Тігін жіптері, фурнитура, өңдеу және қосымша материалдарды таңдау
Әрлеу, сәндеу материалдарына таспалар, ызбалар, баулар, шілтерлер, гипюр, стеклярус жатады. Алуан түрлі тігін бұйымдарын әрлеу
Назарларыңызға рахмет!!!
23.81M
Категория: ПромышленностьПромышленность

Тігін жіптері, фурнитура, өңдеу және қосымша материалдарды таңдау

1. Тігін жіптері, фурнитура, өңдеу және қосымша материалдарды таңдау

2. Әрлеу, сәндеу материалдарына таспалар, ызбалар, баулар, шілтерлер, гипюр, стеклярус жатады. Алуан түрлі тігін бұйымдарын әрлеу

үшін маталар, тері, үлбір, күдері,
түймелер қолданылады.

3.

Стеклярустың
бұйымда қолданылуы

4.

Тағайындалуы бойынша әрлеу материалдары үш топқа
бөлінеді: қолданбалы-бұйымның ішкі бөлімдерінің
тігістерінің шеттерін бекіту және көмкеру үшін таспалар
және ызбалар, сәндік қолданбалы киімнің сыртын сәнді
көмкеру үшін арналған таспалар, ызбалар, баулар,
сәндік- киімді сәндеуге арналған және эстетикалық
функцияларды орындайтын таспалар, эмблемалар,
ызбалар, баулар және шілтерлер.

5.

Таспа - бұл ені әр түрлі болатын мата қиындылары,
олар екі түрлі көлденең жіптерді тоқитын станоктар
мен машиналарда өңделеді. Таспалар матаға ұқсас
бір түсті және атластан майда өрнекті болып тоқылып,
әр түрлі матадан, түкті және шілтерленген түрлері
болады. Таспаның талшықтық құрамы әр түрлі, олар
кардалық және тарақтық мақта матадан, вискозды,
штапельді, синтетикалық көлемді иірімдерден,
қүрамдас вискозадан, ацетатты, жай капроннан және
көлемді жіптерден, табиғи жібек жіптерден, сонымен
қатар эластикалы таспалар үшін резиналы жіптерден
құралынады. Аз мөлшерде таспаларды зығырдан,
жүннен және лавсанды иірімдерден шығарады.
Киімге қолданылатын таспалар әрлеуіш және

6.

Тігін өндірісінде қолданылуына байланысты қолданбалы
таспалар келесі түрлерге бөлінеді:
Өңірлік жиек таспа - жартылай зығыр,
жаймалық өрім, өңделмеген, ені 9-12мм,
созылуын азайту үшін өңірдің, қиықтың
жиектеріне салынады.
Шалбарлық таспа- мақта жіппен, жартылай капрон немесе капрон
жіптерден жаймалық және саржалық айқаспамен «шыршаға үқсас»
жиек салып тоқылады ені-15мм, шалбардың төменгі қиық жиегін
бекіту үшін қолданылады.
Иілгіш таспалар-өңделген мақта, ағартылған вискоза
жіптеріне резеңке талшықтар немесе спандекс
жіптерімен араластырады, ұстағыш ретінде қолданылады,
ені 8-10 мм болады.
Киперлік таспа- саржалық өріммен және «шыршаға үқсас» өріммен
тоқылған, жіптері ағартылған, өңделмеген, табиғи түсінде немесе
тегіс боялған, киімдер және басқа да бүйымдарды біріктіру үшін
пайдаланылады, ені 11,12,13,14,15,16,18 мм болады.
Корсаждық таспа- жатық боялған,
өңделмеген түсті мақта жібінен жаймалық
айқаспамен тоқылған, ені 40,50, 60 мм
болады.

7.

Сәндік-қолданбалы таспаларға мыналар жатады:
Аспабау таспалар- жартылай жібек, вискозды, капронды, эластик араласқан капрон
жіптерінен жаймалық атластық, майда өрнекті өріммен тоқылған, ширатқанға төзімді, ені 5-16
мм болады.
Иілгіш таспа- вискозды жібектен резина талшықтарын немесе спандекс жіптерін
араластырып, іш-киімдік бұйымдар мен плавкілерге қолданылады.
Сәндік иілгіш таспалар- штапель жіптерінен, жолақты ала тоқылған, таспалы резеңке
талшықтардың тартып түруының арқасында бет жағында ілмектері бар, ені 25-30 мм,
шомылу костюмдері және шаңғышылар костюміне қолданылады.
Жиектік таспа- мақта немесе жүн аралас жіптерден саржалық және жалған репстік
айқаспамен тоқылады, ағартылған және тегіс боялған, тігістердің қиылған жерлерін
тегістеу үшін қолданылады, ені 13-16 мм болады.
«Гофре» иілгіш таспа- вискозды жібектен, екі жағынан резина талшықтары өтетін ортасы
гофреге үқсас, іш киімдік бүйымдар және плавкілер үшін қолданылады, ені 7-15 мм
болады.
Жиектік таспа- мақта немесе жүн аралас жіптерден саржалық және жалған репстік
айқаспамен тоқылады, ағартылған және тегіс боялған, тігістердің қиылған жерлерін тегістеу үшін
қолданылады, ені 13-16 мм болады.

