Похожие презентации:
Инклюзивті білім беру
1.
Инклюзивтібілім беру
2.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пендамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары
бар балалардың дені сау балалармен бірге
олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы
бірлескен оқыту.
3.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Дамумүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты
балалармен бірге білім беру. Яғни адамның
жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең
құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі
болып табылады.
4.
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;
2. Адамдарды шектеудің болмауы;
3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және
мектепке қабылдау;
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру,
мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту,
5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;
6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау;
7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар,
ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б.
мамандықтардың өзара әрекеттестігі
8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген
сенімділікке үйрету.
5. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындықтары, олар:
а) функционалдық қиындық;б) науқастанудан туындаған қиындық;
в) дамудағы кемістіктен туындаған қиындық;
г) сыртқы ортаға бейімделе алмаудан туындаған қиындық;
д) қоғамдағы әр түрлі пікірлерден туындаған қиындық.
6. Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау механизмдері:
а) Құрылымдық бұзылулар (медициналық,диагностикалық аппаратурада айқындалмауы);
б) Іс-әрекет түрлеріне қажетті дағдылардың
жетілмеуі;
в) Әлеуметтік бейімделе алмау, сәтсіз әлеуметтену;
Инклюзивті оқыту – баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша
оқуын және оқуға деген құқығын сақтау ұстанымына сүйенетін
жалпы білім беретін мекемелердің білім беру жүйесі және ол үшін:
а) оқу бағдарламасы мен жоспарларын бейімдеу;
б) оқыту әдісі мен формаларын бейімдеу;
в) ерекше қажеттілігі бар балалардың әр түрлі оқу формасы мен
жеке білім алу қажеттілігін есепке алу мен серіктестікте болу.
7.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың жалпы білімберу үрдісіне енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына,
жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан
баланың жеке қажеттілігіне коррекциялықпедагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету,
белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету.
Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:
Толықтай кіріктірілген –
- Дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған
балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға
жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).
Толық емес кіріктірілген –
- Психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі
коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға
қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға
қатысуы
8. 1)Барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне енуі; 2)Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне
Инклюзивті білім беру –9.
Инклюзивті білім беруде ҚазақстанРеспубликасының төмендегідей заңдарына
сүйенеді:
1)ҚР «Білім туралы заңы» ;
2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік,
медициналық-педагогикалық коррекциялық
қолдау» .
10.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше»балалар оқитын мекемелер:
- Арнаулы (коррекциялық) оқу орындары;
- Үйде оқыту;
- Арнаулы мектеп-интернаттар;
- Коррекциялық мектептер және мектепке
дейінгі мекемелер;
- Оңалту орталықтары.
11. - 18 жасқа дейінгі дене және психикалық кемістігі бар балалар; - Туа біткен және жүре пайда болған науқастар; - Естуінде
Мүмкіндігі шектеулі балалар:12.
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердіңмүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуы мен
қамтамасыз етілуі мәселесін төмендегідей
құжаттармен айқындап берді:
1945 ж. Адам құқығы туралы декларация;
1960 ж. Білім саласында дискриминациямен
күресу туралы конвенция;
1959 ж. Бала құқығы туралы Декларация;
1971 ж. Ақыл-ойы кем адамдар туралы
Декларация;
1975 ж. Мүгедектер құқығы туралы
Декларация;
13.
Адам құқығы туралы декларациядабілім берудің гуманистік құндылығы
былай беріледі:
“Білім беру адам тұлғасының толыққанды
дамуына бағыттау және адам құқығын
құрметтуді арттыру. Білім беру өзара
түсіністікке,төзімділікке халықтар, нәсілдер,
діни топтар арасындағы достыққа бағыттауы
жіне БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдауына ықпал
ету қажет”.
14.
1959 жылы - Адам құқығы туралыдекларация
Соматикалық, психикалық және
әлеуметтік қатынастағы ауытқушылығы
бар балаларға блім беру, қамқорлық
жасауы және арнаы күн кестесін
әзірлеуі қажеттігі мәселесінің
нақтылануы.
15.
1960 жылы – Білім беру саласындағыдискриминациямен күресу туралы
конвенция.
Жеке тұлға немесе топ үшін білім беру
саласындағы кез-келген мекеме
деңгейінің жабық болуы.
16.
1971 жылы – Ақыл-ой кем адамдардыңқұқығы туралы декларация:
1) Ақыл-ой кем адамдардың құқықтарының
да өзге адамдармен бірдей сақталуы;
2) Ақыл-ой кем адамдардың емделуі, білім
алуы, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруі
арқылы олардың мүмкіндігін дамыту,
отбасында өмір сүруі немесе арнайы
мекемеге жіберілуі.
