Қарағанды медицина университеті
Медициналық мекеменің қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі екі топты бөліп қарастыруға болады.
126.11K
Категории: ЭкономикаЭкономика МедицинаМедицина

Нарықтық жағдайда денсаулық сақтау

1. Қарағанды медицина университеті

Тақырып: Нарықтық жағдайда
денсаулық сақтау
Орындаған: Хуатбек С
Тексерген: Джакетаева Ш.Д
Қарағанды 2018

2.

Нарықтық экономика жағдайларында
медициналық мекемелердің қызметін
қаржыландыру тәжірибеде қаржылық
менеджментті жүзеге асыра алу
қабілеттілікке көп тәуелді, сол
арқылы максимальды экономикалық
әсермен денсаулық сақтау саласының
мақсатына жету қамтамасыз етіледі.

3.

Қойылған мақсатқа жету жолдары ЕПМ
қызметін жоспарлау мен қаржылық
басқару ерекшеліктерімен анықталады.
Қаржылық жоспарлау мен болжамдау
денсаулық сақтауды қаржылық
басқаруды маңызды қызмет болып
табылады. Дәл осы қаржылық
жоспарларды құрастыру мен жүзеге
асыруға ЕПМ-нің қаржылық
ресурстармен қамтамасыз етілуі тәуелді.
Денсаулық сақтаудағы қаржылық
жоспарлаудың обьектілері жеке ЕПМ-нің
қаржылық қызметі болады.

4. Медициналық мекеменің қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі екі топты бөліп қарастыруға болады.

1. Сыртқы факторлар
2. Ішкі факторлар
Сыртқы факторлар медициналық көмектің,
қызмет бағытының және т.б түрлерінің әртүрлі
пайдасын медициналық мекеме жұмысының нағыз
көрсеткіштеріне байланыссыз анықтайды. Бұл
қазіргі жағдайларда экономикалық көзқараспен
қарағанда ЕПМ-нің ең тиімді қызмет бағыттарын
таңдау бағыттары. Алайда бұл қоғамның және
медицинаның көзқарасы бойынша тиімді қызмет
түрі болмауы да мүмкін.

5.

Ішкі факторлар медициналық мекеменің
ерекшеліктерімен анықталады. Бұл
медициналық мекеме өз жұмысында бір
нәрсе өзгерту арқылы әсер ете алатын
факторлар. Мысалы, көрсетілген қызметтерге
тарифтердің жеткіліксіздігінен медициналық
мекеме тіпті жақсы өндірістік
көрсеткіштерімен салмақты қаржылық
қиындықтар көруі мүмкін,немесе керісінше,
төмен өндірістік көрсеткіштермен тұрақты
бюджеттік қаржыландырудың арқасында
жақсы қаржылық жағдайда болуы мүмкін.

6.

Жоғарғы медициналық оқу орындарында
медицинаның маңыздылығына ғана коңіл бөледі,
ал қалганы қайда? Дайындаған мамандарымыз
тиісті үйымдастыру әдістері мен білімді қайдан
алады, қалай қызмет істейді? Әсіресе денсаулық
сақтау жүйесін ұйымдастырушы мамандар:
Былай қарайтын болсақ, жоғарғы оқу
орындарында денсаулық сақтау жүйесінің
қызметін үйымдастырушы, басқарушы мамандар
дайындамайды.

7.

ҚР-дағы медицина мен денсаулық сақтау
жүйесін басқару ең негізгі мәселе екенін
ескерсек, онда онымен мұқият
айналысуымыз керек. Сондықтан да біздің
денсаулық сақтау жүйеміздің өзіндік
ерекшелігін оқи отырып, денсаулық сақтау
жүйесінде халықаралық басқару
тәжірибелерінің ең негізгісін ендіре
білуіміз керек. Сондай басқару
тәжірибелердің бірі «Менеджмент» - ілім
және басқару - өнері.

8.

