Похожие презентации:
Жеңге жезде мектебі
1.
2.
Қобдабай ҚабдыразақұлыЖЕНГЕ ЖӘНЕ
ЖЕЗДЕ
МЕКТЕБІ
Астана 2016
3.
КИІЗТУЫРДЫҚТЫЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫПІКІР ЖАЗҒАНДАР:Б.БОР проф. Е.С.М.
М.ҚАУСЫЛҒАЗЫ п.ғ.к.
ЖАУАПТЫ РЕДАКТОР: С.АЙНҰР
ҚОБДАБАЙ ҚАБДЫРАЗАҚҰЛЫ
ЖЕҢГЕ және ЖЕЗДЕ МЕКТЕБІ
Белгілі ғалым Қ.Қобдабайдың бұл еңбегі, Қазақ қызы және Қазақ жігітін өмірге
дайындайтын әулет мектебінің ерекше бір түрі- жеңге және жезде мектебінің қыр –
сырын нақтылы мысалдармен ашып көрсеткен, ерекше туынды.Оны бүгінгі салтқа сіңіру
туралы да құнды пікірлер айтылған.Оқып шығыңыз,өкінбейсіз.
4.
Жеңге және жезде мектебіҚазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы
мектеп болған-ды. Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузында,ол:-қазақтың
қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасынан бастап,әулет,ру,тайпаға дейінгі адамдарға
ортақ,жарық дүни-еге жаңа келген сәбиден бастап,қарттарға дейін қатысатын,қазаққа
тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен
арасында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін
жалғасып келе жатқан,келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы
нұсқа,ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік және қарттық («Тәңертең төрт аяқпен,күндіз
екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?»-деген жұмбақты еске түсіріңіз.)үш кезеңнен
тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқынан шық-қанға дейінгі бала-қызылшаха(кей
өлкеде шарана, шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз
басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа
дейін-сәби (кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш-он бес жасқа дейін-балалық
шақ.Балалық шақтың тіршілік тұрағы,тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең отағасы(отанасы)
аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға
аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже)делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген, мақсатты, жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті,
тәлім-тәрбиелі үлгі-өнегені-ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін
айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес.(Алайда тәрбиелік ісәрекет белгілі ортада үйретуші- ұстазы бар,үйренуші-шәкірті бар,айқын бір нәрсені
ұқтыратын әрекет.Мысалы,Сұлтан деген ұстаз,Қожа деген шәкіртке,иен жонда,ат
үстінде,шылым шегуді үйретіп бара жатыр.)Әулет мектебі-кім-кімге,нені, қалай үйретіп
жатқаны айқын көрініп тұратын,тұнық шыныдан жасалған,әулет мүшелерінің көз алдында
сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша
оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей,шенді-шекпенді,хан-қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп.Осындай мектептің қазақ ортасында бар екенін, қазақ баласына
тәлім-тәрбие беру амалына көңіл аударғандар мен арнайы зерттегендердің барлығы да
айтқан болатын. (Бірақ оған жекешелеп,арнайы атау бермеген екен.Әтнопедагогикалық
зерттеуді жеңілдету үшін шартты атау-«Әулет мектебі»-деген ұғымды, осыдан отыз жылдың
алдында ұсынған едік,ешкімнің бұл атауға қарсылығы болмады.Сол атау ілкі мағынасында
қалды)
Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен.Орталарынан неше түрлі
дарынды,өнериелері туып шыққан.Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған,
кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің
есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі,Құрманғазы,Тәттімбет мектебі,
Бұқар,Абай мектебі т.б.Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі,адайлық зергерлік мектебі,
наймандық бақсылар мектебі.
Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,құрбы-құрдас
немесе абысын-ажын мектебі,жеңге-жезде мектебі,бала думаны,ақшам мектебі, мерекемейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындаған-дықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрлерден
айыра. тану оңай емес.Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп.Оның
бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған,мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала
тәрбиесі үшін,жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады.Оларды жалпы алғанда,қазақ- жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса
да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген
3
5.
Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды. Ал,ұлттық рух бала жанынаділмен, тілмен, дәстүр-мен,өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден
асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне
жігер беріп,табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған.Мәселен,құрсақ той,ат
қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б.
ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен
қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін
ұйымдастыру еді.Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін
осылай ұйымдастырып,оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру
нәтижесінде,қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті
тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған.Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз
қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан, бірлескен
,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.
Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және
сөз,ырым және әдеттер,ғұрып-тар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және
жәдігер-лік дүниелер,атамекен-ел-жұрты,тұтынған ас суы,киім-кеш-егі,баспанасы,өскен
өлке,ата-баба моласы,зираты т.б.Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет мектебіне
де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар «Айтыс»
аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы
емес.ол-әулет мектебінің бір түрі.Айталық,балалар айтысы тәжіксілесу немесе қарапайым
сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс;
жаңылтпаш жар-ысы;мақал-мәтел жарысы :қараөлең айтысы; жұмбақ жасыру сайысы
;сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы,қүлдіргі айтыс ,аралас айтыс сияқты оның көптеген
түрі бар.Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана
емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын
қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын
тұрғызбаған.Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен
шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппайтын,төсіне
жылтыратып металл тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет
мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау ,
ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау-қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу,
көңіл сұрау,естірту,дауыс шығару , көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер,өз рәсім-тәмсілдерімен
ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға
айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер,бата-тілектер,аңыз
әңгімелер,ертегі- хикаялар,шешендік сөздер, өлең-жыр,толғау дастандар қазақтың телегей
теңіз рухани мүрасын құрай отырып,нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис
шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет
мектебінің басты да,нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен,тұрғанды
отырғызған,жатқанды тұрғызған,есенгірегеннің еңсесін көтерген,еліргеннің екпінін басқан,
бір ауыз сөзбен «тірілтіп», бір ауыз сөзбен «өлтірген». Тіптен, «Әулет мектебінің ең басты
әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған.(Бұл туралы: «Ұлттық тәрбие үрдісі», 2014.еңбектен
толық мағлұмат алуға болады.) Осылайша,қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге
тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,оның салихалы әдебіне, ерекше
қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген.Қазақ
тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.
Тәрбиелеу ісі әулет мектебінде, адамның өсіп даму жас ерекшелігіне сәйкес жүргізілетін.Қазақ баланың ержету есею кезеңдерін;балбөбек,балдырған(1-5),жас (өскін) ұлан,
жеткіншек (5-13)бозбала,бойжеткен(13-18жас),отбасы мүшелерін күнделікті тұрмыста :қалыңдық,күйеу бала (күйеужігіт), қазақ қызы,қазақжігіті, отағасы, отанасы,ата-ана,әке-шеше
(балалы болғаннан бастап),ата–әже (немерелі болғаннан бастап)-деп атап келді.Ерте
4
6.
кезде,7-15 жас аралығындағы балалар,«бек ұл,пәк қыз немесе айдарлы ұл,тұлымды қыз»аталатын. Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге,білім мен дағдының мазмұнын
пайымдасақ,жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету
көзделгенТарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып,
ұяттылық, әдептілік,көргендік,мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан.Міне, сол
қымбат ,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса
да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді.Шаруа
отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті,әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір
әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан
шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге
асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты
әрекет етуші
дәйекке айналған. Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз
да,еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны,әулеттегі қолғабысы
орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген
ғой.Әсіресе бақташылар мен бағбандардың,балықшылар мен дихандар үшін балалардың
көмегі шексіз еді.Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру
жолымен жүргізілетін.Сондықтан,баланың жасына сай,игертуге тиісті еңбек дағдысын
уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,әрі парыз
болған.Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп,
шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы
көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді.
Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей
аталатын. Ермегім, алданышым , қолұшым, қолғанатым,серігім, сүйенішім, асыраушым.
Қол-қанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы
жас; қой жас;жылқы жас; патша жас; аңдушы;қағушы;суқұяр: атқосшы; көрікші;
соғушы; аутартар; ескекші.Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың
жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл
пішу,шөп шабу, егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен,қазақтар,салттық
мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы: сірге жинар,төстік қаптар,соғым
бас,көгентүп жасау,пішен той,сабан той т.б.Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі
мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА-АНА болуға
әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады.Өмірге есті де,епті
әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен
бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі
болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі,бірін-бірі қолдаушы
ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатын Үшінші. Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат
сәйкестігі, ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық
туғызбайтын.Кәзіргі
қазақ қауымындағы осы жағдаят ахуалын пайымдап көрсеңіз ұрпақ
тәрбиесіндегі олқылық- тардың.
туу себебін, қиындықтардың шығу тегі,оны арылту-дың амал
әдістері ептеп айқындалары сөзсіз.
Қазақ ұлы онға толысымен қозы жасына келді деп есеп-ейді. Осы жастағы баланың негізгі міндетін
айттық.Қазақ ұғымында, азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.Қозы жасындағы бала он
беске толысымен отау иесі делініп,қозы бағудан қой бағуға ауысады.Ол,жәй ғана солай ауыстыра
салу емес,үлкен оқу,мүқият баулудың нәтижесі.Қозы бағу оңай болма-ғанымен,қой бағу тіптен
қиын.Бүл жастағы жастар,ата кәсібі-маман иемденуі қажет. Сондықтан,он бес пен жиырма бес
арасын қой жасы деген. Он беспен жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа
жем қылмай,жоғалтпай бағу,жауын-шашында,боранда аман сақтау,азаннан қас қарайғанша жалықпай
жанында болу,жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді.Бұл қой жасынан еті
тірілер, шыныққандар, сенімділер ғана өтіп,жылқы жасына ауысады.Қашан да болмасын,жиырма
бес жас-белдің бекіп, бұғанасы қатайып,өсіп жетілген,тебіннің күшейген кемел шағы. Ат құлағы
көрінбейтін боранда,түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында. тұмсығына оқтаудай
мұз қатқан,кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір жылқыға ие болу,күртік қарды
5
7.
белуардан ойып тігілген қоста жатып,жылқы отарлату,ұтылап тосатын, ұлып артыңнан қалмайтынқалың қасқырға шалдырмай,екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай сай жауға алдырмай жылқы
бағатын,жиырмабес пен қырық жас арасындағы
жігіттер ғана.Жылқы жасындағы қазақ,ата кәсіптің ең маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол
жеткізуі тиіс. Бірер дарындылары,осы жаста атбегілік өнерін игерген.Қырық пен алпыс арасын
патша жасы деудің өзіндік мәні бар.Қырықты қазақтар әспеттеп, қынынан суырылған қылышқа
теңейді.Осы жастағы өнер иелері өрге жүзіп баршаға танымал болады,таланттылар атағы әйгіленіп,
халық алдында көзге түседі,шешендері билік жасап,бағалана бастайды, көсемдері көзге түсіп,хан,
сұлтан,болыс болып,ел басқарады. Алпыстан асқан соң пайғамбар жасы басталады.Бұл шығыс
мұсылмандарына ортақ жас.Осы жастағы қазақтардың, шындығында, құлшылық жасау іс-әрекеті
кемелденіп,нағыз мұсылмандық жолында қалтқысыз еңбек етеді.Аллаһ таһалаға жақындау ниеті шын
пейілмен,адал көңілмен жүріледі. Ал,жетпіс пен сексен арасы –қазына жасы.Қазақтар бұл жасты әр
қырынан қарап,тым құлпыртып айтатыны да бар.Мысалы, ақылгөй, данагөй, ақылман,білгір ғұлама
жас.Тоқсаннан асқандарын, қазақтар, «бала жасындағылар», «маймыл жасындағылар» деп теңей
айтады. Бұл теңеудің де орны бар.Ол жастағылардан баланың да,маймылдың да мінезін,қимыләрекетін аңғаруға болады Кей өлкеде–абызжас дейді.Қазақта мүшел жас немесе жыл қайыру амалы
көп керектенілген.(Бұл туралы «Әулет мектебі /2015/ оқулығынан мағлұмат алуыңызға болады)
Қазақ әулет мектебінің ішінде өзгешелегі тым молы жеңге және жезде мектебі.Балдырған шағында
ұл мен қыз тәрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек қыз баланың киім киісі сәнді,
жүріс-тұрысы әсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың амал-тәсілдерін ойластырып, сол үшін
де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін қойған. Мәселен, екіден бес жас аралығындағы
қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме, түйреуіш-тана тағып, үкі қадап тақия,кестелеп пешпет,
кеудеше, бүрмелеп көйлек, сырмалы жағалы жейде кигізуі, жеңіне желпілдетіп жеңұш, қолына
білезік, саусағына сақина салуы, олардың нәзіктігімен үндестік тауып, әдептілік пен әсемділіктің
алғы шарты болған.Себебі қазақтар, қыз баланы киіміне,әсіресе,саусағына,алақанына,жеңіне қарап
өседі деп түсінген.(Қазақтар қыз баланың/қай жастағысы болсын/ ала-қанын,білегін,бөтенге
көрсетуге,ұстатуға құлықсыз болған) Бұл қағида –адамтану қазақ ілімінен орныққан бұлтартпас
ақиқат еді.
«...Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді.Бұл кезеңде ата-аналар оларға кіші
балаларды бағып-қағуды,мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра
бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады...Бес,жеті жаста бала
естияр болады деп есептеледі де,жаңа әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие
болады»-деп жазған И.С.Кон.
Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын Х.Арғынбаев,
«Қазақтың отбасылық дәстүрлері»атты еңбегінде:
«Қыз балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс
тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйренеді,үй жиып,кір
жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен жағымды
қылықтарды үйренеді»-деп тамаша көрсеткен.Мұның екінші жағы,сол жас шамасындағы балалар
тәрбиесінде қыз және ұлға айырмашылықпен қарау қажеттігін аңғартады.Иә,қазақтар ұл және қыз
тәрбиесіне тым тереңбойлап, олардың жас ерекшеліктері мен табиғи Иә,қазақтар ұл мен қыз
тәрбиесіне тым терең бойлап,олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында
ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай білген.Қазақ тәрбие ілімінде; «Балаңды бес жасқа дейін
патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала»
деген хас қағида бар.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім. Бала беске
толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі
баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл - ойының ұшқыр болуына ата – анасы,
ағайын – туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда ,
«патшасындай» қарайды. Солай етуге ата–анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл–аймағы міндетті болған
Екінші жағынан,бұл жаста-«ойын баласы» себепті «өзіндік еңбегі,тіршілігі бар»
ересектерден «тәуелсіз» күн кешуге тиіс. Сондықтан қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім,
тастанды аталмаған. «Жетім» деп айтудың өзі қорлаумен тең болған-ды. Бес жастан кейін ұлұяты әкеге, қыз – ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы, шеше көрген тон пішуі
шарт. Қыз бен ұл әке–шешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5 – 15 жасқа дейінгі
бала әке – шешенің назарынан тыс қалуға бірде–бір жағдаят болмауы тиіс.Оларды әке –
6
8.
шеше қосшысындай баға -лауы қажет. Ал он бестен асқан соң олардың « досы» болуыабзал.Солай болған да еді. «Алтыға дейін атаңды таны, жетіге дейін жеріңді таны» деген
қағида ұлттық тәрбиенің шымбайлы ережесінің бірі еді. Осы жаста өзінің кіндік қаны
тамған жерін біліп(барып аунауға міндетті) әке – шеше, ата – баба туып өскен жер, өлкесін
тануға тиісті болған. Ата- бабасының жайлауы мен қыстауын, зиратын, мекендеген жерлерін
аралауға мүмкіндік туғызған.Ағайын туыстарының кімдер екенін, олардың қайда тұрып,
нендей кәсіппен шұғылданатынын,ру–тайпасының арғы тегін, олардың таңба ұранын білу,
малға салатын ен, басатын таңбасын ажырату осы жастағы балаларға міндеттелген. Нағашы
жұртын да білуге тиісті болған.Қазақтар отбасының рулық құрамын байқасақ, нағашысына
рулас қызға үйлену, тұрмысқа шығу өткен дәуірде көп болған. Оның себебі жастар ең әуелі
нағашы-сымен танысатын, оның жегжатқа қатынасуы содан басталатындығында.Қазақтағы
әкесі мен ұлы «бажа болу» осыны дәлелдейді. Өмірмен, айналасымен танысып білуге, мына
таудың ар жағында, анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын, не барын танып білу 6-7
жас сәбилеріне тән болғандықтан ата-әжелер оларды ертіп қысқа сапарға шығатын, ел
аралайтын бол-ған.Той – думанда, мереке салтанатқа қатыстырып,өнер білімге құштарлығын
арттырып, қызығушылығын оятатын Жасөспірім-нің тума таланты не екенін білу үшін,
бейімділігін пайымдау үшін, ата-әжесі, әке-шешесі, білгір-тәуіп, сыншы әулиелерге ертіп
апарып,келешегіне болжам жасататын болған. Қазақтың адамтанушылары бала келешегін
жан–жақты (алақан сызығы, маңдай әжім бедері, табан сызық сұлбасы, құлақ күнқағар
тамыры, саусақ тұяқтары, мең мен түйме, үн мен дыбыс, саусақ, аяқ, мойын, шаш бітімі, түр
түсін т.б.) бақылап өте дәл айта алатын болды. Ал ұлды тану оның нағашысын білуден
басталған. Қызды білу шешесін танудан бастау алған. «Жігіттің жақсы болуы
нағашысынан», «Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының айғағы. Балаларды бұл
жасында атақты адамдарға апарып аузына түкіртетін.Ұста, зергер, құсбегі, атбегі қатарлы
өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын. Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп,
алғашқы қадамын бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын.
Қыз бала жеті жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың басталуы деп есептеген), « ес біліп
қалды, етек – жеңін жинай-тын шақ болды” деп, қолғабыс жасау, даяшылық ету, анасына
көмектесу,іс қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тән білік-дағдыларды игерткен. Ол
үшін, олар біз ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік ұстап алаша, өрмек тоқуға
араласқан. Жүн түтіп, майдалап шүйкелеумен қатар ұршық ұстап жүн иірген. Шүйкеден жіп
есіп,бау құрастырған. Киімін жамап, түйме, түймебау қадаған.Су әкеліп, самауырын қойған,
шәйнек асқан, мосы көтерген, пеш жаққан, отын терген, кір жуысқан, мал сауысқан.
Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралық-бозбала (бойжеткен) сын кезең ұлға
да, қызға да бірдей.Балалықтан байсалдылыққа өтер басқа өткел де,жол да жоқ.Бірақ
олардың сол сыннан сүрінбей өтуіне сүйеніш болар адамдар:ата-ана,құрбы-құрдас,туыстуған екені белгілі.Қазақ ғұрпында,ана қызға ең әуелі ақылшы,әрі жанашыр.Ана ақылынан
титтей де аулақ кету, ауытқу болмаған десе болады.
Баласы жылағанның анасы жылаған, баласы қуанғанның анасы қуанған.Қазақта, қызы үшін
анасы отқа түсіп,суға батқан. Қыз барлық өнегені анасынан алған.Сондығы болар,«қыз ұяты
шешеге“ деген ғой.“Қыз жағадағы құндыз”.Ол баршаның бақыты.Көптің тәлімімен өсетін,
нәзік қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ. ”.Әдепті, тәртіпті қыз
ауылдың мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік.Бойжеткендерге “қырық үйден тию” қойып, «қыз қылығымен” дегенді.ерекше ескерт-кен.Бірақ
мұның бәрі де қыз тәрбиесі үшін жеткіліксіз(бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай
жүр).Бойжеткен қыздарға ата-әже, әке-шеше жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас
кейбір жағдайды шешуде өзі тәрізді тәжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек артып,сүйену
қажет?.Өмірдің өзі-”Жеңге,жеңге.” деп көрсетіп, сыбырлап: тұр емес пе?! Осы негізде қазақ
әулетінде “Жеңге мектебі” өмірге келген.“Қызы бар үйдің қызығы бар” болатындықтан әр
күн өткен сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп,жаңа тосын
жағдайлары көбеюі рас. Осының бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді?
7
9.
Әрине жеңге, ол болмаса әпекесі.Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы,бақбереке нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын
түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше.“Қызың өссе қызы жақсымен
көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол” дейтін қазақ атамыз келінін кейде “қызым”
дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю, бала асырап-күту, отбасындағы
еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала әулетте ерекше бағаланады.Ол ең әуелі өріс
кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ.Дүниеге қыз келіп,атаанасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Әсіресе,қазақтар тұң-ғышының қыз болғанын
қалаған.Оның себебі, «осы отбасына әлі талай ұрпақ келер,оларды асырап бағуға анасына
жәрдемші болар,қыз туса екен!»-деп армандаған.Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің
де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре білген,онымен үн қоса білген
жаратылысынан ерекше дарын иелері. Олар-ән-күй,өлең-жыр, қолөнердің небір баға
жетпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына
дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида еткен,өзінің ақ пейілді,
нәзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа таратып,ел есінде мәңгі
қалдыру ата салтымыз.Осы салтты жүзеге асырушылар- жезделер мен жеңгелер, балдыздар
мен қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа
тәрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады.Бұл тәрбие жақсы нәтиже
берді. Айталық,:қазақ халқында бір елді аузына қаратқан бәйбішелер, ердің құнын екі ауыз
сөзбен бітірген сұңғыла шешен қыздар, жаудың жігерін құм еткен,желігін жүндей түткен
адуын,асқақ,батыл әйелдер қаншама өтті!Он саусағынан өнер тамған қазақ әйелдері біздің
бай қолөнеріміздің төлиесі. Кілемнен бастап түндікке дейін,басқұр мен шымшиден бастап
босағаның бауына дейінгі ғажайып өрнек-оюлар, тоқылған, өрілген, сырылған бұйымдар,
оқаланған, зерленген, көмкерілген, жиектелген, ызылған таспалар мен құрлар, ұлттық киімкешектер, үй жиһаздары т.б. бәрі- бәрі әйелдер қолынан шыққан асыл да, бағалы дүниелер.
Бұл жеңге мектебінің сан қырлы іс-әрекетінің табысты нәтижесі.
Ұлттық тәрбиелеу дәстүрінде тәрбие мұраты өте айқын, әрі баршаға түсінікті еді.Оны
қарапайым тілмен жеткізсек;Өмірге, «епті де.есті ата-ана» дайындау болатын.
Ал,тәрбиелеу дегеніміз-баланың ықлас- ынтасын тарта отырып,ата-ананың өз айтқанына
көндіруі,діттеген мақсатына жетуі. Бүгінгі қазақ отбасының тәрбиелеу мақсатында, «епті
де,есті ата –ананы өмірге дайындау талабы қалпынша сақталғанАлайда,талаптың мазмұны
тереңдеген,өресі биіктеген,аумағы кеңейген.
Кешегі ата-ана қандай адамдар еді?
Тек ХХ ғасыр аумағында алып қарастырсақ,өмірге дайындалған сол дәуір ата-ана бейнесі,
сомдалған тұлғасы,кісілік келбеті,адамдық ажары,өмірлік көзқарасы,тіршілік тынысы, мінез
бітісі, рухани әлемі бүгінгі аға буын өкілдерінің көз алдында,көкірегінде,бекем
сақталған.Тіпті бірері ортамызда жүр.Ал,онан бұрынғы ана сипаты,үлгі-өнегесі, образы
күллі творчествалық еңбектерге арқау болып,бізге жеткен.Ұмай анадан Ұлпанға дейін,Хауа
Анадан Абаққа дейін Сақ Анадан Қарашаш Анаға дейін,Домалақ ене,Айша
бибі,Зере,Айғаным т.т., күллісінің ұлағатты-ғибраттары,үлгі-өнегесі жазулы-сызулы айқын
тұр. Бірақ, оларды,танып біліп,жинақтап бүгінгі үрпақ жаратарлық, ақыл-кеңес аларлық,
үлгі-өнеге тұтарлық,келер ұрпаққа мирас етерлік алтын қазынаға айналдыра алмай
отырмыз.(Басқа жұртта,Ана,Әке туралы энциклопедиялар, антологиялар,рәсім-тәмсілдік
баян-дар,үлгі өнегелік жинақтар мол-ақ.Зәулім еңселі ескерт-кіштер,күмбезі көк тіреген
кесенелер де бар).
Ананы сипаттап жазған Б.Бұлқышевтің бірауыз сөзін тыңдалық. «Шырылдап жерге
түскеннен-ақ сенің ең бір жақының,ең бір жақын досың,ең бір жақын ұстазың бар. Олана.Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып,тырмысып бауырыңа жабысатының,
шыжылдап уанбай жылағанда іздейтінің-ана.Ол саған бәрінен қымбат.Сен үшін ол жалпақ
дүниеден де үлкен.Сондықтан да сен бірақ жанды білесің.Ол-ана.» Сәби үшін,анасы кім
екенін білу үшін, оған бұдан жаттық,бұдан артық сөз болмас.
8
10.
Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұршапағынан нәр алып,бүр жаратынын атамқазақ ерте заманнан-ақ білген ғой.Алаш
баласының ананы айрықша ардақтап,есімін асқақ ұстайтыны да содан болу керек.Шынында
да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де,аузын айға білеген ақын, семсерін көкке
суарған батыр да,ой кенін қазған ғалым да,әлемді аузына қаратқандарын да анадан туған.
Туған халқының атақ данқын дәуірлетіп,дүйім дүниеге танытатын аналар емес пе?Иә,олар
қазақтың алтын құрсақты,абзал жанды аналары.Атам қазақ осындай аналарды арман етті
және сенімді түрде өмірге дайындады.Олардың арман мұраты тамаша табыспен орындалып
отырған.Сол бір еңбек пен тәрбие негізінде олар өмірге келді және олардың есімі,
өнегесі,ғибратты ғұмыры тарихта қалдыТіпті Аллаһ тағаланың өзі әз-ананы ерекше
жаратты.Аллаһ ананы барлық жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне сыйдырып,жан
дүниесі тек мейірімнен суарылған,жан-жағына
күннің көзі сияқты нұр-шуақ сеуіп
тұратын,көп қырлы жахут гауһардай етіп жаратты.Сулудың сулуы,әсемнің әсемі, асылдың
асылы –Ана ғана.Онымен теңдесер жаратылыс жоқ!Ананың алдындағы перзенттік парыздың
өтелмейтіні рас.Бірақ өтеу үшін жаныңды да аяма! «Жұмақтың кілті анаңның табанының
астында жатыр» деген ұлағатты сөз бар, қазақта.Ананы, барыңды салып бас иіп,алақаныңа
салып аяласаң, айтқанын орындап, құрметтеп құлдық ұрсаң, кілтке қолын жетіп қалуы
мүмкін.Үмітіңді үзбе,тырысып бақ! Пайғампарымыз (с.ғ.с.)дың өсиетін әсте есіңнен
шығарма: «Алдымен жақсылықты анаңа, тағы да анаңа,тағы да анаңа жаса!» Бүгінгі
ортамызда жүрген, кез-келген кейуанадан сұрасаңыз, кешегі аналар туралы айтатыны;«Ұлттық салт дәстүріміздің,әдет-ғұрпымыздың қай-мағы бұзылмаған,ол заманда,айрандай
ұйыған, ынтымақты бір қауым ел едік.Әжелеріміз бен аналарымыздың биязы мінезі, иманды
көңілі жібектей төгіліп тұратын. Еңбектің жампозы еді ау шетінен,» немесе «Сұм соғыс
басталғанда, тұлымшағымыз желбіреп,құлын тайдай асыр салып жүрген балалар бұғанасы
қатпаған күйі жұмысқа жегілдік.Міне осы кезде,мектептегі ұстазым да, еңбектегі тәлімгерім
де,үйдегі үйретушім да анам болды.Дәл сол кездің аналары, менімше, бұрыңғы аналарға,
бүгінгі аналарға ұксамайтын қажырлы да қайратты,сабырлы да салмақты,өжет те алғыр,
көмпіс те шыдамды ерекше сипатты еді.Бұл- ауыртпалық пен талаптың салдары ма,соғыстың
әсері ме,сол дәуірге сай дайындаған,ата-ана тәрбиесінің нәтижесі ме, тағдырының таңдауы
ма, білмеймін»деседі.Қай-қайсысының айтар сөзінде ортақ бір ой бар;«Іргесі
мықты,босағасы берік,көп балалы отбасына айналып,құт-береке дарытқан,ырыс-бақыт
әкелген ай маңдайлы аналарымыз ел намысы,абырой беделі жолында бар күш-қуатын,
денсаулығын да,бала шаға қызығын да сарп етті. Тынымсыз тіршіліктің қара нарындай
жегілген аналардың көбісі сұм соғыс салдарынан, ұлағатты ұрпақ сүйе алмай,ана болу
бақытынан айрылды,жетім мен жесірліктің қамытын киіп,тағдыр тауқыметін тартты.
Бірақ олар,бала тәрбиелеу ісінде жасымады, жалықпады. Діттеген мақсатына жете
білді.Алайда барлық жағдайда, төрт аяғын тең басып,Тәрбие атты Тәңіріңіз нұр шуағын
барлық бағытта шаша алмады.Кемшіліктер орын алды,мәселелер туындады Қазақ анасының
көркем бейнесін сомдаған, Ғ.Мүсірепов; «Ана-әйелді құрметтейік!...Адамда не қасиет
болса,бәрі күннің көзі мен ана сүтінен алынған,қасиетАнаның құрметі әлі жеткен жоқ !»
деп,ерекше екпінмен айтқан.
Қазақ шаруасына-ғұмыр бойы азды-көпті.жиған-терген мүлкі мен малына ие боларлық
ұрпақ, мұрагер ұлдың әр отбасында керектігі қай дәуірде де болды.Ол сонау патриархалды
отбасынан бастап күні бүгінге дейін мәнін жоймай келеді. «Ұлдың аты-ұл ғой шіркін,қашан
да,шаңыраққа ие болып қалатын.»Ең алдымен,әр дәуірдегі отбасы балаларын өмірдегі өз
қаракетін,өз тәжірибесін, қоршаған орта туралы өз түсінігін,әлем және жер
бетіндегі,қоғамдағы құбылыстарды өз пайымымен үйретуді парыз санаған.Ер баланы
тәрбиелеуде әкенің міндеті басым болған. «Ұл-ұяты әкеге».«Әке көрген оқ жонар», «Атаның
ізін-ұл басар.» Қазақ отбасында әке ұлына өз білгенін, өнерін,еңбек дағдысын айтып
үйреткен, жалықпай жаттық-тырған.Қазақ отбасында ер балаларды ерекше қадірлейтін.Тіптен оның ең алғаш атқа мінгенін де,бір жаққа жолаушы жүргенін де,алғаш рет
9
11.
шаруашылыққа араласқанында шашу шашып, қуанышпен атап өтетін, «тоқым қағар»,«тырнақ алдысы»деп жақын туыстары мен көрші-қолаңдарын шақырып кішігірім тойтомалағын жасайтын7Ұл туғанға күн туған емес пе. Шаңырақта ұл өсіп келе жатқаны, оның
бозбалалық шаққа жетуі үлкен ғанибет."Ертең сегіз қырлы, бір сырлы" жігіт қалыптасуы
шарт. Ол үшін үлгі-өнеге тәрбие қажет. Ұлдың бозбалалық шағында осы міндетті кім
атқаруға тиісті? Ол -жезде. Жезде мектебі осы негізде өмір тақауырынан қазақ қауымында
қалыптасқан. Жезде мектебінің бозбалаға өнер үйретудегі орны ерекше еді. Қазақ, өнердің
тегін нағашыдан іздесе, оның көзінің ашылуын, баулу әрекеті жезделерге байланыстырады.
Бозбалалар жездеде қандай өнер болса ең алдымен соны үйренеді.Жалпы қазақта жезде мен
балдыздар тең құрбыдай әзілдесіп, қалжыңдасады, ой түпкір-індегі жасырын сырларын
ашып бөліседі. Тіпті кәрі жезделер мен елағасы балдыздардың әңгіме-дүкені, қалжыңы үлгілі
мектеп еді.Жезде бозбалаға ғана емес бойжеткенге де ардақты ақылшы. "Жақсы бажа тауып
кел" деп тапсырып қана қоймай, өзі де тауып беріу үшін зыр жүгірген. Балдыздары жәбір
көрсе, есесін, тіпті өшін ондырмай қайтаратын. Қазақ атамыз осы себепті "Әкенің жақсысы
жездедей-ақ" деп баға берген ғой! Жезденің де, жеңгенің де міндетін қатар атқарған жезде
де, жеңге де көп болған. Қазақ ортасында "жеңгетайлық "атты міндет пайда болған.Оның
қызметі де, ақы-қақысы да есептеліп мөлшерленген.Адам өмірінде не болмайды? Әпкесімен
тұрмыс құрған жезделерінің басына түскен өлім мен қайғыны да олар тең бөліскен. Кей
жағдайда бойжеткендер әпкесінің орынын да басқан.Бұл салт жетімді жылатпай, жесірді
тентіретпей, асырап-сақтау үлгісінің бір көрінісі.Әпкелі-сіңлілі арулардың тұрмыс
шеңберінде бажалар тату-тәтті,ынтымақ берекелі өмір кешкен,бір-біріне қол ұшын беріп,
қарайласып тұрған. Осыдан келіп, "төрт аяқтыда бота тату,екі аяқтыда бөле тату" болған
ұрпақтар қалыптасқан.Бұл да, жезде мектебінің бір мақтанышы еді Қазақтың бай тәлімдік
жәдігерлерін тәрбие құралы ретінде қалай пайдалану керек?Олардың табиғаты,мәні мен
мазмұны қандай?Олардың көтеретін тәрбиелік жүгі қандай?Міне осы мәселелерді жанжақты анықтап барып,бала жанының бағбаны болуды арман еткен әрбір жан,осы үлкен
мұраны керегіне жарата алады. Кешегі күнгі ата-аналарымыз ешкімнің мәжбүрлеуінсіз, өз
ықтиярымен,оларды жүзеге асыра алды, қолдана білді емес пе?Бүгінгі ата-анаға оны игеру
сондай қиын болып па,оқу- тоқусыз қажетімізге асыра аламыз емес пе?-дейтіндер де бар.
Иә,отбасылық тәрбие тәжірибесі өте ұзақ жылдар жемісі.Бұл іс-шара отбасында
жүрілетіндіктен,бас ұстаздар ата-ана екендігі,ол іс- шараны кез- келген ата-ана орындай
алуы тиіс.Ол іс-шараның жүрілу реті мен мазмұны барлық ата-анаға белгілі болуы
қажет.Осы мәселелер жүзеге асу үшін ұзақ уақыт талап етеді.Ол,бізге,салт-ғұрып
дәрежесінде жеткендіктен, былай қараған адамға дайын дүние тәрізді көрінуі мүмкін.
Ал,осыларды,қайтара түлетіп,жандандыру қажет болғанда, тәуелсіздік әкелген тамаша
мүмкіндік туған кезде,әулет мектебін жұмыстатпақ болғанда, ауданымыз абдырап қалдық.
Алайда,әулет мектебінің тәрбиелік,үлгі-өнеге көрсету әрекеті тек әдеп-ғұрып аумағында
жүзеге асырылатынын қазақ халқы тым ертеден білген.Тілі шықпаған,есі кірмеген,
шақалаққа, ән-күй,жыр-тақпақ музыка,ойын-ойыншық арқылы әсер етпесе басқа жол жоқ
еді.Сол әдет-ғұрыпты жасай алатын ата-ананың өзі, сол әдет- ғұрып арқылы тәрбие көрген
болуы тиіс.
Дүниеге ұл келгенде,оған үлкен үміт артып, «мұрагерім»-деп мақтан тұтқан.Екеуі де ер
жетіп,азамат болып,бір-бір үйдің иесі болып кеткен немесе «Ұлын ұяға қызын қияға
қондырған»,ата-анадан бақытты кім бар,шіркін!«Қыз өсірдім-бой жетті,еріне кетті,ұл
өсірдім-ер жетті, үйіне кетті»-деп,бір дамылдап қалу қандай ғанибет! Жақсы ұлшаршасаң-қолтығыңнан демейтін сүйенішің.Ошағыңның отын сөндірмейтін ізбасарың.
Ұлының ержетіп,үй-жайлы болуына әке-шеше борышты.Сондықтан,олар ісімен,
сөзімен,жатса да,тұрса да,тәрбиесін аямаған.Ұл-қызына өмірлік серікті іздеуге көмектесетін
де солар.Әдепті жердің,текті әулеттің қыздарына көз қырын сала жүреді.Ұлымен ақылдасып,
болашақта қандай жанұя болу керектігін айтады. Ұлдарына ең сенімді ақылшы,жанашыры
ата-ана
болғандықтан,оларға
құлақ
асу-парыз.«Қыз–ырыс,ұлқоныс».
10
12.
Ертеде,әр ауылда топ басы, ауыл басы деген азаматтар болған еді. Қазақ, ұлдарын жоқдегенде солардың деңгейінде көргісі келетін.Сонда, олар не істеп,қандай қызмет
атқарған?Олар,әр ауылда өтетін торқалы той мен топырақты өлімді ұйымдастыратын,арнаулы қонақтар мен сал-серілердің думанын өткізетін, іске епті,аузы дуалы, ауыл
серкелері болатын.Олардың ортасында,сол ауылға
күйеу -әулет мектебінің бас
ұзтаздарының бірі саналатын ұлдар мен қыздардың жездесі де бар еді.Балдыздарының
бақыты үшін -жан аямай жүгіретін, салтанат мерекенің сәнін келтіретін асаба,әншікүйші,палуан, мергендерді тауып дайындап, жүйрік,жорға,бәйге аттарын сайысқа
даярлайтын нағыз даяшы адамдар болатын.Бозбалаларды өмірге дайындаудағы жезденің
орны ерекше болатын.Қазақ, «әкенің жақсысы жездедей- ақ» -деп оны өте жоғары
бағалаған.Той томалақта,құдалар арасында ұсақ-түйек келіспеушілік шыға қалса,жезделер
үшінші жақ болып қатысып, дереу мәмілеге келтіретін,билік айтатын төреші де бола
білген.«Жігіттің де жігіттік ниетінен байқаңдар,ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан бар»дейтін халық,жігіт сынын әр кез,айтып,оларды тану жолын көрсетіп, бойындағы жаман
мінез,сөлекет қылық,тұрлаусыз әдеттерін жойып отырған. Міне,осы істе жезделерді барынша
пайдаланған.Бозбала шағында өнерді де.,өлеңді де,жігіттікті де жездеден үйренген.Қазақта
«жігіт сыны,қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды танып-білу ережесі, жақсы-жаман
қыздар мен жігіттердің ішкі-сыртқы санасын,мінезін,жүріс-тұрысын, ақыл-ой парасатын
бағамдайтын өлшем қалыбы да бар. Ұл және Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын, жырау
жоқ.Адамтанушы Шалақын;«Бір жігіт бар-құр жан,бір жігіт бар-тірі жан,бір жігіт баржігіт жан.Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны бар, ешнәрсені бітірмейді;тірі жан
дейтін бар тапқанын киімі мен асқа сатар жақын көрген досын жатқа сатар, қызыл
белбеу шонқима етік,үкі тағып,әркімді бір сықақ қылар;жігіт жан дейтін жігіт-сегіз
қырлы бір сырлы болар.»Ал,қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі,Қыз онбесте келеді
түзелгісі, Аяғын көр асын іш деген сөз бар,Шешесін көр қызын ал,сол белгісі. Уа,жігіттер
әйел алсаң қарап ал,ақылдысын,Ол сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың
мақсатын ашып берген.Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы көрікті болады.Аллаһ
тағала ондай ұрпақты, киімшең аспаннан, дайын лақтыра салмайды.«Бала- бақшадағы
гүлің,оны тәрбиелеу үлкен ғылым».Алайда, «Ұлын асырай
алмаған
құл етеді, қызын
асырай алмаған күң етеді». Мұның бәрі тәрбиеден.Қазақ үшін Ислам діні осы
тәрбиелік қуатымен,өте етене,тым жұғымды болды.Мұсыл-мандық тәрбие-қазақтың дәстүрлі
тәрбиесін алға сүйреген-діктен,ең пәрменді тәрбие құралына айналды. Кәзір оларды бірбірінен айыра қарау,қарсы қою тіптен ақылға симайды. Ибалы қыз тәрбиелеп,асыл аналарды
өмірге дайындауда,қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы өте зор
болды.Сондықтан,неке қию,қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты ,ежелгі әдет-ғұрыппен
ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал, бозбала,бойжеткен тәрбиелеу ісі
сахих хадистерге сүйеніп жүргізілгендіктен, ол ұлттық тәрбиенің таңдаулы құралы ретінде
қалыптасқан.«Қыздар-олар мейрімді,игі жандар.Бір қызы бар адамды Аллаһ тағала тозақ
отынан сақтайды.Екі қызы бар адам,солардың себебімен жәннатқа кіреді.Ал үш қызы бар
немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам,оларға қамқоршы болса,оның
мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі».(Анастан Дилми риуаят еткен)
Пайғампар(с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың, әйеліне және қыздарына жақсы
қарайтындарың»(Хадис Шариф) Бұл қағиданы заң деп түсінген қазақтар қыз тәрбиесіне
ерекше мән берді.«Қыз өссе елдің көркі», «Қыз жағадағы құндыз»,«Қызы бар ауылдың
қызығы бар»-деп білген халқымыз,оларды ерекше сыйлап: «Қыз –қонақ»-деп,төріне
отырғызды, мәпелеп бақты, «қыз қылығымен»-деп ибалы, инабатты бойжеткен болғызып
өсірді..Оған арнап талай қызықтар мен ғұрыптарды,мерейі өссін деп неше түрлі мереке лерді жасады.Киім-кешегінен тартып,жасауына дейін жабдықтады.Енді міне,қалыңдық
атанар жасқа да келіп жетті. Хадисте;«Діндарлығы мен мінез-құлқы көңілдеріңнен шығатын
жан жолықтырсаңдар, қыздарыңды тұрмысқа беріңдер!.»-делінген.Шариғатта қалыңдық
айттырып, құда түсуді «хитба» дейді.Оның шарттары да бар.Бұл шарттардың кейбірі,қазақ
11
13.
салтында ұзақ сақталды.Пайғампарымыз(с.ғ.с.) өзінің бір хадісінде; «Кімде кім бір қыздыайттырғысы келсе,оған мұқият қарауына рухсат,егер шынымен де айттыру мақсатында
болса.Қыздың (оны көргендігін)білу шарт . емес»-дегенде,қыздың жүзін және денесін тек
білекке дейін қарауға рухсат етілген.Қыз туралы пікірінің нақты болуы үшін, шариғатта,
онымен бірнеше рет жолығуына мүмкіндік беріледі.Бірақ,қыз жалғыз келуге болмайды.Екеуі
ғана кездессе,үшінші болып,шайтан тұрады ғой!Алайда,некелескенге дейін,бір-бірінің қолын
алып сәлемдесуге,денелерін тигізуге тиым салынған.Ал,мұсылман қыздар,басқа дін өкілімен
некелесуге де шек қойылған.Алайда ұлдарға рұқсат. Бұқар жырау:«Қалмақтан алсаң маһи
бір зайып.Сүйегіңді жоғалтпас.Отының болсын жантақтан. Қатының болсын қалмақтан.»
Қалмақ -қазақтың ата жауы еді.Діні де бөлек.Жауың болса да,басқа діндіден,қатын алып,
оны өз дініңе кіргізіп алсаң,нағыз жиһад дегенді мензейді.Сөйткен,Бұқар жырау, Абылайға:
«Қатын алма қарадан,қара тумас сарадан.Қатын алсаң қарадан,Алды кетпес баладан, Арты
кетпес жаладан.Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды, Төре
болар ұл туса,Аузы кетпес парадан...»Абылай-қара да,төре де,сұлтан да,хан да бола білді.
Қалмақ, башқұрт, қырғыз, қазақтан он екі әйел алды,жарты жүзге жақын ұрпақты болды.
Қазағым, қалыңдықты былай таңда дейді:«Қатын алсаң қайыс белді торыдан ал,ол болмаса
аққұбаның зорынан ал,ол екеуі болмаса қажымайтын қарадан ал.Осы үшеуі болмаса,өзі
сары көзі көк,былжыраған сөзі көп,дәл осыған тап боларсың.»Жар таңдау
негізінде,батыр,шешен, ақын, сал-серілерге тән болған.Жетім ұлдар мен жоқшылық қолын
буған жігіттерге қыз таңдамақ тұр ғой,көп әйел алмақ тұр ғой,бір ғана қалыңдыққа қол
жеткізу оңай болмаған. (Кірме,күшік күйеу.) Жар таңдау тек жігіттерге ғана тән емес,ерке
шолжаң немесе көрікті де кербез, байдың қыздары таңдаудың кесірінен отырып та
қалатын.Олар көн етіктіге бармайтын, көкетіктілерге өтпейтін.Сондықтан, қазақ, беталды
менсінбеушілікті,таңдаудағы өрескелдікті ұнатпай;«Тым таңдаған,тазға жолығады»-деп
ескерткен.Алайда,қазақтардың тұрмыс құру, үйлену салты өз ерекшелігімен қалыптасқан.
Мысалы:бел
құда,бесік
құда,атастыру,айттыру,қарсықұда,
және
әменгерлікпен
үйлену,кішілік алу,сияқты көп жақты тұрмыс құру жолдары бар болған.Ал,кәзір тұрмыс
құру, некеге тұру,қыз ұзату,келін түсіру салтанаттарында дәстүрлік бірер жол -жоралар
сақталғанмен, заман талабына сай, түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Тәрбиелік денгейі әр
жерде,әр түрлі өтіп жатыр.Бозбала-бозым,боздағым -кемелденген ұл деген сөз. Бойжеткентолықсыған,өнегелі,ибалы өнерлі қыз.Бұл шақта екеуінде ортақ: арман-қиял,балқутолқу,сергек қимыл, алып ұшқан албырттық,қанын қайнатқан жастық жалын,зор күш
қуат,терең талғам бар. Балалық нәзік махаббат,үлбіреген сезім де осы шақта шарықтай бастайды.Қазақ қызды ұлдан жылдам ер жетеді деп санайды. Ұлды онбесте отау иесі десе,қызды
он үште оң жаққа шығарған. Алғашқы мүшелден бастап,онбеске дейін, қыздың жар болар
жасы,қалыңдық аталар шағы деген.Қызға қырық үйден тию,ұлға отыз үйден тиым дегенде де
осы түсініктің түбірі жатыр.«Ұзақ таңда ер жігіт қайтып шыдар,сары майдай толықсып қыз
жатқанда».Міне,осыдан келіп, жар таңдау салты қалыптас-қан.Бұл тірлікте қазақтың жар
таңдау салты да,талай бұралаң жолды басып өткен.Оның көптеген әдет-ғұрпы қалыптасқан.Тіптен жеңге-жезде мектебі аталатын,әулет мектебінің бір түрі өмірге келіп, екі
жастың арасын жалғап,табысуына жәрдемдесетін, ақыл кеңес беретін жеңгетайлық деген
қызмет пайда болған,олардың қызметіне төленетін ақы-қақы да белгіленгендігін жоғарыда
айттық. Аллаһқа тәуба,Әйтеу!
Міне,Ұл-қыз айттыруға аттанып барады. Енді ол бозбала емес,жігіт атанады.Бірақ бәрі де
бірден сәтті бола қалмауы мүмкін.Келешек қайын жұртында:«Қыз көретін жігітті,әуелі біз
көрелік!»-деп, сынай қарауға әзір,сыр тартуға дайын жігіттер де,келіншектер де
баршылық..Сәтін салғанда, «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығып»,арманының
алғашқы қадамы сәтті болды. Қазақ жігіті деген ардақты ат осыдан бастап «ата» аталғанға
дейін жалғаса береді.Елудің өзін жігіт ағасының жасы дейді.Қыз өсірген ата-ана,бүгін
қыздарын құтты жерге қондырудың алғашқы қадамын жасадыБойжеткен ендіқалыңдық аталады.Ал.қыз деген атау,қазақта, қалыңдық, келін, келіншек жасында да жалғаса
12
14.
Қазақтар келінді де, келінбереді. -шекті де «қыз»-деп, шақырады, «әй,қыз»-депқаратады.Бұл-«қазақ қызы»-деген, өте ардақты да,киелі атау екендігін көрсе-теді.Қыз
ғұмырында,қалыңдық аталғаннан бастап, тәрбиелеудің ең күрделі кезеңі басталады. Ол:
қалыңдық тәрбиесі және келін тәрбиесі деген екі кезеңнен тұрады.Ал,жігіт үшін,осы
шақ,бақыттан басы айналған,күнде қызық думан,той мереке ең жырғаулы шақ.Қазақ айтады
ғой: «Қыз күнінде қыздардың бәрі жақсы, шығады жаман қатын енді қайдан?»-деп.Оның
шығу себебі: қалыңдық
және келін шағында берілген тәрбиенің осал-дығынан
болады.Таңдайтын жарың қандай адам болу керек?, жар таңдағанда нелерді ескеру керек?
қатарлы мәселелерге, жауап беретін адамтанушылар да болды.Қазақтың ақылмандары
мөлдір махаббат,пәк сезім,сенімді жар,ақылшы да сүйеніш боларлық жұбай мен зайыбқа
қатысты ұшан теңіз көлемді,терең мағыналы рухани мұра қалдырды.Ол бір ауыз аталы
сөзден бастап,күнді -күнге, түнді- түнге жалғап жырланатын,жүздеген жыр дастан болып
бізге жетті.Олар кешегі бозбала,бойжеткен кәдесіне жарағандай, бүгінгілерге,керек десе
ертеңгілер сұранысына толық жауап беретін асыл мұра.
