1.65M
Категория: МедицинаМедицина

Терінің лимфомалары

1.

Терінің
лимфомалары
Қабылдаған: Сейтова Г
Орындаған: Өмірханов А
Тобы: ЖМ – 016

2.

Терінің лимфомалары клиникалық және
морфологиялық белгілері біркелкі емес
аурулар тобы теріде лимфоидтық
клеткалардың қатерлі
пролиферациясының әсерінен пайда
болады.
Лимфоманың клиникалық негізгі
түрлері:
- Дақты-табақшалық
- Пойкилодермиялық
- Эритродермиялық
- Дакты-инфильтративтік
- Түйіншекті
- Түйінді

3.

4.

5.

6.

7.

Дақты-табақшалық түрі әдетте сәл
кабыршақтанған солғын-қызғылт
эритемадан басталады, ол табақша
парапсориаздың немесе экзематидтін
белгілеріне үқсас. Бірнеше жылдың ішінде
процесс теріге түтел таралады. Бірте-бірте
зақым ошақтарында инфильтрация
қүрылады, ал кейін ісік дамиды.

8.

9.

10.

Пойкилодермиялык түрі үйкеліс болатын жерлерінде
(белде, иықта), солғьн-қызғылт, аздап кабыршақтанған,
ірі, анық шектеусіз ошактардан басталады. Ошақтың
саны көп емес. Теріде процестің таралуы және
зақымданған ошақтардың үлкеюі өте баяу жүреді.
Негізінде иықтың ішкі жағында, жамбас аймағында, ал
әйеддерде емшек бездерінін терісінде біртіндеп
пойкилодермияның белгілері дамиды. Кейбір
ауруларда терінін осы өзгерістері лихен тәріздес
бөртпелермен қабат көрінеді. Ауру басталғаннан 8-10
жыл өткен сон закым ошақтарында немесе олардың
сыртында түйіншектер, ал одан бірталай кейін
ыдырауға бейімді инфильтраттар және түйіндер пайда
болады.

11.

12.

13.

Эритродермиялық түрі терінің универсалды
закымымен ерекшеленеді. Бірде ол бірнеше аптада
дамиды, жалпы халінің нашарлауымен, безгекпен,
қалтыраумен және қатты қышынумен кабат жүреді.
Теріде ашық қызыл, ісінген, инфильтратталған, ірі
пластинкалық қабыршақтар пайда болады. Алақан мен
табанда айқын кератоз пайда болады. Тырнақтары
қалыңдап, үгіледі. Лимфа түйіндері үлкейеді. Кейде
эритродермия баяу дамиды. Зақымданған тері күрғақ,
кызғылт-қызыл-көкшіл түсті, шамалы инфильтратталған, кебекті немесе ұсақ пластинкалық қабыршақтар
байқалады Аурулардың жалпы халі үзақ уақыт
қанағаттанарлық болады, терінін күрғақтығы және
тырысуы мазалайды. Лимфа түйіңдер үзақ уакытқа
дейін өзгермейді.

14.

15.

16.

Дакты-инфильтратталған түрі көбінесе
денеде бір немесі бірнеше көкшіл-күлгін
немесе күміс түсті, сәл көтеріңкі эритемалар
ошағынан басталады, аймағында алдымен
жұқа, кейін анық тығыз-созылмалы
консистенциялы сіңбе байқалады. Зақым
ошақтарьньң беті тегіс немесе лимонның
қабығына ұқсас.

17.

18.

Түйіншекті түрінде көлемі бұршақтай, кейде
топталып орналасқан көкшіл-қызыл
түйіншектер пайда болады. Аурудың бірінші
белгілері аяққа шығады, кейін дененің басқа
жерлеріне таралады. Аурудың бірінші
жылдары түйіншектер өздігінен жазыльш кетуі
ықтимал. Кейін қайталағанда бұрынғыдан ірі,
ыдырауға бейімді түйіншектер шығады. Кейбір
ауруларда кейде көп жылдар өткен соң
эритемо-сквамоздық зақым ошақтары пайда
болады.

19.

20.

Түйінді түрінде бір
немесе бірнеше
тығыздаусозылмалы консистенциялы, көкшіл
түсті түйін шығады,
оның ортасынан
бастап жазылуға
және ыдырауға
беймділігі
болмайды.

21.

22.

