Семей Мемлекеттік медицина университеті СӨЖ
Жоспар:
Шап каналының анатомиясы
Шап арнасының төрт қабырғасы бар: -алдынғы-сыртқы қиғаш бұлшық етінің шандыры (апоневроз) - артқы — көлденең фасция - жоғарғы —
Тік және қиғаш жарығының айырмашылығы
Қысылған шап жарығында шұғыл медициналық көмек:
5.34M
Категория: МедицинаМедицина

Қысылған шап жарығы

1. Семей Мемлекеттік медицина университеті СӨЖ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Такырыбы:Қысылған шап жарығы
Орындаған:Еркінов Е.Е 524-ОМ
Тексерген: Акимжанов К.Д
Семей-2016 жыл

2. Жоспар:

1) Шап каналының анатомиясы
2) Қысылған шап жарығы:
1)
2)
3)
анықтамасы
этиолгоиясы
түрлері
классификациясы
Клиника , диагностикасы
Шұғыл медициналық көмек
Госпитальды көмек: профилактикасы

3. Шап каналының анатомиясы

Алдыңғы құрсақ бетінінің төменгі бөлігінде орналасады.
Арнаның ұзындығы 4-5 см.
Еркектерде шап арнасы арқылы шәует шылбыры (funiculus
spermaticus) құрайды .
Әйелдерде шап арнасынан жатырдың жұмыр байламы
өтеді. (lig.teres uteri)
Жүктіліктің 2 триместрінде аталық бездің түсуі кезінде
түзіледі.

4. Шап арнасының төрт қабырғасы бар: -алдынғы-сыртқы қиғаш бұлшық етінің шандыры (апоневроз) - артқы — көлденең фасция - жоғарғы —

ішкі қиғаш
бұлшық ет және көлденең
бұлшық ет
- төменгі — шап
жалғамы.

5.

• Шап каналында 2 тесік
(өзегі) болады: anulus
inquinalis superficialis —
Беткей шап сақинасы
сыртқы қиғаш бұлшықет
апоневрозы
талшықтарының екі
аяқшаға ажырауы арқылы
түзілетін, ол аяқшалардың
біреуіне бекиді.Пішіні овал
тәріздес,ұзындығы -2-3
см,ал ені 1-2 см.Тері
арқылы сыртқы тексеруде
беткей шап сақинасы кіші
саусақ ұшын өткізеді.Әйел
адамдарда 2 есе кіші.

6.

• anulus inquinflis profundus— Терең шап сақинасы,
annulus inguinalis profundus, шап өзегінің fascia
transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да
сақина жиектерінен шәует шылбырына дейін созылып, оны
және атабезді бірге қоршайтын қабық, fascia spermatica
interna-ны түзеді. Одан басқа шап өзегінің артқы
қабырғасының медиалды бөлімінде m.transversus abdominisтің апоневрозынан шығып, тік бұлшықеттің жиегімен
төмен шап байламына түсетін сіңірлі талшықтармен
бекітіледі. Бұл шап орығы, falx inguinalis, деп аталады

7.

• 1 - передняя стенка пахового
канала (апоневроз наружной
косой мышцы живота); 2 верхняя стенка пахового канала
(нижние края внутренней косой
и поперечной мышц живота; 3 задняя стенка пахового канала
(поперечная фасция); 4 - нижняя
стенка пахового канала (паховая
связка); 5 - апоневроз наружной
косой мышцы живота; 6 паховая связка; 7 - внутренняя
косая мышца живота; 8 поперечная мышца живота; 9 поперечная фасция; 10 подвздошно-паховый нерв; 11 половая ветвь бедреннополового нерва; 12 - семенной
канатик; 13 - мышца,
поднимающая яичко; 14 - семявыносящий проток; 15 наружная семенная фасция

8.


Қысылған жарықтар
• Қысылған жарықтар – кенеттен жарық
қабының ішіндегі мүшенің, жарық
қақпасындағы қысылып, ишемия мен
тіндердің некрозына алып келуін
айтамыз.Қысылу асқыну ретінде 8-20 пайыз
жарыңы бар науқастарда пайда
болады.Қысылуға ең жиі шап жарыңы,
сирегірек сан жарығы және кіндік, іштің ақ
сызығының жарықтары, операциядан
кейінгі, Спигелиев сызығының жарығы
бейім.

