404.38K
Категория: ФинансыФинансы

Мәдениет саласындағы баға белгілеу

1.

Мәдениет саласындағы баға белгілеу
Орындаған: Айжарық Мұқағали
Алтаева Жадыра
Малаева Раушан
Тексерген:

2.

Нарық механизмінің басты элементтерінің бірі баға болып табылады.
Кәсіпорынның алатын пайдасы, өндірістің шығындарын өтеу бағаға
байланысты. Ол ресурстардың нақты өндіріске бағытын реттеп отырады.
Бәсекелік нарық жағдайында тепе-тең бағалар қалыптастырылады. Ол
ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. Аз шығындармен өнім өндіретін
кәсіпорындардың өнімінің бағасы төмен болады. Бағаның негізі шекті
шығындарға байланысты болады. Еркін бәсеке мен шекті шығындардың
тепе-теңдігі баға шартында орындалады. Бағаның шекті шығындарға
байланысты болуы сұраныстың өсуіне әсерін тигізеді. Сұраныс төмендеген
жағдайда баға төмендейді. Сұраныс белгілі бір факторларға тәуелді болады.
Тұтынушылар өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін ақша
қаражаттарын тұтынады. Ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ресурстарды
өндіріс салаларына тиімді үлестіру арқылы баға тепе-тең қалыптасады.
Бағаның тепе – теңдігі сұраныс пен ұсыныс сияқты бірнеше факторларға
байланысты болады. Нарық жағдайының өзгерістері сұраныс пен ұсыныс
өзгерістеріне әсерін тигізсе, сол сияқты жаңа тепе – тең мақсатты бекітуге де
әсер етеді.

3.

4.

«Мәдениет дамуы үшін экономиканы көтеру
қажет. Қазақстанның экономикалық қуаты 17 есе,
халықтың
табысы
20
есе
артты.
Қазақстандықтардың өмір сүру жасының орташа
ұзақтығы 64 жастан 71 жасқа дейін өсті. Адамның
театрға баруды қалауы тыныш өмір сүріп, тұрақты
табыс тапқан кезде ғана пайда болады. Қазақстанда
бүгінде үш опера және балет театры, ал облыстарда
50 шақты театр жұмыс істейді. Мұның бәрі мәденирухани өмірдің де экономикадағыдай қарқынмен
дамуы үшін қажет. Тәуелсіздік жылдары біз жаңа
Қазақстанды
қалыптастырдық,
жаңа
ұрпақ
тәрбиеледік, экономиканы еселедік, халықтың
табысын ұлғайттық. Біз үлкен екі дағдарысты
еңсердік.
Осының
бәріне
бірлік
пен
тұрақтылықтың арқасында қол жетті. Мұны ең
басты байлығымыз ретінде сақтау керек »

5.

6.

Мәдени саладағы
баға белгілеу

7.

8.

Қазіргі уақытты мәдениеттің аудио-визуалды кеңістік кезеңі деп атайды.
Жаңа қарым-қатынас құралдарын — телеграфты, радионы, те¬лефонды,
теледидарды, компьютерді және тағы басқа жетістіктерін ғылымитехникалық прогресс ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған
негізделген басқа да мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы
сол сияқтылар) дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан
көрерменнің, әдебиеттен ақын-жазушылардың, өмірден эпистолярлық
жанрдың — күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп
ойланып, көп толғануды, өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін
процестер бірте-бірте ұмыт қалуға айналды. Адамдар менталитеті өзгеріске
ұшырады. Электрондық коммуникацияның шапшандылығының арқасында
тек көз арқылы дүниені танып-білу мүмкін емес болып отыр. Бүгінгі күнге
ештеңені қалт жібермей еститін «саққұлақ» пен ештеңені мүлт кетірмей
аңғаратын «көреген» қажет. Осы екеуінің симби¬озы арқылы ғана біз қар
көшкінінің қарқынындай ақпараттық экспансияға төтеп бере аламыз.
Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылға»
айналдырып отыр. Индивидуалистік жекешілдіктің орнын альтруистік
«елжандылық», ұлтшылдықтың орнын космополитизм, монологтың ор¬нын
диалог алған кезең.
English     Русский Правила