ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
Есірткі туралы жалпы мағлұматтар
Марихуана
Героин
Кокаин
Алкоголизмнің патологиялық аспектілері
Уытқырлықтың патологиялық аспектілері
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2.77M
Категория: МедицинаМедицина

Алкоголизмнің. Нашақорлықтың. Уытқырлықтың патологиялық аспектілері

1.

Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
Тақырып:
Орындаған: Абдигаппарова Д
Қабылдаған: Молдалиев Ж
СТК-302
Түркістан -2015ж
1

2. ЖОСПАРЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Нашақорлықтың патологиялық аспектілері;
Алкоголизмнің патологиялық аспектілері;
Уытқырлықтың патологиялық аспектілері;
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

3. КІРІСПЕ

Адамның көңіл-күйіне әсер ететін
заттарды жан-дүниеге белсенді
заттар дейді. Оларға:
психотроптық
дәрілер, есірткі, темекі, ішімдік
және
уыттыларға әуестендіретін
заттар жатады

4.

Нашақорлықтың патологиялық
аспектілері;
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa –
ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың
нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Наркологтарда «наркогендік»
деген түсінік бар. Наркогеңдік бұл -құмарлықты тудырудағы есірткі күші.
Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда -есірткі әсерінен ағзаның физикалық және
психикалық тәуелділігі. Психикалық тәуелділік бірінші-екінші егуден
кейін болатын, алфизикалық тәуелділіктің барлық белгілері үшіншібесінші егуден кейін байқалатын есірткілер бар. Психикалық тәуелділікте
өте бұзушылық қасиетке ие. Есірткі қолдануда физикалық тәуелділік
нашақормен аурудың ауыр белгісі ретінде сезіледі. Есірткіден айырғаннан
кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқу, өзін-өзі өлтіру
амалдарындағы депрессия, не отыра алмауда, не жата алмауда, өзіндік
денесін ұстай алмаудағы жоғары абыржылық. Нашақордың бозарған,
жүдеу түрі көзге түседі. Ішек-қарын жолындағы жайсыздық, қанды іш өтуі
де болуы ықтимал. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне -жастың және
сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Тәбеттің болмауы. Ауыр
ұйқысыздықтың болуы. Бірақ нашақорлардың айтуы бойынша ең ауыры
бұл «сыздау» — барлық бұлшық еттердегі, барлық денедегі қатты және
азапты ауру.

5.

Ағзаға есірткінің әсер етуінің басқа да
реакциясы бар. Ол жиі қолданудың
әсерінен пайда болады. Есірткі ағзаның
табиғи гормондарын алмастырып,
арнайы эффектілерді реттейтіндіктен
жағдай жасайды, ағза өзінің
алмастырушысына «сеніп», сәйкес
гормондарды бөлуді толығымен
тоқтатуы мүмкін. Мысалы, апиындарды
қолдануда адам толығымен жағымды
эмоцияны сезіну қызметінен
айырылады, оның ағзасы жөтелмен,
аурумен күресе алмайды. Есірткінің
қарастырылған әрекеттерінің әсерінен
ағзада тәуелділік пайда болады.

6.

Егер есірткі ағзаға түспесе (қанағаттану орталығының
тежелуі, жоғары сезімталдық, есірткіні қолдануды тиған
кездегі науқастық), науқас ауыр жағдайда болады, ауыр
физикалық және психикалық бұзылулар пайда болады,
ұстама аурудың, естің бұзылу психозы, галлюцинация,
саңдырақтаудың пайда болуы мүмкін. Ағза жүйесінің
барлық функциялары бұзылып, қан қысымы төмендеп,
тамыр соғуы жиіленеді. Бұлшық ет қысым әсерінде
болады, қатты бұлшық ет аурулары, қалшылдау, селкілдеу
және сіңір тартылуы болуы мүмкін, науқастар ыңғайлы
жағдайды таба алмай, тынымсыз қозғалыста болады, бұл
тез әлсіреуге және қозғалмай қалуына әкеледі, науқастар
қантамырларындағы жиі қышудың болуына наразылық
білдіреді.
Есірткіге тек психологиялық, теориялық қана тәуелді болған адам өз-өзіне зақым келтірмесе,
мұндай жағдайға төзуі мүмкін. Кокаин және апиынның әсерінен пайда болған физикалық тәуелділік
келесідей сезіледі. Заталмасу бұзылып, ағза өзгереді және есірткісіз қызмет ете алмайды. Мұндай
жағдайларда науқастарға аз мөлшерде есірткі белгіленеді. Мысалы, героинге тәуелділікке кейбір
жағдайларда өмір бойғы жаңа әдістік емдеу белгіленеді (инсулинді алатын диабетпен ауратындарды
салыстыруға болады).

7. Есірткі туралы жалпы мағлұматтар

Грек тілінде “ ұйқы” мағынасын білдіреді.
“ Narke” сөзі ағылшын тілінде “Narkotik” деген сөзге айналған.
Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын,
сергітетін заттар бар.
Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,рухани және физикалық
тепе-теңдікті бұзады.
Есірткі — табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің
әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі — есірткі әсеріне қарсы
әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін
қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле
бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз
уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды.
Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам
тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді

8.