17.
1971 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардыңодағы құрылып, жаңа әлеуметтік
тұжырымдама әзірленіп, мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қиындығы қоғамдағы
кедергілерге байланысты туындағаны
талданды. Қоғам осындай кедергілерді
тудыра отырып мүмкіндігі шектеулі
адамдардың толыққанды дамуын тежейді.
18.
1975 жылы –Мүгедектер құқығы туралыдекларация. Ментальдық және өзге де
денсаулығындағы ауытқушылығы бар
адамдардың білім беру және әлеметтік
құқығын қамтамасыз ету нормалары. Бұл
құқықтар нәсілдік, жыныстық, тілдік, діни,
саяси немесе өзге де және оның отбасы
үшінде сақталуы тиіс.
19.
Мүгедектер құқықтары:- Медициналық ем алуғы:
- Психикалық ем алуы;
- Ортопедиялық апараттарды
қолдануға;
- Білім алуға;
- Кәсіби даярлыққа;
- Еңбекке қабілеттілігін қалпына
келтіруіне.
20.
XX ғасырдың 70 жылдарындағы “Білімберу – барлығы үшін” ұстанымын
басшылыққа алып, әлемдік мүгедектерге
қатысты әрекет ету бағдарламасы
олардың өзгелермен бірдей білім алу
құқығын қолдануына мүмкіндік берді.
21.
1989 жылы – Бала құқығы туралы Конвенция. 1990жылы Тайландта Халықаралық барлығына білім
беру конвенциясы өткізілді және мынадай
мәселелер талданды:
- Білім беру жүйесін тұтынушы
талаптарына сәйкестендіру және олардың
қажеттілігіне, мәдениеті мен тарихи
жағдайына бейімдеу.
- Мүгедектік – ағзаның қызметінің
бұзылуынан өмірлік әрекеттің шектелуі
және әлеуметтік қорғауды қажет етуі.
22.
1994 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауыменИспанияда Халықаралық ерекше қажеттілігі
бар адамдарға білім беру конвенциясы
өткізілді.
Педагогикаға “инклюзивті білім беру” термині
енгізілді, ұстанымдары айқындалды. Саламан
декларациясы бойынша, білім беру жүйесі әр
баланың қажеттілігі мен ерекшелігіне
бейімделуі қажет, сонымен қатар жалпы білім
беретін мектепте бірге оқытумен қатар
арнаулы оқыту орындарының да
маңыздылығын жоққа шығарылмайды.
23.
2000 жылы сәуірде халықаралықбілім беру форумы өтіп, дакарлық
декларация қалыптасты. Әр
баланың, жас адамның және
ересектің базалық бәләм алуын
қамтамасыз ету.
2015 жылға дейін барлық
балалардың тегін бастауыш білім
алуын қамтамасыз ету.
24.
Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы:
-Барлық азаматтардың мемлекеттік оқу
орнында тегін міндетті орта білім алуы;
Қазақстан Республикасының бала
құқығы туралы заң:
-Барлық балалардың білім алу
құқығының сақталуы, тегін бастауыш,
орта білім алу құқының сақталуы;
25.
Қазақстан Республикасыныңмүгедекттерді әлеуметтік қорғау
туралы заң.
-Адам құқығының сақталуы;
-Мүгедектердің құқығының теңдігі;
-Білім алу және қызмет түрін
таңдау құқығы;
26.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы- Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу;
-Психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялық нұсқауын есепке алу.
“Ерекше балаларды” оқыту жалпыға міндетті білім
беру стандарты негізінде жеке оқу жоспарын, білім беру
ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу
бағдарламасын әзірлеу мәселесін шешу.
“Мүмкіндігі шектеулі” балаларды әлеуметтік және
медициналық – педагогикалық – коррекциялық қолдау
туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2002)
-Мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін мектепалды
даярлық және жалпы білім беретін арнайы оқу
орындарында немесе психологиялық-медициналықпедагогикалық консультацияның сараптамасымен жалпы
білім беретін оқу орындарында тегін білім алу
құқығының болуы.
27.
Заңның 15-бабында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін конкурстық негіздетехникалық кәсіби, орта арнаулы, жоғары білімді мемлекеттік білім беру
бағдарламасына сәйкес мемлекеттік оқу орнында оқу құқығыгың
қарастырылуы.
2009жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің
“Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға
арналған әдістемелік нұсқаулығы” «Мүмкіндігі шектеулі балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау ісшараларының жоспарын бекіту туралы» қаулысына сүйеніп әзірленді.
Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде
инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға
мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту
ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді.
28.
“Ерекше” балаларды жалпы білімберетін мектепке қабылдау жүргізіледі:
• Ата-анасының
жазбаша өтініші немесе өзге де заңды
тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту
формасын ұсынды).
“Ерекше” балаларды оқытатын сыныптар:
• Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емес
“ерекше” баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;
• Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте
арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай
жасау.
Коррекциялық – педагогикалық қолдау дефектолог,
психолог, әлеуметтік пелагогпен бірлестікте жүргізіледі.
29.
“Ерекше” балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісібілім беру мекемесінен тыс мынадай орындарда
жүргізіледі:
• Арнайы білім беру мекемелерінің
мамандары;
• ПМПК мамандары;
• Психологиялық – педагогикалық
коррекция кабинетінде;
• Логопедиялық пунктте;
• Келісім – шарт негізінде медицина
мекемелерінің мамандары.
30.
Профессор Р.А.Сулейман мүмкіндігі шектеулібалаларды мемлекеттік қолдау моделін ұсынды:
1-деңгей. Психофизикалық дамудағы ауытқушылықты
анықтауға скрининг жүргізу.
- Арнайы қондырғылармен және әдістермен жаңа туған
баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшелігін, естуін,
көруін диагностикалау.
2-деңгей. Балалардың психофизикалық дамуын
тереңдете бағалау.
- Психикалық ауытқушылығы бар балаларды ПМПК-ға
жіберу, ал мамандар диагностика, психологиялықмедициналық-педагогикалық сараптама жүргізу арқылы
оқыту түрін, жеке оңалту бағдарламасын әзірлеуі,
балалар мен жеткіншектерге кеңес беруі қажет.
31.
3-деңгей. Коррекциялық ықпал, арнайы және білімберетін мекеменің кешенді әлеуметтік, медициналықпедагогикалық-коррекциялық қолдау.
• Арнайы білім беру мекемелері
• Балабақша мен жалпы білім беретін мектептегі арнайы
сынып пен арнайы топтық 35 арнайы балабақша, 228
арнайы топтар – 10 мыңнан аса баланы қамтуда, 101
коррекциялық мектеп, 820 арнайы сыныптар – 24 мың
баланы қамтуда.
• Коррекциялық ұйымдар педагогтарда оқу-әдістемелік
көмек көрсетеді. Оқушылар мен ата-аналарға
психологиялық-педагогикалық-коррекциялық көмек береді.
4-деңгей. Ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, алынған
нәтижелерді талдау, жалпылау нұсқау әзірлеу.
Мынадай жобаларды жүзеге асады:
• “Ерекше қолдауды қажет ететін балалар”;
• “Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасындағы
мектепке дейінгі мекемелер жағдайына мониторинг
жасау”;
32.
5-деңгей. Бірыңғай мемлекеттік саясат, құқықтық базаменқаржыландыру.
2011 жылдан үйден оқитын мүгедек балалардың мемлекеттік
бағдарлама аясында индивидуалдық білім беру маршрутынан сәтті
өтуі үшін бағдарламалық-техникалық құралдармен жабдықталуда.
Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылуы бар балалар үшін қозғалыс
құралдарымен қатар арнайы клавиатура мен манипуляторлар,
естуінде кемістігі бар балаларға жеке есту аппараты,
микрофонымен, дыбысты күшейтуші жүйе, тифло техникалық
құралдар алынуда. Оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін Браилдың
дисплейлер, оқитын машиналар, ұлғайтатын экранды сөйлеуімен
бірге мобилді түрде ұлғайтатын қондырғылар қолданысқа берілуде.
43% арнайы білім беру ұйымдары мультимедиялық білім беру
жүйесімен қамтылған, оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі
балалардың танымдық дамуын ынталандыруға болады.
20% арнайы мектептерде интерактивтік тақталар орнатылған.
Көруінде кемістігі бар балалар үшін 46% компьютерлік тифлокешен
бар. 95 арнайы мектептер интернетке қосылған, 41% арнайы
ұйымдар логопедиялық тренажерлермен, 37% -ы есту, сөйдек
тренажерлерімен қамтамасыз етілген.
33.
Мүгедектер үшін ЖОО-ға қабылдануда 1 % , техникалықжәне кәсіби білім беру ұйымдарына қолдануға 0,5% квота
беріледі.
Көру мүгедектігі мен есту мұгедектігі бар балалар, жетім
және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қамқоршы
және қорғаншылықта болған балалар жоғары мемлекеттік
шәкіртақы(75% ) алу құқын иеленеді.