9.

Этиологиясы:
• Туа бiткен жарықтар iш қабы қабырғасының даму ақауы немесе
жетiлмеуi нәтижесiнде дамиды. Мұндай балаларда туған кезiнде
дайын жарық қабы болады. Мысалы, туа бiткен қиғаш шап
жарығы.
• Жүре пайда болған жарықтар незiнде екi факторларды ажыратады:
• іш құрсақ қысымына
• көтерілуіне әсер етуші
• фактор
бейімдеуші фактор

10.

Ішқұрсақ қысымының
көтерілуіне әсер етуші
факторлар:
Ауыр физикалық еңбек
Іш қату
Зәр шығарудың қиындауы
босану
Өкпені созылмалы
аурулары
Ұзаққа созылған жөтел
Жиі жүрек айну
Бейімдеуші
себептері:
Конституционалды
ерекшеліктері
тұқымқуалаушылық
Жыныс
Жас ерекшелігі
Коллагендік аурулар

11.


Шап жарығының түрлері
Сыртқы, қиғаш, түзу емес (hernia inguinalis obliqua,
externa, indirecta) жарықтар аурудың ең жиі кездесетін,
туа біткен және жүре пайда болатын, бір адамның екі
шабындада, көбінесе бір шабында басталатын түрі.
Жарық шап өзегінің бағытымен жоғарыдан, арттан,
сырттан, төменге, алға, ішке бағытталған. Ұрық жолы
каналындағы ішперде бұтағы бітелмесе іштей
басталатын жарық қездеседі. Бұл кезде ұрық жарық
қабының ішінде орналасады. Кейін басталған шап
жарығында жарық қапшығы жаңадан пайда болады,
ұрық қапшықтан тысқары орналасады.

12.

• Ішкі түзу, тік шап жарығы – (hernia inguinalis
directa interna) барлық жарық ауруларының 5-10%
құрайды. Бұл жарықтардың бағыты тік, түзу,
жоғарыдан, төмен. Олар ішкі шап ойшығында
пайда болады. Көбінесе қартайған ер адамдарда
кездеседі және шаптың екі бетінде де қатар
байқалады, еш уақытта ұмаға жетпейді және іштен
пайда болмайды. Ұрық жолдары жарық
қапшығының сыртында және артында орналасады.
Тік жарықтың ішіне ащы ішек, шарбы майы
немесе қуық енеді.

13.

14.

• Қысылған шап жарықтары:
эластикалық
нәжістік
Ретроградты
Рихтер жарығы
Литтр жарығы-шап каналында
Меккел дивертикулының қысылуы.
W- тәрізді

15.

• Эластикалық қысылу iш бұлшықеттерiнiң
жиырылуы мен жарық қабында жататын iлмекке iшек
құрамының көп мөлшерде түсуi нәтижесiнде дамиды.

16.

• Қабырғалық қысылуы (Рихтерлiк) кезiнде iшектiң
тек бiр қабырғасы ғана қысылады. Ол – iшек
шажырқайына қарама-қарсы орналасқан iшек
қабырғасы.

17.

• Ретроградты қысылуында ащы
iшек қысылады, бұл кезде жарық
қапшығында екi iшек iлмегi
болады, ал аралық iшек iлмегi
құрсақ қуысы iшiнде орналасады.
Ішек некрозы алдымен жарық
сақинасынан тыс құрсақ қуысы
iшiндегi iшекте дамиды, ал жарық
iшiндегi iшек iлмектерiнiң бұл
кезде әлi өмiрге қабiлеттiлiгi
сақталады. Көбiнесе iшек iлмегi,
содан кейiн шарбы қысылады.

18.

• Жарықтың нәжістік қысымға ұшырауы
негізінен қартайған науқас адамдарда байқалады.
Жарық қалтасына түскен ішек иілімінде оның
ішіндегісі бірте-бірте жинақталады да,ол ақыр
аяғында ішектің қалтадан шығатын иілімін қан
тамырмен қоса жаншып қысады.

19.

20.

• Литтр жарығы — Меккел дивертикулының қысылуы. Бүйірлік
жарыққа ұқсас болып келеді, бірақ бұнда диветикулдің қанмен
қамтамасыз етілуі нашар болғаннан некрозға тез ұшырайды.

