«Астана Медицина Университеті»АҚ
Жоспар! *Ішек түйілуі *Жедел ішек түйілуінің жіктелісі *Этиологиясы *Бейімдеуші факторлар *Жедел ішек түйілуінің патогенез
Ішек түйілуі деп ішек іркілісінің симптомокомплексімен сипатталатын полиэтиологиялы патологиялық процесті түсінеді. Ол бірқатар
Жалпы хирургиялық науқастардың арасында ішек түйілуіне шалдыққан науқастардың үлес салмағы 3,5 %-ға дейін, ал құрсақ қуысының
Жедел ішек түйілуінің жіктелісі. Ішек түйілуінің әртүрлі жіктеулері көп және олардың негізіне әртүрлі факторлар салынған.
Даму механизміне байланысты: I. Механикалық. 1. Обтурациялық: - ағзаішілік (бөгде денелер, конкременттер, ішек құрттары және
Механикалық ішек түйілуінің динамикалық ішек түйілуінен басты айырмашылығы - механикалық ішек түйілуінде ішек пассажына
Странгуляциялықішек түйілуінің механикалық ішек түйілуінен принциптік айырмашылығы - патологиялық процеске ұшыраған ішек
Этиологиясы. Ішек түйілуінің этиологиясын бейімдеуші және жүзеге асырушы факторларға бөледі. Бейімдеуші факторларға құрсақ
Іске асырушы себептерге жататындар:ішектің шамадан артық қозғалыстық белсенділігі, спастикалық жағдайлар, тамақты, әсіресе
Жедел ішек түйілуінің патогенезі. Патогенезінің бүгінде орын алып отырған көптеген теориялары (су-электролиттік және нәруыздық
Обтурацияда да, странгуляцияда да ішектегі механикалық кедергіден жоғары жерлерде ішекішілік қысым жоғары аймақтар пайда
Капиллярларда, артериолаларда және венулаларда қан айналысының жылдамдығы күрт азаяды, тіпті тоқтайды, қанның формалық
Қантамыр қабырғасы өткізгіштігінің ұлғаюы қан және лимфа тамырларындағы қысымының көтерілуі сұйықтықтың, электролиттердің және
Жедел ішек түйілуінің клиникалық көрінісі және диагностикасы. Жедел ішек түйілу түрлерінің әралуандығына қарамастан, оның
Организмнің рефлекторлық қорғаныс реакциясының бірі құсу болып табылады. Құсу бір немесе көп мәрте болуы мүмкін және әр
*Науқасты тексерудідұрыс қалыптан, көлденең жағдайға жатқызудан бастау қажет. Науқас мазасызданып, мәжбүрлі жағдайға көшуге
Механикалық ішек түйіліуіне ішектің перистальтикалық қызметіндегі өзгерістерге белгілі бір динамика тән. Дерт басталып келе
Жедел ішек түйілуінің ағымын шартты түрде үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең немесе бастапқы сатысы дерттің түріне және сипатына
Үшінші кезең – дерттің кеш мерзімдерінде пайда болады. Бұл кезең жайылмалы перитонит кезеңі деп те аталды. Науқастардың жағдайы
Ішек түйілуінің диагностикасындағы ақпараттылығы жоғары әдіс рентгенологиялық әдіс болып табылады.Жедел ішек түйілуінің дамуына
Механикалық және функционалдық ішек түйілуінің рентгенологиялық белгілерінің дифференциалдық-диагностикалық
Емдеу. Жедел ішек түйілуімен сырқаттанатын науқастардың барлығына, сонымен қатар, осы дертке күдікті науқастарға ауырсыну
Консервативтік емді максималдық көлемде науқасты тексерумен қатар жүргізеді. Жедел ішек түйілуінің ағымы асқынған науқастарға
Жекелеген жағдайларда ішек түйілуінің тарауына эндоскопияллық зерттеу кезінде жүргізілетін емдік тәсілдердің ықпалы болуы
806.27K
Категория: МедицинаМедицина

Жедел ішек түйілуі

1. «Астана Медицина Университеті»АҚ

Тақырыбы:Жедел ішек түйілуі
Орындаған:Алтыбаева М.Ө

2. Жоспар! *Ішек түйілуі *Жедел ішек түйілуінің жіктелісі *Этиологиясы *Бейімдеуші факторлар *Жедел ішек түйілуінің патогенез

