Похожие презентации:
Дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық зерттеу туралы
1. ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ
2.
Өсімдік шикізатының микроскопиясынзерттеу жарық және люминесцентті
микроскоп көмегімен жүргізіледі.
3.
Микроскоп көзге көрінбейтін обьектілердіңқатты ұлғайған бейнелерін алуға мүмкіндік
береді. Микроскоп көмегімен
микробейнелердің мөлшерін, құрылысын,
және т.б. сипаттамаларын анықтайды.
Микроскоп элементтердің арасы 0,20 мкмге дейін болатын құрылымдарды
ажыратуға мүмкіндік береді.
4.
Микроскоптың шешу қабілеттілігіжарықтың толқындық касиеттерімен
байланысты. Препараттын кұрылымын
ажырату оның бөлшектерінің жарықты
сіңіру, шағылыстыру және сындыру
қасиеттеріне бір-бірінен ажыратылғанда
ғана мүмкін болады.
5.
Дәрілік өсімдік шикізатынанмикроскопиялық препараттарды даярлау
техникасы алуан түрлі және де зерттелініп
отырған обьектінің морфологиялық тобына,
оның күйіне (бүтін, бөлшектелген, кесілген
немесе ұнтақ) байланысты болады.
6. Жапырақ, шөптер, гүлдер.
7.
Бүтін және кесілген шикізат. Бүтін шикізаттызерттеу кезінде жапырақ тақтасының жүйкесі бар
бөлшектерін алады. Шөптерден жапырақтарды,
кейде сабақ пен гүлдің бөліктерін, гүлдердентостағанша мен күлтені жеке қарастырып алады.
Кесілген шикізатты зерттеген уақытта жоғарыда
аталған мүшелерге қатысты әртүрлі бөліктерді
алады. Препараттарды жиі ақшылдандыру кажет
болады.
8. Төмендегідей тәсілдер қолданылады:
• Шикізаттың бөлшектерін пробиркаға салып,сумен араласқан 5%
натрий гидрооксидін қосып (1:1), 1-2 минут
қайнатады. Кейін Петри
табақшаларына көшіріп, сумен мұқият
шаяды. Шикізат бөліктерін
заттық шыныдағы глицерин немесе
хлоралгидрат ерітіндісіне салады.
9.
• Жапырақтардың бөліктерін 1:1 қатынастасумен араласқан хлоралгидрат ерітіндісінде
5-10 минут қайнатады да (ақшылданғанға
дейін) затты шыныдағы глицерин немесе
хлоралгидрат ерітіндісіне салып, скальпель немесе инемен екі бөлікке бөледі.
Оның біреуін ақырын аударады.
Объектіні жабындық шынымен жауып, ауа
көпіршіктері жойылғанға
дейін спиртовканың жанында аздап
қыздырады да, суығаннан кейін
зерттейді.
10.
• Жапырактың екі жағын да микроскоп арқылыкіші және үлкен ұлғайтулармен қарастырады.
Сабақтың бөлшектерін 5% натрий
гидрооксидінде 5-10 минут қайнатып, сумен
шаяды. Эпидермисті скальпельмен немесе
инемен бөліп алып, бетін қарастырады, калған
ұлпаларынан обьектіні заттық шыны бетіндегі
хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісіне езу
арқылы препарат жасалынады. 10 минут
хлоралгидрат ерітіндісіне қайнатылған
жапырақтардың көлденең кесіндісін шикізат
бөлшектерін бузина өзегінің ортасына
қыстыру аркылы әзірлейді.
11. Ұнтақ
Заттық шыны бетіне 1-2 тамшы хлоралгидратерітіндісін тамызып, зерттелінетін ұнтақтың аздаған
мөлшерін салады. ¥нтақты хлоралгидрат
ерітіндісіне батырылған иненің ұшымен алып,
мұкият араластырып болғаннан кейін, бетін
жабындық шынымен жабады да, ауа көпіршіктері
кеткенге дейін спиртовка жалынына қыздырады.
Шынының үстін препараттық иненің сабымен
ақырын басып, шетіне шыкқан сұйықтықты сүзгіш
қағаздың көмегімен сорып алады. Қатты жапырақ
пен қатты сабақтан жасалынған ұнтақты 5% натрий
гидрооксидінде қайнату арқылы мөлдір түске
енгізеді.
12. Тұкымдар, Жемістер.
13. Бүтін шикізат
Тұқым қабықшасынан, жемісқап бетінен немесекөлденең кесіндісінен препараттар даярланады.
Тұқым қабықшасынан және жемісқаптың бетінен
жасалынған препараттар. 2-3 тұқымды немесе
жемісті 5% натрий гидрооксидінде 2-3 минут
қайнатып, мұқият сумен шаяды. Обьектіні заттық
шыныға орналастырып, препараттық инелермен
тұкымды қабықшасынан, жемісқапты ұлпаларынан
ажыратып, хлоралгидрат немесе глицирин
ерітіндісінде қарастырады.
14. Кесінділер
Кесінділерді әзірлеу үшін құрғақ тұқымдар менжемістерді тәулікке ылғалды камераға салу
арқылы алдын-ала жұмсартады. Ылғалды камера
ретінде бірнеше тамшы хлороформ қосылған суы
бар эксикатор алынады. Сонымен қатар
жұмсартуды обьект қаттылығына байланысты су
буымен 15-30 минут өңдеу арқылы іске асырады.
15.
