Похожие презентации:
Эпилепсия және құрыспалы ұстамалар
1. «Астана Медицина университеті»АҚ
Тақырыбы: Эпилепсия және құрыспалыұстамалар.
Дайындаған: Қоңырбекова А.Қ
Қабылдаған: Сарсенбаева У.С
Астана-2015ж
2. Жоспар
I. Кіріспе бөлімII. Негізгі бөлім
1. Этиологиясы мен Патогенезі
2. Патоморфологиясы мен жіктемесі
3. Клиникасы мен диагностикасы
4. Емі
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланған әдебиеттер
3. Эпилепсия- әртүрлі себептерден пайда болатын, ара-тұра бәсеңдейтін, нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың
құрыспалыұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсияны бұдан
3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Эгипет
перғауыны Эхнатон тұңғыш рет суреттеген.
4. Этиологиясы мен Патогенезі
Нейрогенетиканың негізін салушы С.Н. Давиденков эпилепсиятуралы ғылымның дамып жетілуінде зор үлес қосқан.
Эпилепсия «клиникалық бірегей» ауру, оның пайда болуында
генетикалық және экзогендік факторлар маңызды роль
атқарады. Экзогендік факторлар эпилепсияға бейімдейтін
агент болуымен қатар, аурурудың дамуына тікелей ықпал
жасайды, едәуір дәрежеде аурудың жас мөлшеріне
байланысты. Мысалы,балалардағы перинатальдық
зияндылықтар («құрғақ»босанулар,жылдам босану,нәрестенің
басы мен жамбас диаметрінің сәйкессіздігі,босану үрдісіндегі
асфиксия,т.б) эпилепсияның пайда болуында маңызды роль
атқарады.
5.
Ми мен оның қабықтарындақабыну үрдістері(энцефалиттер
мен менингиттер) пб әсер
ететін инфекциялар,сонымен
қатар әр түрлі инфекциялыуыттық әсерлерден мидың
ісінуімен қосарланатын
дисциркуляторлық бұзылулар
эпилепсияның негізгі
этиологиялық факторлары
ретінде қарастырылады.
Балалар мен ересектерде бас
сүйек-ми жарақаттары,
уыттанулар,ми қан
тамырларының аурулары басым
болады. Мұнда инфекцияларда
белгілі роль атқарады.
6. Патогенезі
Мидың органикалық зақымдануларынан эпилепсиянытудыратын ошаққа байланысты қосымша эпилепсиялық ошақ
пайда болады. Эпилепсиялық ұстама эпилепсиялық ошақтың
бүкіл миға н/е оның белгілі жүйелеріне тарағанда ғана пайда
болады. Эпилепсиялық және олармен көршілес көптеген
неврондардың бір мезгілде қозуы, яғни неврондар қызметінің
гиперсинхронизациясы эпилепсияның негізгі
патоморфологиялық механизмі болып саналады. Миға
эпилепсиялық ошақ әсерінің таралуына мидың
функциональдық күйін анықтайтын ошақ сыртындағы
факторлар ықпал етеді н/е бөгет жасауы мүмкін. Ол
эпилепсияға әзірліктің күшеюі, мидың «құрыспалы
реактивтілігі» ретінде қарастырылады. Мұндайда мидың
эпилепсияға әзірлігі аса күшеюінен эпилепсиялық ошақтың
әсері қыртыс асты құрылымдарына тарайды.
7. Эпилепсиялық ошақтарды гистологиялық зерттеу кезінде атрофиялық-склероздық сипаттағы өзгерістер байқалады. Эпилепсиялық
ПатоморфологиясыЭпилепсиялық ошақтарды гистологиялық зерттеу кезінде
атрофиялық-склероздық сипаттағы өзгерістер байқалады.
Эпилепсиялық разрядтар пайда болатын аумақ әдетте жарақаттан
кейінгі тыртықтардың, кисталардың, дизонтогения бөліктерінің
және басқа да зақымданулардың шетіне орналасады. Әрбір
эпилепсиялық құрыспалы ұстама ми тканінде пайда болатын едәуір
өзгерістермен(тамырлар дистониясы,стаздар,периваскулярлық ісіну,
ұсақ қан құйылулар, нейрондардағы шұғыл өзгерістер)
қосарланады. Қайталана беретин ұстамаларға байланысты
қайталанатын шұғыл өзгерістер сұр зат клеткаларының жұтаңдауы
мен нейрондардағы үдемелі өзгерістер арқылы білінетін қан
тамырлы-гипоксиялық энцефалопатияның біртіндеп қалыптасуына
себепші болады. Мұндайда бәрінен бұрын аммон мүйізі, маңдай
бөлігінің қыртысы, мишықтың Пуркинье клеткалары, көру
төмпешігінің өзіне тән ерекшеліктері жоқ ядролары зардап шегеді.