21.


Клиникалық көрінісі:
• Қысымға ұшыраған жарық— томпайған жарық
аймағындағы, шап өзегі мен іштегі қатты ауырсынумен
сипатталады. Көпшілік жағдайда мұндай ауырсынулар
үзілмейді, олар тез үдей түседі, егерде ащы ішектің
иілімі қысымға ұшыраса, онда перистальтиканың
бұзылуы және ішектің газбен керілуі есесінен іштің
ауырғаны толғақ тәрізді сипатқа ие болады. Екінші
маңызды белгі- жарықтың қысымға ұшырауының пайда
болу мезетінен бастап, жарық томпағының үлкеюі.
Томпайған жарықтың бірте-бірте ұлғаюы — жарық
қалтасына сұйықтықтың жиналуынан, сондай ақ оларды
қоршаған тіндердің ісінуінен пайда болады.

22.

• «Жөтел түрткісі» симптомының жоғалуы
• Басталуы кенеттен;
• Орнына келмеуі;
• Жіті, ақырындап басымдылық көрсететін ауру сезімі;
• Жұрек айну, көп ретті қинайтын құсу;
• Нәжіспен іштегі ауаның шықпауы;
• Науқас жағдайының ауырлауы;
• Шығып тұрған жарықтың маңайындағы ауырсыну.

23.

• Купер симптомы -шап жарығы мен сан жарығын жіктеуде —
шап жарығында оның жарық томпағы қасаға бұдырын пальпация
кезінде анықтауға мүмкіндік береді ал сан жарығында қасаға
бұдырын анықтау мүмкін емес.
• Лотоцкийдің I симптомы — кең жарық қақпасында жарық
каналында жұмсақ тінді пальпация арқылы, яғни иленген нан
тығыздығындай қатпар, науқасты күшендірсе, ұлғаяды-ол тоқ ішек
ілмегі
Лотоцкийдің II симптомы -қуықтың сырғыма жарығында,
жарық қақпасын саусақпан зерттегенде науқаста кіші дәретке
отырғысы келу рефлексінің пайда болуы.

24. Тік және қиғаш жарығының айырмашылығы

25.

26.


Диагностикасы:
• Анамнезінде шап жарығының болуы
• Шағымдары: Қарауда: оң немесе сол шап аймағында
сирек екі жақта көзге көрінетін томпаю. Жарық
аймағында гиперемия және ісіну болуы мүмкін. Томпаю
қатты ауырсынулы, науқас дене қалпын ауыстырғанда
ауырсынады. Жөтел симптомының теріс болуы.
• Перкуссияда дыбыстың тұйықталуы, ал бастапқыда
тимпанит болады. Егер әйел адамдарда аналық без
немесе жатыр түтігінің қысылуы болса, диагноз қою
қиындай түседі. Себебі ауырсыну сыздаған типті,
интенсивтілігі шамалы. Ал балаларда клинкасында өте
қатты қозғыш болады: Қатты жылау, аяқтарымен секіріп
және жүгіреді, есінің тануы да болуы мүмкін.

27. Қысылған шап жарығында шұғыл медициналық көмек:

1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
Хирургия бөліміне шұғыл жеткізу, транспортировка зеңбілмен және
тыныштықты сақтау.
Қысылған жарық болса орнына келтіруге тиым салынады. Науқасты
арқасына жатқызып, жамбас бөлігін көтеріп қоямыз, жарық маңайына
мұз басу.
Интоксикация кезінде көк тамыр ішіне тамшылатып 500 мл 5%
глюкоза ертіндісі. Қатты ауырсынуда егер нақты диагнозы қойылған
жағдайда 50 проценттік анальгин не промедолдың ерітіндісін енгізуге
болады.
Сусыздану кезінде 1,5 л кристаллоид ертінінділері (Дисоль, Трисоль,
Хлосоль) к/т, реамберин 400 мл, Рингер немесе Рингер ацетат,
цитофлавин 10 мл на 400 мл 5% глюкоза ерітіндісімен.
Қан айналымды жақсарту үшін реополиглюкин 20 мл/кг 60-80 кап/мин
к/т.
Жылу басу, анальгетиктер, ваннаға МҮЛДЕМ ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!!!
Шығып тұрған қыстырылған жарық орнына келсе де бұл
госпитализацияға көрсеткіш болып табылады.
Операция алдында міндетті асқазанды зондтау және клизма
жүргізіледі және 30 мин бұрын кең спектрлігі АБ қолдануға болады.

