ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ кафедрасы
Ерін және таңдай туа біткен ақаулары
Қатты және жұмсақ таңдай туа біткен жырықтары кезінде ортопедиялық көмек
Әдебиеттер
389.49K
Категория: МедицинаМедицина
Похожие презентации:

Таңдай, жақ және беттің ақауын ортопедиялық емдеу әдістер

1. ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ кафедрасы

тақырыбы:
«Таңдай, жақ және беттің ақауын ортопедиялық
емдеу әдістері»
Қарағанды 2014ж

2.

ЖБА ақауларының жіктелуі
Ерін және таңдай туа біткен ақаулары
ЖБА жүре пайда болған ақаулары
ЖБА зақымданулары кезінде
қолданылатын ортопедиялық
аппараттардың жіктелуі

3.

Туа пайда болған ақаулардың жиілігі
денсаулықтың жағдайын сипаттайды. 2000
жылы Ресейде 1000 туылған баланың 18,7
ақау болған. Солардың ішінде ең жиі
кездесетін жақ-бет аймағының. Олардың
ішінде жиі кездесетіні жоғарғы ерін және
таңдай жырығы. Әр түрлі аймақтарда жиілік
қатынасы: 1 : 1000 нан 1 : 700 жылына.

4.

Клинико-хирургилық жіктемесі
Этиологиясы және патогенезі бойынша:
Туа пайда болған ақаулар және деформациялар.
Жарақаттар (тұрмыстық, өндірістік, спорттық, хирургиялық және т.б.).
Одонтогенді инфекция (спецификалық емес немесе спецификалық).
Одонтогенді емес инфекция (спецификалық емес немесе спецификалық).
Асептикалық қабыну (қателесіп инъекция жасау, аллергия).
Бет, ерін, ұрт, мойын терісінің қарттық деформациясы.
Бірнеше этиологиялық факторлардың бірігуі.
Орналасуы бойынша:
Беттің жұмсақ тіндері.
Беттің сүйектері және жұмсақ тіндері (жақтар, бет, мұрын, мандай сүйектері).
Ауыз қуысының жұмсақ тіндері және жақтар.
Ауыз қуысының, беттің жұмсақ тіндері және бет сүйектері.
Беттің жұмсақ тіндері және мұрын шеміршектері.
Беттің жұмсақ тіндері және мұрын шеміршектері , ауыз қуысының кілегей қабығы және бет сүйектері.
Қызмет бұзылысының сипаты бойынша:
Косметикалық ақау.
Ауыз ашу және тамақ тістеу қиындауы немесе мүмкін болмауы.
Тамақ шайнау қиындауы немесе мүмкін болмауы.
Жұтыну қиындауы немесе мүмкін болмауы.
Сөйлеу қиындауы немесе мүмкін болмауы.
Дем алу қиындауы немесе мүмкін болмауы.
Барлықайтылған қызметтердің бұзылуы

5.

Жақ-бет аймағының туа пайда болған ақаулар
келесі кластарға бөлінеді:
Ерін бөліктерінің бітіспеуі (бір және екі жақтық;
толық немесе жартылай, жақ және беттің басқа
ақауларымен бірге болуы);
Бет колобомалары немесе бет бөліктерінің бітіспеуі
(ауыз бұрышы, ұрттар, қабақ) бір жақтық, екі
жақтық; толық, жартылай; комбинирленген;
Таңдай бітіспеуі (жартылай; толық; жасырын; ерін,
ұрт ақауларымен комбинирленген);
макро-, микростомия;
микроотия, анотия;
Мұрын бөліктерінің бітіспеуі (комбинирленген; тері
астылық немесе жасырын);
Бұрын ақауы (горб, қисаюы және т.б.);
Айтылған ақаулардың бірігуі

6. Ерін және таңдай туа біткен ақаулары

Ерін және таңдай жырықтары бала құрсақ ішінде болғанда бет
саңлаулары жабылмау салдарынан болады. Ұсқынсыздықтың
каузальды генезі, сонын ішінде таңдай жырығының,
анықталмаған. Әдебиет және экспериментальды деректер
негізінде ұсқынсыздықтың себептерін келесі схемада көрсетуге
болады (Ю. В. Гулькевич, Г. И. Лазюк)
ЭКЗОГЕНДЫ СЕБЕПТЕР:
1.
Физикалық факторлар: а) механикалық; б) термиялық; в)
радиационды.
2.
Химиялық факторлар: а) гипоксия; б) дұрыс тамақтанбау; в)
гормональды дискорреляция; г) тератогенды улар.
3.
Биологиялық факторлар: а) вирустар; б) бактериялар және
олпрдың токсиндері; в) қарапайымдылар.
4.
Психикалық факторлар.
ЭНДОГЕНДЫ СЕБЕПТЕР:
1.
Тұқым қуалаушылық.
2.
Жыныс клеткаларының биологиялық толық еместігі.
3.
Жас және жыныс әсері.

