933.05K
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Радиациялық апаттар. Радиациялық апаттардың алдын алу үшін қойылатын талаптар. Ресми тергеу тәртібі

1.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина университеті
Жалпы гигиена және экология
Радиациялық апаттар. Радиациялық апаттардың алдын алу
үшін қойылатын талаптар.Ресми тергеу тәртібі.
Орындаған: 503 топ МПІ
Мұханғалиева Ұ
Тексерген : м.ғ.к Бердешева Г.А
Ақтөбе 2016
ж

2.

ЖОСПАРЫ:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Радиациялық апаттар.
Радиоактивті ластану жолдары
Радиоактивті заттардан қорғану жолдары.
III. ҚОРТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3.

Кіріспе
Қазақстандағы Радиациялық жағдай Қазақстан территориясында
қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей
полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс,
оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде
жүргізілген.Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің
Радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары
Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы
сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар
туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес
көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны
ондаған мың адамды құрайды.
l

4.

Радиациялық апат - құрал жабдықтардың ақаулығы, жұмыстың кері
әрекеті, сұрапыл апаттың салдарынан, орналасатын нормалар мен
адамның сәулеленуінен туындайтын иондаушы сәуле шығару көздер
басқаратын басқарушының істен шығуы нәтижесінде туындайтын
апаттар. Радиациялық апаттар болған кезде бақылау болжау жұмыстары
жүргізіліп, халықтан сәулелену деңгейін төмендету жұмыстары
жүргізіледі. Апаттың қауіптілігі, зақымдалуы, бұзылуы сипатымен,
көлеміне қарай жобалық , салдарлы жобалық , гиотикалық апаттар деп
бөлінеді.
l

5.

Жобалық апат - қандай болмасын радиациялық қауіпті қорапқа тән
жобадағы алғашқы апатты жағдайлар белгіленген апаттар болып табылады.
lСалдарлы жоба – белгілі обьектіде апаттық процесс пайда болып, ақыры
өте ауыр салдарымен сипатталатын апат болып табылады.
lГипотикалық апат- жобалық апаттың ақырғы жағдайы есепке алынатын
апат болып табылады.Жобалық апатпен салыстырғанда қауіптілік
жүйелерінің істен шығуымен сипатталады.
l

6.

Радиациялық апаттан кейін – радияциялық
ластану пайда болады. Радиактивті ластанумен
күресу тек алдын алу сипатында ғана болады.
Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын
нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де,
басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек
бойынша тарала отырып (өсімдіктерден
жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам
денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы
мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны
өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың
түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі
организмдерге радиациялық сәулелену арқылы
зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған
елдерде ядролық энергетиканың дамуына
байланысты қоршаған ортаның радиациялық
ластануы үлкен қауіп тудыруда.
l

7.

Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне
мыналар жатады:
l
Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары;
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп
орындары ;
Ғаламдық жауындар;
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты
ядролық жарылыстар;
Табиғи радиоактивтілік;
Радиоактивті қалдықтар.

8.

Семей полигоны - КСРО ядролық
сынақ полигондарының бірі, аса маңызды
стратегиялық объектісі болды. КСРО
заманында Қазақстан аумағында атом
бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы
18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық
полигоны ашылды. Бастапқысынды
адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей
зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.
Сосын оларды жер астына жасай бастады.
Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық
ауыр болды. Семей маңындағы
радиациялық әсер аймағында тұратын 500
мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

9.

Капустин Яр
Полигон 1949 жылы құрылған. Атырау және Батыс
Қазақстан облыстарының батыс аймақтары
l
(Нарын құм ) мен Ресей Федерациясының Астархань, Волгоград
облсының шығыс бөліктерін қамтиды. Бұл полигонда, негізінен, ұшақтар
мен ракеталардың ядр. жарылыс заттарын тасымалдау әдістері
зерттелген. “Капустин яр” ядролық полигонының орт. және ұшу-сынақ
аймақтарын қоса есептегендегі жалпы аумағы 6,5 млн. га, оның ішінде
Батыс Қазақстан облысындағы аумағы 1,5 млн. га.
l

10.

Полигонда әр түрлі қару-жарақ жер бетінде және әуеде
сынақтан өткізілген (24 мың ракета жарылған, 177 соғыс
техникаларының түрлері сынақтан өткізілген, 619 СС-20 ракеталары
жойылған). Әр зарядтың қуатт. 10 – 300 килотонна, жарылу биіктігі 5,6 –
300 км-ге жеткен. Осының салдарынан ауаға 30 мың тоннаға жуық аса
зиянды улы заттар таралған. Сынақ аймағын радиациялық тексеруден
өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың (цезий-137, стронций-89,
т.б.) мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені
анықталған.
l

11.

Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары
l
Физикалық тәсіл.
lБұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып
отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты
радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға
өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға
өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний,
стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы
мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді.
Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған
сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан
шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады. Тез
еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде
су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке
қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің
ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның
әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда
істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ
ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке
тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн
болғаны.
l

12.

Радияциядан қорғанудың химиялық және
биологиялық жолдары.
l
Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады.
Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі
химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап
қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге
диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы мен
қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін
пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының
алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың
денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған
аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы
айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа,
әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру
екенін естен шығармауымыз керек.
l

13.

Қорытынды
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар
ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар
түзеді. Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар.
Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді
бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті
нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне
түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар
пайда болады. Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта,
сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде
ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына
әкеліп соғады. Қазіргі кезде радиация әсірінен болатын аурулардың алдын алу
мақсатында ат салысып, алдын алу болшақ мамандардың қолында.Табиғи ортаны
ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына,
шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі
жағымсыз нәтижелер туғызады

14.

Пайдаланылған әдебиеттер:
l
«Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.
Жаханов А. Радиациялық экология : оқулық / А. Жаханов. — Алматы :
Эверо, 2011.
Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009 2. Төлеубаев
Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008» 3.
Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003
English     Русский Правила