3.86M
Категория: ИсторияИстория

Қазақтың тұңғыш мектебі

1.

Қазақтың
тұңғыш мектебі

2.

Әдетте, қазақ даласындағы білім беру
жүйесінің пайда болуы Ыбырай
Алтынсаринның есімімен байланысты
аталып жатады. Кейде ағарту саласы
дегенде Шоқанды, Абайды ауызға
аламыз. Алайда қазақ халқының
тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтан
34 жыл, бірінші қазақ ұстазы Ыбырай
Алтынсариннен 40 жыл және ұлы
қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтан 44
жыл бұрын қазақтың Жәңгір ханы
ағартушылық саласының қазығын
қаққан болатын. Иә, қазақ
даласындағы тұңғыш мектеп 1841
жылы Хан ордасында ашылды.

3.

Жәңгір хан бұл туралы былай
деп жазады:
«Біздің
балалар
қоғамға
ізгілікті түрде қызмет ету үшін
білім ала отырып, барлық
ғылымды біле алады деп жар
саламын. Осының бәрі мені
қатты қуантады, себебі білімге
қолы жетуі – менің халқым үшін
ең үлкен бақыт».

4.

Ш. Нұралиевке жазған тағы бір хатынан оның білім саласындағы бағдарламасы мен мектепті ашу мақсатын байқауға болады:
«Сіздер тиісті іждағаттарын және жақындары мен достарын,
сонымен бірге барлық керек адамдардың ақылдарын тиісінше
қолданасыздар деген сенімдемін. Егер ғылым қазіргі уақыттың өзінде
қоғамға осыншама үлкен пайда әкелсе, болашақта біздің
немерелеріміз ғылым мен білімсіз жақсы өмір сүре алмайды. Бұдан
былай сауатсыз және орыс тілін білмейтін адамдарды жауапты
жұмыстарға белгілемейді. Қазақтар арасында емшілердің болуы бізге
өте пайдалы және тиімді. Әрбір ынта, ақшалай қаражаттың әрбір
шығыны жасөспірімдерді оқытуға кететін болса, онда ол болашақта
жүз есе артық табыс әкеледі. Қаражатты ғылымның дамуына, игі
идеяларға және халыққа адал қызмет етуге жұмсағанымыз дұрыс
болар еді».

5.

Жәңгір хан XIX ғасырдың 30-шы жылдарының орта
тұсында хан ордасында орталық мектеп
ұйымдастыруды ойластыра бастайды. Оның ойы
бойынша, бұл мектептің балаларды Ресейдің
арнайы оқу орындарына түсу үшін дайындауы керек
еді. 1841 жылы хан ордасында алғашқы мектеп
ашылды. Мектепті ұстап тұру шығындарын хан өз
мойнына алды. Жәңгір хан 1845 жылы дүниеден
озды. Ол өзі қайтыс болғанға дейін мектептің
шығындарын жеке қаражатынан төледі, тіпті,
шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды. Іс
жүзінде ол мектептің алғашқы ұстазы болды, ал
татар Садриддин Аминов мектеп ісі бойынша оның
көмекшісі қызметін атқарды.

6.

Қорытынды.
Мінеки, Жәңгір ханның еліне жасаған
жақсылығы, қамқорлығы кез - келген ханның қолынан
келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына
шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің
таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына
су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті,
білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты
тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер
екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне
келген шағында жұмбақ өлімнен күз жұмды. Әйелі мен
екі баласының өлімі де құпия болды. Әңгіменің
қысқасы, отарлаушылар оның отбасын тоз - тозын
шығарды. Қазақстанда хандық билік жою жөнідегі жоба
жүзеге асты.
Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы
қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер
дәлелдейді.
Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы болды
десек қателеспейміз.

7.

Сондай-ақ көрнекті ағартушы, қоғам
қайраткері, жаңашыл педагог,
ғалым-этнограф, ақын, прозашы,
қазақ жазба әдебиеті мен қазақ
әліпбиінің негізін қалаушы, орыс
жазу таңбалары негізінде қазақ
әліпбиін құрастырушы — Ыбырай
Алтынсаринның өмірі мен
шығармашылық қызметі қазақ
халқының тарихындағы жарқын
беттердің бірі болып табылады.

8.

1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның
үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары
үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді.
Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай
мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді.
1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті.
Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш»
деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел,
балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды.

9.

1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин
ашқан тұңғыш мектеп

10.

Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде
оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек
білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып
отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін
ашты.
Торғайдағы қолөнер училищесі

11.

Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық
орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан
кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. Қазақстан жерінде әйелдерді
оқыту ісінің басталуы да Алтынсаринның есімімен байланысты. Бұл
маңызды бастаманы іске асыру кезінде де ол патша өкіметі тарапынан
жасалған кедергілерге тап болды. Ырғызда қазақ қыздарына арналған
интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда оның қуанышында шек
болған жоқ. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге
Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — 1883 жылы Орск қаласында
тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері
үшін мұғалімдер даярланды.

12.

1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір
сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді.
Обағандағы мектеп.

13.

Алтынсарин өз отбасымен бірге, 1889 жыл

14.

Қорытынды.
Алтынсарин жастардың, бүкіл қазақ халқының
сүйікті адамы болды. «Біз, яғни көшпенділер үшін
Ы.Алтынсаринның өзі де және оның
шығармалары да өте қымбат. Мұны Ресейдің
алғашқы зайырлы әдебиетінің маңызын
білетіндер түсіне алады. Біз Алтынсаринның
тұлғасынан бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі,
мінезі және түм өмірінің бейнесіне айналған
қаһарманды көруге дайынбыз». Ыбырай
Алтынсаринның тағдыры — одан кейін өмір
сүргендер мен сүріп жатқандар үшін өнегелі
мысал болады.
English     Русский Правила