Қыз он беске жеткенде талма мойын
,
Он алтыда қыздардың қылса тойын,
Он алтыдан асқан соң болмайды ойын.
Қыз он беске жеткенде кесте алады,
Жаман менен жақсыны еске алады .
Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.-деп, бойжеткеннің
тұрмысқа
шығу
жасын,Шалақын
(1748-1819)
ашық
айтқан,ол
жастағы
қыздардың
сынын
сипаттаған.Шалақын:
:
Екі қатын алғанның дауы үйінде.
Жаман қатын алғанның жауы үйінде,
Жақсы қатын алғанның тойы үйінде,
Жаман қатын алғанның соры үйінде
Салақ әйел ауы да болар тесік
Қолын тығып қасуға оңай десіп,
Тағдырда маңдайыңа жазған болса,
Табиғаттың ісіне амал нешік.-деп әйел сынын да жырлайды.Жалпы,Шалақын
адамның жас ерекшелігі мен оның даму кезеңдеріне өте мән беріп,терең түйіндер жасаған
жыршы,адамтанушы болған.Әйел туралы деген өлеңінде:-Қарауыл қана дейтін бір қатын
болады;Тәңертең тұрады,түндікті оңынан ашады,кетіп бара жатқанға көз салып,өтіп бара
жатқанды адал алады.Екінші әйел қыналы бармақдейтін: аз нәрсені көптей қылады,көп
нәрсені көлдей қылады,киіміне кір жуытпайды,асына қылшық тұрмайды,дүниесінің бәрі
таза болады,ерінің бары жоғы білінбейді.Ер егіз, еңбексіз жалғыз деген, осы талайлы
ердің қолына түседі.Үшінші-ашып атар, жатып ішер...бастама етік көрпілдек,сиыр жапасы
сырпылдақ-сормаңдай
ерге
жолығады.»-деп,әйел
жұртын
ажырата
отырып,
саралайдыАл,Қорқыт ата (ҮІІІ-ІХғ.) әйелдерді төртке бөледі: бір тобы отбасының тірегі,
үйдің қуаты, қонақжай,үрім-бұтақтары өсіп-өнген жандар. Мұндайлар, «Айша мен
Фатимадан бата алғандар».Әйел қауымының екінші бір өкілі ынсапсыз, қанағатсыз,есілдерті тамақ,мәселен бір шелек айранды басына көтеріп,қарнын қампитатын,содан соң
маңдайын сабалап,жылына бастайтын,доптай домалақ жан.Әйелдердің үшінші түрі-салдырсалақ,түске дейін ұйық-айтын,кірқожалақ,дүние–мүлкі,төсек-орны жиналмай шашылып
жататын,қазан аяғын ит жалап.үйіне тайынша бұзау сүйкеніп,сауылмай сиыры мөңіреп
тұрған үйдің «иелері».Бұл өсек айтып,есік-тесіктен сығалап, түске дейін қыдыратын үрген
доптай әйелдер.Бұлардың төртінші түрі-адам тілін ал-майтын,қасарыспа,кесір,барынша
қырсық әйелдер.Қанша айтсаңда баяғысындай міз бақпайтындар.Бұлар ері: «Орныңнан
тұрып,нан әкел,желік,қонағың да жесін»-десе,әйелі: «Үйде піскен нан жоқ»,дейді.«Барыңды
бер»-десе әйелі; «Не сандалып отырсың,үйіңнің әлде қашан қу молаға айналғанын білмей13
15.
сіңбе!.Дастарханыңды төсегеніңмен берерім жоқ,»-деп барма-ғын көрсетеді, еріне сыртберіп,дастарханын кісі алдына лақтырып тастайды.Араларында, он ғасырлық уақыттың
айырмашылығы бола тұра, екі адамтанушы ғұламаның, әйел затына берген бағасы-бүгінгі
біздің қоғамдағы әйел қауымының хал- ахуалына дәл келіп түрғаны,олардың көрегендігі мен
данышпандығының айғағы болмақ.Жоғарыда келтір-ілген,қазақтың қос данышпанының сол
дәуірдегі әйелдерге берген бағасының нашар деген тобына жататындардың шығуы
да,олардың қалыңдық және келін кезінде дұрыс үлгі өнеге алып,тәрбие берілмеуінен
болған.Ал бүгінгі таңдағы, қазақ әйелдерінде кездігетін олақтық, салақтық,солақай мінез
шәй-паулық, көк бет долылық, безбүйрек тасбауырлық, кесір кере-ғарлық та қалыңдық, келін
шағында оларға дұрыс қарамаудан,ата-ана,ата-ене тәрбиесін көрмеуінен, ырыс берекенің
таяздығынан,әлеуметтік жағдайдың төмендігінен болады.(Ең қиыны біздің дәуірімізде
оның саны үнемі артып келеді.) Осының бәрі олардың жүйкесін жұқартып,бір-бірін
түсінуден, кешіруден қалтырып, ақыр соңы ажырасуға апарады.
Қазақ ұғымында бала бес жастан бастап өзіндік дәурен кешеді.Бұл жастағы баланы «ойын
баласы» дейді,олар қос қолынан тәй-тәйлеп жетектеп кеткен балаларға сіңісіп,үйреніп,
оларға баяғыда бауыр басып кеткен болатын.Тұсауы қиылған сәбидің бұл шақта өзіндік
ортасы бар,ойын-басты іс-әрекетіне айналған, үлкендерден «азат» ғұмыр кешуде.Жеті жасқа
дейінгі сол бір шақты,біз, «мектепке дейінгі жас» деп келдік. Үштен алтыға дейін сәбидің
тамаша тәрбие отауы-балабақша тұрмысымызға етене сіңісіп алды.Осының бәрін
ескерсек,әулет мектебінің тәрбиелеу құралдарын қайда?,кімдер? пайдалануға тиіс болып
отырғандығын аңғарамыз.Сонау замандағы, Аристотельдің өзі: «Баланы жөргегінен бастап
барлық жақсы қасиеттерге баулуға болады және бала жеті жасқа дейін өзінің отбасында
тәрбиеленуі керек,ең бастысы кішкентайлар үшін олардың дене мүшелерін дұрыс
жетілдіру,дұрыс тамақтандыру, шынықтыру керек,»-дейді.Ал, Платон, баланың ішкі
жандүниесінің көрінісі-сезімталдыққа ерекше мән береді.Ол балаларға аңыз-әңгімелер,хиссажырлар оқып беруді,ән салып,би билеуді,түрлі ойындарды үйретуді нұсқап,оларды тәрбие
құралы ретінде аса жоғары бағалаған.Әулет мектебін-дегі,ата-әже,әке-шешелеріміздің
тәрбиелеу шаралары,жоғарыда
аталған ежелгі ой алыптарының пікірлерін, өз атабабаларының өсиетіндей орындағаны байқалады.Мүмкін,оларАристатольді, Платонды естіп
білмеген де шығар.Олардың асыл ойын,Аль-Фараби оның шәкірттері,ізбасарлары қазақ
қауымына дамытып жеткізген шығар?Дәл айту қиын -ақ.
«Ойын ойнап,ән салмай.өсер бала бола ма?»Сондықтан,бүгінгі таңда, отбасында болсын,
балабақшада болсын дәстүрлі тәрбиенің амал-тәсілдерінің маңызы,алар орыны, артпаса
кемімегені көрініп тұр емеспе?!
Қашанда,елін,Отанын сүю-халқымыздың озат мирасы.«Отанға деген тамаша да мәртебелі
сезімнен тек қуыс кеуде адамдар ғана құр қалады»-демекші,ата-бабамыз ақ сүтін беріп
өсірген анасын қалай сүйсе, елін, жерін,Отанын солай сүйген.Бұл сезім халыққа жаппай
қалыптасу, сіңу жолы үлкен тәрбие мен талмас қажыр-лықты,ұзақ та жүйелі іс-қимыл мен
ұласпалы шараларды талап ететін.Нәресте өмірге келген шамалы уақыт ішінде,ата–әжесін,
әке-шешесін, ет жақын туыстарын танып «туысжанды», тусауын кескен соң «ауылжанды»
бола бастайды.Отан от басынан басталатыны да осы.Ауыл балаларының қатарына аяғын
баса сала қосылады.Бұлай үзілмес үрдіске ұрынған нәресте өз Отанын,өз халқын,өз тілін
жалынды жүрекпен сүйе білетін және ұрпағын да соған баулитын «ұлтжанды» азамат
болып.бара-бара қалыптасады. Бала қызықтарын балалар мен қариялар ортасында өткізуді
қалайтын себебіміздің түпкі мәні осында жатыр. Қазақтың небір елін,жерін,тілін,салтдәстүрін аялап сүйген атпал азаматтары,нағыз ұлтжанды, халқына қызмет етуге жанын,
аямаған тұлғалары: әуелі ата-анасын, туысын, ауылын тайпасын,руын құрмет тұтқан,мақтан
еткен. Ұлтжандылық оларға осы негізде қалыптасқан. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпақ, осы бір
асыл жолды адаспай тауып жүруі дұрыс,әрі,ол жолдың бағыт–бағдарын біздер,аға ұрпақ
нұсқай білуге тиіспіз.Ұлтжандылықтың біз атаған көп «сатысынан»,бұралаң жолынан
шошынудың қажеті жоқ.Отбасында ата-әже,әке-шеше, аға-бауыр бала тәрбиелеу ісінде
14
16.
олардың шама-шарқы жетпей қалуы ықтимал.Ондайда әулет шеңберінен көмексұралады.Олардың да ауқымына симайтын мәселе туындаса ше?Ауыл аймақ, тайпа,рулы ел
ішінле шешілген.Онда да, баланы оқыту, тәрбиелеу барысында қиындықтар кезіккен.
Осылай, мектептің жаңа түрі өмірге келген.Мысалы,медіреселер, мектептер. Балабақшалар.осы негізде, бір-шама баланы, жасына сәйкес бір топқа сиыстырып,окытып тәрбиелейтін
жүйедегі сыныптық осы заманғы мектептер пайда болған.Екінші жағынан,әулет мектебі, тым
ұзақ жылдар бойы барлық жұртта болған,кәзірдің өзінде,сыныптық жүйедегі мектептері
жақсы дамыған елдердің өзінде де бар.
Сондығы
болар,
Әбу
Наср
әл-Фараби(870-950),
Ы.Алтынсарин(1841-1889),
Ш.Уәлиханов(1835-1865),А.Құнан-баев(1845-1904),Ш.Құдайбердиев(1858-1931),
А.Байтұрсынов(1873-1937),М.Жұмабаев(1893-1938),Б.Момышұлы(1910-1982)
сияқты
ұлт
ұстаздарының әулет мектебінде бала тәрбиелеу жолы,құралы,әдіс-амалы туралы айтқан
пікірлері сонау ерте замандағы дана ойшылдар Сократ,Платон, Демокрит, Аристотельдердің
түйіндерімен сәйкес келуі,ол заманда да әулет мектебінің болғандығын дәлелдейді.Ол
кездегі отбасында баланы бағып күту әдісі(дұрыс тамақтандыру,денесін шынықтыру),
тәрбиелеу құралдары, (аңыз-ертегі,жыр-хисса оқып беру,ән салып, би билеу, түрлі
ойыншықтармен ойнату) бүгінгі бізбен бірдей.Әулет мектебінің тәлім-тәрбие беру,оқытып
үйрету ісін ұйымдастыру амалын, тәрбиелеу жолын, тәсілдерін жинақтаған мол тәжірибе
қорын-халық педагогикасы деп жүрміз.Халық деген сөз-Аллаһтың бір есімі екен,оның
мағынасы «жаратушы», «жасаушы» дегенді білдіретін көрінеді.Қазақ халқы сан қырлы
мәдениетті өмірге келтірген,жасап керектенген,жаратып алған, мың түрлі өнерді
тудырып,талай жүздеген кәсіпті игеріп,ғажайып ғаламаттарды тұрғызып та, туғызып та
келген .Алайда,анда–
санда,онан мұнан:«Ұландарымызға ұлттық тәрбие жетіспейді»,
«Бек ұлды, пәк қызды» немесе «Айдарлы ұлды,тұлымды қызды» бізге Аллаһ Тағала нәсіп
етпеген бе?-деп дыбыстап қоятынымыз болмаса, «бек ұл,пәк қыз, бозбала, бойжеткен,қазақ
жігіті,қазақ қызы деген мынандай болған»-деп,соқырға таяқ ұстатқандай сипаттап, бейнелеп,
кескіндеп көрсетіп,нақтылап берудің орнына, олар туралы құр сөзбен сипай қамшылап,ұзын
арқан, кең тұсаумен жылжытпалап келе жатырмыз.Оларды; «халқымыз былай жаратқан,
ұлттық тәрбие мынандай-мынандай жолмен, әдіспен амалмен жүргізілген»-деп ғылми бағытбағдар көрсететін, Қазақстан тәлім-тәрбие ілімінің шоқтығы аласа тұр.Тәрбие- әрекетсіз
нәтиже бермес, іске аспас.Шығыс халықтарында,тәрбие жүз жылдық деген мәтел бар.Осы
күндері,өткен ғасырда жасаған тәрбиелеу іс-әрекетіміздің нәтижесін
көріп,табысына
қуанып, кемшілігіне мұңайып,абзалын ардақтап,азабын тартып жүрміз. Ал,Егемендікке қол
жеткеннен бергі шамалы уақыт ішінде.жас өспірім,жастарды тәрбиелеуде жан-жақты
талпыныс жасаумен келеміз. Нәтижесінің білінуі,аңғарылуы тым ұзақ уақытты талап
ететіндіктен атүсті қорытынды жасау ағаттық болар. Батыл түрде айтарымыз:-Жас ұрпақ
тәрбиелеу ісіне,мемлекет болып,халық болып,ел-жұрт болып барлығы назар аударып
отыр.Ұлттық тәрбиелеу дәстүрінде тәрбие мұраты өте айқын, әрі баршаға түсінікті еді.Оны
жалпақ қазақ тілімен жеткіз-сек;Өмірге, «епті де,есті ата-ана» дайындау болатын.
Ал,тәрбиелеу дегеніміз-баланың ықлас- ынтасын тарта отыр-ып,ата-ананың
өз
айтқанына көндіруі,діттеген мақсатына жетуі.Бүгінгі қазақ отбасының тәрбиелеу
мақсатында, «епті де,есті ата-ананы өмірге дайындау»талабы қалпынша сақталған.
Алайда,талаптың мазмұны тереңдеген,өресі биіктеген,аумағы кеңейген.
Екіншіден,тәрбиелеу құралының саны артып жаңа мүмкіндіктер туғанымен,отбасындағы
тәрбие ісіне қатысушының саны азайып,олардың жауапкершілігі босаңдаған.Кешегі отағасыәкеде суық қабақ,отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы қарттарда ақылман абыздық болған.
Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін
желкелеп отырып жөнге салатын айбары,жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра
алатын уыты,дөрекілерді жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі
бәрі болған.Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ,балажағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу
15
17.
ата салтымыз. Отбасында,әкенің отырар орыны,жатар жайы,ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарарқызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала
үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап,
ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты
әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана
болмас»,«Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен
салмақты-ақ.Айтайын
шын
жүрекпен,Әке
деген
ардақтыат.Ту
етемін,
қашанда,Әкетайым,ардақтап!»Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық
үрдісіміз негізі осал емес!(Ол -олма,әкелер, ұрпағының келешекте жан бағып, тіршілік жасар
кәсібін,талғажау ететін «нан-бауырсағын» балаларының жанқалтасына салып беретіндін-ді).
Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы кем.Ананың мейірімі
көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік
қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ.Ал бүгінгі,өмірдегі оның ахуалы
қалай?Қазақстанда отбасының саны 3,5млн.Оның 240 мыңының бала саны 4 және онан
көп.Жыл сайын 140-160 мың отбасы шаңырақ көтерсе,ажырасатын отбасылардың саны 41-48
мың аралығында.Бұлардың 80-ге жуық пайызы балалы отбасы.Балалар үйінде тәрбиеленіп
жатқан, ата-ана мейір-іміне зәру балалар мен аз да болса темір тордың аржағында отырған
жас жеткіншектер қосылғанда, халық санының едәуір бөлігін құрайтын 1-19 жастағылардың
бір
тобы жетімдер аталып,біздің қоғамда өсіп келеді,әрі әкесіз (кейбірі анасыз) ұрпақ
тәрбиеленіп жатыр.Әке-шешеден тең тәрбие алмаған ұрпақ, ертеңгі күні отбасылық
құндылықтарды бағалап қадірлей ала ма?(Бұл өткен ғасырда қазақ отбасына келген үлкен
апаттың қалдығы,арылмай келе жатқан азабы. Зілзаладан кем емес тауқымет.)Бұларға діни
және ұлттық тәрбие дәстүрлерін, тәрбиелеудің замануи жолдарын ұштастыра отырып, ықпал
ету қажет болып отыр.Оларға оқу білім үйрету,кәсіп игерту, мамандық иелендіру,өмірге
дайындау ісі ұстаздардың қажырлық пен епті-лік деңгейі жоғары,тәрбиелеу өнері өзгеше
болуын талап етеді. Ата-ананың тәрбиедегі орны, әр жағдайда әр түрлі болғанымен түпкі
мақсаты, оны жүзеге асыру амалы бірдей,атқарар қызметі ортақ.Бірінсіз бірінің тәлімтәрбиелік қуаты,өнегелік үлгісі жетпей жатады, пәрмені төмен болады,дәрмені осал болады.
М.Жұмабаевтың ақын болып қалыптасу негізі туралы жазған мақаласында,Ж.Аймауытов:
«Бір жағынан, үй іші –әкеге,әлеумет рубасына бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген қазақ
ортасында туып-өскен болса,екінші- татар медіресесінде оқып,түрікшілік, исламшылдык
рухында тәрбиеленсе,үшінші- патша саясаты шымбайға батып,отаршылдық зардабы
қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса,төртінші-орыс зиялыларының
қаймағы бұқарашыл,халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесіншісі-батыстың қала берсе,
орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдық школынан сабақ алса,енді
Мағжан қай пікірдегі ақын болып шығу керек?Сөз жоқ,Мақжан ұлтшыл, түрікшіл,
санашыл,дарашыл ақын болып шығу керек»-деп,жазған.Иә,біздің аталарымыз, «үй-іші
әкеге,әлеумет рубасына бағынған,тапқа жікке бөлінбеген қазақ ортасында туып өсті.»
«Әкеге
бағыну-Аллаһқа
бағыну»деген
екен
Пайғампарымыз(с.ғ.с.).Ал,біздер
анамыздың:«Әкең келе жат-ыр!»-деген бір ауыз сөзін естігенде,әке алдында мінез-құлық, ісәрекетімізден, емтихан тапсыратын шәкірттей дайындала-тынбыз. Әкеміз бізге-пайғампар
еді. Ата-анаға сәбилері періш-телер еді.Айналамыздағы туыстар біз үшін сақабалар болатын..Баршаға жар салып, М.Жұмабаев: «Күн шығыста ақ алтын бір сызық бар:Мен
келемін,мен пайғампар-Күн ұлы.»-деді емес пе? Күні бүгін қазақтар өзінен үлкендерді;
«Пайғампар-пейілді,пайғампар-ниетті,пайғамар-көңілді, пайғам-пар жастағы»-деп сыйлап,
құрметтеп, сөз тәмсілі етеді.Ана үйдің шырағы,әке үйдің пырағы. «Ана-сая болар бағың
болса,әке-асқар тауың» дейді қазақтар.Отбасының алтын қазығы-Ана.Ана тәр-биесі
қызға,әке тәрбиесі ұлға үлгі.Ана-ақылшың,әке-қамқор-шың,аға-қорғаушың,інің сүйенішің,
қарындасың-қанатың.Қазақ: «Әйел мен ер -екі жарты бір бүтін»- деген.Әйел денедегі жүрек
болса,еркек сол денедегі ақыл іспетті.Жүрек ақылсыз,ақыл жүрексіз өмір сүре алмайды.Екеуі
өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады.Әйел мен еркектің
16
18.
қоғамда,отбасында өзіндік қызметі бар.Әрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана ақаусызтірлік,ырысты отбасы,берекелі қоғам пайда болады. І.Тұрмағанбетов:«Әйел көктен түскен
жоқ,Ол-еркектің баласы.Еркек жерден шыққан жоқ,Әйел-оның анасы»-деп, бұл екі
жыныстың,өмірде бір-бірін толықтыру тегін тамаша көрсеткен.
Қасиетті де,киелі,ардақты да,айбарлы-Қазақ Ана-отбасының берекесі,бірлік пен
ынтымақтың ұйтқысы болумен қатар қоғамда үйлесімділік пен қарым- қатынас
жарасымдылығының негігі тірегі болған.Сондықтан, Ана- ұлттың ұлт болып қалыптасуына,
сақталуына.дамуына тура ықпал етуші –қоғам мүшесі.Ол-ата салттың,отбасы тәрбие
дәстүрінің сақтаушысы, таратушысы, жаршысы,әулет мектебінің тең дәрежелі-бас
ұстазы.Қазақ халқының күллі өнері мен мәдениетінің-падишасы, төл иесі. Жеріңді жаудан
қорғаймын десең ұлыңды дұрыс тәрбиеле, ұлтыңды мәңгі сақтаймын десең қызыңды
дұрыс тәрбиеле,деген қазақтың тәрбиелеу қағидасы бар. «Ұлы жоқ-әке жетім,қызы жетесіз
болса-ана жетім...»-дегендейін жетімсіремейін десеңіз ұл мен қызды тәрбиелеу-үлкен парыз!
Тек әйелдер қауымының қатысуымен өтетін,қыз тәрбиелеу әулет мектебінің бір сабағын
таныстыруды жөн көрдік. Қуаныш пен қайғыны ортақ бөлісе білген қазақ үшін бойжеткен
қыздың қатарынан қалмай,өз дәрежесіне тең боларлықтай сипат алуы ата-анасы мен
туысқандарына да парыз.Сондықтан,қыз бала онүшке толған кезде оң босағаға шығару
салтын өткізген. Қыздың жеңгелері, әпкелері шақырылып, «біздің үйде бой-жеткен қыз
бар,оң босаға шығарылады,»-деп ескертілетін.Келген адамдар қызға жасау әкелетін. Қыздың
өз үйінен екі ғана нәрсе қосылады,ол-белбеу және қыз сәукелесі.Бойжеткенге алғашқы қос
етек көйлегі мен мықынды камзолын әпке- жездесі кигізеді.Қыздың бойжеткен салтанатына
орай әке-шешесі күмістен белбеу соқтырып дайындап қояды. Қалыптасқан салт бойынша
белбеу қыздың талғамына сай өте әсем безендірілуі тиіс.Қыз бала үшін бұл белбеу жоғалса
немесе бүлдірілсе арынан айрылумен бірдей болған.Қыздар белдігін өте қадірлейтін еді Осы
тойда,қызды сәнді киімдермен киіндіреді. Қыз бойжеткенде өзіне тән ерекшеліктерін
көрсетіп жүруге тиіс-ті болған.Мысалы,басы бос бойжеткен қолына құстұмсық жүзік
таққан,оның екі түрі болған.Құсмұрын жүзік-бақыттың, еркін-діктің белгісі секілді,негізінен
өркендеу,өркен
жаю
үмітін
білді-реді.Құсмұрын
жүзікті
екі
жаққа
қарата
таққан.Біріншісі,ұшын саусақтың сыртына қарай тағуы,басы бос құда түспегендікті білдіреді,ішке қарай тағу құда түскендіктің белгісі.Сәукелеге үкі қауырсыны тағылса,ол қыздың
басы бос екенін жігіттер алыстан көріп білетін болған.Сол кездегі жігіт-терден қалған мына
бір сөз тәмсілі бар:«Шіркін,қыз үріп ауызға салғандай, сұлу-ақ екен! Амал нешік,бізге
бұйырмаған екен!» Осы күннен бастап әжесі қыздың шашын қос бұрым етіп өріп,шолпы
тағады,бұл қыздың жүгірмеуіне, секірмеуіне, салмақты жүріп тұруына,биязы қозғал-уына
себеп болған.Бойжеткен қыз ашық-шашық жүріп басқаға көрініп қалу мүмкіндігін
болдырмау үшін шымылдық құрып, жатқызған,тұрғызған, киіндірген.Бойжете бастаған қыз
қымсы-нып, бүкірейіп жүретіндіктен,оның бойы түзелу үшін,төсегін тік тегіс етіп,қатты
ағаштан жасатқан.Қыздар басына ақ , қара ора-малтартпайды.Ақ-жаулықтың,қара-қайғының
белгісі.Оң жаққа шығару салтанаты, әйел затына тән әдептілікті игеру сабағының нақты
бастамасы еді.Ал,қызға қалыңдық шағында берілетін тәрбие дәстүрі бізге толыққанды
мазмұнымен жетпеді. Ол, кей-біреулердің айтатындай «тозығынан» болып қалып қойған
жоқ, бүгінгі біздің тіршілік жағдайымыз оларды орындауға дәрменсіз, біліміміз оған жете
бермегендіктен болып отыр.Малын айдатып, отауын арттырып,өздеріне жорға мінгізіп қызкүйеуді жеткізіп салмақ тұр ғой,кәзір екі жақ қосылып,барымызды салып,бір бөл-мелі пәтер
тауып беруге шамамыз келмей жүр.Қыз қашар ұйым-дастырып,күн ұзағында,жеткіншектер
мен жасөспірімдердің ара-сына,ойын-сауық,айтыс-жарыс, сайыс, би, ән-жыр бәсекесін
жүргізетін,тай, құнан аламан бәйге шаптыратын,менде жасыл жайлау, көгалды алқап тұр
ма?Алаңдар мен ойын-сауық орта-лықтарына барсаң, менің он жылдық зейнетақыма тең,
ақша сұрайды. Қыз таныстырып,сыңсу айтып,жар-жар салатын менің қыздарым тұр
ғой,оның анасы,әжесі құралақан.Сондықтан қал-ыңдық тәрбиесіне қатысты небір ғұрыптар
ұмыт болғалы қашан? Әйтеу,құдай жар болып, құт береке дарып,қыздарым қайтып келген
17
19.
жоқ, ұлдарым ажырасқан жоқ.Әйтпесе, «қайтып келген қыз жаман,қайта шапқан жаужаман»-ғой.Некелі ақ төсегінен жеріп,отауының ақ босағасын қисайтып, шаңырағын
шайқалтқан ақымақ ұлдан не қайыр.
-Бірақ олар, өмірде бар ғой!
-«Ішке сиған бала,сыртқа да сияды»-демекші,жүр ғой, әйтеу! Тіптен,осы күнде жалғыз басты
аналар көбейіп кеткен. «Әкесіз де бала тәрбиелеуге болады»-дейтінді шығарған.Сүр бойдақ
пен кәрі қыздар адам санының 18 пайызын иеленеді екен. Бойдақ жігіттердің 15 пайызы
жұмыс істеп,мансап қууды мақсат тұтса,35 пайызы үйленуді жүк санап, жауапкерліктен
жалтарады деседі.Аз болғанымен бар екендігін мойындауға тура келетін шамалы ұрпақ.; «Біз
әкемізді сыйлап өскен едік,олар әкесін сабап өсті.Біз әкемізді жоқтап өскен едік,олар әкесін
боқтап өсті.Біз әкемізді мақтап өсіп едік,олар әкесін даттап өсті!»Мұның бәрі,әйел мен
еркектің тірліктегі міндеті мен алар орнын түсінбей, батыс жұртының ықпалы мен
«әйел теңдігі»-үшін қүресушілер насихатының әсері,қыз бен ұлды өмірге дайындайтын
жеңге және жезде мектебінің жұмыстамауынан туындап отыр.
Бек ұл,тұлымды қыз-бала тәрбиесіндегі мұрат нышаны ретінде қолданылған ұгым.Бек
сөзінің шығу тегі-әмірші,батыр,ер үғымдарына жақын болғанымен, негізі«бек»-деген билік
иесінің дәрежесін көрсеткен.Ал,біздер үшін «жақсы»,«бас» деген ұғымға саяды.Мысалы,
«Бек болар ұлыңды бесігінде танимын», «Өсер елдің ұрпағы онбесінде баспын дейді,өшер
елдің ұрпағы отызында жаспын дейді» немесе елбасы, отбасы,топ басы,ауылбасы, рубасы.
жүзбасы.мыңбасы дегендегі «басы» тіркесі «бек» сөзінің қазақшаланған түсінігі.Бек ұл
тәрбиелеу деген сөз ертеңгі күні отбасына,әулетіне,ауылына,руына,онан асты ұлтына еге
болатын, адамгершілігі мол,мінезі жайсаң, ақылы нүрлы,өнері асқақ отағасын өмірге
дайындау. Пәк қыз тәрбиелеу дегеніміз жаны таза,ары тұнық,абыройы асқақ,ибалы да
инабатты, өнерлі де мейрімді отанасын өмірге дайындау.Баланың балдырған шағында,
оны бағып күту,тәрбиелеу
ешкіммен бөлісуге келмейтін тек ата-ананың міндеті
болғандықтан,қазақ: «балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген тәрбиелеу қазақ
ілімінде басты қағида бар болғандығын айттық.
Әке-жастық, шеше көрпе еді.Алайда қол ұшын беріп,күтіп бағысатын,тәрбиелеп өсіруде
әке-шешеге көмектесетіндер де бар еді.Әсіресе,жас өспірімдерге, айдарлы ұл мен тұлымды
қыздарға ауыл-аймақ,ағайын-туыс бәрі де үлгі өнеге көрсетуге міндетті, әрі олардың
тәрбиесіне жауапты болған. Осы тәрізді тәрбиелеу үрдісінің хас қағидалары бұзылғандықтан
бек ұл,пәк қыз тәрбиесі бүгінгі таңда айтулы жетістікке жете алмауда.
Тәрбиелеу қазақ іліміндегі; «Айдарлы ұл,тұлымды қыз», «Бек ұл,пәк қыз», «Бөрікті
ұл,шашбаулы қыз»,«Ақылды ұл,ару қыз», «Есті ұл,епті қыз», «Иманды ұл,ибалы қыз» деген
сияқты ұғымдар әр дәуірдегі ұрпақ тәрбиесінде ұлт алдына қойылған тәрбиелеу мақсатмұраттарын айшықтап тұрады.Мәселен, «Құлтегін» жырында:Түркі халқы елдігін жойды
Қағандығынан айрылды;
Табғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды.
«Алпамыс батыр» жырында:
Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды.
Айдарлымды құл қылды
Солқылдаған мырзамды,
Табанға салып жүн қылды.
Бұқар жырау: Сыргалыңды күң қылып
Солқылдақты жүн қылып
Күніңді тұман түн қылып...
Әр дәуірдегі жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты қойылған талап,ел жұрт арманы айқын сезілетін
бұл ұғымдар бізге дамып,маңызы артып,мағынасы тереңдеп жетті. «Ұлықты ұл, қылықты
қыз», «Аяулы азамат,асыл жар», «Намысты ұл,өрелі қыз», «Ақылды жігіт,арлы қыз», «Іскер
18
20.
жігіт,ісмер қыз».Аталған қасиеттерді ұл-қыздың бойына сіңіру үшін тәрбиелеудің сан қырлыамалдары
мен
жолдарын
өмірге
келтірген
қазақ
халқының
тәжірибесі
жинақталып,реттеліп,жүйеленіп ғылыми талдауға түсіп толық қорытындыланып,терең
бағаланып.зерделеніп болған жоқ.Бірақ талпыныстар да жоқ емес.(7;15;17;28) Бүгінгі
күндері: «Білімді ұрпақ», «Пассионарлық рухта тәрбиеленген-жалынды жас», «Көп
тілді,зерек зерделі ұрпақ», «дарынды ұрпақ», «салауатты ұрпақ» қатарлы жаңа ұғымдармен
байып,тәрбиелеу ұлттық үрдісінде жаңа арман мүдделер жарқырап көрінуде!
Тәрбиелеу қазақ ілімінде жеткіншекті тәрбиелеудің жеті түрлі жолы бар.Олар:адамды
қанаттандырып рухтандыру; нандырып-сендіріп қанына сіңіру,табындыра білу;үлгі-өнеге
көрсетіп кеңес беру, жаттықтырып дағдыландыру; ширатып, шынықтыру, талап қойып
өңдеу;бағалап марапаттау,мақтап қолпаштау,ынталандыру;тиымқою,жазалау.
Жарық дүниеге келген сәтінен бастап баланың нәресте жүрегінде өмірге деген талпыныс
орнайды.Талпыныс мұратпен ұштасып,мүддеге ұласып,қажыр-қайрат,ерік жігер арқылы
мұратқа жетеді.Мұны қазақ балаға өз тілімен былай түсіндіреді:«Құлын тайға жеткізеді,тай
құнанға жеткізеді,құнан дөненге жеткізеді,дөнен атқа жеткізеді,ат мұратқа жеткізеді.»Ел
жасымен көрікті,тау тасымен көрікті,аяқ асымен көрікті.Өнерлі елден өнегелі ұл-қыз
шығатыны белгілі.«Пәк қыз,бек ұл»тәрбиелеген,арғы тегіміз-көк түріктердің ішкіәлемін,көкірек сезімін пайымдап білген,М.Қашқари«...Тәңірдің өзі оларға ат
берген,жержүзінің ең биік,ыңғайлы, ауасы ең таза,шұрайлы өлкелеріне орналастырған
да,оларды «өз қосыным» деп санаған.Оның үстіне түркілер-көркемдік,сүйкімділік,жарқынжүзділік,әдептілік,жүректілік,үлкендерді, қарияларды құрметтеу,сөзінде тұру,мәрттік,
кішіпейілділік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиетке ие.»-деп жазады.
Әулет мектебінің өте мәртебелі түрі сол кезде –Ана мектебі-болғандығы айқын
аңғарылады.Бас ұстаз-үйдегі отбасын бала-шағаны қорғайтын әйел тәңірі-Ұмай ана.Мәселен,
«Тоныкөк» жырында: «Тәңірі Ұмай,қасиетті Жер-Су.Бізді қорғайды, ойлану керек»-деген,
жолдар бар. «Оғұл ігдірілді-бала тәрбиеленді,Ол бітік оқытсады-ол жазу оқытқысы келді:Ер
ұдзмақланды-ұстаздыққа үйретуге шәкіртті болды.»қатарлы сөз тіркестері кезігеді.
Ал,жырда: «Ұмай анамның бағына сай,інім Құлтегін он жасында әскери өнерді толық
меңгеріп,ер атанды»-деген тұж-ырым бар.Ол кездегі негізгі мұрат,ел іргесін басқыншыдан
қорғау,тыныштық пен бейбітшілікті сақтау,тартыс-талас,дау туса,игілікпен келісіп шешу
болған.Бұл, тіпті сонау ғұн дәуір-інен бері келе жатқан ұлы үрдіс.Сондықтан ұрпақ
тәрбиесінде дені сау,денесі шымыр,алып ер дайындау күні бүгінге дейін жал-ғасын тауып
келеді. «Қорқыт ата кітабындағы»,«Қазанбектің баласы-Оразымбектің жауға қалай тұтқын
болғандығы туралы жырдан»ғұн,түрік дәуіріндегі ұлдарға қойылған талап,мақсат-мұраттың
дәрежесін айқын аңғарамыз.Ежелгі түркілер бала тәрбиесіне ерекше мән берген.Оны әскери
өнерге үйретуді әке міндеті санаған.Ол кезде әрбір адамның азаматтық мәртебесінің ел
қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай бағаланған.Оғуз-қыпшақ дәуірінің дәстүрі бойынша,он бесон алты жасқа жеткен ер балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін болған.
Бозбалаларды ересектер өздерімен бірге қан майданға ертіп апаратын.Қолына қару
ұстап,жаудың қанын төкпеген жігіттерді ешкім сыйламаған,тіпті адам санатына
қоспаған.(Қорқыт ата-ның:«Ол заманда,жауын жеңіп,бас кеспеген ұлға ат қойыл-маған»дегені осыдан шығар.)Ең жаман қасиет қорқақтық, опасыздық саналған.Жаудан қорқып
қашқандарды өз әкелері-ақ қатал жазалап отырған.Оғыз-қыпшақ дәуірінің,жаугершілік
заманының осы бір шындығын осы жыр өте айқын көрсетеді. Қазанбек ер жетіп есейіп келе
жатқан бозбалаларға арнап думан құрып,той жасайды.Той енді қызып келе
жатқанда,Қазанбектің сол қол жағында нағашысы Аруз-қожа,оң жағында інісі Қара-Көне,ал
қарсы алдында садаққа сүйеніп баласы Ораз тұр екен.Қазанбек оң жағына қарады да
масайрап күлді,сол жағына көз тастағанда бойын қуаныш сезімі билеп кетті,ал қарсы
алдында тұрған баласына көзі түскен бойда-ақжанары жасқа толып қалды.Сонда Қазанбек
ұлына қарап,өзінің неге жылағанын түсіндірді:Атам өлді,мен қалдым,Жері,жұрты менде
қалды. Күні ертең мен де өлермін.Сен қаларсың.Он алты жасқа келдің.Садақ тартпай,оқ
19
21.
атпадың,бас кеспедің,қан төкпедің,Қалың оғуз елінен жүлде алмадың.Бірақ Ораз өз міндетінжақсы түсінеді.Ұлына соғыс өнерін үйретпеген әкесінің өзі айыпты екенін айта келіп,Ораз
былай дейді: «Уа,бек әкем!Түйедейсің,бірақ ботасындай ақылың жоқ.Төбедейсің,бірақ
тарыдай тағылымың жоқ.Бұл өнерді ұл бала атадан үйрене ме?Жоқ болмаса,аталар ұлдан
үйрене ме?Қашан сен мені жауға қарсы шығарып ең?Қашан өзің қылыш салып,бас кесіп
ең?Мен сенен не көрдім не үйрендім.Қазанбек бар айып өзінде екенін мойындап,сол
жіберген қатасін түзеу үшін Оразбекті аң аулауға ертіп шығады.Әке өзінің жауды қырған
жерін көрсетпек болады.Қазанбектің қамсыз жүргенін сезген жау әскері бұларды аңдып
тұрып шабуыл жасайды.Жауға тойтарыс беруге әзірленіп жатып Қазанбек ұлына:-Таса жерге
барып,алдымен:менің қалай шайқасқанымды көр,үйренесің,-дейді.Сөйтіп,Қазанбек жау
әскерін жалғыз өзі қой қораға түскен арлан қасқырдай қан жоса етіп қыра бастайды.Әкесінің
ерлігін көріп,арқасы қозып кеткен Оразбек өзінің жас нөкерлерімен бірге соғысқа кірісіп
кетеді.Ол әкесінен рұқсат сұрамай,қан майданға шығады.Ерлік көрсетеді.Бірақ тәжірибесіз
жас жігітті қарсы жақ қолға түсіреді. Қазанбектің қасындағы бектер:-«Балаң қорқақ,қашып
кетті!-деп әкесін азғырады.Ол тіпті жалғыз ұлын өзі өлтірмек болады.Бірақ жыр
соңындаОразбектің ерлігі анықталады. Оразбек жау қолында аяқ-қолы байлаулы жатып та
дұшпанға берілмейді.Ол өзін құтқаруға келе жатқан әкесіне өтініш айтады:
Қара таулар аман болса ел- жайлар,
Қанды сулар аман болса-сең айдар,
Қара інгендер аман болса-бота туар,
Алып аттар аман болса –құлын туар,
Хан басың аман болса –ұлың туар,
Сен аман бол,анам аман болсын!
Тәңір ием тағы өзіңе ұл берсін!
Ақсүтін анам кешсін маған!
Шыбын жаным құрбандық болсын саған!
Соғыспа,әке,шегініп кейін қайт үйге,
Тұрма мұнда,қамшылап атың,тарт үйге.
Қазанбек жауды жеңіп.үлкен той жасайды.Бұл хикаяны Қорқыт ата жыр етіп айтады.Бұл
жыр жастарды соғыс өнерін білуге,ар-намысты жоғары ұстауға,ел басына күн туғанда
тайсалмай қарсы тұруға,ал жауды жеңе алмаған жағдайда намысты қолдан бермей,ел-жұрт
үшін үлкен ерлікпен ажалға бас тігуге үндейді.
Батырлық,ерлік аңыз- әңгімелердің,жыр-дастандардың туу себебі мен шығу тарихына
терең талдау жасаған ұлы ғалым Ә. Марғұлан: «Қаһармандық жырлар,сұлу ертегілер
туғызуда патриарқалдық дәуірдегі негізгі сарындар
мыналар еді: а)Бейбітшілік; б)Ел
қорғаны ерлерді ардақтау;в)Жұртқа ақылшы болатын қарияларды қадірлеу
(Қорқыт,Жиренше шешен,Асан Қайғы)г)Алып ер туатын ананы құрмет тұту; д) «Алпыс
басты ақорданың аяулысы»-жас әйелді біреуге олжаға түсірмеу;е)Келешекте ана болатын
қыз баланы тәрбиелеу; ж)Ер баланы баулап,садақ аттыру,жапан түзге жалғыз жіберіп,аң
аулатып,ерлік сынаудан өткізу.з)Жүйрік жылқыны тануды баулау:Міне соның бәрі аталық
дәуірдегі жұртшылық тілегін білдіреді.»Осы пайымдаудан біз,сол дәуірде ұл-қызды
тәрбиелеу үрдісін аңғарумен қатар кімге қандай білім беру керектігін,нендей басымдылық
берілгендігін айқын көреміз.Батырлық аңыздар мен жырларда: батыр болса, қасында
ақылшы, ақылды, еңбекқор жары болатынын,арғымағы оның адамша сөйлеп,кейде батырға
бағыт бағдар бере алатынын, аруларының сәйгүлік баптап,батырға лайық жүйрік таңдай
алатынын осылай түсіне аламыз.Арғымақсыз,қару қайрат-сыз,ақылшы серіксіз –батыр
болмақ жоқ.Жоғарыда келтірген ғалымның көрсеткен сарындарына ой жүгіртсек аңызәңгіме,жыр -дастандар қауымды,жастарды тәрбиелеу үшін өмірге келген. Дәлірек айтқанда
олар-әулет мектебінің білім беру,тәрбиелеу құралы болған.Ауыл аймақ, отбасы осыларды
пайдаланып ұрпақ тәрбиелеген. Берілген білім мен тәрбиенің нәтижесін, игерген әдепдағдының дәреже шанағын,әулет мектебінде үнемі сынап,байқап көріп, қорытынды,байлам
20
22.
жасап отырған.Бүгінгі күндері дәл осы бір салмақтау,таразылау,сынау әулет мектебіндеде,басқа тәрбие аумағында да жетіспей тұрғаны үлкен кемшілік болып отыр.Дәлірек
айтқанда,қоғамдағы жастарға ықпал етуші құралдарда таратылып,керектеніліп жатқан
тәрбиелеу өнеріне қойылатын ұлттық сүзгінің жоқтығынан,кісілік әдеп ,адами құлықтардың
қалыбынан тысқыры дүниелер бүгінгі жастарға сіңісіп жүр.Оның себебі салмақтау,
таразылау тетігіміз ортайып кеткен. «Жиренше шешен баласын ел-елге қыдыртқанда ұрсыпұрып жүреді екен.Бұған жұрт таң қалғанда, Жиреншеге бір қыз: «Балаңыз өздігінен бір нәрсе
тапқанынша ұра беріңіз»,-дейді.Жиренше шешен бір ғана өз баласын сынап (баулап) қоймай
ер,би,шешен бала табатын ақылды қызды да бірге сынайды.Қыздың әлгіндей ашық жауап
бергеніне риза болып «сыншы» деп ат береді.Қазақ адамтану ілімінде, адамдардың өресін,
біліктілігін,ақылдылдығын сынаудың көптеген үлгілері мен амал-тәсілдері бар.
Қазақ адамтанушыларының ортасында,ақын-жырау,сал-серілер мен абыз-билердің үлес
салмағы басымырақ.ХІХ ғасырдың орта шенінде Абыз бидің батасын алмақ болып,үш жігіт
ел сыйлаған шешен қарияға келеді. Олар,Серікбай, Жаманқұл, Кәріпжан деген жігіттер
екен.Абыз,Серікбай мен Жаманқұлға танысып болған соң,олар туралы пікірін ішке түйіп,
үшінші жігітке бұрылады да: «Шын асылдың көзінде жасыл от болады деуші еді,сенен бір
ұшқын байқап қалдым,қарағым, ныспыңды айтшы»,-дейді.Сонда әлгі жігіт:-Әкемнің есімі
Жаманбала, өзімнің ныспым Кәріпжан,-дей бергенде,Абыз би бармағын тістеп,тіксініп
қалыпты.–Тек! «Ат- аспаннан,нұр- бейіштен деуші еді.Ой,пәлі-ай,бекер болған екен,бекер
болған екен»,-деп басын шайқаған Абыз би,отырып-отырып былай деген екен:Арысын
жауға бермес,Намысын дауда жібермес,Елдің Ер кісісі-сен боларсың!Бірақ,қарағым, түбі
бір нәрседен кем боларсың!Шынында,Кәріпжан-айтулы би,шешен адам болған екен.Тек өз
кіндігінен баласы болмай кемдік көріпті. Мұнда,қойылған-ат,көз жанарын көріп қана сынай
білген Абыз бидің талантына таң қалмасқа бола ма?Қ.Ақан сері қыздар мен жігіттердің
талайын көрді, байқады,түсінді,білді.Осы негізде қазақтың нағыз адам-танушысына айналды.
Бұл жайында,Ә.Марғұлан:«Ақынның бір жақсысы шығармасында, сол кездегі адамдардың
мінезін сол қалпында,болған кейіпте жарқыратып сипаттау. «Замандаста» олардың барлық
тобын он алты кейіпке бөледі.» -деп жазған.
«Бірінші, адам-ақылы кең,таусылмайтын жанның көркі, оның серігі өнер,өзінің
білімімен,шебер қолымен халық бұқарасын бір ғана қуанышқа кенелтетін ой,өнер иесі;
Екінші жігіт; ілгері баспайтын байлаулы тұрған сияқты еш нәрсеге еркі жоқ,меңіреу
адам,үшінші жігіт өр кеуде кеудесін жоғары көтеріп,биік таудай зорайып жүреді,
төртінші жігіт ауыр мінезді,сезімі жүйрік,бірақ заманына қарай ілгері ұмтылуды білмейді,
бесінші жігіт ақылды,өте қу,еш адамға сыр ашып отырмайды.Ол адам терең ойлы,
Сыр айтып еш адамға бермес бойды
Біреуге жүйрік ақыл бере тастап,
Талайдың қабыл-ғапыл сырын жойды
Түсіріп ақ көңілді қайласына
Ішінен білдірместен бітеу сойды.
Алтыншы жігіт қарқылдаған даң бас,арсызды абыройлы кісі деп,соған бас иеді,жетінші
жігіт желдей ескен есер,
Көргенін жат адамға сыр қылып айтып,
Ішіндегі дертін қозғап бәрін шешер.
Баянсыз ұшпа бұлт секілденіп,
Дүниеден би опасыз күні кетер.
Сегізінші жігіт сегіз қырлы,бір сырлы,ашық сөзді,жарқын көңілді.Ақ иық бүркіттей
төңкеріліп,әр ісі мен қылығын танып жүреді.Олар өзіне лайықты сөз табады.
Нар кескен қайырылмайтын қылыш болса,
Мінез, ақыл ,өнері дұрыс болса.
Бір сырлы,сегіз қырлы болса жігіт,
Ақылды,сабырлы ер деп соны айтамыз21
23.
Тоғызыншы жігіт, қоңыр бөрік.жел тұрмай қозғалмайды. Оныншы жігітқатынжанды.Әйелі не айтса соны істейді,Он бірінші жігіт-өсекші,он екінші жігіткербез,сал өзінен басқа адамды танығысы келмейді,дүние малды ойына да алмайды.Ақан серінің осы сияқты фәлсафалық терең оймен айтқан толғау сөздері,өткір сыны,аса
білгіштігі,кісіні толғандырмай қоймайды.»(Ә.Марғұлан).Ақанның адамтанығыштық
әлеміне үңілсек,«...терең ойшы,өте сезгіш,есті,тым шешен болған кісі.Қоскөлге(өмірінің
соңында,баласы екеуі ғана келіп тұрақ-таған жері) фәлсафалық мұрамен ойға батып
келгенде,ол бір ғана әлеуметтік мәселені алдына көтереді, мақсат етеді.Ең алдымен
ойлағаны білім,мәдениет,халық бұқарасын қалай ілгері бастыруға болады.,соны
толғайды.Бұл ретте көп үміт еткені,халық ортасындағы білетін данышпан адамдар,
халықтың ой азығы солар.Оны Ақан сері терең түсіндірген.
Ақын көп таусылмайтын жанға көрік
Бастан шыққан сөзіңе тілің серік,
Қалай айтып сөйлесең ерік өзіңде
Данышпанның айтқанының бәрі берік
.
Атағы өрге шапқан кейбір сабаз
Өзі өлсе де оны сөзі өлмек емес.
Бір мінез әрі дана,әрі шешен
Қолға алса барлық жанды қарық еткен.
Ақан серінің адамтанушылық қабылетін көрсететін «Қыз сипаты», «Жігіт сипаты» деген
жеке –жеке өлеңдері де бар.
