Қазақстанның ғылыми фармакологиясына енгізілген дәрілік өсімдіктер
Дәрілік жалбызтікен
Дәрілік жалбызтікен
Дәрілік жалбызтікен
Химиялық құрамы
Қолданылуы
Кәдімгі мыңжапырақ
Кәдімгі мыңжапырақ
Химиялық құрамы
Емдік қасиеті және қолданылуы
Жебіршөп
Жебіршөп
Химиялық құрамы және қолданылуы
Қолданылуы
Зизифора
Зизифора
Қолданылуы
Үлкен бақажапырақ
Үлкен бақажапырақ
Жинау мерзімі
Қолданылуы
10.29M
Категория: МедицинаМедицина

Қазақстанның ғылыми фармакологиясына енгізілген дәрілік өсімдіктер

1. Қазақстанның ғылыми фармакологиясына енгізілген дәрілік өсімдіктер

2. Дәрілік жалбызтікен

• Дәрілік жалбызтікен(Althaea officinalis)
• Құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп
өсімдік.
• Жалбызтікен бүкіл Еуропа мен Азияға тараған.
• Ылғалды және фосфорлы жерді жақсы көреді

3. Дәрілік жалбызтікен

• Биіктігі 60-150 см – ге жетеді.
• Өсімдіктің сыртын қалың түк
басқандықтан оның түсі сұрғылт
жасыл. Тамыр сабағы өте
жуан,бірақ қысқа ,ал одан өте
қуатты білеу тамыры өседі.
• Өсімдіктің өзіндік әлсіз иісі бар.
• Дәмі тәттілеу.
• Маусым айынан бастап
қыркүйекке дейін
жапырақтардың қуыстарындағы
ашық-қызғылт түсті, қысқа
аяқтары бар гүлдері гүлдейді

4. Дәрілік жалбызтікен

• Дәрілік өсімдік шикізаты- оның тамыры
• Тамырлары көлденең дамиды, тармақталған тамырсабағы бар,
оның қалындығы саусақпен бірдей.
• Жалбызтікеннің тамырының біршама бөлігі сілекейлішырышты заттан құралатындықтан, түрлі ісік, қабыну
ауруларына ем.
• Тамырының құрғақ экстратынан «Мукалтин» таблеткасын
жасайды.

5. Химиялық құрамы

• Шикізатта 10 %-жуық пентозан,
гексозан (арабинан, глюкан,
рамногалактуран) қоспасы болып
табылатын шырыш бар, дәл сондай
жуық мөлшерде пектин заттары 37%
дейін крахмал, 10% дейін
сахарозалар, 1,5-2% тоң май, бетаин
заттары болады.

6. Қолданылуы

• Препараттар: ұнтақ, тұнба
және шәрбат түрінде
қолданылады
• Дәрілік жалбызтікен
тамырының медициналық
қолданылуы: тыныс
жолдарының қабынуы
жағдайында,сондай-ақ ауыр
гастрит, энтероколит, іш
өту кезінде, қақырық
түсіретін және жараны тез
бітіретін зат болып табылады.

7. Кәдімгі мыңжапырақ

• Кәдімгі мыңжапырақ ,
ақбас жусан (лат. Achillea
millefolium)
• Астралылар тұқымдасы,
мыңжапырақ туысына
жататын, көп жылдық шөп
тектес өсімдік.
• Қазақстандағы 12 түрдің
арасында кең таралған түрі,
орманды дала мен далаларда
және құрғақ шабындықтарда
өседі.

8. Кәдімгі мыңжапырақ

• Биіктігі 70 см болатын сабағы біреу
немесе бірнеше, қатты.
• Тамыр сабағы көлбеу өседі, оның
жоғарғы жағынан бір топ тамыр
жапырақтары мен сабағы өсіп
шығады.
• Жапырағы көп ланцет тәрізді, 2-3
қауырсынды салаланған. Әр саласы
бірнеше жүздеген сегменттерге
бөлінеді, сол себептен «мыңжапырақ»
есімі берілген.
• Сыртқы гүлдері дара жынысты,
күлгін, қызыл түсті. Ішкі гүлдері
қосжынысты, түтік тәрізді.
• Тозаңқабы — сары.
• Жемісі ұсақ тұқымша, жәндіктермен
тозаңданады.
• Тұқым төгілу арқылы таралады.
• Шілдеден күзге дейін гүлдейді.