*Жедел ішек түйілуінің клиникалық
көрінісі және диагностикасы
*Емдеу

3. Ішек түйілуі деп ішек іркілісінің симптомокомплексімен сипатталатын полиэтиологиялы патологиялық процесті түсінеді. Ол бірқатар

дерттер мен патологиялық жағдайлардың
ағымын асқындыратын, жетекші патологиялық звеносы
ішек мылжасының (химусының) ішек бойымен
жылжуының (пассажының) механикалық кедергілер
мен ішектің қозғалыс қызметінің бұзылуы салдарынан
толық немесе ішінара тоқтайтын синдром болып
табылады. Бұл синдром дамыған кезде этиологиялық
фактор болып табылатын негізгі дерт екінші кезекке
көшеді де, шұғыл жүргізілуге тиіс диагностикалық
және емдік шараларды жедел ішектің түйілуінің
патогенетикалық механизмдері анықтайды.

4. Жалпы хирургиялық науқастардың арасында ішек түйілуіне шалдыққан науқастардың үлес салмағы 3,5 %-ға дейін, ал құрсақ қуысының

жедел хирургиялық дерттерінің құрылымында
10 %-ға дейін болып отыр. Жедел ішек
түйілуіне шалдыққандардың 88%-ында
механикалық, 12 %-ында динамкалық ішек
түйілуі анықталады.

5. Жедел ішек түйілуінің жіктелісі. Ішек түйілуінің әртүрлі жіктеулері көп және олардың негізіне әртүрлі факторлар салынған.

Күнделікті тәжірибеде ең ыңғайлы және ұтымды жіктеу
төмендегідей:
Шығу тегіне байланысты:
1. Іштен туа пайда болған;
2. Жүре келе пайда болған.
Ағымы бойынша:
1. Жедел;
2. Созылмалы.

6. Даму механизміне байланысты: I. Механикалық. 1. Обтурациялық: - ағзаішілік (бөгде денелер, конкременттер, ішек құрттары және

т.б.);
- интрамуралдық (эндофитті өсетін ісіктер, Крон ауруы, ішек
туберкулезі және басқалары);
- ағзасыртылық (жылауықтар мен іргелес ағзалар ісіктері, бөгде
денелер, қабынбалы инфильтраттар, тампондар мен кәріздер
(дренаждар));
2. Странгуляциялық (ішектің қысылуы, бұратылуы, түйінделу);
3. Аралас (жабыспалық, инвагинация).
II. Динамикалық:
1. Спастикалық;
2. Паралитикалық.
Механикалық кедергінің орналасқан жеріне байланысты:
1. Аш ішектік: жоғарғы, төмен;
2. Тоқ ішектік.

7.

8. Механикалық ішек түйілуінің динамикалық ішек түйілуінен басты айырмашылығы - механикалық ішек түйілуінде ішек пассажына

механикалық кедергі пайда болады, себебі ішек қуысы
сыртынан немесе ішінен бітеліп қалады, ал динамикалық ішек
түйілуінде ішек қуысы бос.
Обтурациялықішек түйілуі кезінде ішек бойында оның ішіндегі
нәжісінің жылжуына механикалық кедергінің пайда болу
нәтижесінде дамиды және оның шажырқайы мен қабырғасындағы
қан айналысы бастапқы кезде бұзылмайды.

9. Странгуляциялықішек түйілуінің механикалық ішек түйілуінен принциптік айырмашылығы - патологиялық процеске ұшыраған ішек

тұзағының, оның шажырқай
қантамырларының қысылуы салдарынан, қанмен
жабдықталуының біріншілік бұзылыстарының
дамуында. Дегенмен, уақыт өте келе обтурацияда да
кедергіден жоғары жерлердегі ішек қабырғасындағы
қантамырларының ішекішілік гипертензия салдарынан
қысылуы нәтижесінде қан айналысы бұзылады және
толық бөгеледі.
Ішек түйілуініңаралас типінде ішек обтурациясының
элементтері де, оның қан айналысының бұзылуы да
орын алады. Бұл кезде ишемия странгуляциялық ішек
түйілуіне қарағанда біртіндеп дамиды және
механикалық ішек түйілуімен салыстырғанда
магистралдық типті болады, себебі шажырқайдағы қан
айналысының бұзылыстары нәтижесінде дамиды.