28.

• Стационнардағы емі: Негізгі әдіс
болып хирургиялық жол.
Операцияның негізгі мақсаты — шап
өзегінің пластикасы.

29.

Бассини әдісі шап
каналының артқы қабырғасын
бекітуге арналған. Жарық қабын
алып тастағаннан кейін ұрық
өзегін шетке ығыстырады және
оның астына ішкі қиғаш,
көлденең бұлшықеттерді іштің
көлденең фасциясымен бірге
шап байламына тігеді. Пайда
болған бұлшықет қабырғаға
ұрық өзегін салады. Терең
салынған тігістер шап
каналының осалданған артқы
қабырғасының қалыпына
келуіне көмектеседі. Іштің
көлденең бұлшықетіңің
апоневроз шеттерін ұрық
өзегінің алдының шетіне тігеді.

30.

Жирар тәсілі —
жарық қапшығын
тазартады, босатады,
байлайды, кесіп алады.
Ішкі қиғаш және
көлденең бұлшық еттер
шетін ұрық жолының
үстімен шап сіңіріне
тігеді. Бұдан соң сыртқы
қиғаш бұлшық ет
апоневрозының жоғарғы
бөлігін жекелендіріп шап
сіңіріне тігеді.
Апоневроздың төменгі
бөлшегі жоғарғы бөлігі
үстімен тігіледі.

31.

Жирар-Спасокукоцкий
тәсілі — Жирар тәсілінен
айырмашылығы қиғаш және
көлденең бұлшық еттердің
шеті апоневроздың жоғарғы
бөлігінен жекеленбей бірақ
тігінмен қоса тігіледі. Ол екі
қатар тігінмен шап сіңірін
жарақаттандырудан сақтайды.

32.

Мартынов тәсілі —
жарық қапшығын алып
тастағаннан соң жіңішке
жібек жібімен сыртқы қиғаш
еттің шандырының жоғарғы
бөлшегін шап жалғамына
тігеді. Апоневроздың
төменгі бөлшегін жоғарғы
бөлшек үстімен онша қатты
созбай апоневрозге тігеді.
Булшық еттер тігіске
алынбайды. Шеткі тігінді
салғанда шап өзегінің
сыртқы тесігін тарылтып
алмауды бақылайды.

33.

Кимбаровский
тәсілі (1928 ж) —
тігін ұрық жолының
алдымен салынады.
Тігінге сыртқы қиғаш
бұлшық ет
апоневрозының жоғарғы
бөлшегіне қоса ішкі
қиғаш көлденең еттің
жиегі қоса алынып олар
шап сіңіріне
тігіледі.Ақпарат көзі:

34.

Кукуджанов тәсілі (1949) —
сыртқы қиғаш бұлшық еттің
апоневрозын тіліп ұрық жолын алға
және төмен тартады да жарық қапшығы
босатылып ол мүмкіндігінше жоғарыда
байланып алынып тасталады. Жарық
қапшығының мойны өте кең болса оны
үзіліссіз тігінмен тігеді. Көлденең
фасция жеке тігіледі. Көлденең ет
жамбас жолына және қасаға жалғамына
тігіледі де шап арнасының түбі
бекітіледі. Тік бұлшық еттің сіңірін шап
сіңіріне тігіп ішкі қиғаш бұлшық ет
төмендетіледі. Бұл кеңіген шап
аралығын тарылтады және шап
арнасының артқы бетін күшейтеді.
Ұрық жолы тігіндер үстіне
орналастырылады.

35.

Жарықтарды алдын алу
1)
2)
3)
4)
5)
Жарықтардың профилактикасы бейімдеуші және
туындатушы себептерге бағытталған болуы керек.
Ішқуыстағы қысымның жоғарыламауын қадағалау
Омыраудағы балалардың гигиенасын сақтау, кіндік
күтімі, дұрыс тамақтандыру, ішек қызметін реттеу
Спортпен шұғылдану.
Мекемелерде жұмысшылардың жас ерекшелігі мен
денсаулығына сай физикалық жүктемені тағайындау.

36.

Назарларыңызға рахмет!!!
English     Русский Правила