9. Химиялық құрамы

• Құрамында ахиллеин алкалоиді, эфир майлары,
камфора, құмырсқа, сірке, валериан, аконит,
аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері,
фитоцидтер бар.

10. Емдік қасиеті және қолданылуы

• Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын,
қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін,
жарақаттардың жазылуын тездететін, қан
тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді
тыныштандыратын қасиеттері бар.
• Осыған байланысты өсімдікті жатырдан,
өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой
түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара
түскенде пайдаланады.
• Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға
да тұнбасын жағады және жапырақтарын
таңып қояды.
• Халық медицинасында өт қалтасына тас
байланғанда және бауыр ауруларын, бронхтың
қабынуын, геморройды емдеу үшін қолданады

11. Жебіршөп

• Жебіршөп (лат. Thymus serpyllum) – ерінгүлділер тұқымдасы,
жебір туысына жататын жартылай бұта.Қазақстанда Алтайдың
аласа тау жоталарында, Сарыарқада кездеседі.

12. Жебіршөп

• Биіктігі 12 – 13 см, діңі сүректі,
бұтақтары тік, жиегі тегіс жапырақтары
қарама-қарсы орналасады.
• Гүл тостағаншасы қоңырау пішінді,
күлтесінің ұзындығы 6 – 8 мм,
алқызғылт түсті. Ұсақ гүлдері масақ
гүлшоғырына топтанған.
• Маусым – тамыз айларында гүлдеп,
жеміс салады. Жемісі – жаңғақша.

13. Химиялық құрамы және қолданылуы

• Дәрілік шикізатының құрамында ащы және илік
заттар, флавоноидтар, шайыр, кейбір минералды
тұздар, урсоль және олеаноль қышқылдары, майлар
және басқа да заттар бар.
• Мал дәрігерлері тас шөпті тыныс алу органдары
ауырған кезде қақырық түсіру үшін, өңеш қуысын
кеңейту үшін,сондай – ақ ішектің кебуін басу үшін
және зәр, тер шығаруды үдету мақсатымен қолданады.
• Құрғақ дәрілік шикізат ірі қара мен жылқыға – 20 – 60
г, қой мен ешкіге – 10 – 15 г, бұзау мен құлынға – 20 –
30 г, қозыға – 5 – 10 г мөлшерінде беріледі. Тұүнба
1:10 қатынаста жасалады. Майдаланған тас шөп
малдың іріңді жаралары мен сыздауығын емдеуге де
қолданылады. Көзі ауырған малды емдеу үшін 50 – 60
грамм дәрілік шөп қайнап тұрған 1 литр суға салып, 15
– 20 минут тұндырылады да, екі қайтары сүзіліп,
малдың көз алмасын шаяды.

14. Қолданылуы

• Медицинада тасшөп препаратын
қақырық түсіруге, жүйкені
тыныштандыруға, радикулит және
неврит кездерінде құрысуға қарсы
қолданады.
• Халық медицинасында тасшөпті
тыныс жолы, бүйрек пен қуық, іш
ауырғанда, ұйқы қашқанда, бас
ауырғанда, өкпе туберкулезіне
шалдыққанда береді.
• Сондай-ақ косметикалық бұйымдар
жасауда, тамақ өнеркәсібінде
пайдаланылады

15. Зизифора

• Райхангүл, көкемарал, киікоты (Zіzіphora) – ерінді
гүлділер тұқымдасының бір туысы
• Зизифора әлем бойынша барлық жерде өсіріледі. Бірақ
өсімдіктің отаны Үндістан мен Иран.

