1.98M
Категория: ПедагогикаПедагогика

Әулет педагогикасы

1.

ӘУЛЕТ
ПЕДАГОГИКАСЫ

2.

Қобдабай Қабдыразақұлы
ӘУЛЕТ ПЕДАГОГИКАСЫ
ҚАРАҒАНДЫ
2019

3.

КИІЗТУЫРДЫҚТЫЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Пікір жазғандар:
Б.Бор (академик)
Н.Қаусылғазы ( д-р,проф.)
Жауапты редактор Д.Нурпейісова (пед.магистрі)
Қобдабай Қабдыразақұлы
ӘУЛЕТ ПЕДАГОГИКАСЫ
СЕМЕЙНАЯ ПЕДАГОГИКА
family pedagogy
Семейная педагогика –отрасль педагогической науки, выделенная по
институциональному признаку,т.е.по социальному институту,который занимается
воспитанием и обучением подрастающего поколения, – семье. Семейная педагогика -это
наука о воспитании в семье, она изучает специфику условий семейного воспитания, их
потенциальные возможности, разрабатывает научно обоснованные рекомендации
родителям по формированию личности ребенка. Family pedagogy – branch of pedagogical
science that
is allocated on institutional grounds, i.e. on the social institution that deals with
education and training of the younger generation – family.Family pedagogy is the science of
raising a family, it studies the specifics of the conditions of family education, their potential,
develops evidence-based recommendations to parents on child's
Бұл еңбекте қазақ халқының отбасылық педагогикасы жалпы отбасылық педагогика
ғылымы шеңберінде алынып,жеке талданған.Оның ерекшеліктері мен өзгешеліктері толық
сараланған.Сондай-ақ,әулет педагогикасының көне бастауарына шолу жасап,қазақтың
әулеттік мектебінің тарихына тоқталған.Әулет педагогикасын сонау әулет мектептерінің
пайда болуына сай киізтуырлықтылардың өзіне тән жүйесінің болуы негізінде қазақтың
отбасылық тәрбиелеу үрдісі жаңа таныммен,өзгеше әдіспен талданған.Еңбек педагогикалық мамандар мен оқытушы мұғалімдерге сондай-ақ,тәрбие ісімен шұғыланушы
көпшілік қауымға арналған.
(редақтор)
+7 708 128 64 12
E-mail:
[email protected]:[email protected]@yandex.ru

4.

Кіріспелік бөлім. Әулет
педагогикасы
1§.Отбасы және оның педагогикасы
Отбасы дегеніміз-кішкентай ғана әлеуметтік-психологиялық топ, оның мүшелері
некелік немесе туысқандық қатынастармен, ортақ тұрмыспен және өзара моральдық
жауапкершілікпен байланысқан, ал ондағы әлеуметтік қажеттілік қоғамның халықты нақты
және рухани өсіріп-өндіруге деген қажеттілігінен туындайды.Отбасы-қоғамдық қатынастар
мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік
құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу аумақты
да,көлемді,терең де мұхияттылықты талап етеді..Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы,
атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп.
Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. Үлкен энциклопедиялық
сөздікте мынадай анықтама берілген: «Отбасы-некеге немесе туысқандыққа негізделген
шағын топ, оның мүшелері өзара ортақ тұрмыспен, өзара көмекпен, моральдық және
құқықтық жауапкершілікпен байланысқан» [2]. Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып,
шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы
Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан
шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» (9,52) деген екен. Ал,
Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол
мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған (9, 54). Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық
мәселелеріне көп көңіл бөлген.Фихте отбасының негізі-махаббат десе (9, 56), Гегель бірінші
болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен (9, 58).ХIХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877
жылы шыққан «Ежелгі қоғам» (8, 49) атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның
некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған.
Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі - Ф. Энгельстің
1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі
(4,21). Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо,
швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,т.б.өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған (9, 13). Отбасындағы тәрбие
мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық,
әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды
кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. (Қазақ тілінде жазылған еңбектерде отбасы ұғымыәр кезеңде үйелмен,сеиья,жапұя,әулет қатарлы сөздермен берілген.Біз қемтылған аумағына
сай оларды атадық) Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық.
Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар
кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы - некеде және қандас туыстар
негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық,
моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік
құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп,
жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.Ал, педагогикалық – психологиялық тұрғыда
отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы
мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде «Отбасы» - өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ»
(6, 14) деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі- тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және
рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың
жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда
адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.Әлеуметтану ғылымы оны былай
анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ,
3

5.

оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық
қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту,
белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру (Отбасы еркек пен әйелдің табиғи
физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін)
өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып
табылады.. Мәселен, “Отбасы –семья, үй деген сөздің синонимі” яғни бір оттың (ошақтың)
басында өмір сүріп жатқан қандастар.“Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық
ортақ белгісі”“Үйелмен –ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік
ортасы”“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам
тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” (4,126)
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып
табылады.Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның
мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына
жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы,
отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық
тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады.
Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды
міндеттер алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттіліктерін қанағаттануына кедергі жасайды:
жұмсалған күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы
себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің
отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар болып табылады..
Отбасының тәрбиелік қызметі. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда,
балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі
жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп
келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі.Отбасының шаруашылықтұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерін, олардың
денсаулығын сақтайтын қажеттілікті қанағаттанудан тұрады. Отбасының осы қызметінің
орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру
қамтамасыз етіледі.Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық
қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды
қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы
қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.Рухани қарым-қатынас қызметі.Рухани
қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екіжақты рухани байыту
қажеттіліктерімен қанағаттандыру.Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі.Бастапқы
әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын,
оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып,
әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын
қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.Сексуалдыэротикалық қызметі.Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалдыэротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды
болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын
реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.Отбасы қызметінің
бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға
кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең
шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке
4

6.

ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған
жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы
және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың
бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен
басқалар жағынан кедергі келтіруі).[6,7]Отбасы құндылықтары.Отбасылық құндылықтар
дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден
келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар
ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан
басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі,
тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар.Адамдар
отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп, бірбірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі
болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.Дәстүрлі
отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері.
Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас
отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары
да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды
тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.Қазіргі отбасылық
құндылықтар.Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол
ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру
себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы,
бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен толық түрде қазір өмір сүру мүмкін емес.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б
жатады.Тәрбиелі отбасылық құндылықтар.Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр
кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз
қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық
құндылықтардың бірі болып табылады. Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет,
естеліктер жатады. [2]
Отбасы-қоғамның алтын діңгегі,бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтікэкономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал
біртіндеп өзгеріске түседі.Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық,психологиялық
және демографиялық жағдайлар әсер етеді. Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады . Біреулер
мейлінше өбектеп тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін .Ондай отбасындағы
балалар жалқау,енжар болып тәрбиеленеді Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,
белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын
құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу болуы тиіс. Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің
өзіндік ерекшелігі бар.Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді
дамытудың маңызы зор.Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады. Отбасы
тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту, өзгелермен үйлесімді қарымқатынас құруға үйрету, айналасымен мәдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын
қалыптастыруын сана-сына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру,
денсаулығын нығайту ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру.Сонымен қатар отбасы
тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке
басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру ұлттық санасезімін қалып-тастыру ,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруға,белсенділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Отбасы
құндылықтарын, мейірімділік,рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру,
отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп,
5

7.

келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік
қатынастарын дамыту да балаға ата-анасынан берілуі тиіс.Отбасында қолданылатын
тәрбие құралдары орасан зор: Ата-ананың ,үлкен-кішілерінің, тарихи тұлғалардың
айналасындағылардың өнеге-үлгісі,көркем сөз туындылары,музыка, бейнелеу өнері,
табиғат,қоғамдық өмірдегі, спорттағы шығармашылық жетістіктері т.б. Отбасы тәрбиесінің
мақсаты, атқаратын қызметі, тәрбие құралдары тәрбиелеу ұлттық тәжірибе негізінде
дамиды.Демек отбасындағы тәрбиенің діни дүниетаныммен байланысына да назар аударып, имандылық, ізгілік, адамгершілік мәселеріне жете ден қою да өз мәнін жоғалтқан емес.
Діннің ізгілікке тән қағидаларды ұстанатыны белгілі. Ата-ананың отбасындағы өзара
сыйластығы, мейір-імділігі мен қамқорлығы, балаларына талап қоюы, олардың отан
алдындағы жауапкер-шіліктерін арттыруы,тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуі бала
тәрбиесінде маңызды рөл атқарады..
Неке (ерлі-зайыптылық)-ерлі-зайыптылардың арасында мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтар мен міндеттерді туындататын, отбасын құру мақсатында Қазақстан
Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық
келісімімен құрылған әйел мен еркектің арасындағы тең құқылы одақ [64].Отбасының
атқаратын функциялары дегенде осы қатынастар жүйесіндегі (отбасындағы) қандай да бір
субъектінің ерекшеліктерінің көрініс беруі, қажеттіліктерді іске асыру жөніндегі белгілі бір
әрекеттер деп түсіну керек.Функция отбасылық топтың қоғаммен байланысын, оның
қызметінің бағытын білдіреді. Алайда, функциялардың бір бөлігі өзгерістерге ұшырай
қоймайды, яғни тұрақты қалпын сақтайды, бұл ретте оларды қалыптасқан немесе дәстүрлі
деп атауға да болады. Олардың қатарына мына функциялар жатады [1]:-репродуктивтік –
өмірге бала әкелу, халықтың өсіп-өну функциясы;-шаруашылық-экономикалық функция
отбасының өмірі мен тұрмысын ұйымдастыру, отбасылық бюджетті қалыптастыру мен
жұмсау мәселелерін қамтиды;-генеративтік (латынша regeneratio-қайта түлеу, жаңару)
функциясы белгілі бір мәртебені, ата-тегін, мүліктерді, әлеуметтік жағдайды мұрагерлікке
алу дегенді білдіреді;-оқу-тәрбие (әлеуметтену) функциясы-әкелік немесе аналық
қажеттіліктерді қанағаттандыру, балалармен тығыз байланыста болу, оларды тәрбиелеу,
балалардың өмірдегі өз орнын табуы;-бастапқы әлеуметтік бақылау саласы-отбасы
мүшелерінің өмірдегі әр түрлі салалардағы тәртібінің моральдық тұрғыдағы реттелуі,
сонымен қатар ерлі-зайыпты-лардың, ата-ана мен баланың, аға және орта буын ұрпақтар
арасындағы өзара қарым-қатынастардағы жауапкершілік пен міндеттердің реттелуі;рекреативтік (латынша recreatio-қалпына келтіру, жаңғырту) функция демалысқа, бос уақыт
өткізуді ұйымдастыруға, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығы туралы қамқорлыққа байланысты;
-рухани қарым-қатынас функциясы отбасы мүшелерінің тұлға ретінде дамуын, рухани
байлықты молайту дегенді білдіреді;-әлеуметтік-мәртебелік функция – отбасы мүшелеріне
белгілі бір әлеуметтік мәртебенің берілуі, әлеуметтік құрылымның өсіп-өнуі;
-психотерапевтік функция отбасы мүшелеріне өздерінің жақсы көру, құрметтеу, мойындау,
эмоциялық қолдау, психологиялық көмек сияқты қажеттіліктерін қанағаттандыруға
мүмкіндік береді;қалпына келтіру функциясы жұмыс күнінен кейін адамның күшқайратын, психологиялық, эмоциялық және рухани қуатын қалпына келтіруге бағытталады;
отбасының коммуникативтік функциялары-отбасының өз мүшелері мен бұқаралық ақпарат
құралдарымен (теледидар, радио, мерзімді баспасөз), әдебиетпен және өнермен байланыстарына делдалдық етуі, отбасы ішінде бірлестіктер ұйымдастыру;бос уақытты өткізу
функциясы- бос уақыттың тиімді өткізілуін ұйымдастыруды жүзеге асырады және уақыт
өткізу саласында бақылау жасайды, сонымен қатар жеке-дара тұлғаның бос уақытты
6өткізуге деген белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады;эмоционалдық функция
эмоциялық қолдауға ие болуды, психологиялық көмек алуды, сондай- ақ жеке-дара
тұлғаның эмоциялық тұрғыдан тұрақтануы мен оның психологиялық терапиясын
білдіреді.Отбасының құрылымы -отбасылық өзара әрекеттерді сипаттау кезінде қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Отбасы құрамының, немесе құрылымының көптеген
6

