Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Жоспары
Кеуденің өтпелі жарасы
Қан кету, қан кетудің түрлері
Ситуациялық есептер
911.26K
Категория: МедицинаМедицина

Жарақаттар мен жаралар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету

1. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: Жарақаттар мен жаралар кезінде
дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету.
Орындаған:Айтниязова М
204 топ стоматология

2. Жоспары

1. Жара туралы түсінік
2. Жарақаттың механизмі мен жара алу заттың сипатына
байланысты қандай жаралар болады?
3. Жаралардың белгілері
4. Жаралар кезінде алғашқы медициналық көмек
5. Байламдарды салудың ережелері. Жалпы жағдайлар
6. Кеуденің өтпелі жарасы
7. Шамалы ғана жаралар мен тері сыдырылғанда медициналық
көмек
8. Қан кету, қан кетудің түрлері
9. Қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек

3.

Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі
органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара
кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып
ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген
Жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген
Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын
Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып
тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ
жара деп атайды.

4.

Жараның белгілері
Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы,
қызметінің бұзылуы. Тілінген жара. өткір заттармен жараланғанда
болады. Мұндай жараныңаузы ашылып тұрады. Қан ағысы жақсы,
тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар
көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында
жазылады.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі,
қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы
көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс
алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету;
жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе)
бұзылуы.

5.

Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жараланудағы бірінші көмек Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі
мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және
инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін
йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі. Жараға таңғышты қояр алдында
дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді
қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен
мақұл. Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс. Қан ағуды
уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу
мекемесіне алыа бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші
көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда еш нәрсені қайтадан
істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет.Жәрдем
көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып,
жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен
денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш
қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы
емдеу мекемесіне жөнелту керек.

6.

Жарақат механизмі мен жара алу сипатына
байланысты қандай жаралар болады?
Жарақат — сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат
әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады. Осыған
байланысты Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
1) механикалық Жарақат — сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе,
жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады;
2) термикалық Жарақат — жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы,
рентген сәулелері әсерінен;
3) химиялық Жарақат — қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;
4) биологиялық Жарақат — бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;
5) психикалық Жарақат — орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты
қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады. Жарақат жедел және созылмалы түрде
өтеді. Жедел Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.
Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы
күштің әсер етуінен болады.

7.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған
заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану:
баспалдақтан құлау, тұрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе
төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын
зақымдар);
5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

8. Кеуденің өтпелі жарасы

Кеуде жаракаітары атыс қаруынан немесе басқа заттардың салдарынан пайда болады.
Бүл жарақаттар плевра қуысының сыртында немесе ішінде болуы мүмкін.
Кеуде жарақатының ауырлығы канның кету колеміне, ты- ныс алу мен қан
айнылымыньщ бүзылу, жүйке- рефлектор- лык сырқаттану дәрежесіне байланысты.
Осының барлығы кеуденің ішіне өтіп кеткен жарақаттан көрінеді. Кеудеге өткен
жарақаттар кезінде клеткалар ашық пневмоторакс күрайды. Ашык пневмоторакс кезіиде
атмосфсра ауасы жаракат түсындағы плевра куысыпа еркін кіреді, бүл ауа жүтқан кезінде
кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде опың шамалы жиырылуына алып келеді.
Мундай жа- рақаттар ентікпе, жүрек қызметінің әлсіреуі сияқты киьш жаг- дайға алып
келеді. Жарақаттаыган адам мазасыз і үншығуды, мойын көк тамырларының
қабынғанының, жүректің лүпілін, кілегейлі қабықтардың көгеруін сезінеді.
Плевра қуысындағы гемоторакс кезінде, қанның ағуы окпенің әлсіреуше және аралык
перденің жылжуына алып келіп, сол аркылы тыныс алу мен кан айналымыныц ырғағын
бүзады. Жарақаттанушы бозарады, куре кан тымыры қысымы төмендейді, жүрек лүпілі
күшейеді, ентігеді. Жаракаттанушының халі мушкіл, тамыр соғыстарының жиілігі оте
жогары.

9.