16. Зизифора

• Зизифора көп не бір жылдық хош иісті шөптесін өсімдік.
Жапырағы бүтін жиекті, қарама-қарсы орналасқан.
• Жапырағының ұзындығы 0,6-2,5 см, ені 0,3-1,2 см. Гүлі ұсақ,
қос ерінді, себет гүл шоғына топтанған, аталығы 2, шілде –
тамызда гүлдейді. Түсі жасыл не күлгін.
• Монғолияда, Батыс Қытайда, Қазақстанда Көкшетауда, Қырғыз
Алатауында, көбіне тау беткейлерінде өседі.
• Райхангүлдің Қазақстанда 6 түрі: нәзік Райхангүл (Z. tenuіor),
Бунге Райхангүл (Z. bunge), үзілме Райхангүл (Z. іnterrupta),
Выходцев Райхангүл (Z. vychodcevіana), памиралай Райхангүл
(Z. pamіroalaіca), иісті Райхангүл (Z. clіnopodіoіdes) өседі.
• Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей,
Қырғыз Алатауында, Ұлытауда, Шығыс Қазақстан, Ақмола
облыстарында таралған.

17. Қолданылуы

• Зизифораның көбі хош иісті (әсіресе иісті
Райхангүл, нәзік Райхангүл және сопақ бас
Райхангүл, т.б.), жапырақтары мен гүлінде хош
иісті эфир майы болғандықтан парфюмерияда
қолданылады және медицинада дәрі жасалады,
гүлінен ара бал жинайды.
• Иісті Киікотынан парфюмерияда
пайдаланылатын эфир майы алынады.
Киікотының құрамында алкалоидтар,
гликозидтер, органикалық қышқылдар бар.
Бұлардың бәрі дерлік – балды өсімдіктер. Кейбір
түрі (Бунге Киікоты) медицинада дәрі жасау
үшін пайдаланылады.
• Бүнге киікоты Herba Ziziphorae bungeanae –
бүнге киікотының шөбі. Бунге киікоты тұнба,
экстракт түрінде жүрек-қантамыр дерттерінде
қан қысымын төмендету үшін, атеросклерозда
қолданылады. Қабынуға гастриттерде,
жараларды емдеуде қолданылады

18. Үлкен бақажапырақ

• Бақажапырақ , тартар, жолжелкен (лат.
Plantago) – бақажапырақ тұқымдасына жататын
бір немесе көп жылдық шөптесін, кейде шала
бұта түрінде өсетін өсімдіктер туысы.
• Жер шарының барлық жерінде өседі, 260-қа
жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық
облыстарында таралған 16 түрі бар. Оның
ішінде үлкен бақажапырақ (P. major), орташа
бақажапырақ (P. medіa), қандауыр бақажапырақ
(P. lanceolata) түрлері көбірек тараған. Олар
өзен-көл жағалауларында, тарда, шөлді-далалы,
арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында,
құрылыс маңында өседі.

19. Үлкен бақажапырақ

• Сабағының биіктігі 20 – 70 см-дей. Жапырақтары
сопақша, жалпақ қандауыр пішінді, бүтін жиекті, олар
тамыр түбіне шоғырланып өседі. Сабақ бойына қарамақарсы, кейде кезектесіп орналасады.
• Ұсақ гүлдері ақшыл қоңыр, сиректеу ашық көгілдір түсті,
масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Мамыр – қыркүйек
айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қос ұялы
қорапша. Піскен кезде жарылып ашылады.
• Тұқымы мен жапырақ құрамында гликозид, каротин,
фитонцид болады, сондықтан оны медицинада
пайдаланады

20. Жинау мерзімі

• Гүлдеп тұрғанда дәрігер
бақажапырақтың жапырағын
жинайды. Қағазға немесе шүберекке
жайып кептіреді. Ауық-ауық
аудандастырып тұру керек, жапырақ
сағағының морт сына бастауы
кепкені. Кепкен жапырақты сақтау
мерзімі- 2жыл. Мерзімі өткенді
қабылдауға болмайды, емдеудің
орнына улаы ғажап емес. Күзде
тұқымдарын жинайды.

21. Қолданылуы

• Бақажапырақты білмейтін адам жоқ
деуге болады, себебі дәрілік
мақсатта ата-бабаларымыз жиі
қолданған. Оның ең бастысы: теріне
шыққан жараның барлық түріне
тартқан. Асқазан ауырғанда
жапырағын езіп шырынын ішкен.
Осы күнгі халық медицинасында
бақажапырақты әртүрлі ауруларға
пайдаланады. Бақажапырақтың
жапырағында аукубин глюкозиді,
ащы зат, илік заттар, калий тұзы,
лимон қышқылы, 11% шырышты
зат, каротин майы, нәруызды заттар
мен майлар болады.
English     Русский Правила