10-11 ДӘРІСТЕР. Фунгицидтер. Қолданудың биологиялық негіздері, классификациясы.
Кейбір фунгицидтердің туындылары
141.58K

Фунгицидтер. Қолданудың биологиялық негіздері, классификациясы

1. 10-11 ДӘРІСТЕР. Фунгицидтер. Қолданудың биологиялық негіздері, классификациясы.

1. Фунгицидтер жөнінде түсінік.Оларды
қолданудың биологиялық негіздері.
2. Фунгицидтер классификациясы.
1. Фунгицидтер (лат.fungus - саңырауқұлақ,
caedo - өлтіру) - мәдени дақылдарды саңырауқұлақ ауруларынан қорғау үшін қолданатын химиялық препараттар.
Құрылымы жағынан фунгицидтер органикалық және бейорганикалық болып екіге бөлінеді.
Әсер етуіне байланысты фунгицидтер профи
лактикалық, қорғаушы және емдік болып
бөлінеді.

2.

1. Тұқымды себуге дейін дәрілеу (тұқымға және
топырақтағы ауру қоздырғыштарымен күресуге
арналған).
2. Топырақты өңдеуге арналған препаратттар
(топырақтағы ауру қоздырғыштарды жояды,
әсіресе жылыжайлар мен парниктерде тиімді).
3. Өсімдікті тынығу кезінде өңдейтін фунгицидтер (қоздырғышты қыстау сатысында жояды, ерте
көктемде өнуге дейін,күзде, қыста қолданылады).
4. Вегетациялық кезеңінде өңдеу (көктемде қолдануға және профилактикалық әсерлі препараттар), астық және жеміс - көкөніс қоймаларында
бүрку және фумигациялау тәсілімен қолданылады.

3.

Өсімдікте және оның ішкі ағзаларына
таралуына байланысты фунгицидтер жанасушы (сыртқы), жүйелі (ішкі) және жартылый
жүйелі әсерлі болып келеді.
Жүйелі фунгицидтерге құрамында триазол,
имидазол және пиримидиндер топтары бар, ал
жартылый жүйелі фунгицидтерге құрамында
фенилпирролдар, бензимидазолдар және стробилуриндер бар химиялық заттар жатады. Бұл
препараттарды көбінесе дәнді-дақылдарды
вегетация кезінде өңдеу үшін қолданады.

4.

Триазолдар өсімдіктің бойымен таралып жас
өскінді қорғайды. Құрамында тризолдары бар
фунгицидтер профилактикалық және емдегіш
қасиеттеріге ие. Әсер ету механизімі: патогенді
саңырауқұлақтардың өсуін тежейді және оны
жояды. Сонымен қатар триазолды фунгицидтер
белгіленген нысанаға әсер етеді.
Имидазолдар мен пиримидиндер өсімдіктің бой
ымен жартылай тарайды. Осы топтың негізгі
өкілдеріне триазоксид, прохлораз және имазалил жатады. Бұл препараттар арпаның жапырақтарының жолақтануымен күресуде жиі қолданылады.

5.

Жүйелі фунгицидтер өсімдіктің ішіне еніп,
ұлпаларына таралып қоздырғыштарды жояды.
Бұлардың әсер етуі өсімдіктің ұлпасына тез арада енуіне және метеорологиялық жағдайға тікелей байланысты. Жүйелі фунгицидтерді жанасушы фунгицидтерден кейінірек 20 ғасырдың
60 жылдарынан бастап қолданыла бастады.
Бұл препараттарды топқа бөлу уақытша болып
табылады. Мысалы, көптеген профилактикалық
препараттар үлкен мөлшерде немесе жоғары
концентрацияда емдік қасиетке ие, тұқым улағыш және де топырақта болатын аурулардың
қоздырғыштарын жояды (кесте).

6. Кейбір фунгицидтердің туындылары

№ Атауы
Аналогы
Ә.е.з.
1
Профи
Тилт
Пропиканазол, 250 г/л
2
Золтан
Альто
супер,
Фильтерр
Пропиканазол+ципроканазол,
250+80 г/л
3
Беномил
500
Фундазол
Беномил,
500 г/кг
Өндіруші
Peters & Burg
(Венгрия)
Препарат
түрі
Орамы,
л/кг
к.э.
5
к.э.
5
с.п.
20

7.