10. Этиологиясы. Ішек түйілуінің этиологиясын бейімдеуші және жүзеге асырушы факторларға бөледі. Бейімдеуші факторларға құрсақ

қуысындағы
анатомо-морфологиялық өзгерістерді жатқызады:
- құрсақ қуысындағы жабыспалар мен бітісулер, ішек
қуысындағы әртүрлі тығыз (безоарлар, нәжіс және өт
тастары, ішек құрттары, ісіктер және т.б.) түзілістер;
- ішектің іштен туа пайда болған ауытқуышылықтары
(аномалиялары) (бекіген Меккель бүйірқалтасы,
ішектің бұрылуының ауытқулары, ішектің немес оның
шажырқайының шамадан артық ұзындығы,
қабырғалық ішпердедегі қалталар және басқалары);
- ішек түтігінің әртүрлі бөліктерінің шамадан тыс
жылжымалылығы.

11. Іске асырушы себептерге жататындар:ішектің шамадан артық қозғалыстық белсенділігі, спастикалық жағдайлар, тамақты, әсіресе

шелдерге бай қиын
қорытылатын тағамдарды, көп мөлшерде жеу, құрсақ
қуысындағы қысымның күрт көтерілуі. Осы
аталғандар, бейімдеуші факторлардың әсерін іске
асырып, жедел ішек түйілуі синдромының дамуына
әкелуі мүмкін.
Жедел ішектің түйілуінің даму себептерінің арасында
негізгі орынды қабынбалы процестерден және
операциялардан кейін дамитын құрсақ қуысындағы
жабыспалы процесс алады. Операциялардан кейін
жабыспалы процестер жиі дамитыны белгілі.
Соңғыларының арасында, ең жиі жасалатын операция
аппендэктомия болғандықтан, оның алатын орны
басым, екінші орында – гинекологиялық оперативтік
араласулар.

12.

13. Жедел ішек түйілуінің патогенезі. Патогенезінің бүгінде орын алып отырған көптеген теориялары (су-электролиттік және нәруыздық

Жедел ішек түйілуінің патогенезі. Патогенезінің
бүгінде орын алып отырған көптеген теориялары (суэлектролиттік және нәруыздық үйлесімділіктің
бұзылыстарының теориясы, инфекциялық,
интоксикациялық, жүйкелік-рефлекторлық және
басқалары) бір жағынан, жедел ішек түйілуінің даму
механимздерінің күрделі де, көпқырлы екенінің, екінші
жағынан бұл патологияның әлі де болса толық
зерттелмегенінің куәсі болып табылады.
Шажырқайлық қан айналысын макродеңгейде
трансиллюминациялық ангиотензометрия және
микроциркуляцияны жанаспалы (контактті) операция
үстіндегі микроскопия көмегімен зерттеу, жедел ішек
түйілуіндегі басты роль аймақтық (регионарлық)
шажырқайлық гемодинамиканың
бұзылыстарынатиесілі екенін көрсетті.

14. Обтурацияда да, странгуляцияда да ішектегі механикалық кедергіден жоғары жерлерде ішекішілік қысым жоғары аймақтар пайда

болады. Бұл
механикалық күш ішек қабырғасына беріліп, оның
созылуы нәтижесінде қосымша қабырғаішілік қысым
әсер ете бастайды. Ішек қабырғасының ұсақ
қантамырларында қан айналысының жылдамдығы
азаяды, қанның формалық элементтердің іркілісі
(стазы) пайда болады. Осыған ұқсас өзгерістер ішек
парезінде де байқалған. Белгілі бір уақытқа дейін
микрогемодинамиканың мұндай зақымданулары
компенсациялы, қайтымды болып табылады. Бірақ,
патологиялық процесс үдеген жағдайда,
микроциркуляцияның декомпенсациясы дамиды, тек
осы сәттен бастап жедел ішек түйілу синдромының
жасақталуы туралы сөз қозғауға болады.

15. Капиллярларда, артериолаларда және венулаларда қан айналысының жылдамдығы күрт азаяды, тіпті тоқтайды, қанның формалық