8.

Сәндік таспаларға мыналар жатады:
Іш киімдік бейка - мақта мата таспаға түрлі-түсті вискоза жіптерінен
жаккардтық өрнектер салынған, ала тоқылған, балалар
бұйымдарында қолданылады, ені 9-15 мм болады.
Әрлеу таспалары- түрлі енді вискозды құрамдас жіптерден
жасалатын әр түрлі енді майда өрнекті, жаккардты өрімді, түрлі-түсті
суретті түрі жиі кездеседі, әйелдер және балалар киімдеріне
қолданылады.
Эмблема таспасы- жаккардтық, тақырыптық суретті (штурвал, якорь,
аңдар, геометриялық орнаменттер, өрнектер), вискозды құрама
жіптерден және иірілген штапель жіптерден жасалады және балалар,
спорттық бұйымдарға қолданылады, ені 90-100 мм болады.
Үлдір таспа- жұқа, мережкаға ұқсас суретті болып келеді, негіз жібі
капрон жіптерден және арқауы мақта қағазды, жүн жіптерден және
текстурленген жіптерден дайындалады.

9.

3
1
2
4

10.

Таспалар
іш
киімге,
әйелдер
көйлектеріне,
балалар
бұйымына
қолданылады. Ақ жаймалар үшін арнайы
ақ жайма іш-киім бейкалары, 1 - суретте
көрсетілген, аспабау үшін таспалар,
көмкерме үшін өңіржиекті таспалар,
әйелдер көйлектері үшін - түрлі әрлеу
таспалары, шілтері тоқылған таспалар, 2,
3, 4 - суреттерде көрсетілген, Лаке
таспалары, шілтерлі таспалар, спорттық
киімдер үшін - қарапайым және түкті
эластикалы таспалар қолданылады.

11.

Ызба. Ызбалар (тесьма) көп жағдайда өрілген
болып келеді, ал тоқылған түрі сирек кездеседі.
Өрілген ызбада өрілген жіптері бір-біріне зигзагқа ұқсас қырларына
бұрыш болып орналасады. Осы құрылым арқасында ызба ұзындығы
және ені бойынша жақсы созылады және онымен тігіс шеттерін,
күрделі конфигурациялы бөлшектерді жеңіл тігіледі.
Ызбаны әйелдер және балалар бұйымдарында әшекейлі әрлеу
ретінде қолданылады. Өрілген ызбаны түрлі енді (2,5-25мм) мақта
матадан немесе штапельді иірімдерден, құрамдас вискозды
жіптерден және резеңке жіптерден класстарға бөлінетін ызба құрауға
қатысатын жіптерінің санына байланысты таспа тоқитын
машиналарда дайындалады. Өрілуіне байланысты ызбаны бір
шалымнан кейін өрілетін жіптерден бір өрімді, екі шалымнан өрілетін
екі өрімді, үш жіп арқылы үш өрімді болады. Қырларды тігуге арналған
бір түсті ызбалар бұйымның түсіне байланысты таңдалады, әрлеу
ызбасы тегіс боялған және екі, үш, одан да көп түстерден ала тоқылған
түрлері болады.
Өрілген әрлеу ызбаларының түрлі ұршықтардың жіптерінің
тартылысының өзгеруіне байланысты пайда болатын толқынға үқсас
өрілген жолаққа үқсайтын кең тараған түрі «вьюнчик» ызбасы болып
саналады. Әрлеу ызбаларының жаңа түрлерін өрімге түрлі суреттер

12.

Тоқылған ызба – мақта матаның иірімінен,
вискозды штапельді және құрамдас жіптерден
тоқу машиналарында түрлі енді болып
шығарылады. Ызба жасайтын бүл машиналарды
ұршық санына байланысты кластарға топтайды.
Өрімдерге байланысты ызбаларды бір өрімді, екі
өрімді түрлері болады. Әр түрлі енді тоқылған
ызбалар арқау тоқитын машиналарда
шығарылады. Ол бір түстімен қатар түрлі-түсті,
шілтерлі әсерлі және рельефті құрылымды
көлемді жіптерден, штапельді вискозды және
лавсанды иірімдерден пайда болады.

13.

Жаккарды ызба
Пердені әрлеуге арналған ызба

14.