Фунгицидтердің негізгі топтарының бірі триазолдар. Сипаты жағынан жүйелік, зиянды ағзаларға қарсы қасиеті ұзақ сақталатын фунгицид. Мұндай препараттар өсімдіктің бойымен
жылжып акрепетальды қасиет көрсетеді. Жапырақтарға тез сіңгіш, белгіленген жұмсау
мөлшерінде фитоуыттылық қасиет көрсетпейді. Оларды дақылдардың ақ ұнтақ, шірік, тат,
дақ, таз қотыр, септориоз, церкоспореллез,
ринхоспориоз ауруларына қарсы кеңінен
қолданады.

8.


1) Скор, Сплит (дифеноконазол)
2) Топаз (пенконазол)
3) Импакт, Винцит (флутриафол)
4) Вектра (бромуконазол)
5) Байлетон, Тозонит (триадимефон)
6) Виал (динконазол)
7) Лоспел (тетраконазол)
8) Реал. Премис25 (тритиконазол)
9) Раксил, Террасил (тебуконазол)
10) Тилт (пропиконазол)
11) Суми-8 (диниконазол) т.б.

9.

Бензимидазолдар. Бензимидазолды фунгицидтер
жүйелік қасиеттерге ие, адамға уыттылығы төмен, 0,2 % ерітінді күйінде қолданылады. Өсімдіктің тамырына сіңу арқылы, өзегімен бойына таралады. Қорғайтын өсімдікке фитоуыттылық
қасиеті жоқ, дәрілеуіш зат ретінде пайдалануға
болатын қоймалжың (суспензия). Тамыр шірігі
ауруына қарсы тиімді препарат. Сонымен қатар
басқада саңырауқұлақ ауру қоздырғыштарына
қарсы қолданылады. Мысалы, ақұнтақ, церкоспорелла, фузариозды тамыр шірігі, сұр және ақ
шіріктер, фузариозды солу, аскохитоз, қарлы зең,
тозаңды және қатты қара күйе, қызыл шірік,
перикуляриоз, фомоз, антракноз ауруларына
қарсы қолдануға болады.

10.

Бензимидазолдар патогенді саңырауқұлақтардың жасушаларының бөліну кезіндегі метаболизм процестерін (митоз) әлсіретеді, митоттық
аппараттың негізгі құраушысы митоттық веретеносын бұзады. Бұл топтың құрамына кіретін
заттар қара зеңге қарсы тиімділігі жоғары.
Препарат жүйелі әсер етеді, тамыр жүйесіне
жақсы еніп, сабақ арқылы жоғары таралады.
Өсімдікке фитозалалсыз, яғни күйдірмейді.
Сонымен қатар 2% суспензияны тұқымды
дәрілеу негізінде қолдануға болады. Тамыр
шірігімен күрес үшін ең үздік фунгицид.

11.

Оларға мына фунгицидтер жатады:
1) Феразаим, терминатор, карбендазим,
дерозал, штефазал, бавемтин, БМК;
2) Бенлат, фундазол, агроцит, беномил;
Тұқымды өңдейтін фунгицидтер.
Жанама әсер етуші фунгицидтермен өңдегенде өсімдіктің сыртқы қабатында сақталып,
қоздырғыштар жанасу кезеңінде жойылады.
Мысалы тұқымның сыртқы қабатына ену
арқылы тереңдеп әсер ету қабілеті бар.

12.

Жанама әсер ететін фунгицидтердің әсер етуі
ауа-райына, көлеміне, өңделетін жерде сақталу уақытына, фотохимиялық және химиялық тұрақтылығына байланысты. Жанама әсер
ететін фунгицидтерді 19 ғасырдың соңынан
бері ауылшаруашылықа пайдаланып келеді.
Бұл фунгицидтердің тобына әсер етуші заттары тиокарбомат және тирам тобына жататын
манкоцеб, метирам және ТМТД жатады. Қосылыстар әсер ету шегі кең заттарға жатады.

13.

Фунгицидттік әсері саңырауқұлақтардың жасушаларының метаболизімін тежеу арқылы
сипатталады. Бұл қосылыстар ұсақ ұрықты
дақылдарды өңдеуде қолданылады. Сонымен
қатар қызылшаның, рапстың, жүгерінің және
картоптың тұқымдарын өңдеуге арналған.
Фенилпирролдар жартылый жүйелік қасиет
көрсетеді және өсіп кележатқан өсімдіктерді
қорғайтын зона түзеді. Бұл препараттар қатты
күйе, тұқымдардың өскіндернің ауруларына
және фузариозға қарсы тиімділігі жоғары.
Фунгицидтердің бұл тобына флудиоксинил
жатады.

