Абдоминалды туберкулез: клиникалық формалары, патогенезі, диагностика, салыстырмалы диагностикасы
Жоспар
Этиопатогенез
Патологиялық анатомия
Клиникалық көрінісі
Ішек туберкулезі
Туберкулезді мезаденит
Клиникалық көрінісі
Туберкулезді перитонит
АТ диагностикасы
Емі
Қолданылған әдебиеттер:
220.73K
Категория: МедицинаМедицина

Абдоминалды туберкулез. Клиникалық формалары, патогенезі, диагностика, салыстырмалы диагностикасы

1. Абдоминалды туберкулез: клиникалық формалары, патогенезі, диагностика, салыстырмалы диагностикасы

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Балалар жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасы
Абдоминалды туберкулез: клиникалық
формалары, патогенезі, диагностика,
салыстырмалы диагностикасы
Орындаған: Карменова А.К.
602 топ. ЖТД
Семей 2015-2016 жыл

2. Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
- Абдоминалды туберкулезге сипаттама
- Клиникалық формалары, патогенезі,
диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

3.

Абдоминалды туберкулез дегеніміз – АІЖ, ішастар, шажырақай
лимфа түйіндерінің және ішастар арты кеңістігінің
спецификалық зақымдалуы. Басқа туберкулездерге қарағанда,
абдоминалды туберкулез ерекше орын алады және ол
фтизиатрияның қиын бөлімі болып табылады. Абдоминалды
туберкулездің клиникалық көрінісі полиморфты, патогномды
симптомды және анық диагностикалық критерилері жоқ,
сондықтан да ол құрсақ қуысының басқа ауруларының
астарында жүреді және жиі көп науқастарда диагностикада
анықталмай қалады. Статистикалық дәлелдемелер бойынша
абдоминалды туберкулез 2-3% кездеседі. Жиі (70% )
мезентериалды лимфа түйіндері, сирек ішперде (12%)
зақымдалады. Жеке бір ағзаның зақымдалуы сирек кездеседі,
жиі бірнеше анатомиялық түзілістерге бір уақытта
спецификалық процесс жайылады.

4.

Туберкулезді мезадениттің классификациясын В. Г.
Штефко (1937ж) жасап, соған байланысты казеозды,
фиброзды-продуктивті және индуративті формаларын
ажыратамыз. Ең сәтті жасалған ішек туберкулезі
жіктемесін жасаған М. М. Альперин (1950): симптомсыз,
диареялық, диспепсиялық және жалпы интаксикационды
формасы. Жалпы қабалданған туберкулезді перитониттің
клинико-морфологиялық классификациясы: төмпешікті,
экссудативті, жабысқақ, экссудативті-жабысқақ,
казеозды-жара формасы.

5. Этиопатогенез

Абдоминалды туберкулез жиі екіншілік дамиды, яғни басқа
ағзалардың жиі өкпеден микобактерияның лимфогематогенді
жолмен таралуы арқылы. Ал біріншілік зақымдалуы
алиментарлы жолмен ифекцияның таралуы арқылы. Ішек
туберкулезінің дамуы алиментарлы жолмен зақымдалған
жағдайда, спецификалық қабыну процессі регионарлы лимфа
түйіндеріне, жіңішке ішек және ішперденің шажырақайының
түбірлік лимфа түйіндеріне барып орналасады. Абдоминалды
туберкулездің дамуы мен таралуына қолайлы себептер
мыналар: жалпы ағзаның әлсіреуі, АІЖ бейспецификалық
аурулары, жергілікті резистенттіліктің төмендеуі, дұрыс
тамақтанбау, эндокринді бұзылыстар, жүктілік, босану, түсік
тастау.

6. Патологиялық анатомия

Негізгі морфологиялық өзгерістеріне спецификалық гранулема
бейспецификалық перифокальды қабыну реакциясымен болуы
жатады. Туберкулезді мезаденитте морофлогиялық өзгерістер
перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі сияқты. Ішек
туберкулезі кезінде инфильтрация, әктену және тыртықтану болады.
Жаралар қан және лимфа тамырлары арқылы шажырақайдан бастап,
ішектің барлық айналымын зақымдайды. Ішектің шырышты
қабатындағы жаралар орналасқан аймақта бөртпелер дамиды.
Жаралар терең емес. Алғашқыда шырышты және шырышасты қабат
бұзылады, содан соң спецификалық процесс бұлшық етті қабатқа,
серозды қабыққа дейін жетеді. Туберкулезды жаралар сирек
перфорациялайды, жиі тыртықтанады, бұдан соң көптеген
стриктуралар дамиды. Жаралық формадан басқа, ісік тәрізді
формасы болуы мүмкін. Бұл форма кезінде ішек қабырғаларының
қалыңдауы болады, тек шырышты қабат бұзылысы болмайды.
Ішпердедегі өзгерістер оның зақымдалу тереңдігіне байланысты.
Төмпешікті, экссудативті, жабысқақа, экссудативті-жабысқақ,
жаралы-казеозды формасын анықтайды. Туберкулезді перитонитте
ішперденің қалыңдауы және түйілулер дамиды.