элементтерінен тұратын агрегаттар түзіледі, қызметсіз ұсақ
қантамырларының саны үдемелі түрде көбейеді. Олардың қабырғасының
өткізгіштігі артады, көктамырлар мен лимфа тамырларында
гидростатикалық қысым көтеріледі. Осы құбылыстардың нәтижесінде
қанның сұйық бөлігі мен формалық элементтері қантамырынан тыс
жерлерге шыға бастайды. Ішек ісінеді, диапедездік қан құйылулар, ішек
қабырғасының қанталауы дамиды. Әрі қарай құрсақ қуысына транссудат
жинақтала бастайды. Ол бастапқыда қан мен лимфаның сұйық бөлігінің
өтуі салдарынан сарғыш түсті болады, кейін қан түстес (геморрагиялық)
сипат алады. Микрогемодинамиканың зақымданулары макродеңгейге
беріледі, осының салдарынан артериялар мен көктамырларда қысым
төмендейді, біртіндеп критикалық – систолалық қысым 40 мм. сын. бағ.нан төмен деңгейге жетеді. Ішек қабырғасындағы гемодинамикалық
бұзылыстар тотығу-тотықсыздану процестерін бұзады, гипоксия дами
бастайды. Странгуляциялық тұзақтар өлеттенеді. Ішектің қысылудан,
обтурациядан жоғары (супрастеноздық) жерлерінде және парезді ішекте
жиі қан кетумен асқынатын жедел жаралар пайда болады. Кейін бұл
жерлерде жергілікті (локалдық) өлеттенулер (некроздар) пайда болып,
қуыс ағзалардың қабырғасы тесілуі мүмкін.

16. Қантамыр қабырғасы өткізгіштігінің ұлғаюы қан және лимфа тамырларындағы қысымының көтерілуі сұйықтықтың, электролиттердің және

нәруыздардың ішек қуысына да, ішперде
қуысына да өтіп жоғалуына әкеп соғады. Аталған құрамдардың
тапшылығы дамиды.
Гипоксия жағдайында ішек қабырғасы өзінің кедергілік қызметін
де жоғалтады. Микроорганизмдер ішек қуысынан құрсақ қуысына
өтіп, транссудатты жұқпалап, жедел ішек түйілуінің ең ауыр
асқынуларының бірі - перитониттіңдамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, ішектің өзінің қуысында микрофлораның
қарқынды көбеюіне, дисбактериоздың, шартты-патогенді
флораның патогендік қасиеттерінің дамуына қолайлы жағдай
туындайды. Осындай жағдайларда микрофлораның өзі мен оның
тіршілік әрекетінің өнімдері қанға түсіп, эндогендік интоксикация
синдромының дамуында басты рольге ие болып, сепсистің
дамуына себеп болады.

17. Жедел ішек түйілуінің клиникалық көрінісі және диагностикасы. Жедел ішек түйілу түрлерінің әралуандығына қарамастан, оның

клиникалық көрінісінде көптеген ортақ жалпы
белгілерді табуға болады. Жедел ішек түйілуінің классикалық
және ең тұрақты симптомдарының бірі – толғақ тәрізді ауырсыну
сезімі. Дерттің обтурациялық формаларында оның қарқыны мен
жиілігі біртіндеп артады. Странгуляцияға (бұратылу, түйінделу)
көп мөлшердегі шажырқай рецепторларының тітіркенуі
салдарынан дерттің бастапқы кезеңдерінде тұрақты, қарқыны аса
күшті, бірақ, біртіндеп бәсеңдейтін және толғақ тәрізді
ауырсынумен алмасатын ауырсыну сезімі тән. Ұстама тәрізді
сипаттағы ауырсынуды қорғаныстық реакция ретінде қарастыру
керек, себебі организм кедергіден күшейтілген перистальтика
арқылы өтуге тырысады. Ішектің жүйкелік-бұлшықеттік аппараты
әлсіреген сайын ұстамалы ауырсыну сезімінің қарқыны бәсеңдей
береді, орналасқан жерін анықтау мүмкін болмай қалады – ішек
парезі орын алады. Құрсақ қуысындағы ауырсыну жедел ішек
түйілуімен сырқаттанғандардың 100 %-ында байқалады. Осы
жағдайға байланысты А.В.Мельников механикалық ішек
түйілуінің ерте сатысын «ауырсыну сатысы» деп атаған.