Менеджмент - қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандыруға мүмкіншілік
туғызатын және кәсіпорындардың
қызметінің тиімділігін жоғарылатуға
бағытталған басқару формалары мен
әдістемелік құралдардың жинтығы.
Басқарудың мақсаты - кәсіпорындардың
тиімділігін жоғары деңгейге жеткізу
және үнемі жаңа өнім түрлерін енгізе
отырып сапалы өнімдер шығару немесе
қызмет көрсету.

9.

Басқару облысы бойынша машықтанған
қызметкерді - менеджер деп атайды.
Атап айтқанда нақ сол қызметкер - қазіргі
басқару әдісін қолдана отырып
мекемелердің қызметкерлерінің нақты
жұмыстарын ұйымдастырады. Әсіресе
менеджердің рөлі нарықтық
экономикалық жағдайда жоғарылай
түседі, себебі бәсекелесуге қабілетті
мекемелер ғана жоғары нәтижелерге
жетіп, өте көп пайда көреді.

10.

Басқару барысында мынадай негізгі
функцияларды орындаулары керек. Бұл
жоспарлау, ұйымдастыру, басқару жэне
бақылауға алу.
Жоспарлау - өзіне материал жинауды, сақтауды,
өңдеуді, ақпаратты өңдеуді және ыңғайлы
шешімді қабылдауды қамтиды. Жоспарлау
әдістері аналитикалық, нормативті, бюджетті,
қатынас және экспериментті, моделдеу
әдістерімен жүргізіледі.
Ұйымдастыру – жарлық, бұйрық, ұсыныс,
жазылу (санкция) әдістерді қолданады

11.

Басқарудың екі бағыты бар:
Басқарушы
Басқарылатын

12.

Басқарушы бұл – басқару субъекті
(субъект - бұл іс-әрекетпен білім иесі,
жеке немесе элеуметтік топ, объектіні
өзгертудегі белсенділік көзі), ал
Басқарылатын бұл - басқару объекті.

13.

Басқару субъекті - бұл адамдар,
олардың қызметі мен міндетін басқару,
яғни басшылар, бастықтар мен
ұйымдастырушылар атқаратын
қызметтер кіреді. Ал, денсаулық сақтау
жүйесінде - денсаулық сақтау министрі,
емдеу-профилактикалық мекемелердің
бас дәрігерлері олардың көмекшілері
мен бөлім меңгерушілер.

14.

Басқару объекті - бұл нені
баскарып отырғанымыз, яғни
өндіріс ресурстары. Денсаулық сақтау
жүйесіндегі объект - денсаулық сақтау
мекемелерімен, оның бөлімдері.

15.

Қазақстанның медициналық қызмет нарығын
жоғары сапалы әлемдік деңгейге жеткізу үшін
осы саладағы менеджментке көңіл бөлінуде.
Осыған байланысты менеджер мамандарды
оқытып дайындауда. Бұл саладағы
менеджменттің басқа сала менеджментінен
ерекшелігі тауар шығарумен емес, адамның
денсаулығымен байланысты. Қазақстан
Республикасында денсаулық саласына
бөлінетін қаржы жыл өткен сайын артуда.
Денсаулық сақтау саласының ерекшелігіне
байланысты осы қаржылар тиімді басқарылуы
керек.

16.

Емдеу мекемелерінің қаржысын басқару – бұл алға
қойылған мақсаттарға жету үшін ЕПМ ресурстарын
қалыптастыруға және оларды орынды пайдалануға
бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың кешені
болып табылады. Денсаулық сақтау саласында
қаржылық менеджмент күрделі, емдеу мекемелерінде
әлі толығымен қолданылып үлгермеген басқару жүйесі
болып саналады. Алайда бұл жүйені денсаулық сақтау
мекемелеріне толығымен енгізу медициналық
мекемелердің нарықтық жағдайдағы өмір сүру
қабілеттілігінің артуына тікелей әсер ететін фактор
болып табылады.

