Похожие презентации:
Тісжегі кезіндегі тістердің қатты тіндеріндегі патоморфологиялық өзгерістер. Тісжегіні емдеу әдістерін негіздеу
1.
СТОМАТОЛОГИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА КАФЕДРАСЫТерапиялық стоматология
1 - ДӘРІС, ТАҚЫРЫБЫ:
Тісжегі кезіндегі тістердің қатты
тіндеріндегі патоморфологиялық
өзгерістер. Тісжегіні емдеу әдістерін
негіздеу.
2.
Дәрістің жоспары:1)Тіс кіреукесінің химиялық құрамы,
анатомиялық және гистологиялық құрылысы.
2). Тісжегінің патологиялық гистологиясы:
а) тісжегінің ақдақты кезеңінің патологиялық
гистологиясы;
б) тісжегінің қуысты кезеңінің патологиялық
гистологиясы:
• жоғарғы тісжегі кезеңінде;
• орта тісжегі кезеңінде;
• Терең тісжегі кезеңінде.
3). Тісжегінің әр түрлерін емдеу әдістері (
құрылымы бұзылған кіреукені қайта
минералдандырып емдеу, оперативті – қалпына
келтіріп емдеу ).
3.
Тісжегінің даму механизмін ұғудың алдында тіскіреукесі туралы білімімізді толықтырайық. Тіс
кіреукесі- адам организміндегі ең жоғары
минералданған тін, оның негізін (95%) апатит
кристалдары құрайды, ал 2%-ын кристалсыз
құрылымдар құрайды.
Кіреукеде бейорганикалық зат-97%
Гидроксиапатит-75,04%
Карбонатапатит-12,06%
Хлорапатит-4,397%
Фторапатит-3,0348%
Көмірқышқылды кальций (СаСО3)-2,668%
Көмірқышқылды магний (MgCO3)-2.287%
Еркін су-2-3%
Органикалық зат-1-2%
4.
Кіреукенің сыртқы және ішкі қабаттарында (кіреукедентин шекарасына жақын) кіреуке призмалары жоқ(призмасыз кіреуке). Бұл қабаттарда ұсақ кристалдар
орналасқан.Кристаллдану үрдісі үшін органикалық
матрица қажет және оның құрамына кальций
байланыстырушы белок кіреді. Ол кристаллдардың
құрылуына және өсуіне өте қажет. Апатиттің жалпы
формуласы –Ca₁₀(PO₄)₆X₂, «Х» әр түрлі иондарды (ОН;
СO₃; Ғ) көрсетеді. Апатиттің 75% -ы гидроксиапатиттен,
6% - ы карбонатапатиттен, 4% - ға жуығы фторапатиттен
тұрады. Адам тісінің кіреукесін карбонат - гидроксиапатит
типті құрылымдарға жатқызады. Қышқылда оңай еритін
апатиттер қатарына карбонатапатит жатады және оның
мөлшері кіреукенің терең қабаттарында жоғарылау.
Фторапатит қышқылда баяу ериді және оның кіреукенің
беткей қабаттарында орналасқаны тиімді (тіс тісжегіге көп
шалдыға бермейді).
5.
Барлық апатитттер кристаллдардыңгексогоналдық жүйесіне жатады және С –
ось деп аталатын ұзын, оған
перпендикулярлы орналасқан көлденең а –
оське ие.
Кристаллдардың ішінде кальций иондары
екі топ құрайды: 1-ші тобы гексагондар
сериялары мен колонналар (бағаналар)
құрайды. 2-ші топ гексагондардың ішінде
орналасқан, мұндағы иондар үшбұрыш құра
топтасқан және бір-біріне 60° бұрыш жасай
орналасқан (3-сурет). Егер оларды тік
осьтің бойымен қараған болса, екі
үшбұрыштағы кальций атомдары гексагон
(алтыбұрыш) түрінде көрінеді (1-сурет).
6.
Фосфаттар қос тетраэдраға (төртбұрышқа)орналасқан және әрбір төртбұрыш
фосфордың бір атомынан, оттегінің төрт
атомынан тұрады. Кальций иондарынан
құрылған үшбұрыштың ішінде гидроксил
иондары екі позицияда –ОН немесе НО
түрінде кристаллдардың С-өсі бойында
орналасады. Олар бір-бірімен кездесетін
аралық (ОН топтарының) тағы бір ОН
ионының орналасуына тарлық етеді.
Сондықтан сол бос орынға фтор ионының
орналасып, фторапатитінің құрылуына
толық мүмкіндік бар. Фторапатит құрылған
жағдайда кристаллдар тұрақтанып,
қышқылда ерімейтін қасиетке ие болады.
(Jenkins. 1978)
7.
Әрбір кристалл тығыз байланысқан су қабатыменқоршалған және бұл су қабаты 110°С температурада
да буланбайды. Сулы қабатының болуы –
кристаллдардың электр зарядына ие екенінің куәсі.
