Похожие презентации:
Жошы хан
1.
Әл-Фараби атындағыӘл-Фараби
Ұлттық
Қазақатындағы
Ұлттық Қазақ
университеті
Университеті
2.
Тақырыбы:Жошы хан
Орындаған:
Тексерген:
3.
Кіріспе:1. Жошы ханның өмірбаяны мен атқарған
қызметі
2. Жошы ханның ұрпақтары
3. Жошы ханның өлімі
4. Жошы хан мазары
5. Қорытынды.
6.Пайдаланылған әдебиет тізімі.
4.
Ұлы қобасшыЖошы хан
5.
Жошы ханЖошы Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы. Өмірінде 60тан аса ірі шайқасқа қатысып, әлемнің 200-ге жуық
қала, қамалдарын бағындырған әйгілі қолбасшы, әрі
батыр. Ол алғаш 1207 жылы Орман жұртын қан
төгіссіз бағындырды. 1211-1216 жылдары Алтын
еліне қарсы, 1219-1224 жылдары Хорезм жорығына
қатысып Сыр бойындағы 26 ірі қала, қамалдарды
басып алды. 1223-1224 жылдары Самарқан, Үргеніш
үшін болған ірі шайқастарға қатысты. Соғыстан
кейін әкесінің ұсынысымен Қыпшақ даласын үлесіне
алып, осында өз ұлысын құрды. Бұл тарихта «Жошы
ұлысы» немесе «Қыпшақ хандығы» деп аталады.
1224 жылы Ертіс бойында өз Ақ Ордасының
шаңырағын көтерді. Жошы қаншама қанды
қырғындарға
қатысқанымен
табиғатынан
ымырашыл, бейбітшілік сүйгіш адам ретінде
танылады. Біздің Қазақ мемлекетінің хандары
Жошының тікелей ұрпақтары. Жошының кім екенін
осылардан-ақ біле беруге болады.
6.
Жошы ханның өмірге келуі1187-1227 жылдар
аралығында өмір
сүрген.
Анасы қоңыраттардың тайпабасы Дей
шешеннің қызы Бөрте. Оны әрбір қазақ
біледі. Ал әкесіне келсек, Бөрте
меркіттерге қолды болады. Меркіт Ике
Шілегер палуанның әмеңгерлігінде бір
жылға жуық уақыт болып, құтқарылып
қайтып келе жатқан жолында Жошыны
туған. Жошының «меркіттігі» талай рет
оның бетіне басылды. Моңғолдың
ресми тарихында Жошы ұрпағынан ұлы
қаған шықпағандығының себебін оның
жаттан
туылғандығымен
байланыстырады. Кейін Шыңғыс хан
әйелін
Керей
хандығының
билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен
тұтқыннан босатып алады.
7.
Жошы ханның жасаған жорықтарыЖошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің
жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да
басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы
бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс
Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады.
Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына
жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының
кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах
әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.
1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып,
Ырғыз озенінің бойында Хорезм шаһы Мухаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады.
Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы
шайқастан кейін Мухаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты.
Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.
1220-1222жылдар
аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент тағы
басқа қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды.
1223 жылы әкесінің ұйымдастыруымен өткен Құланбасы жазығында өткен құрылтайға
қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені
үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа
қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының тұяғы жеткен"
төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс
өзені бойында орналасты.
8.
Жошыханның
ұрпақтары
9.
Шыңғыс ханның ұрпақтары Орталық Азияда аталарының қиратқандарынқалпына келтіріп, әрқайсысы өз иелігіндегі елдің, жерінің іргесін бекітіп, дамыту
үшін жүргізген жанкешті күресімен айшықталады. Екі кезеңдегі алға қойылған
мақсаты пен атқарған міндеттер бір-біріне ұқсамайды.Оны атқарушылары да
мүлдем басқа буын өкілдері болды.
П.Савельев, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты
туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның
немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы
Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы
— Тоқа Темір —Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан
өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 13681369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға
бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин
Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 13761377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір
сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай
қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ
Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.Орыс хан
қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған
екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария
өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа
отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай
қаласын бағындырған.