17.

Егер ЕПМ-ді нарық жағдайында еркін қызмет ететін
кәсіпорын ретінде қарайтын болсақ, қаржы
менеджерлері сол кәсіпорынның қаржылық қызметін
жүргізетін басқару органының субъектілері ретінде
қаралады. Осы орайда қаржы менеджерлерінің
функционалдық міндеттеріне төмендегілерді
жатқызуға болады:
емдеу мекемесінің қаржылық қызметін
ұйымдастыру;
емдеу мекемесінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
жоспарларын жасау;
емдеу мекемесінің негізгі және айналым капиталын
басқару, олардың құрылуын және орынды
пайдаланылуын ұйымдастыру;
денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық қызметінің
жағдайына және көрсеткіштеріне талдау жасау;

18.

денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық
қызметінің жағдайына және көрсеткіштеріне талдау
жасау;
емдеу мекемелерінің медициналық қызметтерді
тұтынушылармен және медициналық қызметтер
нарығындағы басқа да субъектілермен болатын
қаржылық есеп айырысуларын ұйымдастыру;
медициналық мекемеге капитал тарту мақсатында
жүргізілетін инвестициялық саясатын жүзеге асыру;
емдеу мекемесінің бухгалтерлік есебін жүргізу және
қаржылық құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық қызметіне
үнемі бақылау жасап отыру.

19.

Қаржылық механизмді қолдану арқылы
қаржылық менеджменттің объектілеріне
әсер ету үшін қаржы менеджерлері әртүрлі
қаржылық әдістерді қолданады. Бұл
әдістердің негізгілеріне қаржылық
жоспарлауды, қаржыландыруды
(мемлекеттік бюджет немесе ерікті
медициналық сақтандыру компаниялары
арқылы, сондай- ақ ақылы медициналық
қызмет көрсетуді ұйымдастыру арқылы),
несиелеу мен инвестициялауды, сондай-ақ
салық салуды жатқызуға болады.

20.

Қорыта келе, көптармақты, нарықтық денсаулық
сақтау саласын қалыптастыру жағдайында саланы
дамытудың негізгі алғышарттарының бірі оның
қаржыландыру жүйесінің жетілдірілуімен
байланысты екенін басып айту қажет. Ол үшін
мемлекеттік деңгейде де, емдеу мекемелерінің
деңгейінде де қаржыны басқару жүйесін, яғни
қаржылық менеджментті дамыту керек. Нарықтық
экономика жағдайында саланы білікті қаржы
мамандарының-қаржы менеджерлерінің кәсіби
басқаруы төмендегілерді қамтамасыз етеді:

21.

- денсаулық сақтау мекемелеріне қосымша
қаржы көздерін тарту;
- емдеу мекемелерінің қаржы ресурстарын
тиімді пайдалану;
- денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі
(емдеу) қызметінен басқа қызметінің
түрлерін (инвестициялық, қаржылық)
дамыту;
- денсаулық сақтау саласында әртүрлі
қаржылық операцияларды (лизингтік,
сақтандыру т.б.) дамыту;
- денсаулық сақтау мекемелерінің құнды
қағаздар нарығының еркін қатысушыларына
айналуын қамтамасыз ету т.б.

22.

23.

1.Денсаулық сақтаудағы менеджментбұл...
A. қаржылық, еңбектiк және медицинаның
материалдық ресурстарын басқару, реттеу
және бақылау туралы ғылым.
B.алмасу арқылы қажеттiлiктi
қанағаттандыруға бағытталған адам
қызметiнiң түрiн зерттейтін ғылымы.
C.өзiндiк уақытты басқару ғылымы.
D.өзiндiк ресурстарды басқару ғылымы.
E. адам мүмкiншiлiктерiн басқару ғылымы.

24.