7. Клиникалық көрінісі

Туберкулездің барлық түрінде клинкалық көрінісі жалпы
симптомдардан, интоксикация және жергілікті
симптомдардан тұрады.
Абдоминалды туберкулездің барлық орналасуларында
бейспецификалық процесс АІЖ таралып, ас қорытылуы
мен сіңірілуі бұзылады. Ауруға тән көрініс – салмақ тастау.
Басқа туберкулезге қарағанда жоғары әлсіздік, тез
шаршағыштық, бас ауруы, тітіркенгіштік, түнгі тершеңдік,
ұйқы бұзылысы және анорексияға дейін баруы,
субфебрильді температура, тахикардия, АҚҚ төмендеуі.
Аускультативті: жүрек тондарының тұйықталуы, ырғақ
бұзылысы. Психоневрологиялық бұзылыстар анықталады:
депрессия, қорқыныш сезімі.

8.

Өңеш және асқазан туберкулезы сирек кездеседі.
Эзофагоскопия жасағанда жаралар, гиперпластикалық
грануляциялар немесе стенозбен бирге дамыған тыртықты
жаралар. Аурың бастапқы кезеңінде эпигастриальды
аймақтағы тұйық ауырсынулар, кекіру, жүрек айну, тәбетінің
төмендеуімен көрінеді.
Туберкулез кезіндегі бауыр зақымдалуы 3 формада кездеседі:
милиарлы
диффузды
сирек тубреклом типті ошақтар кездеседі.
Бауырдың милиарлы формасында туберкулезді гранулемалар
түзіледі. Клиникалық сарғаю, бауыр ұлғаюы, спленомегалия
көрінеді. Өт қабы туберкулезі сирек кездеседі.
Көкбауыр туберкулезі жеткіліксіз симптомдар береді.
Спленомегалия, асцит болуы мүмкін, көкбауыр аймағында
кальцинаттар анықталады.
Ұйқы безі туберкулезі өте сирек және секция кезінде ғана
анықталады. Типті симптомдары анықталмаған

9. Ішек туберкулезі

Әдетте, өкпе, іш май ішіндегі лимфа түйіндерінің немесе басқа
ағзалардың туберкулезінің өршуі нәтижесінде дамиды.
Патогенезі: Ішек туберкулезі бастапқы туберкулез кезінде
патогенезі мен патологиялық анатомиясы мезентериалды
лимфа түйіндерінен ТМБ лимфогенді диссеминациясына
байланысты. Деструктивті өкпе туберкулезі бар науқастарды
микобактериямен зарарсызданған қақырықты жұтқанда
ішекке өтеді. Екіншілік туберкулез кезінде ТМБ гематогенді
және лимфогематогенді жолмен ішек қабырғасына түсуі,
төмпешікті бөртпелер, инфильтраттар, эрозифті түзілістер,
кейде туберкулезді жалған ісіктер жиі илеоцикальды аймақта
дамиды. Туберкулезді жаралар ішек қабырғасының барлық
қабатын зақымдауы мүмкін, оның тесілуі және таралуы
салдары – жедел перитонитке алып келеді. Туберкулезді жара
жазылған соң, тыртықтар қалады және ішектің тыртықты
стенозын дамытады.

10.

Ішек туберкулезінің клиникалық көрінісі:баяу, симптомсыз
жүреді. Іштегі ауырсынудың белгілі локализациясы жоқ, бірақ
кейіннен оң жақ мықын аймағында қалады. Жүрек айнуы мен
құсуы үнемі емес, әдетте өршу кезеңінде болады. Науқастарды
тұрақты емес нәжіс мазалайды: жиі іш қату, сирек іш өту. Өршу
кезінде іш біршама үрленген, пальпация кезінде жұмсақ.
Ауырсынатын тығыз соқыр ішек пальпациялануы мүмкін.
Асықынулары: ішек өтімсіздігі, жара перфорациясы, қан кету,
перитонит.
Диагностикасы: Балаларда туберкулинге гиперергиялық
реакциясы, ішек туберкулезін анықтауға жақсы мүмкіндік.
Асқазан және он екі елі ішек туберкулезінде жоғары ақпаратты
зерттеу әдісіне биопсиямен гастродуоденоскопия, жуан
ішектің туберкулезінде биопсиялы колоноскопия жасалады.
Биоптаттарды гистологиялық зерттеуге туберкулез диагнозын
анықтауға жіберіледі.