Бірінші бір қыз келер ақшамаңдай,
Жамағат үлкен кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан-ақ болып дана,
Әлінше жақсыларды жақтағандай.
Құрбысын жауға бермес ол шаһыбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып ойнап күліп,
Сыны жоқ жұмысынан ақсағандай.
Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне қорға,
Ажары ақша беті сағымданып ,
Жарасып құлағындағы алтын сырға.
Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлімкөз оймақ ауыз қиғаш қасты
Шомылған айдың көлдің аққуындай.
Отырар ағажан деп кәрі-жасты.
Төртінші бір қыз келер қара торы,
Бұлғақтап шекесіне таққан шоғы.
Өз ісін өзі білмей жұртқа күлер
Білініп жүрсе дағы нәзік жолы.
Бесінші бір қыз келер сұрша жайдақ
Отырар тәуекелге белін байлап,
Көңіл жас -кәріні бірдей көріп,
Нәпсіні семіртеді майдай шайнап.
Алтыншы бір қыз келер толық сары,
Бойына тең келмейді жанның бәрі,
Лайықты өзіне жар таппаған соң,
Кетпейді көкіректен қайғы зары.
Жетінші бір қыз келер алым-салым
Болғанда мойны қысқа, шашы қалың,
22
24.
Әрқашан осындайға кез келеді,Қашаннан арылмаған соры қалың.
Өлеңге жәй ғана көз жүгіртскңіз, қыздарға, олардың өң түсіне сай жасалған жорамал тәрізді
көрінуі мүмкін.Алайда,саусақпен санап отырып,олардың ішкі сарайынан сыр тартқаны,жан
дүниесіне терең үңілгені көрініп тұр
Жігіт боп гауһар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса.
Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,
Не пайда шүберектей жасыл болса.
Көзі де,көкірегі де соқыр қараңғының
Несі адам түк білмейтін масыл болса,
Бір сырлы,сегіз қырлы болса жігіт,
Жорғадай тілі майда жүріс болса
Ақылды сабырлы ер деп соны айтамыз
Еткені берекелі жұмыс болса....
Бұл,ақынның «Айтайын жолдастарға бірер кеңестегі»; «Жігіт бар он үш түрлі біз
білетін,соларды баяндайын құлақ салсаң»,-деген ойының жалғасы сияқты.Ә.Марғұлан
бабабымыздың «он алты жігіт жайын жырлаған»- деуі осыған байланысты болу керек.Ақан
серінің әндері-қазақ қыздарының ару бейнесін сомдаған,олардың ішкі жан толғанысы мен
күйзелісін,сезімі мен бұлқынысын мөлдіретіп қөрсеткен.Бұл түйін –қазақтың барлық сал
серілеріне ортақ қасиет. Сондықтан,қазақ қызы,қазақ жігітінің сыр сипаты,бет бейнесі,ішкі
әлемі күллі творчествалық еңбектерде айқын бейнеленген.Іздесеңіз олардың жарқын бейнесі
қылқаламен де жазылған,фотосурет болып та,сөзбен кестеленіп те бізге жеткен.Осының
бәрінен,қазақ ұл,қыздарының қандай болу керектігін армандағаны, мұрат еткендігі туралы
толық мағлұмат ала аламыз.Бауыржан атамыздан:-Қыз бойындағы қандай қасиетті жоғары
бағалар едіңіз?»-деген сауалға, «Бұл сұрақ бойынша қазақ ауыз әдебиетіне халық поэзиясына
жүгінген жөн...»-деуі,жауаптан жалтарып айтқан сылтау емес,ұл мен қызды тәрбиелеу,өмірге
дайындаудағы қазақтың ұлттық үрдісі ерте қалыптасқанын көрсеткен ойлы пікір.Сол
бір,қисынды үрдіс,асыл мұраны керегімізге жарата алмай келе жатқанымыз өкінішті-ақ.
Дүниеге қыз келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»деп қуанған.Әсіресе,қазақтар тұңғышының
қыз болғанын қалаған.Оның себебі, «осы отбасына әлі талай ұрпақ келер,оларды асырап
бағуға анасына жәрдемші болар,қыз туса екен!»-деп армандаған.Дүниеге ұл келгенде,оған
үлкен үміт артып, «мұрагерім»-деп мақтан тұтқан.Екеуі де ер жетіп,азамат болып,бір-бір
үйдің иесі болып кеткен немесе «Ұлын ұяға қыз-ын қияға қондырған», ата-анадан бақытты
кім бар,шіркін!
Ол кезеңдегі халық арманы- «Иманды ұл,ибалы қыз».Бұл мұрат бүгінгі ата-аналардың да
алдынан тым алыста болмаса да,биіктен көрінетін арман.Иманның мағынасын Пайғампарымыз(с.ғ.с)дың өз сөзімен анықтайық.Расулуллаһ бір күні сахабаларымен бірге отырған
кезде бір адам келіп, Пайғампарымызға:-Иман дген не?-деп сұрайды.Пайғампарымыз(с.ғ.с.):-Иман дегенііміз Аллаһқа,періштелеріне,Аллаһқа қауышуға, пайғампарларына,
өлгеннен кейін қайта тірілуге сену,-деп жауап береді.Ол кісі қайта келіп:-Ислам деген не?сұрайды.Пайғампар(с.ғ.с.):Ислам дегеніміз-Аллаһқа құлшылық ету,оған еш нәрсені серік
қоспау,намаз оқу,парыз болған зекетті беру,рамазанда ораза ұстау және Қағбаны қаж
етуің,-деп жауап береді.Әлгі кісі;- Ихсан деген не?-деп сұрайды.Пайғампарымыз(с.ғ.с.)-Сені
көріп тұрғандай Аллаһқа құлшылық етуің.Сен Оны көрмесең де,Ол сені көріп тұрады,-деп
жауап берген.Пайғампар(с.ғ.с.):«...инабаттылық-дініміздің (бір) тармағы,» болатынын айтып:
«Инабаттылық тек ғана игілікке бөлейді»-деген.Иба игі қасиеттердің біріне жатады.Адам
осы сезімнен аттамау үшін ұят іс–әрекет,мінез құлықтан қашып,игі істерге ұмтылады.
Тәрбиелеу қазақ ілімінде жас ұрпақты ұят арқылы тәрбелеу жолы көрсетілген,әрі оны
өте ұқыптылықпен жүзеге асырған. «Өлімнен ұят күшті» деп түсінген халық, «анау-мынауды
білгенше,жақсы мен жаманды біл ажыратып» немесе«кінә мен күнәні,сауап пен обалды»,
23
25.
«жанашырлық пен қатыгездікті» ойласаңшы бетін ашып»- деген ғой.Адамның ұятыбетінде,адамгершілілігі-ниетінде дейтін аталарымыз-ұят деген киелі абыройдан аттамауды
ерекше ескерткен. Ұят-ізгіліктің ұясы,инабаттың ырысы.Ұяты жоқ адам-ұясыз құстай.Есті
бала ұяттан қорқады,ессіз бала таяқтан қорқады.Қыз баланың қимасы мен қымбаты-ұяты мен
ибасы.Осы негізде қазақтың биязы,нәзіқ сұлу арулары,аяулы қыздары өмірге дайындалған.
Рухани қасиетті білдіретін «Ұят»(хаййа) сөзінің мағынасы жиіркенішті әрі келеңсіз жасау
арқылы жаман атқа иелен-діруден адамдарды сақтандыру болғандықтан,харам етілген күнәлі
істерден бойыңды аулақ салуға үндеу болмақ.Иба игі қасиеттердің біріне жатады әрі адам
негізінен осы сезімнен аттамау үшін ұят істерден қашып керісінше игі істерге ұмтылуы
қах.Пайғампарымыздың(с.ғ.с.) айтқандай: «Иба жаман амалдарды жасаудан сақтандырады,
осы қасиеттен ада адамдар білгенін істеп,ұятсыздыққа барады.»Қазақ ұғымында,иба ата
тегімізден қанымызға сінген,ұлттық мінезіміз.Ол ұл қыздың қайсысына болсын ортақ
құндылық.Бұл қасиеттің осындай сипатын мұсылман діні де қуаттайлы.Ол бойынша,ибакейбір адамның дәлірек айтқанда,Аллаһ Тағаланың сүйген құлына жаратылысынан нәсіп
еткен кіршіксіз таза рухани тазалықпен ерекшеленетін белгі.Сондықтан әлгіндей туа біткен
қасиеті барлар күнәлі істен бойын аулақ салып,ұнамсыз қылықтар мен әдеттерге қарсы
күресе аладыОсылай иба имандыға тән игі іс.Ал,Пайғампарымыз (с.ғ.с.): «Иба-иманнан»деумен қатар өзі де беті ашылмаған жас қыздай ибалы болған екен.Ал,Умар(р.а.):«Ұялған
адамның иба сақтары анық.Әлбетте иба сақтаған игі істі болары хақ,ал игі істінің болашағы
жарқын.»-депті.
Халқымыз «иманды ұл,ибалы қыз»,тәрбиелеу барысында,осы белгілері кемшін және жүре
бүлінген ұрпағын да,жібек мінезді,нәзік ибалы,үлбіреген бүлдіршін қатарына қосып алатын
пәрмені,амал айласы болған.Ислам діні де бұл жолдың бар екенін көрсеткен,оған өткен
тарих дәлел. Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайындауда,қазаққа, ислам дінінің
тигізген оңды ықпалы өте зор болды.Сондықтан,неке қию,қыз ұзату, келін түсіру қазақ
салты,ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал,
бозбала,бойжеткен тәрбиелеу ісі сахих хадистерге сүйеніп жүргізілгендігін жоғарыда
айттық.Сондықтан да,ол қағиданы заң деп түсінген қазақтар қыз тәрбиесіне ерекше мән
берді. «Қыз өссе елдің көркі», «Қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар ауылдың қызығы бар»деп білген халқымыз,оларды ерекше сыйлап: «Қыз –қонақ»-деп,төріне отырғызды, мәпелеп
бақты, «қыз қылығымен»-деп ибалы,инабатты бойжеткен болғызып өсірді. Оған арнап
талай қызықтар мен ғұрыптарды,мерейі өссін деп неше түрлі мерекелерді жасады. Киімкешегінен тартып, жасауына дейін жабдықтады. Бұқар жырау:«Қалмақтан алсаң маһи бір
зайып. Сүйегіңді жоғалтпас.Отының болсын жантақтан. Қатының болсын қалмақтан.»
Қалмақ -қазақтың ата жауы еді.Діні де бөлек.Жауың болса да,басқа діндіден,қатын алып,
оны өз дініңе кіргізіп алсаң,нағыз жиһад дегенді мензейді. Сөйткен,Бұқар жырау, Абылайға:
«Қатын алма қарадан,қара тумас сарадан, Қатын алсаң қарадан,Алды кетпес баладан, Арты
кетпес жаладан.Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды, Төре
болар ұл туса,Аузы кетпес парадан...Абылай-қара да,төре де,сұлтан да,хан да бола білді.
Қалмақ, башқұрт, қырғыз,қазақтан он екі әйел алды, жүзге жақын ұрпақты болды. Қазағым,
қалыңдықты былай таңда дейді:«Қатын алсаң қайыс белді торыдан ал,ол болмаса ақ-құбаның
зорынан ал,ол екеуі болмаса қажымайтын қарадан ал. Осы үшеуі болмаса,өзі сары көзі көк
былжыраған сөзі көп,дәл осыған тап боларсың»Жар таңдау негізінде,батыр, шешен,
ақын,сал-серілерге тән болған.Жетім ұлдар мен жоқшылық қолын буған жігіттерге қыз
таңдамақ тұрғой,көп әйел алмақ тұр ғой,бір ғана қалыңдыққа қол жеткізу оңай болмаған.
(Кірме,күшік күйеу.) Жар таңдау тек жігіттерге ғана тән емес,ерке шолжаң немесе көрікті де
кербез, байдың қыздары таңдаудың кесірінен отырып та қалатын.Олар көн етіктіге
бармайтын,көк етіктілерге өтпейтін.Сондықтан,қазақ,беталды менсінбеушілікті, таңдаудағы
өрескелдікті ұнатпай;«Тым таң-даған,тазға жолығады»-деп ескерткен.Алайда,қазақтардың
тұрмыс құру, үйлену салты өз ерекшелігімен қалыптасқан. Мысалы:бел құда,бесік
құда,атастыру, айттыру,қарсы құда және әменгерлікпен үйлену,кішілік алу,сияқты көп
24
26.
жақты тұрмыс құру жолдары бар болған.Ал,кәзір тұрмыс құру, некеге тұру,қыз ұзату,келінтүсіру салтанаттарында дәстүрлік бірер жол-жоралар сақталғанмен,заман талабына сай,
түбегейлі өзгеріске ұшыраған.Тәрбиелік денгейі әр жерде,әр түрлі өтіп жүр
Иба-Аллаһ Тағаланың құдірет күшін,ұлықтығы мен Оның Өз құлдарына деген Рахымын
және опасыз көз бен әрбір жүректегінің бәрі Оған аян екенін білгеннен кейін табатын
адамның игі қасиеті.Ибаның мұндай түрін бойына тұтуға ұмтылған адамға әлбетте иманы
кәміл болып,тақуалықтың биік шыңына жетері ақиқат.Аталған қасиет адам бойына,Аллаһ
Тағаланың құлдарына нәсіп еткен игіліктерін танып және оның өтеуі ретінде жасалып
жатқан амалдардың жетімсіздігін сезгендіктен пайда болуы ықтимал.Пайғампарымыз
(с.ғ.с.):«Аллаһтан ұялып қамығу дегеніміз-басыңды және оның ішіндегісін, ойыңды
(залалдан) сақтап,алдағы өлім мен сынақты естен шығармау.Бақилық нығметтен дәметкен
адамды,фәнидің қызықтары еліктірмейтіні ақиқат.Міне осылай жасағанды Аллаһтың
алдында қаймығып,иба сақтаған деуге болады..»-депті.Осының бәрін ескерген қазақ
халқы:қандай
мінез
құлықтың,іс-қимылдың,әдеп
пен
әрекеттің
қазақ
ұлы
мен қызына олардың неше жасында,қай мезетте жат,әрі ұят екенін жалықпай
жаттатып,жаңылмай ұғындыра білген.Оның амалдары тым мол еді.Қыз абыройыотбасының, елдің болашағы,босағаның беріктігі,өмірдің қызығы.Қазақ халқы «Қыздың
жолы жіңішке» деп,оның абырой сақтауын қатаң қадағалап отырған.Қыздың абыройы
оның ақыл-парасатына,инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына, білімдарлығына,тегіне тартқан ибалығына байлан-ысты.Халық: «Өміріңе қауып-қатер төніп
тұрса да,ел-жұрттан ұялтатын рухыңа кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа»-деп түйіндеген.Оғызқыпшақ дәуірінде,егер ұл, ата-ана,ауыл атына кір келтіретін үят жасаса,ол иен далаға
қаңғырып кететін салт қалыптасқан.Қазақ ұғымында ұяттың басы Хауа-Анадан
ұласқан.Әйел болмысы оның еркектен өзгешелігінде екені жұртқа аян.Бұл ерекшелік неден
көрінетінін де жоғарыда айттық,Еске түсірсек,ең алдымен айтарымыз,ол әйелдің сұлулығы
және де оның сұлулыққа шексіз ынтықтығы.Әйел заты дүниеге әкелген ең алғашқы өзекті
сыр-күнә.Күнә-Жаратқанның тыйым салған ісіне қарсы әрекет.Хауа-Анамыз болса
шыдамсыздық танытып, тиым салынған жемісті татты.Сөйтіп,күнәлі болып,жер бетіне
қуылды.Алайда,күнә табиғатында бұрын не Адам-Ата,не Хауа-Ана білмейтін бір құпия бар
еді,енді сол құпия ашылды,оның аты ұят болатын.Ал,қазақ үшін үлкендердің,ересектердің
тыйым салған іс-әрекеті,мінез құлқына қарсы келу,бағынбау –кінә саналатын.Оның
да,адамға тигізетін әсері,білінетін нышаны-ұят болатын.Сондықтан,тәрбиелеу қазақ
ілімінде,ұят арқылы адамдар мінез құлқына,іс-әрекетіне,ой-санасына әсер ету өте төте
жол болып қалыптасқан.Әсіресе әйел қауымына тіптен ұнасымды тәрбиелеу жолы
саналған.Сондығы болар,бір дәуірде қазақ қыздары ұят құрсауында шектеліп қалып
ұялашақтық белес алған.Ұяла білу-көргенділік белгісі.Ұяттың да өздігінен пайда
болмайтындығы аян!Ұят-Құдай алдындағы қорқыныш тан,ол дүниедегі жазадан,туған жер
мен ел алдындағы парыздан ,ата-ана үлкендер мен ағайын- туыс,құрбы-құрдас алдындағы
жауапкершіліктен, борыштан туады.Беті шімірікпейтін,көнбет,көкезу бейбақтардан,құдай
сақтасын! Бетмоншағы үзіліп түсердей,биязы,ар-үяты мұнтаздай таза ұяты бар ұл мен қыз
қазақта қашан да болған,ондай жастарды әр кез табысты тәрбиелеп келген.
Ғабиден Мұстафин атамыз: «Адам бойына ана сүтімен бірге сінген,мыңдаған жылдар бойы
сақталып келе жатқан ұлы дәстүр-балаға деген махаббат.Осы белгілі жайды қайта-қайта
айтудан,жастардың құлағына құя беруден жалық-паймыз.Үлкендердің жағымды
қылық,өнегелі істерін,жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып,өзінен кейінгілерге
табыс етуін арман етеміз.Көктемдегі жердей құлпыра өсіп келе жатқан жас ұрпақты
көргенде кеудеңе қуаныш сыймайды.Ал,солардың ішінде сөлекет бірдеңе көргенде,аяғыңа
шөгір қадалғандай боласың.»Сондығы болар,Ақселеу Сейдімбек ағамыз: «Уа,Бабай!
-Ел жұрттың халі қалай?!
-Е-балам-ай!Ел аман,жұрт-тыныш демесең:
Әйел -ерге қарады,ер -жерге қарады.
25
27.
Қартымыз-қақпас,қатынымыз-қақпыш.Шешеніміз-шерменде,батырымыз-қорқақ.
Данамыз –бала,баламыз-шала,
Әйел-арыды,келін –жеріді;
Бозбала –сайтан,бойжеткен-сайқал;
Сері-селтең,сал-мелтең.
Көршіміз кәпір,туысымыз-мүсәпір;
Жауымыз –атарман,досымыз-сатарман.
Тұлпарымыз-жабы,сұңқарымыз-жапалақ
...
Ақынның айтқаны: Білесіз бе,қызыңыз қайда болды?
Оңашада,тасада,сайда болды.
Экраннан көргенін істейміз деп,
Баласы бар ,балалар пайда болды
Ұрпақ тәрбиелеудегі қазақтың асқақ мүраттарының ішіндегі ең өзектісі әрі өте дұрыс
шешілгені-«Ісмер жігіт,істі қыз» дайындау арманы.
...Біздің ауылда Шөде Бозайұлы(1807-1900) деген қарттың он ұлы болыпты.Барлығы
аман-сау ержеткен.Оны бірдей сүндет аттарымен келіп, әке үйіне түскенде,кермедегі он атты
көрген жұрт, «атты әскердің ондығы» аспаннан түсті ме?-деп,таң қалатын болған.Көрген
жанның көңіліне мақтаныш ұялатып,бөгденің күллісі таң тамаша болған екен! «Біздің ру
ішіндегі ең бай, ең бақытты,көп жасаған адам-осы Шөде абыз»-деуші еді, ауыл
қарттары.Аллаһ Тағала берейін десе басты да,жасты да береді екен. Тұңғыш ұлын (есімі
Қадыр) жиырма беске келгенде көрген.Келіншегі Алтынжан тұрмысқа онжеті жасында
шықсада,бала көтермей жеті жыл жүріп қалған.Осы кезде екеуі Әулие-Ата,Түркістан өңірін
біраз аралаған,мекен еткен. Алайда,Алтынжан Қадырды ауылға келіп босанған Жұрттың
айтуынша Шөде ақсақал ұлдарын сүндетке имандылықпен дайындай бастаған
кезде,мұсылмандық уағыз, үгіт-насихатын қатар жүргізіп,оқуын да өзі оқытқан.Барлық
баласының есімдерін өзі қойған. Онына бірдей, алыс- жақын, сарысүйек құдалар жұртынан
қыз
айттырып,
үйлендірген.Ұлдарына:«Менің
атқарғаным:
әке
міндеті,парызы
болғандықтан,сендер де қайталайтын болыңдар»-деп, балаларына тапсырған.Олар да,әке
міндетін бұлжытпай орындаған.Қайда,нендей оқу оқығанын кейінгі ұрпақтары айта
алмағанымен,сауаты бар,көзі ашық көкірегі ояу, намазын қаза жібермейтін,оразасын
ұстап,зекет, садақасын беріп отыратын, қарапайым тақуа адам болған екен.Шөдекең он
келінді әуелі өзінің оң жағына түсіріп,сонан соң отау көтеріп, енші бөліп,жеке
шығарған.Құдалары отау тігіп,жасау теңдеп,жорға мінгізіп қыздарын аттандырарлық
дәулетті емес жай қоңыр қалталы орта шаруалар болған көрінеді.Осы он отауды көтеру үшін
Алтынжан мен Шөдекеңнің балаларына ісмерлік пен іскерліктің сан қырын игерткен амалы,
әдісі,оқытқан оқуы, үйреткен сабағы,игерткен өнері үлкен бір мектеп,тамаша мирас болып
бізге жеткен.Бұл мектепке қамтылған ұл-қыздар мен жігіттердің, келіншектердің саны да
әжептәуір мол болған.Екінші ұлының есімі.Жауғашар.Оның атын Шөкеңнің әкесі Бозай
қойған.Ол дәуір,қазақ пен жонғар арасындағы атыс-шабыс,қуғын-сүргіннің соңғы кезеңі
болса керек,үзенгілес сарбаздары тарасып, өз-өз ауылына кетерде: бір досы: -Сен немерелі
болыпсың,барғанда атын-Жауқашар-қой,себебі сенің ұрпағыңның төбесін көрген жау
қашатын болсын!..»- деген,сол сарбаз досының аманатын орындап, қойылған есім
дейді,үлкендер.Атасы немересінің бесікке салу рәсіміне қатысып,азан шақырып ат
қойған.Сол шақта,Бозай атайдың айтқан бір әңгімесі жұрттың есінде қалған. ...Жауды қуып
жеріне жеткізіп,алысқа апарып тастап, қайтып келе жатып,сарбаздар, жол үстінде бір
жерге
аялдап,ат үстінде үзенгіге аяқтарын тіреп тұрып, қолын,белін ырғап,
қозғап,сілтеп,сәл болса да бой жазады.Келесі бір осылай аялдағанда,қолбасшысы Жәнібек
деген батыр екен,со кісі бастап,қамшымен көн тоқым қалбырын қағып,ырғақ пен үн
қосқанда барлық сарбаздар бағанағы қимылды жасап, үзеңгі үстінде түрып біркелкі билей
жөнеледі.Осылай «Қара жорға биі» үзенгі үстінде туады.Қара жорга биінің қимыл
26
28.
қозғалысы,әуен ырғағы бұл әңгіменің растығын шынында дәлелдей алады.Ол бидің алғашқыаты «Қара жолда» екен.
...Осы Жауғашардың отауын көтеретін жылы Алтайдың арғы бетіндегі құдалар аулынан
жиырмадан астам қыз келіншек, жігіттер айға таяу осы жақта болып,отау жабдығын
дайындап, бұл жақтағы үйшілер мен шеберлерге қосылып,зергерлік бұйымдар жасап,үлкен
ұстахана құрып,тамаша өнер мектебін жұмыстатқан.Жалпы сол дәуірде қазақ қауымы,кәзіргі
тілмен айтқанда нарықтық қатынас үлгісінде,өнім өндіріп,өз қажетін, өзі қанымдап
келген.Осы негізде жас ұрпақты,тұрмыс-тіршілікке қажетті,күнделікті тұтынатын ас-су,киімкешек,арба,ат-көлік әбзелдері, баспана, қора-қаша,қыстақ-күзеу мекендерін жасау, салу,
тұрғызу іс-әректіне көпшілікті жұмылдырумен қатар,балаларды барынша араластырып,
оларды еңбекке тікелей қатыстыру арылы дағды,машық игерткен.Мәселен,бие байлайтын
алғашқы күн үлкен мереке,шаттық пен қуаныштың нағыз қайнар бұлағы,балалардың еңбек
дағдысын игеру тамаша сабағы еді.
...Таңертең күн арқан бойы көтерілгенде,жаңа бие баудың орнына жылқы, айғыр
үйірімен,айдалып келетін,Ағалар мен әкелер бес қабаттап ширатылған қыл арқандарды
қос-қостан шалып,кермелеп үш қазыққа басын күрмеп, ортасын қазықбау шалып,соңын
ілгектеп бекітетін.Үш қазықты,біздің шамамыз жетпейтін түбір тоқпақпен жерге
пергілеп қағып ортан белінен сіңіретін Жыл сайын байланып үйренген мама
биелер,тұмсығын қазыққа немесе желіге сүйкеп тұра қалатын. Құлындарын қолмен
мойындықтап не шаптан тартып ұстайтын.Атамыз,мұндайда құлынға шалма немесе
құрық салдырмайтын.Себебі құлын қашаған болып кетеді деп ырымдайтын.Малдың аты
мал.Жанғыз жарым құлын,әжеп-тәуір қарақұлақтанып,санынан көтеріліп қалғаны
жылқыдан шығып,биебаудан алыстап қашпақ болса.соларға шалма немесе құрық тастап
оларды тапжылтпай ұстап алатын.Әжелеріміз бен апаларымыз:айғырдың жалына,
сауырына онан соң бие желініне,құлын кекіліне. желіге оның қазығына май жағып,ақ құйып;
«құтты бол!», «сүтті бол!», «өсімтал бол!» деп тілек тілейтін.Алғашқы сауынға дейін тай
құнан,байтал –қысырақты бөліп алып биебаудан шамалы алыстатып әкетіп, біздің нағыз
«думанымыз» басталатын.Қымыз ашып,алғашқы жаңа кымыз ішкенге дейін немесе
«Қымызмұрындыққа» дейін жуасытуға тиісті асау тай,құнанды ұстап алу үшін жанталасатынбыз.Ұстай алмай,желіге кимелетсек атадан, не әкеден сөз еститінбіз .
Сондықтан биебаудан алшақтау жерде әр бала өзіне тиесілі асауын ұстап,
ерттеп,мініп,бастықтырып қана биебауға келуге тиіс болған.Тым жастау ұлдарға
әрине,ағалары не әкелері көмектесетін еді.Осындай бір «қымызмұрындықта»; рубасы
Ақмәдидің бозбала інішегі Қажекен; -Ағатай!..Мұнда бір,жүген құрық тимеген шу асау
жусап жатыр,(жұртқа ары қарап жусап жатқан құла қасқа атты нұсқап):-жайлақ,жүген,ер
тоқымсыз мінейін бе?-деп,рұқсат сұрайды.Ақмәди ағатайы:
-Егер,жүгенсіз,ер тоқымсыз,жайлақ мініп,жығылмай кетсең,-дейді,рубасы ағатайы;Андағы ,атты басыбайлы сен ал, сұрамаймын.Қажекен ақырын,баспалап барып,шу
асауға,сарт етіп, мініп алады.Шу асау,шошып, атып тұрып,желіден қарғып өтіп,арғы кең
жазыққа қарай зымырай жөнеледі.Зымырап бара жатып,артқы екі аяғынан тұрып билейді,
мойнын ішіне алып мөңкиді,ыршып-ыршып секіреді,асаулықтың нелер өнерін
көрсетеді.Қымыз ішіп,әңгіме дүкен құрып отырған,үлкен кішілі адамдар орындарынан
тұрып,бұлақа дейін барып,асаудың үстінде кенедей жабысқан жастың өнеріне,таң-тамаша
болып,асау мінген бозбала сұлбасы көз ұшынан алыс кетіп,бараны көзге шалынбаған соң,
орындарына келіп отырып,ән айтып,домбыра тартысып қызыққа батады.Бие ағытар уақыт
болып,соңғы сауынға шыққын қыз келіншектер,жазықта келе жатқан Қажекенді көріп:
-Ата,батырыңыз,аман-есен келе жатыр,сүйінші!,-деседі. Үлкендер қарсы жүріп,алдынан
шығады.Шалбарының бауын суырып алып, асаудың екі жағын қақпайлап ұрып,жуасыған
асауды басбілгі тайлақтай ілбітіп ілдебайлап келе жатқанын көрген,Ақмади ақсақал:Жарайсың құлыным! Ер екенсің,ғұмырың ұзақ болсын!,-деп,құшақтап,аттан түсіріп:
-Үйреткен асауыңа,анау жатқан қаракөк құнанды қосып, үйіңе алып кет!-деп,шын марқайған
27
29.
екен.Сол ҚажекенТемірханұлы –атқа өте мықты болған екен.Ғұмырында,көкпарда ғанатартпа айылын тартып мінген,басқа уақытта,ол айыл қолқылдап бос жүреді екен.Тақымы
тамаша берік адам болыпты.-Шу асауға жүген ноқтасыз,жайлақ мініп алғанда,анандай
мөнкіп- шоршығанда қалай жығылмадың?-деп сұрағанда,Қажекен:
--Ой,тәубе!Мені де қағып-баққан періштем бар емес пе?!Жалаң аяғымды,оның қос
колтығына тығып жіберіп,жалынан құшып жата қалғанымда,аттан қалай құлаймын?Ілбістей
ат жонына жабысып қалдым емес пе!-деп,кәннен-қаперсіз,күлген екен.
Әрбір еңбекке жастарды тікелей қатыстыра отырып,оның соңын қандай бір ғұрып- салтқа
ұластырған.Осы негізде еңбек мейрамдары-әулет мектебінің түрлері пайда болған.
Мәселен,бие байлағанда қымызмұрындық жасаса,пішен шауып біткенде-пішен той,қой
қырқып болған соң-күзем той,төл пішіп болған соң-пішпе той,соғым сойып болған соңсоғым басқа шақырып ауыл балаларын бір сергітіп тастайтын.Мұның бәрі,қандай бір
еңбектің ақыры адамды қуанышқа,шаттыққа кенелтіп,белгілі дәрежеде игілікке бөлейтінін
сезіндіру және жастарға жаңа білім мен дағды игерту еді.Қазақ қыздары кесте тігіп,керме
керіп не бау есіп отырғанда,анықтап байқасаңыз,олар қандай бір ән-әуенге ілесіп,көңілі
көтеріліп ,арманы асқақтап ,қол еңбегінен ләззат алып шалқып отырғанын көресіз.
...Менің Санат Қабдыразаққызы(1960) деген қарындасым, орталау мектепті бітіріп
құрылысшы мамандығын игеріп,әрлеуші болып істеді.Оның бойында ерекше талант бар.Ол
ою ойып,тұскиіз сызып, неше түрлі алаша,төсек жапқыш,төсек сырмақ,сырмақ, текемет
тігетін.Олай істеп жатқанын көрген жұрт таңданатын бір нәрсе:оюды ойғанда,
түскйізді сызғанда не циркуль,не қарындаш, қалам,сызғыш керектенбейтін:-солай бола
тұра барлық ойған-сызғаны симметриялы,тең өрнекті,көркем шыға келетін Өрнек
салып,мүйіз ойғанда қарама- қарсы тұрғандары бір-бірімен бірдей айна қатесіз,компютермен көшіргендей шығады.Мұның сырын сұрағанда,ол:-Сендер жиһан университетін
бітір-діңдер,мен апам университетін тамам-дадым.Сендер жазу-сызудың не сияқты нәзік
дәл өлшейтін тетіктері мен құралдарын керектенесіңдер.Мен апамның сиясы мен шиді
ғана пайдаланамым,-деп,бізді тойтарып тастайтын. Шындығында,үш бұрыш пішінді ою
сызғанда матаны шаршылап бүктеп,шетін саусақпен шымшып басып сындырып,шамалы
шекер қосып езіп алған қой сүтіне шиді малып сыза салады.Шеңбер сызғанда ғана үлкен
шыны аяқтарды төңкеріп қойып,ернеуін айналдырып шығады.Ақ киізге ою сызғанда
шыбықтың ұшын сәл ғана жағып тұтады да сөндіріп,сыза жөнеледі.
«Тірі жан тіршілік етеді» дейді қазақ.Өмір сүру –үлкен еңбек.Бала санасына еңбек
адамына деген ілтипат,таза еңбекке деген қошамет-құрмет әу бастан құйылу керек. «Онекі
мүшең сау болса,жарлымын деме,көңіліңде қайғы болмаса,зарлымын деме»,еңбек ет,тіршілік
жаса,талап ет,ізден деген халықтық қағиданы тұжырымдап Абай атамыз:
Тәуекелсіз,талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас еш адам кеміте алмас.
Еңбек- ақ-қарасы жоқ,адал арамы бар,ауыр жеңілі жоқ,азабы мен қуанышы қатар
болатын,ырыздығына кенелу келешегі бар,кеменгер тәрбие құралы.Еңбегің еш болатын да
кезі бар,басқаның игілігіне жұмсалып,өзіңе түсер үлесі шамалы болу да ғажап емес.Талап
пен ізденіс қолдауын тауып, ақыл мен парасаттылыққа ұласқан,әдеп пен әдіске суарылған
еңбек адал да жұғымды еңбек.Еңбектің нәтижесін көріп жемісін жеу-нағыз
бақыт.Алайда,еңбектің нәтижесін әділдікпен бөлісе алмай,ұстағанның қолында,тістегеннің
аузында кетсе,нақтылы азап сонда басталады.Сондықтан қазақ азаматы ісмер ғана емес, іскер
де болу керек.Бұл талап кеше де бар болатын,бүгінгі таңда тіптен өзекті болып отыр.
Қазақтың данышпан ақыл-ойлары,жастарға берер кеңес түйіндерінің көбісі еңбек
туралы.Байлық пен кедейлік, еңбек-қорлық пен жалқаулық,іскерлік пен ісмерлік туралы
ақыл-кеңестер,мақал-мәтелдер,үлгі өнегелер тым мол.Қазақ жас ұрпағын еңбекке тікелей
қатыстырумен қатар,еңбекке деген олардың құлшынысын,қызығуын оятып,рухани әлемін
28
30.
сусын-датып,көңіл күйі,сана сезімін де еңбекке бағыттап отырған.Бұл үшін,олар діниуағыздар мен ғибраттарды, өнегелерді,хадистерді толық пайдаланған.
Пайғампарымыз(с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде; «Кім өз қолымен нанын тапса және
шұғылданған ісінің табысы адал болса,ол адамға жәннат уәжіп» дейді.Шариғатта еңбек
қоғам мүшесінің міндеті ретінде қарастырылады. «Адамзат еңбегіне қарай ғана табысқа ие
болады.Сөз жоқ ,оның нәтижесін көреді.Содан соң оған еңбегінің бодауы толық
беріледі.Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды»(«Нәжім» сүресі,42-аят)
Қазақ ұғымында байлықты Құдай береді,адам бермейді.Құдайдың өзі ырыс береке
үлестіретін дүние мүлік сарайының кілтшісі емес.Егер еңбектеніп,талпынып қарекет жасаса
ғана несібе етеді.Сондығы болар,қазақтар: жалқау, еріншек,мақтаншақ адам мал дәулетін
шашып,жалғыз күнде қайыршыға айналады.Қажымай,талмай еңбектеніп,ақыл мен парасатқа
ден қойған адам басына бақ қонып дәулеті тасиды»-деп түйіндеп,ырыс ауысатынын,бақ
жұғысатынын ескертеді.Бұл туралы ертегі,аңыз,өсиет-өнегелер тым көп. «Байлықты
жаратқан Құдай,кедейлікті де жаратқан Құдай.Бірақ сені бай не кедей еткен құдай
емес»(Абай).Ал,Құдай еңбек етіп мал табуға,бай болып,бар болуға барлық мүмкіндікті жасап
жаратқан.Тек оны жүзеге асыру,пайдалану еркі адамның жеке басына жүктелген.Кейбір
жандар,осы қағидатты түсінбей,өзі сияқты екінші пендеге жалынады,содан көмек сұрайды.
«Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады,адамнан сұрағанның екі көзі шығады»деген халық
қорытындысын ескере бермейтініміз өкінішті-ақ.Абай атамыз оныншы қара сөзінде: «Және
мал тілейсіңдер,неге керек етейін деп тілейсіңдер?Әуелі , Құдайдан тілеймісің?
Тілейсің.Құдай берді,бергенін алмайсың.Құдай тағала саған еңбек етіп мал табарлық қуат
берді.Ол қуатты халал кәсіп етерлік орынға жұмсаймысың?Жұмсамайсың.Ол қуатты орнын
тауып сарп қыларды білерлік ғылым берді,оны оқымайсың.Ол ғылымды оқыса ұғарлық ақыл
берді,қайда жібергеніңді кім біледі.?Ерінбей еңбек қылса,түңілмей іздесе,орнын тауып
істесе,кім бай болмайды?Оның саған керегі жоқ.Сенікі-біреуден қорқытып алсаң,біреуден
жалынып алсаң,біреуден алдап алсаң болғаны,іздегенің- сол».Міне,ісмерлік те,іскерлікте
еңбекпен келетінінін,тек талаптанбау,іздемеу қолбайлау болатынын тамаша көрсеткен.
Ұлт ұстазы,А.Байтұрсынов: «Оқусыз халық қанша бай болса да,біраз жылдардан кейін оның
байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.Білімді болуға оқу керек.Бай болуға кәсіп
керек.Күшті болуға бірлік керек»-деп,бүгінгі жас ұрпаққа жол нұсқап,нақты бағдар бергендана бабамыз еді..
Қыз еркем,қашандағы шеберлігімен көркем.Шебер қыздың мінезі де көркем.Шеберлікшексіз, әрі,кез-келген қыздың ана сүтінен бойына дарығын талантының көзге көрінер белгісі.
Өнерлі ұл сүйкімді-ақ. Өнерлі өрге жүзер.Талант нышаны әркім де бар.Оның көзін
ашып,танып біліп,жайнатып, жарқыратып жіберер қабылет әр-ата анадан табыла
бермейді.Бірақ,әке- балаға сыншы,шеше ұрпаққа –әулие ғой. Өздері танымаса да,өзгеге
анықтатар.Қазақта бала талантын,икемділігін,бейімділігін тани білетін адамтанушы адамдар
да болған-ды.Бала икемділігін бажайлауға көмегі тиеме деген ниетпен қысқаша кеңес
ұсынамын.
-Сәбидің тілі дер кезінде шығу,қазақ ұғымында,үннің кеңеюіне тәуелді деп түсінген.Оның
дыбысы шықса болды өбектеп,уата қоймайтын.Ептеп жылап алғанын қалайтын. «Жыламаған
баланың тілі кешігіп шығады»-деп ойлаған.Тілі шығысымен сөз ойындары (алдарқататын,
уататын, гүілдеп үн шығаратын)-мен ойыншықтарды,сылдырмақтарды өте мол
пайдаланған.Әртүрлі бейнелік ойыншықтарды алдына қойып қайсысын таңдап ойнауды сәби
қалауына қалдыратын.Солай жалғастырғанда келешекте кім боларына,өзі тап болуы да
мүмкін.Не техника,не жан-жануарға,не қуыршаққа ұмтылуы ғажап емес.
-Сәби аяғын басқан соң,балалрды қимыл-қозғалыс ойындарына жиі қатыстыратын,Атааналар ол ойынды өздері бастап қозғайтын.Осы негізде сәбимен әке-шешесінің бірге болу
уақыты ұзаратын.Сәби ата-анасымен ұзақ уақыт бірге болу оның талант бағдарын танып
білуге тамаша мүмкіндік туғызатын.Талант-тегіне тартады деп түсінген,қазақ ата-әжесі,әкешешесінің бойындағы өнер ұшқыны бар жоғын білуге құштар болған.Солардың сын
29
31.
байқауын ең алдымен өткізетін.Нағашыларына да кезек беріп байқап көруді өтінетін.Онансоң айтулы аламтанушы сыншылардың алдынан өткізетін.Осы күнде мұндай мүмкіндік
толығымен бар болғандықтан қалай да жүзеге асыра аламыз.
-Қолдарынан іс келетін,ағаштан түйін түйген,алтыннан шынжыр бұраған,майдан қылшық
суырғандай жүн шүйкелеп өрім өріп, кесте тіккен.оқалап кимешек жиектеген небір қазақ
шеберлерінің ортасына қойылған: -Балалық шағыңызда қандай ойынды басымырақ
ойнадыңыз?-деген сауалға:-саусақ және асық ойындары-деп барлығы дерлік жауап берген.
Асық ойынының ішінен,қайсысын көп ойнағанын анықтағанда, қағу ойындары басым болып
шыққан.Саусақ ойындарынан қыздарда,ілме,өткермелі тұйық бауларды біреуінің саусағынан
екіншісі жаңа шаршы жасап , шалып алу,өру,ширату қатарлы зерделік іс-қимыл тілейтінлері
басым болған.Асықтың қағу ойыны балаларды ептілікке баулып,саусақ қозғалысын
дамытатындығы белгілі.Әсіресе қөздің долбарлау,мөлшерлеу, бағамдау қабылетін жақсы
дамытады.Жалпы қазақта, шамалау,мөлшерлеу,бағамдау өлшемі саусақпен (бір,екі...елі,
сынық сүйем,бір қарыс,бір уыс,бір шөкім т.б.) атқарылатындықтан сызғыштың маңызы өте
қажет болмаған.Құсын жоғары лақтырып жіберіп,ол қайта түсіп келгенге дейін, арасы алшақ
жатқан екі-үш асықты теріп алып жаттыққан бала сызу,жазуға шебер болады.Ал,кесте
сызу,ою сол жазудың ең оңайы болса керек.Ал,тасқа ойып жазу қазақтың бабалырынан
қалған өнер еді.Аңғалдау бір атамыз:-Осы біздің ауыл жанындағы Бұзаукөлдің суы- жүз
Тайқазан болатын шығар- депті.Қазақта барлық өлшем-жобалық,нобайлық сипатта.
Бала икемділігін танып білуге,әрі дамытуға ұлттық бала ойыны өте үлкен маңызды
Тәрбиелеу қазақ ілімінде «Егер баланы ойынынан айырсаң,оның даналық ойынан
айырғаның»-деген қағида бар.Ал,қазақ бала ойынында
еркін ойлау мен терең салыстыру ой-әрекеті сіңіскен. Ойыншықтарының өзі осы қасиетімен ерекшеленеді.(Бұл жөнінле
«Балалар ойыны.» Астана.2015 кітапшадан толық мағлұмат алыңыз) Балалар айтысы аталатын ойын,олардың зердесін ашып,танымын тереңдететін ең шынбайлы тәрбие мектебі
болумен қатар,олардың икемділігі мен ыңғайын тұспалдап беретін нағыз сынақ
алаңы.Қазақта оның түрі өте мол.Мысалы,өтірік өлең айтысы,шешендік сөз сайысы,жұмбақ
өлең айтысы,бәдік айтыс,ұлдар мен қыздар қағытпасы,жар-жар айтыс,қара өлең
айтысы,мақал-мәтел сайысы күлдіргі айтыс,мысал айтыс т.б.Суырып салмалық айтысқа
баулудың алғашқы сатысы болып табылатын бұл ойындар; жаттанды өлең –
тақпақ,жырларды пайдаланып, балаларға сөз өнерін игерту мектебі еді.Жастардың аталмыш
думаны әулет шеңберінен асып мектептер аумағынан көрініс беруі қуанарлық жағдай
болғанымен,олар жетер дәрежесіне әлі жете алмай жүр.Енді, әулет пен мектеп
бірлігі,үйлесімділігі қажет.
Сонымен,жеңге және жезде мектебінің қазақ салтында қалыптасу себебіне шамалы болса
да шолу жасадық.Оны тұжырымдап айтсақ,әр дәуірде жас ұрпақ тәрбиелеу үшін
халық,баршаға түсінікті де,ұғынықты мақсат қойып,оны орындау үшін әулет мектебінің
неше түрін жұмыстатқан.Соның бірі-женге және жезде мектебі болған.Осы бір тәрбие
ошағының салттан сырғып шеттетілуі салдарынан жоғарыда айтылған,әйел затына,қазақ
қызына жат,келеңсіз,тұрпайы қылықтар мен әрекеттер көрініс беріп, белең алған.Некесіз
туған балалар,некесіз отбасылар,ажырасулар тым көбейіп барады. Мұны болдырмауға
септігін тигізетін,қазақ қоғамында бұрын болған,кәзір де жұрнағы үзіліп кетпеген, женгежезде мектебін салтымызға жаңғыртып сіңіруіміз керек.Тіршіліктің мәні де,сәні де
жарасымды жұп құрып,ерлі-зайыпты болып өмір сүру десек,оның қызықты да,құпия,нәзік
қалтарысы аз емес.Дінімізден,тілімізден,дәстүрімізден айрылмай тұрған кезде:«Үйлену
оңай,үй болу қиын» деп,екі жастың отау тігіу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қараған
халқымызда, өзіндік тұтас бір тәрбие мектебі болғанын біле тұрып,оның қыр-сырын аша
отырып,оны қайыра жанғыртуға келгенде шамамыз жетпейді деп салғыртсыну жөн
болмас.Ал,дініміз де, тіліміз де,ғұрып салтымызда өз орнын тауып, тұрмысымызға орнығып
жатқан бүгінгі таңда,оны жаңғырту қиын емес.
30
32.
Жеңге және жезде мектебінің үлгілеріҚадірін жеңге білмесе,бойға жеткен қыз ғарып
Асан қайғы(ХҮ ғ)
Аңсайтын адамым бар...
...Елде менің Қамқа деген әжем бар.Жақсылық пен жамандықты күні ілгері сезетін
«көріпкелі» бар адам.Оң көзі тартса , қуанады;сол көзі тартса,ренжиді,болашақ көп нәрсені
түсінде көреді де,соларын айнытпай жориды.Үйге ақша түсе қалса: «Е,бәсе,кеше уысым
қышып еді»,-деп;алыстан сағынған адамы келсе: «алдынғы күні түсімде бір табақтан ас ішіп
отыр едім-ау»,-деп,бәрінің үстінен түсетін.Жасым он тоғызға келген дырдай келіншек
болсам да,Қамқа әжемнің сол «көріпкелдігі» маған қонбапты.Қырық бірінші жылдың
жиырма бірінші маусым күні маған жамандық емес,жақсылық әкеле жатқандай
көрініп,жағам жайлау,жайбарақат жайсаң күн болды да,бар оқиғасы бадырайып көз алдымда
тұрып қалды.
...Адам ертеңгі күннің не боларын білмейді.Бірақ ақыл ойдың болжамы жетпеген нәрсені
тәнің сезетін сияқты.Бірнеше жылға созылмыш азап пен мехнат алдында дүниенің бар
жылуы мен тыныштығын,аз ғана рахатын әр клеткасына сіңіріп алғысы келгендей,көңілім де
жай
тауып,жадырап
келеді.Аллеядағы
скамейкада
Света
екеуіміз
отырмыз.Үндемейміз.Светаның барлық төмен етектіден артықшылығы да осы.Құлағың
тыныш.Қасыңда бір жақсы адам барын біліп,бүйірің жылып отыра бересің.
Света бір кезде маған қарай қисайды да белімнен құшақтап алды.-Надя,-деді одан
соң.(Мұндағы орыс әйелдері менің Нәзира деген атымды «Надяға» айналдырып алған...)-Мен
әйелдерден естіп сенбей жүрсем.Рас екен ғой.Ол жұмсақ алақанымен менің құрсағымды
майда сыпырып өтті.
ххх
...Света ғашықтық жайынан сөз қозғады.Осы мен Қасымбекке шын ғашық болдым ба?Әр
жағдаймен алаң болып,көңілім алып-ұшып жүріп сол арасын ойламағанмын ба, қалай?
«Ғашықтық»деген сөз бала кезімде ертегі,жырлардан құлағыма шалынды. Бірақ ертегі жырлардағы өмір де,адамдар да бізден бөлек, биік көрінетін де, олардың бойындағы алапат от
сезімдер де біздің кішкентай бойымызға сыймайтын, қысқасы,қол жетпейтін нәрсе
болатын.Бүгінгі жабайы адамдар жырды тыңдап қанша тамсанғанымен, «өз басымнан сондай
сезім кешемін» деп ойлай қоймайтын.Ертегі, жырдан ауысып,азғана қазақ жазушыларының
азғана кітабын оқығаннан кейін де,«ғашықтық» деген сөз мен үшін аспаннан жерге түспей-ақ
қойды.Мұнда да қызбен жігіттер өліп-талып,күйіп-жанып жатады.Және біздей жабайы
емес,кілең бір «асыл жандар»(Қайта осы орыстың «любовь» деген сөзі оңайлау ма дедім.Ол
өзі көп айтылады және әркімнің-ақ көңілінде бола беретін нәрсе тәрізді).Осы бір әсерден
болар,анандай ғашық болуды мен өзімнен дәметкенім жоқ.Бірақ көңілімде көмескі,бұлдыр
арманым болғаны рас.Ол кейде тәтті қиялға айналып,әжеп-тәуір жерге алып та
кететін.Ондайда керемет сұлу,көрікті ер жігіт... Басқа халықты білмеймін,қазақтың қыз
баласының сезімін оятатын,тек жыр мен кітап қана емес,көбіне жеңгелері.Олар жай
адамның қолы жетпейтін алыстағы ғашықтықты айтып әуре қылмайды,жас денедегі
оянып келе жатқан сезімге жақын,ұрымтал тұстан дәл басып,нағыз қытықты жерден
түртеді.«Күйеу деген жақсы болады.Қу тізеңді құшақтап,қураған төсекте дөңбекшігеннен
беу,ойбай-ай,жас жігіттің ыстық құшағына не жетсін»,-деп,бастап «Түк білмейтін
шығарсың,әбден-ақ..Бой жетіп қалдың,ішің бәрін біледі ғой» деп,онсыз да мазаңды
алып,денеңді қыздыра бастаған табиғаттың отына май құяды.Онан ары тұрмысқа
шығудың,бір үйдің қазан- ошағына ие болудың артықшылдығын құлағына құйып, «о бастан
пешенеңе жазылған» болашақ тірлігіңе баулиды.