7.

8.

Жырықтар клиникасы: бір жақтық және екіжақтық,
толық және толық емес, шектеулі және комбинирленген,
симметриялық және симметриялық емес. Толық емес
жырық кезінде тек жұмсақ тіндерді қамтиды, толық
кезінде – альвеолярлы өсінді, қатты таңдай және т.б.
(комбинирленген жырық).
Жоғарғы ерін жырықтарының жіктемесі. 1. жасырын
жырық 2. толық емес, немесе жартылай жырық 3. толық
жырық. Жоғарғы ерін жырықтары алмұрт тәрізді тесік
түбі және жиектері, альвеолярлы өсінді, тістер, мұрын
шеміршегі, кейде сүйегінің өзгерістерімен сипатталады.
Туа біткен жырықтар келесі қызметтердің
бұзылыстарын шақырады: 1) сору; 2) тамақты ұстау;
3) тамақты шайнау; 4) температуралық және дәм сезу; 5)
ауыз қуысынан бөгде заттарды жою; 6) дем алу; 7)
сөйлеу; 8) мимикалық қызмет; 9) жоғарғы жақ және тіл
қалыптасуында еріннің қатыспауы

9.

Таңдай жырықтары ерінжәне альвеолярлы
өсіндінің жалғасы болып келеді, таңдай және
жоғарғы жақ өсіндісінің арасында орналасады.
Таңдай жырықтарының түрлерінің жіктемесі:
1. толық емес жырықтар
1) тілше
2) тілше және жұмсақ таңдай
3) жасырын жырықтар
4) тілше және жұмсақ және қатты таңдай — бір
жақтық.
II. Толық жырықтар
1) жұмсақ және қатты таңдай, альвеолярлы өсінді
— бір жақтық.
2) жұмсақ және қатты таңдай, альвеолярлы өсінді
және ерін — бір жақтық және екі жақтық
Функциональды бұзылыстар: дем алу және
тамақтану, сөйлеу.

10.

Жақ-бет аймағының туа пайда болған ақаулары
Этиологиялық факторлар:
Механикалық жарақаттар (тұрмыстық, өндірістік,
оқпен атылған, транспорттық, адам немесе
жануарлармен тістегеннен кейін зақымданулар);
Термиялық жарақаттар (күйіктер, үсу);
Химиялық жарақаттар (қышқыл, сілті);
Инфекциялар (нома, қызыл жегі, мерез, остеомиелит,
және т.б.) айқын қан айналу бұзылыстары
салдарынан тін некрозы;
Жаңа түзіліс салдарынан операциялар;
Сәулелі терапия салдарынан тіндердің
зақымданулалары;
Тері татуировкасы;
Аталған факторлардың бірігуі.

11.

Ортопедиялық
аппараттар
жіктемесі
Функциясы бойынша:
репонирлеуші,
бекітуші;
қалыптастырушы,
комбинирленген
алмастырушы.

12. Қатты және жұмсақ таңдай туа біткен жырықтары кезінде ортопедиялық көмек

Ильина-Маркосян бойынша обтуратор
Ильина-Маркосян бойынша обтуратор. Бұл жұмсақ және
қатты таңдай обтураторы екі бөліктен тұрады: таңдай
табақшасы және бітеуші бөлігі. Таңдай табақшасын қатты
пластмасса АКР-7 жасайды, кламмерлер арқылы бекітіледі. Ол
қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігін және жұмсақ
таңдайдыжабады. Табақшаның бұл бөлігін аз эластикалық
пластмассадан жасайды (АКР-7 және ЭГмасс-12 қоспасы).
Бітеуші бөлігін ЭГмасс-12 жасайды. Ол жіңішке табақша
түрінде, мұрын қуысы жағынан бүкіл жұмсақ таңдайды жабады.
Бітеуші және бекітуші бөлігі металдық кнопка арқылы
байланысады.
Қалып массасы ретінде эластикалық массалар қолданылған жөн,
мысалға альгеласт, кальцинат және т.б.

13.

14.