Алғашкы медициналык және дәрігерлікке дейінгі комек есінен айрылган
адамньщ зейінін калпына келтіруге, тыныс жөне жүрек қызметін әлсірететін
кесапат күбылыстарды жоюға бағытталғап.
Ашық жарақат кезінде кеуде клеткаларынан қан ақкан кезінде қатты
таңғышты қою, ашык пневмотаракс кымтағыш танғышты кою, сырқатты
басатын және жүрекке жәйлі дәрі- дәрмекті енғізу аса маңызды.
Кеуде клеткалары закымдалған сыркаттарға (сүйек пен төстің сынуы, кеуде
клеткаларының сығылуы) барыпша еркін дем алу сәтінде катты таңғыш
байлайды. Тізерлей отырғызып сыркатты басу үшін егеді (2%- Імл
промедол).

10.

Тангыштын турлері жәие кеуде зақымдалган және -жараланған кезде тазартылған
таңғыш кою тәртібі.
Кеудеге спиральды немесе крест тәріздес таңғыш қояды. Спиральді таншш үшін
үзындығы 1,5 м жуық бинттің үшын түйеді (1), сау білекке таңып, кеуденің оң жағыпан
кисык күйінде калдырады (6 а). Бинтпен аркағіың төменгі жағынан спиральдік
жүріспен (2-9) оңнан солға кеуде клеткаларын орай- ды, бүдан кейін бинтті сол
қолтыққа орай отыра оң иык аркы- лы бос үшымен байланыстырады.
Крест тәріздес таңғышты кеудеге (6 б) 2-3 рет айналдыра (1-2) орап төменгі жағына
кояды, содан соң арқа жақтан сол білекке (3) оң білектің төменгі жағы аркылы орай
отыра (4) әкеледі, бинтті тағы да кеуде клеткасының түбіне әкеледі, со- дан соц
білектерді ауыстыра таңғыіиты кеуде клеткасының жанынан айналдыра (5) орап, соңғы
орамдағы бинттің үшын туйреуішпен бекітеді.

11.

Кеуде клеткаларының ішкі жарасына мүмкіндігінше жыл- дамырақ сырткы
тазартылған жағымен резинадан істелген кабықты орау қажет, ал оған жеке
таңу пакетіндегі тазартқыш жастықшаларды қойып, қатты байлап тастайды.
Пакет жок болса, герметикалық таңғышты, 7-ші суретте көрсетілгеьщей,
жапсырғышты пайдалану арқылы коюға бо- лады. Жапсырғыш жолақтарын
жарадан 1-2см жогары етіп теріге желімдейді, сөйтіп жараның бүкіл үстін
жабады. Жап- сыргышка тазартылатын салфетка немесе 3-4 кабатты тазартылатын бинт кояды, бүдан ксйін макта кабатын қатты бай- лап тастайды.

12. Қан кету, қан кетудің түрлері

Қан кету (грекше — қан, — ағу) — қанның жүрек-қантамыр
жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары
мен тамырлардан).
Қан кетудің түрлері
Артериялық қан кету — өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады.
Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және
қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара — көк түсті қанның үздіксіз
бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу
нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда
жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету
көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі
бар. Капиллярлық қан кету.
Аралас сипатты қан кету негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен
көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан
үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады.
Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар
жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті
ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды)
болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда
паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан
қан өздігінен тоқтауы мүмкін.

13.

Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық
белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан
қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның
салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне
көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп
соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады. ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері,
негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.
Қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөледі. жеңіл, орташа, ауыр,
массивті (аса ауыр).
жеңіл дәрежесі — АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
орташа дәрежесі — АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
ауыр дәрежесі — АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 — 2000мл) массивті
дәрежесі — АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)

14.

Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату
Қан кетуді тоқтату үшін: жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;
Қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып,
үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай
4-5 минуттай
ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа
пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала
отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді
бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –
саусақтардан денеге орайды;
Қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса,
жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап
байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу
дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан
кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан,
әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін
жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал
ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі.
Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге

15.

Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату.
Егер буынды бүгу тәсілін қолдану мүмкін болмаса (мысалы сол аяқ-қолдың сүйектері
сынған кезде) қатты қан кету кезінде бұрау салу арқылы барлық аяқ-қолды тартады.
Бұрау ретінде қандай да бір жұмсақ созылатын матаны, резеңке түтікті, бауды және тағы
басқа қолданған дұрыс. Бұрауды салу алдында аяқ-қолды тартады.
Егер көмек көрсетушінің қасында көмекшісі болмаса алдымен артерияны саусақтармен
басуды зардап шегушіге тапсыруға болады.
Бұрауды дененің бөлігіне жақын иыққа немесе жамбасқа салады. Бұрау салатын жерді
теріні зақымдамау үшін жұмсақ, мысалы бірнеше қабатталған бинтпен немесе дәкемен
орайды. Бұрауды жеңнің немесе шалбардың сыртынан салуға болады.
Бұрауды салу алдында оны созып, содан кейін онымен терінің барлық жерін бұрау
ортасында ашық жер қалдырмай аяқ-қол қатты оралады.
Бұраумен аяқ-қолды тарту кезінде оны аса қатты байлауға болмайды, себебі олар
тартылып жүйке тамырлары зақымдануы мүмкін. Бұрауды қан кету тоқтағанға дейін
салады. Егер қан кету тоқтамаса, онда қосымша (қаттырақ байлап) бірнеше қабат бұрау
салынады.
Бұраудың дұрыс салынғандығын тамырдың соғуы бойынша тексереді. Егер оның
соғылуы сезілсе, онда бұрау дұрыс салынбаған және оны алып қайта салады.

16.

17.

18.

Салынған бұрауды 1,5-2,0 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұл қан бармаған аяққолдың жансыздануына әкеп соғады.
Салынған бұраудан болатын сыздаудың соншалықты ауыр болатындығына
байланысты уақытша бұрауды шешуге тура келеді. Мұндай жағдайларда бұрауды
шешу алдында қан ағып жатқан артерияны саусақтармен басу және зардап
шегушінің дем алуына, аяқ-қолға біршама қанның баруына мүмкіндік береді. Содан
кейін бұрауды қайта салады. Бұрауды біртіндеп және ақырын босатады. Егер зардап
шегуші бұраудың әсерінен болған сыздауға шыдайтын болса да, бір сағаттан кейін
оны 10-15 минутқа шешеді.
Егер қол астында резеңке лента (бұрау) болмаған кезде аяқ-қолды созылмайтын
материалдан: галстуктан, белдіктен, ширатылған орамалдан немесе сүлгіден, жіптен,
белбеуден және тағы басқа жасалған орап бұрау арқылы тартуға болады.
Орап бұрауға пайдаланылатын материал жұмсақ (мысалы бірнеше қабат бинтпен)
жабылған тартылатын аяқ-қолдың айналдыра өткізіледі және аяқ-қолдың сырт
жағынан түйінделіп байланады. Осы түйінге немесе оның астына таяқша түріндегі
қандайда бір зат салынады, ол қан тоқтағанға дейін бұралады. Жеткілікті дәрежеге
дейін таяқшаны бұрап, өздігінен тарқатылып кетпеуі үшін оны бекітеді.
Бұрауды салғаннан немесе орап бұрауды жасағаннан кейін оны салған уақыт
көрсетілген жазба жасайды және оны бинт немесе бұрау астындағы оралған жерге
салынады. Аяқ-қолдың терісіне жазуға да болады.

19. Ситуациялық есептер

1. Көшедегі төбелес кезінде жас жігіт кеудесіне пышақпен жарақат алды.
Жараланған адамда ашық пневматоракстың белгілері байқалады. Жара
аймағында демді ішке тарту мен шығару қимылында пайд болатын
сартылдатқан және шөпілдеткен дыбыстар етіліледі, демді шығарғанда жарадан
қан кету күшейеді және көбіктенеді.
Сіз оған қандай медициналық көмек көрсетесіз?
2. Атысу кезінде ер адам іштің төменгі бөлігінің оқпен атылған жарасын алды.
Жаралағанның кейбір ішкі мүшелері сыртқа шығып кеткен. Сіз не істейсіз?

20.

Қолданылған әдебиеттер
1.
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті
жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
2.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысшақазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3.
Ғаламтор желісі

21.

Назар аударғаныңызға
рахмет.
English     Русский Правила