Похожие презентации:
Гастроэнтерологиялық синдром. Іш аймағының ауырсынуы. Құсу. Дисфагия. АІЖ қан кету. Іш қату. Энкопрез. Диарея. Гепато жән
1. СӨЖ Гастроэнтерологиялық синдром. Іш аймағының ауырсынуы. Құсу. Дисфагия. АІЖ қан кету. Іш қату. Энкопрез. Диарея. Гепато және
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институты
Педиатрия кафедрасы
Қабылдаған: м.ғ.к., д.м.а Ташимова С.А.
Орындаған:Муратова Х.М.
Тобы: ЖТД-607
2.
Жоспары:1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Іш аймағының ауырсынуы.
Құсу.
Дисфагия.
АІЖ қан кету.
Іш қату.
Диарея.
Гепато және спленомегалия.
3.Корытынды
4.Қолданылған әдебиеттер.
3.
Кіріспе:Балалар ас қорыту жолының патологиясы әртүрлі, осымен қатар баланың жасына байланысты кейбір
науқастар балалық шақтың кейбір кезеңіне ғана тән болып келеді және баланың жас кезеңдеріне
байланысты аурулардың клиникалық белгілерінің көптеген ерекшеліктері бар.Ас қорыту жолының
ауруларының клиникалық көріністеріне мыналар жатады:
1)Тәбет төмендеуі
2)Дисфагия
3)Кекіру
4)Жүрек айнуы
5)Құсу
6)Ауру сезімі
7)Іштің қатуы және өтуі
4.
Диспепсия - балаларда болатын ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы.Диспепсия кезінде ішек айтарлықтай зақымданбайды. Көбінесе дұрыс
тамақтандырмаудан емшектегі балалар ауырады (мөлшерден артық емізу,
тамақтандыру режимін бұзу, т. б.) сондай-ақ әр түрлі аурулармен қабаттаса
(грипп, құлаққа суық тию)— парентеральды диспепсия басталуы мүмкін.
Диспепсияның пайда болуына күннің ысуы әсер етеді (мысалы, жылдың ыстық
мезгілі). Емшектегі бала диспепсиясының негізгі белгілері: іш өту (күніне 8—10
ретке дейін үлкен дәретке отырады, дәретінің иісі күлімсі, көбінесе жасыл
түсті, жалқаяқ болады), іші кеуіп, тамақтандырған соң көп кешікпей
лоқсып, құсады. Бала салмақ қоспайды, нашар ұйықтайды, мазасызданады,
беймаза келеді. Ауыр жағдайларда тәулігіне 10—15 ретке дейін іші өтеді,
арықтайды, шырышты қабықтары мен терісі құрғайды.
5.
Тамақтандыру режимін бұзу салдарынан пайда болған диспепсия кезінде біразуақытқа дейін (12 сағат, кейде онан да көбірек) балаға тамақ бермей, оған тек су
ішкізіп, тәулігіне 3—4 стакан қанты аз сұйық шай беру керек. Ашығу кезеңінен
кейін баланы аз-аздап емізіл, қолдан тамақтандырған кезде сүт, не сүт
қоспаларының мөлшерін бірте-бірте көбейтеді. Диспепсия асқынған жағдайларда
бала ауруханада емделуге тиіс.
6. Іш ауырсынуы
Іш ауруы- бұл асқазан ішек жолдарының жеделжұқпалы ауруы, көбінесе тоқ ішекті зақымдайды. 1
жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі, себебі осы
жаста балалар жүре бастайды және қоршаған
ортамен танысады. Сонымен қатар бұл ауру 2-7 жас
аралығындағы балаларда да кездеседі.
Ана сүтімен тамақтанатын балаларда сирек
кездеседі, себебі олар анасының сүті арқылы
мықты иммунды қорғаныс алады, ескерте кететін
жайт егер осындай жастағы балаларды уақыты
өткен, бұзылған сүт немесе қайнатылмаған су
берген жағдайда ауырып қалуы мүмкін,сондықтан
басқа аурулармен салыстырмалы диагностика
жүргізіп барып бір тоқтамға келген маңызды.
Іш ауруы жазғы мезгілде өте коп кездеседі, себебі
жаз айларында балалар жиі далада, таза ауада
жүреді, өзен суларға түседі, топырақта ойнайды
7. Балалардың іш ауруының себептері
Жұқпаның қоздырғышы ішек таяқшасы болып табылады. Бұл ішекбактериялары, сонымен қатар шигелла деп аталады, ағзаға ауыз
арқылы түседі. Кейбір бактериялар асқазан сөлінде еріп, ал тоқ
ішекке өтіп кеткендері үдемелі түрде көбейе бастайды және де
токсиндерді бөледі. Осы кезде жергілікті қабыну процесі жүреді.
Түрлі токсиндік қасиеті бар кеңінен таралған мына бактерия түрлері
болып табылады: Штутцер-Шмитц, Григорьев-Шига, Зонне және
Флекснер.
Жұқпаны таратушы бактерия тасымалдаушы немесе ішек
жұқпасымен ауыратын адам болып табылады.
8.
9.
10.
11.
12. Балаларда ішек жұқпасының көріністері
Ішек таяқшаларының инкубациялық кезеңі бірнеше күнді құрайды. Егерауру жедел басталатын болса, онда ол кезде бала мазасыз, жоғары дене
қызуы, ішінің ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, құсу сияқты белгілер анық
байқалатын болады. Үлкен дәретінің жиі жасыл шырыш аралас болуы да
көрініс табады.
Аурудың жеңіл формасы барысында сәл көтерілген дене қызуы, дефекация
кезінде ауырсыну болмайды, тәбеті сақталады. Бірнеше реттік шырыш
аралас нәжіс ең басты көрсеткіші болып саналады. Бұндай аурудын
формасы қауіпті болып келеді. Себебі ата-аналарда еш қорқыныш
болмайды, дәрігерге қаралмайды. Кейін бала аурудан айыққан сәтте
бациллотасымалдаушы болып табылады. Бала сауыққаннан кейін оқу
орнына барады да инфицирленген жұқпаны таратып, сау балаларға
жұқтырады.
13. Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері.
Жедел аппендицит- балалар жасындағы жедел хирургиялық көмекті талап ететінкөп таралған ауру. Ересектердігіден айырмашылығы балалардағы жедел
аппендициттің клиникалық ағымы ауыр, ал диагностикасы күрделі. Бұл
заңдылықтар баланың дамуындағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты бір жастағы балаларда жиірек байқалады.
I. Біріншіден осы жастағыларда жүйке жүйесінің функционалды жетілмеуінен
барлық жедел қабыну ауруларының клиникалық көрініс ұқсас ( жоғары дене
қызуы, көп реттік құсу, ішек функциясының бұзылыстары).