11. Туберкулезді мезаденит

Сырқат балаларда бастапқы туберкулез кезінде, ал
ересектерде екіншілік туберкулез кезінде дамуы
мүмкін. Жұқпа шажырақай лимфа түйіндеріне
лимфогенді жолмен енеді. ТМБ алиментарлы жолмен
жұғып, шажырақай түйіндеріне жұқпаның өтуін де
терістемеу қажет. Үрдіс жиі лимфа түйіндерімен
шектелмейді, ол іш майына, ішекке, жамбас
қуысының ағзаларына таралады.

12.

Шажырақай лимфа түйіндері туберкулезінің і формасын
ажыратады:
инфильтративті, егер лифоаденоидты тіннің
гиперплазиясымен;
фиброзды, туберкулезді төмпешіктермен қоса
аздаған лимфа түйіндері тінінің фиброзы болса;
фиброзды-казеозды.

13. Клиникалық көрінісі

Мезадениттің жедел ағымында іштің кіндік және оң жақ
мықын аймағында ауырсынумен сипатталып, ұстаманың 23 сағатқа созылуы, ауырсынудың жоғары
интенсивтілігінен жедел ішке күдіктенуі мүмкін.
Созылмалы ағымында ауырсынулар әртүрлі, сыздап
ауырсынудан, шаншып ауырсыну сияқты ұстама тәрізді
ауырсынулар болады. Олар жүрген кезде, физикалық
жүктеме кезінде, метеоризм, клизмадан кейін күшейеді.
Диспепсиялық бұзылыстар жиі: тәбетінің төмендеуі, құсу,
жүрек айну, тұрақсыз үлкен дәрет. Көмірсу, май алмасу
және сіңірілу процессінің бұзылысы әсерінен, арықтау.
Асқынулары:
суық абцесс түзілген казеозды лимфа түйіндерінің
таралуы;
ауыр туберкулезді перитонит, түйілу дамуымен.

14.

Қарау және пальпация кезінде, іштің кебуі, зақымдалған
лимфа түйіндері аймағында іш қабырғасының қатаюы
және ауырсынуы анықталады. Терең пальпацияда
шажырақай лимфа түйіндерінің конгломераттар(ісік
тәрізді ұлғайған лимфа түйіндері, пальпацияда
ауырсынумен) сезіледі. Туб.мезаденитке тән 2 симптом:
Мак-Фенден симптомы(кіндік маңындағы ауырсыну) және
Клиин симптомы(науқасты сол жақ бүйіріне жатқызғанда
ауырсынудың сол жаққа қарай ауысыу)Жиі аорта
пульсациясының күшеюі, туб.мезадениттің көрінісі болып
табылады. Перкуссида конгломерат үстінен тұйықталған
перкуторлы дыбыс естіледі. Тексеруді аш
қарында(тазарту клизмадан кейін) жасау керек

15. Туберкулезді перитонит

Ішперде туберкулезі лимфогенді немесе
гематогенді жолмен процесстің ішпердегі жайылуы
нәтижесінде дамиды. Перитониттің 3 формасын
ажыратады:
- экссудативті
- жабысқақ
- жара

16.

Экссудативті туберкуледі перитонит құрсақ қуысына
экссудаттың жиналуымен сипатталады. Ауру баяу
басталады, іштегі анықталмаған ауырсынулармен,
түрақсыз дәрет, субфебрильді температура, айқын
интоксикация симптомы кезінде диспепсиялық
бұзылыстармен көрінеді. Қарап тексергенде іштің кебуі,
ауырсынады, венозды тоқырау әсерінен көктамырлардың
кеңеюі көрінеді. Ішпердені тітіркендіру симптомы
жазылған, асцит анықталады. Туб.перитониттің
экссудативті формасы қолайлы өтеді, экссудаттың толық
сіңірілуімен.

17.