14.

2. Фунгицидтердің стробилуриндер класы өсімдікке жартылай жүйелі түрде оның құрамында түзілген зат депо ретінде бойымен
көтеріледі. Стробилуриндер саңырауқұлақтардың жасушаларының митохондрияларына
еніп, тыныс алу процестерінің ферменттерінің
фосфорлану және тотықсыздануына әсер
етеді.
Стробилуриндер - жүйелі, төзімді стимуляциялы әсер етеді. Ақұнтақ, шіріктер, тат,
тазқотыр, переноспороз, фитофтороз, жалған
ақұнтақ, және басқа дақ ауруларына қарсы
қолданылады.

15.

Препараттың бұл түрінің әсер ету аймағына
барлық саңырауқұлақ тұқымдас фитопатогендер кіреді. Стробилуриндер саңырауқұлақтың
4 класын жояды: оомицет, аскомицет, базидиомицет және дейтеромицет. Акропетальді әсер
етеді, яғни өсімдіктің өсу нүктесімен жылжып, жас өскін органдарын қорғайды.
Температура өзгерісіне тұрақты, өсімдікке тез
енеді, ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.
Өсімдік ауруларына профилактикалық өңдеу
негізіне арналған.

16.

Оларға мына препараттар жатады:
1) Строби (крезоксим-метил )
2) Флинт (трифлоксистробин)
3) Квадрис (азоксистробин)
4) Кабрио Топ (пиаклостробин )
Фунгицидтердің гидроксианилидтер
класы - жаңа пайда болған топ.
Тельдор - сұр және жеміс шірігі, ақұнтақ
ауруларымен күресуге арналған ең жақсы
фунгицид. Фитозалалсыз, қоршаған ортаға
және адамдарға қауіпсіз. Гүлдерді өңдеуге
жақсы. Ұзақ жанама әсер етеді.

17.

Фунгицидтердің карбамат класы - жүйелі
әсер етеді. Субстратты суғару әдісін қолдануға
болады. Тамыр арқылы еніп, сабақ жүйесімен
жоғары таралады.
1) Превикур (пропамокарб) - жүйелі және
жоғарылату әдісі, оомицеттерге қарсы кең
спектрлі әсер етеді. (сабақ және тамыр шірігі,
жалған ақұнтақ саңырауқұлақтары)
2) Тату (пропамокарб )
3) Топсин-М (тиофанатметил). Ақұнтақ,
тазқотыр, жеміс шірігі, церкоспорозға қарсы
қолдану тиімді.
4) Фундазол, бенлат, беномил, агроцит

18.

Фунгицидтердің пиперазиндер туындылары класы - қорғайды және емдейді.
Сапроль (трифорин) - ақұнтақ, сұр шірік,
тазқотыр, ооидиумға қарсы тиімді.
Фунгицидтердің пиримидинамин класы жүйелі немесе шектеулі жүйелі әсер етеді.
Тазқотыр, ақұнтақ, жеміс шірігіне қолданады.
1) Рубиган
2) Мильго (этиримол )
3) Хорус (ципродинил)

19.

Фунгицидтердің имидазолдар класы ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы қолдану
тиімді.
1) Мираж
2) Спортак
3) Трифмин
Фунгицидтердің оксатикарбон қышқылдар туындылары класы - жүйелі әсер етеді.
1) Витавакс. Карбоксин. Тұқымды жүйелі
улаушы препараттар.

20.

Фунгицидтердің дитиокарбоматтар класы жанама әсер етеді, сондықтан көбіне басқа әсер
етуші заттардың қоспаларымен бірге
қолданылады. Аз күнге немесе өсімдікті өсімдікті
соңғы өңдеу кезеңінде қолдану тиімді.
1) поликарбацин, полирам, метирам
2) Дитан, манкоцеб
3) Антракол, пропинеб-цинк құрамды.
Бактерицидті қабілеті бар фунгицид.
4) Акробат (манкоцеб-манеба мен цинеба кешені)
5) тату, құрамдас фунгицид, манкоцеб (екінші ә.з.
пропамокарб)
6) Ридомил-Голд құрамдас фунгицид (манкоцеб,
екінші ә.з. металаксил)
7) Кабрио Топ, метирам

21.