II. Екіншіден балалардағы соқыр ішектің құрт тәріздес өсіндісіндегі қабыну
процесі аяқ астынан қарқынды өтеді. Осы уақытта шектеулі механизімі әлсіз
байқалады.
III. Үшіншіден ерте жастағы балаларда тексерудің арнайы қиындығы бар. Баланың
мазасыздануы, жылауы, қарау кезіндегі қарсыласу жедел аппендициттің негізгі
жергілікті симптомдарын анықтауды қиындатады
14. Аппендициттің абдоминальды синдромнан айырмашылығы
Жас балаларда жедел аппендициттің нақты белгілері болмайды,былай алып қарасаңыз, ол ішек жұқпалы аурулары, аденовирусты
аурулар, копростаз, пневмония, отит себептері. Бұлардың барлығы
жиналып «абдоминальды синдром » деп қаралуы мүмкін. Жедел
аппендициттің жас балалардағы өзіндік ерекшеліктері, тек қана
оның реактивтілігіне ғана емес, сонымен қатар анатомиялықтопографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте, баланың
мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданып, жылап, ұйқысы бұзылып, тәбеті
болмай, тамақ ішпейді.
15.
Кішкентай бала кіндігінің маңайы ауырып тұрғанын айта алады,бірақ қай жері аурып тұрғанын дәл көрсете алмайтындығы ми
қыртысындағы процестердің толық жетілмеуі, жүйке импульстерінің
басқа жерге жіберілуіне, шажырқайдың түбінің күн тәрізді шумақша
жақын орналасуы, спецификалық емес шажырқай лимфоденитінің
тек қанда болуына байланысты. Кей кездері балалар ішінің
ауырғанын айта алмайды
16.
Лоқсу және құсу синдромы.Еріксіз асқорту жолындағыларды сыртқа шығару, ауызбен ,іш
пердесі, диафрагма, іш бұлшық еттеріннің шұғыл белсенді
жиырылуымен жүреді. Бұл күрделі рефлекторлық акт, орталық
сопақша мида орналасқан,құсу орталығының қатысуымен
жүреді.
17.
Құсу орталығының қозуы бас ішіндегі қысымныңжоғарылауымен жүреді, рефлекстік аймақтың тітіркенуімен,
импульстердің әсер етуінен асқазанның, жіңішке тоқ ішектің
әртүрлі бөліктерінің қысымының көтерілуіде құсу шақыруы
мүмкін. Хеморецепторлар аймағы тікелей химиялық заттардың
әсеріне реакция береді, импульстер сол жақтан құсу орталығына
беріледі.Құсу кейде ауырсынуымен бірге жүреді.
18.
19.
Ас қорытутың жоғарғы бөлігінің құрылыс ерекшеліктері:кардиалды сфинктердің әлсіздігі
пилорикалық сфинктердің жақсы дамуымен
асқазанның горизанталды орналасуы және түрі «қап» тәріздес болуы
іш қуысында қысымның жоғары болуы
баланың горизантальді жағдайы
20.
Балаларды 1 айға дейінгі өмірінде фунционалдық құсу жәнелоқсудың негізгі әр түрлі механизмдері болуы мүмкін:
Сілекейдің аз
болуы
Асқазан
эвакуациясы
төмен
Жұтудың және өңеш
перистальтикасы
Пилороспазм
Асқазан және ішектің
перистальтикасы
Асқазанның тамақтан
кейінгі созылуы
жоғары
21.
Құсу- асқазан ішіндегі заттардың ауыз арқылы еріксізкері шығарылуын туғызатын күрделі рефлекторлық
қозғалыс. Терең дем алғанда диафрагма босаңсып,
көмекей қақпақшасы төмен түсіп, жұмсақ таңдайдың
көтерілуінен құсық тыныс жолдарына түспейді.
22.
Э. Керпель – Фронистың жіктелуі бойынша құсуды 2 топқа бөледі:I Біріншілік – патологияның себептері асқазан-ішек трактысында
болады.
II Екіншілік – себептері асқорту трактысының тысқары жатады.
1.инфекциялық ауруларға байланысты(вирус,бактерия,саңырауқұлақпен
шақырылған аурулар,менингит,энцефалиттер,сепсис)
2.церебральді патология (ОЖЖ жарақаттары,ми шайқалу,мидың қанмен
қамтамасыз етілуі бұзылуы, бассүйек ішілік қысым көтерілуі)
3.заттар алмасуының бұзылыстары(фермент белсенділігі мен қасиетінің
өзгерісі,лактат жетіспеушілік)
23. Құсу классификациясы
1.рефлекторлы;2. центральды;
3.механикалық
4.аралас
24. Орталық құсу
сопақша мида орналасқан құсу орталығын тітіркендіру арқылышақырылады. Ол ми ісіну мен басмиішілік қысымның жоғарылауымен
тығыз байланысты,яғни:менингит, энцефалит,бас-ми жарақаты,
интоксикационды ісіну және т.б
25.
Механикалық құсу-ішек өткізгіштігіне және ішектің белгілібір аймағының өткізгіштігі бұзылуына байланысты. Бұл
хирургиялық ауру.
Рефлекторлы құсу-перифериялық жүйке жүйесінің
тітіркенуімен тығыз байланысты.(жедел аппендицит,жедел
гастрит)
Аралас-орталық және рефлекторлы құсудың қосылуымен
бірге жүреді.
26. Құсудың ең қауіптісі:
Кофе тұнбасымен(қою-қоңыр түсті,жиі түйіршектермен),асқазандағықышқылмен араласқан жағдайда;
Ашық қызыл қанмен,асқорту жолынан ауыр және көп қан кету;
Өтпен аралас,ол асқазан қақпалық бөлігінің тарылуы және 12 елі ішек
бітелуіне тән;
Көбік араласқан сілекеймен,туа біткен өңеш бітелуіне тән,сонымен қатар
жуғыш құралдармен уланған жағдайда;
Ұйымаған сүтпен,жоғары бөліктердің аумағында ас қорту жолының
бүлінуінде(өңеш);
27. Ішектік бітеліс
Дәреттің бұзылуымен қатар,іштің түйнепауыруы.Мұндай жағдайда балалар жиі аяқтарын ішке
тартады.
Құсу сипаты:
Сарғыш,жасыл түске боялған
Жиі жағымсыз, шіріткіш иісті
Алдында және бірнеше күн бұрын жеген тамақтың
қалдықтары болуы мүмкін.
28. Аппендицит
Алғашты белгілерінің бірі болып рефлекстық сипаттағы құсу болумүмкін,ол аппендикстың зақымдалғандағы ішектің қимылдау
белсенділігінің бұзылғанына жауап,одан әрі-улану синдромының
белгісі.
