1.32M
Категория: МедицинаМедицина

Алақан,білезік ,омыртқа буындарының зақымдалуы

1.

С .Ж Ж атындағы ҚазҰМУ
Алақан,білезік ,омыртқа буындарының
зақымдалуы
Орындаған: Байтұрсын Н
Ерғали Б
Тобы:33/1
Алматы 2018

2.

Омыртқа жотасының зақымдануының асқынбаған түрі деп
жұлын мен оның түбіршіктері бүлінбеген жағдайды айтады.
Олардың ішінде жағымсыз аяқталатыны омыртқа буынының
шығуы немесе сынуы. Оның зақымдануын уақытында
білмеген жағдайда, омыртқаның өзінің және оның дуральді
қынабының ішкі затының екінші зақымдануы басталады.
Арқаның ұрынуы, байламдардың зақымдануы деген сияқты
қорытындыларды омыртқа зақымданбағанына толық көз
жеткеннен соң ғана қояды.

3.

4.

Омыртқа денесінің буын шығуымен сынуы. Омыртқа
денесінің зақымдануы көбінесе зақымдағыш күштің
әсерінен, омыртқа бойымен күштің түсуінен, жедел оқыс
шамадан тыс бүгілуінен болады. Мысалы, зақымданудың
шайқалу механизмінде, машинаның арттан соққан кезінде,
оқыстан кедергіні басқан кезде омыртқаның мойын бөлігі
тез бүгіліп және шалқаяды. Үлкен кісілерде көбінесе
омыртқаның физиологиялық иіндерінің бір-біріне өту
аймақтары, яғни астыңғы мойын және үстіңгі кеуде,
астыңғы кеуде және үстіңгі бел омыртқалары зақымданады

5.

6.

7.

8.

Омыртқа денесінің
сынуы негізінен 4
себептен тұрады:
1. Омыртқа денесінің шектен тыс иілуі
2. Омыртқа денесінің шектен тыс
шалқаюы
3. Омыртқа денесінің иіліп барып
бұралғанда, шалқайып барып
бұралғанда
4. Омыртқаның осьтік бойынан күштің
әсер етуі (сирек кездеседі).

9.

Шектен тыс шалқаюдан көбіне мойын омыртқалары
сынады. Мойын омыртқаларының ішінде жиі сынатын 4-5-6
мойын омыртқалары. Мамандығы бойынша олар көбіне
суға сүңгитіндерде, мотоциклистерде жиі ұшырасады.
Кездейсоқ жағдайларда басын шалқайтуға үлгермей иілген
қалыпта болса онда омыртқа денесінің алдыңғы жағы сына
тәрізді сынады, ал шектен тыс шалқайғанда омыртқа
денесінің артқы жағы сынады. Мойын омыртқасы сынғанда
сыну себебіне байланысты бас, мойын мәжбүр қалыпта
қалады. Жарақатқа байланысты мойын бұлшықеттері
ширатылып, тартылып тұрады. Баспен мойынды қозғалта
алмайды. Сыну ауырлығына байланысты кейде
неврологиялық белгілер (парез, паралич) пайда болады.

10.

11.

12.

Бекіту мерзімі қай омыртқа денесінің сынуы
болмасын омыртқа денесінің сынуын
4дәрежеге бөледі. 1. Омыртқа денесі
биіктігінің ¼ бөлігіне аласарса 1 дәрежелі
сынық;
2. Омыртқа денесі биіктігінің 2/4 бөлігіне
аласарса 2 дәрежелі сынық;
3. Омыртқа денесі биіктігінің ¾ бөлігіне
аласарса 3 дәрежелі сынық;
4. Омыртқа денесі биіктігінің 1/5 бөлігіне
аласарса 4 дәрежелі сынық деп аталады. 4дәрежелі сынық урбан сынасы деп аталады.

13.

14.

Омыртқа денесінің сынуы 2 үлкен топқа бөлінеді:
тұрақты және тұрақсыз
Тұрақсыз деп омыртқалардың қылқанүстілік,
қылқанаралық сары және ақ байламдары, омыртқа
аралық байламдар жыртылған жағдайды айтады. 96
Тұрақсыз сынық көбіне омыртқа денесі шектен тыс
алға қарай иіліп бұралған жағдайда немесе артқа
қайырылып бұралса омыртқа денесі сынуымен
жоғарыдағы байламдардың жыртылуына әкеледі. Бұл
жағдайда жұлынмен оның түбіртіктері зақымдалуы
мүмкін.

15.

Омыртқалардың артқы бекіткіш байламдары
жыртылмаған жағдайда тұрақты сынық деп аталады.
Ол өте қатерлі сынық, қауіпті сынық түріне жатады.
Өйткені ол сына артқа, алға,жанына ығысуы мүмкін.
Соның әсерінен жұлынды үзіп жіберуі мүмкін.
Бекіту мерзімі осы сыну дәрежесіне тікелей
байланысты.

16.

