Похожие презентации:
Бүйрек және зәр биохимиясы
1.
КАЗАХСКИЙНАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ
АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырып: Бүйрек және зәр биохимиясы
Орындаған : Қанатқызы Н
Тексерген: Досымбекова Р.С
Факультет: ЖМ
Группа: 18-02
2017жыл
2.
Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар,өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін
шығаруымен қатар, органикалық,
бейорганикалық заттардың артығын және
бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау
жұмысын атқарады. Екі бүйректің салмағы
дененің 0,45-0,7%-ын құрайды. Құрамындағы
судың мөлшері 83%, құрғақ заттардың үлесіне
17% келеді. Олар өте маңызды экскреторлық
мүше болып табылады.
3.
Бүйректің негізгі қызметтері:Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару):
бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды ағзадан бөліп
шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге
немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
Реттеуші – гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың
концентрациясының, қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің, осмостық
қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.
Метаболикалық.
Антитоксикалық.
Эндокриндік.
4. Несеп түзілуінің биохимиясы
Бүйректегі жұмыс істеу алаңы 50 м2 дейін жетеді. Тәулігіне180л-ге жуық сұйықтықты сүзгіден өткізіді. Сонымен, тәулігіне
бүйректің эпителий түтікшелерінен 179 л Н2О , 1кг NaCL,500г
NaHCO3, 250г глюкоза, 100г бос амин қышқылдары өтеді.
Бүйрек ультра-сүзгілеу принципімен жұмыс істейді. Клиренсі
125мл/мин.
1. Бірінші реттік несеп, құрамы жөнінен плазмаға жақын ,
ақуызы жоқ, өйткені ақуыздар коллоидты-дисперсті жүйе
болғандықтан, мембраналары өткізбейді.
2. Соңғы несеп немесе екінші реттік несеп. Бұл судың
глюкозаның, АҚ,Na,Ca және т.б заттардың қанға қайта оралуы
нәтижесінде концентрлеу арқылы түзіледі. Бұл процесс
физиологиялық , биохимияық және эндокриндік жүйелер
арқылы реттеледі.
5.
Зәр түзудің 3 кезеңі бар:1.Ультрасүзілу.
Ультрасүзілу процестерінде бірінші ретті зәр түзіледі. Қан
бүйрек каналшарынан шайылып арнайы сүзгіш 3 қабатты
дәнекер ұлпалы капсуладан өтеді де Мальпиги шумағында
сүзіле бастайды. Бірінші қабат қан капилярларының эндотелиі.
Ол үлкен өлшемді саңылаулардан тұрады. Екінші қабат
коллаген талшықтарынан тұратын базальдық мембрана. Оның
саңылауларының диаметрі 4нм. Базальдық мембрана
молекулалық массасы 30 кДа артық белоктарды өткізбейді.
Үшінші қабат капсуланың эпителиалды жасушалары. Мембрана
беткейі теріс зарядталған, сондықтан қан плазмасының теріс
зарядталған альбуминдері, макромолекулалық белоктар, пішінді
элементтерді бірінші реттік зәрге өткізбейді. Үшінші қабаттағы
саңылаулар қүрылысы жағынан қүрделі және өте кіші болады,
сондықтан үлкен белоктар олардан өте алмайды. Егер белоктың
құрылысы, заряды өзгеретін болса, немесе аномальды белок
болса, ол сүзгіш арқылы өтіп бірінші ретті зәрдің құрамына
өтеді. Бұл қан плазмасын ақаулы белоктардан тазарту
механизмдерінің бірі болып табылады. Ультрасүзілу АТФ
энергиясын қажет етпейді. Бірінші ретті зәр ары қарай
проксимальдық түтікшеде реабсорбцияға түседі.
6. Реабсорбция.
Реабсорбция — бұл заттың бүйрек түтікшесінен қанға қайта өтуі.Ультрасүзінді құрамындағы барлық белоктар реабсорбцияға түседі. Оның
85% -ы түтікшенің проксимальдық бөлігінде реабсорбцияланады. Мұнда
судың 99%, ағзаға қажетті қоректік заттар (глюкоза, аминоқышқылдар),
минералдық заттар және кейбір азоттық алмасудың өнімдері (мочевина)
реабсорбцияланады.
Реабсорбцияның келесі екі механизмі белгілі: 1. қарапайым диффузия жолы
арқылы (концентрация градиенті бойынша); 2. активті тасымалдану жолы
арқылы — (концентрация градиентіне қарсы және АТФ энергиясын
пайдалану арқылы жүретін процесс).