Байланысқан су қабатының құрамына әр түрлі
иондар кіреді және кіреукені ұзақ уақыт 600°С-қа
дейін қыздырғанда ғана жойылады. Бұл қабаттың
қалыңдығы 10А жуық және иондық алмасу
мүмкіндігіне ие. Апатит кристаллдары бір-бірімен өте
тығыз орналасқан. Сондықтан кіреуке жартылай
мөлдір шыныға ұқсас келеді және дентин жақсы
көрінеді. Әрбір кристалл бір-бірінен өте ұсақ
кристалдараралық кеңістіктермен бөлінген, онда су
және органикалық заттар орналасқан. Бұл
кеңістіктер диффузиялық жолдың (сіңу жолының)
қиылыспалы торабын құрайды. Кіреукеге микробты
қақтың құрамынан қышқылдың кез-келген мөлшері
әсер еткенде кристаллдар еріп, олардың арасындағы
тар кеңістік кеңейе бастайды.
8.
Кіреуке кристаллдары призма құрайды. Кіреукепризмаларының көлденең кесіндісі құлпының
үңгісіне ұқсас келеді (2-cурет). Кіреуке жарғаққа
тән қасиетке ие. Сондықтан оның терең қабатына ірі
молекулалардан гөрі ұсақ иондар өтеді. Заттар
кіреуке қабаттарына призмалараралық кеңістіктер,
кіреуке шоғырлары, ламеллалары және кіреуке
ұршықтары арқылы өтеді. Апатит құрамындағы
иондардың 1/3 алмасуы мүмкін. Кальций
иондарының орнын натрий, кремний, стронций,
қорғасын, кадмий гидроксил иондары және басқа
катиондар баса алады. Магний, литий, калий апатит
торына шағын мөлшерде ғана кіре алады. Гидроксил
иондары фтор, хлор иондарымен қатар басқа
иондармен де алмаса алады. Кіреукенің беткей
қабаты астыңғы қабаттарына қарағанда жақсы
минералданған, тығыздау, физикалық
қарсыластығы, микроқаттылығы жоғары. Сондықтан
тісжегіге резистенттілігі жоғары болып келеді.
9. Тісжегінің патологиялық гистологиясы.
Кіреукедегі ақ дақты тісжегі.Кіреукедегі ақ дақ (синонимдері: кіреукенің ошақты минералсыздануы,
бастапқы тісжегі, дақты тісжегі)- тісжегінің алғашқы даму сатысы. Бастапқы
тісжегі кіреукенің үстіңгі қабатының (поверхностный слой) бүтіндігінің
сақталуымен астыңғы қабатының (подповерхностный слой)
жарақаттануымен сипатталатын үрдіс.
Кіреукенің ақ дақты кезеңінің патогистологиясы.
Жарақаттануға ұшыраған кіреуке шлифтерін (қалыңдығы 50-60 мкм)
поляризациялық микроскоппен тексергенде үшбұрышты жарақат немесе
кеуектену (кеуектер көлемі 1%-дан артық) ошағы анықталады. Үшбұрыш
табаны кіреуке беті бағытында орналасқан әртүрлі қабаттардан тұрады.
Егер жарақат ошағының аумағы 1мм² аспаса, шлифте мөлдір және қараңғы
белдеулер анықталады. Тісжегі дағының көлемі үлкейген жағдайда ошақта
үш белдеу анықталады: жарақат денесі, қараңғы және мөлдір белдеулер (4сурет). Жарақат ошағының астындағы кіреукеде, дентин-кіреуке
шекарасында өзгерістер анықталмайды. Жарақат ошағының сыртқы
қабатында шамалы ғана өзгерістер анықталады. Қалыпты жағдайда
кіреукеде призмалараралық шағын кеңістіктер аумағы 1% құраса, ақдақты
тісжегі аймағында кеңістіктер көлемі ұлғайып, жарақат ошағының жоғарғы
қабатында 3-5%, ал жарақат денесінде 20%-ға дейін кеңейеді.
10.
Шлифтерге микрорентгенографиялық зерттеулержүргізгенде тісжегі үрдісінің даму сатысында кіреукенің
әр түрлі қабаттарының тығыздығының төмендегені
анықталды. Мұның өзі кіреукедегі минералсыздану
үрдісін көрсетеді. Электрондық микросүңгілеу әдісінің
көмегімен жарақат ошағында кальций, фосфор, фтор
және басқа минералдыр мөлшерінің оның ішінде
кальцйдің 20-30%-ға азайғаны анықталған.
Электронды микроскопиялық зерттеулер дақты тісжегінің
әр түрлі даму сатысында жарақат ошағында апатит
кристаллдарының өзгеріске ұшырағанын анықтаған.