29. Жүйке жүйесінің зақымдалуы
Энцефалит мен менингитқа жеңілдік әкелмейтін бірнеше рет құсу тән.-кенеттен әлсіреу,тәбет болмауы
Дене температурасы жоғарлауы 40 С
Қатты бас ауыруы
30.
ПилороспазмАсқазанның тамақтан босауының бұлшық ет спазмы әсерінен
қиындауы
. Пилороспазмның негізгі нерв жүйесін симпатикалық бөлігінің
гипертонусы, жалпы иннервацияның бұзылысы, асқазанның
жоғарғы бөлігінде перинаталды гипоксиялық –жарақаттық ОНЖ
зақымдануының салдарынан. Әдетте осы балдарда перинаталды
энцефалопатия белгілері кездеседі, олар салмақты нашар қосады.
Лық еткізіп құсу 1-ші күнінде одан кейін құсу айқын, күнде
қайталанады.
Диагноз – рентген бариямен эвакуациясы баяулайды.
31. Пилоростеноз
Асқазанның ұлтабарға өтетін жерінің бұлшық етінің қалыңдауынәтижесінде тарылуы.
Негізгі белгісі-туғаннан кейін 2-4 аптадан кейін байқалады.құсу
әр тамақтандырғаннан кейін көп мөлшерде фонтан тәрізді
болады.Асқазан тұсын қарағанда перистальтика
байқалады,пальпацияда жуандаған привратникті анаықтауға
болады.
Диагнозды қою үшін асқазан рентгенографиясы(контрастты
затпен),ФГДС,УДЗ
32.
Диагностика:Анамнезі:
Тұқым қуалайтын АІЖ аурулары, перинатальды патологиясы,
неврологиялық анамнез;
Жалпы қан анализі:
тромбоцит,протрамбин,гематокрит,коагулограмма.
БХА:: калий, натрий, хлорид, белок деңгейін анықтау;
Асқазан рентгенографиясы
УЗИ құрсақ іші ағзаларына;
рН-метрия ;
Копрология.
КТ немесе МРТ ОЖЖ патологиясы
Бактериологиялық зерттеу:инфекциялық ауруларда
33.
Ерте жастағы балаларда лоқсу синдромын емдеу тактикасысебебіне байланысты ерекшеленеді.
Пилоростенозы бар балаларға оперативті ем
Пилороспазмы бар балаларға медикаментозды терапия және
емізгеннен кейін 15-30 мин бойы баланы жартылай тік қалыпта
(кенгуру қалпы)ұстау.
Медикаментозды терапия негізін құсуға қарсы әсері бар дәрілер
құрайды: прокаин,атропин, Церукал (табл. 0, 01, амп. 1 мл – 10 мг)
0, 5 мг/кг в 2-3рет тамаққа дейін 30 мин бұрын.
хлорпромазин(аминазин), және седативті(фенобарбитал т.б)
34.
Мотилиум (табл. 0, 01, сусп. 1 мл – 1 мг) –. Применяется вдозе 0, 25 мг/кг или 2, 5 мл/кг 3-4 рет күніне тамаққа дейін
30-60 мин.Ем курс 10 күн.
Координакс (сусп. 1 мл – 1 мг, табл. 0, 005, 0, 01) бастапқы
доза 0, 15-0, 2 мг/кг , 2-3 рет тәулігіне тамаққа дейін 15 мин
бұрын.Ұзақтығы 10-14күн.
Дебридат (табл. 0, 1) 20-25 мг бірреттік доза 3-4 рет. Курс
14 күн.
35. Спазмолитикалық препараттар
Риабал (1 мл – 5 мг) блокирует периферические М-холинорецепторы,оказывая противорвотное действие. Показан при функциональных
спастических состояниях у детей. Доза 1 мг/кг в сутки в 3 приема (в одной
пипетке, заполненной до красной метки содержится 2 мг или 0, 4 мл).
Но-шпа (амп. 1 мл – 20 мг, табл. 0, 04) – детям первого года жизни назначают
по 0, 01мг 2-3 раза в сутки.
Спаскупрель – гомеопатический препарат (табл. 0, 3) оказывает
спазмолитическое, аналгезирующее и седативное действие. Принимать по 1/31/2 табл. 3 раза в день, растворив в воде или сублингвально.
При метеоризме – адсорбенты, ферменты, биопрепараты.
36.
Диеталық ем ретінде арнайы тағамдар-рефлюкске қарсықоспалар қолданылады,оларға қоюлатқыш қоспалар
қосады.
Қорытылмайтын-камеди,кеспелік ағаштың жабысқағынан
алынған.(Нутрилон Антирефлюкс,Фрисовом )
Қорытылатын-күріш немесе жүгері крахмалы.(Сэмпер
Лемо-лак,Энфамил AR)
37.
Қан кету – қан айналу ағзаларынан қанның шығуы. АІЖ – нан массивті қан кету адам ағзасына қауіптігеморрагиялық шокқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Этиология және патогенезі:
- Тамыр қабырғасында патологиялық процесс дамуына байланысты деффект (жедел немесе
созылмалы жарадан аррозивты қан кету )
- Тамыр қабрғасының өткізгіштігінің нашарлауы (авитаминоз, жедел инфекциялық сырқыт,а
нафилаксия,сепсис, интоксикация)
- Бауыр циррозы кезіндегі өңештің кеңейген веналарынан және асқазаннан қан кету
- Өңештің шырышты кабатынан және асқазаннан қан кету (Меллори –Вейсс синдромы)
38.
39.
• АІЖ – нан қан кету себекптері:АІЖ – ның жоғарғы бөлімдерінен :
1. Асқазан немесе онекіелі ішек жарасы.
2. Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету.
3. Шырышты қабаттың эрозивті – жаралы зақымдалуы (стресстік, дәрілік, азотемиялық)
4. Мэллори –Вейсс синдромы
5. Өңеш, асқазан, онекіелі ішек ісіктері
6. Ангиомалар
АІЖ – ның төменгі бөлімінен:
1. Дивертикулит немесе меккель диверертикулиті.
2. Тоқ ішек ісіктері және полиптері.
3. Ангиодисплазия.
4. Спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы.
5. Геморрой.
6. Инфекциялық ауруы.
40.
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің жалпы белгілері:•Жалпы әлсіздік
•Селқостық
•Көз алдыда шіркейлердің көрінуі
•Суық тер
•Коллапс
•Бас айналу
•Құлақта шу
•Көз алдында қарауыту
•Ентігу
•Жүрек қағу
41.
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің жергіліктібелгілері:
• Гематомезис- қою “кофе қойыртпағы” тәрізді құсық
Мелена- сұйық қара нәжіс
Қан кетудің айқын белгілеріне жатады:
Қан құсу
Қан аралас нәжіс.
Қан құсу (гематомезис) – құсық массаларымен өзгерген (қою көфе тәрізді) немесе өзгермеген
қанның шығуы. Асқазаннан, өңештен, ұлтбардан қан кеткенде байқалады.
