127.57K
Категория: ИсторияИстория

Археологияның зерттеу нысаны,мақсаты және міндеттері

1.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті.
Гуманитарлық ғылымдар факультеті.Тарих кафедрасы.
Тақырыбы:Археологияның зерттеу нысаны,мақсаты және міндеттері.
Орындаған:Алтынбек.А
Қабылдаған: Қожа.М

2.

Жоспар:
Кіріспе
Археология ғылымы туралы
Негізгі бөлім
Археологияның зерттеу нысаны.
Қорытынды

3.

Ғалымдардың көпшілігі археологияны біршама кең ғылымдар жүйесінің саласы
ретінде қарастырады.
Соның ішінде Британия және Америка елдерінде:
Британдық мектеп
өкілдері:археологияны
тарихи ғылым деп
санайды.
Американдық мектеп
өкілдері:антропология
ғылымының бір бөлімі
деп есептейди.
Осыған байланысты Британиядағы жоғарғы оқу орындарында археология тарих
бөлімімен бірге оқытылып және жеке бөлім ретінде де қалыптасса, ал Америкада
антропология бөлімінде оқытылады.

4.

Археологияның зерттеу нысаны.
Адамзаттың өткен тарихын біз тарихи деректерді зерттеу
арқылы біле аламыз.Деректерді үш топқа бөліп,ажыратамыз:
Жазбаша
Ауызша
Заттай

5.

Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен
орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек
құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың,
керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші
заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда
археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа
көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің
қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер
пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени
қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала
болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18
м. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық
деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда
антропология, этнология, геология, ботаника, зоология,
палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының
зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

6.

Артефактілер-адам қол еңбегі арқылы жасалған
материалдық ескерткіштер. Оған жер астынан қазылып
алынған заттар жатады:
Үй бұйымдары
қару-жарақтар
еңбек құралдары
Теңгелер
Киім кешек,әшекей бұйымдар
Экологиялық фактілер-адам,жануар қаңқалары, өсімдік
қалдықтары жатады.Экофактілер бойынша зерттеу
жұмысына архезоологтар,археботаниктер тартылады.

7.

Археологияның
мақсаты мен міндеті.
Түрлі әдістер мен теориялық схемаларды қолдана
отырып,археология көне дүние куәлерін түсіндіріп
беру сол заттарды жасаған адамдардың өмірін әр түрлі
дәуірдегі тарихи құбылыстар мен үдерістерді
реконструкциялау міндеттерін орнындайды. Яғни
археологияның мақсаты жер астынан заттарды қазып
алу,тіркеу және суреттеу емес ал олардың негізінде
адамзат тарихын зерттеу.Сонымен археологияның
басты мақсаты басқа тарих ғылымдары секілді адамзат
тарихын реконструкциялау және оның даму
заңдылықтарын түсіндіру болып табылады.
English     Русский Правила