Ұсақ жемістер мен тұкымдарды 0,5x0,5x1,5смпарафинді блокқа ендіреді. Балқыту төмендегідей
жүргізіледі: отқа қыздырылған препараттық
иненін ұшымен ойық жасап, дереу арада сол
жерге обьектіні орналастырады (обьектінің беті
кұрғақ болуы керек). Кесінділер парафинмен бірге
жасалынып, парафиннен сұйықтыққа матырылған
иненің ұшымен тазартылады. Микропрепараттар
глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде
жасалынады.
16. Қабық
Бүтін және бөлшектенген шикізат. Қабыктыңтігінен және көлденеңінен кесінділерін
төмендегідей тәсілмен дайындайды: 2-3x0,5-1см
мөлшеріндегі шикізат бөлшектерін суы бар
пробиркада 5 минут қайнатып, бөлшектердің
нақты тігінен және көлденең кесіндісі кесілуі үшін
скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің
микропрепараттарын хлоралгидрат немесе
глицерин ерітіндісінде даярлайды.
17.
Әртүрлі құрылымдар мен заттарды айқындапқажет болған жағдайда цитохимиялық
реакцияларды жүргізеді. Сүректенген
(лигнификацияланған) элементтерді
флороглюцин ерітіндісінің бірнеше тамшысы
мен 25%-дық тұз қышқылының 1 тамшы
қоспасымен айқындайды. Бір минуттан кейін
сұйықтықты сүзгіш қағазбен сорып алады да,
хлоралгидрат ерітіндісі немесе глицеринге
салынған кесіндіні жабындық шынымен
жауып қыздырусыз қарастырады. Сүректенген
арқаулық элементтер алқызыл түске боялады.
18.
Сүректенген элементтерді бояу үшін сафранинерітіндісін де қолдануға болады. Кесінділерді 50%
спирттегі 1% сафранин ерітіндісіне 30 минут
ұстаған соң (жабык бюкс немесе сағаттық
шыныға), алдымен 50% спиртпен, одан кейін
кышқылданған спиртпен (100мл спиртке 2 тамшы
концентрлі хлорсутекті кышқылды қосады)
шайып, заттық шыныдағы глицеринге енгізеді.
Сүректенген клетка қабықшалары қызыл түске
боялады.
19. Крахмал
Крахмалды айқындау үшін құрғаққабықтың қырындысын жасап люголь
ерітіндісінде және жоғарыда
көрсетілгендей суда қарастырады.
20. Илік заттар
Илік заттардың барын кұрғақ қабықтың ішкіжағына 1 тамшы теміраммонийлі кварцтың
немесе хлорид тотықты темірдін ерітіндісін
тамызу арқылы айкындайды. Қара-көк
немесе қара- жасыл бояу пайда болады
21. Антрацен туындылары
Антрацен туындыларын қабықтың ішкібетіне 1-2 тамшы натрий гидроксиді
ерітіндісін тамызу арқылы (қан қызылға
боялады) немесе микросублимация
арқылы айкындайды
22. Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер, пиязшықтар, түйнекті пиязшықтар.
23. Бүтін шикізат
Тігінен және көлденең кесінділерді даярлайды.Жерасты мүшелерінің кішігірім бөлшектерін суық
суға салып, бір тәулік ұстаған соң, 3 тәулік 95%
спирт пен глицерин (1:1) қоспасына енгізеді.
Жұмсарған обьектілердің нақты тігінен және
көлденеңінен кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен
тегістейді. Жасалған кесінділердің
микропрепараттарын хлоралгидрат немесе
глицерин ерітіндісінде даярлайды.
24.
Нақтамалық белгілерді алдымен кіші, сосынүлкен ұлғайтумен қарастырады. Құрғақ жерасты
мүшелердің қырындысымен қажетті
микрохимиялык реакцияларды жүргізеді.
Сүректенген элементтері крахмал, шырыш, шыны
мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен
туындыларының барын «Жемістер мен
тұқымдар«, «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген
әдістемеге сәйкес айқындайды.
25. Инулин
Инулинді айқындау үшін заттық шыныдағы 0,1 гұнтақты 1-2 тамшы а-нафтол (резорцин немесе
тимол) және 1 тамшы концентрлі күкірт
қышқылының коспасына салады. Қызғылт-күлгін
бояу (резорцин мен тимолдан шоқсары-қызыл
т.с) пайда болады. Инулиннің бары туралы
тұжырымдарды крахмал жоқ болған жағдайда
ғана жасауға болады.
26.
Бөлшектенген шикізат. Жерасты мүшелерінбөлшектерін 5% натрий гидрооксиді ерітіндісінде
3-5 минут қайнатады. Суға мұқият шайған соң
бөлшектерді глицерин немесе хлоралгидрат
ерітіндісінде езе отырып микропрепараттарды
дайындайды. Жерасты мүшелерін қырындысы
және ұнтағымен жүргізілетін микрохимиялық
реакциялар «Қабық» бөлімінде көрсетілгендей
іске асады.
27. Ұнтақ
Жерасты мүшелерінің нақтамалық белгілерінжәне оның құрамындағы заттарды айқындау үшін
бірнеше препараттар (хлоралгидрат ерітіндісінде)
әзірленеді. Сүректенген элементтер, крахмал,
шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен
антрацен туындыларының барын «Жемістер мен
тұқымдар«, «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген
әдістемеге сәйкес айқындайды.