Баулар - өрілген және оралған болады.
#
•Өрілген бауларды ызбаға ұқсас тоқыма машиналарында дайындайды. Өрілген
баулар вискозды, капронды, мақта матадан және штапельді иірімдерден қүрамдас жіңішке жіптерден өрілетін, бірнеше мақта матадан қалың жіптерден
(жүректі) өрімдерден пайда болады.
.
• Әрлеуіш тоқылган бау-сутаж бау ортасында, өрім арасында қуыс пайда болып, сыртынан
қүрамдас вискоза жіптерінен өрілген ені 2-3,5 мм екі қалың мақта матадан ширатылған
өрімнен пайда болатын әрлеуіш өрілген бау болады. Сутаждың сыртқы өрімі бір түсті және әр
түрлі түсті болады. Сутажды әйелдер және балалар көйлектеріне, сонымен қатар балалар
костюмдерін әрлеу үшін қолданылады.
.
#
• Тоқылған бау арнайы дөңгелек тоқыма машинасында алынады (ШВМ), олар түрлі енді және
формалы болады. Негізінен балалар киімдері үшін әрлеу ретінде қолданылады. Диаметрі 2
мм шамасындағы мақта матадан өрілген өңірлік баулар- ды рельефті ілгекке астар үшін
қолданылады. Ілгекті өрілген баулардың ортасы мақта маталы, сыртынан вискоз- ды және
капронды жіптерден өрілген болып келеді. Олардың диаметрі 4мм шамасында болады.
•Оралған бауларды мақта матадан, вискозды және жүн жіптерден ширатылған
бірнеше өрімдерден алады, кейбір кезде әрлеу бауларына мишура
(металлдан жасалған жіптер) қосылады.

15.

Декоративті
баулар
Сутаж

16.

Синель
Аяқ киім бауы

17.

Тоқылған бау
Еспе бау

18.

?

19.

Гипюр (ауалы кесте).
Кесте мата бойымен мақта
маталы иіріммен
орындалады, ал кейін оны
алып тастайды, соның
арқасында кестеленген сурет
фонсыз қалады. Кестені
термоөңдеуден және
механикалық әсерден кейін
алып тасталынатын, алюминий
тұздары сіңген мақта маталы
матада кестелеу автоматында
орындалады. Жіңішке гипюрді
өңдеу кезінде ерітіп жіберілетін
табиғи жібек матасынан
кестелеп жа- сайды. Гипюр ауыр, массивті шілтер, блузка
және көйлектерді әрлеу үшін

20.

21.

Машиналы шілтерлер іш-киімдер және көйлектерді әрлеу үшін жи- ектеме түрінде, сонымен
қатар той киімдері және блузкалар үшін бүтін шілтерлі жайма ретінде шығарылады.
Шілтерлерді арнайы шілтерлі ма- шиналарда өру машиналарында дайындалады. Олар
өрілген, тоқылған және кестеленген болады.
Жиек- қарсы беті тісті, тігілетін матаға бірдей болып келетін шілтерлі жолақ.
Бастыра тігу- екі бүйымның арасына тігілетін бірдей жиекті шілтерлі жолақ.
Тақырыпты- шақпақ, овал, дөңгелек формасындағы шілтерлі ендірме.
Қол шілтерлері өрілген, филейные (тігілген) және тоқылған, жиек формасында,
тақырыпты, кейбір кезде жеке бүйымдарда - жағаларда, ендірмелерде болады.
Шілтеріні әйелдер және балалар іш-киімдеріне, көйлектер және блузкаларда
қолданылады.
Филейные (тігілген) шілтерлерді қалың жіпті торда өрнектерді инемен
кестелеу арқылы пайда болады. Тоқылған шілтерлер кроше жіптерінен
ілгек арқылы тоқиды.

22.

Сурет 6 - Кестеленген
шілтер
Сурет 7- Гипюр (ауалы
шілтерлер)

23.

СУРЕТ 5- МАШИНАЛЫ ШІЛТЕР А-ЖІҢІШКЕ (ВАЛАНСЬЕН); Б-ЕНДІ (МАЛИН); ВБЕДЕРЛІ (БРАБАНТ); Г-ГРУНТТЫ (ТОРШОН).

24.

Тюль (тор) - ағартылған немесе түрлі-түсті
алты қырлы немесе төрт қырлы ұяшықты
формалы тор жайма. Қолданылатын
шикізатқа байланысты тюль мақтақағазды,
жартылай жібек (вискозды жіптермен) және
синтетикалық болады. Тюль тегіс және
өрнекті, суреті бар болып бөлінеді, тюльді іш
киімді, көйлектерді, блузкаларды әрлеуге
қолданылады.

25.

26.

27.

Табиғи жібекті жіптер

28.

29.

Вискозды жіптер
Ацетатты жіптер

30.

Капронды жіптер Лавсанды жіптер
50К
33Л
Нитронды жіптер

31.

Армирленген жіптер
Текстурирленген жіптер

32.

Полиэфирлімақталы жіп
Мөлдір (прозрачный) жіп

33.

Суда ерігіш жіптер

34.

Полиамидті желім
Полиэтилен

35.

Поливинилхлоридті
желім
Поливинилбутиральді
желім (ПВБ)

36.

Желімді пленка
Желімді жіп

37.

Өрмекші торлы желім
Желімді тор

38. Назарларыңызға рахмет!!!

English     Русский Правила