“Астана медицина университеті” АҚ Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы
Жоспары:
124.06K
Категория: МедицинаМедицина

Өлкелік инфекциялық патологияны зерттеудегі отандық ғалымдардың рөлі

1. “Астана медицина университеті” АҚ Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

*
“Астана медицина университеті” АҚ
Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы
Өлкелік инфекциялық
патологияны зерттеудегі
отандық ғалымдардың рөлі.
Орындаған:Еген Ынта.
Қабылдаған: Ильясов Б.Б.
Астана 2016

2. Жоспары:

*Кіріспе
*Негізгі бөлім
Отандық өкілдер еңбектері
Дәрігер-эпидемиолог Ишанбай Қарақұлов
Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы
*Қорытынды
*Пайдаланған әдебиеттер

3.

Ерте замандағы ғалымдар үлестері
Эпидемия және Жұқпалы ауруларға күрес шаралары
тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне
заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек
ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке
қарсы санитарлық заң болған.
Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді
осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс
Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп,
ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған.
Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген.
Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы
алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған.

4.

Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан
италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 – 1553)
болды. Ол ауру тарататын микроорганизмдерді
зерттеді.
Ағылшын дәрігері Т.Сиденхем (1624 – 89)
скарлатина, хорея, подагра, т.б. жұқпалы
ауруларына алғаш ғылыми сипаттама берді.
Оны “ағылшын Гиппократы” деп атайды.

5.

XVIII ғ-да орыс дәрігері Д.С.
Самойлович (Сущинский) (1744 – 1805) оба
індетімен күресу тәжірибесі
негізінде Ресейде Эпидемиологияның негізін
салды.
XIX ғ-дың 2-жартысында микробиологияда ашылған
жаңалықтарға байланысты белгілі
ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, И.И. Мечников, Д.И.
Ивановский, Н.А. Семашко, А.Н. Сысин, К.И.
Скрябин, Д.К. Заболотныйдың, т.б. еңбектерінің
нәтижесінде көптеген індеттердің микробтары
табылды

6.

Отандық ғалымдар еңбектері
Қазақстанда 1925 ж. Қызылорда бактериол.
лаб. ашылды. 1940 ж. осы лаб-ның
негізінде Алматы қаласында Эпидемиология
және микробиология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі
Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу
орталығы) ашылып, республикада Э
Эпидемиология саласындағы зерттеулер қолға
алынды

7.

Эпидемиология мәселелерімен Қазақ карантиндік
және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы,
республикадағы мед. ун-ттер мен академиялардың
кафедралары сан.-эпидемиол. ст-салар
шұғылданады. Жедел өтетін ішек індеттері
зерттеліп, оларға, т.б. жұқпалы ауруларға (шешек,
күл, скарлатина) қарсы бактериялық препараттар
шығарыла бастады, дизентерияның себептері мен
эпидемиол. ерекшеліктері анықталды.
Эпидемиология саласында көрнекті
ғалымдар Х.Ж. Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д.
Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А. Макиров, Н.И.
Киреев, Е.Х. Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп
еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы

8.

Ишанбай Қарақұлұлы (1909-1992)
* ғалым-эпидемиолог, медицина
ғылымының докторы, Қазақстан
Ғылым академиясының, КСРО
Медицина ғылымдары
академиясының корреспондент
мүшесі, КСРО Медицина
ғылымдары академиясының
академигі, Қазақстанның және
Қарақалпақ АКСР-нің еңбек
сіңірген ғылым қайраткері,
медицина ғылымы саласында
қазақтан шыққан тұңғыш
профессоры болды.

9.

Дәрігер-эпидемиолог Ишанбай Қарақұлов
Дәрігер-эпидемиолог Ишанбай Қарқұлов соғыс
жылдарында Қызыл әскер қатарында 1942-1946 жылдары
КСРО қарулы күштері ғылыми-зерттеу институтының
ғылыми қызметкері болды. Соғысқа дейін 1937-1939
жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары
болып қызметін атқарды. Әскерден оралғаннан кейін Қазақ
Мемлекеттік медициналық институтының эпидемиология
кафедрасы меңгерушісі қызметін атқарды, 1948-1950
жылдары - Өлкелік патология ғылыми-зерттеу
институтының директоры. 1950-1954 жылдары Денсаулық
сақтау министрі қызметін атқарған.

