Похожие презентации:
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділік дәрежесін талдау
1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділіК ДӘРЕЖЕСІН талдау
КӘСІПОРЫННЫ Ң ТӨЛЕМҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН
ӨТІМДІЛІК ДӘРЕЖЕСІН
ТАЛД АУ
2.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылықтұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және
сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті
нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс
өтімділігін талдаудан басталады.
3.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастыраралдында, жалпы активтердің, баланстың және
кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
1. Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін
өтеу қабілеттілігі ұғынылады.
2. Бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына
айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
4.
Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде балансөтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың
көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік
дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі
міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары
белгілі бір тәртіппен топталады.
5. Өтімділік дәрежесіне байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
ӨТІМДІЛІК ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫКӘСІПОРЫН АКТИВТЕРІ КЕЛЕСІДЕЙ
Т О П ТА Р Ғ А Б Ө Л І Н Е Д І :
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға
кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен
құнды қағаздары жатады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді
дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлыматериалдық қорлар жатады.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ
мерзімді активтер жатқызылады.
6. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
Б А Л А Н С П А С С И В Т Е Р І О Л А РД Ы Қ А Й Т А Р У,Т Ө Л Е У УА Қ Ы Т Ы Н Ы Ң М Е Р З І М І Н Е
Б А Й Л А Н Ы С Т Ы Т О П ТАС Т Ы РЫ Л А Д Ы :
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер.
Уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді
несиелер.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді
несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер.
7.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассивбойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек.
Егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы
кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе
оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс
өтімді емес.
8.
Үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындауқажеттілігін туғызады, сондықтан үш топтың жиындарын
салыстыру маңызды орын алады.
Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады,
сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның
орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі
шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті
айналым қаражатының барын дәлелдейді.