Натрий насосы болатын мембраналық фермент АТФ-азаның қатысуымен
Na+ ионы реабсорбцияланады. Бұл АТФ-азаның екі байланыстырушы
орталығы болады: Na+ және К+ иондарына арналған. Na+, К+ иондарымен
байланысқаннан кейін АТФ-аза өзінің конформациясын өзгертеді де бүйрек
түтікшелерінің жасушаларының мембранасы арқылы иондардың
тасымалдануын жүргізеді. Ол үшін АТФ энергиясын пайдаланады. Көптеген
заттар, мысалы, глюкоза, аминоқышқылдар комплекстегі Na+ иондарымен
бірге реабсорбцияланады және бұл комплекстердің тасымалдануы да АТФаза қатысуымен өтеді. АТФ-аза қатысуымен Са2+ және Мg2+ иондары да
реабсорбцияланады. Активті тасымалдану процессіне АТФ-азадан басқа
арнайы тасымалдаушы белоктар -транслоказалар да қатысады. Тәулігіне: 179
л су,1 кг NаСІ, 340 г NaНСО3, 170 г глюкоза және т.б. заттар
реабсорбцияланады.
7. Секреция.
Жинақтаушы түтікшелердің секрециясы реабсорбцияға ұқсас,бірақ бұл процесс қарама-қарсы жүреді, немесе заттардың өту
бағыты қаннан түтікшелерге қарай бағытгалады. Негізгінен,
секреция түтікшелердің дистальдық бөлігінде өтеді.
Секреция процессінде реабсорбция тәріздес көп мөлшерде АТФ
энергиясы жұмсалады (активті тасымалдану) және бұл процесте
тасымалдаушы белоктар маңызды қызмет атқарады.
Реабсорбция және секреция процестері жиі жағдайда бірдей
өтеді, мысалы: К+ ионының секрециясы Nа+/К+ тәуелді АТФазаның қатысуымен жүреді. Сондықтан, К+ бөлінген кезде
Na+ реабсорбцияланады. Сонымен қатар, Н+, NН4+ -тер де
бөлінеді.
Секреция нәтижесінде зәр мөлшері тәулігіне 1000-2000 мл-дей
болады. Оның қүрамында:12-36 г дейін мочевина,1 г
креатинин,1г аммоний тұзы, 0,5-1 г азоттық өнімдер (креатин,
гиппур қышқылы, индикан), 5-7 г минералдық тұздар,
токсикалық қосылыстардың залалсызданаған өнімдері.
8.
9.
Бүйректегі зат алмасуының ерекшелігіЭнергия алмасуы. Бүйректе өтетін биохимиялық және
физиологиялық процестер энергияның көп мөлшерін жұмсау
арқылы жүреді. Тыныштық күйде адамның жұтатын оттегінің
8-10% бүйректегі тотығу процестеріне қолданылады. Басқа
мүшелермен салыстырғанда бүйрек энергияны көп қажет
етеді. Бүйректің қыртысты қабатында зат алмасудың аэробты
түрі, ал милы қабатында анаэробты процестер өтеді. Бүйрек
ферменттерге бай: ЛДГ, АлАТ, АсАТ, ГлуДГ және тек бүйрек
ғана креатин синтезін бастапқы кезеңін катализдейтін глицинаминдинотрансфераза (трансмидиназа)ферменттері болады.
10.
Көмірсу алмасуы. Бүйректе глюкозаның аэробтыалмасуы өтеді, бүйректегі барлық оттегінің 13-25%
аэробты алмасуға қатысады. 60 % глюкоза CO2 және H2O
дейін ыдыратады. Қалғандары милы бөлігінде лактатқа
ыдырап. Глюкоза – бүйректе ПФЖ-мен ыдырап, НАДФН2
және пентозалар түзеді. Олар май қышқылдарының,
холестериннің , НҚ синтезіне жұмсалады.
Липидтер метаболизмі. ¼ құрғақ заттары майлардан
тұрады. Оның 58%-і ФЛ және холестерин, 15%-і бейтарап
майлар. Липолиз, липогенез, ЖМҚ және глицериннің
тотығуы жүреді. ФЛ және ТАГ синтезделіп, олар тек
бүйрекке ғана емес, қан айналымына түсіп, басқа
мүшелердің мұқтаждығына жұмсалады. Бүйрекке келіп
түскен ЖМҚ- көпшілігі липогенезге жұмсалады.
11.
Белок алмасуы. Ламинин және энтактин бүйрекшумақтарының базалдық мембранасының ерекше
белоктары. Ламинин базальді мембранада коллагеннің IVтипімен, гепаринмен, интегринмен, энтантинмен
байланысады. Базальді мембрана сондықтан, гломерулярлы
сүзгіні қамтамасыыз етеді.
Гепарин теріс зарядты болғандықтан, теріс зарядталған
альбуминдерді гломерулярлы саңылаулардан өткізбейді.
Сондықтанда альбумин несепте болмайды. Глобулиндердің
өлшемі саңылаудан үлкен болғандықтан, олар да өте
алмайды. Гломерулярлы мембраналар зақымдалған кезде
ақуыздар несепте пайда болып, протеинурия дамиды.