Кеуде мен бел омыртқаларың сынуы
Кеуде мен бел омыртқаларың сынуы мамандығы
бойынша шахтер, құрылысшы, жүкшілерде және жол
апаты кезінде кездеседі.Кеуде мен бел омыртқаларың
арасындағы жиі сынатын ТҺ-12 кеуде, L1-2 бел
омыртқалары өте жиі сынады. Себебі омыртқа жотасының
осы бөлігі омыртқаның ең қатерлі жері деп аталады.
Өйткені біздің денемізбен жасайтын барлық қимылымыз
осы 3 омыртқаға байланысты(иілу, бұралу). ТҺ-12 кеуде,
L-1 бел омыртқаларының денесі сынған жағдайда Томпсон
белгісі болады. Ауру орындықта отырғанда арқасын
орындыққа тіреп 2 қолымен орындықты ұстап отырады.
Егер омыртқа зақымымен қоса басқа органдарға да зақым
келген болса, науқас дәрігер сол органға аударып, омыртқа
зақымы қалып қоюы мүмкін. Бүл жағдайда дұрыс
қорытындыға келу үшін дұрыс анамнез жинап,
клиникалық тексеруді мұқият жүргізу қажет.

17.

Төменгі
кеуде және бел
омыртқалар сынығын емдеу
Омыртқасы сынды-ау деген науқасқа бірінші көмек
көрсетерде омыртқаның қозғалысы, әсіресе оның бүгілуі,
омыртқа және жұлын зақымын үдете түсетінін есте
ұстаған жөн. Ондай аурулар арнаулы қалқанда немесе
қолдан істелген, омыртқа бүгілмейтін қатты затта
тасымалдануы керек. Омыртқа сынығын консервативті
емдеудің көп тәсілдерінің ішінен артынан сауыт киілетін
бір моментті репозиция, функциональді тәсіл және
артынан сауыт кигізілетін біртіндеп репозициялап қайта
орнына салу тәсілдері кең таралған. Бір ретті репозиция
(қайта салу) - аздаған сына тәрізді компрессияда (сынық омыртқа денесінің жарты биіктігіндей және одан жоғары
жағдайда) көрсетіледі, оның артынан сауыт кигізіледі.

18.

Тәсіл принципі.
Сынық омыртқаны жылдам шалқайтып экстензионды
корсет кигізу керек. Бұл тәсілді наркозбен немесе
жергілікті анестезиямен жасайды. Ең қарапайым Белер
анестезиясы, сынған омыртқалардың үстіне қалқанша
аралығына 2-4 см тереңдікке 0,5% новокаин ерітіндісін
20 мл жібереді. Тағы одан басқа жансыздандыру Шнек
тәсілі. Ол үшін ауруды бір жақ бүйіріне жатқызып,
сынған омыртқалардың қылқан өсіндісін тауып оның
үстінде тұрған омыртқаның қылқан өсіндісін табамыз.
Осыдан 5-7см солға қарай 35˚ көлбеу деңгейде инені
енгіземіз. Ине ұшы біртіндеп сынған омыртқа денесіне
барып тіреледі 0,5% 15-20мл новокаин ерітіндісін
жібереді. Екінші жағына тағыда енгізіледі.

19.

ОМЫРТҚА ЗАҚЫМДАРЫНЫҢ АСҚЫНҒАН
ТҮРІ
Жабық омыртқа зақымында – жұлынның және "ат
құйрығы" түбіршіктерінің әр түрлі зақымдануын
байқауға болады, микроскоппен ғана көрінетін
өзгерістерден бастап, соғылуына дейін, жаншылуы
анатомиялық үзілістер болуы мүмкін. Бұл жағдайда ми
ісініп дуральды канал қуысын толтырады. Ғылымизерттеу институтының нейрохирургі ленинградтық
Поленов ұсынған классификацияға сәйкес, жұлын
зақымына кайтатын, қайтпайтын жұлын өзгерістеріне
және "ат құйрығы" түбіршіктеріне байланысты арқа
мизақымы үш топка бөлінеді.

20.

Бірінші топқа жұлын мен "ат құйрығы" түбіршектерінің
кайтымды функционалды өзгерістері, арқа қан
айналымының ангионевроздық өзгерістері мен
патоморфологиялық түрде өтетін жұлынның шайкалуы
жатады.
Екінші топқа жұлын мен "ат құйрығы" түбіршектерінің
қайтымды және қайтымсыз өзгерістері (жұлынның
соғылуынемесе компрессиясы) жатады.
Үшінші топ анатомиялық үзілістер мен жұлынның көлденең
үзілуінен болады. Гематомиелия зақымдалумен сипатталатын
қайтымды өзгерістер. Зақымдану ауыршылығы қайтымсыз
морфологиялық өзгерістердің басымдылығына, ал оның
қызметінің бұрынғы қалпына келуі оның қайтымды
функционалдық өзгерістерінің тегістелуіне байланысты.
Организмде жұлын зақымының әсерінен болатын күрделі
комплексті Смирнов жұлынның зақымдалу ауруы деп атады.
И. Я. Раздольский бұл аурудың төрт кезеңін көрсетті:

21.