18. Организмнің рефлекторлық қорғаныс реакциясының бірі құсу болып табылады. Құсу бір немесе көп мәрте болуы мүмкін және әр

науқаста әртүрлі айқындылықта болады. Құсудан кейін науқастың
жағдайы жақсарады, бірақ ауырсыну сезімінің қарқындылығы
ешқандай өзгермейді. Жоғары ішек түйілуінде құсу дерттің ерте
кезеңдерінде, төмен ішек түйілуінде (тоқ ішектік) дерттің кеш
сатыларында пайда болады. Ішек түйілуі перитонитпен асқынған
жағдайда, жиі-жиі құсу жеңілдік әкелмейді.
Жедел ішек түйілуі нәжіспен газдардың шығуының
қиындауымен бірге жүреді. Дерттің бастапқы кезеңдерінде науқас
қайта-қайта ішекті босатуға тырысады. Ішектің кедергіден төмен
орналасқан бөліктері босаған соң, нәжістің көлемі азаяды,
мардымсыз болады. Кейінірек, ішектің үдемелі салдануы (парезі)
салдарынан тік ішекті саусақпен тексеру кезінде оның ампуласы
бос, қысқышы ашық болуы мүмкін (Обухов ауруханасының
симптомы).

19. *Науқасты тексерудідұрыс қалыптан, көлденең жағдайға жатқызудан бастау қажет. Науқас мазасызданып, мәжбүрлі жағдайға көшуге

бейім болып тұрғанда, тексеру оңайға түспейтіні
белгілі. Құрсақты емізіктерден санның орта деңгейіне дейін
жалаңаштау қажет, оның барлық бөліктерін мұқият қарап шығу
үшін жарық жеткілікті болуы тиіс. Ішек түйнілуінің белгілері
анықталған науқастарды қарауды ең алдымен, қысылған
жарықтарды жоққа шығару үшін, жарық қақпалары орналасатын
типті жерлерден бастау қажет. Құрсақты тексеру кезінде жедел
ішек түйілуінің бірқатар бағалы белгілерін анықтауға болады.
Құрсақтың конфигурациясының дұрыс еместігіжәне оның
ассиметриясы жедел ішек түйіліуіне тән белгілер болып табылады.
Ішек түйілуінің ерте белгілерінің бірі шектелген керілген ішек
тұзағының көрінуі – Валь симптомы (1889). Сипаған кезде бұл
ішек тұзағы бекіген, ал перкуссияда оның үстінен жоғары
тимпаниттік дыбыс шығады. Дерттің кейінгі кеш мерзімдерінде
құрсақ тұтастай керілген, перкуссиялаған кезде металдық қоспасы
бар тимпанит – Кивуль симптомы анықталады.

20. Механикалық ішек түйіліуіне ішектің перистальтикалық қызметіндегі өзгерістерге белгілі бір динамика тән. Дерт басталып келе

жатқан шақта тыңдаған кезде (аускультацияда) ішек
шуылдарының үдеуі байқалады, бұл үдеу өзінің шыңына толғақ
тәрізді ауырсыну сезімінің шыңымен қатар жетеді. Біртіндеп ішек
шуылдары қатты естілетін музыкалық сипат алады. Кейін ішек
шуылдарының қарқыны азайып, толық жойылады – ішек парезі
дамиды. Осы сәттен бастап Скляровтың симптомыайқын көріне
бастайды – құрсақ қабырғасын солқылдатқан кезде, немесе мықын
сүйектерінің қанатынан ұстап құрсақты шайқаған кезде шылпыл
шуылы естіледі. Механикалық ішек түйілуінде металдық реңі бар
жоғары тонды дыбыстар ерекше тән деп айтуға болады. Бұл
құбылыс қабырғалары тонусын жоғалтпаған ішек тұзағы
тұйықталған қуыста дыбыстардың резонациясы және
обертондардың пайда болуы нәтижесінде дамиды. Кейде «құлаған
тамшы шуылын» есітуге болады, бұл құбылыс та тұйық қуыстағы
дыбыс резонациясының салдары және Вильмс симптомыдеп
аталады.
Странгуляциялық ішек түйілуінде патологиялық ошақ
аймағында жергілікті оң мәнді Щеткин-Блюмберг симптомы
анықталады, ал обтурациялық және паралитикалық ішек түйілуі
бұл симптом айқын емес, я болмаса теріс мәнді.