Олар- кристаллдар бағытының, қалыпты пішіндерінің,
көлемдерінің өзгеруі және кіреукеге тән емес
кристаллдардың пайда болуы. Қалыпты жағдайда
кіреукеге тек химиялық заттардың иондары ғана өтетін
болса, дақты тісжегі кезінде ірі молекулалар да өте
бастайды. Бұған дәлел- тісжегі дағы аймағындағы
кіреукенің органикалық бояулар ерітіндісімен (метилен
көгінің 1% ерітіндісі) боялуы.
11. Тісжегінің қуысты кезеңінің патологиялық гистологиясы.
Дақты тісжегі емделмеген жағдайда минералсыздануүрдісінің қарқынды дамуы нәтижесінде кіреукенің
жоғарғы немесе беткей қабаты жұқара келе
механикалық ықпалдар әсерінен шытынап тісжегі
қуысы пайда болады. Осы уақытқа дейін дақты тісжегі
кезеңінде минералсыздану ошағының қоңыр немесе
қара түске боялуының себебі анықталған жоқ. Біраз
авторлардың ұйғаруынша кіреукеге енген
органикалық заттар тотығу-тотықсыздану үрдістерінің
нәтижесінде меланинге ұқсас затқа айналып, ақ дақты
бояйды. Р.Г.Синицынның ұйғаруынша
деминерализациялану ошағында амин қышқылы
тирозин жиналып, біртіндеп меланинге айналады.
12.
Тісжегінің қуысты кезеңінде дайындалған шлифтердісәулелік микроскоппен зерттегенде жоғары тісжегі
(кіреуке тісжегісі) кезінде кіреуке қабатының бүтіндігі
бұзылып, микроорганизмдер мен тағам қалдықтарына
толы ақау анықталады, бірақ дентин-кіреуке шекарасы
бұзылмайды. Минералсыздану үрдісінің әрі қарай
жалғасуы нәтижесінде кіреуке-дентин шекарасы
бұзылып, жоғарғы тісжегі орта тісжегіге ауысады
Баяу дамыған орта тісжегі кезінде сәулелік
микроскоппен зерттегенде төмендегі белдеулер
анықталады:
1) ыдыраған тіндер және жұмсарған дентин белдеуі;
2) мөлдір және қалыпты дентин белдеуі;
3) орынбасушы дентин және ұлпадағы өзгерістер
белдеуі.
13.
Бірінші белдеуде бұзылған және ыдырағанкіреуке мен дентин қалдықтары, көп
мөлшерде микроорганизмдер анықталады.
Тереңірек жұмсарған дентин қабаты
анықталады. Мұнда дентин өзекшелері
кеңейген кейбір жерлерде бір-бірімен
қосылып, микробтарға толы үлкен қуыстар
(каверна) құрайды. Өзектердегі
одонтобласттар өсінділері майлы
дистрофиялануға ұшыраған. Тіс қуысына
жақындаған сайын микробтар саны азаяды.
14.
Екінші белдеу мөлдір дентин және өзгеріскеұшырамаған қалыпты дентин қабаттарынан
тұрады. Мөлдір дентин қабаты жоғары
(шамадан тыс) минералданған, сондықтан
дентин өзекшелері тарылып, кейде бітеліп
қалуы да орын алады. Бұл қабат ұлпа үстінде
орналасқан қалыпты дентин қабатына
ауысады.
Үшінші белдеу орынбасушы немесе
үшіншілік дентин және ұлпадағы өзгерістер
қабаттарынан тұрады. Орынбасушы дентин
қабаты тісжегі қуысының табаны астындағы
сауыт қуысы қабырғасында
одонтобласттардың жиі тітіркеніске ұшырауы
нәтижесінде құрылады және өзіндік
құрылымдық ерекшеліктері бар. Мұнда
дентин өзекшелері қысқа және ретсіз
орналасады, толыққанды минералданбайды,
сондықтан ретсіз дентин (иррегулярный
дентин ), тітіркеніс дентині (дентин
раздражения-reiz dentin) деп те аталады.
15.
2-ДӘРІСАуыру сезімі, тіс аурулары кезіндегі ауыру сезімінің
механизмі және терапиялық стоматологияда
қолданылатын ауырусыздандыру әдістері,
ауырусыздандырушы заттар.
Дәрістің жоспары;
Ауыру сезімі туралы түсінік.
Ауыру сезімінің даму механизмі.
Тісжегі және ұлпа қабынуы кезіндегі ауыру сезімінің
пайда болу механизмі.
Терапиялық стоматологияда қолданылатын
ауырусыздандыру әдістері.
Ауырусыздандыруға немесе уақытша
жансыздандыруға арналған дәрілік заттар.
16.
Ауыру адамның өзіндік тұлғалық сезімі болғандықтаноған анықтама беру өте қиын. Ауыру деп адамның
жан дүниесі мен көңіл күйін меңгеретін мидың
жоғарғы бөліктері мен ауыру сезімінің арнайы
жүйесінің қатысуымен дамитын жанға жайсыз ауыр
тұлғалық сезімді айтады. Ауыруды сезіну жүйесін
ноцицепциялық (лат тілінде nocere-бүліндіру, cepereсезіну) жүйе деп атайды. Ауыру физиологиялық және
патологиялық болып бөлінеді. Әдетте ауыру сезімінің
физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру
туындататын тітіркендіргіштерден адам т.б.
жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады. Тым күшті
ауыру сезімінің зардабынан организмнің тіршілігіне
қатерлі ауыр шок жағдайы дамуы мүмкін.
17.
Тісжегі кезіндегі кіреукенің деминерализациялану үрдісікіреуке кристалдарының қалыпты құрылысын және
орналасу реттілігін бұзып, призмааралық кеңістікте
кеңейген саңылау пайда болады. Сөйтіп әр түрлі
тітіркендіргішке (ыстық, суық, ащы, қышқыл және
сүңгілеу) жауап ретінде дентин түтікшелерінде
сұйықтық қозғалып, ұлпадағы рецепторлар ауыру
сезімін туындатады. Механикалық тітіркендіргіштер
әсерінен тісжегі қуысын егеп тазалаған кезде кіреукедентин шекарасында ауыру сезімінің пайда болуы
дентин өзекшелеріндегі дентиноблаcттар өсінділерінің
бұзылуы және гистамин тәріздес заттардың бөлінуіне
байланысты болады. Сонымен қатар дентинобласттар
өсінділерінің зақымдануы кезіндегі беткей электрлік
өзгерістер жүйкелік элементтерге таралып ұлпа
нейрондарының жасушалар мембранасында
деполяризациялану үрдісін туындатады.
18.
Тісжегі кезінде тіс ұлпасында да бірқатар өзгерістербайқалады. Жоғарғы және орта тісжегі кезінде жарақат
ошағына қарсы орналасқан дентин қабатында орынбасушы
дентин қабаты құрылады, одонтобласттар санының азайып,
реттілігінің бұзылуы орын алады. Ұлпаның нерв талшықтары
мен қантамырларында да морфологиялық өзгерістер
байқалады. Терең тісжегі кезінде ұлпа қантамырларында
ұлпаның жедел қабынуына тән өзгерістер анықталады. Нерв
талшықтарындағы дегенеративтік өзгерістер күрделене
түседі, олардың осьтік цилиндрлері толық ыдырауы да
мүмкін.
Баяу дамыған терең тісжегі кезінде жоғарыда аталған үш
белдеу орын алуы мүмкін, бірақ жылтыр дентин және
қалыпты дентин қабаттары жұқа болуы мүмкін. Қарқынды
дамыған терең тісжегі кезінде жылтыр дентин және қалыпты
дентин қабаты болмайды. Қуыс табаны жұқа жұмсарған
дентин қабатынан тұрады. Бұл жағдайда орынбасушы
дентин де құрылып үлгермейді. Осыған байланысты
жұмсарған дентин қабатын қайта минералдандырып,
орынбасушы дентиннің құрылуын ынталандыру үшін емдік
төсем қою тәжірибесі жүзеге асырылады.
19.
Ұлпа қабынуы кезіндегі ауыру импульсінің пайдаболуына брадикинин, гистамин, циклді аденозин –
монофосфат, депамин, норипинефрин сияқты ауыру
сезімін шақыратын заттар үлкен рөл атқарады.
Допамин мен норипинефрин циклді аденозинмонофосфаттың әсерін күшейтеді, ал 5гидроситриптамин натрий иондары үшін нерв
жасушаларының мембранасының өткізгіштігін
жоғарылатады, мембраналық потенциалды өзгертіп,
қозу табалдырығын (порог возбудимосьти)
төмендетеді. Гистамин, брадикинин сияқты
вазоактивті заттар ұлпаның нерв талшықтарының
белсенділігін күшейтеді. олар вазодилятациялық
әсер етіп, қан тамырларының өткізгіштігін
жоғарылатып, нерв ұштарына қысым түсіреді.
20.
Ұлпаның ишемиялануы нәтижесіндежасушаның зақымдалуы, жасуша
мембранасының, жасуша ішілік
митохондрийі мен лизосоманың
бұзылуы, калий иондарының және
лизосомалық энзимдердің белсенді
түрде шығуы байқалады, ыдырау
өнімдері қабынуды өршітіп, тіндердің
оттегісізденуін туындатады. Ол өз
алдына симпатикалық және
парасимпатикалық жүйелерді
қоздырып, ауыру сезімін тудырады.
21.