8.

нұсқалары бар:«нуклеарлық отбасы»-күйеуі, әйелі және балаларынан тұрады;
«толықтырылған отбасы»-өзінің құрамы жағынан ұлғайған одақ: бірге немесе бір-бірімен
тығыз жақындықта тұратын және отбасының құрылымын түзетін ерлі-зайыпты жұп және
оларың балалары, оған қоса алдыңғы буын ата-аналар, мысалы, әжелер, аталар, нағашы ағаәпкелер;«аралас отбасы»-ажырасқан адамдардан тұратын «қайта құрылған» отбасы болып
табылады. Аралас отбасы бірге тумаған ата-аналар мен бірге тумаған балаларды қамтиды,
өйткені бұрынғы некеден қалған балалар отбасының жаңа бірлігі болып енеді.Ғалымдар
түрлі көзқарастар мен ерекшеліктері бойынша отбасылардың 40-тан астам түрлері мен
нысандарын анықтаған. Отбасының сипаттары келесідей.Бірге тұратын және ортақ
шаруашылық жүргізетін, балалар тәрбиелейтін отбасылық жұптардың саны мен
сипаттамасы бойынша:кеңейтілген (күрделі) отбасы-бірге тұратын отбасылық жұптардан
және ересек балалардан құралады;нуклеарлық (қарапайым)-бір ғана отбасылық жұптан
тұрады, балалары болуы да мүмкін. Ата-аналарының болу-болмауына қарай:толыққанды
отбасы (отбасылық жұптың екеуі де бар);толық емес (балаларды ата-аналардың біреуі ғана
тәрбиелейді). Балалардың санына қарай:баласыз;бір балалы;балалары аз (екі бала);
көпбалалы (үш немесе одан да көп бала). Жас ұзақтығына қарай:жас жұбайлардың отбасы
(жаңадан құрылған, ресімделген);жас отбасы (күтпеген қиындықтарға алғаш тап болған
отбасы). Билік иерархиясына қарай:патриархалдық немесе патерналдық (ер адамның
үстемдігі);матриархалдық немесе материалдық (әйел үстемдігі);еквалиталық (екеуінің тең
болуы). Отбасындағы басшылыққа қарай:эгалитарлық (демократиялық)-айрықша өміршеңдікпен, өмірге құштарлықпен, мықты достық пен отбасылық қарым-қатынаспен ерекшеленеді;авторитарлық. Қатыгездік орнаған отбасы. Өзара қарым-қатынастардың сапасы мен
отбасындағы жағдайға қарай:қолайлы;тұрақты;тұрақсыз;берекесі кеткен.Үй ішіндегі
міндеттердің бөлінуіне қарай:дәстүрлі (міндеттерді негізінен әйелі атқарады); ұжымшылдық (міндеттерді біруақытта немесе кезектесіп атқарады). Бос уақытты қалай өткізуіне
қарай:ашық (ашық-жарқын араласуға және мәдени мекемелерге бағдар-ланған);жабық
(үйде көңіл көтеруге бағдарланған). Қоныстануына қарай: қалалық; ауылдық.Отбасықоғамның ажырамас бөлігі әрі оның маңызын төмендету мүмкін емес. Отбасы болмайтын
ешбір ұлт, ешбір сәл де болса өркениетті қоғам болған емес. Қоғамның алдағы келешегін
де отбасысыз елестету мүмкін емес. Әр адам үшін отбасы дегеніміз-барлық бастаулардың
бастауы. Адамдардың барлығы дерлік бақыт деген ұғымды, ең алдымен, отбасымен
байланыстырады: бақытты адам – өз үйінде тұратын адам.Тұлға отбасында қалыптасып
дамиды, бала қоғамға қиындықсыз икемделуге қажетті әлеуметтік рольдерді меңгере
бастайды. Отбасы алғашқы тәрбие институты ретінде көрініс береді, онымен байланысын
адам өзінің бүкіл өмірінде сезініп өтеді, отбасында баланың қоршаған ортаға деген пікірі
реттеледі, отбасында адамгершіліктің алғашқы сабақтарын алады. Отбасы қоғамның даму
барысына да ықпал ете алады. Қоғамның дамуындағы іргелі экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық процестер отбасының өмірінде анық байқа-лады. «Отбасы өмірді неғұрлым
толыққанды етеді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, әсіресе қоғам өмірінде орасан
зор мемлекеттік маңызы бар үлкен іс болып табылады», -деген А.С.Макаренко [8].Отбасы
адамзаттың бүкіл тарихи болмысында құрған ең ұлы құндылықтарының бірі болып
табылады. Ол өзіндік бір әлеуметтік институт, онда қоғамның немесе оның жекелеген
мүшелерінің отбасының ролі мен мәнін білдіретін мүдделері біте қайнасып жатады.
Отбасы-мемлекеттің негізі, азаматтың моралі мен құқығы көрініс тапқан бастауыш
ұйым.Ең мықты және қалыптасқан деген мемлекеттің өзі, егер отбасылық өмір мен
тәрбиенің берік орнаған тәртібі болмаса, дағдарысқа ұшырап, ақыр аяғында құрдымға
7кетеді, егер отбасы берік болып, тәрбие дұрыс жолға қойылған болса, онда мемлекеттік
өмірдің сырттан күйреуі кездерінде де халық өмір сүруге қабілеттілігін сақтай отырып,
мемлекеттің күш-қуаты мен бірлігін қалпына келтіре алады. Мемлекет отбасының
нығаюына, оның сақталуына, оң дамуына мүдделі.
Функциялары біршама өзгергеніне қарамастан, ата-ананың балаға деген махаббаты адаммен өмір бойы бірге болады. Өмірдің алғашқы жылдарында ол баланың өмірі мен
7

9.