...Менің Дариға деген жеңгем бар.Күйеуі бізге үш атадан қос-ылатын,бірақ әкем атадан
жалғыз болған соң,олардың үй-іші бізбен жақсы араласып кеткен.Денесі тығыршықтай,бойы
сұңғақ болса да,жұдырықтай шүйке бас,бет пішімі де қуыршақтай кішкене ғана-бір
31
33.
қарағанда әжептәуір әйел денесіне кішкентай ғана қыз баланың басын қондырып қойғансияқты.Аузы оймақтай,кішкене пісте мұрын,сызылған қысық көзі моншақтай
жылтырайды.Күйеуге шыққвнына бес алты жыл болса да,көзі күлімдей жылтырап тұратын
томпақ бетінен балалық табы кетпей -ақ қойды.Балалық кезіндегі мінезі де өзгермеді.Содан
болар,оның менен алты-жеті жас үлкендігіне қарамастан,екеуіміз қатар өскен құрбыдай
сырымыз ашық болды...
Мен өзім сырт көзге тұйық,сабырлы бала саналған-ыммен,ішімде талай пәле жатты.Он
алтыға
қарағасын-ақ,қабағымның
астынан
жігіттерді
сынап
отыратын
әдет
шығардым.Дариға айтып жүрген жігіттерге де өз көзқарасым болды.Олардың пейілін көзі
жіті жеңгемнен бұрын-ақ аңғарып қалатынмын.Бірақ сыртыма шығарып сыр бермесем
де,іштей әрқайсысын өзіме өлшеп көрем.Қайсыбіреуіне «кет әрі» де емес сияқтымын,әйтсе
де әзірге көңілім жыға құлаған бірі жоқ.Басқа,өзге біреуді күтем.Кімді күткенімді анықтап
білмесем де,әйтеуір,бір ансайтын адамым бар.
Менің күткен адамым тап бір күтпеген жағымнан кездесті... Сопақшалау келген бет бітімі
де тым жақсы,быттиынқырап тұрғаны болмаса дөңгелек қой көзі де былай сүйкімді,бірақ
кішілеу пісте мұрнының астындағы дүрдиген ерні...күлгенде күрек тістері көрінеді.Өзге
қандай қасиеті барын кім білсін,бірақ қалай мақтасаң да сұлу жігіт деп айта алмайсың. Менің
онымен ісім де болған жоқ еді.Былай енді...тосын кісі болған соң...көз астымен сынап
қарағаным бар.Сөйткенше бір үйде жүзбе-жүз кездесіп қалдық.Зәуреш деген өзіммен бірге
оқитын құрбымның үйіне барғанмын.Әлгі командир сол үйдің жақын жиендері екен,сәлем
беруге келіпті.Бізбен жылы амандасып,Зәурешті біледі ғой,менің жөн- жосығымды,одан
оқуымның жайын сұрады.Пәлендей еш нәрсесі жоқ,мен де қысылмай еркін
сөйлестім.Сонымен тарап кетіп едік... кешке кинода тағы кездестік.Енді тіпті ескі танысша
еркін келіп қасымызға отырды.
Әуелде менің ойым алаңсыз болатын.Бар пәлені бастаған Дариға жеңгем болды.Ол
әдетінше айтам деген жаңалығы кеудесіне симай,мойнымнан құшақтап алып:
-Қыз-ау,сен әлгі демалысқа келген кәмендірді көрдің бе?-деді.
-Көрдім.
-Көрсең, жаным-ау не бітіріп жүрсің?Жұрт деген гу-гу етеді.Өзі әлі үйленбепті.Тұқымы
да Ақкиіздің ішінде дырауы көрінеді.Осы жолы құр кетпейді деседі.Я-я,жай келіс
емес,қалыңдық іздеп келіпті дейді.
-Іздесе қайтейін?
Дариға жеңгем: «денің сау ма» дегендей бетіме үрпие қарады. -Қыз-ау,не дейсің сен?Бүкіл
аудан аузын ашып отырған жалғыз жігітті...
-Қойшы,Дариға-ай,ерні көнтиген,көзі быттиған біреуді соншама...
-Қыз-ау,есің дұрыс па?Қазақ айтқан емес пе, «ат ерінді,р мұрынды келсін» деп.
-Мұның мұрны кішкентай,ерні үлкен ғой.
-Е,болса ше?-деп өз екпінімен кете берді де,кенет сөз мағынасын түсініп,өз ағаттығына
күліп жіберді.-Түһ,сен де...Оның ернін қайтесің.Құдай беріп қолыңа түссе,әлі-ақ ерттеп мініп
аласың ғой.
Осыдан-ақ Дариға жеңгемнің тағаты таусылды...
Байқаймын,жалғыз Дариға емес,ауданға тосыннан келген жас командирге көп-ақ жұрт
қызыға қарайды...
Сөйткенше Қасымбек қызметіне қайтып кетті.Кетерде маған еш нәрсе айтқан жоқ тек хат
жазып тұруға рұқсат сұрады..Мен не дейін... «мейліңіз» дедім.Қасымбектің хатын жеңгеміз
екеуіміз асыға күтетін болдық...
Мен күткен хабар почтадан емес,басқа жақтан келді.
Зылиқа деген орта жастағы әйелді бұрыннан танушы едім.Араласымыз жоқ,жай былай...
Ол жайлы кейінірек білгенім-Қасымбектің апасы болып шықты....Сол Зылиқа бір күні
көшеде кездесіп қалып,
32
34.
әшейінде бас изеп өте беретін адам,үйіріліп тұрып сөйлесті.Үй-ішінің амандығын егжейтегжейлеп, «Құдай қаласа,енді бір айда оқуыңда бітеді ғой» деп,үйіріп алып барады.Содан«Бүгін бір үй оңашада еді.Жалғыз адам сопиып отырып шай іше алмайды екен» деп үйіне
ертіп апарды.Шай үстінде Қасымбекті аузына алды.Оның бала кезіндегі қылықтары есіне
түсті,інісінің оқып жүрген кезін де ұмытпапты.Содан біртіндеп ағытыла берді де,менің
бөлмей төмен қарап тыңдап отырғанымды көріп,сөзінің артын жырға айналдырып
жіберді.Арасында ұмытпай мені де мақтап қояды. Зылиқаның бұл мінезіне түк түсінбедім
десем шылғи өтірік болар еді,бой жетіп қалған қыз залым болады,бастапқы үйіріле
кеткенінен-ақ,тегін емес екенін сезгемін,бірақ бұл жолы Зылиқа жақсылықтың нышанын
білдіріп,бауырына тартты да,дәйекті ешнәрсе айтпай жіберді. Әйтсе де қоштасарда:
-Именбей келіп тұр,айналайын.Бөтен адам емеспіз ғой.Кейде бір адамның іші пысады,-деді.
Әрине, ол үйге мен именбей барып тұра алмадым.Бірақ оның есесіне,Зылиқаның өзі менімен
үнемі жиі кездесіп қала берді.Кездескен сайын,ең жақын адамындай мені айналыптолғанып,өзіне жақындатып,іш тартып барады.Сөзінің дені-ақ сол баяғы Қасымбек
жайлы.Енді кәзір Қасымбек екеуімізге бірдей жақын,ортақ адамымыз болып алды.-Қасымбек
хатында ылғи сені сұрайды.Сірә,сағынады-ау деймін өзіңді,-деп,Зылиқа сыр тартып
күлімсірей қарап қояды.-Өзің хат жазып па едің.Болмаса сен үшін мен жауап берумен
келем.Өзіңнен несін жасырайын,«орнықты,көргенді бала» деп,сыртыңнан біраз мақтап
жібердім.Үйде Дариға,түзде Зылиқа маған Қасымбекті ұмыттырмады.Өзімен азғана күн
кездесіп жүргенде көңілім құлап,жақсы көріп үлгермеген жігітке,енді сырттай ынтығатын
халге ұшырадым.Ақыры алты айдан кейін мені әкетуге Қасымбек қайтып оралғанда,мен оны
әлдеқашан берілген,көп жыл сарылып күткен некелі жарындай қарсы алдым...
Тақауи Ахтанов Шырағың сөнбесін романнан.
**********
Қорқақ махаббатқа қабылетсіз,махаббат ержүректің еншісі (М.Ганди)
Достық пен махаббат-осы екі ұлы сезім адамды мүлдем өзгертіп жібереді (Жан Поль)
Кір шалмаған ар-ұят
Мұстапа үйде.Сарыбала сыртта,үй көлеңкесінде.Екеуінің де қабағы жабыңқы.Бай аулында
болып жатқан думанға қатынаспады бұлар.Мұстапа мана Әубәкірге жолығып ренжіп
қайтқан.Сарыбала үйдегі әке-шешесінің әңгімесін ести отырып жабығады,далада атасы
маңындағы топты көре отырып, аралассам деп қызығады.Ауыл жасы сұңғыла,тесік өкпе
келеді.Піспей,жетпей жатып-ақ үлкен білетін жақсылық, жамандықтың бірсыпырасын біле
қояды.Үлкендер соны білдіруге құмар.Сары баланың кейінгі кездегі ойы көбейіп
барады.Үйдегі әңгіме одан ары көбейте түсті.
-...Заман бір қалыпта тұрмайды.Ауыру,ажал жақын.Балаларды қосайық десем, «мазамды
алмаңыз!бала әлі жас дейді...»дейді.Былтыр да соны айтқан.Неғылған жас!Әйел бала он екіде
балиғаға батады.Еркек бала он төртте отау иесі.Сен маған он төртке жетпей қосылдың.Оның
баласы онбеске қарады.Менің балам он алтыда.
- Әубәкір бізге қыз беруші ме еді,тәйір!Менсінбейді.Әйелдері танауын көтереді.Өзгесі
ұмытса да қараша үйде жалғыз қара бие сауып отыратын қақбастың ұмытатын не жөні
бар!Әлі күнге іштартып күйеу баласына төс берген,не бір көйлек кигізген жоқ қой.Көрген
жерде: «Адыра қал!Жасырынады,күйеу болмақ шығар!» деп қолын,ернін шығарып қорлайды
баламды.Құдай қорласын қақбас итті.Бай құдалары келсе құлын тай сояды.Сен барсаң бір
аяқ қымызды азар береді.Қыз беретін құда сондай бола ма?!
-Ал сонда бермеске амалы бар ма?
-Әубәкір осы күні сен түгілі құдайдан да қорықпайды.
Жеті мың жылқысы бар Адамбай-Тұрсын сұрап жатқанда саған неге қыз берсін.
-Құдайдан қорықпаса да елден қорқады. «Көп қорқытады,терең батырады».
Біз кедей болсақ та рулы елміз.Елібай,Бекайдар,Мұрат ғана емесАлтай болып намысқа
шабады.-Алтай тұрғой өзіңнің матайың былқ етпес.Әубәкірдің бірі атшысы,бірі асшысы,
33
35.
қоңсысы шабарманы болып кеткен жоқ па?-Көрсетіп қолынан бермесе де бір күні « қашып кетті»дей салады,Не қыласың?!
Әке-шешенің бұл өзара әңгімесі Сарыбаланың жанын түрпідей жеді.Талағында бірдеме бар
жас қалыңдығынан айрылса ел бетіне қалай қарар?Сондықтан оның кеудесін намыс кернеп
орнынан тұрып кетті
.
...Бір кезде орамал түсті есіне.Төс қалтасында төрт қабаттап бүктеулі ақ торғын
орамал жатыр,бұрыштары кестелі,бір шетінде «Бәтима» деген жазу бар.Бәтимақалыңдығы.Бұдан бірнеше күн бүрын,Бибі ұзатқан қызына кеткенде Назым отауында
қалыңдығымен кездескен.Назым –Әубәкірдің момын,іштеме білмейтін ортаншы інісі
Мұқайдың әйелі.Сарыбаламен шөбере,әрі жеңге,әрі апа.Жалаң Назым емес,
жалшы,көршілердің тіпті Бибінің жалғыз ағасынан туған кедей қожалардың өзі
Сарыбаланы іш тартып жүреді.Бәтимаға ата-анасынан гөрі осылардың ықпалы
күштірек.Өйткені,әкесі екі әйелімен,кіші інісі-Мұқамедиямен заводта тұрады.Бәтима
көбінесе ауылда,әжесінің қолында.Әжесінің қаһарынан ба, болмаса жастардың
ұялшақтығынан ба әйтеуір жазы-қысы бірге отырып екі жас Назым отауында бірнеше
рет дидарласты. Дидарласқаны болмаса тілдесе алмады.Бірінен –бірі ұялып қызарған,терлеген,қырындай отырып,төмен қарап жер шұқи берген.Уылжыған жас ұятты бұзу
темір торды бұзудан қиынырақ.Бұзалмады жастар.Назым бірінің қолын біріне мойнына
артты да шығып кетті.Ол шығысымен қолдар сылқ етіп қайта түсті.Бақылап жүріп
тағы кірді Назым.
-Жаңа туған төл де талпынады,түртінеді.Төл құрлы жоқсыңдар ма? Әлде,шамнан
ұяласыңдар ма,ал өшірейін,-деді де,өшіріп шықты шамды.Үйге жабыса түрып тың
тыңдады.Ештеме ести алмады.Үйдегілер іргеден оның көйлегінің етегін көріп
отырды.Айлы түн,жұмыртқадай ақотау,түндігі жабулы.Сол отаудың ішінде кіршіксіз екі
жүрек асау тайдай тулайдыТек лебіз шықса болды лап ететін-дей,жақындаса жанып
кететіндей ұндемейді,бір-біріне жақын-дамайды.Назым сыртта сыбыс күте-күте
жалықты.Үйге кірді.-Танысып, шүйіркелесіп болған шығарсыңдар.Бұдан былай менсізақ,ойнап- күліп жүре беріңдер-деді де,Сарыбаланы шапанымен қалқалап шығарып салды.
...Атасының аулы қайнап жатыр.Топ-топ мал,адам, думан...Солардың ішінен бөлініп үш қыз
шықты.Ауылдан ұзаңқыраған соң бірі бөлініп бері тартты.Мүның Сәлиман екенін,қалған
екеудің біреуі Бәтима,қасындағы –жиендері Несібелді екенін Сарыбала бұлжытпай
таныды.Сәлиман- күніне бір соғып,Бәтима жайында бірдеме айтып кетеді.Бәтимаға да құр
бармайтын болу керек.Екі жасты жақындастыруға жанын салып жүрген,бірер көйлекті
бұрын тоздырған дос әмән жылы хабар әкелетін.Бұл жолғысы суық:
-Бәтима ертең қайтады,-деді отырмай жатып.Сарыбала салы суға кеткендей тұнжырап сала
берді.Бәтима қалып,сол думанды үлкен ауыл қалпымен көшіп кетсе бүйтіп тұнжырамас еді.
Ауылдан жақсы қыз кеткенде әсіресе арман еткен жар кеткенде қай жігіттің көңілі
құлазымас!
-Неге қайтады?Неге кеш хабарладың?-деп қынжылды,Сарыбала.
-Әкесі жаңа ала қайтам,депті.Өзінің ойында жоқ еді.
-Онда екеуімізді бүгін қайтсең де кездестір!
-Бетім-ау, әкесі жатқанда ма?!
-Әкесі бүгін Ботақараға жүрмек.Кешікті ғой,қайта алмас.
-Аюдай әжені қайтеміз?Түнде түгілі күндіз көзінен таса қылмайды.
-Ондай аюдан енді мен қорықпаймын.Өзім барам.
-Қалай барасың?!Есікке іштен құлып салады.Өзі дәл Бәтиманың кереуетінің алдында
жатады.Кереуеттің аяқ жағында биік стол,бас жағында шкап.Аяқ басар жер жоқ.
-Ақыр заманды тақамашы!Бәріміз жабылып бір кемпірдің өзін алдай алмаймыз ба?Құлыпты
Бәтима ашып қойсын.Ашпаса маңдайшадан түсем,шошымасын. Бүгін кездесуді серт
еттім.Азар болса біліп қояр,ұстап алар.Бәріне шыдадым.
-Өзің өжет екенсің ғой. Бұрын қайда жүргенсің?!
34
36.
-Бұрын ашынбаған шығармын.Ашынсаң амалсыздан өжет боласың екен.Бөгелме тезірекбарып осының бәрін айт.
Сәлима ізінше кейін қайтты.Әубәкір астында солқылдақ қара арба,жеккені қара
арғымақ,Ботақараға бет түзеп тұр....
...Күні бойы кісіден жаңа босаған үйге Бәтиме кіре бергенде Салиман да жетті танаулап.
-Немене,жерден жеті қоян тапқандай?
-Тапқаным қоян түгілі түлкіден қымбат.Бүгін күйеуің келеді қасыңа.Алақай!
-Кет әрі!
-Құдай біледі келеді!
-Кет пері!
-Олда-білдә келеді.Есіктің құлпын ашып қойсын,деді.Ашпаса маңдайшадан түсем деді.
-Ей,шының ба?Сен жындандың ба,ол жынданды ма?!-дегенде Бәтима құп-қу болып
кетті.Әрдайым жаудырап,күлімсірей қарайтын қарасы ден үлкен көзінде,қайқылау біткен
ұзын қара кірпігінде күлкіден кәзір нышан жоқ.Ашуланғаны ма,шошынғаны ма,талдырмаш,
ортабойлы,жібек мінез аққұба қыздың өңі сонша суыған жіңішке сұр жыланша тіп-тік болып
қадала қарап қалыпты Сәлимаға.
-Бар!Тез бар!-дейді оңаша үйде сыбырлап.-Келмесін, келмесін! Ұстап алса өлім-дағы
-Айттым.Тыңдамайды.
-Бар,тағы айт!Мен жіберді де.
Сәлима барып қайтқанша, Бәтима сан құбылды.Артынан баспалап қарап тұр.Оның ар
жағында,өзек ішінде сенделіп жүрген Сарыбаланы да көріп тұр.Жаңа ғана «кететінімді бекер
хабарладым» деп өкінсе,енді «келмесін»дегеніне өкінеді. «Өлімнен ұят күшті» деген бар.ұят
кәзір махаббатты да жеңді.әйтпесе «келмесін» дей ме,Бәтима.Оны көруге құмарды.Өзі ауызға атын бір алмаса да,біреулер әңгіме қылғанда тыңдамағансып отырып,құныға
тыңдайтын.Дәретті сылтау -ыратып ұзап далаға шыққанда,қарамағансып келе жатып,көзін
сол ауылдан алмайтын. «Ол-сенің жарың» деген бір сөз барлық сөзден ыстық еді.
«Мұстапаның Сарыбаспағы» деген әжесінің бір сөзі барлық сөзден суық еді.Кір шалмаған
ар-ұят. Алатаудай болып алдын кесті.Сарыбала содан асуға бекінсе бұл бекіне
алмай,бекінбей тағы қоялмай,бір қызарып,бір сұрланып,теңселген кезде Сәлиман кірді.
-Айттым ғой,сөз өтер емес.Өршелене түседі...
-Сүйтіп менің абыройымды төкпек пе?
-Қойшы әрі,абыройың неге төгіледі!Басқа біреу емес өз күйеуің.Тіпті жан
сезбейді.Құлыпты ашып,сықырламау үшін есікті майлап қой.Әжеңнің ұйқысы қатты.,құлағы
мүкістеу,оның
үстіне
басын
орап
жатады.Тай
туласа
да
білмейді...
-Ұят-ай,не деп отырсың!Жоғалшы өзің,жоғалшы!
-Ал,жоғалайын.Маңдайшаны бұзып кірсе ұяттың көкесі сонда,-деді де Салиман шыға
жөнелді.
«Келмейді,әншейін қорқытады,Алда-жалда келіп қалса масқара ай!..»деген ой
Бәтиманың ішіне кешке дейін ас батырмады.Міне кеш болды.Қараңғы түсті.Ауыл-ауылдың
оттары жарқылдап,төбеттері маңқылдап жатыр.Алтыбақан теуіп ән шырқаған жастардың
дауысы естіледі.Қорғалаған ай бір шеті кетиіп белден көтеріліп келеді...Бәтима соның бәрін
байқаған жоқ өзімен өзі.Бибі құтпан намазын оқи сала жата қалған.Бір кіріп,бір шығып
мазасызданып жүрген немересінің ішін о да байқаған жоқ.
-Қаңғырған немелердің бірі келіп қалар,жатсаңшы,Бәтеш,-дейді,-есікті құлыпта.Шамды
өшір.
Батима барды да есікке құлып салды.Маңдайшаны аңқита,үйді сықырлата Сарыбала кіріп
келе жатқаны елесте-генде,құлыпты қайта ашты.Есіктің топсасын, табалдырық,
маңдайшасын майлады.Сонда да шамды жағып қойсам, қалай келеді?..»деп тұр еді,көрпе
астынан кемпірдің дауысы шықты: - Шамды өшір.Құрттың ғой,кәрәсінді!
Шам өшті.Үй-іші тым-тырыс.Кемпір жерде ұзаққа бармай пыс ете түсті...Айдың әлсіз
35
37.
сәулесі бір кезде босаға саңлауынан біреу өткенін көрсетті.Бәтима тұла бойы шымыр етіп,«сол!» деді.Иә, «сол»...Бұрын бас сұқпаған үйдің қай жерінде не бары белгісіз.Тек сырт
айтумен жобалап, ши жағалай келді де,кемпірге жете кідірді.Кемпір емес, кереует пен екі
арада жылан жатқан тәрізді.Аттап өтсе тілін салып қалатындай,айналып,кереуеттің аяқ
жағына барса,бірдемені салдырлатып,оятып алатындай,қипақтап тұрып-тұрып ырғыды бір
мезгіл.Мысықтай шапшаң,епті екен,ұйқтап жатқан Бибі түгілі ояу Бәтима қасына қалай
келгенін сезбей қалды...Сары-бала содан қысылғандықтан:
-Ертең кетеді деген соң жолығып қалғалы,жүректегі бір күдікті айтып қалғалы келдім...деп тақала берді.Сөздің басталуы қиын.Басталып еді тойпаңдары тез жазылып,сөзден сөз
туып кетті.
-Қандай күдік?- деді Бәтима.
-Ел аузындағы бір өсек екі жылдан бері басылмайды.Сені Байтұрсынның баласына бермек
болғаны рас па?
-Кісі салғаны рас шығар.Бермек болғанын білмеймін.
-Әгер бермек болғаны рас болса қайтесің?
Бұл сұраққа Бәгима жауап таба алмай қиналып жатыр.Қазақ салтында қыз күйеу таңдаған
ба,ата-ана құда таңдайды.Олар таңдаған құданың ұлы пұшық та болса бару керек.Бармайтын
қыз
ілуде
біреу
ғана.Сондықтан,Әубәкір
сияқты
әкеден
құрық
әкетем дей алмай не қасындағы сүйкімді сарыны қия алмай,Бәтима бар үмітін анасына
артты:
-Жеңешеме сенем,мені жылатпайды.
-Жеңешеңде не билік бар?!Өзінің көзінен жас кеткен емес.
-Кіші ағатайым,әжем,Мұқай бәрі жеңешемді жақтайды.Үлкен ағатайым олардан асып қайда
бармақшы?!
-Бізді сәби күнімізден атастырыпты, матапты. Енді, есейген,есімізді білген шақта
айыратын қол кімдікі болса да қырқып тастаудан тайынбаймын.Тек «мен сенікі!» десең
болғаны.
- «Мен сенікі»...
Ғабиден Мұстафин
**********
Алдыңнан атыңды ұстап құрмет еткен,
Жайдары жеңгең бар ма, жарқылдаған.
(Нармағанбет жырау)
Қалыңдық
... «Ақтоты да мүлдем қажып,жүдеп кетті.Бүйте берсе,ауыруға шалдығар.Біраз уақыт көз
көрмес,Еркімбай ауылына жасырын жібере тұрайық.Ақботаны сыйлаушы еді.Апасы бізден
көрі сыр айтысып,қоян қолтық сөйлесе алады.Мүмкін, райынан қайтарып,ақыл салып
балалықпен желіккен жел көңілін тияр.Ақтоты да бөтен елден сергіп,біраз желпінсін»,-деп
ұйғарған.
Ақтотыға желпіну қайда...
Өзіне сынай қараған,тұла бойын тінте қараған неше бір сұм көздерден қорланған Ақтоты
ел ішіндегі бозбалалардан да көрді көресіні.Бұрын қос тұлымы желкілдеген титімдей күнінде
талай рет жездесінің үйіне келген қызға,ауыл балалары қонақ деп қадірлеп қараушы еді,енді
бір-екі рет бастанғы,алтыбақанға барғанында ел ішіндегі өсекке қанған кез келген қылжақбас
жігіт орынды,орынсыз қалжыңдасып,ақмаралдай сұлу қыздың бойынан бір жеңілтектік
іздейді.Бәрі де өздерінше үміткер,дәмелі.Отыра қалған жерде алаңғасар бозбалалар
тарқылдап күліп,жөн-жосықсыз тиісіп,тіпті кейде қолын жүгіртіп ойнағысы да келеді.
...Келген бетте өзінің бойынан бәлендей өзгеріс таппай көңілі орныққан қадірлі апасына
жеке отырып бар сырын жасырмай түгел ақтарған.
-Өңің жүдеу ғой, бір жерің ауыра ма?-деп алыстан орағытқан Ақботаға..
-Өңім жүдеу болмай қайтейін.Өңшең балық көз надандардың ортасына қамалған соң,амал
36
38.
не?Бірақ өңім жүдеу болғанымен,жүрегімде тұтанған үміт оты сөнген жоқ.Ақбота,-деп сөзсыңайын түсінген Ақтоты да тура жауап берді.
-Тоқтым менің,қайтейін,әлі баласың ғой,сендей кезімде мен де біраз әуреге
түсіп,ғашықтық жолында өзімше өлердей болғамын,әлі бәрі ұмыт болады,-деп әкешешесінің тапсырысын ә дегеннен орындауға көшкен Ақбота ақын,серілерше айшықтап
сөйлеген сіңлісінің сөзіне онша мән бермегенсіді.
-Жоқ,Ақбота мен өле-өлгенше ұмытармын деп ойламаймын.Тіпті одан басқаға барамын
деген ой да жоқ менде.Өзің есіңе түсірші,ғашықтық деген қандай болады.Мен бұрын түк
түсінбеуші едім.Әлі де сөзбен айтып жеткізер мұрша жоқ.Неге екенін өзім де
білмеймін,Ақанның қасына ерсем,бар дүниені ұмытып,жұрттың өсегін де елемей,бірге жүре
бергім келеді.Қайта ел көрсе екен деп көңіліме бір мақтаныш,қуаныш оралады.Ол көзіме
түспегелі бір күннен бір күн ұзақ көрініп,бүгінгі сағынышым кешегіден басым тартып,бірде
оның көзі бірде қасы,кірпігі,мұрты,күлгенде көрінер тісі көз алдымда елестеп,соны ойлаумен
жақсы күнді өткіземін.Ер адамға мұнша қызығармын,сүйермін деп ойлаппын ба?-деп екі көзі
мөлдіреп,аппақ жүзіне қан жүгіріп,Ақанның бұрама сақинасын сипап отырып қалды.
-Түсінемін,жаным,сенің жаныңды мен түсінбегенде кім түсінеді,Тоқтым,-деп бірден
шошытпай,сіңлісінің көңілін жықпаған ақылды,әдісқой келіншек Ақтотыны құшақтап маңдайынан сипады.-Бірақ сен мынаны ойлап көрдің бе?Сол Ақанды не үшін осынша
сүйдің,несімен қадірлі ол саған.Рас,Ақан серідей көрікті,сөзге де,әнге де ұста,сегіз қырлы
жігіт ілуде біреу болмаса,жиі кездесе бермейді.
-Мен тіпті көркін де,өнерін де басқамен салыстырып көрген емен.Оның бойындағы бар
қасиеті әйтеуір маған жұғымды, ұнамды.Бәрі-бәрі өзімді шын баурап алған жұмбақ сыр.
Кейін бір жайлауда жеке кездескенімізде Ақан:«Есіңде ме жаным,сен екеуіміз Тастан
үйіндегі шілдеханада қатар отырғанда,қалың қарағай ішінде бір-біріне сүйене өскен қос
қайыңдай едік.Тек сенімен отырғанда ғана өзімде бұрын болмаған бір сиқырлы күйге,жайсаң
күйге еніп,көңілім Көкшенің күніндей өсіп отырады»,деді.Менің көңілімде
де тілмен
жеткізгісіз осы ой бар еді.Соның дәл үстінен түсті.Ендігі жерде,қатар бүршік жарар егіз
қайың сол Ақандай ғана көрінеді.
Бұдан әрі Ақбота талай қиқалыққа салып,көңілін суытатын талай әдісті сөздерге ауысты.
Егер сен ұзатылып қоймасаң ,жағдай басқа.Сүтемген елі,қала берді қазақ ғұрпы дұрыс дей
ме?»,-деп бір көрді де:«Ақан сері сенімен ғұмырлық жар да болмайды,кейін жел көңіл ақын
басқа сұлуға ауысып,саған салқын тартары хақ.Оған жазғыруға да болмайды.Үйтпесе
әнші,сері де болмас еді.
Басқасын былай қойғанда,әйелі өліп,екі баламен қалған адам қалай,Сүтемгендей шалқып
отырған байдың ұлына барып,дүниені сапырып отырған қалай,ғашықтық та жақсы,бірақ
түбін де ойлаған теріс емес.Бұл жерде ешкім жоқ,ана шешеміз бен әкеміз тең бе? Бірақ одан
анамыз не қысастық көрді,өмір бойы ішкені алдында, ішпегені артында,құдайға шүкір біздей
ұрпақ өсіріп,өрісін кең жайып отыр. Егер олай-бұлай болып кетіп,Жалмұқан сені
алмаса,әкеңнің қалған ғұмыры итшілікпен өтеді.Сүтемген жұрты кек алмай тынбақ емес.Тым
құрыса сорлы әкеңді аясаң етті:
Сосын,Жалмұқан кімнен кем...Жігіттің төресі.Түр десең түр,ақыл десең ақыл бар.Бойға
да,ойға да қораш емес.Ол да қыз менсінбей таңдап жүрген жігіттің бірі.Ақылы
болмаса,түнеугүнгі қалыңын төлеген басы байлы қалыңдығым еді деп,сені басқа-көзге
төпелеп алып кетпес пе еді.Ондай аусар,еселаңдар толып жатыр.Көзі соқыр,басы таз
емес,тап-таза мүрсіндей бала....
Ал,мынандай ердің басын қорламас болар.«Асты қорлама құстырар» деген сөз бар.
Есіңде болсын,бұл-қорқытқаным емес.Жақында бір суық хабар естідім. Қожамбеттен тараған бүкіл мықты елдің атқа мінер еркек кіндікті ер-азаматы зығыры қайнап,Ақанға кіжініп
отырған көрінеді.Бір сәтсіз күні зақым қылуы да мүмкін.Сен екеуіңді қосып қол қусырып
отырар дейсің бе?Тым құрмаса осыны ойла,Ақан-саған ғана емес,бар жұртқа керек
Ақан.Шын сүйгенің рас болса,серіні ая.Оның әлі де талай айтып,еліне,нәсіліне қалдырар
37
39.
әні,өлеңі мерт болмасын. Мезгілсіз қаза бар өнерді,бар жақсылықты ешкімге бұйыртпайсуық көрге ала кететінін білесің ғой.Тек бетін аулақ қылсын.Күйеу елінің сұсы жаман
деседі.Пышақ түзімен тілдерін тіліп ант етіскен намысқой жігіттер бар көрінеді.,сенен әулие
қыздар да қазақ салтына түк қыла алмай,арманда өлген.Айға шауып, мерт мерт болып
қайтесің»,-деп Ақбота бүгінше осы да жетер дегендей,Ақтотыны аз сөйлетіп,сөзді дауға
айналдырмай ғана талассыз доғарып,тысқа шығып кеткен.
... Ақтотының кейінгі кезде Ақанды да,басқаны да ауызға алмай,үнсіз жүргеніне «Е,күдер
үзген екен,әлі бала ғой,алғашында түсінбеген ғой,енді ұққан екен» деп қуанған Ақбота,үй
шаруасымен айналысып жүріп,сіңлісіне ертең келін боп түскендегі неше түрлі
құйтырқыларды,енеге,атаға,күйеу қайындарға қандай инабат көрсету керек екенін үйретіп
салт-сана әдетке сінген көп жораларды ұғындырумен әлек.
«Келін болып түскеннен кейін шашыңды былай екі айырып өресің;Бір жылдай ата-енеңе
жүзіңді көрсете бермей,далаға шыққанда басыңа ылғи сарт шапан жамылып
шығасың;Үйдегідей еркіңмен ұзақ ұйқтамай,еріңнен қашан да бұрын оянып,шаруаңа тұрып
кетесің;Төсек жиғанда бәрінен де аяқ қабыңа ұқыпты бол.Шұлығың,не іш киімің шашылып
жатпасын.Артығы болса аяқ қапқа салып,мұқият бол;Қайындарыңа өзіңе лайықты ат
қой.Бадырайтып атымен атап жүрме.Атаң аты Сүтемген екенін білесің ғой.Оның есімін
аңдаусызда атап қалма.Сүт деген сөзді айтқың келсе қашанда «ақ» немесе «сүме» деп, «бұзау
емді»,»құлын емген»дегенді «бұзау сорды,құлын жұтты» деген сияқты сөздермен
ауыстыруға жаттыға бер;Жат жерге келін болып түскен соң бәрі,бәрі сын:сөйлеген
сөзің,артық күлкің,біреуге қарасың,шай құйысың,ең арты жүріс-тұрысыңа дейін сын.Ақтоты
үлгі өнегеден кемшін емессің.Әйтседе,қашан үйренісіп кеткенше «ақырын жүріп, аңдып
бас...» Әшейінде ұғымтал Ақтоты талай рет шешесінен естіген мына сөздерге құлақ қоймаса
да,әшейін бас изей берді.Таңда Ақтоты еліне жүрмек.Бүгін жөнелу жоралғысына Еркінбай
семіз тай сойған.Көңіл жақын туыстарды шақырмақ.Жайрап жатқан етке шаң түспесін
деп,шағын қос-ас үйде етті мүшелеп болған Ақбота Ақтотыны жетелеп әкеп,соңғы сабағын
пысықтап отыр:
-Мынау қазы,қарта,жал,жая-бұларды білесің ғой.Жылқының ең қадірлі мүшелері.Он екі қазы
шекке салғанда алты қос қазы делінеді.Мынау –жығылар жағы.Мынау –белдеме-омыртқа
мен жаяның арасы,бұл алтыға бөлінеді.Мына жатқан екі талдан төрт кіші қабырғатасты.Кейде бұл қазы орныны салынады.Міне-бұғана.Бұл да,еті қаттылау болғанымен
қадірлі мүше-құдаға салынады.Ал мынау- омыртқа.Жылқыда он жеті омыртқа болады
.Бұларды қашан да іркіп,сыйлы қонаққа бір-бірден салып отырады.Көптен дәм татпай
өкпелеген адамның «үйінен бір омыртқа жегем жоқ» дейтіні осыдан шыққан.Омыртқа
таусылса оны төспен алмастырады.Мына қабырғаның басы –қазының омыртқадан шығатын
жағы,мұны қатаған басы дейді.Қатаған басын шекке қазымен бірге салады.Ал жілік санда
үшеу,қолда үшеу.Сандағы ортан жілік,асықты жілік,жанбас.Жанбасты да жілік деп
санап,табаққа жеке салады.Қолдағы –тоқбас жілік,кәрі жілік,жаурын.Жаурын да жілікке
саналады.Бұл мүшеге жүреді,бірақ етті көбейту үшін салатын жандама мүше.Қазының шетін
телшік дейді.Мұны жылқы сойған күні салады.Телшіктің ұшын кесіп алады.Оны мықын
дейді.Мынау төс қазы.Жас малда,арық малда етегі болмайды.Семіз жылқы болмаса бұған
май ілікпейді.Сондықтан қонаққа жарамайды. Мынау қарын,мына жатқан бұдырмақсыз
тәттісін қара қарын,бұдырмақтысын жай қарын дейді. Қартаға таяу қадірлі қарынды жіңішке
қарын дейді.Шек-жуан шек,жіңішке шек болып екіге бөлінеді.Жуан шекке қазы
айналдырады.Жіңішке шектен жұшық істейді. Бауырға жабысып тұратын мына бір жұмсақ
етті жетім бауыр дейді.Мынау-қолқа.Сабағы барын тұздап, айналдырып, құдандалы адамға
сақтайды.Ал сабағы жоқ жүрек қолқасы-бала мүшесі.Айтқандай, жамбас үшке
бөлінеді.Ортада шұқыршағы қалады.Екі жақ кемік басын қадірлі қонаққа береді.Кәрі
жіліктің басын білесің бе?Мұны толарсақ басы дейді.Мұны «етігің қисаяды»деп балаларға,
«толғағың қатты болады» деп әйелдерге бермейді.Мына жатқан өкпе. «Өкпе жетер
көпке»дейтін осы.Бұл қуырдақтан басқаға жарамайды.Сондықтан сойған күні келген адамға
38
40.
мол ғып қуырады.Мүшелі тамақ емес.Мынау- жалбыршақ қарынМұны кәзір иткетастаймын.Жалбыршақ,көкбауырдың бәрін «жау жұмыр» дейді. «Жақсы болса жаужұмырды
ит жей ме?» деген сөз содан шыққан.,-деп келін боп түсер Ақтотыға ас-су ұстаудағы жөнжосықты үйретіп жатқанда,тыстан күйеуі кірді...
Сәкен Жүнісов
*********
Жетім қозы маңыраулық.
Жетім қыз зарлауық.
Зарлы жоқтау
Біз Жаманшұбарға көшіп барғанда ауыл Достың жағасында отыр екен.Біздің қараша киіз
үй, Мұстафаның қараша үйінің қасына тігілді. «Жарылғас» аталатын біз қонған ауылдағы
оншақты үй,шөбере-бір атаның баласы екен,байы Нұртаза.Бірер орта дәулетті адам
бар,өзгелері кедейлер.
Ағайындар алғаш жаңа көшіп келген біздің үйді құрметтеген сияқтанып,үй басы қонаққа
шақырып жүрді.Бірақ мұның бәрі бос сыпайылық екен нақтылы жәрдем тілер кезде,тізгін
ұшын берген адам болған жоқ.
Біздің үйде азын-аулақ қара- құра бар.Оларға қыс азық керек.Тегін шөп берер ағайын
жоғын көрген әкем,біреумен елбесіп-селбесейін десе,ешкім қоспайды.Ағайын біздің үйге
ғана емес Мұстафаның үйіне де сондай мейрімсіз екен балалары жас,өзі ауру,оның жұмысқа
жарайтын жалғыз әйелін ешкім бірлесіп пішен шабуға қоспай,өзі жеке шабады екен.
Біріктірер басқа ағайын болмаған соң шөпті Мұстафаның әйелі Сілеусінмен менің әкем
бірігіп шапты.Оларға шабындық жер,Жаманшұбардың аржағындағы,алыстан берілді.Жасым
алтыға келген бала болғандықтан,олардың шөпті қандай жағдайда шапқанынан менің
хабарым жоқ.Тек қана өңім емес түсімдей боп есімде сақталған картина:шөптен жаяу келген
әкемнің мені мойнына міңгізіп,ауылдан әлдеқайдағы алысқа түнде кетіп бара жатуы!..
Кейін Сілеусіннен сұрасам,балажан әкем мені көрмесе тұра алмайды екен,күндіз шөбін
шауып,іңірде жаяу ауылға кетеді екен де,мені мойнына мінгізіп,таң атқанша жұмыс қосына
қайта келеді екен.
...Шөпке жәрдемдеспеген ағайын әкеме қысқы қора- қопсы салуға да жәрдемдеспейді.Күздің күні ол шымнан үй салмақ боп,іргесін ғана көтереді де ,төбесін жабуға шамасы
келмей Мұстафаның бір бөлмелі тар землянкісіне қыстады.Жазда сүлдерін сүйретіп жұмыс
істеген әкем,қыс басында ауруы меңдеді де,төсек тартып жатты.Сол қыстан менің есімде
қалғаны-тар бөлменің бір қабырғасында әкем,екінші қабырғасында Мұстафа төсектен
тұрмай,ауыр сырқаттан сарнайды да жатады.
...Адам не қиыншылыққа үйренбейді.Біраз бірге тұрғаннан кейін ауыру адамдардың
сарнауына балалар біз де үйреніп кеттік.Сөйтіп жүргенде аса бір аянышты хал болды.
Бір күні біздің үй әлдекімді қарсы алуға даярлана бастады,оның белгісі,мол ғып ет
асу,бауырсақ пісіру...
Менің әкем қолда барына мырза болған кісі деседі.Оның шет жағасын өзім де көрдім.Сол
жылы қыстың басында, әкем баяғы Бағиланың қалың малына алатын екі биенің бірін сойған,
еті аса семіз шыққан.Содан «дәм татсын» деп,өзі ауырып жатқанның күйінде де талайларды
қонаққа шақырғаны есімде.Біз білмейтін қонақты шақыруға жиналғанда да со биенің еті
асылып жатыр.-Кім?-деп сұрасақ: -Емші,-дейді үлкендер.
...Бір кезде күткен кісі келді:тапалдау бойлы,талтақ аяқты,дөңгелек қара сақалды
адам...Қасында біздің ауылдың бірер адамы бар.
-Ал,балалар,-деді қонақ төрге отырғаннан кейін немере ағамыз Рамазан-сендер біздің үйге
бара тұрыңдар.Ауруды емдегенде бала отыруға болмайды.Біз-Рамазан үйіне
бармадық.ойымыз емшінің не істейтінін есіктен сығалап байқау. –Байқағанымызға біз
қуанбадық,өкіндік.Айғожа төс-екте жатқан әкемнің қасына барды да,аяқ-қолдарын қасына
еріп келген кісілерге ұстатты.Өзінің қолында жалаңдаған пышақ.Бір кезде әкемнің
шыңғырған даусы шықты...Жаным ашып кеткен мен үйге кіріп барып, үңіле қарасам,Айғожа
39
41.
әкемнің сол жақ санын пышақпен тіліп жатыр екен.мен шырылдап емшінің қолын ұстайалғанда:-Әкет,мынаны!-деді ақырып.Мені қарулы бір адам көтере жөнелді...Артынан естісем
әкемнің сол жақ саны,қалың етінің тұсынан әлденеге іскен.Айғожа ісіктің астында ірің бар
деп ойлайды да,соны шығармақ боп пышақпен тіледі...Ет сүйекке дейін тілінеді , бірақ ірің
жоқ...Дәрі-дәрмек ол кезде ауылда жоқ.Оқымаған Айғожа,дәрі дегеннің не екенін де
білмейтін болу керек.Ол тілген жерге отқа күйдіріп құрым киіз тығады да,сыртын
орап,байлап тастайды...
...Сол емдеуден кейін оның сарыны үдеп кетіп,кішкене үйді күндіз-түні зарлы дауыспен
басына көтеретін болды...Достың тақыршағында асық ойыны қызып жатқан күннің
бірінде,бізге салт атты біреу шауып келді,менің немере ағам Сәрсек екен.
-Кәне,қарағым,үйге жүр жүр,-деді ол маған.Ойынды қимаған мен «бармаймын» деп
қашқалақтап ем,Сәрсен ұстап алды да,зорланқырап атының алдына өнгерді. де ауылға қарай
тарта жөнелген оның алдында «жібер деймін» деп мен тырмыса беріп ем:-Не болып кеткен
саған бейшора ,бала?Әкең өліп жатқанда,асық ойнап жүрмекпісің?-деді.Сәрсек.Өлімнің не
екенін білмеген мен жүрегім зырқ ете қалды...
...Үйде көзіне жас алған адамдар көп. Солардың ішінен Шәйкен атты момын адам орнынан
тұрды да,мені кеп құшақтап:-Зарығып көрген жаңғызы едің,ендігі күнің не болады?!-деп
еңіреп жіберді.Халімнің не болғанын сонда ғана түсінгендей,мен бетімді бастым да,еңірей
жылап далаға шыға қаштым...
...Әкемді көміп кеп,біздің қараша үйге жиналған жұрт,менің жыламауымды емес,апам
Ұлболсынның жыламауын сөгеді.
-Сәбитті қойшы,-дейді олар,-әлі ойын баласы, «өлім»деген- нің не екенін түсінеді
деймісің,бұл...Бұныкі бір сәрі,анау бой жетіп қалған апасынікі, не?..Солқылдатып әкесін
жоқтап отыратын кезі емес пе,оның?..Құр жылағаны болмаса,әкесіне жоқтау айта білмедіау,шіркін,тегі адам болмас со қыз!...Әкемнің жылы толған кезде,шешем де қайтыс болды.
...Шешемнің қалай қайтыс болғанын мен жақсы білем.Өлерден аз күн бұрын нәр татудан
қалған ол,өлеркүні таңертең , Ұлтуғанды оятты.Мен де оянып кеттім.-Сусадым,-деді
ол.Ұлтуған:-Не ішесің деп еді:-Шай ішкім келеді,-деді шешем. Бүйірлері майысқан ескілеу
кішкене самауырға Ұлтуған су құйып,ішіне шоқ салды да,тысқа шығып кетті.
-Әлгі бейбақ,шай іздеп кетті-ау,-деді шешем-үйде шай жоғын білмеппін –ау,сорлы
басым!..Қап,бекер телмірткен екем біреуге.!..Ұлтуған үйден шығып кеткенде,шешем мені
басымнан бір сипады да:-Шәкіжан бар,балалармен ойна!-деді.
...Күні бүгінге дейін көз алдымда:шешем қаймақ құйған қою шайды терлеп отырып
бірталай ішті.Сонан кейін:-мені енді жатқыз,қарашығым!-деді қызына.Ұлтуған сүйемелдеп,
шалқасынан жатқызды.-Шәкіжан-ай,бері кеп кетші,- деген дыбыс берді,төсегінде
шалқасынан жатқан шешем.Мен қасына келіп еңкейгенде, шешем басын көтерместен
маңдайымнан тағы бір сипадыда, көзіне толтыра жас алып: -Бақытты бол,құлыным бара
ғой!-деді.Әлде бір жамандық күткендей,орнымда қалшиып тұрғанымда,шешемнің көздері
жоғары тартылып,еріндері қыбырлай бастады. «Апа» деп ащы дауысы шығып кеткен
Ұлтуған бетін шешесінің кеудесіне басып жата қалды!..
Біз шешемізді көміп келсек он екі жасар Ұлтуған ер жеткен қыздай әндетіп,шешесін
жоқтап отыр. Аспандағы боз торғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар баласы!..-деп келеді де,аяғын:
Ата-анадан айрылып,
Көзімнің ақты сорасы»-деп жалғастырып әкетеді...Енді жұрт оны «санасыз»
деп сөгудің орнына:-Апырай,мына сорлыға жас басынан кім үйретіп қойған жоқтауды?!Әкешешесінен жұрдай боп,панасыз жетім қалуын бейшора іштей біліп туған ба!..-деп қайран
қалады...
Сәбит Мұқанов
40
42.
Жеңге,жезде мектебінің әлеуметтік оқуларыАдамгершілік оқуы
Әулет мектебінде алты түрлі пән оқытылған.Олар: «Сөз өнері», «Адамгершілік оқуы»,
«Зерде және сауат ашу», «Тарих- шежіре», «Табиғаттану», «Қол өнері».Бұл пәндер –әулет
мектебінің қай түріне де ортақ,осы пәндер аумағында білім , тәрбие берілетін.
Қазақ ұғымында,олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және
КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша
ойлап-сөйлеп, күліп-жылап,қуанып-мұңая алатын,сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ,көкірегі
ояу,көзі ашық –ұлт өкілі.Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы
тетікте өңделген –адам.Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық:
адам болар баланың,кісіменен ісі бар,адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісіосы кісі.Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік ісәректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі.Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды
армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі
кісі(үнді),тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі
ниет,құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан
аямаушылық.
-Мына ұл- кісі болғанша,шашым ағарып бітетін шығар!