Мелена – нәжіспен өзгерген қанның шығуы. Ұлтабардан және асқазаннан көлемі 500мл және
одан көп профузды қан кеткенде байқалады.
Гематохезия – нәжіспен ал-қызыл қанның шығуы.
42.
Гастродуоденальды қан кетулердің жіктелуі (Стручков В.И., 1977)І дәреже- жеңіл қан кету.Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қан аралас құсу бір рет
немесе қоймалжың нәжіс. Пульс аздап жиілеген, АҚҚ қалыпты, гемоглобин 100 г/л жоғары,
ЦҚК дефициті 5% шамасында.
ІІ дәреже-анық қан кету. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, бас айналуына, әлсіздік,
қайталанатын құсық немесе қоймалжың нәжіске шағымданады. Тері жабындылары мен
шырышты қабаты бозарған. Пульсі жиілеген. АҚҚ 90 мм.с.б. дейін төмендеген, гемоглобин-80
г/л дейін, ЦҚК-нің дефициті 15% шамасында.
ІІІ дәреже- ауыр қан кету. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Шөлдеу, ұйқышылдық. Талықсу
жағдайы, тері жабындылары мен шырышты қабатының бозаруы, суық тер, көп қайталанатын
құсу байқалады. Пульсі анық жиілеген, АҚҚ 60 мм.с.б., гемоглобин 50 г/л дейін төмендеген.
ЦҚК дефициті 30%. І-ІІ дәрежелі геморрагиялық шок.
ІV дәреже-көп мөлшерде қан кету. Науқас ессіз, жалпы жағдайы ауыр. Пульс анықталмайды.
ЦҚК дефициті 30% жоғары, гемоглобин 50 г/л-ден төмен, І V дәрежелі геморрагиялық шок.
43.
Қан жоғалтудың үш дәрежесін ажыратады (Шалимов А.А. бойынша):І дәреже-жеңіл-ЦҚК 20 пайызын жоғалтумен көрінеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық немесе орташа ауырлықта, терісі бозғылт,
тершеңдік пайда болады; пульсі минутына 90-100 рет; АҚҚ 100-90/60 мм.с.б., мазасыздық жеңіл тежелумен алмасады, есі анық,
тыныс алуы біршама жиілеген, рефлекстер төмендеген, бұлшық еттері босаңсыған, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуымен
лейцоцитоз, олигоурия. Қан кетудің компенсациялануынсыз қан айналымының бұзылыстары байқалмайды.
ІІ дәреже-орташа ауырлықта-ЦҚК 20-30% жоғалтуда байқалады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, науқас тежелген, ақырын, баяу
сөйлейді, терінің айқын бозаруы байқалады, жабыспақ тер, пульс минутына 120-130 рет, әлсіз толумен, АҚҚ 90-80/50 мм.с.б., жиі
беткей тыныс, анық олигоурия. Тамырлар спазмы себебінен АҚҚ қалыпты немесе жоғарылаған болуы мүмкін. Бірақ
компенсаторлы механизмдердің қызмет атқармауы және тамырлар кеңуі себебінен кез келген уақытта төмендеуі мүмкін. Қан
кетудің компенсациялануынсыз науқас тірі қалуы мүмкін, бірақ қан айналымының, метаболизм және бүйрек, бауыр, ішек
қызметтерінің маңызды бұзылыстары қалады.
ІІІ дәреже-ауыр-ЦҚК 30% жоғары жоғалтуда байқалады. Жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр, қозғалу реакциясы тежелген, тері
және шырышты қабаттары бозғылт-цианозды немесе дақты. Науқас сұрақтарға бая жауап береді, жиі есінен танады, пульсі жіп
тәрізді, минутына 130-140 рет, пульсі есептелмейді және пальпацияланбайды, АҚҚ 0-60- тан 50 мм.с.б. дейін, орталық веноздық
қысым төмен, тыныс алу беткей, жиі, денесі және аяқ қолдарын ұстағанда суық, дене температурасы төмен. Олигурия анурияға
ауысады. Қан кетудің толуы гемодинамиканың жылдам қалыптасуына әкелуі мүмкін. (лабильді форма) Егер жылдам жақсару
байқалмаса, бұл өмірге маңызды паренхиматозы ағзалардың зақымдалғанын көрсетеді (торпидті форма). Бұл жағдайда лабильді
формадағыдай ашық артерио-венозды анастомозбен артерио-метартериоло-венулярлы комплекстың дилятациясы болады.
Тамырішілік тром түзілуінің таралуын растайтын геморрагиялық көріністер байқалады; қанның оттегімен қанығуы, артериовенозды айырмашылық азаяды, жалпы жағдайы нашарлайды, интокцикация жоғарылайды.
Қан кетуді уақытында компенацияламағанда, науқастар ағза жасушаларының жойылуы нәтижесінде (бауыр, бүйрек ), анық
метаболикалық бұзылыстар, жүрек қызметінің төмендеуі есебінен өлімге ұшырайды. ЦҚК 50-60% жоғалуы, жүрек бұлшық етінің
қанмен жабдықталуы жетіспеушілігі нәтижесінде жүрек тоқтауы есебінен жедел өлімді шақырады.
44.
Қан кетудің ауырлық дәрежесі (Горбашко А.И., 1982)Қан кету көрсеткіштері
Қан кету дәрежесі
жеңіл
орташа
ауыр
Эритроциттер саны
>3,5-10*12 /л
3,5-10*12 /л-2,5-10*12/л
<2,5-10*12/л
Гемоглобин деңгейі,г/л
>100
83-100
<83
1 мин пульс жиілігі
80 дейін
80-100
100 ден жоғары
Систолалық ҚҚ (мм.с.б.)
>110
110-90
<90
Гематокрит саны %
>30
25-30
<25
Дефицит ГО %
20 дейін
20-дан 30ға дейін
30 және жоғары
45.
Іш қату:Үлкен дәретке барудың аралығы физиологиялық қалыпты жағдаймен салыстырғанда үзарады, әрі нәжістің
қүрамындағы су мөлшері азаяды. Себебі әртүрлі. Тамақтың қүрамына, қозғалыстың аздығына, кейбір дәрілерді
қолдануына, ішек патологиясына, жүйке ауруларына байланысты дамиды. Ішқату депрессияның, сондай-ақ
жүйкелік анорексияның, деменцияның белгісі болуы мүмкін. Нәжіске араласқан заттармен оның сипатының
өзгеруі диагностикада маңызды болады.
