Гастрит
2 түрі бар:
Этиологиясы:
Потогенезі.
Асказан шырышты қабатындағы өзгерістер көріністері:
Клиникасы
Алдын-алу: 
Емі:
1.43M
Категория: МедицинаМедицина

Гастрит. Жедел гастрит

1. Гастрит

Подготовил:
Ксенбай Алишер

2. 2 түрі бар:

1. Жедел гастрит -асқазанның шырышты қабықшасының
жедел қабынуы, асқазан қуысына түсетін (түскен) қтты
тітіркендіргіштің әсеріне байланысты болады.
2. Созылмалы гастрит - асқазан кілегей қабығының
жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының
бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің
атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік
метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық
моторикалық инкрециялық функцияларының
жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының
созылмалы қабыну ауруы.
Көбіне созылмалы гастрит кездеседі.

3. Этиологиясы:

• хеликобактерлік инфекция (95%)
• аутоиммундық фактор (15-18%)
• дуоденогастральдік рефлюкс;
• ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық
емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий
хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы
дәрмектердің т.б. әсері;
• алиментарлық факторлар (уақытымен
тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамай жұту, аса
өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға
әуесқойлық)
• зиянды әдеттер;
• өзге ағзалардың аурулары (анемия, өкпенің,
жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы
холецистит, панкреатит, дуоденит);

4.

5. Потогенезі.

Асқазанның қорғаныс жүйесі микробтарға қарсы
тұрып, шырышты сақтайды. Сондықтан экзогенді ЖГ
дамуына кажеті — патогеннің жоғары
концентрациясы не оның агрессивтігі. Патогенніц
шырыш қабатына әсерінің ұзақтығы да мәнді. Аса
ауыр жергілікті бұзылыс асқазан шырышының
химиялық күюінде дамуы мүмкін (коррозивті
гастрит).
Эндогендік жол да ықтимал, бұл жағдайда
асқазандағы қабыну үдерісі гематогендік жолмен
дамиды, бұл кезде тек жергілікті емес, аурудың
жалпы белгілері айқын болады. Кейде экзо,эндогендік тетіктің қабаттасуы мүмкін - мысалы,
жедел инфекцияда дәрі(лер) қолдану.

6.

7. Асказан шырышты қабатындағы өзгерістер көріністері:

8. Клиникасы

жедел гастрит көрінісі этиологиялық фактор
әсерінен соң 8-12 сағаттан кейін көрініс береді.
Алиментарлы себепті жедел гастрит дискомфорт,
жалпы әлсіздік, жүрек айну, сілекей ағу, ауызда
жағымсыз дәм пайда болумен білінеді.
Кейін бас айналу, тәбет төмендеу, бара-бар тәбеті
толықтай жойылады, қайталамалы құсу, ол
жақсаруға әкеледі және іштің жоғарғы жартысында
ұстама тәрізді сипаттағы ауырсынулар қосылады.
Құсық құрамында тағам қалдықтары анықталады.
Объективті қарағанда бала бозғылт, тілі ақ-сағыш
жабындымен жабылған, метеори- зм, эпигастрий
аймағында пальпацияда ауырсыну анықталады.
Ауру ұзақтығы – 2-5 күн.
Токсико-инфекциялық себепті гастритте жоғардағы
шағымдарға анық интоксикациялық симптомдар
қосылады: дененің фибрильді қызбасы, ұзаққа
созылған диарея, сусыздану симптомдары.
Ауру ұзақтығы 7-10 күн.

9.

10.

11.

12. Алдын-алу: 

Алдын-алу:
Ауру алдын-алу үшін тиімді тамақтану мен
тамақтану гигиенасын ұсыну керек.
Асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын
заттарды ұзақ қолданбау керек.
Жағымсыз, тұрып қалған тағамдарды қолданбау
керек.

13. Емі:

алғашқы 2-3 күні төсектік режим тағайындалады.
Емді асқазанды, ішекті тағам қалдықтарынан тазалауды бастайды.
Асқазанды жылы NaCl ерітіндісімен 1%-дық натрий гидрокарбонатымен,
минеральды немесе қайнаған сумен жуады, ал ішекті тазарту үшін клизма
қолданады.
Ішекке тұзды іш жүргізетін препараттар береді. Сусыздану байқалса,
изотониялық натрий хлориді ерітіндісін 5%-дық глюкоза ерітіндісімен,
Рингер ерітіндісін қосып парентеральды түрде тағайындайды. Тоқтаусыз
құсық кезінде 0,1 мл/жасына аминазин тағайындайды.
Маңызды орынды емдік тамақтандыру алады. Бұл кезде ана сүті, көп
мөлшерде сұйықтық – мұздатылған шай, натрий хлоридінің изотониялық
ерітіндісінің 5%-дық глюкозамен қосып тағайындайды.
Сұйықтықты аз мөлшерден жиі-жиі береді. Ересек балаларға кілегейлі суппюре, майсыз сорпалар, қытырлақ нан, кисель, ботқалар беруге болады, 5-7
күннен кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырады. Тағамның
рационынан ащы тамақтар, қуырылған ет, консервілер алынып
тасталынады.
Токсико-инфекциялық гастритте антибактериальды терапия (ампицилин,
оксациллин, ципорин, гентамицин), ферменттер, В-тобының витаминдерін
тағайындайды.
English     Русский Правила