-Ой,бауырым-ай,ол да ертең-ақ.Жас өсіп,жарлы баю лезде,әне-міне дегенше ер
жетер,тек,үлгі-өнегесі оң болсын!Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамгершілік
жоғары бағаланады.Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде,өмірдегі кесір
қырсық,жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында
қалыптасады.Күрес бар жерде күрескерлік дәстүр қайткен күнде қажет.Қазақтың күрескерлік дәстүрі тек адамгершілікке жат қылық мінездермен күресу барысында
қалыптаспады.Қазақтың түп тұқияны Жұмыр жерге келіп тіршілік жасағаннан бастап әуелі
табиғат апатымен,қоршаған ортаның адамға жағымсыз құбылыстармен күресуге,тірі жүріп
тіршілік етуге тура келгендіктен күрестің жаңа дәстүрі туындады.Ол- еңбекқорлық пен
жасампаздық дәстүр еді.Уақыт өте келе олар мекендеген жерін,өлкесін,қоғам мүшесін
жыртқыштар мен жаулардан қорғау қажет болды.Осы негізде ерлік,батырлық дәстүр
қалыптасты. Топтасып, қауымдасып тіршілік ету үшін адамдар арасындағы қатынастың
барлық түріне жазылмаса да ,тым қарапайым болса да ереже қажет болды.Бұл әдепті өмірге
әкелді.Ал әдептің өзі белгілі бір сенім -нанымға негізделмесе тұрақты болмады.Күрес
нәтижесі екінші жағынан адамдарға ортақ ұстанымдар мен қасиетті игеріп оған бойұсынуға
мәжбүрледі.Ол мәжбүрлік,әр адамда әртүрлі қолдау немесе қарсы тұру сезіміне сай әр
дәрежедегі мінез-құлықтарын пайда болдырды.Адамдық қасиеттер мен мінез –құлық
қалыптары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,нәсілдік жалғасу арқылы,қанға сіңіп,әр ұлттың
ерекше мінез бітісін,адамгершілік қасиетін көрсете алатын болды.Адамрешілікте жалпы
адамзаттық ортақ қасиеттер бар.Мінез-құлықта ондай ортақтық аз болумен қатар
адамдардың жеке басына тән ерекшеліктер көп кезігеді. Мысалы баршаға ортақ көркем мінез
үлгісі бар болғанымен әр адамда оның дәрежесі әрқилы.
Адамгершілік-қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылық-тарына сәйкес,адамдар
арасындағы адамдық қарым қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын,
қауымдық,
әулеттік,ұлттық
игі
іс-әрекеттер,мінез-құлықтағы
имандылық
пен
инабаттылықты,әдептіліқ қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Адамгершілік-адамның
тұлғалық жақсы қасиетін танытады.Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда
болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк,
қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы
басқалары.Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның
мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
41
43.
Адамгершiлiк-адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып,пайда болған әдет-ғұрыптармен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды Тәрбиелеу қазақ үрдісін зерттеген,
әдебиет танушы-ғалымШ.Ахметов:«Біріншіден,тәрбие басы алдымен
әд-ептілікке
үйретуді көздеген,әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты міндет етіп қойған...»
деп,әулет мектебіндегі тәр-биеісінің бағытын ашық көрсеткен.Қазақ әдептану ілімі тәрбиелеу ілімімен қатар туып,онымен иық тіресіп,бір-бірін демесіп, біздің дәуірімізге келіп
жетті.Ұлттық тәрбиелеу іліміне сүйеу болған,адамдардың тұрмыс тіршілігінде еңбек-іс
әрекетіне және өндіріс қызметінде өзара қарым- қатынасын реттейтін іргелі жүйеге
айналды.Қазақтың тұрмыс салтындағы, ұлттық :сәл-емдесу,сөйлеу;киіну;тамақтану;үлкенді
сыйлау; кішіге ізет көр-сету;қонақжайлық қатарлы әдептерді бұдан бұрында айтқан
едік.(Әулет мектебі. Астана.2015).Бұл жолы адамгершілік асыл қасиеттер мен көркем мінез
үлгілерін,нені пайдаланып қалай жас ұрпаққа игерткенін әңгімелекпіз.Адамргершілік асыл
қасиетті жас ұрпақ санасына құюдың басты жолы-ізеттілік нұрымен нұрландырып,
мейрімділік бесігіне бөлеу.Тәрбиелеу қазақ ілім-інде:«Ойлағаныңыз тек оң болсын,өйткені
ойлағаныңыз-сөзде-ріңіз болады.Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз-әреке-тіңіз
болады.Әрекетіңіз тек оң болсын,өйткені әрекетіңіз-әдетіңіз болады.Әдеттеріңіз тек оң
болсын,өйткені әдетіңіз-құндылығыңыз болады.Құндылығыңыз тек оң болсын,өйткені
құндылығыңыз-тағдырыңыз болады.»-деген қағида бар.
Қазақтың кісілік дәстүрінің бір саласы-ізеттілік пен мейрімділік.Ұлттық тәрбиелеу ілімінің
хәкімі М.Жұмабаев: «Адамға қалай да болса көмек келтіретін ой мен іс-ізгілік деп
аталады.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысында өзінде бар нәрсе»-деген.Ал,Ж.Баласағұн:
Жасы кіші,жүзі нұрлы көрікті,
Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті!
Жомарт, ойлы,білер істің шамасын,
Әділ таза,сақтар жұрттың арасын.
Қиянаттан сақтайды адам баласын,
Шаң тигізбей ұстар намыс жағасын.
Қайда барса іс- қиюын табады,
Сөйлесе ақыл-тілінен бал тамады.
Жүзі игі барлық жерге сыйымды,
Табыстырар қиыспайтын қиырды.
Көзі жіті қырдағыны шалады,
Қандай істе еш таймайды табаны.
Жас ақылы-шығар сөлі шырынның,
Ақыл қайда болса,соған қарай жығылған:
Кішісінде- махаббат,кәрісінде- мархабат,
Бәрі жақсы ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!
Ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжырымдар.Фараби данамыз:«Жақсы мінез-құлық
пен ақыл күші болып,екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады» десе
халық:«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды»дейді» Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді»-деген,Сайф Сараи.Ізгілік ісәрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем өз бойына мына адами құндылықтарды
сіңіріпалған:Ілтипттылық,әдептілік,инабаттылық,кішіпейілділік,қарапайымдылық;Сыпайыл
ық,жақсылық және оны сатпау; Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі,шыншылдық.Сондығы
болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады,ұмытылмайды.Ұрпақтан –ұр-паққа сол
ізгілікті,елдің мерейін көтерген сол рухани өмірді көкпардай қағып алып,мерейін өзінен
кейінгі ұрпаққа табыстап келген,ата-бабаларымыздың тарихы,ғұрып-салты,тіл байлығы
ешкімнен кем емес екенін мақтаныш етеміз.Жеткіншектің ой санасына осы мақтаныш
сезімін құя білсек,жүрегіне ұялатып, жанына жылу берсек тәрбиелегеніміздің белгісі
болмақ.Адам ізгілік туралы жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуге тиіс. Жақсылық
істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.Ізгі ниет ақ көңілмен жасалған әр ісіңде
42
44.
ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта.Ізгілік пайда үшін емес,адамдардың қуанышы үшін жасалады.«Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қай -тады!»-деп отыратынқарттар сөзінде терең мағына,адами қатынастың әсем үлгісі жатыр.Адамдардың мінезқұлқы,ішкі әлемі әр түрлі болады.Біреу ақжарқын,кең пейілді,өте мейірімді,
ақкөңілжайдарлы,бауырмал,кішіпейіл болып келеді.Ал біреулер тек өз пайдасын ғана
ойлайтын өзімшіл,өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа,атаққа қол жеткізу үшін
ондай адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады.Мұндай адамдар-дың сөзі мен
ісі келіспейді.Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты.Қандай іске болсын
адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайрымдылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да
биік болады.
...Адам қолымен жасалған ізгі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының
көрінісі.Жанында жүрген адамдардың қуа-нышын бөлісіп,қиындығын ортақтаса алатын
адамның іс әреке-тінде ізгіліктің негізі жатады.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан
дүниесі таза,сезімі сергек болады.Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі.Рахым,
қанағат, әділдік және қайрымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін,рахатын
көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.Туғантуыстар,
достар,
жора-жолдас-тар,көрші
таныстарымен
сыйластықтықта,
татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.
Күнделікті тіршілігімізде бір-біріміздің көмегіміз мен қыз-метімізге қаншама зәру
боламыз. Бір-біріміздің ыстық құшағы-мызды аңсайтын кездеріміз аз емес.Бір-біріміздің
жылы сөздер-імізді естуге інкәр болатын сәттеріміз қаншама! Көршініңкөршіге,ауылдастың ауылдасқа,жолдастың,достың досқа, туыстың туысқа ісі түспейтін күні
қашан да болмаған шығар-ау.Ауырып қаласың.Әйтеуір бір өзің тік тұрып,тік жүріп тіршілік
жасай ал-майсың.Қуанышыңды бөлісер,қайғыңды серпісер адам іздей-сің. Ағайын-туысыңа
арқа сүйейсің,жолдасыңды тірек етесің, көрші-ауылдасыңның көмек-кеңесін күтесің.
Адамның күні адаммен. Адамның адамдығы адамгершілік қарым- қатынасында;бір-біріне
арқа сүйегенінде,бір-бірінің әжетін шығарғанында, қуанышына ортақтасып,ауыртпалығын
көтеріскенінде,арман талабына жетуіне көмектескенінде.
Адам баласының әр күнгі тіршілігі осындай қарым-қатынасқа толы болғандықтан
туысына,көршісіне, ауылдасына,жолдасына,досына көмек көрсетіп, қайырымдылық,
мейрімділік жасаудың тамаша үлгісін қазақ халқы ежелден қалыптастырған.Оны жас ұрпақ
бойына сіңіру үшін нақтылы іс-әрекетті көзбе –көз жасап,қолма-қол атқарып отырған.Адам
жақсылықты есеппен жасамайды. «Ертең қайтара алама,жоқ па?»-деп тоғыз тарау ойға
қалып біреуге көмек жасау,қызмет көрсету адамгершілік іс емес.Керек кезінде,зәру
уақытында кімге де болсын досына,туысына, жолдасына, көршісіне, ауылдасына,бәр-бәріне
алаламай,алаңдамай,көмектесіп
жібер,
жанашырлық
көрсете
біл,аянып
қалма.
Міне,адамгершілік деген осы!
Ал,жақсылық жасаған адамға қалайда қаруын қайтару парыз ба?Парыз деп санау қажет
пе?Бұл жайындағы пікірімізді халқымыздың бір ауыз мақал сөзімен білдіреміз.
«Жақсылыққа жақсылық таң қалдырар іс емес.Жақсылыққа жамандық, адамдықтың ісі
емес!»Адамгершілік алыс-беріс жасайтын саудагерліктің ісі емес.Данышпан Абай:
«Татулығы,достығы бәрі сату», біреуге көмектескенде ертеңгі бас пайдасын ойлайтын,сол
дәуір бірер адамдарының шын бейнесін,нақтылы ойын әдемі көрсеткен-ді.Адамда басқа
жанға жақсылық жасай алатын қабылет болу үшін оның бойында адами қасиеттер:Ізгілік,мейрімділік,сыпайылық,көпшілдік;-жылы лебіз, ізгі ниет, ізгілік әдеттері;-адал
ниет,ізгі іс қалыптасқан болу керек. «Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста»
Ы.Алтынсарин.«Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ»Абай.«Өмірдің өкінбейтін
бар айласы,ол айла-қиянатсыз ой тазасы.Мейірім,ынсап,әділет,адал еңбек,Таза жүрек,тату
дос-сол шарасы»Шәкәрім.Нағыз ізгі жанды, мейірбанды адамдар өздерінің істеген
жақсылықтарын біле де бермейді,олар жақсылық жасауға дағдыланған және мұнысына мәз
болмайды.Оларға істеген жақсылықтарын мойындата алмайсың!Ал,енді біреулер сәл
43
45.
нәрседен оңай жерден өздерін жалтыратып көрсетіп қалғысы келіп,алақтауменжүреді.Ондайды халық: «Кең пейілдінің ішінде кен жатады.Тар пейілдің ішінде тас жатады»
деп,көрсе-теді.Жақсылық ағаш басында,жамандық аяқ астында. Қайрымдылық әркімнің
қолынан келеді.Халық ұғымында жас та,кәрі де басқаға сәулесін түсіре алады, жақсылық
жасай алады.Тек пиғылы түзу болса болғаны.
Туысқандық мейірім,«Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса
да безері болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыс-тың
ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың
сырлы байланысы бар екенін байқай білген.Қазақ болашақ ұрпағын,үрім-бүтағын
байланыстырған сүйек-жекжатына үлкен мән беріп,бірін-бірі сыйлап, көмектесіп,әдеттенуге
тәрбиелеген.Туысқандық мейрім-отбасындағы,әулеттегі ынтымақтың,береке бірліктің
қайнар көзі.Туыстық мейрімнің негізі адамның қоршаған ортаның сұлулығын сүю,оны аялай
білу сезімінің жемісі болумен қатар адамдардың бір-біріне құштарлығынан қуат
алатын,жүректен шыққан асқақ көңіл.Дұшпандарымыздың осы бір қазақтың
бауырмалдық,туысқандық қасиетін жою үшін,оған таптық рең беріп,қанаудың барлық түрі
осы ағайындықтың артында жасырылған деп жар салуы тегін емес.Қандастық қайырымның
қандай болатындығы соңғы ширек ғасыр да дүние жүзіне жарқырап көрінгенде,пасық ойлы
ондай антұрғандар аузына құм құйылды! «Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді,басқаныкін
басыңа көтерсең де оған жетпейді». «Қазақ сұраса келе,қарын бөле болып шығады», «Тегі
бірдің-түбі бір», «еншісі бөлінбеген,барлығы-бір алаштың баласы», «Біріңді,қазақ,бірің
дос,көрмесең істің бәрі бос»(Абай)Бар қазақтың бір ата баласы екенін,бір-бірін жатсынудың
еш негізсіз екенін Шәкәрім де,шегіне жеткізіп айтқан.Қазақ бала бойындағы ерекше
қабылетті,ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды өте жоғары бағалаған. «Атасына тартып
ақын болыпты,нағашысына тартып әнші, әкесіне тартып күйші,анасына тартып биші
болыпты» деп,баланың икемі мен талабына сүйсіне қараған. «Ата өнерібалаға мұра,ата кәсібі-бала нәсібі».Жас ұрпақтың тәлім алып,үлгі-өнеге үйреніп,өнер
ұғатын-ұстаздық ортасын,ағайын туысын қадірлеп құрметтеу,олардың мейірім шапағатына
бөлену бала үшін таптырмас табыс.М.Шаханов: «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең
алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес». «Туған
өкпеге қиса да,өлімге қимайды». «Тұрман құйысқандай болмайды,тумаң туысқандай
болмайды». «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер»
Достық мейірім.Достық!Осы бір қасиетті сөзді әрдайым ілтипатпен айтамыз.Өйткені
өмірдің мәні де,сәні де ең алдымен шынайы достықта,сыйластықта.Адамның бір-бірімен
достасуы өмірге нәр беріп,көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің
туымыз,ұранымыз.Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер.
Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін
көтеретін,рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның
біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі,біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,бірінебірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Достың мәні мен маңызы туралы адамзат қоғамында
өмір сүрген даңқты адамдардың,ғұлама ғалымдардың,ақындар мен жазушылардың,ойшыл,өнер қайраткерлерінің оралмағаны айтпағаны жоқ деуге болады.Себебі
достық жалпы адамзатқа тән қасиет.Мәселен: «Айнымас досы бар адам-ең бақытты
адам»(араб), «Жақсы дос нағыз-қазына»(қытай), «досы көпті жау алмайды», «жүз сом ақшаң
болғанша,жүз досың болсын»(қазақ) барлығы ұқсас мазмұнмен бағалаған.Әл-Фараби
данамыз,достық туралы тамаша тәлім айтқан. «Достықтың екі түрі болады.Оның бірі-адал
дос та,екіншісі айнымалы дос.Адал досқа үнемі ілтипатпен қарап,одан айрылып қалмау
жағын көздеген дұрыс,адамдар бір-біріне жақсылық,өзара қамқорлық жасауы
қажет.Жақсы достың сенімін ақтаған абзал.Осындай достар ащы-тұщыны бірдей
татысып,нені болса да бірдей көретін болады.Жалған досқа адам өзінің құпиясын,
мінез құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ.Осындай жалған достарды адал
44
46.
жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген ғанибет.Бір-біріне дұшпан көңілдіадамдардың да екі түрі болады.Бірі-өшпенділігі мол,жаулығы басынан асқан адамдар
да,екіншісі-көре алмаушылықтан жауығатындар.Бұлардың біріншісінен ерекше сақ
болып,олардың ой-пікірін үнемі қадағалап,біліп жүру,осындай адамдардың арам ниетін біліп
қана қоймай,тиісті жерінде аямай әшкерлеу қажет.
Бейтарап адамдардың да жолдастық достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз
болады.Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ,кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де
кездеседі. Бірақ,олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс.Бейтарап адамдардың
адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ойтілектері араз адамдарды татуластыруға,олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта
орнатуға жәрдемін тигізеді.Сондықтан бұларға көңіл бөліп,іс-әрекетіне демеу беріп отыру
керек.Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәр-биелеп,,байыптылықпен қарымқатынас жасап отыру керек.»
Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет
шешенге замандастары:
-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:
-Достықтың екі түрі болады.Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.
-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?дегендерге:
-Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады.,адал дос қашан
да жаныңнан табылады.Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.
«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан
табылмайды».А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын
Көбісін дос жасайды ақша,бұйым,
Досым деп көрінгенге сене берме,
Ахмет,бар болса егер баста миың.
Ә.Нұршайықов-достық қағидасын терең талдаған ойшылдардың бірі. «Анадан туған әр
адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.Жерге түскен әрбір
ұрықтың өнуі үшін Күннің нұры,топырақтың қызуы қажет.Сол сияқты әр сәбидің жүрек
түпкірінде жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп,өсіп,гүлденуі үшін едәуір уақыт
керек.Баланың есі кіріп,сана сезімі оянып,кемелдене бастаған шағында оның
жүрегіндегі,достық пен махаббат бүршік жаруға талпынады. Бірақ бұл екеуінен бұрын
балдырған-бөбектер арасында жолдастық басталады.Өйткені, жолдастық-достық пен
махаббаттың бірінші баспалдағы.Жолдастық достыққа жетелейді.Адал достық асыл
махаббатқа апарады»
«Өзіңе қарай досыңды таңда:тең теңімен жарасады,Досты барда да сына,жоқ та да
сына.Адамды екі нәрсе қартайтпай-ды:Бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз. Ақ болсаң,
қараға жуыма;аққа қара тез жұғады. Әйелдің жалғыз жетістігі бар;ол-дақ түспеген ары»
(Ж.Баласағұн).
Адамгершілігі қалыптасқан әрбір адам басқаға баянды достық жасауды-өзінің борышы деп
есептейді.Абай дана, «досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол» дейді.Достық тек дос
болған адамға жасалмайды,халқымыз «адам болсаң, адамға достық жаса әманда»деп
уағыздайды.Бірақ достың да досы бар, «айнымалы»дос тек өзін ғана достық жасауды
ұнатып,өзгеге достық жасағанын бұлдайды. Халық:«Ақымақ достан, ақылды дұшпан
артық»деген.«Келіп-кетіп, көп жүріп, «мен досыңмын» деп жүріп,жоқ нәрсені шатады,сөйтіп
құдай атады»,-деп ұлы Абай атамыз жалған достың жамандығын әшкере етеді. Доссыз,қимас
жолдассыз өмірде мән жоқ екені белгілі.Бір-екі рет сыйласуға,қадірлесуге,құрметтесуге
келген тәп-тәуір адамның аяқ астынан құбылып,ойламаған жерден бөтен мінез танытып,сыр
білдіріп қойса оған не дерсіз?Дос-жолдас болып жүріп байғұс жүрегіңнің дал-дұлын
шығарып кетсе,ол адам тірі жүрсе де-өлі. «Өлді кейі,кейі-жау», «жүрегім менің қырық
жамау»-болатыны да рас. «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады»
Жүректің қалауымен ғана ғұмыр кешкен жанның келешегі кемел,алды жарқын!»
45
47.
«Жаман дос көлеңке:күн ашықта қойныңда,күн жабықта мойныңда»-дейді.Жақсы досдостықты-борышым,адамгершілік міндетім деп есептейді, достығын бұлдамайды,
есептеспейді.Халықта «ажырасар дос ердің артқы қасын сұрайды деген мақал бар.
«Есептескен» дос достық жасай алмайды,Достық-бұлдауға,есептесуге қарсы, қасиетті ұғым.
Достықтың жоғарғы асқары-халықаралық достық.
Дос болу- киелі үғым.Ертеде дос болу үшін ер азаматтар, «Ақсарбас» айтып
сойып,малдың бауыздау қанына жейделерін матырып,оны ауыстырып киіп,жүректерін
түйістіріп,ғұрып жасап,рәсім өткізген. «Кеуделері түйіскен,қанды көйлек киіскен»
достардың бұл рәсімі:-бір-біріміз тамшы қанымыз қалғанша достықты сақтаймыз»- деп,серт
беріп,ант-су ішудің бір түрі. «Жанымыз жақын,жүрегіміз бір болады»-деп кеуделерін
түйістірген.Кәзіргі құшақтасып амандасу соның салдары.Дос болудың,қазақ халқында,әр
дәуірде әр түрлі рәсімдерін қалыптастырған. «Серттесу», «Анттасу», «Уағдаласу», «Ант-су
ішу», «Ақ дәм тату». «Қару алмасу» т.б.
Бүгінгі таңда достасудың рәсімдері изгілік пен сыйластыққа негізделген,ынтымақ бірлікке
жетелейтін салтанат түрінде өткізіліп келеді.Ал,оның деңгейі,өткізілетін рәсімнің аумағыа
сай болып жүр.
Шынайы
достықтың
арқауы-олардың
өмірге
көзқарастарының,тұрмыс
салтының,моральдық бейнелерінің, рухани азығының,ақыл-ойларының,сезім дүниелерінің
ұқсас келіп,бір арнаға құйылып жататындығының тазалығы.Мұндай достық –
мәңгілік.Шынайы достар бір-біріне қол ұшын беруге әзір.Қуаныштары мен реніштерін бірге
бөліседі.Бірінің
абыройына,беделіне,бақытына
екіншісі
де
бар
жан
тәнімен
шаттанады.Өмірде бұрыс басқан қадамдары болса,бір-біріне ашық та батыл айтып,жөн
сілтеп отырады.Дәлірек айтқанда, бір-біріне ұстаз.Бүгінгі таңда,дос таңдай білу өте маңызды.
Кәзіргі қазақ қоғамы көптеген этнос ұл-қыздарына,көптеген наным-сенімді қөзқарасты
жастарға, ұстамы мен құндылықты бағалау дәрежесі әртүрлі топтарға толы.
Халық,ұлт өкілінің көпшіл,қоғамшыл болуын,қара басының қамы үшін ғана емес,халқы
үшін қызмет етуін талап етіп,абыройлы азамат тәрбелеп,оның азаматтық борышты адал
атқаруын үнемі қадағалап отырған.Халық әдебиетіндегі қай қаһарман болсын,ертедегі күшті
мен тістіге,,кәрлі мен зәрліге,жат ортаға,адамзат баласы басып көрмеген батыл қиындыққа
барып,біреулері, ел үшін, ата-анасы үшін,халқы үшін күресіп жанын пида етеді,
екіншілері,бар жауызды,бар қиянатшыл зұлымдарды жоқ етіп,халық бақытын паш етеді.
Халық өшпейтін,өлмейтін құдіретті күш.Сондықтан, халық күш-қуатын тасқын суға
теңеп, «Елдің күші- селдің күші» деп бағалаған.Халық ер азамат,жас ұрпақты ел
бірлігіне,қорғанының беріктігіне жұмылдырып, «көптік қайда болса,тоқтық сонда»,не көрсең
де еліңмен бірге бол, «көппен көрген ұлы той», «үйірлі құлан ақсағын білдірмейді»дейді.
Әрбір адам өз өмірінде туған елін,Отанын жақсартып,гүлдендіріп кетуге тиіс. «Ер жігіт
бір күнде бір кісілік,бір күнде мың кісілік.Осыдан болып, «өз елімнің басы болмасам
да,сайының тасы болайын»деген.Халық кім болсаң да,ұлт мүддесіне,арман мұратына қарсы
болма дегенді жастарға жалықпай ұқтырған.Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпайтынын
ескертіп, «жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас» десе, адам құдіреттілігі,қуаттылығы ұйымшылдық пен бірлік екенін «алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу
түгел болса төбедегі келеді», «кеңесті ел азбайды», «Бірлігі мықты елдің,белін ешкім
сындырмас», «қосылғанның қолы ұзын,ұйымдасқан ұтады.» Ынтымақ,бірлік,ұйымшылдық
қай заманның адамы болса да қажетті қасиет»деген ғой.
«Ауыл болсаң қауым бол», «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» немесе «Көрген сайын «сіз»
десіп,сыйласқанға не жетсін,шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін»
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.Төле
бала әуелі әкесіне барыпты.Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ,ел бірлігі жөнінде
әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады,оның күші қандай болмақ» дегенді
сұрайды.Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.:Балам мынаны сындырып көрші.
46
48.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.-Енді сол шыбықты бір-бірлеп сындыршы?Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,
біртіндеп пырт-пырт етіп ол оңай сындыра береді.Әлібек би:-Бұдан не түсіндің,балам?дейді.Сонда,Төле бала:
-Түсіндім,әке бұл мысалыңыздың мәнісі:ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да,дау да
ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді демекші,бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да
оп-оңай алады дегеніңіз ғой
-Бәрекелді, балам, дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке,ынтымаққа
шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде,ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы,-депті.
Халқымыз өз Отанын,өз ұлтын,өз тілін,ғұрып-салтын, жалынды жүрекпен қорғай
білген,аялап сүйе білген,жас ұрпағын осы рухта тәрбиелей білген.
«Атамекен-алтын бесік» деп,ата-бабамыз тегін айтпаған.Ол өз перзентіне барын,нәрін
береді.Төсінде тербетіп аялап әлпештейді.Әр адам өз атамекенін мақтаныш етеді,қадір
түтады.Атамекенге қызмет ету-әрбір азаматтың игі арманы,мақсат,мүддесі. «Ұлтарақтай
болса да,ата қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болса да,туып өскен ел қымбат»-деп түсінген
қазақ
атамыз,елін,жерін
сүйген
патриоттарын
тәрбиелегенде
өткен
дәуір
тарихын,бабалардың жасаған жалынды ерліктерін,Отанын,жерін қорғаудағы қолы жеткен
табыстарын үлгі өнеге тұтқан.Өз Отанын,өз ұлтын,өз тілін,халықтық тамаша ғұрып
салттарын жалынды жүрекпен сүйген,еліміздің озық ойлы адамдары басыбайлылық пен
меш-еулікті,көз сүзгендік пен біреудің қолына қараушылықты мейлінше жек
көрді,отаршылдық пен қанаушылыққа,сол қездегі қоғамдық құрылыс пен саяси
тәртіпке,жымысқы саясат пен бөлшектеп ыдырату,қырып-жоюға қарсы күресіп келді.
Міне осы негізде қазақтың бас құндылығы-күрескерлік дәстүрі нығайып қалыптасты.
«Алтын анам,Отаным!Сенен аяр жаным жоқ,сенен іркер күшім жоқ.»(М.Әуезов)Халықтың
қажетіне жарап,ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың
міндеті.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың көрінісі.Бойында
ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп,оның жарқын
болашағына сенеді.Отанын қастерлеп,білімі мен еңбегін елінің мүддесіне,игілігіне
жұмсайды,Адам-қоғамдық тіршілік иесі.Оны қоғам туғызады, тұлға етіп шыңдайды,ұлты өз
өкілі болдырып өңдейді,жұрты-кісілік дәстүрмен суарады,зерлейді, осылай ол әлеуметтік
өмірде белгілі бір қызмет атқар-ады.Ұлттық тәрбие қазанында қайнап,тірлік мектебінде
талқыға түскен-жас қазақ-азамат аталады, халық алдында борыш арқалап,күреске түседі.
Азаматтық ұғымы адамгершілік биік болмысты,азаматтық белсенділікті,ойлау мәдениетінің
жоғарлығын,ізгілікті іс-әрекеті,ізгі қарым-қатынасты,дүниетаным тереңдігін,әділдік пен
адалдыққа құштарлықты,мақсат-мұрат биіктігін білдіреді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілікке бағытталғанда адам өмірі
мәнді,үйлесімді болады.Ол адамдардың өзара түсіністігін,сыйластығын туғызып,өзін және
өзгелерді құрметтеуге,дәріптеуге жеткізеді.Қазақ, адамгершілігі мол,өз елінің қамын ойлаған
адамды азамат деген.Халық азаматтарға үлкен сенім артады.,оған құрметпен қарайды.Қазақ
азамат жігітті нарға балайды. «Нар жолында жүк қалмас,»-дейді.Нар деп отырғаны-қандай
сынға да басын байлайтын,соған қайрат жасайтын адам.Елім деген жігітке ер,қор
болмайсың! Өзім деген жігіттен сақ болғайсың!
Азаматтық-елге,жерге деген қалтқысыз адалдық, адамдар арасындағы сыйластық пен
жарасым,ар-ұждан мөлдірлігі және адамгершілік парыз.
Туған жер,ана тіл,дәстүр,салт-сана,тарих бұлардың бірі жоқ жерде екіншісінің болуы мүмкін
емес.Туған жер,ана тіл, дәстүр,салт-сана,тарихқа деген сүйіспеншілік,құрмет-нағыз
азаматтықтың көрінісі.Қандай
бір энциклопедиялық анық-тамадан кем түспейтін,
Қазыбек кеменгердің:
Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт берекең –атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
47
49.
Мейірімді апаң қымбат,Асқар тауың әкең қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.
Өзің сүйген жар қымбат.- деген дана ойы,әр қазақтың жадында мәңгі
сақталатын,жас ұрпақ жаттап алатын,тұмар етіп мойнына тағатын асыл сөз.
Халық жақсылық жолға талпынған жасқа әуелі көпшіл бол деумен қатар қара басына
емес,еліне жақсылық істеуді, азаматтық борышты адалдықпен атқаруды талап етеді. Адамқоғамдық тіршілік иесі.Оны тәрбиелейтін де, дайындайтын да,қалыптастыратын да
қоғам.Әрі ол қоғамда белгілі міндет атқарып,борышын өтейді.Ол ұлттың өкілі.Туыс
та,емес,дос та емес,алаштың жай ғана азаматы.Үлкеннің де,кішінің де көңілінен
шығатын,ерекше еңбексүйгіштік, адамға деген мейрімділік,ілтипаты бар адамды қазақАзамат- дейді. Азамат деген атақ жақсы адамға халықтың таққан айдары, көптің
көңілі,елдің ықыласы.Сондықтан бабалар «жақсымын деп мақтанба,халық айтпай,»-деген.Әр
дәуірде, әр ортада,әр өлкеде үлкен беделге ие болған,құрметке бөленген адамдар болған.
Ондай адамдар қандай жұмыс атқарғанына қарамастан,үлкенге іні,кішіге аға
дегендей,ағынан жарылып, іске ұйтқы болып жүреді,Нағыз атпал азаматтар осылардан
суырылып шығады. Оларды,Қаныш кеменгер: «Қазақ акедемиктері» деген.Бұқара олардыақылман ғұлама дейді.
Жетек деген көрегенге жолыққан шұбартаулық ақылгөй Байқотан:-Қияннан асқан бар
ма,арқардың ізін басқан барма,ұлардың үнін ұққан барма? Соны іздеп келемін,-депті.Сонда
Жетек: -Е,сенің іздегенің менің іздегенімнен де, қиын екен.Мен адам-адам болса екен,ардан
безбесе екен, намыстан қашпаса екен,ерлікке бастаса екен,елдің шырқын бұзбаса екен,ел
басшысыз болмаса екен,жер жаңбырсыз болмаса екен,сөз тыңдаусыз болмаса екен деп
соны іздеп барам-депті.Ал,Шәкерім атамыз:
Ар демек-адамшылық намыс деген,
Арың кетпес жағыңа қарыс деген,
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып алыс деген.
Намыс сол өзің қорлан кемдігіңе
Құрбың мен ұмтылып бақ теңдігіңе,
Алмай оз алдыңғының аяғынан,
Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе.
...Сабыр,сақтық,ой,талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап,рақым, ар,ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.
Азаматтық борыш дегеніміз кісіге міндеттелген әрі мүлтіксіз орындауға тиісті, оның ішкі
моральдық қажеттілігі бола алған,қоғамның қоятын талаптарының жиынтығы.Азаматтық
борышын өтеу ердің ерінің қолынан келетін асқақ талап болумен қатар ешкімнің қолы
жетпес қияли арман да емес.Талаптанған, талпынған,ізденген,ұмтылған кім де кім ол
борышты өтей алады.Халық борыштылық деп әркімнің өзіне жүктелген тапсырманы
абыроймен орындап шығуын айтады.Бабалар ұғымында борыштылық-азаматтың өзін
белгілі бір ұлттың өкілімін деп түсініп,сол ұлт алдында,сол жұрт аумағында
жауапкершілік жүктейді.Жауапкершілік өте күшті,өте айқын,тым маңызды, тым терең
сезімге негізделуі керек.Әркім адамгершілік талаптарын, борышын орындауда бұқара
тәжірибесіне сүйеніп, өзінің ар-ожданының сыпатына сай әрекет етеді.Адамгершілік
қажеттілігі-борышқа адал берілгендік-үлкен күш.Алайда,бір ғана борыш адамдардың бүкіл
адамгершілік үрдісін реттеп отыра алмайды.Адам біреуді құтқара отырып өзі опатболуы
мүмкін. Борыш- басқа біреудің қайғы қасіретіне көмектесу.Бірақ қоғам біреуге көмектесе
отырып,опат болуға міндеттемейді.Мұндай қадам жасауға адамды не итермелейді?Бұл әрине
48
50.
адамның адамгершілік көрсеткіші-ар-ұждан нәтижесі.Ар-адамның өз әрекеті үшін өзініңалдында моральдық жауапкершілікті түсіну және сезіну,сонымен қатар әділетті
болуға деген ішкі ниет.Ождан үні-бұл адамға қойылатын қоғамдық талаптардың басқа түрге
айналдырылған үні және адам адамгершілігінің қөрсеткіші.Қоғамның моральдық өмірінде
ар-адамның мінез-құлықтарын реттеуші қызметін атқарады.Бір жағынан ол ісәрекеттерді
бағалайды,екінші
жағынан
оны
кейбір
іс-әрекеттерге
итермелейді,басқаларынан сақтандырады.Ар түсінігінен тиімділік және эмоциональдық
компененттер біріктірілген.Ол ожданды пайымдауда көрінетін іс-әрекеті үшін өзінің
жауапкершілігін түсінуді және қуаныш пен мақтаныш немесе ұялу мен өкініш сезімдерінен
көрінетін рухани қанағаттануды немесе жәбірленуді қамтиды.Ождан белгілі бір
құндылығымен және тұрақтылығымен сыпатталатын өмірлік іс-әрект бағытына негіз
болып табылады,борыш туралы ұғым да осыған сүйенеді.
Атақты «Шаңды жорықта» соңынан 500 батырды ертіп жаудың он мың қолына қарсы
шыққан Үйсінбай мен Жанатай батырлар өз борышын найзаның ұшымен,қылыштың
жүзімен орындайды.Ал,қалмақ ханы Қантожыдан халық кегін қаз дауысты Қазбек өзінің
өткір сөзімен қайтарады..Сөйтіп халық ұғымындағы адамгершілік борышын орындауға
жауап-кершілікті анықтауда алдымен,ер азамат өзіне қойылған талаптарды орындай алам
ма?Оның алдына қандай міндеттер қойылып отыр?Өз жауапкершілігін ол қаншалықты
түсінген? дегендер ескеріледі.Бұған бір мысал келтірелік.Қантожыға барған қазақ
елшілерінің басшысы бұқпа би Тайкелтір. Қантожыға:
«Өлеңді өзгеге бердік
Өрлікті төменге бердік
Алдияр тақсыр алдыңа келдік,
Берсең алдық,
Бермесең қалдық
Сөзді өзіңе салдық!-дейді.
Әрине,такаппар Қаңтожының мұндай жасық талапқа: «ат-тоның аманында еліңді тапқан
теріс болмас» деп жауап беруі түсінікті.«Ал,дос болсаң, тұз дәміңді ақтаймыз,әйтпесе асқақтаған ханның алтын ордасын таптаймыз»-деген Қазыбектің сөзі оны тәубаға келтіреді,сіресіп
тұра алмайды.Осындағы Қазыбектің ерлігі-елі, халқы алдындағы жауапкершілікті терең
түсінуден туады.
Халық жауға қарсы батырды қойса,ал,дауға келгенде шешенге сөз береді.Екеуінде де
өжеттік, қайсарлық, жүректілік,намысшылдық болуға тиіс,әрі мұндай ерлік қасиеттер өзінің
халық атынан іс-істеп,сөз сөйлейтін саналы түрде ұғынуымен ұштасуы керек. Жоғарыдағы
Тайкелтір бидің сөзінен өз басын қорғауды көрсек,Қазыбек: «Артымда қалың жұртым
бар,елімізден құт береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға екі үкі
таққан ер жүрек батырым бар» дейді де,бүкіл қазақ елінің атынан сөйлейді.Оның сөзі
ұтымды шығып ханның қаһарлы бетін қайтарады.Осылай,адам биік өреден,асқақ оймен өз
қимыл әрекетін бақылап, әрі дұрыс бағыттап отырса,адамгершілігі кемелденіп,азаматтық
борышын өтей алады.Қазақ жігіті,қазақ қызы дегендер шындығында текті ұғымдар,әрі терең
мағыналы сөздер.Жігіт-игі-ер-жігер-игдірілген-жігерлендірілген бозбала,
тәрбиеленген
жас,өңделген жас деген ілкі мағыналы сөз.Қыз- куз-көз-нұр, шырақ (Қазақтар күні бүгін
баланы –шырағым дейді.)Көз-өмірдің бастауы,өріс.Көне түркі жазуларында:куз-құдуз деген
қос сөз бар.Оны қыз-қырқын деп аударыпты.Ку-бала.құд-көп бала,қыз қырқын-куз-құд-узқыз балалар, қырқынның ілкі түрі-құй-кін одан ку-кін болып өзгерген. Кәзіргі Саян түркілері
баланы-ку десе-қызды-куйкін немесе күкэн дейді.Ал,монголдар ұлды-хүү,қызды-охин
дейді.Бұл сөздердің түбі бір.
Қазақ жігіті(Қазақ қызы)- азамат(азаматша) атанып, борыштарын өтеу үшін оларда
халыққа қызмет ету үшін адал ниет,ішкі сезім түрткісі болу керек. Адамның жеке басы
шынайы түрде белгілі бір адамгершілік бағаға ие болатындығын,мұның өзі оның
қылықтарынан және мінез-құлқынан көрінеді.Адамның бұл қылықтары мен мінез-құлқы
қоғамдық пікір тұрғысынан және жеке адам тұрғысынан бағаланады.Бұл құбылыстар ар49
51.
намыс және қадір-қасиет сияқты адамгершілік қағидаларынан өз көрінісін табады.Ар-намыс—бұл Отанның,ұлттың, топтың өз өкілінің қоғамдық бағалылығын
мойындап, оның қылықтары мен іс-әрекеттерін қостауы,қолдауы нәтижесінде пайда
болған жеке адамның жігерлі ерік күші.Ол жойқын күш,ірі қуат. «Намыстана шапқаннан
, ажал да сескенеді»-дейді, халық.
Осы намыс мыңға жалғыз шапқызған
Осы намыс хан ордасын шаққызған
Осы намыс ер әкені егес жолда мерт қылып,
Жетім ұлдың көзден жасын аққызған.
Жеңе алмаған бабаларды жау,дұшпан,
Асыл ерлер намыс үшін от құшқан,
Атамекен, қара шаңырақ, ар үшін,
Аталарым арпалыста оққа ұшқан
Қызыр Рамазанұлы
Қадір-қасиет—бұл жеке адамға көптің берген шынайы адамгершілік бағасы,оны ұғынуға
деген құлшынысы.Ар—намыспен де,қадір борышпен де, ожданман де байланыстыҰлт өз
өкілдеріне мінез құлқына сай баға береді және азамттық борышын орындауына сай оған
құрмет көрсетеді.Ал,адамның өзі ождан үнін басшылыққа ала отырып,өзінің мінез-құлқын
және өзін бағалайды,өз қадірін түсінеді. «Арыңды жасыңнан сақта»- дейтін
қазақ,ұрпақтарының жұрт көзіне түсіп,халыққа қызмет етуін көздейді.Олардың бәйгеге
түсіп,жұрт байқауынан өтуін,сынап бағалануын қалайды.Халық ұрпағының абыройлы
азамат(азаматша) болуын армандайды.Оған қол жеткізу үшін үлкен дайындық,үзіліссіз
жаттығу жасау керек.
Абырой дегеніміз адам бойындағы ең асыл құндылық-тардың,кісілік пен адамгершілік
қасиеттердің жиынтығы, кез-келген іс-әрекеттің, жүріс-тұрыстың,мінез-құлықтың
ілкі үлгісі.Мәселен,Құлтегін ескерткішіндегі жазуда,оның кішкентайынан әскери тәрбие
алғандығы баяндалады.Әкесі өлгенде Құлтегін жеті жаста екен.Осы кездің өзінде оған жаяу
жүгіруді,садақ атуды,найзамен шаншуды,қылышпен шабуды, атқа мінуді үйретеді.Қүлтегін
жауды басып алудың,торуылдың тактикасын үйренеді.Сөйтіп он жасында шешесі Умайдың
алдында мүдірмей өтіп,сынға түсіп,ер атағын алады.Он алтыдан қырық жеті жасқа дейін
Құлтегіннің көрсеткен ерліктері тәрбиенің нәтижесі екенін жазу ашық көрсетеді.Құлтегін тек
әскери тәрбие алумен шектелмеген,сауат ашып,ақыл ойын дамытып,ғұламалардың ақылкеңесін алып,таным өресін үнемі биіктетіп,таным көк жиегін үнемі кеңітіп отырған.Ол
заманда ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілген, «Ана мектебінің» ең дәуірлеп дамыған шағы
еді.Сондығы болар,жазу сызудың ағаш,мата,қайыңтоз,жапыраққа,көнге шабу-ою амалы
дамып, мәңгілік сақталар тасқа жазу шеберлері (бәдізшілер) пайда болған.Бүгінгі руналық
жазу деп аталып жүрген,ғарып белгілері сол дәуірден де бұрын болған болу керек.Қазақтың
киіз кітабының басы сонда жатыр.Оған жалғасқан ұйғыр жазуы қазақта талай жылдар
қолданыста болды. Алайда, қазақта жазу-сызу болмаған, бар мұрасын ауызша жеткізген
деген түсінік әлі де арыла қойған жоқ..«Ат шаба ма,бап шаба ма? демекші,халық жеткіншекті
үнемі сынға салып,кемшілігін көзбе-көз түзетіп,ал асыл мінезін,адамдық қасиетін,қабылетдарынын ұштап, жасынан тәрбиелейді.Оны көпті көрген қарияның,жаман мен жақсының
дәмін татқан білімдінің талқысына салады,күреске баулиды. Шамырқанса,шат кетіп, тепсе
темір үзетін,қайғы мен қасыретке төзімді, сабырлы, байсалды етіп тәрбиелеуді,ақ ниетті,адал
көңілді АЗАМАТ етіп тәрбиелеуді мақсат етеді.
Айтушылырдың айтуынша,естушілердің естуінше бізге жеткен аңыз,ертегіде былай дейді
екен.Иә,алдымен айта кетейін:Отан,атамекен,ата-баба,ұрпақ,қазан-ошақ,ағайын-туыс деген
қасиетті сөздер сол шақта да нақ осы күнгі сияқты мән-мағынада болған.Әр кезде ,әр
мезгілде жігіттің намысын оятып,арын қамшылайтын да осы сөздер...Бір де Сүнейдің
алдына.Тарғалдақ деген адам келіпті.Ол алғашқы кезде қорқып, жау жағына өтіп еліне кеткен кісі екен.Енді кешірім сұрағанда: «Басқасы басқа,атамекенді сатқан сатқын ешқашан опа
50
52.
бермейді.Сен өзіңді жазала.Онан кейінгісін өзім білемін,»-деген екен. Және де сол кездесақтар жауға ұрандасып шабатын болыпты.Білгір, саққұлақ көнекөздердің айтуынша сақтар:
«Мекен! Мекен!, «Бала-шаға!Бала-шаға!», «Қарындас! Қарын-дас!»-деп ұран тастайды
екен.Мұның «мекен-мекен»-дегені-Отаны,жері,өскен жері деген сөз.Бұл-ең бастысы.Бұдан
соң «бала-шаға».Бұған сендер тәрізді балалар, келер ұрпақ,ата-ана кіреді.Ал «қарындасқарындас «дегені,осы күнгі қыз балаға айтылатын жәй сөз емес.Ол заманғы «қарындас» бір
қарыннан шықтық,туыс,бауырмал деген мағынада айтылған.Қалай деген-мен де,сақтардың
ұрандарында ерекше мән болған. Мекенін сүймейтін кім бар.?Бала-шағасын сүймейтін адам
хайуаннан да жаман.( «Алтын адам»-нан.)
Халқымыз азаматтың адамгершілік қасиеттің шыңдалу өлшеуішіне әділдік пен
адалдықты алған.Адалдық пен әділдік -ұрпақтың азаматтық борышын орындауға қажетті
қасиеттер..Адалдық дегеніміз-өмірдің барлық жағдайларында адамның өз уәделеріне және
қалыптасқан адамгершілік қалыптарға сәйкес әрекет жасау жөніндегі парасаттылық
талап. Әділ-дік дегеніміз-тек қана шындыққа сай келетін,нағыз адамгер-шілікті қорғау
үшін дәйектер мен дәлелдерді айту жөніндегі парасаттылық талап.Адалдық жеке басқа
қолданылса, әркімнің өзіне қатынасын көрсетсе,әділдік адамның басқаларға қарым–
қатынасын танытады.«Адалдық-ардың ісі.Адалдық жүр-ген жерде,адамдық жүреді.Асылдың
бірі-адалдық»-дейді халық. «Әділдікті мойындау-адал кісінің ісі.Қайрат етер кезінде жүк
көтеретін нардай бол,ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол»-дейді, Бауыржан
Момышұлы.«Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айрылма»-дейді,Өтебайбойдақ
Тілеуқабылұлы. «Сыр түйіні-ақиқат,ақиқат,шындық көпке ортақ.»-дейді, І.Жан - сүгіров.
«Ақиқатын айт,адамға жақпағаныңменАллаға жағасың.»(Шығыс даналығы).
Адамның сыртқы бейнесіне пішініне, «дене» дейміз. Адамның жүрегіндегі қуатқа, халге,
мінезге «құлық» делінеді. Көңіл ауырулары «жаман ахлақ» (жаман құлық-мінездер)деп
аталады.Бұлардың емі өте қиын. Мінез-құлық жүректегі әдет, қалау,хәл деген сөз.Адамның
сенімі,сөздері,әрекеттері барлығы да осы қуаттан бастау алады.Адамға дүниеде және
ахиретте зиян тигізетін нәрселердің барлығы жаман мінезден туындайды.Қиын болса да
мінезді өзгерту мүмкін.
Әрбір мұсылманның бірінші міндеті өз көңілін тазарту. Себебі, көңіл- дененің
басшысы.Барлық дене мүшелері көңіл-дің(жүректің) әмірінде.Пайғампарымыз: «Адамның
денесінде бір кесек ет бар.Егер ол жақсы болса,бүкіл мүшелер жақсы болады.Олкөңіл(жүрек)»-деп бұйырған.Осылайша біз жүрек деп атайтын ет бөлшегінде болатын қуатқа
ишарат етілген көңілдің жақсы болуы-жаман мінезден тазарып,жақсы мінезбен безенуі
дегенді білдіреді.Бұл «Ахлақ» іліміндегі түйіндер мен ұлтық ұғымымыз өте жақын.Абай
дана: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам,адам мінезін түзеуге болмайды деген
кісінің тілін кесер едім»,- депті.Сондай-ақ,ол, ұлттың ұзақ жылдар бойы қадір тұтқан көркем
мінездерінің жойылатынын ескертіп,былай дейді:«...Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп
ілгері бара жатқанына қарай,сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ,біз
де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң,әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де
адамшылыққа
ұқсамайды,сайтандыққа
тартып
барады.Жұртықтан
кетіп
бара
жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.Ол екі мінез қайсы десең-әуелі-ол заманда ел
басы,топ басы деген кісілер болады екен.Көші-қонды болса,дау-жанжалды болса,билік
соларда болады екен.Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді
екен.Ол ел басы ,топ басы қалай қылса,қалай бітірсе, халыққа оны сынамақ,бірден-бірге
жүгірмек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал,қолайыңа жақса,сақа қой»,«Басбасыңа би
болсаң,манар тауға сыймассың,басалқаңыз бар болса,жанған отқа күймессің»деп,мал айтып,
тілеу қылып екі тізгін бір шылбырды бердік саған,берген соң,қайтып бұзылмақ түгіл
жетпегеніңді жетілтемін деп,жаман-дығын жасырып, жақсылығын асырамын деп
тырысады.Оны зор тұтып,әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз
бауыры,бәрі өз малы болған соң,шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей
қайтеді? Екіншісі намыс-қор болады екен.Ат аталып, аруақ шақырылған жерде,ағайынға,
51
53.
