Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Мазмұны:
Кіріспе
Вирустардың ашылу тарихы
Вирустардың белгілері
ДНҚ – сы және РНҚ – сы бар вирустар  
Вирустардың морфологиясы, жіктелуінің ерекшеліктері
Вирустардың жасушамен қарым – қатынасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
103.47K
Категория: БиологияБиология

Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері

1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері.
ДНҚ және РНҚ – сы бар вирустар
Орындаған: 119 ЖМФ.
Тексерген: Қалиева Г.Т.
Қарағанды 2010 ж.

2. Мазмұны:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Вирустардың ашылу тарихы
2. Вирустардың белгілері
3. ДНҚ – сы және РНҚ – сы бар вирустар
4. Вирустардың морфологиясы, жіктелуінің ерекшеліктері
5. Вирустардың жасушамен қарым – қатынасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Вирустар – құрамында нуклеин
қышқылдары, белоктар, ал кейде
липидтер болатын және тек қана клетка
иесінде көбейе алатын бөлшектер.
Көпшілігінде
ферменттердің
жоқтығынан олар клеткасыз ересек
вирус бөлшектерін жасай алмайды,
сондықтан «бедеу» күйде болады.
Вирустарды құрылымдық жағынан
клетка деп есептеуге болмайды, себебі
клеткадағыдай
не
органелла,
не
цитоплазма жоқ. Вирус бөлшектерінің
(оларды вирон деп те атайды) диаметрі
20 – 300 нм, ең кішкентай прокариоттық
клеткалардан да төмен

4.

Құрылымдық жағынан клетка деп есептелмесе де вирустар арқылы
организмнің тұқым қууы жөніндегі мәліметтердің сансыз түрі алынды,
сондықтан клетка жөніндегі мәселе қаралғанда олардың атқаратын
ролі өте зор.
Вирустар пішіні, көлемі және күрделілігі жағынан әр түрлі. Оларды
жұқтыратын немесе денесіне ендіретін клетка иелерінің шеңбері де
тым кең, дегенмен, әрбір вируске тән қасиет – иесін таңдау.

5. Вирустардың ашылу тарихы

Вирус биологияда – нуклеин қышқылдары мен белоктық қабықтан
тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею
қасиеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы
Д.И. Ивановский ашты.
Вирус терминін 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық
ғалым М. Бейерник енгізді.
1935 жылы америкалық вирусолог У. Стенли вирусты кристалл
күйінде бөліп алды.

6.

Вирус көбеюі 5 сатыға бөлінеді:
1. клеткаға ену
2. клеткада вирус нуклеин қышқылынан қамтамасыз ететін
ферменттердің түзілуі
3. вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы
4. одан вирионның түзілуі
5. ересек вирустың клеткадан шығуы.

7. Вирустардың белгілері

Бүтіндей вирустардың өзіне тән белгілері: бұл белгілердің
кейбіреулері оларды клеткаға ұқсастырмайды, ал енді біреулері
зерттеушілерге клеткалар немесе организмдер ретінде тәжірибе жасауға
мүмкіндік береді.
Біріншіден, вирустар өте кішкентай: олар тіпті тым ұсақ
прокариоттық клеткалар өте алмайтын сүзгілерден өтіп кетеді.
Екіншіден, өздерінің көлеміне сәйкес, вирустар тіпті микоплазма
клеткасымен салыстырғанда да құрылысы өте қарапайым.
Үшіншіден, вирустардың клеткалардан (про және эукариоттық)
айырмашылығы, олар өз бетімен өмір сүре алмайды.

8. ДНҚ – сы және РНҚ – сы бар вирустар  

ДНҚ – сы және РНҚ – сы бар вирустар
Құрамына ДНҚ кіретін вирустардың генетикалық материалы ретінде
ұзынша немесе сақиналы, бір немесе қос тізбекті ДНҚ қызмет етеді.
Вирустың барлық белоктары жөніндегі ақпарат ДНҚ – да кодталған.
Оларды, ДНҚ – сы бір немесе қос тізбекті және клетка иесі про немесе
эукариотты болуына байланысты топтастырады.
Құрамында РНҚ болатын вирустарда ДНҚ жоқ; бұлардың
генетикалық ақпараты РНҚ – да сақталады. РНҚ бір немесе қос тізбекті,
ал клетка иесі про немесе эукариотты болуы мүмкін.

9.