Жабысқақ формасында ағымы ьолқын тәрізді. Науқастар
жалпы әлсіздікке, іштің ұстама тәрізді ауырсынуына, жүрек
айну, құсуға шағымданады. Ұзақ уакыттан кейін іш өту, кейде іш
қату болуы мүмкін. Қарап тексергенде құрсақ қабырғасының
қатаюы және қатты ауырсынуы болады. Кейбір науқастарда
тығыз, әртүрлі формадағы ісік тәрізді, аз қозғалмалы және жиі
ауырсынатын түзілісті анықтауға болады.
Науқастарда туб.перитониттің экссудативті және жабысқақа
формасында милиарлы төмпешіктер ірімшік тәрізді жайылады
да, париетальды және висцеральды ішпердеде казеоздынекротикалық жаралар түзеді. Клинкалық көрінісі айқын. Тері
және көзге көрінетін шырышыты қабаттары бозарған, цианоз,
көздері кіріккен, жиі құсу, іш кебу, тілі құрғақ, дене
температурасы жоғары болады. Ауру өте ауыр өтеді, ішкі
ағзаларға және ішперде қабырғасынан шығатын жыланкөздер
ретінде асқынуы мүмкін.

18. АТ диагностикасы

Жалпы қан анализінде: эозинофилия, нейтрофильды
солға жылжу, лимфопения, гемоглабин төмендеген, ЭТЖ
жоғары.
Қан сарысуында альфа-2 және бета глобулин
фракциялары жоғарлағандықатан альбуминді-глобулинді
коэффициент төмендейді.
Нәжісті жасырын қанға тексері АТ кезінде теріс.
Капрограммада ас қортыу бұзылыстарынң көрінісі
ретінде ғана көрінеді.
Балаларға туберкулинді сынама жасау. Гиперергиялық
реакция болады.
Иммунологиялық зерттеулерде серологиялық
реакцияларда туберкулезге қарсы антиденелер титрін
анықтайды : РНГА, РСК, ИФА.

19.

Рентгенологиялық зерттеу
Ішек туберкулезі кезінде оны функционалдық және морфологиялық
деп бөледі. Функционалды көріністеріне сегментарлы гиперпластика,
жергілікті спазм, толудың спастикалық ақауы, соқыр немесе мықын
ішекте барий контрасты заттың тұрып қалуы, при туберкулёзе
кишечника подразделяются на функциональные и морфологические.
К функциональным признакам относятся сегментарная
гиперперистальтика, локальный спазм, спастический дефект
наполнения, задержка бариевой взвеси в подвздошной либо слепой
кишке, ішек ілмектерінің сегментарлы кеңеюі.
Морфологиялық өзгерістері – соқыр ішектің контурының өткірленуі,
қысқаруы, деформациясы. Әктенуі, илеоцекальды қақапақшаның
тұрақсыздығы, толу ақаулығы және ішкі жыланкөздер.
Туберкулёзды перитонит кезінде: барийдің жіңішке ішек саңылауы
арқылы кедергісіз өтуі, ішек ілмектерінің өзара жабысуы, ішек
өтімсіздігінің динамикалық бұзылысы (Клойбер тостағаншасы).
УДЗ
Лапароскопия (зерттеуге арналған материалды бактериологиялықгистологиялық зерттеу)

20.

Ішек туберкулезінің дифференциалдық диагностикасын
жедел аппендицит, жаралы колит, дизентерия, ішек ісігі,
гельминтоздармен жасайды.
Ішперде туберкулезін жедел аппендицит, жабсу ауруы,
жарықтар, холецистит, энетроколитпен ажырату
диагностикасын жасайды.
Туберкулёзды мезаденит жедел аппендицит,
бейспецификалық мезаденит, холецистит, жедел
панкреатит, асқазан және 12 елі ішек жарасы,
лимфогранулематоздың мезентериальды формасы.

21. Емі

Ішек туберкулезімен ауыратын науқастар ұзақ уакыт бойы (1218 ай) туберкулезге қарсы химиотерапиямен емделеді.
Изониазид, Этамбутол, Рифампицин.
Диета және симптоматикалық терапия.
Ішек өтімсіздігі , ішек тесілуі, жыланкөздер анықталса,
зақымдалған жердің резекциясы.
Туберкулезді перитонит кезінде химиотерапия 18-24 ай.
Глюкокортикостероидтар тағайындау. Жабысу интенсивтілігін
төмендету үшін.
Санаторлы-курортты ем
Абдоминалды туберкулездің болжамы ауыр, жара
формасында өлімділік жоғары.

22. Қолданылған әдебиеттер:

1.Фтизиатрия М.И Перельман,И.В Богадельникова
2012 ж
2.Туберкулез. М.И Перельман,В.А Корякин,Н.М
Протопопова 1990ж.
3.Интернет материалдары:
http://www.medsecret.net/
http://ftiza.su/tuberkulez-muzhskih-polovyih-organov/
English     Русский Правила