8. Классификациясы
1965 жылы Венада қабылданған ДЖ жіктемеге сәйкесИ.М.Сараджишвили құрастырған вариант бойынша
эпилепсия жөніндегі Бүкілодақтық проблемалық комиссия
мақұлдаған эпилепсиялық ұстамалардың үш үлкен тобы
ажыратылады:
I. таралымды эпилепсия
А. Таралымды құрыспалы ұстамалар
Б. Кіші (құрысусыз) ұстамалар
II. фокальдық н/е парциальдық эпилепсия
А. «Жабайылары» қимылдық және сенсорлық ұстамалар
Б. Күрделі симптоматикалық ұстамалар
III. біржақты эпилепсия
9. Клиникасы
I. Таралымды эпилепсиялық ұстамаға естен тану менкөлемді вегетативтік бұзылулардың дененің екі жағын бірден
қамтитын н/е оларсыз бола беретін құрыспалармен
қосарлану тән. ЭЭГ-да эпилепсиялық ұстаманың екі жақты
синхрондық және симметриялық разряды көрінеді.
таралымды құрыспалы ұстама кенеттен пайда болып,
үлкен эпилепсиялық ұстама түрінде көрінеді. Науқас кейде
айқайлап жіберісімен тоникалық-клоникалық құрыспалар
пайда болады. Олардың толық тоникалық кезеңі ым, аяқ-қол
және дене бұлшық еттерінің құрысып ширығуы мен
сипатталады. Көз алмалары бағытынан тайып, жоғары
ығысады. Дем алуға қатысты бұлшық еттер ширығуынан
апноэ, цианоз пайда болады. Ауру тілін тістеп алуы және
аузынан қан көпірігімен қосарланады.
10.
11.
12.
* Кіші ұстамалар қарапайым және курделі апсанстарғабөлінеді. Олар тек балалық шақтағана кездеседі.
- қарапайым абсанс- қимыл т.б әрекеттердің 5-20 сек бойы
тоқтап қалуы. Сырқаттар ол жөнінде кейін өзімен болған
адамдардан ғана біледі. Ауыр жағдайларда мұндай ұстамалар
бірінен сон бірі бірнеше минут, сағат бойы өтеді.
- курделі абсанс- қысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің
еріксіз қимылы және көз алмаларының «аларуы», т.б
қабаттасады. Олардың арасында атониялық және
акинетикалық абсанстар ажыратылады. Атониялық абсанспостуралдық тонустың жойылуынан науқастың құлап қалуы,
ал акинетикалық- бұлшық ет тонусы өзгермей науқастың
есінен танып құлауы.
13.
14. II. Ошақтық (Фокальдық,парциалдық)ұстамалар
А. Жабайылары- қимылдық ұстамалар арасында джексондық пен версивтік
ұстамалар жиі кездеседі. Джексондық н/е соматоматорлық
ұстамалар әдетте клоникалық-тоникалық парциалдық құрысу
түрінде білінеді. Мысалы, құрысу ым бұлшық еттерінде
басталып, қол ұшына, білекке, иыққа таралады, одан әрі
дененің жартысын тегіс қамтиды.
Версивтік ұстамалар бірнеше топқа бөлінеді:
1. эпилепсиялық нистагм-эпилепсиялық ошақтың ми
қыртысының шүйде бөлігінде орналасуына байланысты көз
алмасының біріккен клоникалық ауытқуы.
2. көз қозғалтқыш эпилепсиялық ұстама-мидың маңдай
бөлігіндегі адсервивтік аумақта эпилепсиялық ошақтар болуына
байланысты көздің біріккен тоникалық ауытқуы.
15.
3. адсервивтік ұстама- мидың маңдай н/е самай бөлігіндеэпилепсиялық ошақтар болуына байланысты көздің, бастың,
дененің топикалық ауытқуы.
4. айналмалы ұстамалар- адверсиялық ұстама соңынан іле
дененің шыр айналуы.
- парциалды-сенсорлық ұстамалар-қандайда болсын бір
анализатор ауқымында түйсіктің кенеттен бұзылуымен
сипатталады. Парциалдық сенсорлық ұстамалар сонымен қатар
көру, есту, иіс сезу бұзылыстары мен бас айналу ұстамалары
түрінде білінеді.
