Похожие презентации:
Коммуникативті дағдылар. Жағымсыз жағдайды жеткізу
1.
2.
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз - медицина қызметкерлерінің басқаадамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші
мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас
жасау қабілеті.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарымқатынастар:
•Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын
сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми
сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты
мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
•Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу
жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың
денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
•Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас
бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және
қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және
тыныштандыруы қажет.
3.
Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу.Қайғылы ақпаратты жеткізу барысы :
1. Ең алдымен әңгімелесу орнын таңдап алу керек.
2. Науқастың келісімімен әңгімелесу барысында оның туысқандары, достары қатысуына
болады.
3. Науқаспен отырып сөйлескен дұрысырақ болады. Егер науқас жатқан болса, оны отырып
сөйлесуін сұрау керек.
4. Әрине, қайғылы ақпаратты жеткізген кімге болса да ауыр тиеді. Сондықтан, дәрігер
қайғылы ақпаратты жеткізген кезде ыңғайсызданып қобалжуы мүмкін. Дегенмен, дәрігер өз
қимыл-әрекетіне абай болып, оны науқасқа сездірмеуге тырысу керек.
5. Науқасқа дәрігер бар ынтасын бөліп, оның көзіне қарап сөйлесу керек.
6. Қарым-қатынас кезінде медициналық терминді сирек қолданған жөн. Науқасқа қайғылы
ақпаратты жеткізер алдында оны ескерткен жөн.
7. Дәрігер әрдайым науқасқа психологиялық, эмоцианальды қолдау көрсету керек.
4. Науқасқа қай уақытта қайғылы ақпаратты жеткізу керек?
Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден оның сырқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек.Науқасқа сырқатынан жазылу мүмкіндіктерін айтып, оның жазылатынына сендіріп, үмітін
үздірмеу керек.
Науқасқа диагноз анықталғаннан кейін бірден оның сырқаты жайлы ақпаратты жеткізу керек.
Науқас өзінің ауруы жайлы нақты мәліметтерді сұраған кезде,
дәрігер науқасты жұбату мақсатында шындықты жасыруға
болмайды және науқасты бірден өліммен куресуге шақыру
мүмкін емес, өйткені науқас әлі дайын емес.
Уақыт өте келе науқас өз-өзін психикалық тұрғыдан
дайындағаннан кейін ғана, оның шағымдарын тыңдап, қойылған
сұрақтарына жауап беруге тырысу керек.
5. Науқасқа қалған өмірінің ұзақтығын айтуға бола ма?
Науқасқа қалған өмірінің ұзақтығын айтуға бола ма?Егер науқас оның қаншалықты өмір сүру
уақыты қалғанын білетін болса, оның
жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Науқастың
өмір сүру уақытын толығымен анықтау
мүмкін емес, дәрігер де қателесуі мүмкін.
Сондықтан науқасқа нақты қалған өмір сүру
уақытын айту керек емес, тек болжамын
айтқан жөн. Науқасқа оның жағдайының
нашар екендігін міндетті түрде айту керек.
Кейбір науқастар нақты мәліметті талап етуі
мүмкін. Ондай науқастар осы күнге дейін
аяқталмаған жұмыстарын аяқтап бәріне
үлгергілері келеді. Бұндай жағдайда да
науқасқа дәрігер тек болжамдап айту керек.
Өлім алдыңдағы науқастар көптеген
кезеңдерден өтеді. Науқастар кейбір кезде өз
өлімімен келіспей, оны жоққа шығаруға
тырысады. Ештенені түсінбегендей, сырқатына
назар аудармай, қалыпты жағдай кезіндегідей
өз жұмыстарын атқара береді.
Өзінің ашуы салдарынан бірдәрігерден екінші
дәрігерге барып қаралуы мүмкін. Диагнозы
дұрыс қойылмай, дәрігер қателесті деген ойда
болуы да ғажап емес.
Дегенмен, науқас ерте ме, кеш пе өзінің
жағдайымен келіседі. Бұндай кездерде науқас
психикалық көмекті қажет етеді. Сондықтан
дәрігер науқасқа қолдау көрсету керек.
6. Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізу.
Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізуНауқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның
отбасына жеткізу. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы
жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты
жасырмай барлығын толығымен айту керек.
Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер
барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген
кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн.
Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады.Ақпаратты
жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдануға тырысу керек.
Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты
жасырмай шындықты айту керек.
Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және тек қана бір адаммен
сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып
жүргізу керек. Дәрігер қарым-қатынаста отырған адамның вербальді емес тактикасына көңіл бөліп, оны
өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан
ұстауға болады.
7.
Егер науқастың туысқандарынан агрессия пайда болатын болса оны дәрігер байыппен қабылдауға тырысукерек. Кейбір кезде науқастың отбасы мүшелері жағдайды мүлдем түсінбейтіндей жағдайда болады. Ол
кезде дәрігер әңгімені бірден үзіп, кейінге қалдыру керек.
Қайғылы ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап
кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде
міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті.
Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға
тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны
мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырысу керек. Өйткені ол
науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін.
8.
Декомпенсация сатысындағы созылмалы өршіген ауруларменауыратын науқастарға паллиативтік көмекті көрсету
• 1. Терминалдық сатыдағы созылмалы өршіген аурулармен (СӨА) ауыратын науқастарға
паллиативтік көмекті (жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жетіспеушілігінің декомпенсация
сатысындағы, ми қанайналымы бұзылуының салдарлары), медицина және әлеуметтік
қызметкерлер, психологтар, еріктілер құрамындағы көп бейінді мамандар тобы
көрсетеді.
2. Көмек бірлігі декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқас және оның отбасы
болып табылады.
3. Паллиативтік көмек мынадай декомпенсация сатысындағы СӨА кезінде көрсетіледі:
1) оларды түбегейлі емдеу мүмкін емес аурулар;
2) өршіген аурулар, осы аурулар кезінде басынан бастап паллиативтік көмек көрсету
қажет;
3) науқастарды мүгедектікке әкелетін асқынудың дамуын туындататын аурулар.
9.
o 4. Паллиативтік көмекке мұқтаж декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратыннауқастар толықққанды фармакологиялық, психологиялық және денеге
ауырсынуды және басқа симптомдарды басуға қол жетімділігі бар.
o
5. Декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқастарға паллиативтік көмек
пациенттің этикалық және заңды құқықтарын сақтау қағидасы бойынша
ұсынылады.
6. Емдеудің сапасын және үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін арнайы
мүшелерінің тұрақты өзара іс-қимылы сақталады.
7. Персонал декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқастарға күтім
мәселесі бойынша тиісті оқытудан өтеді.
10.
Туберкулез ауруымен ауыратын науқастарғапаллиативтік көмекті көрсету
Паллиативтік көмек мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда немесе бөлімшелерде
ұйымдастырылады.
Туберкулез кезінде паллиативтік көмектің мақсаты науқастың қажеттілігіне, сондай-ақ науқастың
отбасы мүшелерінің, персоналдың жұқтыру қаупін төмендету және туберкулездің жазылмайтын
түрлерін нозокомиалдық таралуына бағдарланған қызметтерді ұсыну болып табылады.
• Туберкулез кезінде паллиативтік көмектің міндеттері:
- адамның қиын ауруына және өлімнің жақындауына байланысты
туындайтын әлеуметтік және заңды, этикалық мәселелерді шешу;
- ауырсынуды дұрыс басу;
-науқастың және оның туыстарының рухани қажеттілігін
қанағаттандыру;
- науқасты психологиялық қолдау;
-науқастың отбасы мүшелерінің, персоналдың жұқтыру қаупін
төмендету және туберкулездің жазылмайтын түрлерін нозокомиалдық
таралу қаупін төмендету;
- өлімге деген қарым-қатынасын адамның өмірінің өту кезеңдерінің
заңдылығы екеніне адамды дайындау;
- тыныс алуының жетіспеушілігі симптомдарының төмендеуі.
11.