Сюерсен аппараты
Suersen обтураторы. Обтураторды дайындау қиын емес.
Жұмсақ таңдай ақауына сәйкес протез бөлігі қара
гуттаперчадан қалыптастырылған. Жұмсартыған
гуттаперчаны бекітуші табақшаның артқы жиегіне
жабыстырады, содан науқастан он бес минут бойы
сөйлеуді және жұтуды сұрайды. Сөйтіп артық
гуттаперчаны кеседі, ал анық шықпаған аймақтарға
қайтан жұмсартылған гуттаперча қосады. Обтураторды
осы күйде ауыз қуысында 2-3 күнге қалдырады, содан
оны ақырғы рет мүсіндеп, вулканизирленген каучукке
ауыстырады. Мұндай құрылымды обтуратор берік, арзан,
дайындауда онай. Сонымен қатар мұндай обтуратор
қоршаған бұлшықеттерге тығыз жатып, олардың
жиырылуын төмендетеді. Ұзақ қолдану бұлшықеттердің
атрофиясына алып келеді және таңдай жырығын
ұлғайтады.

15.

Обтуратор таңдай ақауының жиектеріне толық
жатпай және сөйлеу анықтығы қалыптаспаса
пластмассаны фреза көмегімен 0,5—1 мм
қалыңдыққа егеп, обтураторға тез қататын
пластмасса стиракрилды жағып, ауыз қуысына
еңгізеді. Науқасқа жұтыну қызметін жасауды
сұрайды, жұмсақ таңдай ақау шекарасының
функциональді жағдайын анықтайды. 1—2
минуттан кейін обтураторды алады. Пластмасса
қатқаннан кейін ортопедиялық аппаратты
өндейді, сөйтіп ол өолдануға дайын.

16.

17.

Бет ақауларын алмастыру кезінде
ортопедиялық әдістер
Бет ақауларының себептері қатерлі және қатерсіз
ісіктер, тұрмыстық және оқ жарақаттары,
инфекционды, тері және басқа аурулар болуы
мүмкін (мерез, туберкулез, қызыл жегі, нома және
т.б.), күйіктер. Сонымен қатар бет ақаулары туа
пайда болған болуы мүмкін.
Жіктемесі: шектелген (мұрын: арқасы, ұшы,
қанаты, 2/3, мұрынның тотальды жоқ болуы; көз
шарасы; құлақ; ауыз маңы аймағының жұмсақ
тіндері және т.б.) және аралас, ондай кезде екі
немесе одан да көп анатомиялық аймақтар
зақымдалады.

18.

Беттік протездерінің эстетикалық
қасиеттерін жоғарылату үшін қатты
пластмассамен қатар эстетикалық
пластмасса қолдануға болады. Сонымен
қатар эктопротездердің маскировкасын
қолдануға болады, оған протез жиектерін
табиғи сайларда орналастыру жатады,
сонымен қатар көзілдірік негізін, кірпік,
қас, шаш қолдану, еркектерде – мұрт
және сақал.

19.

20.

Жоғарғы жақ ақауларын ортопедиемдеу
әдістері
Негізгі себептері: жарақаттар (оқпен атылған,
оқсыз жарақаттанған), түрлі аурулар және
патологиялық үрдістер (остеомиелиттер,
спецификалық қабыну үрдістері, қатерсіз және
қатерлі ісіктер, лейкоздар, нома, эпулидтер,
сәулелі терапия салдары немесе хирургиялық
араласулар және т.б.).

21.

Қайта қалыптастыру операциялары қажетті
нәтижелерге жетпейді.
Ортопедиялық ем көмегімен оң қызметтік
және эстетикалық нәтижеге жетуге болады,
ол науқас психикасына оң әсер етеді және
әлеуметтік реабилитация уақытына оң әсер
етеді.

22.

ЖБА ақауларын жою әдістері және
заттары?
ЖБА ақаулары кезінде ортопедиялық емнің
рөлі?

23. Әдебиеттер

Систематизированная механика
ортодонтического лечения. Маклафлин,Беннетт,
Тревизи 2005 г
В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Р. А. Фадеев
Ортодонтия — 2001г
http://stomfak.ru/ortopedicheskaya-stomatologiya
Руководство к практическим занятиям по
ортопедической стоматологии для студентов 5
курсов - Лебеденко И.Ю. 2005 г
Терапевтическая стоматология: учебник. ч2.
Болезни пародонта Барер Г.М. 2008 г
English     Русский Правила