10.
Жошы ханның мезгілсіз жұмбақ өліміТарихта Жошы ханның өлген уақыты туралы кесіп пікір айтқан адам - Парсы тарихшысы Казвини.
Автор өзінің «Тарих-и-Гузиде» (таңдамалы тарих) атты еңбегінде «Туши (Жошы) әкесінен 6 ай бұрын
өлді» деп атап көрсеткен. Шыңғыс хан 1227 жылы 16 тамызда 66 жасқа қараған шағында дүниеден
өткені белгілі. Егер Казвини айтқандай Жошы әкесінен 6 ай бұрын өлген деп қарасақ ол осы жылдың
ақпан-наурыз айында дүние салған болып шығады. Бірақ бұл дерек тарихи оқиғалардың желісімен
мүлдем сай келмейді.Шыңғыс хан 1225 жылы Ертісті жайлап, Галба тауының бөктерінде жеңіс тойын
тойлап, сол жылы күзде Туланың қара орманындағы өз ордасына қайтып оралғаны белгілі. Қаған осы
жылы, осы жұртта алда тұрған Си Ся жорығына байланысты ұлы жиын шақырды. Жиынға қағанның
ұлдары, әскер басылары мен нояндары тай тұяғы қалмай келеді. Денсаулығына байланысты тек Жошы
келе алмайды. Ұлы жиын кезінде «Жошының науқас дегені бекер, есен-аман Қыпшақ даласында
құлан аулап жүр» деген қауесет тарайды. Бұл хабарды естіп қаһарына мінген Шыңғыс хан өзі қол
бастап, Өгөдей, Шағатаймен бірге Жошыға қарсы аттанбақшы болады. Дәл осы сәтте «Жошы өлді»
деген суық хабар келіп жетеді. Қайталап айтайын бұл 1225 жылдың қоңыр күзі. Ал Шыңғыс хан Си
Ся жорығына аттанғаны 1226 жылдың күз айы. Осындай нақты деректерге сүйенген Джамал Карши,
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген моңғол тарихшысы Гомбожав және басқадай көптеген ғалымдар Жошы
1225 жылы күзде 46 жасында дүниеден өтті деген қорытындыға келген.
11.
Жошы ханныңөлімі туралы
ғалымдардардың
пікірі
12.
Шөлейттің климаты құрғақ, тымконтинентті. Жауын-шашын аз, жылдық
жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм
аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың
басында жауын-шашын мол түседі, кыста
және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде
ыстық. Шілденің орташа температурасы
22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін
жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер
басым болады.
Қаңтардың орташа температурасы -15°17°С, ең төменгі температура зонаның
шығысында (-50°С) байқалады.
Шөлейт зонасында жазда өзендердің
көбінің
суы
тартылып,
кеуіп
кетеді.Тұрақты ағатын ең ірі өзендері Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз.
Шөлейт
зонасында
3000-нан
астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы
кермек немесе ащы болады
13.
Жошының мезгілсіз жұмбақ өлімі жайлы айтылған пікірлерді үшкетоптап қарастыруға болады.
Бірінші, Рашид ад-Дин, Юань-Ши авторлары, еуропалық тұңғыш
монғолтанушы ғалым К.Д'Оссон және соңғы кездегі көптеген авторлар
Жошы Үргеніш шайқасы кезінен (1223) сырқаттанып, науқасы асқынып
қайтыс болды деп жазады
Екінші, Н.Аристов, Бичурин қатарлы тарихшылар және В.Ян, Жузжани
қатарлы жазушылар Жошы Моңғол ордасы жансыздарының қолынан
қаза тапты деп пайымдайды.
Үшінші, Жошы Ұлытауда құлан аулап жүріп ат үсті жебе тартқан кезінде
аттан құлап алған ауыр жарақаты асқынып қайтыс болды делінетін
Өтеміс қажының пікірі.«Аттан құлап алған жарасынан» өлді дегенді
бірінші пікірдегілер де қолдайды. Қазақтың «Ақсақ құлан» күйі, аңызы
да осыны меңзейді. Ал екінші пікірге келсек онда әдеби сарын басым.