Жазылмайтын туберкулез түрі бар науқастарға туберкулезге қарсы ем жүргізілмейді.Жазылмайтын туберкулез түрі бар науқастарға паллиативтік ем білікті медицина
қызметкерінің тікелей бақылауымен жүзеге асырылады және ол:
1) күтімді жүзеге асыратын отбасы мүшелерінің және адамдардың жұқтыруының алдын
алу жөніндегі шараларды қамтиды;
2) науқасты және оның отбасы мүшелеріне рухани және психологиялық қолдау көрсетуді;
3) науқастарды әлеуметтік қолдауды;
4) симптоматикалық терапияны.
12.
Туберкулез ауруында дезинфекциялық шараларНауқастың жеке түкіргішін 2,5% хлоромин ертіндісінде 15 мин қойылады. Кейін утилизацияға
жіберіледі.
Ыдыстары тағам қалдықтарынан тазартылып 0,5% хлоромин ертіндісінде 15 мин қайнатылады.
Тіс щеткасы 2% содалы ертіндіде 15 мин қойылады.
Төсек жаймасын арнайы қапшыққа салынып 1% хлоромин ертіндісінде 14 мин қайнатылады.
Сыртқы киімін күн көзіне жайылып, үтіктеледі.
Жастығын, матрац, жапқышты жылына 4 рет дезкамераға салынады.
Науқас жатқан бөлмені күнделікті терезе, есікті ашып 2% сабынды-содалы ертіндімен ылғалды
сүртеді, желдетеді.
13.
Жалпы клиникалық, бактериоскопиялық және бактериологиялық, рентгенологиялық және басқа зерттеудіңаспаптық әдістері 6 айда кемінде 1 рет, айғақтары бар болған жағдайда - жиі жүргізіледі.
Паллиативтік емдеуге арналған палаталар: дымқыл өңдеуді жүргізуге болатын шкафпен, кереует жанындағы
тумбамен, кереуетпен, тоңазытқышпен, теледидармен, түскі ас үстелімен, орындықтармен жабдықталады.
Науқастарды тамақтандыру палатада ұйымдастырылады. Науқастарды тамақтандыру құрамында күніне
кемінде 6 мың килокалориясы бар тамақпен тәулігіне 5 рет жүзеге асырылады.
Паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттер ауырсынуын және азабын жеңілдету үшін денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні,
психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларына сәйкес
дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.
Инфекциялық бақылау шараларының сақталуына учаскелік фтизиатр айына бір рет, мейірбике айына екі
рет мониторинг жүргізеді, инфекциялық бақылау шаралары сақталмаған жағдайда мәжбүрлеп емдеуге
жіберу мәселесін шешу үшін науқастың медициналық картасына жазба енгізіледі.
14. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативтік көмекті көрсету
Паллиативтік көмекке мұқтаж IV клинакалық топтың пациенттері олардың тіркелген жерібойынша арнайы мамандары бақылайды.
Ауырсынуды басатын терапияны тағайындау қажеттілігі болған жағдайда онкологиялық
аурулармен ауыратын науқастар онкологиялық диспансердің ауырсынуды басатын терапия
кабинетінің дәрігерінен консультация алады.
Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға есірткі құралдары бар препараттарды
тағайындау, жазып беру, босату, сақтау, бөліп беру, пайдалану, есепке алу, есептен шығару, жою
«Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттармен
прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 қаулысымен бекітіледі.
15.
Есірткі препараттарын алатын онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар жүйелі 10күнде 1 реттен кем емес арнайы мамандарының бақылауына жатады.
Онкологиялық ауруламен ауыратын науқастар 3 айдан аса есірткі препараттарын алған
жағдайда онкологиялық диспансер комиссиясының ауырсынуды басуға қарсы терапияны
жүргізудің орындылығы мен дұрыстығы жөнінде қорытынды алуы қажет.
Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік арнайы
құрамында медициналық психологтар немесе дәрігер-психотерапевтер және дәрігерлер
мен әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді.
Әлеуметтік-медициналық қызметтерге пациенттердің жағдайын есепке ала отырып,
қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға күтім жасауды қамтамасыз етуде, соның ішінде
туыстарын санитариялық–гигиеналық дағдыларға оқытуға жәрдемдесу жатады (денесін
сүрту, жуындыру, гигиеналық ванналар, тырнағын алу, шашын тарау).