Қара түсті нәжіс асқазан ішек жолдарынан қан кетудің белгісі;
нәжіс бетінде қанды жолақтардың болуы артқы тесіктің жарылуының белгісі;
нәжістің үстінде шырыштың байқалуы тоқ ішек зақымдалуының белгісі;
ірің араласуы тоқ ішек ойық жаралық зақымдалуы (дизентерия, туберкулоз, өспе), іріңдеменің белгісі. Ауру
анамнезі:Аурудың қашан қалай басталғандыгын, даму тарихын,
қолданған зертханалық-аспаптық зерттеулер,
дәрі-дәрмектерін,
ауру пайда болуының жыл мезгілдерімен байланысын жіңішкелікпен сүрастыру керек. Науқастың тамақтану
әдетін,
үнемі қолданатын тамақтың сипатын,
аурудың пайда болуының тамақ түрлерімен байланысын,
ішімдік қабылдау жағдайын білу керек.
Ауру тез немесе баяу басталды ма,
бұрын сондай белгілер болды ма сұрау керек.
Аурудың себептерін және пайда болған жағдайын,
суықпен және жұқпалы ауруларымен қатынасып тұрды ма анықтау керек.
46.
Диагностикасы.-Физикалық зерттеу диагноз қоюда сирек көмектеседі, алайда басқа
мүшелердің зақымдалуларын анықтауда мүмкіндік береді.
-Нәжістің сыртқы түрі мен жасырын қан зерттеуін жасаған жөн.
-Зертханалық және аспаптық зерттеу көрсеткіштері.
-Копрологиялық зерттеулер: стеаторея, амилорея, креаторея.
-ЖҚА,ЖЗА,БиоҚА
-Аспирационды энтеробиопсия;
-Ректороманоскопия және колоноскопия...
-Диагноз қоюға сондай – ақ ФГДС, асқазан рН – метриясы, Нр –
инфекциясын анықтау көмектеседі. Қажет болған жағдайда
-Р – зерттеу , асқазан шырышты қабатының биопсиясы, ішкі ағзалар УДЗ,
нәжісті дисбактериозға және ішек құрттарына зерттеу жүргізіледі.
47. Балалардағы диарея
Балалардағы диарея өте ауыр сусыздану - бұл бала организмінің арнайы емесжауап реакциясы, басты орында зат алмасудың бұзылуы, ол организмнің
сусыздануымен және сұйық нәжіс пен құсуымен ,электролиттерді жоғалтумен
(натрий, калий және биокарбонаттар) байланысты. Егер осы жоғалту сайма-сай
болса, онда орнына келмейді және су электролит талшығын тудырады сөйтіп
сусызданудың дәрежесі белгілері мен әйгіленуіне сәйкес, сұйықтықты жоғалтуы
санымен білінеді.
48. Клиникалық классификациясы:
ИВБДВ(БШАИЖ) бойынша диареяның клиникалықклассификациясы(0-ден 5-жасқа дейін):
Ауырлық дәрежесі бойынша (ИВБДВ) :
ауыр сусыздану;
шамалы сусыздану;
сусыздану жоқ.
0 ден 2-айлық балалардағы диарея қзақтығы бойынша (ИВБДВ):
ауыр созылыңқы диарея (диарея 14 күн және одан жоғары).
2-айлықтан 5 жасқа дейінгі балалардағы диареяның ұзақтығы
бойынша (ИВБДВ):
ауыр созылыңқы диарея (диарея 14 күн және одан жоғары,сусыздану);
созылмалы диарея (диарея 14 күн және одан жоғары ,сусыздану
болмайды).
49.
АІЖ зақымдау топикасы бойынша:гастрит;
энтерит;
энтероколит;
колит;
гастроэнтерит;
гастроэнтероколит.
Ауырлық дәрежесі бойынша
жеңіл;
орташа ауыр;
ауыр формасы.
Этиологиясы бойынша:
бактериальды инфекция: шигеллѐз, сальмонеллѐз, эшерихиоз,іш сүзегі, паратиф, иерсиниоз, холера;
вирусты инфекция: ротавирусты гастроэнтерит, аденовирусты, норлоквирусты, энтеровирусты, реовирусты инфекция
және т.б;
Ішек инвазиялары : амебиаз, лямблиоз, аскаридоз және басқа гельминтоздар.
Ауру ағымы бойынша :
жедел (1 айға дейін);
созылыңқы (1- 3 ай);
созылмалы (3-айдан жоғары).
50. Сусыздану түрлері
Ауыр сусыздану- Кез келген 2 оданда көп келесі белгілері: - сананыңтежелуі/жоғалуы - тамақ ішпеуі немесе нашар ішуі - көз шүңіреюі - тері
қатпарының жазылуы (2 секундтан көп)
Шамалы сусыздану-Кез келген 2 немесе одан көп келесі белгілер: мазасы болмау , баланың тітіргенгіштігі - көз шүңіреюі – тамақты
ашқарақтанумен ішуі, шөл - тері қатпарының жазылуы
Сусыздану жоқ
51. Клиникасы
Нәжіс түрі (сұйық, су тәрізді, «күріш ботқасы тәрізді», шамалығана, патологиялық қоспалардың болуы);
қызба;
Құсу мен лоқсу;
Іштегі ауырсыну;
Нәжіс жиілігі (Тәулігіне 3 рет және одан көп );
Диареяның ұзақтығы 14 күн және одан көп (Созылыңқы
диарея);
Өңінің бозаруымен байланысты жылау ұстамасы
Судорогалар;
52. Зерттеу жоспары
Жалпы қан анализіЖалпы зәр анализі
Копрологиялық зерттеу
Бактериологиялық зерттеу
Паразитологиялық зерттеу
Нәжісті құртқа тексеру
53. Физикалық тексеру:
1. Сусызданудың ауыр және шамалы белгілері:- мазасының кетуі немесе жоғарғы тітіргеніштік;
- сананың бузылуы (тежелуі) сананың төменгі деңгейі, көз шүңіреюі;
- тері қатпарларының жазылуы (баяу немесе өте тез - 2 секундтан кем емес);
- шөлдің білінуі, бала ашқарақтанып ішеді, немесе керісінше сылбыр ішеді;
- тамақтан ішуден бас тартады , кез келген ішкен тамақтан, судан құсады.
2. Нәжісінде қанның болуы.
3. Тамақтанудың бұзылу белгілері (салмағы/бойы <70% немесе 3 есе стандартты ауытқуы, аяқбасы іседі.
4. Құрсақ қуысы қолмен білінетін тығыздық.
5. Ішінің кебіуі.
6. Күнделікті дене массасын бақылау және диареяны есепке алу (ол сусыздануда төмендейді )
(1-А, 5-С).
54.
Лабораториялық зерттеу:1. Қанның жалпы анализі.
2. Зәрдің жалпы анализі.
3. Биохимиялық қан анализі, жалпы белокқа, азот қалдығына,
креатинин, электролитті (натрий, калий, хлор)анықтау.