Жапон ғалымы Ямамотоның ұйғаруы бойынша ауырусезімінің пайда болуы Е сериялы простогландиндерге
байланысты, қабыну кезінде олардың мөлшері үнемі
жоғарылап тұрады. Олар нерв рецепторларын өте қатты
тітіркендіріп, ауыру сезімін туындатады. Автор қабынған
тіндердегі простогландиндердің концентрациясы мен
ауыру сезімінің қарқындылығы тікелей байланысты
екенін анықтаған. Ұлпаның толық жедел (жайыла)
қабынуы кезінде немесе созылмалы түрлерінің өршуі
кезінде жалқықтың жартылай периодонтқа өтуі
периодонтальдық аймақта орналасқан хемоноцирецепторларды және қосымша механорецепторларды
тітіркендіруі нәтижесінде ауыру сезімі пайда болады.
Ауыру сезімінің таралуын көптүрлі нерв өрімдеріне әсер
ету күшімен байланыстырады. Ұлпа қабынуына тән
түнде болатын ауыру сезімін көп авторлар былай
түсіндіреді. Түңгі уақытта ағза мүшелерінің инервациясы
мен жұмысын вегетативті нерв жүйесі n.Vagus атқарады.
22.
Ауыру сезімі шеткейлік ағзалар ментіндердің бүліністері нәтижесінде немесе
нерв жүйесінің орталық бөліктерінде
(жұлында немесе мида) пайда болған
эндогендік өзгерістерден дамуы мүмкін.
Осыған байланысты олардың даму
жолдары да әр түрлі болады. Ауыру
туындататын тітіркендіргіштерді
организмде ноцицепциялық жүйе
қабылдайды.Бұл жүйенің қабылдағыш,
өткізгіш және орталық бөліктері бар.
23.
Қабылдағыш бөлігі. Ауыру туындататынтітіркендіргіштерді тері де кілегейлі қабықтарда, бұлшық
еттерде, буындарда, сүйек қабында, және т.б. жерлерде
орналасқан рецепторлар қабылдайды. Бұларды
ноцицепторлар деп атайды. Олар механорецепторлар,
термоноцицепторлар және хемоноцицепторлар болып
бөлінеді. Бұл қабылдағыштар ағзада неғұрлым көп болса,
соғұрлым онда ауыру сезімі күшті болады. Мәселен, тістің
ұлпасы мен көздің мөлдір қабығында ауыру сезімі күшті
сезіледі.
Механоноцицепторлар механикалық әсерлерден қозады
және нерв ұштары мембраналарының натрий иондарына
өткізгіштігін жоғарылатып, деполяризациялану туындатады.
Осыдан афференттік нерв талшықтарында әсер ету
потенциялы пайда болады.
Хемоноцицепторлар химиялық заттардың әсерлерінен қатты
көтеріледі. Сондықтан простогландиндердің түзілуін
шектейтін дәрі-дәрмектер ауыру сезімін азайтады.
24.
Өткізгіш бөлігі. Ауыру сезімін рецепторларданимпульстертерді өткізетін арнайы нерв талшықтары
болады. Бұл талшықтар миелинді ( мякотты ) және
миелинсіз ( мякотсыз) болуы мүмкін. Миелинді
талшықтар импульсті секундына 3-4 метр, ал
миелинсіз талшықтар импульсті сек.0,4-2 метр
жылдамдықпен өткізеді. Көрсетілген нерв
талшықтарының өткізу жылдамдығына байланысты
ауыру туындататын тітіркендіргішке жауап ретінде
адам алдымен белгілі бір аймақта орналасқан жері
толық анықталмаған сәл бәсең екіншілік ауыруды
сезінеді. Бірінші сезім А-типтес талшықтармен шапшаң
жететін импульстерге жауап болса, екінші сезім Сталшықтарымен жететін шабан импульстердің әсерінен
дамиды.
25.
Орталық бөлігі. Адамда ауыру сезімімида қалыптасады ноцицепторлардан
ауыру туындататын импульстер жұлынға
түсіп, одан жұлын- таламус жолымен
сопақша (ұзынша) және ортаңғы ми
арқылы таламустың ядроларына жетеді.
Бұл ядролардан импульстер мидың
сыртқы қыртысына тарайды, онда
импульстердің талдануы, ажыратылуы
нәтижесінде сезіледі.
26.
Сонымен бірге ноцицепторлардан шыққанимпульстер сопақша ми мен ортаңғы ми
деңгейлерінде торлы құрылымға, таламустың
ядроларына, мидың сыртқы қыртысына лимбикалық
жүйенің нейрондарына тарауы мүмкін. Осыдан
ауыру туындататын импульстердің әсерлерінен
ауыру сезімімен қатар, қорқыныш, үрей және т.б.
эмоциялық сезімдер пайда болады.
Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде
ноцицепторлардан шыққан импульстердің біразы
олардың мотонейрондарына ауысып, бет
аймағындағы мимикалық бұлшық еттердің
жиырылуына әкелуі мүмкін. Ауыру туындататын
тітіркендіргіш әсер еткен кезде вегетативтік
рефлекстер (қан тамырларының жиырылуы, беттің
бозаруы, көз қарашығының кеңеюі сияқты) дамиды.
27.
