Похожие презентации:
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны радиоактивті заттардан
1.
М.Оспанов атындағы Батыс қазақстан МемлекеттікМедицина Университеті
Жалпы гигиена және экология
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мен қоршаған ортаны радиоактивті заттардан
қорғаудағы халықаралық ұйымдардың рөлі
Орындаған: Жумагулова.А.С
502топ МПІ
Тексерген: м.ғ.к Бердешева.Г.А
Ақтөбе 2016ж
2.
ЖоспарІ Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
• Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі
қағидалары
• Радиоактивті заттардан қорғану түрлері
• Қоршаған ортаны радиоактивті заттардан
қорғаудағы халықаралық ұйымдар
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.
КіріспеАдамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап,
табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып
отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады.
Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам
200мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір
аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде
радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР
радияция қабылдайды.
4.
Радиациялық қауiпсiздiк –белгiленген нормаларға сәйкес
қызметшiлерге, халыққа және
қоршаған ортаға радиациялық
әсерi шектелетiн, атом
энергиясы пайдаланылатын
объектінің ерекшеліктері мен
сипаттамаларының жай-күйі.
5.
Радиациялық қорғаныш — радиациялық қауiпсiздiктiқамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық,
жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық
шаралар жиынтығы.
Радиациялық мониторинг — иондаушы сәулелендiру
көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада
да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап
отыру.
6.
Радиациялық бақылаудың мақсаттары:· қалыпты жұмыс істеу кезінде, радиациялық қауіпсіздік
қағидаларының және бекітілген негізгі доза шектері мен
рұқсат етілген деңгейлерден аспауын қоса есептегенде,
нормативтер талабының сақталу дәрежесін анықтау;
· радиациялық апаттар жергілікті жерлердің және
ғимараттардың радионуклидтермен ластануы, сондай- ақ
аумақтарда және ғимараттарда табиғи сәулеленуге
шалдығу деңгейі жоғары жағдайларда қорғануды
қолайлы ету және килігу жөнінде шешім қабылдау үшін
қажетті ақпараттар алу.
7.
Радиациялық қауіпсіздіктің қағидаларыНегіздеу қағидасы-иондаушы сәулелендiру көздерiн
пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым
салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн
табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу
келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
Радиациялық апат жағдайларында негіздеу қағидасы
сәулелену көздеріне және сәулеленуге шалдығу
жағдайларына емес, қорғану шараларына жатады.
Пайдасының мөлшері ретінде берілген шараларды
жүргізу арқылы болдырылмаған дозаны бағалау керек.
8.
Оңтайлыландыру қағидасы- иондаушысәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде
сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын
адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк
факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен
және қол жетерлiк деңгейде ұстау.
9.
Нормалау қағидасын адамдардың сәулеленуге шалдығудеңгейіне қатысы бар барлық адамдар сақтауы тиіс; бұл
қағида азаматтардың иондаушы сәулеленудің барлық
көздерінен сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңымен, РҚН-99 және басқа да
радиациялық қауіпсіздік нормативтерімен бекітілген жеке
адамдарға арналған доза шектерінен асырмауды
қарастырады.
10.
Радиациялық бақылауға жататындар:· сәулелену көздерінің, атмосфераға шығатын
шығарындылардың, қатты және сұйық қалдықтардың
радиациялық сипаттамасы;
· жұмыс орындарында және қоршаған ортада
технологиялық үрдістер тудыратын радиациялық
факторлар;
· ластанған аумақтардағы және табиғи сәулеленуге
ұшырату деңгейі жоғары ғимараттардағы радиациялық
факторлар;
· Қызметкер мен халықтың, РҚН-99 қүші таралатын
барлық сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырау
деңгейлері.
11.
РҚН-99 сәйкес, сәулелену көздерін қалыпты(бақыланатын) пайдалану жағдайларында сәулеленуге
ұшырайтын адамдардың келесі санаттары белгіленген:
· қызметкер (А және Б топтары);
· бүкіл халық және оның ішінде өндірістік жұмыс
сферасы мен жағдайынан тыс уақытындағы қызметкер
қатарындағы адамдар.
12.
Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаттары үшіннормативтердің келесі үш класы орнатылған:
· негізгі доза шектері (ДШ),
· негізгі доза шектерінің туындылары болып келетін
монофакторлық әсердің (бір жолмен радионуклид үшін
немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат
етілген деңгейлері: жылдық (ағзаға) түсу шегі, рұқсат
етілген орташа жылдық көлемдік белсенділік (РЕКБ),
рұқсат етілген орташа жылдық меншікті белсенділік
(РЕМБ) және басқалар;
· бақылауда тұрған деңгейлер (дозалар, деңгейлер,
белсенділіктер, ағын тығыздықтары және т.б.)
13.
Радиоактивті заттардан қорғану түрлері«Мөлшері арқылы қорғау» - сәулелену көздерінің
қуатын ең аз мөлшерге дейін азайтуға, яғни
белсенді заттардың ең аз белсенділігімен жұмыс
істеуге негізделген. Бұл шара сәулеленудің қуаты
тура пропорцияда азаюына негізделген.
Қорғанудың бұл әдісі кеңінен қолданылмайды,
себебі ол технология үрдісінің қойылатын
талаптарымен шектеледі. Оның үстіне, сәулелену
көзінің белсенділігін төмендету сәулеленудің әсер
ететін уақытын ұзартады.
14.
«Уақыт арқылы қорғау» сәулелену көздеріменжұмыс істеу уақытының қысқаруына, яғни «мөлшері
арқылы қорғаудағы» заңдылықтармен бір
заңдылықтарға негізделген. Сәулелену көзімен жұмыс
істейтін уақытты қысқарту арқылы қызметкердің
сәулеленуге ұшыраудан алдын алатын дозасын едәуір
азайтуға болады. Қорғанудың бұл қағидасы, әсіресе,
белсенділігі салыстырмалы түрде аз көздермен жұмыс
істеу кезінде, қызметкер онымен тікелей манипуляция
жүргізуі кезінде, жиі қолданылады.
15.
Қорғанудың қарапайым және сенімді әдісінің бірі – бұлсәулелену көзінен жұмыс істейтін адамаға дейінгі
арақашықтықты ұлғайту («арақашықтық арқылы
қорғау»). Бұл жұмысшыларды сәулелену көзінен
жеткілікті арақашықтыққа алыстату арқылы қамтамасыз
етіледі. Бұл қорғану қағидасының қаншалықты тиімді
екенін келесі мысалдан көруге болады. Белсенділігі 110
МБк (3мКи) 60Co-ның нүктелік көзімен бір минут
бойына ұзындығы 8 см пинцетпен жұмыс істегенде,
жұмыс істейтін адамның қолының саусақтары 100мкГр
(100 мкЗв), шамасында доза алады, ал осы жұмыс түрін
орындау кезінде ұзындығы 25 см пинцетті пайдаланса,
сәулелену әсерінің дозасы небәрі 10мГр (10 мкЗв)
құрайды..
16.
«Экрандар арқылы қорғау» - иондаушысәулеленулерді сіңіретін материалдармен сәулелену
көздерін экрандауды қолдану. Бұл әдіс «ара
қашықтық арқылы қорғау» қағидасымен бірге
қолданылады. Иондағыш сәулеленудің түрлеріне
байланысты, экрандар жасау үшін әр түрлі
материалдарды пайдаланады, ал олардың қалыңдығы
сәулелену қуатына байланысты анықталады.
17.
ҚорытындыЖыл өткен сайын адамдардың радиоактивті
сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені
жыл сайын атом электр станциялары салып, олар
іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі
тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып
жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер
бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян
келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат
баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек
күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.
Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма
сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені
артпайды.
18.
Әдебиеттер тізімі1.
Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
2.
Малаховский В.Н., Гребенюк А.Н. Проблема радона.
Радиобиологические и гигиенические аспекты // Морской
медицинский журнал. – 2001. – Т. 8, № 1.
Нормы радиационной безопасности (НРБ-99). – М.:
Госкомсанэпиднадзор РФ, 1999.
3.
4.
Санитарнно гигенические требования по обеспечению
безопасности.СанПиН –Астана,2003.
5.
Ушаков И.Б., Афанасьев Р.В., Березин Г.И., Зуев В.Г.
Обедненный уран: радиационные и экологические аспекты
безопасности // Военно-медицинский журнал. – 2003. – Т. 324, №
4