12.
13.
Несептің жалпықасиеттері
Мөлшері: тәулігіне бөлінген зәрдің көлемін диурез
деп атайды. Ересек адамдарда тәулігіне 10002000мл-ге тең . Ер адамдарда зәр көбірек бөлінеді.
Патологиялық жағдайда 500мл-ден төмен 2000 млден жоғары несеп бөлінеді.
14.
Полиурия- несептің көпбөлінуі. Физиологиялық
(көп мөлшерде су ішкенде,
қыста-себебі тер аз
бөлінеді), патологиялық
(қантты және қанытсыз
диабет, созылмалы нефрит,
пиелонефрит).
Анурия- зәрдің бөлінуінің
тоқтауы. Бүйрек
паренхимасының ауыр
зақымдалғанда, қуықта
тастардың пайда болып
бітелуінде.
Олигоурия- несептің
аз бөлінуі.
Физиологиялық
шөлдегенде, жазда,
ауыр қара жұмыс
істегенде,
патологиялық диарея,
токсикоз, ісіну, жедел
бүйрек жетіспеушілігі.
Никтурия- зәрдің
күндізге қарағанда
түнде көбірек бөлінуі,
жүрек жұмысының
бұзылуында, жедел
нефритте байқалады.
15.
Меншікті салмағы немесе зәрдің салыстырмалытығыздығы. Зәрдің қалыпты жағдайдағы меншікті
салмағы 1,010-1,025.
Түсі. Қалыпты жағдайда түсі ақщыл-сарыдан қою
сарыға дейін өзгереді. Зәрдін түсін құрамындағы
пигменттер қалыптастырады: урохром, урозеин,
уроэритрин, стеркобилин.
Мөлдірлігі: жаңадан шығарылған кезде ол мөлдір,
ал тұрып қалған кезде жеңіл лай сияқты бұлыңғырт
болады.
Иісі- қалыпты жағдайда зәрдің арнайы жаңадан
қайнатқан еттің сорпасының иісіне ұқсайтын иісі
болады.
Зәрдің РН 5-7 арасында, яғни әлсіз ортадан
бейтарап ортаға дейән болады.
16.
Несептің химиялық құрамыҚазіргі кезде несепің құрамында барлық химиялық
ингриденттер бар екендігі анықталған. Несептің тәуліктік
мөлшері 60г жуық тығыз заттары органикалық және
бейорганикалық заттардан тұрады.
Тәуліктік мөлшері: Na-130-260ммоль, K-38-82ммол, Ca-2.56.2ммоль, аммиактың азоты-36-71 ммоль, несеп қышқылы 1,27,1 ммоль, мочевина 333-583 ммоль, индикан 0,047-0,056ммоль,
креатинин ер адамдарда 8,8-17,7 ммоль, әйел адамдарда 7,1-15,9
ммоль.
17.
Зәрдің химиялық құрамыНесеп
Су
Құрғақ қалдық (42-62 г/таул)
Органикалық
заттар 35-45г
таул
Азотты
Азотсыз
Бейорганикалық
заттар 15-25г таул
18.
Қалыпты компоненттерорганикалық
Мочевина
Патологические
компоненты
бейорганикалы
қ
Na
Белок
Несеп
қышқылдары
Креатинин
K
Глюкоза
Ca
Ацетон
Аминокисло-ты
Mg
Билирубин
Конъюгат
NH3
Уробилин
Орг. кислот
Cl
Креатин
Витамин
P
Қан
Фермент
S
Бикарбонаты
Ірің
Фенилпируват
Гомогентизиновая кислота
19.
Несептің патологиялықкомпоненттері
Макрогематурия
Зәрде қанды көруге болады,
зәрдің түсі – қызыл.
Микрогематурия
Микроскопия әдісімен анықтауға болады
Гематурия- зәрде
қанның пайда болуы.
Гематурия бүйрек
пен несеп шығару
жолдары
зақымданғанда,
ісіктердің
ыдырауында, зәр-тас
ауруында, бүйрекке
операция
жасалғаннан кейін,
гломерулонефрит
кезінде, нефрит
кезінде байқалады.
20.
.Пиурия- зәрде
лейкоциттердің болуы
Глюкозаурия- зәрде
глюкозаның болуы
21.
Билирубинурия- зәрде билирубинболуы. Зәр-қоңыр түс болады.
Уробилинурия- зәрмен
бірге уробилин
22. Қолданылған әдебиеттер:
1. Т.С. Сейтембетов,Б.И.Төлеуов, А.Ж.Сейтембетова,Биологиялық химия – Қарағанды, “Гласир”
баспаханасы, 2007- 426 бет.
2. С.М.Плешкова, С.А.Абитаева, К.Қ.Өмірзақова, 3
бөлім: “Биологиялық сұйықтықтар мен адам
тіндерінің биохимиясы”, - Алматы, 2009. – 212бет.