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ата-ана махаббатына зәрулік-кішкентай адамның өміріне
өте маңызды қажеттілік екені ақиқат. Бірақ есейген сайын ата-ана махаббаты баланың ішкі,
эмоциялық және психологиялық әлеміне қолдау жасау мен сақтау функцияларын көбірек
атқарады. Ғалымдар ата-ана махаббатына бірауыздан былай деп анықтама береді: ол —
адамның эмоционалдық тұрақтылығының, денсаулығы мен рухани саулығының қайнар
көзі мен кепілі.Ата-ана махаббатында әр түрлі ауытқулар да болуы мүмкін, кейде ол тіпті
қым-қиғаш түрге енеді. Мұндай жағдайларда оны ессіз, көзсіз махаббат деп атайды, ол
табиғаты бөлек болғандықтан, мөлшерден тыс, асыра сілтеушілікке ұласады, бұл туралы
чех психологы З.Матейчик бейнелі түрде «ата-ана эгоизмінің басымдығы» деп айтқан.
Мұндай отбасыларда баланың құндылығы оның роліне қарай бағаланады («отбасының
сәні», «қиқар бала» және т.с.с.).Бақытты отбасы — баланың эмоциялық дамуына қолайлы
жағдай тудырады. Бірақ сезімдерді тәрбиелеу өздігінен келмейді, қандай да бір тәрбие
сияқты ол да қыруар күш жұмсауды қажет етеді.
Отбасы педагогикасы-бұл отбасындағы бала тәрбиесі, оның ерекшеліктері мен
потенциалдық мүмкіндіктерін зерттеуге, бала тұлғасын қалыптастыру туралы ата-аналарға
ғылыми негізделген нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым. Отбасы педагогикасы ғылым ретінде төмендегідей мазмұнмен зерттеу аумағын қамтиды: -отбасы педагогикасының
қалыптасуы мен дамуы; -отбасы әлеуметтендіру және тәрбиелеу субъектісі ретінде; -отбасының құқықтық -нормативтік базасы; -отбасы тәрбиесінің психологиялық –педагогикалық
негіздері; -отбасы тәрбиесінің мазмұны; -отбасында әртүрлі жастағы балаларды тәрбиелеу
мәселесі; -отбасында бала тәрбиелеу әдістері; -отбасын зерттеу әдістері; -шетелдер отбасының бала тәрбиелеу тәжірибелері. Отбасы педагогикасының нысаны-тәрбиелеу институты ретінде отбасының қазіргі жағдайы мен негізгі даму тенденциялары. Отбасы педагогикасының пәні-отбасында баланы тәрбиелеудің мәні мен механизмдері, оның тұлға дамуына
әсері. Отбасы педагогикасы қалай өмір сүру керектігі, қалай бала тәрбиелеу керектігі туралы дайын рецептер бермейді, тек қандай жағдайларда бала тәрбиесі оң нәтиже беруі, ал
қандай жағдайда өкінішке алып келу мүмкіндігі туралы мәселелерді зерттейді.Отбасы
педагогикасының негізгі міндеттері: - болашақ педагогтарды (кәзіргі әлемде болашақ
отбасын құрушы жалпы жастарды) отбасы және неке институтының пайда болу тарихымен,
отбасы жүйесінің қызмет ету заңдарымен таныстыру; - болашақ педагогтарда (болашақ
отбасын құратын барлық жастарға) отбасын әлеуметтік топ ретінде ғана емес, сонымен
бірге өзіндік тұлғалық және кәсіби жағынан қалыптасуы туралы біртұтас көзқарас тудыру;
оларды отбасы тәрбиесінің психологиялық -педагогикалық негіздерімен таныстыру;
отбасының құқықтық –нормативтік базасымен таныстыру; -әртүрлі отбасы типтерімен
жұмыс жасаудың негізгі әдіснамалық принциптерін түсіндіру және отбасымен өзара әрекет
жасаудың негізгі әдіс-терімен таныстыру; - отбасы тәрбиесінің мәні мен маңызы туралы
тұрақты көзқарасын қалыптастыру; - студенттерді ата-аналар мен педагогтардың арасында
серіктестік қарым- қатынас орнатуға қатысты білім, біліктермен қаруландыру.
Отбасы дегеніміз – адам баласының жанына жақын әлеуметтік ортасы, сондай-ақ атабабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың асыл қоймасы.. Сәби дүниеге
келгеннен бастап, оның ата-анасы және отбасы мүшелері оны алғаш рет өмірмен, өзін
қоршаған ортамен және мінез-құлық нормаларымен таныстырады. Демек, бұл баланың
келешекте саналы азамат болып өсуіне негіз болатын баспалдақ. Жанұя – бірлігі жарасқан
орта, бала тәрбиесіндегі басты ұжым.Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе
жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз
етеді. Отбасы өмір сүру барысында өз құндылығын жасап жалғастырады.Отбасылық
құндылықтар дегеніміз отбасын құрушылардың жанұяларын асырап сақтау,дамытып
жетілдіру,нығайтып бекітудегі қолы жеткен табыстырын салт-дәстүр ретінде келер
ұрпаққа табыстау болмақ.Жалпы қазақ отбасы үшін ортақ бір іргелі құндылық бар:
босағасы берік,шаңырағы биік, іргесі нық көпбасты қазақ отбасын ошақ отын сөндірмей
мәңгілікке жалғастыру.Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық,
тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз
8

10.

байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобының
өзіндік әрекеті.Отбасының басты мақсаты мен темірқазығы – бала тәрбиесі. Ендеше, жанұя
тәрбиесі-тәрбие алудың негізгі іргетасы.Яғни, адамның жеке тұлға болып ер жетіп өсуі мен
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі жанұяда қалыптасады. Сондықтан да «Отбасы –
ғажап табиғаттың сыйы, тіршілік тірегі», – десек қателеспейміз. Осыған орай, ұлқыздарымыздың бойына ар-ұят, адамгершілік, инабаттылық, сүйіспен-шілік, береке-бірлік,
жанашырлық және т.с.с. асыл қасиеттерді бойына дарытатын имандылықтан бастау алған
берекелі отбасының зор әсері баршылық.«Адамның адамшы-лдығы – ақыл, ғылым, жақсы
ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз бекер
айтпаған.[1] Бұл дегеніміз, отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға
жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл-парасаты
мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын ұжымды айтамыз. Бұл жерде
өмірлік мектеп рөліне отбасы, ошақ қасы ие болып отыр.«Ел болам десең, бесігіңді түзе» –
деген[2] қазақтың нақыл сөзі отбасындағы тәрбиенің адам баласы үшін қаншалықты
маңызды екенін айқындап тұр.Қазақта мұндай мектептер көп болған,кәзір де жұмыстап
жатқандары баршылық:Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі,әжелер мектебі,ана
мектебі,жеңге жезде мектебі,т.б.Баланың алғашқы тәрбие алатын мектебі – отбасы.
Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалып-тастыру
әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар
тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған
ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны
жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін
бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай,
баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын
жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді,
оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың ісәрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік,
әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды
ізгілікке,өмірде өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,
белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты
отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу болуы тиіс. Отбасындағы тәрбиеде
баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Отбасы тәрбиесіне ата-ана,
отбасы мүшелері қатысады,қазақ отбасында бұған барлық ағайын туыс,ауыл-аймақ,тіптен
рулы ел қатысады. Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын
дамыту(балатану,тектану, өміртану сабақтарын өткізеді), өзгелермен үйлесімді қарымқатынас құруға үйрету, айналасымен мәдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын
қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру,денсаулығын нығайту,ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар
отбасы тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай
тәрбиелеу, жеке басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру
ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениеттілікке
тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруға,белсенділікке, еңбекқорлыққа-тәрбиелеу.Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық, қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай
пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр
болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту да балаға ата-анасынан берілуі тиіс.
Отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал ететін ықпалдар. 1. Отбасының этикалық
құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы, көпбалалы отбасы, бірұлттық,
көпұлттық отбасы; 2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің
білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты,
9