2.Менеджмент сөзінің мағынасы
A) Нарық
B)Басқару
C)Экономика
D) Саясат
E) Несие алу

25.

3.Басқару функциялары
А) нарықтық, эксперттік
В) экономикалық
С) жоспарлау, мотивация
D) тексеру, басқару
Е) әлеуметтік, сандық

26.

4.Жоспарлау – бұл ... үдерісі.
A. өзіне материал жинауды, сақтауды,
өңдеуді, ақпаратты өңдеуді және ыңғайлы
шешімді қабылдауды қамтиды
B. жеке тұлғалар мен жұмысшы топтар
арасында жұмысты бөлу
C. ұжымдық компетенті қызметкерлермен
қамтамасыз ету
D. мақсатқа жету үдерісіне топтар мен жеке
тұлғаларды өздiгiнен қызықтыру
E. алмастыру арқылы мақсатқа жету

27.

5.Ұйымдастыру – бұл ... үдерісі.
A. жарлық, бұйрық, ұсыныс, жазылу
(санкция) әдістері
B. мақсат қою, әрекет iсiн таңдау және
қол жеткiзу
C. ұжымды компетенті қызметкерлермен
қамтамасыз ету
D. мақсатқа жету үдерісіне топтар мен
жеке тұлғаларды өздiгiнен қызықтыру
E. алмастыру арқылы мақсатқа жету

28.

6. Басқарудың субъектілері – бұл...
A. медициналық тәжірибемен айналысатын
денсаулық сақтау ұйымдары және жеке
тұлғалар.
B. денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган.
C. емдеу-профилактикалық мекемелердің бас
дәрігерлері олардың көмекшілері мен бөлім
меңгерушілер.
D. ауру диагнозын анықтауға бағытталған
медициналық қызметтер жиынтығы.
E. ауруды жою және тоқтатуға бағытталған
медициналық қызметтер жиынтығы

29.

7.Басқарудың обьектісі
A.денсаулық сақтау мекемелерімен, оның
бөлімдері.
B. денсаулық сақтау саласындағы өкілетті
орган.
C. денсаулық сақтау саласында іс-әрекет
ететін заңды тұлға.
D. ауру диагнозын анықтауға бағытталған
медициналық қызметтер жиынтығы.
E. ауруды жою және тоқтатуға бағытталған
медициналық қызметтер жиынтығы

30.

8.Жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және
бақылау ... міндеттеріне жатады.
A. менеджмент
B. экономика
C. маркетинг
D. қаржыландыру
E. басқару

31.

9.Менеджердің негізгі атқаратын қызметі ….
A. өткізу және өндірілген өнімді жүзеге асуы
B. өндірістің техникалық жабдықтары үшін
жауапкершілігі.
C. өндірістің технологиясы үшін
жауапкершілігі.
D. мекемелердің қызметкерлерінің нақты
жұмыстарын ұйымдастырады.
E. өнімнің сапасына бақылауды жүргізу

32.

10.Менеджмент теориясына сәйкес «басқару
әдістері» термині – бұл:
A.белгілі бір мақсаттарға жету үшін басқарушы
субъектінің басқару объектісіне ықпал ету
әдістері мен құралдарының жиынтығы
B.ұйымды басқару үдерісіндегі маңызды қасиеттер
мен тұрақты қатынастарды көрсететін неғұрлым
жалпы және фундаментальді түсініктер
C.сақтағанда ұйымның нәтижелі дамуы
қамтамасыз етілетін жалпы заңдылықтар мен
тұрақты талаптар
D.олардың қосымшаларының мақсаттарының,
әркеттерінің немесе объектілерінің
біркелкілігімен сипатталатын, басқару әрекетінің
арнайы түрлерінің тұрақты құрамы
E.ұйымға қойылатын, табыстың ұлғаюына
бағытталған талаптар

33.

1-а
2-в
3-с
4-а
5-а
6-с
7-а
8-е
9-д
10-а
English     Русский Правила