Фунгицидтердің ацетамидтер және оксазолидиндер класы
Танос. Құрамдастырылған фунгицид (цимоксанил,
фамоксадон) - фитофтороз, альтернариоз және жалған
ақұнтақ ауруларына қарсы тиімді.
Фунгицидтердің аминоқышқыл туындылары
класы - жалған ақұнтақ ауруына қарсы тиімді, жүйелі
әсер етеді.
1) Металаксил, Ридомил
2) Алацид
3) апрон
4) Крептан
5) Сандофан
6) Арцерид
7) Максим, метелаксил-М

22.

Фунгицидтердің пирол фтор құрамды
туындылар класы
Максим, флудиоксонил.
Фунгицидтердің фосфорорганикалық класы
- ақұнтақ, саңырауқұлақ ауруларына қарсы
тиімді.
1) Афуган - ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы
тиімді. Әсер етуші заты алюминий фосэтилі.
Жалған ақұнтақ саңырауқұлақтарына қарсы
қолдану тиімді. Жүйелі әсер етеді.
2) Альетт, алюминий фосэтилі
3) Эфаль
4) Мицу
5) Алюфит

23.

Фунгицидтердің морфолиндер класы
1) Акробат МЦ (диметоморф)
2) Аллегро Плюс құрамдас фунгицид
(фенпропиморф)
3) Фадеморф (триморфамид)
4) Корбел
Фунгицидтердің ароматты оксималар
класы
1) Алегро плюс, крезоксим-метил
Фунгицидтердің дитиандар класы
1) Делан, дитианон

24.

• Металлқосылысты пестицидтер
Металлқосылысты пестицидтер екі класқа:
бейорганикалық және органикалық фунгицидтер
деп бөлінеді. Бейорганикалық пестицидтерге
фторқосылысты, цианқосылысты, роданқосылысты, күкіртқосылысты, мысқосылысты, мышьякқосылысты пестицидтер жатады.
Органикалық препараттарға: көмірсутектер,
альдегидтер және олардың туындылары (бромды
метил, жасыл сабын, формалин, метальдегид
және басқалары).
Металлқосылысты пестицидтер сыртқы ортада
тұрақты, топырақтан өсімдікке өтіп белсенділік
танытады, топырақ пен судағы микроорганизмдерге бактерицидті әсер етеді.

25.

Мыс купоросы - фунгицид. Әсер етуші заты мыс сульфаты. Кристалдыкесек ұнтақ түрінде
шығарылады (әсер етуші заты 93-98% құрайды).
Жеміс-жидектер бүршік атқанға дейін препараттың 1% -дық концентрациясын алманың таз қоты
рына, филлокстиктозға, коккомикозға қарсы қолданады. Орташа улы. Жұмсалу мөлшері 8,0-20,0
кг/га.
Бордос сұйықтығы - фунгицид. Әсер етуші
заты магний сульфаты+кальций гидрооксидінің
қоспасы. 100 мл бордос сұйықтығын жасау үшін
100л суға 1 кг мыс купоросы мен1 кг әкті суға
араластырады. Сұйықтық нейтралды немесе әлсіз
сілтілі ортада болуы тиіс.

26.

Оны жеміс-жидектердің, жүзімнің, көкөністер
дің, техникалық дақылдардың, дәрілік өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданады. Бал
арасы үшін аздап улы,препараттың сақталу
уақыты дәрілік шөптерде 20 күн болса, аталған дақылдарда 15 күн. Жұмсалу мөлшері 6,0-60,0 кг/га.
Мыс хлорокисі - фунгицид. Брутто
формуласы: 3Cu(OH)2 CuCI2H2O. Препарат
90%-ды борпылдақ ұнтақ күйінде шығарылады. Орташа улы. Фунгицидпен бау-бақшаны, көкөністерді, техникалық дақылдарды
өнімді жинауға дейін 20 күн бұрын бүркеді.

27.

Альетт - жүйелі фунгицид, өсімдік ұлпасына
тамыр мен жапырақ арқылы енеді, өсімдік
ішінде жақсы қозғалады. Химиялық
формуласы: трис (этилфосфат) алюминий.
Әсер етуші заты - фосэтилалюминий. Брутто
формуласы: C6H18ALO9P3. Жылықандыларға
улылығы төмен. Препарат техникалық
дақылдар мен басқа да дақылдардың
пероноспороз ауруларына қарсы вегетация
кезінде қолданылады. Жұмсалу мөлшері - 1,25,0 л/га. Жұмсалу мөлшері әр дақылда
әртүрлі.
English     Русский Правила