Қорыта келгенде ауыру туындататын импульстердісезінуде мидың көптеген құрылымдары қатысады және
олар ноцицепциялық жүйе деп аталады. Егер
импульстердің ағымын осы жүйенің бір бөлігінде бөгесе,
онда ауыру сезімі азаяды немесе басылады. Тістің
электрқозғыштығы – 20-30мка және әртүрлі көрсеткіш
алуға болады (қабыну ошағында төмендеуі, ал басқа
аймақтарында қалыпты көрсеткіш сақталуы мүмкін).
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы 1-2 тәулікке
созылуы мүмкін (организмнің және ұлпа тінінің
реактивтілігін байланысты) және біртіндеп ұлпаның толық
жедел қабынуына ауысады.
Ұлпаның жартылай жедел қабынуын терең тісжегіден,
ұлпаның толық жедел және созылмалы қабынуынан
ажыратады немесе сараптамалық нақтамасын осы
аталған аурулармен жүргізеді. Сараптамалы нақтама
жүргізу үшін олардың ұқсас белгілерін салыстыра отырып,
ерекшелік белгілеріне жете мән береді.
28.
Ұлпаның толық жедел қабынуы (острый общийпульпит – pulpitis acuta totalis) . Қабынудың бұл түрі
уақытында емделмеген ұлпаның жедел жартылай
қабынуынан дамиды (аурудың анамнезін анықтаған кезде
ескерген жөн).
Тістің ұлпа қабынуы бар науқас адам ауық-ауық
өздігінен жиі қозатын және ұзаққа созылатын (2-3
сағатқа) ауыру сезіміне шағымданады. Ауыруаралық
уақыт (межболевой период) немесе интермиссиялық уақыт
аса ұзақ емес 30-40 минуттан аспайды. Түн кезінде пайда
болған ауыру сезімі ұзаққа созылып, тісі сырқат адамның
ұйқысын қашырады.
Тітіркендіргіш ықпалдар ауыру сезімін қайта қоздырады
немесе күшейте түседі. Ауыру сезімі сырқат тіс аймағымен
шектелмей, үштік нерв тармақтарының бойымен таралады.
Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қабынған кезде ауыру
сезімі шықшытқа, самайға, көз, бет, мұрын аймақтарына,
Гаймор қуысына, қарама-қарсы жақ және төменгі жақ
тістеріне беріледі.
29. Әртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары
Аурудың орналасуыПроекциялану аймағы
Ең жоғарғы ауырғыштық
нүктелері
Жоғарғы жақ сүйегі, күрек
және сүйір тістер
Маңдай-мұрын
Қасүсті доғасы
Бірінші кіші азу тістер
Мұрын ерін
Екінші кіші азу тістер
Жоғарғы жақ және самай
Самай аймағы
Бірінші үлкен азу тістер
Екінші және үшінші
үлкен азу тістер
Төменгі жақ сүйек
Күрек және сүйір тістер
Төменгі жақ сүйек
Құлақтың сырты
Иек аймағы
Ауыз деңгейіндегі төменгі
жақтың төменгі жиегі
30.
Кейде тісі сырқат адам өз бетімен ауырмайтын, тек тісжегі қуысы бар қарама-қарсы жақ тісін көрсетіп,
тәжірибесі аз дәрігерді қателістіруі мүмкін. Сондықтан
мұндай жағдайда дәрігер стоматолог өз мүмкіндігін,
білімін барынша тиімді пайдалағаны жөн.
Төменгі жақ тістерінің ұлпа қабынуы кезінде ауыру
сезімін шүйдеге, мойынға, құлаққа, төменгі жақасты,
иекасты аймақтарына, жоғарғы жақ және қарамақарсы жақ тістеріне (алдыңғы тістердің ұлпасы
қабынған кезде) беріледі. Науқастың жалпы жағдайы
, жұмыс қабілеті төмендейді, көңіл-күй нашарлайды.
Бұдан бір-екі күн бұрын тісінің өз бетімен аз уақыт
қана ауырып, ұзақ уақыт мазаламағандықтан,
дәрігерге көрінбегенін айтады.
Қарап тексергенде сырқат тісте терең тіс жегі қуысы
анықталады, сүңгілеп тексергенде қуыстың
табанының барлық аймағында ауыру сезімі
байқалады. Суық сумен әсер еткен кезде тіс қақсап
ұзақ ауырады. Қағып тексергенде аздаған ауыру
сезімін анықтауға болады (сау тіспен салыстыра
қағып тексергенде). Тістің электрқозғыштығы 3040мка дейін төмендеген, кейде одан да төмен болуы
ықтимал.
31.
Ұлпа қабынуының бұл түрін басқа аурулардан ажыратабілу керек (салыстырмалы нақтама жүргізу керек). Ол
аурулар: ұлпаның жартылай жедел қабынуы, ұлпаның
созылмалы қабынуының өршуі, периодонттың жедел
қабынуы, үштік нерв невралгиясы, Гаймор қуысының
жедел қабынуы, тіс ұлпасының (альвеоласының)
қабынуы.