өкпе нараздыққа қарамайды екен,жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады»деп, «Ағайынның азары болса да,безері болмайды» деп, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса,төбедегі келеді» десіп,«Жол қуған қазынаға жолығар,дау қуған бәлеге
жолығар» деп. Кәнеки,енді осы екі мінез қайда?Бұлар да арлылық, намыстылық,
табандылықтан келеді. Бұлардан айрылдық. Ендігілердің достығы-бейіл емес,не
күндестік,не тыныш отыра алмағандық.»
Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін
анықтайды.Адамзаттық құнды-лықтар жас өскіндер бойына іс -әрекет барысында, әр түрлі
ойындар, өнегелер мен өнер арқылы беріледі.Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен
сапалары, қарым-қатынас-тарында қалыптасады.Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты
белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, іс-әрекеті, қарым - қатынасы,
көзқарасымен сипатталады. «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе-бұлар адамгершілік қасиеттер»(Ы.Алтынсарин)Адамгершілік-бұл рухани тәрбие. Рухани-адамгершілік тәрбиесі-өзіндік
сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің
нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын
қалыптастыруды болжайды Адамгершілік-адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат
баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы —
еңбек пен ата - ана үлгісі.(Ы.Алтынсарин ) Қоршаған-ортаАдамгершілк тәрбиесінің
мазмұнын ықшамдап,сипаттасақ:
- Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол
бермеу.
- Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.
- Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау
-Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң
шешiмiне жету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау.
- Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.
- Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.
- Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу,
оларға көмек көрсету.
- Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан
аулақ болу.
- Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу.
- Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру.
- Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу.
- Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ
болу.
- Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу.
- Өзiн-өзi бiрқалыпта ұстай бiлу, өз ойын, сезiмiн, тiлегiн, iс-қылықтарын үйлесiмдiлiкте
ұстай бiлу.
Мұны ұлттық пайыммен зерделесек: «Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек әруақытта.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл зейнет ойлап қой. Өз
қаді-рің-өз байлығың.Ары таза, нар жүгін көтереді.»
«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,-депті Ақан сері. Олар: жал-ған айтпадым, жақсылықты
сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз
құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен.
Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан
дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға,
өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. «Еліміздің күші
- патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сенімімізадам-гершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін жастардың бойына
дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық
52
54.
Көрініп тұрғандай қазақтың адамгершілік асыл қасиеттерін ислам дінінің ұстанымындағыжібек мінездер туралы ұғымы байытып,тәрбие діңгегіне айналған.Олар қазақтың ислам
дініне дейін пайда болған адамзаттық адами құндылықтарға ешуақытта қарсы келмеген.
Сондықтан,оларды бір-біріне қарсы қою,ара жігін тауып сараламақ болу орынсыз болады.
Халқымыз ұрпағының қанағатшыл әрі жомарт болуын арм-андап,адамгершілік оқуын осы
бағытта оқытты.Қанағат-жоқтық- тың жолы емес,жомарттық бардың астамшылығы
емес.Қай-қай-сысы да зерделілік пен қайрымдылық сезімінен туындаған, хал-қымыздың
адамгершілік абзал қасиетінің тамаша үдгі-өнегесі.
Адамгершіліктің әрбір жүйесінде сол
кездегі меншік түрлеріне көз қарасты тікелей бейнелейтін талаптар болады.Бұл талаптар өте
маңызды нәрсе сол әлеуметтік-әкономикалық құрылыстың негізінде жататын-меншікке
көзқарасын реттеп отырады. Меншіктің түріне сай (жеке бастық,жеке меншіктік,
ұжымдық,,жалпы халықтық) бір мезгілде өмір сүруі мүмкін, олардың әр қайсысы,әр түрлі
топтар меншіктің бір түріне әр түрлі қарайды.Қайткен күнде де қор жинауға,байлықты
молай-туға ұмтылу жалпы халықтық өмірлік көзқарасқа бағыт болды. Бұл ниет байлық пен
дәулетке қол жеткізудің неше түрлі ақ-қара жолдарын айқындады.
Ертеде урианхайлық Жаргал деген кедейдің жалғыз сиырын көршілес керейдегі Құмаш
деген деген кісі көш жөнекей малына қосып ала кетеді.Иесі малын сұрап келгенше арада көп
уақыт өтіп,сиырды Құмаш сіңіріп кетеді.Жаргал кейіндеп келіп:
-Қажы-еке сиырымды бер?-дейді.
-Өзім құдай үйін көрген,қажы бола тұра сенің сиырыңды алып маған не болыпты-дейд»
Құмаш.СондаЖаргал:
-Қажының үш түрі бар:бірінші Мекеге құдай шақырады,ол қажы сол сапардан қайтпай
дүние салады.Екіншісін періште шақырады:ол қайтып келген соң дүние малын таратып,дін
жолымен өтеді.Үшіншісін шайтан шақырады,ол Меккеге өйтіп-бүйтіп барып келеді де,мұнда
келген соң қажы атын жамылып өтірік айтады,ұрлық қылады.Сіз оның соңғысы шығарсыз,
ісіңізден көрініп тұр- деген екен.
Қазақ дүниеқорлық пен пиғылсыз сараңдарды қатал сынап,ізбасар ұрпақтарын байлықтың
жекелеген адамдар қолында шоғырланудың өзі былайғы көп адамдар еңбегінің нәтижесі
екенін,оны орта игілігіне жаратуға тиісті екенін түсіндіріп отырған.Осы негізде қазақтың
Атымтай жомарттары пайда болған.Олардың изгілікті қайырымдылықтары көпке үлгі өнеге
еді. Дүние қоңыз:-Кетпесін көпке есем –дейді. Құлқынның құлы:-Есебін тауып жесем дейді.
Ертеде кедей-кепшікке,жетім-жесірге барынша көмек көрсетуімен,қайрымдылығымен
аты шыққан Атымтай деген адам болған екен.Әйтеуір тұрмыстан қағажу көріп киер
киімге, ішер асқа жарымай келген жарлы-жақыбайлардан барын аямай риза етіп
жіберетін көрінеді.Сол себепті,Атымтай жомарт атанып,ел арасына атағы кең
тарапты.Туған ағасы бір күні шешесіне келіп:
-Атымтайдың жомарт деген атағы елге әйгілі болды.Мен де жомартпын,менің атым
неге шықпайды?- деген екен. Сонда, анасы:-Атымтай туа жомарт болды,-депті.емшегімнің бірін басқа балаға емізбесем,ол ембей жылайтын.Сондықтан қос анарымның
бірін бөтен балаға ұсынуға мәжбүр болатынмын. Ал,сен болсаң,бір емшегімді сорып
жатқанда, екіншісін тас қылып қолыңмен ұстап жататынсың.Сен қалай жомарт боласың?-деп бетіне тіктеп қараған екен.Иә,жомарттық ана сүті-мен қанына сіңіп,жүрегіне
тұрақтаған қазақ жомарттары бұрын да көп еді,кәзір де бар.Жоғарыда айтқан,Шөде ақсақал,
көп балалы болумен қатар малды да болыпты.Көде,Шөде деген екі ағайынды екен.Алтайдан
Арқаға дейін жолаушылар қосарлап ат алмай,қоржындап азық артпай,жол қамдығын толық
жасамай жолға шыға береді.Сондағы,олардың айтатындары мынау: «Көрген жерде Көде
бар,Шегіртайда Шөде бар»- деген сөзі кәзір жұртқа мақал болып жеткен.Көде мен Шөде
жолаушылардың ат пен азығын қанымдап,жолушыларға жәрдемдесіп отырған.Шөде
бабамыз,тіптен ерекше жомарт екен. Бір кедей атай алақандай қайрақтық тас
апарып,Шөдекеңе тартуға ұсынады.Шөдекең қайрақ тасты шын ықыласпен қабылдап,оның
қаруына ақсақалға,көргеннің көзі тоятындай, келісті жуан ат міңгізіп,үш-төрт күн күтіп
53
55.
сыйлап,қонақ болдырып аттандырады.«Қанағат қарын тойғызады,қанағатсыз жалғыз атынсойғызады»-дейтін ата –бабамыз бар болса аспа,жоқ болса саспа,жартыны жарып жесең
татулыққа тән,барға қанағат етуді ұсынады, ұрпағына ұлы тағылым тастайды. Халықтың
қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:Ғалымдар мен қарттарды
сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.Елді басқарған өкіметті сыйламау ел ішінің
бірлігін жояды.Асты күтпей,ысырап ету берекені кетіріп, ашығуға апарып соғады Ата-баба
қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтып,оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат.Әрбір
адам елі үшін талмай қызмет етіп,халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына
өшпестей із қалдырып,ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады.Адам өмірі жақсылық
нұрын сеуіп,ғибратты ғұмыр кешуге бағытталады.Әр адамның өмірлік мақсат тілегі
болады.Аңсаған арманына,көздеген меқсатына көз жеткізу жолында адамдар ізгілік пен
адалдықты,ізденіс пен еңбекқорлықты арқау етеді.
Жомарт бергенін айтпайды.Ер азамат айтқанынан қайтпайды.Қанағат қылсаң қарын тоқ.
«Қоя жесең қой қалар,тарта жесең тай қалар, тауысқанша жесең нең қалар?»-деп
ысырапшылыққа ерекше мән беріп, ұқыпты, үнемшіл болуға үндейді.Қазақ ұрпағына:
адалдық пен шыншылдықты, адамгершілік жағынан кіршіксіз болу, қоғамдық және жеке
басының өмірінде қарапйым әрі кішіпейіл болуды ұсынды.Қарапайымдылық пен
кішіпейілділік қазақтың табиғи мінезі.«Кішіпейілділік-кісінің көркі,кішіпейілділіктен кішіреймейсің,ұлық болсаң кішік бол» «Болған кісі болдым демес, болдым десе болғаны емес»,
«Өзі отырған адам, келгенге орын берер» деп қарапайымдылық пен кішіпейілділікті
барынша дәріптеп,келер ұрпаққа асыл мұра еткен. Қарапайымдылық мейрімділікпен де
астарласып жатады.
Әр халықтың өзінше дәстүрі бар.Қазақ дәстүрі ата-ананы,үлкенді сыйлауға
баулиды.Үлкенге сәлем беру,жол беру,алдынан көлделең кесіп өтпеу,қонақты қарсы
алу,төрге шығару,жақсы қабақпен аттандырып салу,жолдас-жораға қайырымды болу сияқты
дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған
емес,әрбір жас дәстүрді қорғаушы,орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.(Ғ.Мұстафин)Біздің
халқымызда ата –ананың балаға деген мейірімінде шек жоқ.Түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтін
беріп әлдилеген әз ана перзенті есейіп ер жетсе де «аппағым,қоңыр қозым» деп еміренбей
ме?Дүниеде ананың аяулы мейірімінен қымбат не бар?Сондай-ақ баланың да әкеге,анаға
ыстық ілтипатпен мейірімділік жасауы-перзенттік парызы.Ұл мен қыз бозбала,бойжеткен
шағында тәлім-тәрбие беру,өмірге дайындау ісі тек әке-шешенің ғана қолынан келе
бермейді.Осы шақтағы,ағайын-туыс,көрші қолаң, жеңге -жезденің көмегі шексіз.Дәлірек
айтқанда бой жетіп қалған қызды жеңгелері тұрмысқа шығуға ерте кезден дайындаса,ұл бала
ағалары,әкелері ғана емес,жездесінен де ақыл-кеңес алатын. Өз алдына шаңырақ көтеруге
дайындауда ерлі-зайыптылардың үй-ішінің ішкі-сыртқы шаруаларына орай міндет бөлісуі
ғана емес,олардың ерлі-зайыпты қатынасы да арнаулы тақырыпқа арқау болатын.Жастардың
әке-шеше,туған әпке,ағаларынан ұялуы заңды десек,ертеңгі өмірлеріне шырай беретін ерлізайыптылық қатынастың мәні-сәні жөнінде жеңгелері мен жезделері әзіл-қалжың араластыра
отырып, елітіп,қызықтырып,әсерлі қылып әңгімелейтін.Атастыру ғұрпы да жастардың
тезірек тіл табысуын жеңілдететін.
Жеңге және жезде мектебінің сабақтары
Жар таңдау жауапты міндет.Жар таңдау қазақ дәстүріндегі ұлттық амалдар ислами
ұғымдармен етене араласып кеткен.Кәзіргі таңда сол үлгі-өнегені бозбалалар мен
бойжеткендерге айтып түсіндіретін,ұқтырып үйрететін жеңге-лер мен жезделердің тым
азайғанынан қыз-жігіттердің бұл тұр-ғыда қателесуі,жансақ басуы,кемшілікке ұрынуы белең
алған.
Жеңге және жезде мектебі күні бүгінге дейін жұмыстайтын, Монғолияда және
Қытайда тұратын қазақтар тұрмысында атамекендегі қазақтардан екі түрлі өзгешелік
кезігеді:
-Некесіз бала туу,некесіз отбасын құру,балиғатқа толмай балалы болу мүлдем жоқ болумен
қатар ажырасып шаңырақ шайқалту тым сирек кезігеді.
54
56.
-Оң жақта отырып қалған,жар таңдап,қалаулысына қолы жетпей «кәрі қыз» атанғанжандар кезікпейді. Тіптен қаншама кем-кетік,мүгедек болса да,адам болып өмірге келген ұл
да,қыз да,өмірден өз орнын тауып,ұрпақ сүйіп,ата-ана бақытына кенелу құқығы әркім де
бар болғандықтан тұрмыс құрып,тіршілік жасайды.Бізде бұлар жүздеп емес мыңдап
саналады.Тіпті сүрбойдақ,кәріқыз тобы қоғамда пайда болған.Ал,жалғызбасты әйел,жесір
әйел-еркектер қауымы тағы бар.Мұндай келеңсіз жәйіттердің туу себебінің ең бастысыжеңге мен жезде мектебінің ескерілмей ұмыт қалғандығынан болып отыр.Ондай
мектептерді қайта жаңғырту, әр кез,әр дәрежеде талпынысы болғанымен олар тұрақты
жұмыстап толық нәтижесін берген жоқ.Отбасына арнап осы бір кітапшаны
жазуымыздың негізгі мақсаты сол бір дәстүрлі үрдісті салтқа сіғңіру ниеті еді.
Ал,шеттегі қандастардың тұрмысындағы аталған артықшылығы жеңге –жезде
мектебінің нәтижесі.
Қазақ халқының сан-салалы тәрбиелік дәстүрінің ішінде ұрпақты мөлдір махаббат
рухында тәрбиелеу ой-пікірлері,сүйікті жар,отбасының ұйтқысы-ана,жомарт жігіт пен асыл
арудың шынайы сүйіспеншілік сезімі,сүйкімді назы,аяулы жарға арналған азамат жүрек,
кісілік серт сияқты нағыз адамгершілік қасиет ерекше орын алады.Сүйіспеншілік сезім адал
достықтан,жүрек тебіренісіне туатын таза інкәрлік десек,жар ұғымы әйел мен ердің бірбіріне серік,жәрдемші, пана,сүйеніш мағынасын береді.
Халықтың «бірінші байлық ден саулық,екінші байлық ақ жаулық» деген тауып айтылған
сөзінде үлкен мән жатыр. Өйткені адамның барлық ғұмырының бақыты,көңіл күйінің
көтеріңкі болуы,өмір сүруге құштарлығы,еңбегінің жасам-паздығы өзіне лайықты жар таба
білуіне де байланысты.Ата –ана жас ұрпақты өмірге дайындауда осы мәселелерді ерекше
ескеріп,тамаша тәрбие дәстүрін қалыптастырған. Қай қоғамда болмасын әйелдің алатын
орыны,атқаратын міндеті өте маң-ызды болған.Бала табу,оны әлпештеп өсіру,ана ретінде
әуелі солардың үлесіне тиеді. Жинақы, ұқыпты, бармағынан бал тамған шебер,үлкен ақыл
парасатты талап ететін үй тірлігі де, қонақтардың бабын табу,қонақ күту де әйелдердің
міндеті еді.
Қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінде сыртқы шаруаны еркек басқарғанда,үй
мүлікті,үйге кірген ас-ауқатты әйел-билеген.Әке үйдің негізгі қамқоры,асыраушысы.Аң
ауласын, мал бақсын,егін салсын,еңбектің,бейнеттің ең ауырын арқа-лайтын, атқаратын
еркек еді.Халық даналығында: «еркек-бас, әйел-мойын,әке-тірек,бала –жапырақ»-деп
сыпатталады.
Сонымен бірге,әке балаға үлгі-өнеге,тәрбиеші,ұстаз.Бала ержетіп мал бағуға,егін салуға
жарасымен әкесі оны еңбекке баулиды,оған өзінің ата кәсібін үйретеді және баласына
еңбегін,жұмысқа қабылетін байқайды.Әке үйдің басшысы, айбары болғанымен шешенің
орнын,қызметін ауыстыра алмайды. «Алып анадан», «Өлімді ана жеңеді»- деп халық ана
ролін жоғары бағалаған.Әйел-ердің түзде ат ойнатқан,үйде құрт қайнатқан серігі,көмекшісі.
«Жігіт жарымен жақсы», «Ер –егіз» дегенде сол жұбайымен егіз.
...Баяғыда бір кедей өмір сүріпті.Ол қанша тырбанса да жарлылықтан құтыла алмаған
көрінеді.Әбден зығырданы қайнаған кедей бір данышпаннан ақыл сұрай барыпты.
-Уа,тақсаыр, сізге бір өтінішім бар еді,жоқшылықтан әбден қажыдым,не әрекет
істесем де,бірім екі болмайды,бұл қалай,не кеңес бересіз? Данышпан оған:-Үйлен депті.
-Мұныңыз қалай тақсыр, ішерге ас,киерге киім таба алмай жүргенде үйлену менің немді
алған?-деп безек қағады,кедей.
Данышпан оны егіндікке ертіп барып,пісіп тұрған егінді оң қолымен ғана (сол қолыңды
тигізбей)оруға бұйырады да:
-Орғаныңды бір жерге ғана жия бер деп кетіп қалады.Жігіттің ісі өнбейді.Сәлден соң
қайтып
келген
данышпан:-Өндіре
алмапсың
ғой,бұл
қалай?-дейді
кедейге.
-Сыңар қолмен қиын екен тақсыр. –Ендеше қос қолдап орып көрші.Қос қолдап орған кедей
жұмысты өндіріп тастайды.
-Есіңде болсын жігітім,-дейді данышпан,-оң қол ер,сол қол әйел. «Бас екеу болмай мал екеу
55
57.
болмайды».Әйелің өзіңе сүйеніш,ақылшы,жәрдемші болса кедейліктен де құтыласың.«Мал таппайтын еркек болмайды,құрарын айт,бала таппайтын әйел болмайды,тұрарын
айт»дейді халық. «Жақсы ұл тапқан ананы жаным десе болмай ма,алты ұл тапқан ананы
ханым десе болмай ма» деп ананың сол ауыр да ардақты үлесін бағалай білгендікті
аңғартады.Сондытан, «атасыз жетім- жарты жетім,анасыз жетім- бүтін жетім»,-деген. Таңдап
тауып,жар сүю,ұл мен қызға үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар, Аллаһ сәтін
салып,бақытын ашып,маңдайларын жарқыратса,ғұмырлық жұптарын кезіктірсе тамаша-ақ!
Хақ дінімізде, жар таңдаушы, жастарға ақыл-кеңес боларлық сахих хадистер мен үлгі
нұсқалар мол-ақ.Аллаһ Тағала бұл дүниеде әрбір тіршіілік иесін жұп жұбымен жаратқаны
белгілі.Соның ішінде ақыл-ес,сана сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі мүмкін
емес. Сондықтан да,етек жеңін жиып,әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар
іздеуі дұрыс-ақ.Екі жарты қосылып бір бүтін болғанға не жетсін!«Үйленіңдер!Үйлену-менің
сүннетім»-деген екен,Пайғампарымыз(с.ғ.с).Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза
ұстанатын,сенімі берік және оны іс жүзінде амалға асыратын,жомарт,асырауға шамасы
келетін, күшті,көрікті, жас,тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қатынаста бола алатын,
сыйлайтын,қорламайтын және зұлымдық жасамайтын жан ғана күйеу болуға лайық.
Пайғампарымыз(с.ғ.с.) «Расында дүниенің баршасы нығымет, оның ең қайырлысы-әйел»,деген екен.Сондай-ақ,Аллаһ Елшісі(с.ғ.с.): «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңе
ұнайтын бір кісі келсе,онда үйлендіріңдер(қыздарыңды беріңдер).Олай істемесеңдер жер
бетінде бүлік және шектен шыққан арсыздық болады»,-дейді.Ал,енді жігіттің жар таңдауына
келер болсақ,ол дегеніміз-өз күйеуіне тақуалық, мінез-құлық,әдеп, ізгілік және сұлулық
тұрғысынан абзал әйел затын іздеп табу.Сондай-ақ,Әбу Һурайрадан(р.а.)риуаят еткен
хадисте Пайғампарымызға(с.ғ.с.): «Қайсы әйел жақсырақ?»-деп сұрақ қойылған. Сонда
Аллаһ Елшісі(с.ғ.с.): «Егер қарасаң-көз қуандыратын,бір нәрсе бұйырсаң-бағынатын және өзі
мен малына қатысты мәселелерде өзіңе қарсы шықпайтын әйел»-деп жауап берген.Жар
таңдау қазақ қағидасын алғашқы тақырыпта әңгімелеген едік.Енді түйін ретіндегі пікір:
-«Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу»-жүректің қалауан ескеріп оның әмірін тыңда.
-Қазақ қыздарының көз тастап,көңіл аударатын жігіттері мыналар:жігіттің сұңқары;
жігіттің сұлтаны; жігіттің қыраны; нар жігіт;жігіттің арыстаны;жігіттің төресі;жігіттің
жамбозы; сері жігіт;сылқым жігіт;өнерлі жігіт,өршіл жігіт т.б.Бұлардың ортақ қасиеті:
еңсегей бойлы,өткір көзді,қыр мұрынды,қияқ мұртты,кең иықты,апай төсті,өткір тісті,жуан
білекті,қапсағай денелі,бура санды,кең жауырынды,от ауызды,орақ тілді, темірдей
саусақты,жау жүректі,сергек ойлы,ширақ қимылды, арыстандай айбатты,жолбарыстай
қайратты,сұңқардай өр,көк бөрідей қайсар,қырандай алғыр,қабыландай сұсты, сауыс-қандай
сақ,іскер де ісшіл.
Мұндай жігіттер тым сирек қой. Кәзір оларды іздеп әуіре болмай –ақ қояйын-деп қолды
сермей салма, қызым.Мен,жеңге және жезде мектебінің үлгісі деген бөлімде «Аңсайтын
адамым бар» деген үзіндіні әдейі таңдаған себебім осы еді.Мұнда батырлардың ерекше
қасиеттері, ақындардың қадір тұтқан «жігіттері» арнайы теріліп алынып отыр.Мысалы
М.Жұмабаев-тың: «Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты»
жігіттерін,О.Сүлейменовтың: «Нағыз кәусар, нағыз қайсар, нағыз бұлбұл, нағыз дүлділ
жігіттерін» танымай-тын, «Еңсегей бойлы Ер Едігені» білмейтін кім бар? Оларды елдің бәрі
таниды ғой.Мен соларды айтып отырмын.Бүгінгі жіг-іттер дәл солар.Таңдағаныңды тауып
алуға толық мүмкіндік бар.Қазақ:-Ару қыз;Сұлу қыз;Өнерлі қыз:Ақылды қыз;Айбарлы қыздеп аталатын бес ерекше санаттағы қыздарды тәрбиелеп,өмірге дайындаған.Бұл,қазақ
қыздарының бойындағы асыл қасиеттердің басымдылығына сай айтылған шартты жіктеу.
Осы бесеуін қазақтың бір қызының бойынан да табуға болады.Ондай қыздардан малика,
ханым,бике,адуын аналар шыққан.Олардың үрім-бұтағы бүгінгі біздің ортамызда да жүр.
Ұлы Дала төсінде қазақтың сан мыңлаған Асыл Аналары өмірге келіп,оның мөлдір суын
ішіп,самал ауасын жұтып,ашық аспан астында,жасыл майсасында ұрпағын өсіріп,азаматын
аялап ғұмыр кешкен.Бүгінгі таңдағы қазақ қыздарының бойынан бесеуін демей-ақ бір-екеуін
56
58.
кез келгенінен табуға болады.Бүгінгі қыздар көрікті де,білімді.Ару қыз.Бұл-Түріктер дәуіріндегі-пәк қыз.Оғыздар дәуіріндегі-тұлымды қыз.Алаш
заманындағы-иманды қыз. Әдеп пен ар ұят-қыз көркі деп түсінген бабаларымыз,ару қыз
деп:қандай жерде қандай сәтте болмасын адамгершіліктен аттамайтын,ар-ұят,әдеп ибаны
көз қарашығындай қастерлеп,арына дақ,атына кір келтірмейтін,қасиетті ана тілі мен салт
дәстүрін асылға балап ардақтап,адамгершілікке жат жаман қылықтардан бойын аулақ
ұстап,суық жүріс пен сумақы қылыққа баспайтын, сыпсың сөзге ермейтін,жамандыққа
ырық бермейтін,ата-анасы мен ел-жұрт,туыстарын құрметтеп, іні-сіңлілерін аялайтын,
өсек-аяңнан аулақ,пәк,опалы,уәде-сертке берік, аузынан гүл, жүзінен нұр төгіліп тұратын
қыздарды айтады.
Бұрындары,қазақ салтында,қыздың пәктігін тұрмысқа шығарда көп алдында
дәлелдейтін ғұрпы да болған.Ару қыз-жаны мен тәні таза, рухы мен көңілін кір
шалмаған,адами болмысына дақ түспеген пәк жандар.
Сұлу қыздар.Әйел затын Аллаһ тағала сұлу етіп жаратқан. Сол себепті олар сұлулыққа
құштар.Бәрі де сұлу болғысы келеді,ұмтылады.Талпыныс бар жерде нәтиже бар. «Тәңірісұлу,ол сұлулықты жақсы көреді.Әйел адалдығы, пәктігі, сұлу-лығы үшін некеленеді.(хадис)Сұлулықтың сыртқы нышаны-оның әлемге,оны жаратушысына, айналасындағы адамдарға, сүйіспеншілікпен қарап, махаббатпен бас июінен көрініс табады. Қыздарға
тән нәзіктік пен сұлулық.Ұлдарға тән бойындағы жылулық.Ал әдептің орны мүлдем
бөлек,қыз да,ұл да әдепті болу керек.Олар сұлулықты шарқ ұрып іздеп,ақыры табады.
Қыздарға әсемдік жарасады
Талғамы таң нұрымен таласады:
Қыпша бел,сұңғақ бойлы қаракөзге,
Жан біткен таңдай қағып қарасады.
Сұлулыққа тамсанып таңғалмайтын жан бар ма?Қазақ қыздарының тән сұлулығынан
гөрі жан сұлулығына айрықша мән беріп,ақылды білімді қыздарын тәрбиелеп
келген.Ақылды білімді,қылықты қыздар іс-әрекетті,құбылыс-өзгерісті ақылға салып екшепелеп парасаттылықпен пайымдайды.Мұндай қыздардан тәлімгер аналар,дана асылдар
,ақылгөй данышпандар туған.Даналығымен ерге серік болған. Домалақ ана мен Қарашаш
ана,ел басқарған Айғаным ханым мен Тайқара ханым сияқты асылдар бастаған лек бүгінгі
заманға жеткенін көзіміз көріп отыр.
Өнерлі қыздарды өмірге дайындау қазақ мұраты туралы алдыңғы тақырыпта
баяндадық.Бармағынан бал тамып, сауса-ғынан гүл төгілген,кілем тоқып,сырмақ
сырып,киіз басып, кесте тігіп,шілтер тоқып үй ішін жайнатып,тон пішіп, киім тігіп, қойсиыр,түйе-бие сауып,ірімшік қайнатып, іркіт пісіп,құрт жасап,май шайқап отбасына ырысбереке әкелетін,ыдыс-аяқ , көрпе жастығын таза ұстап,шай қайнатып,тамақ пісіріп,қонақ
күте білетін қыздарды іздеген жігіттер,табыла қалса олармен бас құрап,болашақ отауының
түтіні түзу ұшып, шаруашылығын шалқытуға күш салады.Динадай күйшіі,Сарадай
ақын,Шарадай биші,Әлия мен Мәншүктей айбарлы да батыр қыздардың сіңлілерін, бүгінгі
Қазақтың қай бұрышынан іздесең де кезіктіре аласың.Екі жасты қосқанның сауабы
бар.Егер бүгінгі ұл мен қыз көңіл қосып,жұптасуға қолұшын беріп,көмектесетін ақыл-кеңес
айтар ағайын туыс,әпеке- жезде,құрбы-құрдас айналаңнан табылатынына толық сенуіңе
болады.«Үйлену оңай,үй болу қиын» дегенмен,бастарыңа бақ қонып,ынтымақ береке
болса,ертең-ақ ел қатарлы қазақтың, түтіні тіктеп ұшқан,керегесі кең,терезесі тең бір отауы
болып шыға келесіңдер «Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен жоқ болса кішіден
сұра»(Шәкерім) «Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме адам сұрап білмесе ештеме
үйренбейді.»(С.Сараи). «Некелесіп тұрмыс құрыңдар,өсіп-өніңдер.«Мен қиямет күні басқа
үмбеттерімнің алдында, сендердің көп екендеріңді көріп насаттанамын.»(Мұхаммед/с.ғ.с./)
Шаңырақ сыйластығы,отбасы ынтымағы.Бұл сабақ бозбалалар мен бойжеткендерге әр
денгейде,үзіліссіз оқыла-тын,ауқымы кең дәріс.Үлгілі әке,салихалы ана санатына жеткенше
еріксіз естуге,тыңдауға өзіңіз де мойынұсынатын кездер де кезігуі мүмкін.Некеге тұрып,
57
59.
Аллаһ нәсіп етіп үйлендіңіз.Мүмкін сіз,ол кезде Жүсіп Баласағұн бабаңызды тыңдағаншығарсыз: ...Әйел алса төрт белгісін көздейді,
Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.
Бай әйелді біреу іздеп жүреді,
Енді бірі сұлуға көз тігеді,
Бірі тілер тұқымы асыл тектіні
Қуаныш боп ұлықтығы,бектігі,
Бірі нәзік, имандысын таңдайды,
Оны тапса, көңілде алаң қалмайды
.
Мүмкін сіз ,Хакім Абайды тыңдаған шығарсыз:
Жасаулы деп,малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар,ақылы бар,ұяты бар
Ата –ананың қызынан ғапыл қалма.
Мүмкін сіз, Пайғампар(с.ғ.с.) хадисін басшылық еткен шығарсыз: «Кім әйелді оның атақ абыройы үшін алса,Аллаһ ол еркекті қор етеді.Кім дүниесі үшін алса,Аллаһ ондай еркекті
жерге ұрады.Ал,кім көзін күнәдан,мүшесін зинадан сақтау үшін және туыстарымен жақсы
қарым-қатынаста болу үшін үйленсе,Аллаһ ол кісіге әйелін берекелі,ал әйелге күйеуін құтты
етеді,»-депті.Сондай-ақ,екінші бір хадисте: «Әйелге тек сұлулуғы үшін ғана үйленбеңдер,сұлулығы оларды тәкаппар етуі мүмкін.Оған дүниесі үшін де қызықпаңдар,мал-мүлкі
оларды шектен шығаруы мүмкін.Расында қара тәнді иманды әйел текті де дәулетті және
көрікті бірақ дінсіз әйелден абзал». Адам тәрбиелеу қазақ ілімінде мынандай екі қағида бар:
Біріншісі-үйретуден аянба,
Екіншісі-үйренуден тартынба.
Женге және жезде мектебінде осы қағиданы басшылыққа ала отырып бозбалалар мен
бойжеткендердің тіршіліктегі әр сатысында,әсіресе,жас отау құрып бір шаңырақ астында бас
қосқан кезеңінде оның маңыздылығы,кажеттілігі тым асқақтай береді.Жалпы қазақтың әулет
мектебінің шығу тегі,оның даму тарихы,қалыптасуы тым тереңде жатыр. Мәселен,Түрік
дәуірінің өзінде,тұрақты жазуы бола тұрып,білім тәрбие беретін «оқулықтардың» бізге
жетпеуі өкінішті-ақ..Оларын,біз,тауып ала-алмай жүрген де шығармыз. Әйтпесе,қайыңтозқабықтарға, ағашқа, көнге, киізге, қаңылтырға жазылған мәтіндер аз болса да
кезігеді.Алайда,білім-тәрбие беру ерекше түрі-қастерлі тұлғалар-дың,дана ұстаздардың
ауызша айтқан ақыл-кеңестері,денелей өздері көрсеткен үлгі өнегесінен тұратын дәріс
топтамалары жеткілікті.Мәселен Түрік мәдениетінде, Анахарсис,Йолықтегін мен
Тоныкөктен,Қорқыт,Қашқари мен Баласағұннан басталатын даналықты ұрпақтан-ұрпаққа
арасын үзбей жеткізу дәстүрі жалғасып келеді.Кәзіргі түрік тілдерінде,әдетте, «оқытушы
ұстаз» деген ұғымның қастерлі мағынасын «ұстаз»(парсы) және «мұғалім»(араб) деген
ұғымдар береді.Көне түрік тілінде «Хипат(халпат)» деген ұғым болған оның мәні «білімді
жеткізуші»,ал кейінгі кезеңде«бақшы»(монғолдар күні бүгін мұғалім дегенді-багш деседі)
деген сөз қолданыста болған.Білім мен тәрбиенің белгілі түсінігін,топшыланған ойын жас
ұрпаққа ауызша жеткізудің өзіндік артықшылығы да болған сияқты.Жол жөнекей басқаның
қалауынша жамбасына басып,өзгертуіне мүмкіндік болмаған.Мысалы,Қорқыт атаның айтқан
даналық сөздері: «Ұл атаның-ері,екі көзінің бірі», «Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел
көрікті.Самай шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза емізген ана көрікті.Өнегелі бала
көрікті.»Бұлар әр ниеттегі адамдарға кезіккені мен ана-мына деп,өз мүдде, көзқарасына
сәйкестіріп алатын,шешіре-тарих емес, өнер емес,ой-түйін емес.Қазақтың осы бір білімтәрбие мектебінің негізін қалаған «ұстаз-дана» оқуы өмірде неше түрлі мазмұнға ие болып
өзгеріп отырса да бізге оның ұзын ырғағы бұлжымай жеткен. Акедемик Серік Қирабаев
атамыз:«-Бүгінгі қоғамдық тәрбиеде ұлттық бағыт жоқ.Үйде де,түзде де қазақтығыңды
мақтаныш етер,оның ерекшелігіне мән беріп,қамқор болар, жалғастырар намысымыз кеміп
бара жатыр.Кешегі ақсақалдар тәрбиесі,әжелер,бәйбішелер өнегесі ұлтымызды биікке
58
60.
көтеріп еді.Қандай қиындықтарда ар-ұятымызды мықтап ұстағанымыз сол тәрбиеніңарқасы болатын. Орыстануға әбден бой алдырдық..Ата-ананы сыйламауды, өзімшіл
болуды,аузымызға ие болмауды,жөнді-жөнсіз еркіндікті,арақ ішуді солардан үйрендік.Тіпті
асырып та жібердік.Олардың білімін, ғылымын,мәдениетінің керегін ғана алуымыз керек
еді.Біз өйтпедікЕндігі жерде аналар, әжелер,әкелер,тәрбие саласының мамандары баланы
жастай тәрбиелеуді,намысқа үйретуді, қолға алмаса,ата-баба дәстүріне,қазақтық
қалпымызға ұятты боламыз-ау деп қорқам»-деген еді.Атаның ақылын тыңдайық.«Құдай
қосқан қосағыңмен қосылып,ақ босаға аттап,басыңа ақ перде түсті.Келін деген киелі атқа
ие болдың.Келін-үйдің көркі,келбеті,берекесі,бет-пердесі. Сен келгенде қайын атаң,қайын
енең,үлкен де,кіші де бәрі қуанды.Ақ некелерің қиылды.Имам ұлым екеуіңе Аллаһтың
құлы,Мұхаммед(с.ғ.с.)
пайғампардың үмметтері,дінің Ислам,кітабың Құран,екенін естеріңе сала отырып,бұдан
былай ерлі- зайыпты екендеріңді көпшілікке жариялап,ақ батасын берді.Ата-енеңнің үмітін
ақтаушы,арқа сүйері, қуанышы, шаңырақтың абыройы өзің-сің.Өйткені,ел-жұрт атаенеңнің барлық қадір-қасиетін біледі,құрметтейді,мақтан тұтады.Сенен де соны
күтеді.Мойныңа үлкен жауапкершілік артылды,келін!
Кеше ғана ата-анаңның ерке қызы едің.Енді ол кез артта қалды,оралмайды.Үстіңе киген
киімің жарасымды болсын, әйелзатының етегі тобыққа жететін көйлек киген қандай
жарасымды!Ата-енеңнің жағдайын жаса,ризашылығын ал,екі дүниеде де қор
болмайсың.Олар өмірдің, ыстық-суығын,ащы-тұщысын көрген жандар.Олардың көңіліне
қаяу түсірме, жанын күйзелтпе,жүйкесін тоздырмай,аялай біл.Бір күні бәрі де өзіңнің
алдыңнан шығады.Келіннің сәлемінде қасиет бар,сәлеміңді үзбе,ұмытпа.Сәлем арқылы
құрмет пен абыр-ойға кенелесің.Пайғампарымыз(с.ғ.с.) өз хадистерінде әйел-затына ерін
құрметтеп,оның ризашылығын алуды өсиет еткен.Еріңді қадірле.Қонағыңды құрметтей
біл,алалама, алдына ақ дастарханыңды жайып күт.Ағайын-туыс, абысын ажын,қайнағақайындарыңмен сыйласа біл.Өзіңнен гөрі өзгеге жақсылық жаса.Жетімді жебеп,мүсәпірді
есіркеп,қол-ұшыңды беріп,жылы сөзіңді айт.Аллаһ жүрегіңе иман мен инабаттылықты
ұялатсын.Мәртебең биік болсын!»
Бір шаңырақта тұратындардың әсіресе жас жұбайлардың шаңырақ жарастығы ең
алдымен мына екі жағдайға бай-ланысты.Базарға барайын деп сыртқа шыққан жас келінге,
аулада орындықта отырған үш қарт адам кезігеді.Келін иіліп сәлем салып, үйге кіріп дән
ауыз тиюді өтінеді.Сонда қария-лардың бірі:«Біз шақырған жерге үшеуіміз бірдей
бармаймыз»,-дейді.Оң жақтағы досым-Байлық,сол жақтағым болса-Сәттілік. Менің
атым-Сүйіспеншілік.
Өзін жолдастарын таныстырғаннан кейін келінге былай деп талап қояды: -Кәзір
отауыңызға барып,отағасымен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің бірімізді ғана шақыруға
құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,-дейді....Келін
сүйіспеншіліктің талабын күйеуіне айтқанда, қатты қуанған ол; «Қандай жақсы,қандай
жақсы»,-деп қайталай береді.-Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?Біз «Байлықты
шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа толсын». Күйеуінің шешіміне көңілі толмаған келін:
«Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»-деді.Екеуі ортақтасып,мынандай шешімге
келді:«Негізінде,ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты
боламыз».Есікті ашып,келін: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Сізді шақыруды
ұйғардық,-деді.Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді Жолдастары да орнынан
тұрып,оның артынан үйге қарай жүрді.Аң-таң болған жас келін, Байлық пен
Сәттілікке:«Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:«Егер де
тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар
едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз
керек.,-дейді.Келіннің «неге?» деген сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:«Өйткені, Сүйіспен-шілік жүрген жерінде біз-Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».«Шаңырақ сәні –сыйластық» деген мақал осыдан қалған.Шаңырақтағы
59
61.
сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынты-мақ, бауырмалдылық, қамқорлық, өзара түсінісушаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады.
Бір күні Бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты.
-Кім-ей бұл?-депті, жаңадан түскен жас келін
.
-Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз,-депті Бақ.
-Жоқ,есікті аша алмаймын:төргі бөлмеде атам жатыр, ауызғы бөлмеде өзіміз жатырмыз,дейді келін.Екінші күні есік тағы тықылдапты.-Бұл кім?–Мен –Дәулетпін ғой,үйіңе қонып
кетейін,-депті есік сыртынан Дәулет. –Жоқ ,үй бос емес,-деп
тағы да есігін ашпайды.Үшінші күні есік және тықылдайды.
-Кім екен бұл?-дейді келін. –Ынтымақ едім.Келін есікті ашып,
Ынтымақты үйіне кіргізіпті.Барлығын естіген атасы сонда:
-Дұрыс жасадың,шырағым,ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді,-деген
екен. Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу көгілдір шағында жұптасады екен де,
қалған ғұмырын аса тату тәтті бірлікте өткізетін көрінеді. Жұптасқан аққулардың бір-біріне
деген махаббаты соншалық,жұптың бірі қапияда қаза тапса,екіншісі қайғыға шыдай
алмай,әуеден құлдилап келіп жерге соғылып мерт болады екен.Ал кейбіреуі неше күндей нәр
татпай,сыңарының жанында жатып,жан тапсыратын көрінеді.Үшіншілері өлген сыңарының
мойнына өз мойнын орап қылқынып өледі.Мұны қазақ өте ерте заманда аңғарған.Жұптасқан
қос ақудай ғұмыр кешіңдер деп бата беруі жастарға тым зор тілек болса керек-ті.Ақылды
келін әулеттің-мақтанышы.Жанашыр әйел жарын күтеді,жансақ әйел өзін күтеді.Бойын күте
алмаған келіншек,байын да күте алмайды.Тұрмыс құрып не керек ұғыспасаң,туыстықтан не
керек жұғыспасаң.»Ақылды болса алғаның аспандағы Ай,Күнің.Байыпты болса алғаның,
басыңдағы байлығың» Алайда келіннің жаманы болмайды.келген жері жаман.Жақсы үйге
түскен келін нағыз келін болады.Жаман жерге түскен келін келсап болады».Бәрінен де ерлібайлы екеуінің ынтымақ берекең, бірінді-бірің сыйлап,сүйіспеншілікпен,түсіністікпен
қарауларың ең басты мәселе. «Екі өзен қосылса- дария,екі жақсы қосылса-жанұя»-дейтін
қазақ,оларға қос аққудай жарасымды болуын,жеңге-жезде мектебі аясында үнемі ақыл-кеңес
айтудан жалыққан емес.Өз жарыңды жаттай күт,жат көрсін де түңілсін. Бір-біріңді қадір тұтжұрт үлгі алсын, үңілсін.Ерлі-қатын тату болса-шырағы жанар,Ерлі- қатын араз болсаөмірден көңілі қалар.Жақсы келін-келін,жаман келін өлім.Жігітті ер ететін де- әйел,жер
ететін де әйел.Жақсы әйел жаман еркекті-адам етеді.Жаман әйел жақсы еркекті-надан
етеді.Аллаһ Тағала әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі,әйел-анаңыз,
қызыңыз,әжеңіз.Әйелін тек жақсы көретін адамдар ғана сыйлап,құрметтейді,үй-ішіне
қатал,қатыгез адам-жаман адам.Қашанда ер кісі әйеліне,әйелі еріне мейіріммен қараса Аллаһ
тағала да оларға рахмет назарымен қарайды. Бірінің алақанына екіншісі алақанын
қойса,саусақтары арасынан күнәлары төгіледі.Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады.Жаман
еркек жақсы әйелді жер қылады.Сүйіктің жоқта дүние суық. «Екі жақсы қосылса,Ай мен
Күндей жарасар.Екі жаман қосылса,ырылдасып таласар».
Нағыз мұсылман,нағыз иманды адам деп кімді айтамыз?-деген сұрауға Аллаһ Елшісі:Біріншіден,мінезі сиымды,екіншіден-әйелдерге ізет-құрметпен қараған адамды-айтамыздеген. Хадисте: «Әйелге өз туған ана-қарындасыңа қарағандай мейір шапағатпен қара!».
Дінімізде: «Ер адамның әйеліне мынандай борыштары бар:-өзің тамақтанып,әйелің аш
қалмасын;-өзі жаңа киім алғанда,әйелін де киіндірсін;-әйелге қол көтеруге болмайды;-әйелді
сөгіп балағаттамау керек;-ренжісіп қалсаң,тым алысқа кетіп қалуға болмайды.
Ерінің әйеліне татуласу үшін айтқан бір өтірігі кешіріледі».
Егер әйеліңізге жақындасқыңыз келсе; «Биссимилаһу,әлла һума жаннибнашшайтана,уа жанниббиш-шайтана мә рәзақтана» дегейсіз.Содан соң сізге перзент нәсіп
болса,иншалла,ол шайтан-малғұнның кәрінен есен,адал перзент болғай.(Ислами
дінімізде,санасыз,тәртіпсіз баланы биссимилласыз біткен деп көреді»).
Сабырлы, салауатты жарың болса,
Бағында бақша-сарай жүргендейсің.
60
62.
Мінезі ойпы-тойпы жарың болса,Жүгенсіз асау тайға мінгендейсің.
Жігітке қисық қылық мінменен тең,
Жайы жоқ шайпау әйел күңменен тең .
Шалқия ерін билеп алған әйел,
Байы өліп, бағы күйген тұлменен тең .
Шабан ат,жаман жолдас,шайпау қатын,
Қылады жігеріңді құмменен тең.
Жолдасың кіші пейіл,жайлы болса,
Ішінен жарып шыққан ұлменен тең .
Мінезі кейбіреудің ұйқы-тұйқы,
Қап таудан асып келген жынменен тең.
Алғаның жаман болса бажылдаған,
Кірерсің күнде көрге,ор қазылған.
Садақа жұма сайын берсең-дағы,
Тап болдың бір ауыруға жазылмаған. Әсет
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
-Ұлым,мен өлген соң жұма сайын қыз алып,қала сайын үй сал.Ас жесең,бал же,-деп
өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп,ұлы әкесінің өсиетін орындай бастайды:жұма сайын қыз алып,қала
сайын үй салады.Ас іішсе,бал ішіп,ақшасын бітіреді.Сөйтіп,жігіт далаға шығып біраз
жүріп,бір үйілген тастың тасасына отырып,бөркін қолыңа алып,басын ұстап отырған
уақытта,бір жақтан бір шал келіпжігітке:-Неғып отырсың?Жігіт:Жәй отырмын. Шал: Шыныңды айт!-деп қыса бастайды.Жігіт еш нәрсе айтпайды.Шал:Сырыңды жасырма!
Мен саған жақсылық көрсетейін. Жігіт болған жайды толық баяндап,қарияға үміттене
қарайды.Шал,ойланып отырып,аздан соң жігіттің иығына қолын салып,оны сәл ырғағандай
болып:-Жігітім! Сен әкеңнің өсиетін дұрыс түсінбеген екенсің.Содан болып үлкен ағаттық
жіберіп
алдың.Болар
іс
болды,өткен
іс
өтті.
Бірақ,
сенің
тіршілігің
жалғасатындықтан,енді қателесуге болмай-ды. Әкеңнің:«Жұма сайын қыз ал»,-дегені:Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме.Жұма сайын,жаңа үйленгендей құшып , оны
аяла!Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің!»- дегені. «Қала сайын үй сал,»-дегені
«Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді.«Ас ішсең,бал же» дегені:
«Еңбек істеп,ас ішсең,балдан тәтті болады»-дегені еді,-деп, қарт,өсиет шешімін айтып
беріп,жігітті жөнге салыпты.
Ағайынды үш адам тату-тәтті ғұмыр кешіпті.Соған қарамастн кенже інілері 40
жастан асар аспас самайын ақ шалған қария болып көрінетін.Ортаншысы да мәз
емес:ердің жасы елуге жетер-жетпес шағында ауыру-сырқаудан бас көтере алмай
,аузындағы тістерінен айрылып,бүкірейіп,шал болған да қалған.Үлкен ағалары болса,
жетпіске толғанына қарамастан,аса қайратты,сұңғақ бойлы,ана екеуінен қайта жас көрінетінМұның сыры неде екенін білмек болып,інілері ағасының үйіне ат басын бұрған екен.
Ағасы інілерінің келгеніне қатты қуанып,әйеліне дастархан жаюды бұйырады.:-Ең
үлкен,әдемі піскен, қарбыздарыңды әкеле қойшы,-дейді.Әйелі қарбыздарды әкеле салысымен,
отағасы оны тіліп көріп:-Бұл онша дұрыс емес сияқты, басқасын әкеле әкеле ғой,-деп әйелін
тағы жұмсайды.Осылайша, бес рет қарбызға барып келген әйелі ақыры тал-ғамға тура
түсердей қарбызын алып келеді.Қарбызға тойып алған інілері ағасынан оның аса жас
көрінетіндігінің құпиясын сұрайды. –Жеңгелеріңді қарбызға бес рет жұмсағанымды
көрдіңдер ғой:ол да,мен де ашу шығарғанымыз жоқ.Міне бар құпиыя осы,-дейді ағасы.
Ертеде бір байдың жалғыз ұлы мен келіні болыпты Ұлы алды-артын ойламайтын
ақылсыз да,келіні өте ақылды екен.Баласы жылда базарға барған сайын құмар ойнап,
ақшасын,малының барын ұтқызып, қайта беріпті.Бір күні байдың өзі базарға барады.Ол
баласының құмарға ұтқызған дүниесінің бәрін ұтып, алып қайтады.Орта жолда қарақ61
63.