4. Нәжісін 3-еселеніп сеуіп патогендік флора үшін
бактериялық зерттеуге жіберу .
5. 2 жастан төменгі балалардан УПФ үшін нәжістің
бактерологиялық себіндісін алынуы.
6.Құсықтағы,асқазан
шайындысындағ,қандаңы,несептегі,нәжістегі
патогенді/шартты патогенді флораны анықтау үшін
бактериологиялық зерттеу.
55.
Инструменталдық зерттеу: - күнделікті өлшеу және диурезді (несеп шығарылуын)анықтау; - артериялық қысымды міндетті түрде өлшеу (ауыр сусыздануды төмен болады)
орталық вена қысымы (теріс көрсеткішке дейін төмендеуі ) .
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализінде толық ашылған тромбоциттер санын анықтау, гематокритті
анықтау.
2. Патогендік флораға нәжісінің 3-есе бактерологиялық себіндісі.
3. УПФ-ға 2 жастан төменгілердің нәжісінің бактерологиялық себіндісі.
4. Зәрдің оптикалық тығыздығын зәрдің жалпы анализі арқылы анықтау.
5. Қан плазмасындағы жалпы белок, азот қалдығын, креатининді анықтау.
6. Қан плазмасындағы натрий деңгейінің натрий, калий, хлорды анықтау және
дегидратация көрсеткіштерін және инфузионды ертінді басталу көрсеткішін анықтау.
7. Күнделікті салмағын өлшеу.
8. Диурезді анықтау.
56. Диареяның дифференциальді диагностикасы
ДиагнозБелгілері
Жедел(сулы) диарея
-Сұйық дәреттің саны тәулігіне 3 және одан да көп
-Қан жоқ
Холера
-Холераның таралуы болған кездегі ауыр сусызданумен жүретін
диарея
-V.cholerae O1 немесе О139 ға дәреттің жағындысы оң болуы
Дизентерия
-Дәретте қанның болуы(бақылау барысында немесе анасының
сөзі бойынша)
Созылыңқы диарея
-Диареяның 14 және одан да көп күн бойы болуы
Қоректенудің ауыр бұзылысымен жүретін диарея
-Қоректенудің ауыр бұзылысының белгілерімен жүретін кез
келген диарея
Жақында қабылдаған антибиотиктермен байланысты диарея
-кең спектірлі антибиотикпен пероральді түрде ем курсы
Ішектің инвагинациясы
-дәретте қанның болуы
-құрсақ қуысында тығыздалу болса(ректальді тексеру арқылы
нақтылау)
-бозаруға әкелетін нәрестенің жылау ұстамасы
57.
Емдеу тактикасы:Патогенез күйіндегі дегидратацияның негізі маңызды, ауыр сусыздану диареямен
жүретін баланы емдеуде, бірінші кезектегі міндет - регидратациялық терапия,
жасушалардан тыс, көлемі және электролиттік бұзылудың орнына келуі.
Ем мақсаты
1. Дегидратацияны жою және патологиялық ысырапты толтыру - сусызданудың жоғалу
критериясы және дене массасының қосылуы.
2. Циркуляциядағы плазманың көлемін толтыру, гиповолемияны жою. Тиімділік
критериясы болып артериялық қысымды су бағанасымен 70 мм-ден жоғары көтеру және
диурездің сағатпен қалып келуі болып табылады.
3. Электролит, гемоглобин деңгейін, белоктарды (жалпы белок 60 г/л ден кем болмауы,
альбумин - 55% кем емес, гемоглобин - 100 г/л кем емес, гематокрит 0,3 кем емес) орнына келтіру.
58.
БЕЛГІЛЕРІЖІКТЕҢІЗ
ЕМІ
КЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕРДІҢ ЕКЕУІ:
ЕСЕҢГІРЕГЕН НЕМЕСЕ ЕСІ ЖОҚ
ШҮҢІРЕЙГЕН КӨЗДЕР
СҰЙЫҚТЫҚ ІШЕ АЛМАЙДЫ
НЕМЕСЕ НАШАР ІШЕДІ
ТЕРІ ҚАТПАРЫ ҚАЛПЫНА ҰЗАҚ
УАҚЫТ КЕЛЕДІ
АУЫР СУСЫЗДАНУ
ЕГЕР БАЛАДА БАСҚА АУЫР АУРУ БОЛМАСА: -схема
бойынша сусызданудың ауыр дәрежесіне арналған
сұйықтық беріңіз(план В)
немесе
ЕГЕР БАЛАДА БАСҚА АУЫР АУРУ БОЛСА:
-ТЕЗ стационарға жіберіңіз, жолда анасы ПРС жиі
жұтымдармен беріп отыру керек. Анасы омырауын беруін
сұраңыз.
ЕГЕР БАЛА 2 ЖАСТА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ
АУДАНЫНДА ХОЛЕРА БОЛСА, холераға қарсы
антибактериалды емді тағайындаңыз.
КЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕРДІҢ ЕКЕУІ:
МАЗАСЫЗ НЕМЕСЕ АУЫР
ТІТІРКЕНГЕН
ШҮҢІРЕЙГЕН КӨЗДЕР
АШКӨЗДІКПЕН ІШЕДІ, ШӨЛДЕГЕН
ТЕРІ ҚАТПАРЫ ҚАЛПЫНА ҰЗАҚ
УАҚЫТ КЕЛЕДІ
ОРТАША СУСЫЗДАНУ
Орташа сусыздануға арналған схема бойынша ПРС,
цинктің оральді препаратын және тағам беріңіз(план Б)
Егер балада басқа ауыр ауру болса:
-ТЕЗ стационарға жіберіңіз, , жолда анасы ПРС жиі
жұтымдармен беріп отыру керек. Анасы омырауын беруін
сұраңыз.
Анасына қандай жағдайда тез арада келуін түсіндіріңіз
Егер жақсару болмаса, 5 күннен кейін келу керек.
59.
Ауырсусыздану немесе орташа
сусыздану деп жіктеуге
белгілердің жеткіліксіздігі
СУСЫЗДАНУ ЖОҚ
Диареяны үйде емдеуге арналған схема бойынша
сұйықтық, оральді цинк препаратын және тағам
беріңіз(план А)
Анасына қандай жағдайда тез арада келуін
түсіндіріңіз.
Егер жақсару болмаса, 5 күннен кейін келу керек.
Сусыздану бар
АУЫР СОЗЫЛЫҢҚЫ ДИАРЕЯ
Егер басқа ауыр ауру болмаса, сусыздануды стационарға
жіберместен бұрын емдеңіз
Стационарға жибіріңіз
Сусыздану жоқ
СОЗЫЛЫҢҚЫ ДИАРЕЯ
Анасына созылыңқы диареясы бар баланы қалай
коректендіру керектігін түсіндіріңіз
Поливитаминдер мен минералдарды(цинкті қоса) 14
күнге тағайындаңыз
Келесі келу 5 күннен кейін
Дәретінде қан болу
ДИЗЕНТЕРИЯ
3 күн бойы ципрофлоксацин беріңіз. Сусыздануды
емдеңіз, цинк беріңіз.