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы кезіндегі ауыру
сезімі сирек туындайды және ұзаққа созылмайды, сырқат
тіс аймағымен ғана шектеледі.
Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі кезінде
аурудың анамнезіне мән беру керек: тісінің бұдан бұрын
әр түрлі тітіркенділгіштерден ұзақ ауырғаны, қарап және
сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы мен сауыт қуысы
арасында байланыстың болуы және ауыру сезімінің
пайда болуы аталмыш ауруға тән белгілер екендігі еш
күмән туғызбайды.
Периодонттың жедел қабынуы кезінде тістің ауыруы әр
түрлі тітіркендіргіштер әсерінен күшеймейді және
электрқозғыштығы төмендейді (көрсеткіш 100мка жоғары
болады).
32. Терапиялық стоматология қолданылатын ауырусыздандыру әдістері.
Науқасты емдеу жүргізуге дайындау-премедикациялау. Ол үшінтранквилизаторлар мен анальгетиктер қолданылады (седуксенреланиум 0,005, бутадион – 0,15г, темпальгин, элениум,
парацетамол). Темпалгиннің құрамына анальгин (0,5г)
транквилизатор темпидон (0,02г) кіреді. Жергілікті
ауырсаздындару әдістері: өткізгіштік, инфильтрациялық,
спонгиоздық (сүйекішілік), интрасептальдық,
интралигаменталық, аппликациялық, друканестезия болып
бөлінеді. Жергілікті ауырусыздандырушы дәрілер: Альфакаин,
Бусанест, примакаин, септанест, убестезин, ультракаин, әсер
етуші бастама артикаин, скандикаин (мепивакаин), Ксилокаин,
ксилонор, ксилоролланд, прессикаин, биодикаин, зиакаин,
цитанест әсер етуші бастама – лидокаин.
Өткізгіштік жансыздандыру (ауырусыздандыру)
мандибулярлық, туберальдық, инфраорбитальдық, күректістік
болып бөлінеді. Қажет болған жағдайда жалпылай
жансыздандыруды немесе наркозды қолдануға болады.
Аппликациялық анестезияға (ауырусыздандыруға)
қолданылатын, шашып қолданылатын дәрілер: Xylonor gel ,
Xagel, EMLA (Eutectis mixture of local anesthetics), Perulen ultra,
10% лидокаин аэрозолы.
33.
Тісжегіні жергілікті емдеу тісжегінің даму сатысына,ондағы патоморфологиялық өзгерістерге байланысты екі
әдістен тұрады: дәрі-дәрмектермен емдеу және оперативтіқалпына келтіріп емдеу ( тісті реставрациялау).
3-дәріс
Эндодонтиялық тәжірибеде орын
алуы мүмкін қателіктер және олардан
туындайтын асқынулар.
Дәрістің жоспары:
34.
1). Эндодонтиялық емдеуді қажетететін аурулардың жүйесі және
оларды емдеу әдістері.
2). Ұлпаның қабынуын емдеу
кезінде жіберілетін қателіктер,
олардың алдын алу.
3). Периодонттың қабынуын емдеу
кезінде жіберілетін қателіктер,
олардың алдын алу.
35.
Эндодонттық емдеуді қажет ететін аурулар қатарынаұлпаның және түбірұшы периодонтының қабынулары
жатады.
Олардың жүйесі төмендегідей: Ұлпаның жедел қабынуы
және үш түрін ажыратады – ұлпаның жартылай жедел
қабынуы, ұлпаның толық жедел қабынуы, ұлпаның жедел
іріңді қабынуы.
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану және жалқықтану
сатылары. Периодонттың созылмалы қабынуының үш түрін
ажыратады: периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы,
периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы,
периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.
Ұлпа қабынуларын витальды және девитальды хирургиялық
әдістермен емдеу кезінде міндетті түрде эндодонттық емшаралар жүргізіледі және жіберілетін қателіктер
төмендегідей:
36.
* Сауыт қуыстарының топографиясын білмегендіктенсауыт қуыстарын толық және дұрыс ашпау.
* Эндодонттық аспаптарды дұрыс таңдамау.
* Сауыт қуыстарының қабырғаларын және
табандарын шамадан тыс жұқарту және тесіп алу.
* Түбір өзегі қабырғаларын шамадан тыс жұқартып
жіберу және тесіп алу.
* Түбір өзегінде эндодонттық аспаптарды сындырып
алу.
*
* Түбір өзектерін эндодонттық аспаптармен дұрыс
өңдемеу және дұрыс жуып-шаймау.
* Түбір өзегін толық пломбыламау.
* Пломбылық материалды түбір сыртына шығарып
жіберу.
37.