Гистологиясы
Терінің лимфомасында, дақты-қабыршақтанған зақым
ошақтарынан және түйіншектерден басталғанда,
бірнеше жыл бойы тек лимфоидтық клеткалардың
анықталуының вагеруінің алғашқы белгілері ғана
табылады. Кейін лимфоидтық клеткалардың
пролиферациясы пролимфоцит, лимфобласт және
атиптік клеткалар түрінде байқалады. Дақтыинфильтрат түрінде терінің қосалқы мүшелерінің
төнірегінде лимфоциттерден, пролимфоциттерден
және лимфобласттардан тұратын пролиферация
табылады. Түйінді түрінде осы клеткалардаи тұратын
пролиферат гиподермада табылады.

23.

24.

25.

26.

Тері лимфомасының барлық түрлеріне тән нәрсе көп
жылдық ағымы мен қышыманың болмауы. Ал соңында
процесс лимфа түйіндеріне және ішкі мүшелерге
метастаздар береді. Процесс бүкіл теріні қамтығанда
клиннкалық анализдердің нәтижесі патологиялық
өгерістерді көрсетеді.
Тері лимфомасы баяу дамып, қатерлілігі темен дәрежеде
болумен қатар, өте кауіпті, қатерлі түрі де дамуы мүмкін.
Онда көкшіл-коңыркай түсті, кейде геморрагиялык
компонентпен, тез ыдырауға бейімді түйіншектер,
табақшалар және түйіндер пайда болады.
Генерализациялык процесс 1-2 жылда өліммен
аяқталады. Гистологиясында жетілмеген лимфоидтық
клеткаларда атипизм және аномалия белгілерімен
пролиферация табылады.

27.

28.

29.

Лимфосаркома теріде басталғанда,
клиникалык белгісі ретінде сыздауык тәрізді,
көкшіл-қоңырқай түсті, геморрагиялык және
некрозды компонентімен түйін байқалады.
Бұл ісік лимфа түйіндері мен ішкі мүшелерге
тез тарайды, бірақ негізгі ошақ сақталып, инфильтрациялық өсуі арқылы көлемі үлкейеді.
Гистологиясында әр түрлі көлемді — ұсақтан
алыпқа дейін, жетілмеген лимфоидтық
клеткалардьщ полиморфизмі табылады.

30.

31.

32.

33.

34.

35.

36.

Саңырауққлақ тәріздес микоз қазіргі кезде Тклеткалык лимфома деп аталады.
Гистологиясында бұл лимфомада жетілмеген
лимфоидтык клеткалар пролиферациясымен
катар, арнайы емес гранулема түрінде айқын
реактивтік қабыну байқалады. Ауру уақытша
эритемадан, күлдіреуіктен, катты қышитын
экземаға және парапсориаздың бөртпелеріне
ұқсас, белгілерден басталады. Кейбір
жағдайда ауру кышымадан басталады. Осы
күйінде процесс кепке созылуы мүмкін,
көбінесе бірнеше айға (премикотикалық
кезеңі).

37.

Одан кейін зақым ошақтары ннфильтратталады, табақшаға
ауысады, көкпгіл түске боялады (табақшалык, кезең). Бұл
өзгерістер алдымен тек жеке жатқан зақым ошақтарының
аймағында дамиды. Табақшалардың ортасы жазылып,
сақиналы болуы типтік нәрсе. Бірте-бірте табақшалардың бір
бөлігі ісікке айналады. Бұлар өзгермеген теріде де шығуы
мүмкін (ісікті, туйінді кезеңі). Типтік ісіктер
саңырауқұлақтың қалпағына ұксас: үсті жалпайып, түбі
жіңішкере береді. Лимфа түйіндерінің үлкеюі әдетте үшінші
кезеңінде байкалады. Ісікті кезеңінде процесс ішкі мүшелерді
де қамтуы мүмкін, шеткі қан өгерістері болады. Бұл
лимфоманың премикотикалық кезеңінің клиникалық
диагнозы өте қиын, гистологиялық зерттеудің мәліметтері
жәрдем береді.

38.

39.

Е м і.
Биопсияның нәтижесіне карай ем жасайды.
Лимфоидтық клеткалардын өзгеруінің бастапқы
белгісі табылған кезде жалпы нығайту емін ғана
белгілейді: В витамин тобы, натрий арсенаты, тиімді
демалыс және жұмыс тәртібі. Лимфоциттердің
жетілмеген түрлері пролиферациясы байқалған кезде
цитостатикалық препараттар беру керек. Тері
лимфомасының генерализациялық кезеңінде
ауруларды онкологиялық стационарда емдеген
дұрыс.
English     Русский Правила