4.51M
Категория: БиологияБиология

Тынысалу жүйесі

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

Өкпенің қабынуы
Аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын
микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе кабынады.
Өкпе кабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін
көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды. Адам
жөтелгенде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс
алып, ентігеді. Мүндайда адамның екі беті қызарып,
несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.

9.

Ауатамырдың қабынуы
Баяу басталады, оның белгілері бірден
сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі,
қақырық көкшіл тартады, аздап дененің
қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа
созылуы да мүмкін.

10.

Тыныс демікпесі
Ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл —
булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына
шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және т.б. иісі және
көңіл-күйдің езгеруі де әсер етеді. Негізінен, тыныс
демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан
балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем,
теміреткі, бертпе шығады. Ауру ұстағанда — өкпенін
шырышты қабықшасы ісініп, ауатамырлардың
түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді..
Демікпеден сақтану үшін организмді шынықтырып,
ты¬ныс тынысы тарылады, наукас булығып, сырылдап
дем алады, беті көгеріп, күре алу жаттығуларымен
шұғылданып, еңбек пен демалысты дұрыс
ұйымдастыру құжет.

11.

Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері
Темекінін түтінінде ете улы зат — никотин бар. Темекі
түтшнің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне
20 тал темекі тартатын адам 90 миллиграмм
шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі
тартканда — адам уланады: басы айналады, жүрегі
кағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу
мүшелерінін бәріне зиянды өсер етеді. Никотин тыныс
алу жолдарының шырышты қабығын тітіркенді,
қабындырады , қорғаныш қабілеті нашарлаған
шырышты қабық аркылы ауру туғызатын микробтар
еркін өтеді. Сондықтан темекі тартатын адамдар суық
тию және т.б. аурулармен жиі ауырады. Никотин қан
тамырларын тарылтады. Өкпе обырымен
ауырғандардың 97 %-ы темекі тартушылар. Себебі,
темекіні ұзақ уакыт тарткандыктан, жара пайда
болады.

12.

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі
Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады.
Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы ты¬ныс орталығымен
реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының,
тыныс бұлшық еттерінің механорецепторларынан және хеморецепторларынан
(СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен
сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс — өздігінен реттеле алатын
құбылыс.
Мұрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер,
әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады.
Кемей, кеңірдек және ауа-тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер
еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең
тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс шығару кызметтері
гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2
көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2
тыныс сыртқа шығарылады.

13.

Өкпе абсцессі — пневмонияның асқынуынан
іріңді инфекция қоздырғыштарының гематогенді, лимфогенді жолдармен немесе бөгде заттардың
ауру жұқтыруы нәтижесінде өкпе ұлпасында дамуы.[1]
Өкпе абсцессі алдымен пневмониялық үдеріспен зақымданған өкпе паренхимасының іріңдеуінің
нәтижесінде пайда болып өкпе тінінің ыдырау ошағымен сипатталады. Ең жиі абсцесс
стафилококк,стрептококк микробтарының әсерінен пайда болады, сиректеу микроплазмалар
саңырауқұлақтармен қоздырылған жіті пневмониялар кезінде байқалады. Осындай және басқа
жағдайларда абсцесстің қалыпты суына бронхтың бөгде затпен немесе ісікпен бітелуі себепші
болады. Өкпе паринхимасының іріндеу ошағы сонымен қатар кіші жамбас қуысы мен көк
тамырларынан тромбофлебит кезінде анаэробтардың және оң жақ жүректегі инфекциялық
эндокардит кезінде стафилококктардың гематогенді өкпе паренхимасына түсуінен және диафрагма
астылық абсцестен инфекцияның жайылуы себепті пайда болуы әбден мүмкін.
Қарт және мосқал адамдардың цитостатиктермен емделуі, СПИД-пен ауыру кезіндегі организмнің
қорғаныс реакцияларының төмендеуі бұл аурудың дамуының бірден бір себебі болып табылады.
Науқастың клиникалық сипаттамасында өкпе абсцесі ағымының ерекшеліктерін көрсете отырып ірің
ошағы бронхпен байланысты ма, әлде байланысыз ба деген жағдайларды ажыратқан жөн. Дренаж
болмаған кезде науқастың жағдайы нашарлай түседі,өйткені ініңнің әсерінен интоксикациялық
белгілері пайда болады:биік гектикалық ыстықтың көтерілуі тердің ағыл-тегіл шығуына әкеледі,кеуде
қуысында қатты ауру сезімі білінеді.Науқастың қанын зерттегенде: лейкоциттер көбейеді,олардың сол
жаққа қарай ығысуы байқалады. [2]

14.

Абсцесс дренаж арқылы бронхқа жарылып ірің сыртқа шыққанда, науқастың
жағдайы әжептәуір жеңілденеді, дене қызуы басылады, қақырықты жөтел
азаяды,қан аралас көп мөлшерлі сасық қақырық бөлінеді. Қақырықты
микроскоп арқылы тексергенде,оның іріңді түрі дәлелденеді, ал
бактериологиялық тұрғыда зерттегенде ішінен әдетте анаэробтар немесе
аралас флора анықталады. Іріңнің плевра қуысына жарылуы өте
қолайсыз,ол кезде ыдыраудан шыққан заттардың күшті сорылуымен
байланысты интоксикация күшейеді,қан айналымы жетіспеушілігі айқын
біліне түседі.
Іріңде абсцестер кейде қабатына жақын орналасқан кезде,физикалық
тексеру арқылы өкпеде тығыздалу синдромының белгілерін табуға
болады.Кеуде клеткасына сәйкес жағы дем алуға кешігіп
қатысады,перкуторлық дыбыс тұықталады,бронхиалдық тыныс пайда
болады.Абсцесс жарылып,іріңнен босағанда,перкуторлық дыбыс тұйық
тимпаникалық болып өзгереді,ірі көпіршікті айқын дыбысты сырылдар пайда
болады.Рентгенологиялық өзгеріс қайта тексергенде инфильтратта ыдырау
аймағы байқалады,сол сияқты жоғарғы шекарасы көлденең орналасқан
қуысты анықтауға болады.
English     Русский Правила