- ошақта метептердің, клубтардың, кино-театрлар мен тұрмыстық қызмет
көрсететін ұсақ кәсіпорындардың
жұмысы уақытша тоқтатылады.

10. Жұқпалы аурулардың шет елден әкелiну қаупi  төнген кезде шектеу іс-шараларын жүргізу, жүзеге асыру  және тоқтату тәртiбi

Жұқпалы аурулардың шет елден әкелiну қаупi
төнген кезде шектеу іс-шараларын жүргізу,
жүзеге асыру
және тоқтату тәртiбi
• Жұқпалы аурулардың шет елдерден әкелiну қаупi төнген
жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы өткiзу пункттерiнде мынадай шектеу iс-шаралары
енгiзiледi:
1) жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз елдермен жолаушы
көлiк (авиациялық, темiр жол, су және автомобиль) қатынасын
уақытша тоқтату;
2) жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық
қолайсыздық байқалатын елдерге Қазақстан Республикасы
азаматтарының туристiк және iскерлiк мақсаттарда баруын
уақытша тоқтату;
3) жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық
қолайсыздық байқалатын шекаралас елдермен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекарасын уақытша жабу.

11. Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын

қамтамасыз ету
мақсатында жүргізілуі.
• Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-санитариялық
және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы
мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты
шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы
және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген
жануарларды карантиндеу.
• Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері,
иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық,
клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық,
серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық
және эпизоотологиялық диагноз.

12.

• Вакциналар тірі және өлтірілген деп аталатын екі топқа
бөлінеді.
• Тірі вакциналар. Тірі вакциналар ауру қоздырушыларының
тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар
әлсіретілген және әлсіретілмеген деп аталатын топтарға
бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы микробтың
уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп
тиісті бір ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен
уыттылығы бәсеңдетілген түрін айтады. Уыттылығының
төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғалтып,
иммунитет қалыптастыру қасиетін сақтайтындай дәрежеде
болуы қажет. Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым
қуалап, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болса, ондай
әлсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, яғни
вакцина даярлау үшін қолданады.

13.

• Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егудің
өзіндік ерекше әдістері бар. Бүл дәрмектер әдеттегіден тыс
микробтың денеге табиғи жолмен енуіне керағар организмдегі
белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы, овинаны қойдың
құйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін
сиырдың құйыршығының ұшының сырт жағына, кебенек сөлін
ешкінің маңдайына, құс шешегін құстың балақ қауырсынының
ұясына (фолликуласына) жібереді. Вакцинаны бұлай еккенде
орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры сәтті
аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.

14.

уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды
қолданудың тағы бір әдісі пайдаланыла бастады. Бұл гетерологиялық
иммунитетті
(гетероиммунитет)
пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқыш
иммунитет деп те атайды, оның негізінде микробтардың
антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар
микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас
микробқа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін
шешегінің вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде
қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың
герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық
лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй
қоянының
миксоматозына
қарсы,
балалардың
қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, шошқа
обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы,
бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының
псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.
• Соңғы

15. Өлтірілген вакциналар.


Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздырушы микробтарды әр
түрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін бактерияларды
тығыз немесе сұйық қоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс
орындарында микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең
тарауына байланысты көбінде сұйық қоректік орта пайдаланылады.
Алынған микробтарды өлтіру үшін әдетте формалин, фенол,
мертиолат (тиомерсал), ацетон, ал кей жағдайда жоғары температура,
ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс пайдаланылады. Осыдан келіп
формолвакцина, фенол вакцина, мертиолат вакцина (тиомерсал
вакцина), қыздырылған вакцина, дезинтеграциаланган
(улътрадыбыспен талқандалған) вакцина, т.т. атаулар пайда болған.
Осы аталған заттардың ішінде формалиннің әсері ерекше. Ол
микробты өлтіріп қана қоймай, оның токсиндерінің улық қасиетін
бейтараптайды. Формалинмен, бейтараптанған токсин анатоксин деп
аталады, ол иммуногендік қасиетін толық сақтайды.

16.

• Жұқпалы ауруға індет процесі тән болғандықтан, індеттену
ерекшеліктерін ескеру арқылы балау жұмыстарына тиісті бір бағдар
беруге болады.
• Жұқпалы ауруларды балау кешенді түрде жүргізіледі де, бұл кешен
мынандай құрама бөліктерден тұрады:
• 1.Індеттанулық әдіс.
• 2.Клиникалық әдіс.
• 3.Патологиялық-анатомиялық әдіс.
• 4. Микробиологиялық (бактериологиялық, микологиялық,
вирусологиялық) әдіс.
• 5.Серологиялықәдіс.
• 6. Аллергиялы эдіс.

17.

• Жұқпалы
ауру байқалған сәтте індет ошағында толық
індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың
қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол
бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және
шектеу қолданылады. Карантин – жұқпалы аурудың таралуына
қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның
шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру
шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум
орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді
мекендермен
барлық
қатынас
тоқтатылып,
автобус
маршруттары өзгертіледі.

18.

• Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде
қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түліктеаусыл,топалаң,бруцеллез,сиырда – оба, мәлік, қарасан,
жылқыда – маңқа, мандам, жұқпалы анемия,делбе, қойда –
шешек, ешкіде – кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар
кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты
белгіленеді.Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге,немесе
араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен
шикізаттарын дайындау, жем-шөпті әкету тоқтатылып,
базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге
тиым салынады.Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар
кезінде барлық щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға
тура келеді.Кейбір аурулар аусыл, топалаң кезінде
карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ
белгіленеді.

19.

• Шектеу
шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу
қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.
Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде
қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған
сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған
мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен
соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын
кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің
ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру
кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу
кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин
алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин
мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды
дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен
қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар
вакциналануы тиіс.

20. Қорытынды

• Қатер
төнген аймаққа індет ошағын қоршаған аймақ
жатады.Оның ауданы табиғи-географиялық, экономикалық
жағдайларға ,қатынас жолдарының орналасуына және
олардағы қозғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты анықталады.
Кейбір аса қауіпті індеттер кезінде бұл шаралардың талабы
карантиннің шарттарына сәйкес келеді. Карантин мен шектеу
індет буындарының ішінде ауру қоздырушысының берілу
тетігіне әсер етеді.Ауру қоздырушысының берілу тетігіне қарсы
бағытталған шараларға сонымен бірге дезинфекция,
дезинсекция, дератизация, қалдықтарды өлексені,көңді, т.б.
зарарсыздандыру жатады.
English     Русский Правила