21. Жедел ішек түйілуінің ағымын шартты түрде үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең немесе бастапқы сатысы дерттің түріне және сипатына

байланысты 2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Бұл
кезеңдегі, әсіресе странгуляциялық ішек түйілуінде, басты
симптом толғақ тәрізді сипаттағы, шокпен жиі асқынатын
ауырсыну сезімі. Сондықтан, бұл кезеңді шок кезеңі немесе илеус
айқайының кезеңі деп аталады.
Екінші кезең немесе аралық сатысы, гемодинамикалық
ығысулармен сипатталады (тамыр соғуының жиілеуі, артериялық
қан қысымының төмендеуі). Бұл кезеңнің ұзақтығы 12 сағаттан 24
сағатқа дейін. Ауырсыну сезімі тұрақты сипат алады, құрсақ
асимметриялы, кеуіп кетеді. Нәжіс пен газдардың шығуы толық
тоқтайды. Науқасты жиі құсу мазалайды. Ішек перистальтикасы
бәсеңдейді. Құрсақ қуысындағы шуылдар дерттің бастапқы
кезеңдеріндегідей айқын естілмейді. Сусыздану, интоксикация
және эйфория белгілері үдей түседі. Науқастар өздерінің жағдайын
жеткілікті бағалай алмайды. Осы жағдайдан бұл кезеңнің «сатқын
тыныштық» немесе «алдамшы жақсару» кезеңдері деген атаулары
шығады.

22. Үшінші кезең – дерттің кеш мерзімдерінде пайда болады. Бұл кезең жайылмалы перитонит кезеңі деп те аталды. Науқастардың жағдайы

аса қатаң, Гиппократ беті, құрғақ жарылған тіл,
«фекалоидты» құсу сияқты белгілер байқалады. Күрт
гемодинамикалық бұзылыстар пайда болады. Ішек түйілуінің
үшінші сатысындағы науқастарды құтқару екіталай мәселе болып
табылады.
Соңғы кездері динамикалық және механикалық ішек түйілуінің
патогенезінде регионарлық және қабырғаішілік қан айналысының
бұзылыстарының маңызды екенін ескеріп, жедел ішек түйілуінің
ағымын мынадай үш кезеңге бөлу қабылданды:
1. Кедергіден жоғарғы жердегі қабырғаішілік гипертензия кезеңі.
2. Регионарлық және қабырғаішілік лимфогемоциркуляцияның
бұзылу кезеңі.
3. Перитониттің даму кезеңі.

23. Ішек түйілуінің диагностикасындағы ақпараттылығы жоғары әдіс рентгенологиялық әдіс болып табылады.Жедел ішек түйілуінің дамуына

механикалық және функционалдық
факторлардың салдарынанасқорыту жолдарының бойымен
сұйықтық пен газдардың жылжуының кідіруі немесе тоқтауы
себеп болады. Газдар мен сұйықтықтардың ішек қуысында
жинақталуының рентгенологиялық кескіндемесі тостақаншалар
мен аркаларболып табылады. 1919 жылы Клойбер соның атымен
аталатын «Клойбер тостақаншалары» симптомын ұсынды.
Рентгенологиялық кескіндемеде бұл симптом сұйықтықтың
көлденең деңгейімен және үстіндегі газбен (аркалар) бейнеленеді.
Ішек түйілуінің рентгенодиагностикасында бір маңызды ережені
ұстанған дұрыс: құрсақ қуысының тоқ ішек пен асқазаннан тыс
жерлеріндегі табылған газды патология деп санау қажет және
оның шығу тегін анықтау мақсатында тиісті диагностикалық
тәсілдерді қолдану керек. Екінші ереже тоқ ішектегі сұйықтыққа
қатысты: оның ішінде көлденең сұйықтық деңгейі, егер зерттеуге
дейін науқасқа клизма жасалмаған болса, ішек түйілуінің белгісі
болып табылады
.

24. Механикалық және функционалдық ішек түйілуінің рентгенологиялық белгілерінің дифференциалдық-диагностикалық