шыларға кездеседі.Мол дүниеге қызыққан қарақшылар байды өлтірмек болады.Сонда бай:Ауылдан көп мал алдырып берейін мені босатыңдар,-дейді.Қарақшылар бұған келіседі. Байхат жаза бастайды. «Қырық ат,алпыс атан,үйдің екі босағасын,оны қирататын балта
жіберіңдер.Біз,Ащысай деген жердеміз».Екі қарақшы хатты әкеліп байдың ұлына табыс
етеді.Әкем ұтылып қалған екен деп ол мал жиыстыра бастайды.Хатты келіні оқып көреді
де,күйеуін оңаша шығарып алып, әкесінің жау қолына түскенін айтады. «Қырық ат дегені
қарақшының саны,алпыс атаны алпыс кісі әкелсең жеңесің дегені,екі босаға және
балтасы:мына келген екеуін өлтір»-дегені,»- депті.Сол күні алпыс адаммен,ұлжолға
шығып,әкесін құтқарып алыпты.Талғампаз халық әйелге сын көзімен қарап,олқылығының
орнын толтыру үшін,үнемі ақыл-кеңес берген,үлгі өнеге көрсеткен. «Жақсы әйелырыс,жаман әйел-ұрыс»,«жаман қатынның мінезі қиық келер,сөзі сұйық келер», «жақсы
әйел зейнет, жамал әйел бейнет»,«Шабан ат,өтпес пышақ,жаман қатын үшеуі ер жігітті
қартайтады» деген мақалдар соның айғағы.Кең пейіл сыртқа сыр бермей,жоқтан бар
жасап,үй-ішін адал көңілмен мәз ететін әйелді абысын-ажын,ене-жеңге тәрбиелеп алатын.
«Екі дүниелік әйел» деген ертегідегі жанат ішікті атқа,атты сиырға,сиырды тымаққа
айырбастап,тымақты суға кетіріп алған күйеуіне сүйген жары: «Ішікті атқа сатқаның
жақсы болған,ат адамның қанаты ғой.Атты сиырға айырбастағаның жөн,сүтке-сүт
қосылады,елге-ел қосылады.Сиырды тымаққа айырбастағаның тіпті жақсы,жігіттің
басы түзелмей,ісі түзелмейді,басыңды түзегенің орынды-ақ.Тымағың суға кеткені басыңа
төнген бір қауыптен құтылғаның,енді ісің оңалады екен»-дейді.Мұнда «жақсы әйел
жарының жамандығын жасырар,жақсысын асырар деген» өсиет жатыр.Адам көңілден өсіп
құлақтан сарсиды.Жас келін мен күйеу жігітке айтылатын өсиет-өнеге,үлгі-тәмсілдер неғұрлым олардың жанына жұғы-сты,құлағына сіңісті болып қаларлық ұлағатты болғаны жөн.
Мұсылмандықты берік ұстанған иман жүзді әйелдің керісінше діннен мүлдем хабарсыз
әрі екіжүзді пасық күйеуі бар еді.Діндар әйел қай істі бастаса да «бисмиллаһ» деп
бастайтын.Ал күйеуі оның мұнысына қатты ашуланатын.Сол үшін әйеліне көрсетпеген
қорлығы жоқ еді.Әйелі байғұс күй-еуінен көрген құқайларға барынша сабыр ететін де тек
қана Аллаһқа күндіз-түні дұға етіп,күйеуін тура жолға түсіруді тіл-ейтін.Қабағынан қар
жауған күйеуі бір күні тағы да қатты ашуланады.Әйелін осы жолы да ебін тауып шықпыртып
алмақ болғандықтан,өзінше оған себеп іздей бастайды.Іштей:«Бұны жақсылап тұрып
қатырайын,қайтер екен?Сонан соң көр-сетейін көресесін» деп күбірлеген күйі әйеліне жала
жауып, жазғырудың жолын қарастыра бастады. Құдай алдында ба иіп иманға келмегендіктен,оның жүрегін әлдеқашан осындай бықсыған арамдық жайлап алған-ды.Әйелін
шақырып оған бір кесе алтын береді де:-Мынаны біржерге тығып қой!-деді.Әйелі күйеуінің
айтқанын екі етпестен «бисмиллаһ» деген күйі алтын толы кесені үйдің бір жеріне тығып
қояды.Ал күйеуі оны сырттай аңдып тұрып,алтынды әйелі қайда жасырғанын біліп
алады.Артынша әйелінің көзін ала беріп жасырған жерден алтынды алды да кесесін терең
суы бар құдыққа тастай салды.Арада көп өтпей жатып әйелін қайта шақырды да:Әнеукүнгі саған берген алтынды қайтып әкел,-деді.Әйелі жүгіріп барған күйі өзі жасырған
жерге «бисмиллаһ» дп қолын сұқты.Әйелдің шын ықылас- пейіліне Аллаһ тағала разы
болғандықтан,бар алтын мұрты бұзылмаған күйі кесесімен сол орнында тұр еді.Бірақ
кеседен су тамшылап тұрды.Әйелі кесенің неліктен су болғанын түсінбестен, алтынды
алған күйі күйеуіне әкеліп берді.Алтын толы кесені бәз баяғы қалпында көргенде күйеуі есі
шыға таңғалды.Сөйті де әйелінің істеп жүрген тірліктерінің қаншалықты шындық екеніне
осы жолы анық көзі жетті.Қипақтап әйеліне қараған күйі:-Саған осы уақытқа дейін қаншама
қиянат жасадым. Менің барлық пендешіліктерімді кешірші?Шын тәуба етіп,Аллаһтан да
кешірім сұраймын.Осыдан бастап құлдық ұрып,құлшылығымды жасайтын боламын,-деп
жалбарынды.Сол күннен бастап:
-Я,Аллаһ тағала!Маған о дүние мен бұ дүниеде бақытты ететін діндарлы әйел нәсіп
еткеніңе көп шүкіршілік айтамын.Мені кешіре гөр!-деп дұға ететін болды.Ал,оның иманды
әйелі болса:
62
64.
-О,Жаратқан!Ертелі-кеш аузымнан тастамайтын дұғамды қабыл етіп,күйеуімді тура жолғатүсіргеніңе мың да бір шүкір,-деп дұға етті.
Қызын ертең аттандыратын күні,анасы оны жанына отырғызып алып,мыналарды
айтты.
«Қызым,егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды
қажетсінбейтін болса,онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің.Алайда өмір заңы
басқаша,ер адам қалайша біз үшін жаратылса,әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым,сен өзіңді туып,аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып,жат жұртқа кетіп бара
жатырсың.Ендігі
уақытта
сен
күйеуіңе
бағынып,оның
ризашылығын
алып
отырғайсың,сонда ол да сенің алдыңда құлындай құрақ ұшатын болады.Сен оны сыйлаған
сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.Мен саған кәзір он өсиет
айтайын,егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен арақатынасыңда мін
болмайды:
-Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал,қанағат иесі бол.
-Не істе десе, соны істе,тыйым салған нәрселелеріне жолама.
-Үй ішінде,үсті-басыңды таза ұста.
-Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс,жақсы иістеріңнен себіне жүр.Ол сенен
тыжырынбайтын болсын.
-Ұйықтайтын тамақтанатын кездерін жақсы біл..Ол бұларды қай уақытта
жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп,төсегін салып қой.Өйткені аштық
пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
-Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта,ысырапшылдыққа жол берме.
-Оның абыройын ойла,тума-туыстарына да құрметпен қара.
-Оған қарсы шығушы болма.
-Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң,саған деген өшпенділігі оянады,ал
сырын елге жайсаң,қиянаттан көз ашпайтын боласың.
-Күйеуің қайғырып отырғанда-сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде-сен
қайғырма?
Отбасының ынтымақ берекесі ерлі-байлы екі адамға бірдей байланысты екенін
жоғарыдағы үлгі-өнегеден толық қөріп, білуге болады.Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны
да рас.Бірақ екеуі де кешірімді болғанда,бәрін де орнына келтіруге болады.Өтқен шақта
қазақ отбасында,ажырасу болмаудың себебі-осы жарастықта.Қазақ айтқан ғой: «Қанша
жаман болса да қатыныңнан айрылма!Ең жоқ дегенде,кіріңді жуып, шайыңды қайнатып
береді,Қатыныңмен ажырассаң әуелі үйің, сонан соң малын,оған ілесіп балаң кетеді.үйің
кеткені, күйің кеткені, малың кеткені-мазаң кеткені,балаң кеткені-шамаң-кеткені. Ал,Аллаһ
айырса амал нешік..Сондығы болар, бірер қазақ,ең мұқатқанда, «жаман қатын»үстіне тоқал
алған ғой.
Қазақтың тұрмыс құру салтындағы: әменгерлік жолмен үйленуі және балдызымен бас
құрауы,ерікті күндес алуы сияқты ұстаным, негізсіз жамандай салатынымыз болмаса,тым
оғаштығы жоқ.Бұларды үйлестіруде,жүзеге асыруда,жағдай туғызуда жезде-женге мектебі
ешкімнің мәжбүрлеуінсіз қызметін атқара алатынын бүгінгі өмірде көзіміз көріп
жүр.Сөйте тұра жас отау иелеріне қол ұшын созып,шаңырағын шайқалтпай, босағасын
беріктеп,белдеуін бекітуге келгенде тым салғыртпыз. Тіптен абысын-ажын,ене-апа,жеңгежезденің ықпал қылығынан болып ажырасатын жәйт та кезігіп жүр. Осылардың салдарынан
елімізде жылына үйленгендің үштен бірі ажырасады дегенді де айтатындар бар.Шаңырақ
көтерген мың отбасына шақ-қанда,ажырасу;Белоруста-62,Украйнада-55,Канадада-48, АҚШта-46,Ұлыбританияда-42болса,бізде-30-ға жеткен. Нақтылы деректе мынандай сан бар: 2010
жылы 146 мың 443 неке тіркелсе соның 41 мың 617-сі,2011 жылы 160 мың 494 неке
тіркелсе соның
44 мың 862-сі,2014 жылы бастапқы үш айда 20,1 мың неке тіркелсе,7,9
мың неке бұзылған.Бұл сандар бізге,неке бұзу көбейіп бара жатқанын көрсетеді.Түйіндей
келе,айтарымыз: Қызды жеңге бұзады,жеңгені теңге бұзатыны да,бұл шақта өтірік емес
63
65.
болды.Шаңырақ шаттығын орнатуға көмектесетін,жеңге-жезде мектебін тікелей жас отауғақұрып,айналасындағы ауыл қыздарының, жігіттерінің, бойжеткендер мен бозбалаларының,
қалыңдықтар мен күйеу балалардың,келіндер мен күйеулердің білім алатын, тәрбие беретін,
ұлттық үрдісін жаңғырту бүгінгі шақтың басты міндеті болып отыр.Ол бірер жерде,
бастапққы ілкі қалпында жаңғырар,бірер жерде мәселен мектептер мен орта және арнаулы
немесе жоғарғы оқу орындарының жанында жаңа түр мен мазмұн бірлігінде қайта жаңғырар,
әйтеу,бүгінгі қазақ қауымына, оның салтына оралуы нақты. Беретін ақыл кеңес,үлгіөнеге,сабақ-дәріс бұрынғыдай «дана-ұстаз» қалбында болумен қатар,қойын дәптер,қалта
кітабы,сумкадағы жол-серік,отбасы оқулығы сияқты кенес түріндегі
кітапшалар да
болар.Осы кітапша,соның бірі болар деп үміттенемін.Мұны тіптен оқығысы келмеген,келін
мен ұл басына,жастығының астына салып, жастанып жаста да,зияны бола қоймас.Оның да
көмегі тиер.Егер ғұмыр беріп аз аялдасам оларға ,аудиакітап түрінде тіптен қолдан келсе
бейне баян болғызып ұсыну да ойда бар.Тек,Аллаһ қош көрсін,қолдасын.Жеңге –жезде
мектебінің бүгінгі таңда өте қажет болып отырған бір себебі қыздар мен әйелдер
ортасындағы жаңа дәуірде пайда болған жеңіл жүріс пен жезөкшелік,арын сатып,жанын
жалдау қатарлы заман дертімен батыл күрес жүргізу тақауыры.Зинақорлықпен күресу қазақ
қоғамына ислам дінін қабылдау шағынан бастап нәтижелі жүргізілген. Осы күрес кеңестік
дәуірде,жақсы жалғасын тапқан болатын. Ал,кейінгі кезде не түрлі жын-ойнақ орталықтары
мен түнгі клубтардың ашылуы жеңіл жүрістікті тым ұлғайтып жіберді. Енді елімізден ауа
жайылып,қазақтың қыздары шет елге шығып,арын сатып,жезөкшелікті кәсіпке айналдыруы
намысқа тиеді. Арғықазақ тарихында да,бұл құбылыс етек алса елдің ыдырауына апарып
соққан.Алғашқы түрік мемлекеті де осы былықтың зардабын тартып,ыдырағанды.Шығыс
Түкістанның да, Атақазақтан қол үзіп,қытай бұғауында қалуында да осы мерездің үлесі
бар.Бұл мерезді жоюды,қоғамнан аластауды басқа емес ең алдымен жеңгелердің қолынан
келетін шаруа. Алайда,ата-ана,ағайын туыс көмегі де бар,олардың да ықпалы зор.Қазақ
айтқан ғой: «Бір ұрғашының айласы қырық есекке жүк болар»Иә,олар ақылды
жұрт.Басқаның азғырындысында кетіп,адасқандар да бар ғой.Жалпы,оның нақ
бастауы,шайтан болса,нәпсі себепкер.Жас шағында қызды солар –ақ тоздырып жібере
алады.Алайда,«Дарақыдан- сорақы,сұмпайыдан-тұрпайы, саңыраудан-меңіреу» шығатыны
да шындық. Дәубастан-маубас туады.Маубастан субас туады.Субастан қубас туады.
«Әдепсіз әйелдің қолында,әдепті қыз өспейді».Әйтеуір мұның түбінде бір себебі бар.Себепті
танумен бірге себепті туғызған болмысты тапсақ , бұл дерттен де арыламыз.Қазақ әйелі
тіліне шыққан теріскенді,көзіне қадалған тікенді,табанына кірген шөгірді қашан да
батылдықпен жұлып алып тастаған. «Желіккен жатырдан, құтырған ұл туады».Кейбір
әйелдердің жас әрі мас,бірақ,ессіз жігітті қармағына түсіріп,төсектік қатынасқа өзі апарып,
соңынан,зорлады деп,ақша талап етіп,сотқа сүйрегенін естігенде кірерге жер,өлерге көр таба
алмайсың.Осының бәрін реттейтін,алдын алатын,ұл мен қызды ескертіп,жирендіретін қазақ
әулет мектебін жұмыстату керек-ақ.«...Адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген-әйел.
Адамзат баласының адамшылық жолындағы таппақ тағылымы әйел халіне жалғасады.Сол
себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні
күліп қарамайды. Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең, тағылымды, бесігіңді түзе!»дейді,М.Әуезов.
«Ата қоныс арқадағы, шежірелі-Қарқаралы» атты еңбегінде,даналардың тұяғы, ақылдың
бұлағы Ақылбек Әрінұлы ақсақал,Қиқымбек деген қарттың өсиетін келтірген.
Ақбас бурадан алабас бота туады,
Құтырған қатыннан жын ұрған бала туады,
Адал ұл ата жолын қуа туады.
Ластан туған азғындық жолын қуады.
Жақсы болса бала дана бастайды.
Бұзық болса қолына шаланы ала бастайды.
64
66.
Сөзіңді айт ұққанға,айтып айтпай не керек,Құлаққа мақта тыққанға.
Осылардың саңылауы жоқ санасында,
Қырық пен елудің шамасында.
Қылқылдатып арақ пен сыра ішкен ғой
стақандастарының арасында.
Жеңге және жезде мектебінде үйренетін-ұлы сөздер.
Ұлтқа тән ибалы,иманды,нәзік
құбыл-ыстар бырт-бырт үзіліп, қарабайыр қатынасқа түскен сүреңсіз өмір кешуге мықты
кіріскен қоғамнан қашсаң да құтыла алмас секем жайлап,өмір өңсіз,тіршілік
тұрлаусыз,сауық-сайран
шаттықсыз,
өлім-жітім
азасыз,іс-әрекет
еріксіз,сөзіміз
түрпідей,сыртымыз кірпідей, көңіліміз түлкідей,ақылымыз таяз,қайғымыз ащымен жуылып,
абыройымыз арақпен тазарған сол бір заман да біз көп дүние,мұрадан,мирастан несібесіз
қалыппыз.Ұлы сөз кірлеген көңілді тазартады,қажыған көңілге қуат бере алады.Асқан-тасқан
көңілді басып,қараңғы көңілге шырақ жаға алады.
Ол былай болыпты. «Ата-бабалар қалдырған,кісілікке баулыған нақыл сөздерді,кейінгі
ұрпаққа жоғалтпай жеткізу-кәзіргі сезімі сергек адамдардың парызы деп есептеген
дұрыс.Шындықты айта алмаған сөздің атасы өледі;қариялар кеткен соң елдің айтар нақылы
мен батасы өледі.Әңгімеде , дәстүр-салт санада жаңа құбылыс пайда болады.Жақсы сөз
нәрлендіріп,жақсы дос әлдендіреді екен.Баяғыда мұндай қариялар келгенде астына көрпе
төсеп,шынтағына жастық беріп,қымызды сапырып отырып,әкеміз жалықпай ауылдағы
туыстуыстарын жинап алып,мал сойып,ұзақ уақыт тыңдайтын.
Мұндай әңгіме айту дәуірі 1925-1926 жылдарға дейін өмір сүрді.Одан кейін халықтың
басына түскен нәубат адамдарды есінен тандырды.Ескі әңгіме айтқан адамдарды қудалады.
1940 жылдан бастап қала мен ауылда халықтың руханият пен тұрмыстың негізінде
қалыптасқан дәстүрдің ауытқу кезеңі басталды.Өмір сүруге,болашаққа пайдасы бар-ау деген
жағдайларды ешкім түгендеп,ойланып,толғанбайды.Оны байыптауға байлам жасаған
адамдар бой көрсете алмады.Заңға,не ислам дініне үйлеспейтін дағдыға бет бұрды. Кәріжасына қарамай о дүниелік болған адамдарды оң жаққа салып, жөнелтүдің өзіндік дәстүрі
сақталмады.Оны түсіндіретін діни сауаты бар адамдар болмады.Жаттама құран аятынан
құрастырған шала молдалар пайда болды.Өлімді аста-төк мал сойып,бөшке-бөшке сыра
ашытып,жәшік-жәшік арақ ішу,карта ойнау белең алды. «Отырған үйдің бір бөлмесінде
мәйіт жатыр-ау» деген ой санаға кірмей,үйді көкала түтін ғып,темекі тартып,дауласып,дауыс
көтеру екі күнге созылған кездер де болды.Марқұм болған соң жетісі мен
қырқына жиналған кәрі-жас жақсы әңгімелер айтудың орнына малының ұрланғанын,
биесінің,сиырының төлдегенін,малына қасқыр шапқанын,біреулердің бұзақтығын термелеп
айтып, ұсақ түйек ауыл ішіндегі өсек аяңды сөзіне арқау ғып тарасып жатты.Тіпті,салихалы
үлкен адамдардың өзі арақ-сыра ішіп, карта ойнауға бой ұрды.Бұл жағдай 1995 жылға дейін
етек алды»(А.Әрінұлының естелігінен).
Әулет мектебінде ұлы сөздерді үйрету ісі-оны балалар ойынына сіңіріп,ойынға ұластырып
ұқтырған.Білім мен тәрбиені ұлттық балалар ойыны арқылы үйреткен. Айталық,
бата,өнегелік сөздер(тыйымдық сөздер,ескертпелік сөздер, тәлімдік сөздер т.б.)мақалмәтел,жұмбақ,шешендік сөздерді балалар айтысы арқылы жаттатқызған.Ал,ғұрыптық
жырларды да осы айтысқа айналдырып игерткен. Жоқтау,көріс,жар-жар, сыңсу,көңіл
айту,естірту сияқты ұлттық үлгі-өнегелерді де.балалардың бас қосуында ұқтырған.Ұлы сөзде
ұяттық жоқ деп түсінген қазақ,қыздарына бесік жыры,тұсау кесу жыры,бала бесікке бөлеу
әндерін осы жеңге-жезде мектебінде үйретті.Қоштасу,сағыныш әндерін,арнау өлеңдерін
би,музыка аспаптарын үйрету де,қол өнерін ұқтыру да осы мектептің үлесіне
тиген.А.Сейдімбеков: «Егер ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол
рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы?!-деген сұрақ қойылар болса,онда алдымен сөз
өнері,музыка өнері және қолөнері тілге оралар еді».-дейді. Осы үш өнерді бозбалабойжеткен жеңге-жезде мектебінде оқып үйренген.Зере,Ұлжан,Қызтумас,Айғаным әжелер
65
67.
осы мектеп түлегі.Олар да,анадан ертегі,жыр жаттап,әңгімелерді біліп туған жоқ.Қай анаосы мектепті көрмесе,одан тәлім-тәрбие алмаса,Бауыржан атамыздан бастап,бар қазақты
«қорқытатын» болады,үрейлендіре алады.Кәзіргі,бата тілек айта алмайтын,өсиет үлгі қалдыра алмайтын,ұлы сөзге шорқақ аталардың көбеюі де осы мектепте оқымағандықтың кесірі.
Қоштасу.Жеке адамнан бастап күллі халық көңіл-күйін білдіретін бір де ауқымды,бірде
қысқа болып келетін тұрмыстық жыр.Мысалы, «Басынан Қаратаудың көш келеді»
дастанынан бастап «Елім-ай» әні , «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Таңсықтың
қоштасуы, «Жылау,жылау,жылау күй» дейтін ұзын қоштасулар бар.Бұл тақырыпта молырақ
жырланғаны адамның көңіл-күйі.Адамның қартайып төсек тартқан шағында,артында қалып
бара жатқан ұрпағына,ел-жұртына қоштасу ретінде айтылатын ақыл-өсиеті,тілегі,өткен
өмірімен тілдесуі болады.Немесе арман еткен мақсатыныңа жете алмаған адамның толқуға
түскен,күйіншілікке ұшыраған кезі,үмітімен қоштасуы.Сол сияқты адамның қиын-қыспақ
жағдайға түсуі және одан құтыла алмасына көзі жеткен соң,артындағы ағайына,халқына
арнаған аманаты,олармен қоштасуы баяндалады.Бұл айтылғандардың бәрі де адамның көңілкүйін,іштегі шерін қозғайды,оны қоштасу арқылы шертеді.(М.Ғабдуллин)
..Тұтқын болып айдалып,
Алыс жолға жиналып,
Тұрғанымда қиналып,
Сөз сөйлеймін зарланып,
Ішім бір удай ашиды,
Көңілім босап жасиды,
Алдағы күнді ойласам,
Жан-жүрегім шошиды
Қайта айналып келем бе,
Көрмеймін бе,көрем бе.
Аманатын Алланың,
Әлде бір күн берем бе?
Бойымды билеп уайым,
Еңсемді басып толайым.
Күйге түстім шерменде,
Өзің жар бол,Құдайым!
Бетегелі белдерім,
Айдынды шалқар көлдерім.
Артымда қалып барады,
Туып өскен жерлерім...
Еркін азат күнім-ай,
Қылығы қымбат жаным-ай...
Тұлпар мініп ту ұстап,
Сайран салған елім-ай!
Ай,заман-ай,заман-ай,
Замананың зауалы-ай.
Құбылып соққан құйындай,
Айласы мен амалы-ай.
Бір қазақтың баласын,
Екіге бөліп арасын.
Қырқыстырып қойғаны-ай,
Ағызып көзден сорасын.
Ел арасын ашқаныЕскі әдетке басқаны.
Осылай қылған ежелденҚазақтың барлық дұшпаны.
66
68.
Бірікпесе ел басыҚұрғамайды көз жасы.Болмаса екен бір күні
Әлдекімнің олжасы.
Ата-дәстүр,салт пен дін,
Осы күні болды мін
Мұның бәрі жоғалса,
Елдігіңде барма құн?
Зиялыңды қудалап,
Қараңғыңды бұйдалап.
Берекені кетірсе,
Қырықпышақ қып өқидалап.
Қайран халқым азбай ма,
Қадірі қашып тозбай ма?
Азып тозып кеткен ел,
Өз көрін өзі қазбай ма?
Қазақ мұны біле ме?
Құлағына іле ме?
Құрыған емей немене?
Біз кетерміз,кетерміз,
Алладан медет күтерміз.
Елге тауфиқ тілеумен,
Өксіп-өксіп өтерміз.
Шырматылмай елеске,
Шығармысың күреске.
Бұл жолда ескі сөздерді,
Қазағым,елім, ал еске!
Асанқайғы,Жиренше,
Ақылын айтып өлгенше.
Солардың сөзін қайталап,
Отырмын мен де білгенше.
Қош аман бол,туған жер.
Кіндігімді жуған жер .
Жаламенен жазықсыз,
Амалсыздан ауған жер!
(Аманат кітабынан.ФайзоллаСатыпалдыұлы)
Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтың анасы Бағжанның ұлын армияға аттандырғанда
айтқан қоштасуы:
Сүт суалтқан құлыным,
Жаман атың шыққан жоқ еді,
Сол жақсылығыңнан танба,,
Ақжүрек болып жолдасың,
Адалдық сені қолдасын.
Жақсылық үшін тірессең,
Жаның, арың қорғасын.
Арынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың.
Найзадай болсын намысың,
Қиындық көрсең мұқалма!
Ауырлық көрсең жұқарма!
(А.Әрінұлы естелігінен)
67
69.
Бесік жыры.Жас баланы бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп,тойлап өткізген.Мұны даойын сауыққа айналдырған. Бесіктегі жас баланы тербете отырып,аяулы ана көңіліндегі ойарманын,жақсы тілегін жырмен білдіреді.Жас ана бесікке салу және бесік жырларын
бойжеткен шағында,ойын үс-тінде,өздерінен сәл ересек қыздардан,жеңгелерінен үйренеді.
Кәзіргі кезде бесік жырының нұсқалары көп.Бұл алғашқы бесік жырын бір адам жазым
айтып беріп халық соны айтып жүріп,керектене берген.Кәзір ол айтушының аты мәлім болғандықтан Қасымның,Қадырдың,Иманжүсіптің деп аталатын көптеген ақын жыршылар
атындағы бесік жырлары бар. Оларды оқулықтардан ,арнайы шығармалалардан оқушы
қыздар да,ұлдар да жаттап алатын болған.Келіншектердің осы көп нұсқадан теріп
алып,ұйқастырып керектенетіні кезігеді. Бұл өте қуанышты жай.Біз көнелеу бесік жырының
бір нұсқасын ұсынамыз.
Әлди,әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікте жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көкқұтанның құйрығын ,
Жіпке тағып берейін,
Әлди-әлди,аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген, аппағым !
Әлди-әлди,шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!
Қонақ келсе,қой,бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын,айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Алуа секер қантымыз,
Дауыл соқса, бақан бар,
Сом темірге балға бар,
Сом сынғанға- алда бар,
Қалқам менің, қайда екен
Асқар-асқар тауда екен,
Онда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Асқар таудың алмасы,
Жаңа пісіп тұр екен.
Әлди,бөпем,ақ бөпем,
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Тойға кеткен апаңды,
Қайдан іздеп табайын.
Жылама,бөпем,жылама,
Атекеңді қинама!
Арша ма екен бесігі?
Ала ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе мекен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
68
70.
Жігіт пе екен әкесі?Жылама,балам,жылама,
Ата- анаңды қинама.
Құлағыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт бола ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,
Балуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап,көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан,
Түре қуар ма екенсің?
Жылама ,балам,жылама,
Атекеңді қинама!
Алтынмен шоқтап тақия,
Берсек пе екен осыған?
Біз садаға,біз зекет,
Тойда болса,отырсын,
Әлди балам,алда жар!
Армансыз дүние кімде бар,
Біреудің болып көңілі шат,
Армандылар аһ ұрар!
Жездей-жездей қолыңнан,
Жезделерің айналсын!
Әлди,балам,батыр балам,
Отыз қызды олжалап,
Алып келе жатыр балам,
«Олжа-олжа»-дегенге,
Әрбіріне бір қыздан,
Беріп келе жатыр балам.
Көзімнің ағы- қарасы,
Жүрегімнің парасы,
Уайым-қайғы ойлатпас,
Көңілімнің санасы,
Айналайын,шырағым!
69
71.
Көлге біткен құрағым!Маңдайдағы құндызым!
Аспандағы жұлдызым!
Әлди балам, ақ балам
Айналайын балам-ай!
Айналсын сенен анаң-ай!
Әлдилеп, сені сүйгенде,
Атаңның көңілі болар жай!
Әлди-әлди ақ бөпем,
Жылама, бөпем,жылама,
Көзіңнің жасын бұлама,
Әлди-әлди бөпешім,
Қозы жүні көрпешім,
Жұрт сүймесе, сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім,
Айнекем балам,қайда екен?
Қыздарменен тойда екен,
Қызыл алма қолында,
Қыздар мұның жолында,
Әлди,балам,ақ балам,
Айналайын көзіңнен,
Атасына нақ балам,
Әлди,балам,әлди!
Әуедегі жұлдыздай,
Суда жүзген құндыздай,
Өзім қалап сүйгендей,
Жұмақтағы қор қыздай ,
Әлди,балам,әлди.
Бесік жырын ата,әже,әке,көке,аға,ана,бауыр,бала-шаға демей бәрі білуге міндетті
болған.Себебі бесікті тербету қай-қайсы адамға міндет болғандықтан,мылқиып үнсіз отырып
бесік тербету мін саналған.Сондықтан бәрі бала шақта үйренген.
Тұсау кесу жыры.Бөбектің апыл-ғұпыл,аяғын басар кезінде тұсау кесер рәсімі
жасалады.Тұсауын кесе сала,он қадам,анасы қос қолдап жетектейді,Онан соң,бөбектер мен
бүлдіршіндерге береді.Осы кезде айтылатын ән.
Қаз-қаз балам,қаз,балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін. (Тұсау кесуші айтады)
Қаз-қаз балам,қаз,балам,
Тақымыңды жаз балам.
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз балам,жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой,
Тай- құлын боп шаба ғой,
Озып, бәйге ала ғой,
Қаз баса ғой,қарағым,
Құтты болсын қадамың,
Өмірге аяқ баса ғой.
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
70
72.
Елгезек бол ерінбе,Ілгері бас, шегінбе.
Тұсауы кесілетін бөбекке,үлкен сыйлықтар жасалып,киім кигізіп,етегін майлайды.Ертеректе
балаға күміс жүген,күміс ер тарту етілетін,Атқа мінгізгенде қажетке асатын болмағанда
көркем ашамай беретін.Алғыс бата,тілектер,көп айтылады.
Тұсауың кесілді-құлама,
Тізеңді жаралап жылама,
Құлындай құлпырып жүгірші,
Кәнеки өзіңді сына да.
Секірсең құздардан-сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда-бүгілме;
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.
Аушадияр жаттатқызу.Қалыңдық аталып,туған үйінің алтын босағасын аттап,жат жұртқа
қадам басарда,қыз бен күйеуге айтылатын ең өсиетті де,өнегелі құлаққағыс жыры.Ел ішінде
бірнеше нұсқасы бар.Мүмкін біреуге керек болуы деген ниетпен, жаттауға жеңіл нұсқасын
ұсынамыз.Бозбалалар ойын-сауығында немесе жекешелеп арнайы жаттататын.
Әушадияр нұр болар,
Ақылдың сөзі дүр болар,
Ата-анасын сыйлаған,
Дақ шалмайтын би болар.
Аушадияр бір болар,
Жалқау адам құл болар,
Жақсы-жаманды білмеген,
Анық жаман сол болар.
Аушадияр екі де
Қызды елдің көркі де,
Омырауға таққан ақ моншақ,
Жарасып тұрсын бөркі де.
Аушадияр екі дер,
Ер жеткенің осы дер.
Әдеп-иба,ар-ұят,
Қыз баланың көркі дер.
Аушадияр -үш болар,
Атан түйе күш болар.
Екі жаман қосылса;
Өле –өлгенше өш болар.
Аушадияр -төрт болар,
Жанып түрған өрт болар.
Екі жақсы қосылса,
Айрылмастай серт болар.
Аушадияр-бес болар,
Жақсы жарың ес болар.
Жалқау қолынан мал тайса,
Жинағанша кеш болар.
Аушадияр-алты де,
Теріс болмас қалпы де,
Ер жорыққа аттану,
Атам қазақ салты де.
Аушадияр-жеті дер,
Ер тілеуін-ел тілер.
71
73.
Елін қорғау ерлердің,Уәделі серті дер.
Аушадияр-сегіз,
Су аяғы теңіз.
Екі жақсы қосылса,
Өле-өлгенше егіз.
Аушадияр тоғыз де,
Күй төркіні-қобыз де,
Жаудан қашқан ез жігіт,
Жорғалаған қоңыз де.
Аушадияр-он болар,
Қой терісі тон болар.
Көптің қамын ойласаң,
Қылған ісің оң болар.
Аушадияр-он бірді,
Жүрмеген жан не көрді?
Жер емшегін емгендер,
Егін салып күн көрді.
Аушадияр-он екі,
Тұтынба арақ темекі.
Әйел атын ардақта,
Қылма іс-қимыл дөрекі!
Аушадияр-он үшті,
Бұл жалғанда не күшті?
Басын кесіп алса да;
Шындықты айтқан тіл күшті.
Аушадияр-он төртті,
Бұл жалғанда не текті?
Қандай қиын сәтте де,
Сертте тұрған қыз текті.
Аушадияр –он бесті
Көргенді тыңдар кеңесті
Кері тартпа дау-шарды,
Ақылға салса теңесті.
Аушадияр -он жеті,
Әппақ болар жер беті,
Нұрдың қызы дейді ғой,
Аққардай болса келбеті.
Аушадияр- он сегіз,
Жарастықта дос егіз,
Қаратау жайлап келсеңіз,
Жылқы менен қой семіз.
Әушадияр –он тоғыз,
Сайрасын үйде қыл қобыз.
Әушадияр –жиырма,
Мекке жолы қиыр ма?
Жылқы әулие десек те,
Хас әулие сиыр да.
Бүгінгі қыз ұзату тойында әушадиярды қыз-жігіттер топтасып айтпай-ақ,әнші жігіт орындап
жүр.Ол да боп тұр.
Сарын айту.Бозбалаларды сарын айтуға алдын ала дайындап қояды.Жезделердің
72
74.
ширақтығы байқалады.Бұл аужаралды дайындық десе де болады.-Айтайын бастап сарынды үкі-ау,
Кейітпе жылап жаныңды үкі-ау.
Әкең ұл болған,шешең-қыз үкі-ау,
Солардан қалған сарын бұл үкі-ау,
Қосағыңмен қоса ағар үкі-ау,
Бақытты болып босағаң үкі-ау
Әнші осылай бастап әндеткенде маңайына бозбалалар,жігіттер топтаса бастайды.Осыдан
соң қыз отырған үйдің жабығы ашылып,елдің бәрі сарын тыңдайды.
Айтайын мен өсиет,
Жылама бикем,сөз тыңда!
Ал,бикем енді жылама.
Көзіңнің жасын бұлама!
Әуелде тусаң ұл болып,
Өзіңіді мұндай қыла ма?
Бүркендіріп қоя ма,
Қызығыңа тоя ма?
Ата-ана деп жыларсың,
Жыламай қайтып шыдарсың?!
Тыңдайын десең өсиет,
Сөзіме құлақ саларсың,
Жөн көрсең қабыл аларсың,
Өкпелеме әкеңе,
Кінә қойма шешеңе,
Зарланып жылай бергенің,
Жарамайды бекерге.
Әлпештеп балавм деген соң,
Естияр жасқа келген соң.
Неге өкпе қыласың,
Өз теңіңе берген соң.
Өсек айтып сумаңдап,
Жүрсең, сірә, оңбайсың!
Ұлық болсаң кішік бол,
Рахат дәурен сүрерсің.
Зылиха мен Жүсіптей,
Кісіге сырыңды алдырма.
Пәленше солай дегізіп,
Халқыңның көңілін қалдырма.
Өзіңе бөліп дән берер,
Еншіңе деп мал берер.
Ие болмай дүниеге,
Жаман болсаң ел күлер.
Ойлайсың бикем барсам деп,
Үй тұлғасы болсам деп,
Қабыл болсын ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз!
Бүгінгідей шат күнде,
Көп жылауды қойыңыз!-деп ұзатылатын қызды жұбатып,оған алда
кездесер істер мен түрлі шаруалардың қыр-сырына қанық болуын,ұзатылу,үйленудің
табиғи заңдылық әрі ата салты екеніндігін егжей-тегжейлі ұғындырады.
Жар-жар үйрету.Бұл балалар ойынында-балалар айтысы деген атпен ертеден
73
75.
белгілі.Балалар жар-жар айтысып сынасатын.Қыз ұзату тойында ол аужар аталатынАужарды бір жігіт бастап,қайырмасына келгенде баршасы қостайтын.
Сөздің басын бастайын «жар-жарменен» жар-жар,
Айтқаныма құлақ сал замандасым
жар-жар,
Ата-баба жолы екен қыз ұзату
жар-жар,
Бет алдыңнан құдайым жарылқасын
жар-жар,
Көңіліңді қарағым, суытпағын
жар-жар,
Жамандықты жаныңа жуытпағың
жар-жар,
Жат жұрттық болып қарағым,кетсең дағы жар-жар,
Ата-анаңмен ел-жұртты ұмытпағын
жар-жар,
Аужар айтысында,жезделер жігіттерге қосылса,жеңгелер қыздарға қосылып жауап өлең
айтуға тиіс.Жігіттер тобы: «жар-жар» немесе «үкеу» мақамына келтірсе қыздар: «ай-қу»
немесе «бикем-ай»-ға салады.
Келе ғой,қасыма бикем,
Көп жылап мұнда жасыма бикем,
Пайғампар қызын ұзатқан бикем,
Ақ жаулық тағып басына бикем.
Құрдастай едім сенімен бикем,
Сырластай едім тегіннен бикем.
Жат жұртқа бүгін барасың бикем,
Бабалар салған жолменен бикем,
Жігіттер жағы:
Бір толарсақ,бір тобық санда да бар, жар-жар,
Сылдыр-сылдыр жапырақ талда да бар,жар-жар,
Әкем-ай деп жылама ей,қарағым,
жар-жар,
Әке орнына қайын атаң әке болар,
жар-жар,
немесе:
Жарыса өскен қатарың осында тұр,үкеу,
Жолаушының тілегі қасыңда тұр,үкеу,
Әйелдің көрген дәурені,әлеуметім,үкеу,
Алған адал жарың да тұсыңда тұр, үкеу,
Жерің үшін жылама кетпейсің тауға,үкеу,
Елің үшін жылама кетпейсің жауға,үкеу,
Қалауыңа қосылып,бір тілкетес,үкеу,
Боларсың сен де бір ниеттес,үкеу,
Қалды атам деп жылама,қайын атаң бар,үкеу,
Қалды анам деп жылама,қайын енең бар,үкеу,
Қалды інім деп жылама,қайын інің бар,үкеу,
Қалды сіңлім деп ойлама қайын сіңлің бар,үкеу,
Қалды апам деп жылама,қайын бикең бар,үкеу,
Қалды ағам деп жылама,қайын ағаң бар,үкеу,
Қыздар жағы:Жазғы тұрым ақша қар жаумақ қайда жар-жар,
Құлын тайдай ойқасқан оң жақ қайда жар-жар,
Қанша жақсы болса да қайын атам,
жар-жар,
Айналайын әкемдей болмақ қайда
жар-жар.
немесе:
Ақ отауым тіккен жер ойран болсын,
ай-ау,
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын,
ай-ау,
Кісі анасы кісіге ана дейді,
ай-ау,
Өз анамдай шіркін-ау қайдан болсын, ай-ау
Біздің елдің түйесі, ермен жеген,ай-ау,
Кеттің-кеттің деуші едің,кеттім апа,ай-ау.
Ерттеп қойған атыңа жеттім,апа,ай-ау,
74
76.
Шымылдығын желпе сал,көрсін апам,ай-ау,Бір міндеттен құтылдым десін апам,ай-ау,
Ей сылқым-ай,
Қош есен бол,жұртым-ай!
Жігіттер жағы:(Алдыңғы аужарын жалғастыруға да болады.)
Мінгенде атым жиренше-ай,үкеу,
Тықыршып тұрар,мінгенше-ай,үкеу,
Қыз көңілі басылмас үкеу,
Әлдилеп бала сүйгенше-ай,үкеу.
Мінгенде атым қара ат та –ай,үкеу,
Кигенде тоның манатта-ай,үкеу,
Жылама,бикеш жылама,үкеу,
Бұрыңғы салған санатта-ай,үкеу .
Қыздар:(Жоғарыдағы жар-жарды жалғастырса да болады)
Мінгенде атым,көк аттай,ай-қу,
Тұрақта атым тұрақта-ай,ай-қу.
Өксіп бір,өксіп жыласам ай-қу,
Көңілім бір сәт тынады,ай-қу .
Мінгендей атым торыдай,ай-қу,
Торғайдай шешем қорыдай,ай-қу,
Өксіп бір өксіп жыласам ай-қу,
Ата-баба салған жолы да ай-қу.
Ей сылқым-ай.
Қош есен бол,жұртым-ай!
Мұнда,аужар
мақамдарын
көрсету үшін бірнеше нұсқалардың үзіндісін келтірдік.Осы күндері,аужардың балалар
ойынындағы айтыста керектенілетін нұсқасы көп қолданылады.Себебі ол,жаттауға женіл, бір
сарынды болып келеді.Аужар айту,қыз-жігіттер ғана емес былайғы отырған қауымға үлкен
білім,терең тәрбие беретін жеңге-жезде мектебінің тамаша сабағы еді.Ол кезектесіп,айтыса
отырып,қызға айтатын ақыл –кеңестерін саралай келіп,соңын
Айналайын апам-ау,
Апамнан көрген мәпем-ау.
Мен апамның қолында
Ойлағаным не екен-ау,
Қызылда мешпет қимадым.
Етекке жеңім жимадым.
Ішіңе сиған апам-ау,
Сыртыңа неге симадым!
Есіктің алды күркеді-ай,
Күркеден атым үркеді-ай,
Қыз демеген апам-ау,
Басыма желек бүркеді-ай.
Ағаке сіздің атыңыз,
Артықша туған затыңыз,
Сағынып аға жүргенде
Келіпте бір,қайтыңыз.
Айналайын басыңнан,
Басыңа біткен шашыңнан,
Атты да жаяу жүрсем де,
Қалмаушы ең,күнім,қасымнан.
Базардан келген кеселер,
Сан алуан деседі ел,
75
77.
Қайта айналып келгенше,Қош аман бол, шешелер!
Есіктің алды аса бел,
Аса бір белден аса кел,
Алыс бір жолға кетпекпін
Қолдарыңды жай,бата бер!
Қаладан келген ақ мата,
Бұлғақтап өстім оң жақта,
Айналайын, әкетай,
Қолыңды жай,бер бата!
Сыңсуға жаттықтыру. Сыңсу-қазақ қыздарының зары емес,назы.Оны да балалар ойыны
арқылы женгелері жаттатып қояды.Өмірге дайындаудың ол дағы бір сабағы.Ал,кәзір қыз өз
үйінен аттанбақ.Қыз жеңгелері ұзатылатын қыздың жүрек қобалжуын тыйып,жолға жақсы
әзірленуіне,қандай киім киіп, өзін қалай ұстауына дейін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ақылкеңесін айтып,әзіл-қалжыңмен жебей жүріп, оған үйінен атта-нар алдындағы өтеуге тиісті
ғұрыпты, орындауға тиісті жол-жосын,рәсімді тағы бір қайталап жаттықтырады.Аттанар алдындағы асты ішіп-жеп болған соң қыздың бір жеңгесі,қыз басындағы үкілі тақияны,жоғары
іліп қойып,оның орнына сәу-келе кигізеді.Бұл қыздың басына киелі киім киіп,ағайын-туыспен,ел-жұртымен қоштасу белгісі.Тәрбиелік маңызының сыр-тында,қыз жар болар жасқа
жеткенін,оның ақыл-ойының толы-суына жасалатын үлкен сын.Сыңсыманы айту оңай емес.
Кей өлкеде мұны «ұзатылған қыздың көрісі» деп атайды.
Жат жұрттық боп барамын өскен елім,
Кір, жуып кіндігімді кескен жерім
Ата-аға бауыр,сіңлілерім,
Көкейімнен мәңгілік кетпес менің.
Ақ отауым тіккен жер майдан болсын,
Оның іші шат күлкі сайран болсын.
Басқа жұрт қанша әлпештеп бақсадағы,
Өзімнің ата-анамдай қайдан болсын!
Алтындай менің босағам,
Аттап бір шығам деппе едім?
Күмістей менің босағам,
Күңіреніп шығам деппе едім?
Базардан келген құйысқан,
Таралмай шашым ұйысқан.
Барып келіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Артымда қалған ел-жұртым,
Аузымнан қалай тастайын!
Есіктің алды дала еді-ау,
Қарасам көңілім талады-ау.
Мәпелеген ел жұртым
Артымда қалып барады-ау!
Жылқы ішінде қашаған,
Сорлы да қылдың, Жасаған,
Тірі де қалды-ау артымда,
Өлгенде шығар босағам.
Әуеден ұшқан боз торғай,
Мойнында жібі бос болғай.
76
78.
Айналайын ел жұртым.Аманда, енді қош болғай.
Есіктің алды сар дала,
Сауыққа шығар бозбала.
Үйде туып,түзде өскен,
Сорлы да туған қыз бала.
Есіктің алды сар жазық,
Жақсының сөзі жанға азық.
Ел-жұртымнан айрылып,
Жүремін қайтып құлазып.
Жаз кигенім құлпы еді-ай,
Қыс кигенім түлкі еді-ай,
Әке-шеше қолында,
Баққаным ойын күлкі еді-ай!
Ақ көйлек кидім етіме,
Жазу бір жаздым шетіне,
Мәпелеген аға-екем,
Қарамаған бетіме.
Күреңде жорға мінгенім,
Ел-жұртымнан айрылып
От болып,жанып күйгенім.
Мінгенде атым сар бауыр,
Сарыала қамшы қолға ауыр.
Жыламайын десем де,
Қимайды екен қу бауыр.
Әуеден ұшқан ақ сұңқар,
Қанатымен жер сипар.
Артында қалған бауырдың,
Маңдайынан кім сипар.
Жылқы ішінде ала жүр,
Алаға құрық сала жүр.
Әке бір-кәрі,бауыр жас,
Көзіңнің қырын сала жүр.
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жаума едім?
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім!
Заманым қыйын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Ел-жұртым сенен айрылып,
Санамен жүзім солар-ау!
Дәуренім өтіп басымнан,
Бұл не деген іс болды-ау,
Өлер ме екем құсадан.
Ат жүрмейді күймеден,
Іс қалмайды инеден,
Әлпештеген апам-ау,
Не көрсеттің дүниеден.
Қой ішінде қозы едім,
Жылқы ішінде бозы едім.
Әке-шеше қолында,
77
79.
Асыранды қаз едім.Мінгенде атым қара сұр,
Қаңтара байлап таң асыр.
Жыламайын десем де,
Артымда жоқ қой жан ашыр
Жеңіме салған жеңұшым,
Жылама апа,мен үшін,
Жылағаннан не пайда?
Туыппыз ғой ел үшін.
Күмістен пышақ қынымен,
Тігулі киім сынымен,
Еркелеткен апа-екем,
Айрылдым ба,шынымен...
Науқастың көңілін сұрай білуді үйрету.Ағайын-туысың бар көрші-қолаң,дос-жораларың
бар,кім де кім ауырып қалуы ықтимал.Осындайда,науқастың халін біліп,көңілін сергітіп,тез
сауығып кетуін тілеп,олардың дәрі-дәрмек алуына қолұшын беруді жас өспірімдерге әкешешесі айтып ұқтыратын. Ал,жеңге-жезде мектебінде оны нығайтып бекітетін,әрі өздері
ертіп барып,өнеге көрсететін.Бүгінгі күндері жастар тұрғой ересектер де науқастың көңілін
сұрауда орашолақтық танытады.Бабаларымыздың небір аталы сөз айтып,науқастың көңілін
сұрап,еліндегі жұрт қолында бар,ауыруға шипа болар-лық дәрі-дәрмекті апарып бергендігі
тұралы әңгімелер мол-ақ..
Құрдастардың әдемі қалжың айтып науқасты бір сергітіп
кететіні де бар.Дана
қарттарымыз,осы кезде ел-жұртымен арыздасып қоштасып қалатын рәсімі де болған.Өсиетарман тілегін қалдыратын жосын қалыптасқан.
Абай атамыз қатты ауырып,ажал аузында жатқанда Бегеш досы көңілін сұрай келіп:
-Ассалаумағалейкүм,Абайжан!Сөзіңе таңырқаған талай жан.Булығып сөйлей алмай
жатырмысың?Алла қонағында бұл не хал?Әй,сабазым,Бегешіңе сөз қатыспасаң,көңілден
өле-өлгенше кетпес арман,-депті.Атамыз басын көтеріп:
Азғана ауыл керейден асып туған сен бір ер,
Сен кеткен соң бұл керейге сен сықылды кім келер?