Асқынуларды жою әдістері: сауыт қуыстары қабырғаларындағыжәне табандарындағы тесіктерді гидрооксиапатитпен немесе
шыныиономерлі цементпен немесе күміс мальгамасымен
жабады. Өзекте сынып қалған инструменттің сынығын алуға
әрекет жасайды. Егер бұл шара ешқандай нәтиже бермесе, түбір
өзегінде мумификациялау әдісін немесе иодты препараттармен
электрофорездеу әдісін жүргізеді. Пломбылық материал түбір
сыртына шығарылған жағдайда ауыру сезімі туындаса,
физикалық ем-шара қолданады ( гелий-неон лазерінің сәулесін,
гидрокортизонмен фонофорездеу,флюктуоризациялаушы
айнымалы ток, иглорефлексотерапиялық әдіс) кейде тіс
тұсындағы ауыспалы қатпарға гидрокортизон сүзбесін ( взвесь)
енгізуге болады.
Ұлпаның қабынуын девитальді әдіспен емдеген
кездегі асқынуларға периодонттың мышьяк және басқа да
ұлпаны өліеттендіруші препараттар немесе жоғары
концентрациялы дәрі – дәрмектер әсерінен қабынуын
жатқызуға болады. Бұл кезде өліеттенген ұлпаны алған соң
түбір өзегінде мышьяктың, басқа да қолданылғн дәрілердің
антидоттарын, ауырусыздндырушы дәрілерді, антисептиктерді,
қабынуға қарсы дәрілерді қалдырады ( 5% унитиол, иодты
калийдің 3 - 10% ерітінділері, иодинол, иокс, қалампыр майы,
гидрокортизон сүзбесі, эвгенол, натрий гипохлориді ) немесе
иодты препараттар ерітінділерімен электрофорездеу әдісін
жүргізеді. Басқалай да физикалық ем – шараларды қолдануға
болады.
38.
Аталған және аталмаған басқа да асқынулардыболдырмау үшін эндодонтия саласын жақсы
меңгеріп, мол тәжірибе жинақтау керек.
Периодонттың қабынуын
консервативтік әдіспен емдеген кезде орын алатын
асқынулар:
Асқынулар периодонттың қабынуын
емдеу кезінде және түбір өзектерін пломбылағаннан
кейін де орын алуы мүмкін.
Түбір өзектерін күшті әсер етуші
препараттармен өңдеген кезде түбір периодонтына
уыттандырушы әсер көрсетуі мүмкін. Бұндай
жағдайда тазаланған өзекте периодонтты
тітіркендірмейтін дәрілер қалдырады( эвгенол,
қалампыр майы, гидрокортизон, протеолиздеуші
ферменттер ерітінділері).
39.
40.
Түбір өзектеріндегі пломбылық материалдарды(эндогерметиктерді) ерітуге арналған материалдар:
Фенопласты ( резорцин – формалинді )
шайырды ерітуге арналған материалдар:
«ENDOSOLY R», «RESOSOLY,» «JEN - DESOBTURAT»,
“СОЛЬВАДЕНТ- ЖИДКОСТЬ”, «СОЛЬВАДЕНТ ГЕЛЬ»,
«ФЕНОПЛАСТ».
ЭВГЕНАТТАРДЫ ЖҰМСАРТУҒА АРНАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАР: «ENDOSOLY E, “ « DESOCLUSOL»
«ROOT CANAL RESIN REMOYER», «EUGENAT
DES0BTURATOR», “СОЛЬВАДЕНТ ЖИДКОСТЬ,”
“СОЛЬВАДЕНТ ГЕЛЬ,” “ЭВГЕНАТ”.
41.
Пайдаланылған әдебиет:1. А. И. НИКОЛАЕВ, Л. М. ЦЕПОВ
ПРАКТИЧЕСКАЯ ТЕРАПЕВТИЧЕСКАЯ СТОМАТОЛОГИЯ,
МОСКВА, МЕДПРЕСС-ИНФОРМ, 2008
2. Е. В. БОРОВСКИЙ И ДР.
ТЕРАПЕВТИЧЕСКАЯ СТОМАТОЛОГИЯ МОСКВА “
МЕДИЦИНА,” 2002
3. Л. А. ДМИТРИЕВА И ДР.
ТЕРАПЕВТИЧЕСКАЯ СТОМАТОЛОГИЯ МОСКВА
“МЕДПРЕСС-ИНФОРМ,” 2003
Дәрісті дайындаған ҚазҰМУ ПРОФЕССОРЫ,
доцент Мезгильбаева Д.М.
42.
1 – сурет. Кальцийатомдары құрған
гексагандар.
43.
2 – сурет. Кіреуке призмаларының көлденеңкесіндісі (құлпы үңгімесіне ұқсас)
44.
3 – сурет.Кальций
атомдарының
орналасу
45.
4 - сурет.Тісжегінің ақ дақты кезеңіндегіпатомарфологиялық өзгерістер.
46.
5 – сурет. Тісжегінің қуыстыкезеңіндегі патогисталогиялық
өзгерістер.