Вирустардың көбеюі – белгілі бір цикл, жаңа вирус белоктарын және
көптеген вирустық ДНҚ көшірмелерін синтездегеннен кейін, ең
ақырында ересек вирус бөлшектерін шығара бастайды. Бұл процестің
егжей – тегжейі әртүрлі ДНҚ – сы бар вирустарда бірдей болғанмен,
шындығында ол әмбебап. Бактериялар вирусында барлық цикл (бір сағат)
аз уақытта бітеді, ал көптеген жануарлар вирустарында ол бірнеше күнге
созылады.

10. Вирустардың морфологиясы, жіктелуінің ерекшеліктері

Қабықшалы вирустар
Қабықшасыз вирустар
Екі жіпшелі ДНҚ вирустары
Екі жіпшелі ДНҚ вирустары
Herpesviridae
Hepadnaviridae
Poxviridae
Adenoviridae
Polyomaviridae
Papillomaviridae
Бір жіпшелі ДНҚ вирустары
Parvoviridae
Circinoviridae
Бір жіпшелі РНҚ вирустары
Coronaviridae
Paramyxoviridae
Bunyaviridae
Arenaviridae
Екі жіпшелі РНҚ вирустары
Reoviridae
Бір жіпшелі РНҚ вирустары
Picornaviridae
Caliciviridae

11.

Вирустардың морфологиясы мен құрылымы электронды микроскоп
көмегімен зерттеледі, себебі өлшемі ұсақ және бактерияның
қабықшасының қалыңдығына сәйкес келеді. Вириондар пішіндері
әртүрлі болуы мүмкін: таяқша тәрізді (темекі мозаикасы вирусы), оқ
тәрізді (құтыру вирусы), сфералы (полиомиелит, АИТВ – адамның
иммунды тапшылық вирустары), сперматозоидқа ұқсас (көптеген
бактериофагтар).
Вирустардың
өлшемдерін
электронды
микроскоп
арқылы,
ультрафильтрация әдісімен, ультрацентрифугалау әдісімен анықтайды.
Ең ұсақ вирустардың бірі полиемиелит вирусы, ал ең ірі – табиғи шешек
вирусы.

12.

Вирустар
Қарапайым
(вирустар нуклеин
қышқылы ақуызды
қабықшамен
байланысқан, мұны
капсид (латын сөзінен
capsa – қапшық) деп
атайды)
Күрделі
(вирустардағы капсид
қосымша липопротеидті
қабықша – «тікендері»
бар суперкапсидпен
(жасуша – иенің
мембранды құрылым
туындылары) қапталған)

13.

Вирустардың жіктелу негізі келесі категориялардан тұрады:
1. Нуклеин қышқылының типі (ДНҚ немесе РНҚ), оның құрылымы,
жіпшелерінің саны (бір немесе екі), вирусты геномды қайта құрастыру
ерекшелігі;
2. Вириондардың өлшемі мен морфологиясы, капсомерлердің саны мен
симметрия типі;
3. Суперкапсидтің болуы;
4. Эфир мен дезоксихолатқа сезімталдығы;
5. Жасушадағы көбею орны;
6. Антигендік қасиеті және т.б.

14. Вирустардың жасушамен қарым – қатынасы

Вирустың жасушамен қарым – қатынасының үш типі белгілі:
Өнімдік тип, вирустың ұрпағының пайда болуымен аяқталады;
Абортипті тип, жаңа вирус бөлшектерінің түзілуі аяқталмайды, себебі
инфекциялық процесс бір кезеңде үзіліп тоқтайды;
Интеграциялық тип немесе вирогения, вирустық ДНҚ – ның жасуша –
ие хромосомасына тіркелумен сипатталады;
Вирустаң репродукциясы бірнеше кезеңнен тұрады,олар бір-бірімен
кезектесіп отырады:
Вирустың жасушаға адсорбциясы
Вирустың жасушаға енуі
Вирустың шешінуі
Вирус компоненттерінің жасушадағы биосинтезі
Вирустардың құралуы
Вирустардың жасушадан шығуы

15. Қорытынды

ДНҚ – провирус қосымша генетикалық ақпаратты тасымалдайды,
нәтижесінде жасуша бірқатар жаңа қасиетке ие болады. Интеграция
аутиммунды және созылмалы аурулардың, әртүрлі ісіктердің пайда
болуының себепшісі болуы мүмкін. Бірқатар физикалық және химиялық
факторлардың әсерінен ДНҚ – провирус жасуша хромосомасынан
ажырайды ды автономды жағдайға өтеді, вирустың репродукциясына
алып келеді.

16. Қолданылған әдебиеттер

1.
2.
3.
Арықпаева Ү.Т., Асемова Г.Д., Микробиология және вирусология,
2005 – 77 б.
Айала Ф., Кайгер Д.Ж., Современная генетика, 1987
Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л., Молекулярлық биология, 2003 –
535 б.
English     Русский Правила