11.

ауылдық және қалалық отбасы; 3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың
жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды,
музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.
4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипатта-масы, отбасында
көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғам-дық тәрбие институттарына
қатысы; 6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер,
ата-аналарының және мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасы – қоғамның
алтын діңгегі, бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер
әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі
.Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық,психологиялық және демографиялық
жағдайлар әсер етеді. Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болған-дықтан ата-аналар мен
балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады . Біреулер мейлінше өбектеп тәрбие
мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін .Ондай отбасындағы балалар жалқау,енжар болып
тәрбиеленеді.Отбасы-сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен
дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналар-ының білімдік
деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасы-ның әлеуметтікэкономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналар-ының жұмыспен
қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен,
баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық
параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық
қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.
2.§.Қазақ отбасы тәрбиесі. Әулет педагогикасы
Қазақ отбасы, негізінен үш ұрпақтан тұратын-ды.Ол ата және әже,әке және ана,бала.
Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар.
Мысалы,Қарашаңырақтың қазан-ошағын ұстап,отын жағып,ас-суын дайындап отырған жас
келіңнің алдында ақсақалды атаның,ақ самайлы әженің,шаңырақ иесі кенже ұлдың,ана
әженің алдында отырған кішкентай немеренің бәрі-бәрінің атқаруға тиісті міндеті, көрсетуге тиісті көмегі туралы тәптіштеп көрсетілген ереже,әдептік қалып,тәмсілдік қағида бар.
Бұл салттық ғұрып қалыптары мен құлықтары тек келінге ғана емес осы отбасының барлық
мүшесіне, күллісіне қатысты.Мысалы,отбасында; қарттар ажыраңдап қатынасуға,жастар
именбей қылық көрсетуге еріксіз еді. Тіпті әкесі өз баласын әжесінің рухсатынсыз, құшырлана сүйіп, аспандатып өбектеуге тиіс емес.Себебі немере ата-әженің «меншігі». Айталық,
ата-келіннің қамқоршысы.Себебі,қызын ұзатқан әке,оның көз жасын «құдас-ының
мойнына» артқан болатын. Әже- келіннің ақылшысы.Себебі,құдағиының алдында, келінді
өзі мәпелеп бағатынын айтып,ант-су ішкен болатын.Құдалықтың мәні де осы еді ғой!
Әженің,ененің келін алдында атқаруға тиісті он міндеті бар.Атаның алты парызы бар. Қазақ
отбасы осы міндеттер мен парыздар арқылы бір-біріне үйлесімді қатынас жасап, әдеп
заңына бағынып, тіршілік етеді. ұл мен қызды сол әдет-ғұрыпты атқара алатын етіп өмірге
дайындайды.Жалпы,қазақ отбасылық педагогика (кәзіргі жастар оны «Әулетпедагогикасы» атап жүр,Мағжан «Ізгілік педагогикасы» деген еді.Маған ерік берсе; «Бауырмалдық педагогика» дер едім)-сы-көшпенді киіз туырдықтылардың (монғол,қырғыз ,қазақ) педагогикалық мұрасының шыңы.Басқа жұрттың отбасылық педагогикасының –өзіндік
ерекшелігі бар болумен қатар барлық елде ортақ атаумен әр сатылы мектепте (арнаулы
10орта,ЖОО және маман дайындайтын кәсіптік мектептерде ) оқытылады.Себебі
отбасылық ғұмыр бәріне келуі тиіс әлеуметтік құбылыс.Ал,бізде «Қазақ отбасылық
педагогика» еш жерде оқытылмайды.Отбасы педагогикасы тек көне аударма
негізіндегі,шетжұрттық педагогика туралы мағлұмат, мұғалім дайындайтын мектептерде
беріледі.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және
11

12.

қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін жетілдіру арқылы адамгершілікке тәрбиелей
білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп
есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім
қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен
дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.
Отбасының басты қызметтері мен міндеттері. Басты қызметтері:
тәрбиелік;
сауықтыру;рухани-адамгершілік; танымдық-білімдік; тұрмыстық; еңбек; мәдени-ағартушылық; демалыс-шығармашылық; тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы; қорғау.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту , өзгелермен үйлесімді
қарым- қатынас құруға үйрету , айналасымен мәдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын
қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру,
денсаулығын нығайту, ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар
отбасы тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу , жеке басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру ұлттық
сана-сезімін қалыптастыру ,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу,
әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруға, белсенділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына
сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын
түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту да балаға ата-анасынан берілуі тиіс. Қазақ отбасы осы
міндеттер мен қызметін атқару барысында қомақты тәжірибе жинақтады.Ол, жоғарыда
айтылған жалпы отбасылық тәрбие міндет,мақсаттармен сабақтас, іліктес болады.
Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана
халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы:
отбасы,әулет,ауыл,ата,ру,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай
отырып,елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы
Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым.
Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай
сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі
сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап, бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу
барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды. Бұл
мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен
таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында
мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыарға (қазақ, қырғыз,монгол) ортақ жас
ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайтын, өздеріне ғана тән ОҚУ БІЛІМ-ТӘРБИЕ жүйесі қалыптасқан.»
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «Тән-Тәңірден,Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық етіп,«Кісілік» мұратты шамшырақ
болдырып, ұрпағын өмірге дайындап,тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты,заңғар
мақсатты,іс-шара,қимыл-әрекет,жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде:
«Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген.
Иә,Қазақ танымында:-тәрбиелеу әрі өнер,әрі ілім. Түбі бір,бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп,
тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып,бір шаңыраққа топтасып әулеттік тұғыр,тектік
бастау-Қарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді.Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен Дана
Аталар болды.Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның барлық түрі мен
тармағы,саласы мен бұтағы, бөлшегі мен бөлігі,тарауы мен бөлімі ұйыса келіп-Әулет
мектебіне айналды. Қазақ қауымында осы негізде пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-жеке
12

13.

отбасынан бастап, әулет, ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген
сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың
барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында аздап айырмашылық
бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан,
келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып,
имандылық, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып
жатқан. Міне, сол қымбат,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ
жайған. ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана
алмаса да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп
келді. Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті, әулет пен тайпаның,рудың
шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие тағылымдарының аясы атам
заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының
ауқымында, ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз
жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған. Осы
аумақта,тәлім тәрбиелікк ұланғайыр тәжірибе қорытылып,Ұлы даланың ұлық ұстаздарының зерделеуі нәтижесінде-қазақтың отбасылық педагогикасы қалыптасуына негіз
болған,үлкен білім қоры жинақталған.Оны осы заманғы зерттеушілер Әулет педагогикасы
атап жүр.Себебі қазақ отбасылық педагогикасы жеке бір ғана отбасына қатысты емес.Ең
әуелі ұрпақ тәрбиелеу ісі ауыл-аймақ,тайпа-ру аумағында,баршаның бақылауында,көптің
жауапкершілігі негізінде іске асқан.Екінші.Отбасында –қазаққа тән рулы елге ортақ,ауыларалық отбасылық мектептер жұмыс істеген.Олардың түрі атқаратын қызметі мен жүзеге
асыратын міндеттеріне сай көптүрлі,сан қырлы болған. Мысалы: ауылдық молдалар
мектебі, еңбектік науқан мектебі,жеңге және жезде мектебі т.б.Бұларды жалпысынан
«Әулет мектебі»- деп атаған. Сондықтан қазақтың отбасылық педагогикасын– «Әулет
педагогикасы» атау жөн болмақ.
Қазақтың отбасылық мекетебінің басы-ана мектебі. Көне дәуірде; ғұндарда, сақтарда,
түріктерде түрлі санаттағы отбасылық мектеп болған.Нақтылы жазба дерек бойынша,түрік
дәуірінде,Ұмай Ана мектебі жұмыстаған.
Ұмай Ананы сол дәуірде өмір сүрген,алтын құрсақты ана болып (ұмай сөзінің өзі алтын
құрсақ,әйел жатыры мағыналы) өмірге ұрпақ әкеліп,оны бағып күтіп, тәрбиелеп,түрік
жұртының пәк қыздары мен бек ұлдарын,осы бір ұлы империяның айтулы мүшесіне
айналдырудағы ана затының атқарған қызметіне ұстаздық үлгісіне көз жүгірте отырып
,ана мектебінің алғаш пайда болуын елестетіп көрелік.
Ұмай Ана.Ежелгі түріктер қос күшке-Көкке,Күнге және Жер-суға табынатын
болған.Сонымен бірге табынатын үшінші күш-үйдегі отбасы мен бала шағағаны жаман
рухтардан қорғайтын әйел тәңірісі-Ұмай ана.«Төныкөк» жырында:«Тәңірі Ұмай, қасиетті.
Жер Су.Бізді қорғайды, ойлану керек»-деген жолдар бар.Түркілердің «Ұмай ана»
түсінігінде әйел тегіне деген текті ұғым жатыр. Көне түркілердің мифиологиясында «Ұмай
ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште саналады. Бізге жеткен деректерде ерте дәуірде
Алтай тауын мекендеген түркі жұрты құрық бойы қар жауған бір қатты қыста қырылып
қалады. Осы қақаған аязда Айсұлу атты қыз бөстекке оранып аман қалады. Оны Алтайдың
үңгірін мекен еткен Аю батыр тауып алып, Айсұлуды сұлық жатқан жерінен Ұмай ананың
көмегімен тірілтіп алады.Көп ұзамай Аю батырдан Айсұлу жүкті болады. Аю батыр үйде
жоқта толғақ қысқан Айсұлуды Ұмай ана жебеп,бір ұл бір қызды дүниеге әкеледі.Содан
түркі қауымы іргелі елге айналып, бүгінге күнге жетеді.Көне бұл аңыздан ұғатынымыз:
«Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебеуші мейірімді рухани күш. «Ұмай»-аналарды
қолдайтын періштенің аты. Қыз ұзатылғанда, неке қиылғанда, әйел босанғанда Ұмай анадан
медет тілеу осыдан келіп шыққан».
Күлтегін ескерткішіндегі жазуда, оның кішкентайынан әскери тәрбие алғандығы
баяндалады. Әкесі өлгенде Құлтегін жеті жаста екен.Осы кездің өзінде оған жаяу
жүгіруді,садақ атуды, найзамен шаншуды, қылышпен шабуды, атқа мінуді үйретеді.
13