Апиын
Морфин
Кокаин
Героин
Марихуанна

9.

Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен
жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана –
көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады,
үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда,
ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.

10. Марихуана

шегетіндердің ең алдымен
өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе
рагі дамиды да адам өлімге
дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар
марихуананың бауыр мен жүрекке де
кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы
есірткі түрінің миға кері әсерінің
салдарынан адамның жаттауға қабілеті
нашарлап, ұмытшақ етеді.
Марихуана шегушілердің басқалармен
қарым-қатынас жасауға құлқы
болмайды.

11. Героин

Героин өзінің есірткілік белсенділігімен
морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол
қыздырғаннан кейін тамырға егіледі,
шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8
айы ішінде Астана қаласында героиннің
дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30
жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады,
артериалдық қан қысымы төмендейді, ине
салу нәтижесінен тамырлары тесіледі,
бауыры мен бүйректері ауырады, организмі
дене және психологиялық жағынан
әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады,
ақырында өлімге әкеп соғады.

12. Кокаин

Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ
тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы
тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып
алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады.
Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар
паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан,
жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін
кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні
алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін
жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру
үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем
алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге
әкеліп соғады

13. Алкоголизмнің патологиялық аспектілері

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл
адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне
зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да
итермелейді. Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға
созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу.
Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі:
мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі
нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері
басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ
сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп,
тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер
бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті
түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін)
спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей
шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай
жағдай жиілей түседі.

14.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв
жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы
алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр
нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15
жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың
жүйке клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь
энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді
көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі
мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды
зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын
қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның
мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты
аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан
алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың
қызметін бұзады.

15.

Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у
концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы
спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп
жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7
минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық
өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын
тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады.
Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден
болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды.
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге
дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне
ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары
мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе
болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте,
еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды.
Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны
емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен
бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы
бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн.

16.

Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан –
психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша. Халық
арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу,
мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар.
Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңілкүйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық
табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік
пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы
альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде
оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді.
Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам
сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз ісәрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.

17. Уытқырлықтың патологиялық аспектілері

Уытқорлық(токсиманиялар)- есірткілердің
қатарына жатпайтын (солардың ішінде дәрәдәрмектер, ішімдіктер, никотин т.с.с.) уытты
заттарды артық қабылдаудан дамитын дерт түрі.
Медициналық жағынан нашақорлық пен
уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне сәйкес
келетін түсінік. Олардың бір-біріне ауысуы мүмкін.
Мысалыға: нашақор артынан уытты заттарға,
уытқорлар артынан есіркілерге ауысуы мүмкін.
Соған қарамай маскүнемдік медицинада бөлек ауру
түрі ретінде қаралады.

18.

Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет
аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ
жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы,
бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы,
еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі
сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем
алудың қиындауы), естен тануға, комаға және
кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Медициналық жағынан нашақорлық пен
уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне
сәйкес келетін түсінік. Олардың бір-біріне
ауысуы мүмкін. Мысалыға: нашақор артынан
уытты заттарға, уытқорлар артынан есіркілерге
ауысуы мүмкін.

19.

Қорытынды.
Қорыта келгенде, адам организмі саулығын төмендетеді соған қоса адам
өмірін қысқартады немесе толығымен жойып тастайды. Есірткі заттарының
әсерінен тұлға өзгеріске ұшырайды. Мінездің акцентуациялануынан,
психопатиядан, мидың органикалық зақымдануынан тұлғаның қоғамға
бейімделуі қиындай түседі. Ал бұл есірткі заттардың қолдануына септеседі
(проблемалардың жоқтығы, қоршағандарға деген себепсіз қайырымдылық
сезімдері). Нашақор өмір қиындығынан шығуды нашақорлық елітпеден
іздейді. Есірткіге тәуелділерде медикаменттерге деген ізденімпаздық,
психикалық жағдайларының өзгерістігі, басқа нашақорлармен топтасу пайда
болады. Тәуелді тұлғаны сипаттайтын қасиеттердің бірі кез келген іске деген
қызығушылықтың жоғалуы, әуес ісінен бас тартуы. Нашақор үшін қоғамдық
құндылықтар жоқ, оның жалғыз құндылығы -есеңгіреу (мастану).

20. ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

• Алкоголизм, наркомании, токсикомании / Л.М. Барденштейн,
Н.П. Герасимов, Ю.Б. Можгинский, Н.И. Беглянкин. – М.:
ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 64 с.
• Наглядная фармакология: пер. с англ. / под ред. М.А. Демидовой. –
М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1999. – 104 с.
• Патофизиология/ П.Ф. Литвицкий- М.: ГЭОТАР-МЕД 2003,
с.634-640
• www.google.kz
• www.refarat.kz
• Әділман Нұрмұхамбетұлы Алматы
• 2007жыл
English     Русский Правила