22.

23.

Білезік сүйектерінің сынуы
Ол сүйектердің сынуы көбінесе уақытында дұрыс
диагноз қойылмайды. Сондықтан адам буын
байламының созылуы деген диагнозбен келеді.
Бұл сынықтар себебі қолды жазып құлағанда және
алақанмен құлағанда болады. Кейде тікелей соққы
әсерінен болады. Көбінесе ладья тәрізді және
жартыай тәрізді сүйек жиі сынады. Клиникалық
белгілері: Ладья тәрізді сүйек сынғанда білезік
буынының сырт жағында екінші алақан сүйегінің
негізі маңында ісік пайда болады. Білезік буынын
сыртына қайырғанда қатты ауырады, басып
көргенде күшейеді. Сонымен қатар 1-2 саусақты
өс бойымен итергенде қатты ауырады.

24.

25.

Диагноз: Рентген арқылы қояды. Көбінесе сынық
орнынан онша ығыспайды. Егер сынып шыққанда
орнынан ығысуы мүмкін. Сондықтан гипстік лонгетті
алақан-саусақ буынынан білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне
дейін алақанды тік қалыпта шынтаққа қарай
қайырыңқырап саламыз. Гипсті ұзақ уақыт 4-6 айға
салады. Біту мерзімі өте баяу. Бұл сүйектердің кейде
некрозға ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайда ладья сүйегін
алып тастаймыз. Алып тастаған соң ауырғаны азайып,
бірақта білезік буыны қызметі толық қалпына келмейді.
Жартыай тәрізді сүйектің сынуы – ладья сүйегіне
қарағанда сирек кездеседі. Көбінесе осы сүйектің
шынтаққа қарай бұрып құлаған жағдайда шығуымен қоса
жүруі мүмкін. Клиник шығуы жиі кездеседі. Себебі
биіктіктен алақанды

26.

Клиникасы: білезік буыны сырт
жағында ісік, білезік буынын
ортасынан басса қатты ауырады. 3-4
саусақты ось бойымен итергенде
ауырғаны күшейе түседі.

27.

Орнына салу: тоқпан жілік және білекті 90˚ бүгіп
үстел үстіне қояды. Екі көмекші екі жаққа ось
бойынша тартады. Осылай тартқан уақытта
саусақтарды бүгетін ұзын бұлшықетінің керілуі
кезінде ол сүйек бөлігін өз орнына қара»й
ығыстырады.Бірақ орнына салу үшін 10-15мин
тарту керек. Орнына түскен соң 3-8 апта гипстік
бекіткіш саламыз. Егерде жартыайшық сүйегі
шыққаны уақытында анықталмаса, салынбаса
онда операциялық жолмен ол сүйекті алып
тастайды. Егер алмаған жағдайда шығып тұрған
сүйек артқы жүйке тармақтарын басып, әртүрлі
асқынысқа әкеледі. Алып тастауды осы сүйек
жапырылып(компрессионный) сынғанда жасайды.
Өйткені некрозға ұшырайды.

28.

Алақан сүйектерінің сынуы
Көбінесе бірінші алақан сүйегінің
негізінен сынуы жиі кездеседі. Ол Бенетта
сынығы деп аталады. Ол сынық бірінші
саусақты алақанға қарай иіліп барып
бірінші саусақты тіреп құлағанда болады.
Бұл жағдайда шеткі бөлігі сырт жағына
қарай ығысады. Клиникасы: бірінші
саусақ алақанға иілулі қалыпта, сырт
жағында сүйек ұшы тері астында шығып
тұрады. Бірінші саусақ ось бойымен артқа
қарай итер

29.

Орнына салу: 1% 15-20 мл новокаин
ерітіндісін енгіземіз. Бірінші саусақты ось
бойымен тартып сыртқа үстіне қарай
қайырамыз. Осы кезде негізінен орнына
басамыз. Сөйтіп гипстік лонгетті алақан
жағынан білек ортасына дейін гипстік лонгет
саламыз. Орнына түспесе операциялық
жолмен сыммен бекітеміз. 2, 3, 4, 5 алақан
сүйектерінің сынуы көбіне тікелей соққы
әсерінен сынады. Жанама себебі: саусақ бүгулі
қалыпта тіреп құлағанда. Сынық түрлері: жиі
көлденең, қиғаш, сирек бұралып сыну
кездеседі. Бұл сынықтар кезінде сынықаралық
бұрыш алақанға қарай ашылады.

30.

Клиникасы: алақан сыртында ісік, сықыр
естіледі. Осьтік бойымен салмақ бергенде
қатты ауырады. Рентген арқылы нақты
диагноз қойылады. Алақан сүйегінің дара
сынуын ығыспаған жағдайда гипсті
алақан жағынан білектің ортасына дейін 1
айға салады. Бірнеше сүйек сынса 2-2,5 ай
гипс салынады, егер ығысып сынған
жағдайда саусақтан тартып орнына
салады, 2-2,5 ай гипста болады.
English     Русский Правила