Біз осыларды сараптай келе Өтеміс қажының жазғаны шындыққа жақын
деп есептейміз
14.
Жошыханның
мазары
15.
Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауыныңетегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн
га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада
негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер
Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі.
Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы
жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.
Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге
де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның
көбі көктемде түседі.
Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық
әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° 26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда
70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына
септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын
қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың
түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде
ешқандай өсімдіктер өспейді.
16.
Жошы қазақ топырағында жерленгендігінде сөз жоқ. Мазарға келсек, ол Жошы ханға арналыптұрғызылғанына біз күмән келтірмейміз. Бірақ онда Жошы ханның сүйегі жоқ.
Біріншіден, Қағанның өзі және ұрпақтары о дүниеде де жауының көзіне түсіп қалмас үшін барлығы
мұқият жасырын болсын деген Шыңғыс ханның өз өсиеті бар. Жошы өлгенде қаған тірі болатын.
Әкесінің көзі тірісінде Жошы ханға мазар тұрғызылуы мүмкін емес. Тіптен атасынан 19-20 жыл кейін
дүние салған кіші держава билеушісі Баты ханның өзі қайда жерленгені қазірге дейін белгісіз.
Екіншіден, Мазардан 1946 жылы Марғұландар тапқан сүйек 70-72 жас шамасындағы ер адамға тән.
Ал Жошы 46 жасында о дүниелік болған адам.
Үшіншіден, Мазардың жер асты және жер үсті архитектуралық конструкциясы, қолданған құрылыс
материалы ХҮ-ХҮІ ғасырларға жатады.
Сондықтан В.Бартольд айтқандай мазарды Жошының мұсылманданған хан ұрпақтарының бейітсіз
қалған хан бабасына (Жошыға) арнап кейінірек тұрғызылған болуы әбден мүмкін. Мұндай салт біздің
мұсылман жұртында қазірде жалғасып жатыр ғой. Жошының кейінгі бірер ұрпағының сүйегі осы
маңда жатыр. Мазарды тұрғызған адам бабасының сүйегі тура осы нүктеде болмаса да осы аумақта
жатқанына шүбә келтірмеген болар.
17.
Қорытынды18.
Қара шаңырағы алғаш қазақ даласында көтерілген Жошыұлысы Европа мен Азияны жалғап жатқан ұлы дала
тарихындағы өте сирек құбылыс. Бұл адамзат
тарихындағы ұзақ уақыт сақталған державалардың бірі.
Александр Македонский құрған баянсыз держава оның
өзімен бірге кетті. Юли Цезарь құрған держава өзінен соң
10-12 жылға ғана жарады. Ал Жошы ұлысы державасы
260 жыл салтанат құрды. Кейде маған «егерде Орталық
Азияны моңғол аттылары жаулап алып өлкеге батыстан
келетін қауіпті - батысында, шығыстан келетін қауіпті шығысында,
оңтүстіктен
келетін
қауіпті
–
оңтүстігіндежүгендемегенде ұлы даланың бүгінгі саяси
картасы қалай болар еді?» деген ой келеді. Мүмкін
шығысынан Қытай, батысынан католиктер, оңтүстігінен
Араб халифаты келсе біздің көшпенділер сайда саны,
құмда ізі қалмай солардың біріне жұтылып кетер ме еді,
қайтер еді?! Ал қазақтың Ақ Ордасы сол алғашқы
мағынасында, сол өлкеде тәуелсіз мемлекет ретінде қала
берді. Сондықтан Ақ Орда, кейін Ақ Орданың орнында
қайта шаңырақ көтерген Қазақ хандығы Жошы ұлысының
заңды мұрагері болып табылады. Меніңше, Жошы хан,
оның ұрпақтарының қазақ тарихынан алатын баға жетпес
құндылығы да осында.
19.
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік
басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б.
Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап
баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
2. https://yadi.sk/d/OIMRGX0pKrbtn
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Жошы_хан