Б. Күрделі симптоматикалы парциалдық ұстамаларпсихикалық феномендер кіреді. Оларға- иллюзиялар мен
галлюцинациялар, есте сақтау бұзылуы ұстамалары, идеаторлық,
сонымен қоса «зорлана ойлау», аффективті, психосенсорлық
және психомоторлық ұстамалар жатады.
16.
17.
18. Эпилепсияны анықтау үшін ең алдымен науқаспен мұқият сұхбаттасып, қажетті деректерді толық талдау керек. Эпилепсиямен зардап
ДиагностикасыЭпилепсияны анықтау үшін ең алдымен науқаспен мұқият
сұхбаттасып, қажетті деректерді толық талдау керек.
Эпилепсиямен зардап шеккен жандары бар отбасында тікелей
тұқым қуалаушылық қауіпі, ата-анасы алкоголизммен
ауырғандарды анықтау маңызды роль атқарады. Анасының
екіқабат кезіндегі денсаулығы, перинатальдық анамнез,
баланың өсіп дамуы мен ауырған аурулары жөніндегі
мәліметтер, мінез-құлқы мен интеллектісінде тиісті
өзгерістердің бар-жоғы диагностикаға қажетті факторлар
болып табылады.
I. Электроэнцефалограммада эпилепсияға тән көрініс
береді:
1. Шыңдар-төбесі үшкірленген, ұзақтығы 10-75 м/сек,
амплитудасы 50-100мкв, көбіне бір фазалы оқшауланған
толқындар.
19.
20.
2. Тығызданған толқындар – 10 сек аз ұзақтағы толқындар.3. Үшкір толқындар – табаны кеңейген, төбесі үшкір,
ұзақтығы 75 м/сек көп, әр түрлі амплитудадағы (20-200 және
одан да көп) толқындар. Олар бір, екі фазалы, жеке,
топтасқан, н/е көптеген болуы мүмкін.
4. «Тығызданған толқындар»жиынтығы-екі тербеліс
жиынтығы – екі тербеліс жиынтығы (шың мен тета- н/е
дельта – толқындар, көбіне ырғақты, секундына 2-3 жиілікте
қайталанады.)
5. Пароксизмальды ритмдер- сек 8-12, 14-16, 20-39, жиіліктегі
жоғары вольтажды ырғақты топтар.
II. Пневиоэнцефалография
III. КТ
IV. ЯМРТ
21.
22. Эпилепсияны емдеу кешенді, үзіліссіз ұзақ жүргізілуі керек. Белгілі дәрежеде жалпы тамақтану режимін сақтау керек. Эпилепсиямен
ЕміЭпилепсияны емдеу кешенді, үзіліссіз ұзақ жүргізілуі
керек. Белгілі дәрежеде жалпы тамақтану режимін сақтау
керек. Эпилепсиямен ауырған адам мулде шаршамауы керек,
ұйқыға жеткілікті мөлшерде уақыт бөлінуі тиісті, жазда
кунниң ыстығынан сақтанған жөн. Спирттік ішімдіктерді
қолдануға мүлде тыйым салынады. Сұйық тамақты қабылдау
шектелуі тиісті. Ащы, тұздалған тағамдарды қабылдауға
болмайды.
Кешенді ем мынадай бағыттарда жүргізілуі тиісті:
1. мидың пароксизмалдық құрысуға
2. психикалық құрылымдарға
3. эпилепсиялық ошақтың белсенділігін сақтайтын
этиологиялық және патогенездік ықпалдарға қарсы ем.
23.
Монотерапия ретінде қолданылатын дәрі- дәрмектер:Фенобарбитал. Құрысуға қарсы әсері мен бірге, седативті
және ұйықтататын әсері бар. Ұстама жиілігіне сәйкес 0,05-0,1г
тәу 1-3 ретке дейін.
Гексамидин. 0,125 және 0,25г тәу 1-3 рет ұстамалардың жиі
болатын абсанстардан басқа барлық түрінде.
Бензонел. 0,1-0,3г тәу 2-3 рет фокальдық және клоникалық
ұстамаларда тағайындалады. Сирек болатын ұстамаларда 3-4
реттен тәу 0,1-0,8г, бір ретте 0,1-0,2г.
Дифенин. 0,05-0,1г абсанстар мен миоклониялық
ұстамалардан басқа ұстамалар кезінде тәу 2-3 рет
қолданылады.
Трименин. 0,1-0,3г абсанстардан тәу 2-3 рет қолданылады.
Метиндион. 10мг жиі ұстамаларда қолданылады, ал аралас
ұстамаларда құрамы курделі (Ворабьев пен Серейский
қоспалары) дәрілер тағайындау керек.