С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Жоспар
Холтеров мониторингі- бірнеше тіркемеде ЭКГ жазатын функциональді диагностикада өте кең тараған әдіс болып саналады. Бұл
Холтер мониторингін жүргізуге көрсеткіш:
Холтер мониторингін жүргізу техникасы
ХМ жүргізу техникасы
Жазба ұзақтығы
ЭКГ ХМ орнатуда науқасқа берілетін ескертпелер:
Әдеттегі қарапайым ЭКГ мен Холтер бойынша ЭКГ мониторингінің айырмашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет:
4.46M
Категория: МедицинаМедицина

Тәуліктік ЭКГ мониторлау

1. С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Тәуліктік ЭКГ мониторлау
Орындаған: Сейдахмет А.О.
Тобы: 629- 1К ЖТД
Тексерген: Абенова А. Т.
Алматы 2016

2. Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
• Холтеров монитерлеу әдісіне анықтама
• Холтеров монитерлеуін жүргізуге
көрсеткіштер
• Зерттеу техникасы
IV. Қорытынды

3.

«ЭКГ-нің тәуліктік мониторингі» немесе осы әдісті
алғаш 1961 жылы ұсынған американдық биофизик
Норман Холтердің құрметіне «Холтер бойынша ЭКГ»
деп атайды.

4. Холтеров мониторингі- бірнеше тіркемеде ЭКГ жазатын функциональді диагностикада өте кең тараған әдіс болып саналады. Бұл

әдістің көмегімен, жүректің
жұмысын тәуліктік бақылауға мүмкіндік
туады.
Бұл үшін алып жүретін портативті
регистратор қолданылады. Ол
электрокардиограмманың тәуліктік
жазбасын жүргізеді.

5.

6. Холтер мониторингін жүргізуге көрсеткіш:

Жүрек ырғағы бұзылысының нәтижесінде пайда болатын (жүрек қағуы,
тоқтауы, есін жоғалту, бас айналу) шағымдар және миокард ишемиясы
(кеуде тұсында әртүрлі сипаттағы ауру сезім)
Ишемиялық (стенокардия, миокардтың «мылқау» ишемиясын тіркеу,
қант диабеті) өзгерістеді бағалау
Кардиомиопатия және МИ бар науқастарда өміріне қауіпті
аритмиялардың болуы, QT интервалының ұзару синдромы, түнгі апноэ
синдромы
Антиаритмиялық және антиангинальды терапияның нәтижесін бағалау
Кардиостимулятор жұмысын бағалау
Жүрек ырғағының вариабельдігін бағалау
QT интервалының динамикасын тәуліктік бағалау (QT интервалының
ұзару синдромына күдік туғанда)

7.

Скрининг (миокардтың ишемиясын және жүрек ырғағының
бұзылысын іздеу). Еркектер 35-тен жоғары- 3 жылда 1
рет. Әйелдер 40-тан жоғары- 3 жылда 1 рет. Жүрек ырғағы
бұзылысыны
Барлық кардиологиялық науқастар жылына 1 рет.
Жұмысында қауіп жоғары адамдарға-жылына 1 рет
Эндокриноло-гиялық бұзылыстары бар науқастар

8. Холтер мониторингін жүргізу техникасы

1.
Зерттелушінің шынайы белсенділігі кезінде көп сағаттық
электрокардиограмма тіркемісі
2.
Жазылған ЭКГ ні қосу
3.
Анализ ЭКГ
4.
Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау
5.
Кардиостимулятор функциясына анализ

9. ХМ жүргізу техникасы

Зерттеу 24 сағат бойы немесе одан да көп
электрокардиограммаларды үздіксіз тіркеу арқылы
жүргізіледі. ЭКГ жазбасы арнайы портативті аппараттың
көмегімен іске асады — пациент өзімен бірге алып жүретін
(иығы арқылы белдікте немесе белінде) рекордер (тіркеуші).
Жазба 2, 3, немесе одан да көп каналдар бойынша
жүргізіледі.
Тіркеу кезінде пациент күнделікті тіршілігін өзгертпей,
қызметін орындай береді. Холтер бойынша ЭКГ-ны тіркеу
аурухана немесе амбулаторлы жағдайда жүргізіле береді.
Тіркеу нәтижесі компьютер арқылы оқылып, тиісті
программа арқылы зерттелінеді.

10.

11.

Науқас денесіндегі стандартты шықпалар орнына бір
реттік жабыспалы электродтар қойылады. Олардың
саны әр түрлі болуы мүмкін, өйткені тәуліктік
мониторинг тапсырмасына байланысты (2 ден
стандартты 12 ге дейін.

12.

Холтерлік мониторлау кезінде барлық науқастарға
жалпы жағдайы мен шағымдарын, сипатын, физикалық
жүктеме, дәрі-дәрмек қабылдау және ұйқы мен ояу
кезіндегі жағдайларын белгілейтін күнделік беріледі.
Күнделіктегі мәліметтер ЭКГ-дағы мәліметтермен
салыстырылады

13.

14.

15. Жазба ұзақтығы

ХМ жазбасының ұзақтығы
зерттеу тапсырмасына
байланысты. Скринингтік
тексеру кезінде 12 сағат
жеткілікті, ал егерде
синкопальды немесе есін
жоғалтқан жағдайларда
себепті анықтау үшін 24
сағатқа созылады. ST
динамикасын қарау үшін де
тәулік қажет

16. ЭКГ ХМ орнатуда науқасқа берілетін ескертпелер:

Теріге ешқандай зақым келмейді. Өйткені
ешқандай тесілулер болмайды.
Құрал экологиялық жағынан да қауіпті
емес, радициялық сәулелер жоқ
Аппаратқа ешқандай қарсы көрсеткіш жоқ.
Аппаратты денеге орнату да өте оңай.
ЭКГ ХМ орнатуда науқасқа берілетін ескертпелер:
Суға, бассеин, душқа түсуге
Электроқұрылғылармен жұмыс
істеуге болмайды.

17. Әдеттегі қарапайым ЭКГ мен Холтер бойынша ЭКГ мониторингінің айырмашылығы

ЭКГ кезінде жүрек қызметін тіркеу қысқа уақыт ішінде жазылады (30
сек), бұл уақыт аралығында науқастың шағымдарын туындатқан
себептерді (брадикардия, тахикардия, аритмия) анықтау мүмкін емес.
ЭКГ науқастың тыныш қалпында тіркеледі, бұл күнделікті өмірдегі
физикалық жүктеме кезінде миокардтағы бұзылыстарды көруге
мүмкіндік бермейді. ЭКГ ХМ тіркеу қарапайым ЭКГ-да көрінбейтін
науқастың күнделікті өмірінде болатын әр-түрлі жағдайларды тіркеуге
мүмкіндік береді.

18. Қорытынды

Алынған мәлімет аритмия түрлері мен стенокардия
ұстамасын, жүрек ырғағының бұзылысын, жүрек
өткізгіштігін, миокард ишемиясының бар –жоғын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тек нақты
диагноз қойып, өмірге қауіпті аритмия, ишемияны
анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүрек-қан
тамыр ауруларын емдеу және жүргізілген емнің
нәтижелігін жоғарылатуға да мүмкіндік береді.

19. Пайдаланылған әдебиет:

«Функциональная диагностика» В.Б. Симененко
http://kazmedic.kz/archives/1946 , KazMedic.kz
English     Русский Правила