Келесі келу 2 күннен кейін
60.
61.
ШҮҢІРЕЙГЕН КӨЗДЕРІШТІҢ ТЕРІ ҚАТПАРЫНЫҢ
ҚАЛПЫНА КЕЛУІН ТЕКСЕРУ
62. План А: Диареяны үйде емдеңіз
Анасын үйде емдеудің 4 қағидасын түсіндіріңіз:1.Қосымша сұйықтың беріңіз(бала сұрағанына байланысты)
АНАСЫНА АЙТЫҢЫЗ:
-баланы жиі және ұзақырақ емізіңіз
-егер бала тек омырау емсе, қосымша ПРС немесе таза су қосымша беріңіз
-егер бала тек омырау ембесе, бір немесе бірнеше келесі сұйықтықтар беріңіз: ПРС ерітіндісін, негізі тағамдық өнімдер
болып келетін сұйықтықтар(сорпа, күріш қайнатпасы, қышқыл сүт өнімдері: кефир, айран, биолакт), және таза су.
Анасына ПРС қалай дайындап балаға беруді үйретіп, үй жағдайында қолдануға екі пакетін беру.
Анасына қалыпты сұйықтық мөлшеріне қосымша сұйықтықты беру мөлшерін көрсету.
2 жасқа дейін 50 – 100 мл әр сұйық дәреттен кейін беру
2 жастан кейін 100 – 200 мл әр сұйық дәреттен кейін беру
АНАСЫНА АЙТУ ҚАЖЕТ:
-Сұйықтықты ыдыстан жиі және кіші жұтымдармен беру
-Егер балада құсу пайда болса, 10 минут күтіп, әрі баяурақ жалғастыру.
Қосымша сұйықтықты диарея толық жойылғанға дейін беру
63. 2.ОРАЛЬДІ ЦИНК ПРЕПАРАТЫ
АНАСЫНА ЦИНКТІ ҚАЛАЙ БЕРУДІ ТҮСІНДІРІҢІЗМӨЛШЕРІ:
6 айға дейінгі балаларда
½ таблетка(10мг) күніне
6 ай және одан үлкен
1 таблетка(20мг) күніне
Қалай беру керек:
Нәрестелерге – таблетканы аз мөлшерде таза суда, сүзілген сүт немесе ОРС қа
қосып беріңіз
Үлкен балаларға – таблетканы шайнап жұтуға немесе ерітіп беруге болады
Анасына курсты толық қабылдауын сұраңыз (10-14 күн)
64.
Анасына төменде көрсетілгенбелгілер байқалған жағдайда, баланыжедел түрде ауруханаға қайта алып келуіне кеңес беру:
-іше алмайды немесе еме алмайды;
-баланың жағдайы нашарлағанда;
-қызба пайда болғанда;
-баланың нәжісінді қан болса немесе су ішпесе.
65. БАБЖ бойынша жүргізілуі тиіс ем
Орташа ауырлықтағы диарея кезінде алғашқы 4 сағат ішіндеОральды тұз ерітінділерін медициналық мекемеде беру
керек,анасын ерітіндіні беруге үйрету керек және баланың
жағдайын бақылау.
Салмағына сай беру керек және егер бала қосымша өзі ішкісі
келсе беру керек.
Анасы 2 жасқа дейінгі балаға әр 1-2 мин сайын қасықпен беру
керек 2 жастан асқан балаға қысқа үзілістермен кесемен ішкізу
керек.Егер балада құсу болса 10 мин үзіліс жасау керек.Егер
баланың қабағы ісігенін байқасаңыз тұз ерітінділерін алып тастап
қайнатылған су немесе емшек сүтін беру керек.
66. В жоспары: Ауыр сусыздануды тезірек емдеу. Стрелка бойынша егер “иә”-болса оңға қараңыз, “жоқ ”-болса төменге қараңыз.
Көктамырға сұйықтықтыжедел енгізе аласыз ба?
жоқ
иә
Көктамырға сұйықтықты жедел енгізуді бастаңыз.Егер бала іше алатын
болса,онда АРТ-ны Көктамырға сұйықтықты енгізіп жатқанда ауыз арқылы беру.
Физиологиялық ерітіндіні мына мөлшерде 100мл/кг енгізу керек :
Жасы
Алдымен мына уақыт
арасында 30мл/кг
беріңіз:
Содан кейін мына
уақыт арасында
70мл/кг беріңіз:
1жасқа дейінгі емізулі
балалар
(12айға дейінгі)
1 сағат*
5 сағат*
1жастан асқан
балаларға
(12айдан 5 жасқа дейінгі
балалар)
30мин*
2 1/2 сағат*
67.
*Егер кәрі жілік пульсін тексергенде пульс әлсіз немесе анықталмаса,қайталау керек.
*Қайтадан 1-2 сағ сайын баланың жағдайын бағалау. Егер гидратация
жағдайы жақсармаса , Көктамырға сұйықтықты өте жылдам енгізу керек.
*Бала іше алатын жағдайға келсе, АРТ-ны (5мл/кг/сағ):әдетте 3-4сағат
кейін(1жасқа дейін) немесе 1-2сағат кейін(1жастан асқан балаларға).
*Емізулі баланың жағдайын 6 сағаттан кейін қайтадан тексеру, ал
1жастан асқан баланы 3 сағаттан кейін тескеру. Сусызданудың дәрежесін
анықтағаннан кейін, емге сәйкес(А,Б немесе В) жоспарын анықтап емін
ары қарай жалғастыру.
68.
жоқКөктамырға сұйықтық
(30мин ішінде)енгізе
аласыз ба?
*Тамырішілік емге ЖЕДЕЛ түрде стационарға жеткізу.
*Егер бала сұйықтық іше алатын болса ,онда анасына АРТ-ны калай
жолда кетіп бара жатқанда жиі ішкізетінін айтып түсіндіру.
иә
жоқ
*Регидратацияны АРТ-сұйықтығымен зонд арқылы бастаңыз(немесе ауыз
Регидратация
мақсатында
назогастралды зондты
қалай қолдану керектігін
білесіз ме?
жоқ
Балаңыз сұйықтық іше
алады ма ?
жоқ
Стационарға Жедел түрде
Тамырішілік емге немесе НГ
құюлар үшін жеткізу.
иә
арқылы): мына мөлшерде 20мл/кг/сағ 6 сағаттың ішінде(барлығы 120
мл/кг)
• 1-2 сағат сайын баланың жағдайын қайталап бағалаңыз.