10.

Ишанбай Қарақұлұлы - эпидемиология,
профилактика және микробиология
саласындағы белгілі зерттеуші және
денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі
қайраткерлердің бірі. Ол жастарды жанжақты тәрбиелеудің теориялық және
практикалық мәселелерімен де үзбей
айналысты. Ғалымның негізгі ғылыми
еңбектері адамға жұғатын ауруларды
зерттеуге және Қазақстанның денсаулық
сақтау ісін ұйымдастыруға арналған.

11.

Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға
эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап,
олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға
қарсы қолданылатын кешенді шаралардың
біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан
сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала
вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған
бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де
қолданылады.

12.

*1946 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында
эпидемиология кафедрасын құрып, оны өзі зейнеткерлікке
шыққанға дейін (1987-1988) үздіксіз басқарған. Осы
кафедраның негізінде 300-дей жұмыс орындалып, отызға
тарта докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.
*Профессор И.Қарақұловтың алғысөзімен және
редакциялауымен он беске жуық әртүрлі монографиялар,
ғылыми жинақтар мен еңбектер, оқу құралдары басылып
шықты. Мұндай әртүрлі проблемалық жұмыстардың
орындалуы И.Қарақұловтың тек инфекциялық патология,
әлеуметтік гигиена, демография, денсаулық сақтауды
ұйымдастырумен ғана шектеліп қалмағанын, сонымен бірге
оның ғылыми жан-жақтылығын да аңғартады.

13.

И.Қарақұловтың маман-дәрігерлерді дайындаудағы
сіңірген еңбегін ескере отырып және
Қазақстандағы эпидемиологиялық ғылымның
іргесін қалаушылардың бірі болғаны үшін
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық
медициналық университеті ғылыми кеңесінің
шешімімен (24 ақпан 2009 жылғы хаттама № 8)
университеттің эпидемиология кафедрасына және
№ 6 аудиторияға оның аты берілді.

14.

Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы
— ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы (31.12.1916,
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық
әкімдігі, Знаменка ауылы – 14.10.1992, Алматы қаласы) –
медицина ғылыми докторы (1967), профессор (1969),
Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966). Алматы
мемлекеттік медицина институтын (1940, қазіргі Қазақ
ұлттық медицина университеті) бітірген. 2-дүниежүзілік
соғысқа қатысқан.

15.

1940–49 жылдары әскери дәрігер, 1949–62 жылдары
Ортаазиялық (қазіргі Қазақ) обадан арылу ғылымизерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, 1962–
87 жылдары директоры болды.
Айқымбаевтың негізгі ғылыми еңбектері аса қауіпті
аурулар эпидемиологиясына,
әсіресе, туляремия ауруын тудыратын
микроорганизмдердің табиғи ошағын зерттеу және
аурудың алдын алу, сақтану мәселелеріне арналған.
Сондай-ақ Қазақстанда бірнеше туляремия ошақтарын
ашып, оларға толық ғылыми сипаттама берген. 1дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет
Белгісі» ордендерімен және медальдармен
марапатталған.

16.

Қорытынды
*Эпидемиология саласында көрнекті
ғалымдар Х.Ж.
Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д.
Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А.
Макиров, Н.И. Киреев, Е.Х.
Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп
еңбек сіңірді.
*Отандық ғалымдардың
эпидемиологияның дамуына қосқан
үлесі мол.

17.

Пайдаланылған әдебиеттер
*Беляков В.Д., Яфаев Р.Х. Эпидемиология:
Учебник.-М.: Медицина, 1989. -416с.
*Беляков В.Д., Голубев Д.Б., Каминский Г.Д.
Саморегуляция паразитарных систем;
*Черкасский Б.Л. Эпидемиологический
диагноз.-Л.: Медицина,1990.-208с.:ил.
*Черкасский Б.Л. Руководство по общей
эпидемиологии.-:Медицина,2001с.:ил.
English     Русский Правила