кестесінкелтіргенжөн
Функционалдық (паралитикалық) ішек түйілуі
Механикалық ішек түйнелісі
1. ішектің кернеуі, кейде айқын көрінеді, аш ішек 1. Ішек кернеуі айқын емес және кедергі
және тоқ ішек тұзақтарына қатысты
орналасқан аймаққа қатысты болады
2. Ішектердегі сұйықтық көп емес, газ
сұйықтықтан басым болады
2. Ішек тұзақтарындағы сұйықтық газдардан
басым болады.
3. Науқасты тік тұрғызып қараған кезде айқын
емес, саны да көп емес тостақаншалар көрінеді
3. Тостақаншалар айқын көрінеді, әдетте саны көп
болады
4. Аркалардағы сұйықтық деңгейлері бір биіктікте
орналасады. Сұйықтықтың бір иіннен екінші
иінге ығысуы байқалмайды. Кейде аркаларда
сұйықтық болмайды. Мұндай жағдайда олардың
ұштары өзіне тән түрде дөңгелектенген
4. Аркалардағы сұйықтық деңгейлері әртүрлі
биіктікте орналасқан. Сұйықтық әлсін-әлсін бір
ішек тұзағынан екінші ішек тұзағына ығысып
тұрады
5. Асқазан созылғандықтан сұйықтық пен газ көп 5. Асқазанда, әдетте сұйықтық пен газ көп
мөлшерде жинақталады
мөлшерде болмайды
6. Науқасты екі жағына ауыстырып жатқызып
латероскопия жасаған кезде газ кернеген ішек
тұзақтары құрсақ қуысының жоғары жағына
қарай баяу ығысады
6. Латероскопияда бекітілмеген керілген ішек
тұзақтары тез жоғарыға ығысады. Жабыспалық
ішек түйілуінде беку симптомы байқалады:
бірнеше тостақаншалар мен аркалар құрсақ
қуысының төмен орналасқан жерлерінде қалып
қояды.
7. Көкет жоғары орналасқан және қимылы
шектелген
7. Көкет әдеттегідей деңгейде және қимылы
шектелмеген. Сигма бұратылған кезде көкеттің
сол жақ күмбезі әдеттегіден жоғары орналасады.

25. Емдеу. Жедел ішек түйілуімен сырқаттанатын науқастардың барлығына, сонымен қатар, осы дертке күдікті науқастарға ауырсыну

сезімімен,
гиперперистальтикамен күресуге, интоксикацияны
жоюға және гомеостаздың бұзылыстарын түзетуге
(айналыстағы қан көлемін толықтыру, су-электролиттік,
нәруыздық үйлесімділіктерді, негіздік-қышқылдық
тепе-теңдіктерді қалыпқа келтіру) бағытталған
консервативтік ем тағайындау қажет. Инфузиялық
терапия көлемі науқастың жағдайының қатаңдығымен
және дерттің ұзақтығымен анықталады.

26. Консервативтік емді максималдық көлемде науқасты тексерумен қатар жүргізеді. Жедел ішек түйілуінің ағымы асқынған науқастарға

консервативтік емді операция алдындағы дайындық
ретінде жүргізеді және 2-3 сағаттан аспауы тиіс. Консервативтік ем
кешеніне асқорыту жолдарының жоғарғы бөліктерін іркілген
құрамдардан асқазанға сүңгі енгізу арқылы пассивті ағын түрінде
немесе төмен теріс қысым көмегімен босату кіреді. Асқазанды
натрия гидрокарбонатының 1-2 %-дық ертіндісімен жуған
пайдалы. Атропиннің сульфатын (тері астына 1 мл 0,1 %-дық
ерітінді) тағайындайды, қажет болғанда қайталайды; тоқ ішекті
босататын сифондық клизмаларды қайта-қайта жасайды, осы
шаралардан соң, кейде ішек түйілуі тарап кетуі мүмкін.
Консервативтік емнің міндетті құрамды бөлігіне А.В.
Вишневский бойынша екі жақты бүйрек маңының новокаиндік
блокадасы да (новокаиннің 80-120 мл 0,25 %-дық ерітіндісі) кіреді.
Новокаиндік блокаданың нәтижесіз болуы ішек түйілуінің
механикалық сипатын көрсетеді.

27. Жекелеген жағдайларда ішек түйілуінің тарауына эндоскопияллық зерттеу кезінде жүргізілетін емдік тәсілдердің ықпалы болуы

мүмкін. Мәселен, тоқ ішектің дисталдық
бөліктерінде орналасқан нәжіс тастарын бөлшектеп алуға болады;
инвагинацияның ерте сатыларында тоқ ішекке ауа үрген кезде
(ақырындап!) инвагинатты жазып жіберуге болады.
Консервативтік емнің нәтижелілігін бағалау критерийлеріне
науқастың жалпы жағдайы (шағымдары, гемодинамика
көрсеткіштері және басқалары), құрсақ тарапынан болатын
өзгерістер (көлемі, перистальтика, ішперденің тітіркену
симптомдары, стимуляциядан кейін нәжістің шығуы), және емдеу
барысындағы рентгенологиялық көріністің динамикасы жатады.
Жүргізілген емнің нәтижесіздігі, оның үстіне науқастың жалпы
жағдайының нашарлауы (үдемелі метеоризм, интоксикация)
оперативтік араласуға көрсетім болып табылады.
English     Русский Правила