Похожие презентации:
XIX-XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
1. XIX-XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
дайындаған: Жолдас Нұрсылтан2. Жоспар:
oo
o
o
1. Әлихан Бөкейханов
2. Шәкәрім Құдайбердіұлы
3. Кеңес кезеңі
4. Кеңес мәдениеті
3. Әлихан Бөкейханов
• Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасыныңоянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан
Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлтазаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы
саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық
үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан
Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге
қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің
қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы
туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен
фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің
ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды.
4. Шәкәрім Құдайбердіұлы
• Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес ізқалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль
философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім
Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына
сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы,
орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі
шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті,
мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның
ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің
бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды
заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани
ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан
ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады.
5. Кеңес кезеңі
• 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін«демократтар» санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық
береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің
ерікті азаматтары — қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың
ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі
ерекше болды. 1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені
тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар
екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер).
1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті.
Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды.
6. Кеңес мәдениеті
• Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері менөзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін
дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді
жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры
ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі
— кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық
социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен
саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде
атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер
марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең
алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады.
7. Пайдаланған әдебиеттер
• https://kk.wikipedia.org/wiki• https://www.google.kz/search