Жүгім ауыр болған соң,көтере алмай жатыр ем,
Қелдің ғой,Бегеш,көрдің ғой,
Сен кеткенше жеңілер,-деп бір сәттік көңілі көтеріліп, жаны да жадыраған екен.
Бүгінгі таңда: «Халыңыз ,қалай?Тәуірсіз бе? Шикі ет ауырмаққа деген.Алла шипасын
берсе, ертең-ақ,тұрып кетесіз. Аз күндік бейнет қой! Сәтін салса,не бар,дейсіз, сынақтан
сүрінбейтін жан едіңіз.Ауыру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.Ештеме етпес.Күні ертеңақ,сауығып кетерсіз.» Құр-дастар,замандастар,тұрғыластар:«Келіншекке еркелеп, біраз күн
тынығып,алғысы келіп,жатқаны ғой.Алып-жұлып бара жатқан ештеме көрінбейді»-деп,әзілге
айналдырады.Науқас жас адам болса, «Жас шағыңда біраз күндік,Алланың аяқ тұсау
қойғаны ғой!Көп қозғалысыңа шамалы,кедергі келген екен, дәнеңе етпес,тез сауығып
кетерсің.Қатарыңа қосылып,әлі-ақ эыр жүгіресің!Сендей күнімізде,талай сүрініп,талай
жығылдық емес пе?Түк етпейді. Аманшылық болса,атып тұрып,атыла жөнелесің.Жай
ғана,тұмау сүрей бірдеңе ғой.»Осылай жұбата отырып,онан-мұнан алдырған дәрі-дәрмегін,
«дәрі алып іш»-деп азды көпті ақшасын ұсынады.Ауырудың беті ауырлау болса,қомақты
қаржы жинап,алыс-жақынға жіберіп емдетеді.Көңіл сұрап, көмек көрсету бар қазаққа ортақ
міндет.Оны
орындауға
бала
жастан
жаттығады.Арыздасып-өсиет
айтқан
үлкеннің сөзін,жанашыр жақыны,жас болсын,жасамыс болсын тыңдау керек.Себебі ол
адамның күллі ұрпағы;- ең соңғы өсиетті,өзі өлгенше орындауы тиіс, үлкен міндет,жауапты
парыз.Қазақ ата-бабасының,әке-шешесінің айтқан өсиетін орындау үшін өмір
сүреді.Атасының, әжесінің, әкесінің, анасының арыз өсиетін тыңдаумен қатар,
балалары,немерелері олар жан тәсілім етерден бұрын,олардың аяғын құшып,олар алдында
78
80.
жасаған қандай бір ағаттығын,ренжіткен жері болса кешіруді өтініп жалынады. Бұлай істеубар қазақтың басты міндеті.Қазақ баласы-бұл борышты өтеуге тиіс.
Бұқар бабамыздың соңғы өсиеті.Қартайған жыраудың көңілін сұрауға,халық тынымсыз
ағылып жатады.Науқастың жанында болған Тайкелтір біраз жатқан соң кетуге емеуірін
білдіреді.Бұқар баба келте қайырады: «Ұлықсат жоқ кетпейсің.Мына менің халімді білуге
келіп жүрген жұртты қорық басына жина.Мені сүйемелдеп алып бар,олармен әлім барда
қоштасайын да,жолдарын байламай таратып жіберейін,шаруаларына оралсын»-дейді қарт.
Әлден уақытта ауыл жақтан Тайкелтір бастаған бір топ адам Бұқар жырауды қау-қаулай
ортадағы жаюлы кілем үстіне әкеліп отырғызады.Оның бұрынғы сұңғақ бойы
еңкейген,тартқан төстіктей кеуде жоқ, денеден ет қашып,суалып тартылған,алты жасар
атандай адуындап аттамайды,шөккен.
Бұқар баба торғын орамалмен бетін сүртіп,қалың қабағын көтеріп,жиылған жұртты бір
шалып алады да, сөз бастайды:
«Есен саусыңдар ма, халқым! Әмсе,есендікте болыңдар!Менің көңілімді сұрап келгендеріңе
рахмет!Тілегі бір,көңілі түзу, бірақ аяғы жетпеген кәрі, жасқа менен сәлем айтыңдар!Мына
қу тірлікте бұқарама айтқан артық-кем сөзім болса кешсің.Биыл тоқсанның төртіне келген
екем.Өзекті жанға- бір өлім.Өлімнен қорқып отырған мен жоқ .
Хасенді халқы Асан Қайғы деп атаған екен.Асан қайғырған да жоқ,қамыққан да жоқ,,ол
тек халқының болашағын ойлады.Қазақ халқын іргелі ел қылмақ болды. Сондықтан да ол
желмаясына мініп алып,кең байтақ жерін шарлап шолып шықты,батысы мен солтүстігіндегі,шығысы мен оңтүстігіндегі шекерасын өз
көзімен көрді...Жырау асықпайсаспай,әлсін-әлсін нұры тайған көзінен аққан жасын сүртіп,қатпарланған бетін орамалмен
орай сипайды да, сәл күрсініп аз тыныстағандай болады.Жиылған көпшілік оның әр сөзін
меруерттей теріп алып,ынталана тыңдап,ұрпақтан-ұрпаққа айта жүрердей жырау тағы не
айтар екен деп үмітпен ұйып тыңдайды.Асан Қайғының әр өлкеге берген бағасына,жырау
қысқаша тоқтала келе сөзін жалғап: «Асан болған жерлердің кейбіреуінде мен де болдым.
Түркістан,Сығанақ,Сайран,Жанкент,Ташкент қалаларын көзім мен көріп,Балқаш,Жетісу
өлкесін,Сарыарқаны араладым. Сонда мен не көріп,не білдім?Иә,көргенім де көп,түйгенім де
аз емес.Оның ішінде менің ең алдымен көргенім талай қиыншылықты басынан
өткізіп,барлық ауыртпалықты мойнымен көтеріп, ұлан-байтақ жерге ие болып қалған
берекелі елім болды. «Жер мен ел егіз» деп ентігіп қалған қарт біраз дем алады.
Қарт жырау халқына тағы бір екі ауыз нақыл айтпақ болып,бірақ жөтеліп деміге
береді,сонда да:
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің,
Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің.
Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін мал кеткенде білерсің,
Ажарыңның қадірін сән кеткенде білерсің,
Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпанды дәл жеткенде білерсің,-деп
Бұқар жырау халқымен ақтық рет қоштасыпты.
Өлім хабарын жеткізу,естірту,көңіл айту,бата қылу.Өмір бар жерде өлім бар.Жезделер
мен жеңгелер жастарға бұл турасында көп білім беріп,оларды ертіп жүріп,талай жолжоралғы,рәсімдерді көрсетіп,өнегелерді өздері үйреткен.Қазақ халқының өлім хабарын
жеткізудің өзіндік жөн-жосығы мен үлгі-өнегесі бар.Ертеде сан соқтырған өлімді,күйжыр,толғаумен естірткен.Суыт жүріспен,ауыл шетіне келіп,бір ауылда бір адамға ғана
хабарлап,арықарайшауып келесі ауылға хабар беретін.(Ауылға жайшылықта шауып келме
деген тыйым осыдан).Алғаш естіген адам ауылға толық хабар айтады.Өлім хабарын елге
жеткізуші адам суыт жүрісті,сұсты да ширақ қимылды,әрі қалыптасқан өлшемді сөз,өнегелі
тәсілді жақсы білетін адам болады.Таныс-біліс жерлес,рулас адамдарға: «Пәлен деген
кісі,пәлен уақытта қайтыс болды, пәлен уақытта,пәлен жерде жаназасы болады»деп ашық
79
81.
айты-лады.Өлім хабарын Монғолияда және Қытайда тұратын қазақ-тарда жергілікті радиомен телевизия арқылы хабарланады. Бұл жағдай,алыстағы атамекенде тұратын туысы
болсын, сол елдегі ағайыны болсын, қайда кім қайтыс болса да барып, қатынасып,бір уыс
топырақ салу мүмкіндігін жасап отыр. Марқұмның ет жақын туыстарына,ұл-қыздарына,
құда-жек-жаттарына,ауыл ақсақалдары жиылып,ересектер топтасып барып,тұспалдап
естіртеді.Шоқанның қазасын Шыңғыс сұлтанға сол кездегі елдің басты-басты
адамдарын,Тезек төре арнайы жіберіп естірткен.
Тезектің суыт хабарлауы бойынша,Атығай Келдібек би мен Әлібек батыр нөкер ертіп
Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі.Келсе,сұлтан іштей сескеніп отыр екен.Келдібек би
ойлы пішінмен жадырай сөйлеп:
-Төре дүниеде не қымбат?-дейді.
-Адам қымбат,-депті Шыңғыс.
-Адамға не қымбат?
-Бала қымбат,егер сүйеніш болар перзент туса.
-Жансызда не қымбат екен?
-Жансызда қымбат гауһар деуші еді...
-Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?
-Е,иесіз
дүние
бар
дейсің
бе,әр
нәрсенің
екі
иесі
бар
ғой.
-Егер осы жанды-жансыз ең қымбаттыға сол екі иесі таласса,қайсысы алар еді?дегенде,Шыңғыс төре: «Ең күштісі,күштісі алады»-деп өз санын өзі бір соғыпты да,«Менің гауһарым Мұхаммед-Қанапияға тағдырдың оғы тиген екен ғой»,-өкіре жылап,жер
бауырлап жатып қалыпты.Келдібек би тоқтау айтып:
-Уа,сұлтан,бала сіздікі еді,бақыты халықтікі еді.Пұлсыз берді, құнсыз алды,не шара!деп кемсеңдеп,төңірегіне көз тастағанда үйдегілердің бәрі еңірепті.
Қазақ халқының естірту ғұрпына соншалық мән берілуінМ.Әуезов: «Қазақ халқының
жан дүниесінің тазалығын,қайғы көріп,қаралы болғанға қабырғасы қайысып,
ауыртпалықты бірге көрісетінін,оның адамның күйініш-сүйініштерін терең сезінген
сыпайыгершілігін,көрегендігін танытады»-деп аса жоғары бағалаған.
Қазақ халқы туыс-туған,дос-жаран,ел-жұртын тірлігінде қандай сыйлап,қалай
құрметтесе,\оның өлімін де сондай қадірлеп,құрметтеп,көз жұмған күні оларды өз
қолдарымен арулап жуып,ахиретпен кебіндеп,тәптіштеп жерлеп,бір күрек топырақ салуды
адамдық және азаматтық парызымыз деп көреді.Сондықтан өлім хабарын естіген адам
қандай да маңызды жұмысы болса да доғарып тастап,дереу қаралы үйге барып марқұмның
туыс-туған,бала-шағаларының
қайғысына
ортақтасып
оларға
көңіл
айтып
жұбатады.Марқұмның артқы жұмыстарына көмектеседі. «Торқалы той,топырақты өлімде
табылмаған туыстың кісілікке сәні жоқ» деп өлім хабарын естіген адам күн-түн демей дереу
атқа қонып,марқұмның жаназасына үлгеріп барып,бүр күрек топырақ салуға асығады.Көңіл
айта барған марқұмның туыстары,қайтыс болған адам қарт кісі болса: «Асқар тауым-ай!
Бәйтерегім –ай! Атам-ай!,Әжем-ай!» деп тұрғыласы болса: «сырласым-ай! ақылшымай!,замандасым-ай,ағатайым-ай!,бауырым-ай!»деп, ал жасы кіші балалар қайтыс болса:
«құлыным-ай!,жал-құйрығым-ай! жеткіншегім-айІ асылым-ай! атбайларым-ай!» деп
дауыстап келеді.Үйде дауыс қылып отырған әйелдерге бір-бірлеп амандасып,ерлерге,қол
беріп жеке-жеке амандасады. Әйелдер дауыс салғандар мен жеке-жеке көріседі.Көрісіп
боп,бет- қолдарын жуып,қатарға отырған кезде тоқтау айтылады. «Аллаһ жылатқан соң,амал
нешік!Бәрімізде жылаймыз–ғой,Алайда сабыр сақтап,тоқтап жылаңыздар
Қазақ халқының қаралы адамдарға көңіл айтып жұбату үлгілері де бар: «тұяғы бүтін
тұлпар жоқ,қанаты бүтін сұңқар жоқ,төрт құбыласы тең отырған кім бар дейсің,қазаның
қайырын берсін,артта қалған бала-шағаға жасын берсін,иманы жолдас болсын,жаны
жәннатта болсын,алланың ісіне адамның шарасы не?болмас іске болаттай берік
болыңдар,арты той болсын!» Қайтыс болушы жас бала болса: «алтын босағаң аман
болсын,қалған балаларың ғұмырлы болсын,солардың тілеуін тілеңдер,бастарың жас
80
82.
қой,аллаһ бергенін алса да,берерін алмасын,нәрестелерің шапағатшы болсын» деген сияқтыкөңіл айтылыады.Қазақ ұғымында күнәсіз сәбилер о дүниеде тек ұжмақ-бейіштен орын
алып,ахиретте ата-аналарына қол ұшын беріп,шапағатшы болады.Көңіл
айтуды
кей өлкеде жақсы сөз айту дейді.Жастар осы жақсы сөзді айта алатын болып,жезде-жеңге
мектебінен дәріс алуы керек.
Абылай төренің тоқалынан туған бір жақсы ұлы отауын түсірген соң,ұзамай өледі.Абылай
төре қайғырып басын көтермей жатып алады.Мұны Байдалы би мен Байқозы батыр
естіп,Абылай үйіне келіп,сәлем беріп,бата қылып,дұға оқиды.Абылай орнынан да
қозғалмапты.Сонда Байдалы би шарт жүгініп,даусын кенеп,мына көңілді айтқан екен:
Уа,Абылай ақсұңқар ұядан ұшты,
Алланың әмірі күшті,
Салмағы беліңе түсті,
Мойның жуан көтерерсің.
Ақсұңқар болсаң үдерсің,
Қарақұс болсаң жүдерсің,
Тұр, неғып жатырсың?!
Атыңа мін,қайғы атыңның жалында қалсын,
Жылқыңды арала,жылқының ішінде қалсын,
Қайтадан келіп тоқалды құш,
Тоқалдың төсінде қалсын.-депті.
Абылай басын көтеріп,би мен батырды бір неше күн қонақ қылып,би мен батыр неше
түрлі әңгімелер айтып Абылайдың көңілін көтеріп,қайғысын сергітіп атқа мінгізіп кеткен
дейді.Қазақтың «Мал көтерер өлімді,дос көтерер көңілді» деген мақалы осындайдан қалған
болу керек.
Ерден батырдың Байменде деген баласы өліп,Ерден ас су ішпей,етпетінен түсіп жатып
алыпты.Мұны естіген Шоқай би,Досбол датқа, және Қараменде би үшеуі бас қосып,Ерденге
көңіл айтуға келіпті.Ерден бұлардың сәлемін де алмай,басын көтермепті.Сонда Қараменде:
«Ей,Ерден,хан емессің,қара едің ғой,
Қарадан туған сен бір нар едің ғой.
Кешегі Сандыбайдың заманында,
Мына мен де бар едім ғой.
Сонда сен жап-жас қана бала едің ғой,
Енді, міне,бір сиіп тастаған сідікке
Ерден бүйтіп бүгіліп жатыр деген
Сырттан қарағанда ар еді ғой»,-деп,жанындағы Шоқайға қарайды.Сонда Шоқай:
Ау, шырағым Ерден
Кеткенің бе керден?
Әкең Сандыбай өлген,
Оның өлгенін мына
Таз Шоқай көрген»,-деп Досболға қарайды.
Сонда Досбол:
«Уа,өлмесе қайда кетті
Бұрынғының кәрісі?
Пайғампар ,шадиярдың бәрісі?
Дүниенің бәрін жұтса да,
Толмайды қара жердің талысы.
Өлген жан қайтып келмейді,
Өлім-ұзақ жолдың алысы.
Е,Ерден, басыңды көтер жерден,
Қолыңды бер бермен.»-дегенде,Ерден басын көтеріп сәлемдесіп болған соң:
Өлген жан қайтып келеді деп жатқаным жоқ.
Өлген жаңғыз менің балам ғана емес.
81
83.
33 мың сахаба,125 мың пайғампар да өлген,Тарихтан көргем.
Әкем Сандыбай да өлген,
Қолымнан көмгем.
Айтылатын сөз айтылмай,
Келетін кісі- келмей
Наз ғып жатқан жатыс қой»,-дейді.
Бұдан кейін Досбол үшеуінің атынан:
«Бәрекелді,Ерденжан,
Қадамыңа нұр жаусын!
Жақсы атан басқа ұрсаң -бақырмайды.
Жақсы ат жетелесең-тартынбайды.
Туғанына ел қуанады,
Өлгеніне жер қуанады.
Қайырлы шапағаттшы болсын»,- деп көңіл айтыпты.
Жоқтай алу.Марқұмды жоқтай алмау,қазақ үшін мін саналады.Тіптен дұрыстап жоқтай
алмау үлкен кемшілік. «Жоқтай алмайтын қатын,өліктің басын шірітеді»-деген сөз осыдан
қалған.М.Әуезов: «Жоқтау өлеңі- көпке бірдей жайылған көп қазақтың қолданған салтынан
туатын шер өлеңі.Жүрек қайғысын өлеңмен,әнмен,кейде күймен шығару ескіліктің сүйген
түрі болған.Кейуақытта жалпақ елдің жоқтауы болады.Ондайда қайғылы қалың елдің
атынан ақын жырау жоқтап,кейде үй ішінің ауыл аймақ ,рудың ішінде жоқтау өлеңі болады
Әуелгі жердегі жоқтау-хан өлгенде қарашаның жоқтауы.Қайғымен күйзелген қалың елдің
шерін жыраулар айтады.Ең әуелі қазақтың кісі өлсе оны қаралы үйдің өз ішіндегі барлық
жаны жылап жоқтайдыКөп жоқтаудың өз бетінше шығарылған сарыны,дауысы болады.
Әдет бойынша, ертеңді кеш сол сарыңға жоқтау өлеңді қосып,дауыс қылады.Онан
соң,қазақтағы жоқтау өлең өлген бір адамның өзіне ғана арналып шыққан.Басқа біреудің
жоқтауын айту,жаттама айту-қазақ ұғымынша мін.Жоқтаудың үшінші түрі: өлген ұлын
ананың жоқтауы; күйеуінен жесір қалған жарының жоқтауы.Бұл үй ішіндегі тұрмыстың
шері».Жоқтау салты қазақтың тым арғы тегінен бері жалғасқан.Мысалы,Күлтегін
жоқтауы,Ер Тонға жоқтауы, Бұқар жырау жоқтауларынаАбайдың,Махамбеттің,Жамбылдың
айтқан Әбдірахман-ға,Исатайға,Алғадайға арнаған, олардың халық үшін істеген
ісі,адамшылық әрекеттерін,ақыл-ой парасаттарын сыпаттаған жоқтаулары ұласып жатыр.
Мұндай жоқтаулар кей өлкеде арнаулы жоқтау аталады. Отбасы шері-бүгіндері көріс
аталып,өте қысқа нұсқаман өлік шығарда,бата оқушы келгенде, сүйекшілер жерлеп
оралғанда айтылып жүр.Марқұмның жетісі, қырқы,жылдығында көрістік жоқтаулар
айтылмай тек еске алумен өтілетін болған.Оларды үйрететін,ұқтыратын жезде-жеңге
мектебінің шама-шарқы төмендеген.Үй-іші шерінің бірнеше нұсқасын ұсынамыз. Оны
жаттап алып,марқұмның жағдайына сай өзгертіп айта беруге болады.Барша марқұмға
арнаулы жоқтау шығару мүмкіндігі жоқ болғандықтан,осы жоқтауларды керектене беруге
болады деп ойлаймыз. Жаттанды деп ешкім де сөкпес.
Бас-бас өлім,бас өлім!
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жалмайтын,
Жарлыны алған осы өлім.
Құдайдың досы Мұқаммед
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған,
Әліні алған осы өлім.
Өлімнің несі ойбайым,
Бұл істі салған Құдайым!
Қара бір шашым жаяйын.
82
84.
Күнәлі бармақ жез тырнақКүніне қанға бояын.
Күміс жүген төкпелі
Мен тәңірге өкпелі.
Өкпелі болмай қайтейін
Бір жүрсе біраз көппе еді.
Қой да болған қозы еді,
Жылқы да шаңқан бозы еді.
Жау айбынар ер-болса,
Жайсаңым соның өзі еді
Жайсаңым батыр ер еді
Ел қайғысын жер еді
Ел шетіне жау келсе
Мен барайын дер еді.
Айтып-айтпай не керек,
Айтулы ердің бірі еді.
Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да толмауына.
Адам-ата, Хауа –ана-Түп атамыз,
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.
Көп ойласам,қайғының бірі менде;
Заманақыр ауылымда осы күнде.
Қос асылым көзімнен бұлбұл ұшып
Қошын айтып жөнелді дүниеге.
Аға-екем-алдымдағы асқар белім.
Анамыз-сусындағы шалқар көлім.
Жатсам тұрсам ойымнан бір кетпейді,
Ақтамадық ақ сүтпен маңдай терін.
Айналайын, аға-екем,
Отырған орның тақ екен,
Бірге тумақ болса да,
Бірге өлмек жоқ екен.
Ел-жұртқа қадірлі еді қауымына,
Аға мен үлкен-кіші бауырына.
Ақылшы алдындағы кемесі еді,
Өзінің батып кетті-ау ауылына.
Дегенмен ажал бізді,аңдып тұрмас,
Өмірге келген жанмен тегіс сырлас.
Қалғанын береке мен бірлікті қос,
Ақылсыз ойбайлаған түкке тұрмас
Есіктің алды су дейді,
Еңкейіп бетті жу дейді.
83
85.
Екі де кісі бас қосса,Алды-артын жұтқан қу дейді.
Жылқы ішінде сұр тай бар,
Біз жыламас не жай бар.
Жоқтамай мен отырсам,
Көргенсіз деп жұрт айтар.
Есіктің алды бір шиді-ай.
Бір шиден атым ыршиды-ай,
Сені ойласам әпекем,
Көзімнің жасы ыршиды-ай.
Есіктің алды тасжарған,
Тасжарған басын күн шалған,
Кімге опа көрсетті,
Баяны жоқ сұм жалған.
Сия бір құйған қауырсын,
Сағындым апа дауысын.
Айналайын апа-екем,
Іздесем қайдан табылсын!
Қос-Ағаш бойы ділгірам,
Онекі болыс бір дуан.
Асылым сапар шеккен соң
Бәс болдым теңдес құрбыдан.
Қобда мен Ойғыр жанасты,
Кешеде жүрген асылым,
Тұманды күні адасты.
Бүгінгі күндері де,арнаулы жоқтау айта алатын,шығара алатын жандар көп
болғанымен,кеңес заңының әсері ме,шариф-хадис тосқауылы ма, білмеймін ,естілмей
барады.Шәкерімнің қызы Гүлнардың жоқтауынан үзінді келтірейік.Сөзі-батыл,сезімі зарлы
бұл жоқтауды кезінде тыңдағандар қандай күйде болғанын білмеймін,ал,оқып
бергенімде,көзіне жас алған талайларды көргемін.
Айрылдым әкем-тірегім,
Далада қалдау сүйегің.
Бақытсыз сорлы болдым ғой
Дәл келмей еткен тілегім.
Қолымнан әкем көнбедім,
Көзімше неге өлмедің,
Есітпей ақтық сөзіңді,
Өлерде жүзің көрмедім.
Барымды жайып бере алмай,
Қорлыққа салған көне алмай.
У іштім әкем өлгелі
Бірақ та,қалдым өле алмай.
Қамықты жаным қия алмай,
Басына елін жия алмай,
Арманда қалды әкекем,
Топырақ қолдан бұйырмай.
Қабірге жайлап салынбай
Бетің жөндеп жабылмай.
Сүйегің қалды құдықта,
Әлі де жатыр алынбай.
Ойымнан шықпас арманым,
84
86.
Жерленбей қолдан қалғаның.
Кеш, әке, әлсіз нәзікпін,
Сондықтан бармай қалғаным,
Он жеті толар жасымда,
Айықпай көзден жасым да,
Дос тұрғой дұшпан көрмесін,
Қазаны тартқан басымда.
Сөкпеңіз мені жылаған,
Бар тілегі құлаған.
Бар екен тағдыр аяусыз,
Сақтаған маған сыбағаң.
Әбдірахман өлгенде Абайдың жазған жоқтауы.
Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің.
Көзіңді салдың тұғырға,
Бейнетін қиып көрмедің .
Бірге оқыған құрбыңа
Бас бәйгені бермедің
.
Бала болдың, жас болдың,Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың,Көкірегіңді кермедің.
Ел ішіне сау келсең,
Тағылым айтпас ер ме едің?!
Жол көрсетіп сонда өлсең,
Арманым бар дер ме едің?
Іздеп табар жалғаннан
Бала берген пенде едім.
Пенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім.
ххх
Қайғылыға жақ бол,
Қайырсыздан –сақ бол .
Халқын сыйлағанныңАруағын да сыйла!
ХХХ
Алтын босаға
Отбасы ордасы-ақ отаудан, қарашаңыраққа
дейін дамып.ұласады
Отбасы тәрбиесі-тал бесікткен,жер бесікке
дейін жалғасады.
Қазақ отбасы дамудың ұзақ жолын кешті.Кешегі отбасы-ата-аналар ержеткен балаларын
мезгілінде үйлендіріп,оларға енші беріп,бөлек шығарып отырды.Дәстүр бойынша кенже
үйленіп шаруашылықты, ол, өз қолына алғанша әке немесе тұңғыш ұл барлық мәселеге
жауапты болды.Алғашқы отау бөлек шығысымен әке-шеше шаңырағы «үлкен үй»
аталды.Қызы қияға,ұлы ұяға қонған,немесе ол үйде ата-әже болса «қара-шаңырақ»
аталып,үш ұрпақ бір шаңырақта тұратын отбасылар болды.Ал,көп әйел алған қазақтар,әр
әйелді жеке шаңырақта ұстап, олардан туған балаларға да енші беріп,отау көтерді.
Отауымен,жасауымен түскен келіндер,ата-енесінің рұқсатына сай,кешікпей отауын енші
85
87.
алып бөлектейтін еді.Кейбірі жатар орыны бөлек болғанымен ішер асы бір жерде болатын.Сондық-тан да,қазақ үшін қарашаңырақ қашан да,киелі, ардақ-ты, аруақты орда
болған.Қарашаңырақ-көшпенділердің ойлап тапқан баспанасы,киіз үйі.Ол қарашаның қара
қосынан бастап Абылайдың он екі қанат ақ ордасының негізі болған,қазақтың айтулы
кереметтерінің бірі-әрі таным,әрі тәрбие құралы.Ақ отауға шыққан қазақтың ұл мен
қызы,қол ұстасып, ғұмыр кешу үшін,ең алдымен,ерлі-зайыптыдардың бір-бірінің алдындағы
міндеті мен борышын толық түсініп,оны абыроймен атқаруды талап ету дәстүрінің маңызы
зор.Бұл сабақ қыз ұзату,үйлену тойларында басталатыны баршаға мәлім. Бұрындары үйлену
тойына әкелер қатыспаған.Қызы жекеленіп отау тігіп,бөлек шыққанын естіген әке «қызының
от жаққан орнын көру» деген ғұрпын жасаған.Осы кезде,қыз бен күйеу балаға берілетін
ақыл-кеңестің дені екеуінің бір-бірінің алдындағы міндеті мен борышы туралы
болатын.Ал,ата- ене отау көтеріп,енші бөліп бөлек шығарған күні мал сойып,тілеу шай беріп
оған алыс –жақындағы ағайын-туыс,көрші-қолаңды шақырып: ерлі зайыпты екеуінің
қарашаңырақ алдындағы, ағайын туыс алдындағы,қөршілер көлеміндегі,ата-ене алдындағы
және бір-бірінің алдындағы міндеті,борышын,парызын егжей-тегжейлі өздері және
туыстарына айтқызып ұқтыратын.
Қазақ ұғымында шаңырақ тым асқақ киелі дүние.Адам мен Тәңір арасын үнемі
жалғастырып тұратын сырлы терезе. Оны үнемі ашық қоюға болмайды.Түндік кигіз осы
терезенің киелі пердесі.Киелі шаңырақ -үрім-бұтақтың,өрбіп-өсіп ерже-туін,өркен
жайып,өрісі кеңейіп,жаңа отаулардың шаңырақ көтеріп,туындай беруін тілеген ақ тілек,асқақ
армандардың қайнар көзі,ақ ордасы.Қазақ жас отауға бата бергенде: «Қос босағаң берік
болсын,керегең кең болсын, терезең басқалармен тең болсын,шаңырағың биік болсын,түтінің
тіктеп,түзу ұшсын,ошағыңның оты сөнбесін, шаңырағың шайқалмасын, жамандығың
байқалмасын»-деуінде екі түрлі мұрат жатыр. Отбасында береке бірлік болсын,тыныш тірлік
болсын дегені. Ал,бүкіл Қазақ баласын бір шаңырақ астындағы,еншісі бөлінбеген бір атаның
баласы деп есептеу де,осы Қарашаңырақ ұғымына саяды.Қазақ атамызлың көтерген
Қарашаңырағы-бар қазаққа пана,бар қазаққа сая.Қазақ Қарашаңырағының іргесі
тиген,қонысы болған Ұлы дала күллі қазақ баласының атамекені.Оның шынбайлы иесі,нақ
қожайыны-Қазақ.
Қашанда әке-шеше отырған үй-аяулы, ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас
иеді.Мысалы,алыс сапарға аттанғандар қарашаңыраққа келіп,ас ауыз тиеді,бата
алады.Әулеттің әлеу-меттік күллі мәселесі Қарашаңырақта талқыланып,сонда шешіледі.Қарашаңырақ қазақ үшін құтты орын,әулеттің тірегі, «шағын мемлекеттің»астанасы.Қасындағы,ақ отаулар-келе-шекте бір-бір қарашаңыраққа айналуы тиіс.Отағасы
мен отан-асы осы үшін тірлік жасап,тіршілік етеді.
Қазақтың отбасындағы екінші қасиетті де,қадірлі орын,ардақты да,аяулы дүниесі
дастарқан басы.Дастарқанға қатысты тыйымдық сөздер,өнегелі өсиеттер де бар.
Мысалы,дастарқанды аттама,дастарқанды баспа.Оның шетін сиырып бүктеме,тізеңді
тигізбе,дастархан басында албаты сөйлеме,артық сөз айтпа.Дастарқанда ақ дәм татып
отырып,айтқан уәде,берген серт,алған аманат қайткен күнде орындалатын болған.Екінші
жағынан,дастарқан-қазақ салтында пейілдің,ықыластың,жомарттықтың белгісін танытатын
отбасының ниетін көрсететін берекесі.Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенінше
барын пейілмен дастарқанға арнап,ықыласын сездіруге тырысады.
Бұл екеуін қысқаша әңгімелеу себебім: жұбай мен зайыбына айтылатын,ата-ене,әкешеше,ағайын туыс және бала-шаға,үрім бұтақтары алдындағы
олардың міндетборышын,парызын,кім айтса да,не қарашаңырақ дастарқан басында,не отау дастарқанында
айтып ұқтырып аманаттайтын.Ол ешбір ауытқусыз,мүлтіксіз орындалады. Осының
нәтижесінде шаңы-рақтың шайқалуы қазақта болмаған.
Қазақ халқы бас құрап,отау көтерген әрбір еркектің әйелі алдында жауапты парызын
анықтап,айқындап берген.Ол ортақ және жекелеген деген екі түрлі.Шариғатта да борыш пен
міндет ашық көрсетілген.Оның бірерін жоғарыда айттық.
86
88.
1.Әйелінің ар-абыройы мен құқық-мүддесін қорғау. Басқалардың қорлауына, аяқ астыетуіне жол бермеу.
2.Ешнәрседен тарықтырып-зарықтырмай бағып-қағып, ақыл-білімін еселеп қосып,артықкеміне кешіріммен қарау.
3.Әйелін сыйлау,құрметтеу,аялау.Қиналған сәтінде жаны-нан табылып,қол ұшын
беру.Қол,тіл тигізбеу,жәбірлеп қорла-мау.Білмегенін ұғындырып,ұқпағанын түсіндіріп,
тәрбиелеп, жетектеп отыру.
4.Әйелінің,сондай-ақ отбасы, бала-шағасының жақсы-жаман істеріне жауапты және
борыштар болу.Ақ некесі мен отбасы істеріне басқаларды араластырмау.
5.Өзін пәк, таза ұстау,суық жүріс,бұзақылықпен шұғыл-данбау.Әйелінің ел-қатарлы
ішіп-жеуіне,киінуіне,күліп-ойнау-ына,өнер-білім,үлгі-тағылым алуына шарт-жағдай жасап,
құрбы-құрдас,дос-жарандары алдында беделінің жоғары,мерейінің үстем болуына мүмкіндік
жасау.
6.Әйелінің шынайы рухани тірегі,отбасының қорғаны болу.Ер азаматтық ірілікті,
тектілікті, кеңпейіл, кешірімділікті сақтау.Ұсақ-түйек алыс-беріс пен қазан-ошаққа
араласпау.
.
7.Отбасының шынайы ұйтқысы болу.Өз басымен үлгі-өнеге көрсету,әйелі мен балашағасын ащы тер,адал еңбегінің жемісімен ризықтандыру,арам пайда,олжадан келген
нәрселер мен игіліктерден аулақ болу.
8.Қазақ еркегіне сай өр мінез,өжет қылық,ақыл-қайрат,күш-жігерлі болып,өнер
үйреніп,бала-шағасына,әйеліне қамқор болып, оларды осы жолға баули білу.
9.Денсаулықтың,жастық шақтың,уақыттың қадырін дұрыс түсініп,отбасында
салауатты өмір салтын қалып-тастырып,олардың дер кезінде өнер-білім үйреніп,мамандық
игеріп,уақытында дұрыс тамақтанып,демалу дағдысын игерту.
10.Әке асқар тау,шеше төсіндегі бұлақ,бала жағасын-дағы құрақ немесе әкебас,шеше-мойын,бала-қол екенін ұмыт-паған дұрыс.Отауыңды қарашаңыраққа дамытып
жеткізу үшін өз алдыңа және отбасы мүшелеріне белгілі мақсат қойып, оларды жетелеп
желпіндіріп,жол қөрсетіп бағыттап отыр Отбасындағы басшылық,жетекшілік міндетіңді
ешқашан төмендетпе.
Қазақ баласын: «жан балам» десе әйелін «жан жарым»-дейді.Шындығында олар әке
үшін,ері үшін жанына пара-парболған.Олар қуанса бірге қуанып,олар қайғырса бірге
жуанған.Бала тәрбиесінде әкенің орыны өте ерекше,әрі заманға сай бала алдындағы оның
борышы,міндеті тым зорайған,талап өте тереңдеген.Себебін,Мөңке бидің сөзімен келтірсек:
Кер замандар болғанда,
Құрамалы үйің болады.
Ажырай деген қатының болады.
.
Кекірей деген келінің болады
Ежірей деген ұлың болады,
Бежірей деген қызың болады.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері.салпылд
Ұят жағы кем болар
Балалары қу болар,
Тамағы сары су болар
Итке құйсаң- ит ішпес,
Адамы оған құмар болар.
Оның үстіне ащы су,шылым,наша тағысын тағы жөнсіз әдеттер,зиянды әрекеттер белең
87
89.
алған бұл заманда,отбасын,ұрпағын қорғап қалу ер жігіттен ерен ерлікті талап етеді.Аллағашүкір.Мұндай азаматтар да баршылық қой.Солардан үлгі алып,өнеге үйрену парыз болып
отыр.Ата-әжең,әке-шешең,ағайын-туыс,құда-жегжат,дос-жаран-ның
көмегінсіз,олардың
демеуінсіз қарашаңырақ дәрежесіне жету мүмкін емес.Олар мен отбасын жалғастырар,
құрмет-ықласына бөленер жағдайды туғызатын негігі адам-отағасы.Отанасының бұған қосар
үлесі де аз емес.
Ақ некесі қиылып,күйеуге тиген әрбір әйелдің мойнына түсер парыз,жүктелер борыш:
1.Отбасының
аштығына
арланбай,тоқтығына
тоқмейіл-сінбей,барына
қанағат
тұтып,сараңдыққа салынбай, ысырапшылыққа берілмей,азын көп етіп,көбін көл етіп,барын
жаратып қазанаяқтың салихалы,сабаз төл иесі болу.Осы отбасының құт берекесі өзі екенін
жете түсіну.
2.Азаматын ардақтап,ерін сыйлап,онан басқа еркек бар екенін білсе де,тек өз күйеуімен
ғана бақытты екенін,толық түсіну.Ана бақытын жарынан тауып,адамдық арын отбасында
сақтау.Албаты қыдырмау,бөтен жерге қонбау.
3.Отбасына тыныштық орната білу.Бастың аман-дығын,деннің саулығын үнемі
ойлап,сол үшін қарекет жасау. Үйін таза әрі жинақы ұстау.Бос белбеу,салдыр-салақтық,олақтыққа жол бермеу.Үй ішіндегі дүниелер мен киім кешекті жаңадан жасап,бармағы
майысқан шеберлігін көрсету. Ұлымыз қой баға алмайтын,қызымыз түйме таға алмайтын
кезіміздің болғанын ұмытпау.
4.Күйеуінің артық-кем істеріне кешіріммен қарау,қыңыр қылық,теріс іс-әрекеті болса
жұмсақ мінез,жағымды күлкі, риясыз адамгершілігі арқылы жөнге салып отыру,әрқашан
беттен алып,төске шапшымау.
5.Бойына бала біткен күннен бастап неғұрлым байсалды болып,перзентінің дені сау,есақылы дұрыс,ата-анаға мейірлі болып дүниеге келуіне мүмкіндік туғызу.
6.Бойын,ойын жаман мінез,жат қылықтан таза ұстау. Перзентін адал еңбек,ащы терімен
асырау.Арам,лас табыспен ауыздандырмау.
7.Денесін таза,пәк ұстау.үнемі жуынып шайынып, таранып,таза ретті жүру.
8.Бала-шағасын аш жалаңаш қалдырмау,өзгелерге қорлатпау,жәбірлемеу.Ана тіліне
қандырып,адамгершілік ақ жолмен тәрбиелеу,түрлі өнер мен үлгі-тағылымнан мақрұм
қалдырмау.
9.Күйеуінің ретті,таза жүруіне жауапты болу.Кірін жуып,киімін жамап,тамағын
уақытында әзірлеп беріп, бұйырған жұмысына әзір тұру.
10.Ата-ене,абысын- ажын,қайнаға-қайындары,көрші-қолаң,дос жарандарды мейлінше
құрметтеп,сыйлап,ерекше илтіпатпен қарап,оларды қадірлеп адами қатынас орнату.Олардың
ортасынан жоғары бедел тауып,шаттықта тұрмыс кешу.
Жаңа отау көтерген ерлі-зайыптыға,қазақта айтылмаған ақыл-кеңес,аманаттамаған ғибрат
қалмаған.Ұлт
үстазы,А.Байтұрсынов,отбасындағы игі қатынасқа мән беріп,тамаша тағыл-ымдық кеңесті жазып
қалдырған. «Адам өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей,өз үйіндегі кемшіліктер
кемшілік болып көрінбейді.Бойдағы мін- бойында міні жоқ біреуді көргенде
байқалады,үйдегі кемшілік-кемшілігі жоқ үйді көргеннен кейін көзге түседі,жұрттағы жаман
әдет басқа жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді.
Қазақ - өр халық ,білімді халық!Ұлт намысын мінсең,сен алмайтын қамал жоқ,...құртша
қыбырлаған қытайдан, еңбек-қорлыққа,бейнетқорлыққа үйрен,...он тиынды күні ұзақ бір
теңгеге айналдырар өзбек ағаңнан үйрен, ...жер қыртысын түрлендіріп,нәрлендіріп,мол
табысқа бататын дүңген қоңсыңнан үйрен, ...бір капустадан жүздеген түрлі дәм беріп,
біреудің еңбегімен егіп,өнерімен орып,қулығымен сорып, жақыннан торып,алыстан келіп
болашағыңа төніп тұрған корейлерден үйрен,үйрен де жирен!
Ұрпақты еңбекке баулудың төте жолын қалай табудың бағытын, тәсілін осылай
көрсеткен.Отбасындағы еңбек бөлісі,еңбекке баулу қазақи жолдары жоғарыда көрсетілгендіктен бұл жерде қайталамаймыз.Тек,тәрбиелеудің қазақи жолып шолып өтіп,ойымызды
88
90.
аяқтауымыз дұрыс.Бұл ұзын сөздің түйіні болмақ..Әулет мектебі-Ана мектебінен басталып күні бүгінге дейін жалғасып келеді.Ұмай анаСақ ана-Тұмар ана-Қарашаш ана-Домалақ ана-Абақ ана-Айғаным ханым-Тайқара ханымҰлпан ана-Қызтумас ана-Зере ана-деп ұзын тізбекпен бүгінге жеткізуге болады.Әулет
мектебі-Дана мектебінен басталып күні бүгінге дейін жалғасын тапты.Дана мектебінің иесіДана ата да,Дана ана да болған.Айталық: Анахарсис,Йолықтегін мен Тоныкөк,
Қорқытата ,Қашқари мен Баласағұн,Асанқайғы мен Қожа Ахмет Яссауи,Бұқар мен
Шалақын,Шоқан мен Ыбырай, Абаймен Шәкерім,Ахмет пен Мағжан,Жамбыл мен Нұрпейіс,
Мұхтар мен Әлікей, Қаныш пен Бауыржан
деп қалағанымызша жалғастыра аламыз.
Әулет мектебі-ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген тәрізді отбасылық білім
беру,тәрбие үлгі өнеге көрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол балалар ойынсауығын,еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар қатарлы саланы қамтыды.
Әулет мектебі осы аталған білім өнеге үйретіп,тәлім тәрбие беретін қазақи тәрбиелеу
жүйесін туғызды.Ол- қазақ даналығына сүйеніп,тәрбиелеу қағидаттарын жасады,мақсат
мұраттарын белгіледі.Сондай-ақ,халықтың дүние танымына, сенім-нанымына негіздей
отырып,білім беру,тәрбиелеу құралдарын айшықтап берді.Адамтану қазақ білімі,ұлттық
әдепке үйлестіріп тәрбиелеу әдіс-амалын жол-жосығын көрсетті.Олай болса,тәрбиелеу қазақ
ілімінің төрт тағанын:
-Ұлттық сана кемелі-даналық көзқарастары(Қазақтың фило- софиялық ой санасы);
-Адамтану қазақ білімі;
-Ұлттық наным-сенім жүйесі;
-Ұлттық
әдептану
білімі;-құраған.Осылардың
ішінен
бір
ғана
жағдаятты
қарастыралық.Тәрбиелеу қазақ ілімі бойынша,ешбір наным-сенімі жоқ ,тегім деп артына
қарайтын, болашағым деп алдына қарайтын ештемесі жоқ адам, ешқашан толыққанды
тәрбие алмайды.Кім қалай бағыттаса соның жетегінде кете барады.Егер белгілі бір нанымсенімі бар адам ол мейлі меңіреу болсын,мейлі зағиып болсын,сөйлей алмайтын сақау
болсын әйтеуір бір кезде,ұзақ уақыт жаттықса да тәрбие алады.Он екі мүшесі сау бола
тұрып,ана тілін білмейтін жанды ұлттық тәрбиемен сусандырып қандыра алмайсың.Одан ұлт
өкілін жасау үшін,оған ең алдымен ана тілін игерту керек.Кезінде қазақша сөйлеп,қазақи
тәрбиемен өскен,мейлі орыс болсын,мейлі неміс болсын,мейлі көреец болсын,сырт пішінінен
қаншама басқа ұлт өкілі екені білініп тұрса да,оның жан дүниесіне, ішкі сарайына үңілсең,
өзіңді ұлт өкілімін деп санайтын, өзіңізден, олардың қазақи қасиеті, ұлтжандылығы асып
түсіп жатады.Шіркін, тілдің құдыреті қайда жатыр?!.Тәрбиелеу қазақ ілімінде,тәрбиенің
басты құралы етіп, тілді таңдаудың негізгі себебі осы.Мұны қазақ ерте сезген.Кешегі
социализм заманында,партияға,дәлірек айтқанда коммунизмге сендіруді мұрат тұтты.Осы
үшін
коммунизм
құрушыларының
моральдық
кодексін
тағайындап,
оны партия
сьезінен бекітіп, бүкіл одақ адамдарының сеніміне айналдырды.Содан
болып,коммунистік тәрбие тым қарқынды жүрді,елеулі нәтиже берді.Себебі ол,адамзаттың
адамгершілік ізгі қасиеттерінен өз мүдделеріне сәйкестендіріп іріктеп алғанды.Ал,бүгінгі,тәуелсіз Қазақ елі халқының сенімі не,тәрбие мұраты бар ма?Қазақстан
халқының наным-санім ауанын аңғарсақ,бұған тура жауап айту тым күрделі екендігі анық.
89
91.
Пайдаланған әдебиеттер1.Абай
Энциклопедия
А.,1995
2.Абай
Қара сөз
А.,2015
3.Аймауытов Ж.
Психология
А.,1995
4. Ақметбек Ә. Атақоныс-Арқадағы,Шешірелі Қарқаралы
А.,2003
5.Алтынсарин Ы.
Таза бұлақ
А.,2003
6.Ахметова З.
Шуақты күндер
А.,1987.
7.Айып Н.Әкімбай Ж.Ағаш бесіктан жер бесікке дейін
А.,2011
8.АрғынбаевХ. Қазақтың отбасылық дәстүрлері А.,2005
9. Әуезов М.
Абай жолы
А.,2000
10.Әуезов М.
Әр жылдар ойлары
А.,1957
11.Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер
А.,1994
12.Әзімхан С.
Дін тәрбие дінгегі
А.,1999
13.Байтұрсынов А.
Ақ жол
А.,1991
14.Дулатов М.
Шығармалары
А,1991
15.Жұмабаев М.
Педагогика
А.,1992
16.Момышұлы Б.
Ұшқан ұяа
А.,2003
17.ЖарықбаевҚ.Қалиев С.Қазақ тәлім-тәрбиесі А.,1999
18.Исламақлағы
А.,2015
19.ҒабдулинМ.Қазақ халқының ауыз әдебиеті
А.,1974
20.Құдайбердиев Ш. Өлеңдер мен поэмалары А.,1988
21.Марғұлан Ә. Қазақтың сал,серілері
А.,1966
22Мұқанов С.
Өмір мектебі
А.,1978
23.Мұстафин Ғ.
Көз көрген
А.,1980
24.Сейдімбек А.
Қазақ әлемі
А.,1997
25.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
А.,1993
26.Ел аузынан
А.,1988
27Қ.Қабдыразақұлы
Ғұрып дәстүр және тәрбие
Бай-Өлке1979
28.Қ.Қабдыразақұлы Ұлттық тәрбие үрдісі Қарағанды.2014
29.Қ.Қабдыразақұлы Әулет мектебі
Астана
2015
__________________________________________
Мазмұны
Жеңге және жезде мектебі
Женге және жезде мектебінің үлгілері
Аңсайтын адамым бар(Т,Ахтановтан)
Кір шалмаған ар-ұят(Ғ.Мұстафиннен)
Қалыңдық (С.Жүнісовтан)
Зарлы жоқтау (С.Мұқановтан)
Женге және жезде мектебінің оқулары
Адамгершілік оқуы
Жеңге
және
жезде
мектебінің
сабақтары
Үйренетін-ұлы сөздер
Алтын босаға
90
3
62
67
73
78
83
111
132
166
92.
Ұлтқатән
ибалы,иманды,нәзік
құбылыстар
бырт-бырт
үзіліп,
қарабайыр қатынасқа түскен сүреңсіз өмір кешуге мықты кіріскен
қоғамнан қашсаң да құтыла алмас секем жайлап,өмір өңсіз,тіршілік
тұрлаусыз,
сауық-сайран
шаттық-сыз,
өлім-жітім
азасыз,іс-әрекет
еріксіз,сөзіміз түрпідей, сыр-тымыз кірпідей, көңіліміз түлкідей, ақылымыз
таяз, қайғымыз ащымен жуылып, абыройымыз арақпен тазарған сол бір
заман да біз көп дүние,мұрадан,мирастан несібесіз қалыппыз.Ұлы сөз
кірлеген көңілді тазартады, қажыған көңілге қуат бере алады.Асқан-тасқан
көңілді
басып,қараңғы
ұқтырып,салтқа
көмектесетін,
сіңіру
көңілге шырақ
үшін,шаңырақ
жеңге-жезде
мектебі
жаға
алады.Осы
шаттығын
жас
ұлы
орнатуға
отауға
сөзді
тікелей
құрылатын.Ол-
айналасындағы ауыл қыздары мен жігіттерінің, бойжеткендер мен
бозбалалардың, қалыңдықтар мен күйеу балалардың, жас келіндер мен
күйеулердің білім алатын,өнеге көретін, әулет мектебінің шымбайлы
нұсқасы болатын.Ол-ақ отаудың босағасы берік,іргесі мықты болуына
жауапты еді.
Женге мен жезде мектебінің бүгінгі таңда өте қажет болып
отырған бір себебі:қыздар мен әйелдер ортасындағы жаңа дәуірде пайда
болған жеңіл жүріс пен жезөкшелік, арын сатып,жанын жалдау қатарлы
заман дертімен батыл күрес жүргізу тақауыры.Бұл кітапшадан,осы
құралыптас отбасылық өзекті мәселелерге жауап таба аламыз.