---Егер балада қайталамалы құсу немесе ішінің кебуі күшейсе, сұйықтықты
барынша жәй беру керек.
---Егер 3 сағаттан кейін гидратациядан кейін жағдайы жақсармаса,баланы
Тамырішілік емдеуге жіберу керек.
*Баланың жағдайы әр 6 сағат сайын қайталап бағалаңыз. Сусыздану
дәрежесін анықтаңыз. Содан кейін емдеуді жалғастыру үшін сәйкес
жоспарды(А,Б немесе В)таңдаңыз.
Ескертулер!
* Мүмкін болса,регидратация аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 сағат бойы
баланы бақылаңыз.Бұл анасы гидратацияны АРТ-ны ауыз арқылы енгізе
алуына көз жеткізу үшін қажет.
69. Антибактериалды терапия
Орташа аурылық дәрежедеантибиотиктерді –per os
Ауыр ауырлық дәрежеде - per os / немесе
т/і
70.
ТобыДәрі аты
Кабылдау жолы
Тәуліктік дозасы
жиілігі
Нитрофурандар
фуразолидон
Per os
8-10мг/кг 3-4 рет
Цефалоспорины
Цификсим
Per os
8мг/кг 2 рет
Цефтриаксон
В/м В/В
50-75мг/кг 1-2 рет
Цефотаксим
В/м В/В
50-100мг/кг 3-4рет
Цефепим
В/В
50мг/кг 2-3рет
Аминогликозиды
Гентамицин
Амикацин
3-7 мг/кг 2рет
Макролидтер
Азитромицин
Per os
1 тәу.-10мг/7кг
2-5 тәу/5мг/кг 1рет
Сульфаниламидтер
Ко-тримаксозол
Per os
6-8мг/кг 2рет
Фторхинолоны
Норфлоксацин
Per os
10-20мг/кг 2 рет
Хинолондар
Налидиксовая кислота
Per os
60мг/кг 3-4 рет
71.
Дәрі-дәрмексіз ем (1-А)1. Тамақтандыру.
Әр 4 сағат сайын, тамақтандыру санын ұлғайту, ауруды шыдамдылықпен сөткесіне 6-8 рет
әртүрлі көлемде ұсына отырып тамақтандыру (әртүрлі 3-4 сағатта). Бөлшектеп
тамақтандырудың негізгі мақсаты жасына қарай калориялық нутриентке, микроэлементке,
витаминге қажеттігін қамту және дене салмағының тұрақты қосылуына жетістікпен жету.
Диарея 2 апта ішінде тоқтағаннан кейін баланың жас ерекшелігіне қарай күніне бір рет
қосымша тамақтандыру.
2. Ішу режимі: қосымша сұйықтықты ендіру, су -баланың қалпына келуіне мүмкіндік
туғызады және организмге калий енуін қамтамасыз етеді.. Сонымен қатар сұйық тамақ (сорпа,
күріш қайнатпасын ), таза су, МОРС, қантсыз өрік қайнатпасын қайнатпа ретінде ұсынуға
болады. Егер бала емшекпен қоректенсе, анасы жиі емізу керек және осылай тамақтандыруды
әр уақыт жалғастырады.
72.
Гепатолеональді синдромМикробтық агрессияға қарсы негізделген көкбауыр мен
бауырдың аралас ұлғаюы
Алғашқы сатысында бауыр 1-2 см қабырға доғасының астында анықталады, көкбауыр
қабырға астында пальпацияланады.
Гепатолеональді синдром кездесетін ауруларды 5топқа бөлуге болады:
1)Жедел және созылмалы бауыр аурулары,қан жүйесінің аурулары(тромбоз тромбофлебит)
2) гемохроматоз, гепато-церебральная дистрофия, болезнь Гоше
73. 3) Инфекционды мононуклеоз, малярию, висцеральді лейшманиоз, альвеококкоз, сепсистік эндокардит, сифилис, бруцеллез,
3) Инфекционды мононуклеоз, малярию, висцеральді лейшманиоз,альвеококкоз, сепсистік эндокардит, сифилис, бруцеллез, абдоминальді
туберкулез
4) (гемолитикалық анемия, лейкоз, парапротеинемиялық
гемобластоз, лимфогранулематоз және т.б).
5) Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары (туа біткен жүрек
ақаулары,перикардит,жүректің созылмалы ишемиялық ауруы).
74.
75.
Балалардағы ас қорытузерттеудің қосымша әдістері:
1)Рентгенологиялық зерттеу
2)Радиологиялық зерттеу
3)Ультрадыбыстық зерттеу
4)Эндоскопиялық зерттеу
жүйесінің
76. Эндоскопиялық әдістер
Асқорыту мүшелерінің әртүрлі бөліктерінің төменгі және жоғарғы ішқуысының ауруларын,тереңдік және таралу деңгейін анықтауда ең ақпаратты
әдіс болып келеді.
Асқазан жолдарынан қан кеткенде;
Өңеш,асқазан және 12елі ішек аурулары;
Жара аурулары ,ісіктер, эзофагиттер ,гастриттер дуодениттер т.б кезінде
қолданылады.
77.
Қолданылған әдебиеттер1. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Балалар аурулары. Алматы, Білім, 2005.
2. Имамбаева Т.М. Балалар пропедевтикасы. Алматы, 2006.
3. Шәжімова Г.Э., Шабдарова С.К. Дадамбаев Е.Т. Имамбаев Т.М. Балалар аурулары
пропедевтикасы. Алматы; 2007.
4. Аскамбаева Г.К. Мустафина К.А. Балалар аурулары пропедевтикасы. Шымкент.
2006.
5. Руководство участкового педиатра Под ред.Т. Г. Авдеевой
6. http://fullref.ru/job_4d63b63c4d0a3542187023e40f6f8f0a.html
7. www.medcom.spb.ru/publ/info/869 (статистика)
8. http://www.medchitalka.ru/detskaya_nevrologiya/osobennosti_nevrologicheskogo_obsl
edovaniya_detey_rannego_vozrasta/694.html
78. Қорытынды
Қорытындылай келе, ас қорыту жүйесі адамның жасына, жынысына,тамақтануына байланысты өзгеріп отырады. Жас баларда асқорыту
жүйесі жақсы жетілмеген, бірақ ол тез дамып, тез өсіп қалыптасады.
Адамның ішкі органдары бала туылғаннан жыныстық пісіп жетілуге
дейін 12 есеге, жалпы дене бітімі 20 есе, ал асқазан 24 есе ұлғаяды. Ал
адам жасы 20 – 25 ке келгенде 40 есе ұлғаяды.Гастроэнтерологиялық
синдромға бірнеше симптомдар жатады. Бұл симптомдар балалар
дәрігерінің тәжірибесінде көп кездеседі. Сондықтан бұл симптомдар
туралы білу дәрігердің міндеті.