14.

Күлтегін жауды басып алуды,торуылдың тактикасын үйренеді. Сөйтіп,он жасында шешесі
Ұмайдың алдында мүдірмей өтіп,сынға түсіп,ер атағын алады Осындағы он жасар ұлдың
өнерін саралап, баға берген, «ұстаз Ана Ұмай» -ана мектебінің аруақты ұстазы, беделі
биік,пәрмені күшті,табынуға тұрарлық бас ұстаз.Аталмыш,Түрік сынтас жазуы: он алтыдан
қырық жеті жасқа дейінгі Күлтегіннің көрсеткен ерліктері тәрбиенің нәтижесі екенін ашық
көрсетеді. Күлтегін тек әскери тәрбие алумен шектелмеген,сауат ашып,ақыл-ойын
дамытып,ғұламалардың ақыл кеңесін алып,таным өресін үнемі биіктетіп,таным көкжиегін
үнемі кеңейтіп отырған.Ол заманда ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілген.Ұмай ана-түркі
тектестердің Хауа анадан соңғы ұлы анасы (кейбір зерттеушілер Ұмай Ананы Хауа ана деп
те таниды),- әйел мен баланың пірі, мейірім-шапағат шуағын шашқан күн дидарлы
әулиесі.Сондықтан да қазақ елі жаңа түскен келінді табалдырықтан оң аяғымен аттата сала,
«От-ана! Май-ана! Жарылқа! Жарылқа!» -деп отқа май құйғызады. Осы ізгі ниетті ақ
тілеудегі «От-ана»-қазақтардың мифологиялық кейіпкері Үт бикеш те, ал «Май-анамыз»Ұмай ана екен. Қара жерді Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін Ана тілі деп әспеттеп,
аналар мен отбасының пірі-Ұмай Ана деген наным-сенім қазақтарда да болған. Қазақ
аңызында; «Ұмай ана шаруашыл, бейнетқор әйел болыпты.Ұмай Ана он екі қыз тәрбиелеп
өсіріпті.Қыздарының бәрі күйеуге шығып, барған шаңырақтарына ырыс-береке мен бақыт
әкеліпті. Бұл әйелдердің еңбексүйгіштігі сонша, тіпті, қажет болса, адамзаттың игілігі үшін
өзендерді бөгеген, өзендердің арнасын бұрып, шөл далаға тіршілік жіберген, тау
бұлақтарының көзін ашып, мөлдір су ағызған.Қыздары жұрттың қамын ойлап, үнемі
қамқорлық жасап жүретінін көрген Ұмай Ана оларға ақ жол тілеп, батасын берген екен.»
Құлтегіннің ақыл-ойын байытып,сауатын ашып, зердесін кеңейткен ұстаздары болғаны
даусыз.Ана мектептерінде оқу-жазу, ойлау-пайымдау, ұқтырып меңгерту әрекеті толық,
жетіліп дамығанын аңғару үшін,сынтас жазуына қайта оралайық. “Жоғарыда көк Аспан
және төменде бурыл жер пайда болғанда, олардың ортасында адам баласы дүниеге
келді.Адам баласын менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми қағандар биледі.Олар таққа
отырғанда империяны қолдап оны құрды және Түркі халықтарының заңдарын шығарды.
Әлемнің төрт бұрышында да олардың жаулары көп болды.Олар әскермен жорыққа барып
жан-жақтағы көптеген халықтарды тыныштандырып өздеріне бағындырды. Басқалар
түркілердің алдында бастарын иіп тізелерін бүкті. Олар бізді шығыста Гадірхан орманына
\Хинган тауы\ және батыста Темір қақпаларға \Трансоксиана\ дейін алып барды. Шеттегі
осы жерлердің арасында Көк Түркілер билік жүргізді. Олар дана және айбынды, олардың
барлық істері адал және барлық халыққа әділ болды.»Олай болса, Түрік империясы:дана
да айбынды,адал да әділ билік иелері бар,баршаға ортақ заң шығара алатын қағанат болған
екен. Қазақстан жерінде болған жазу үлгілері туралы академик Ә.Марғұлан “Қазақстанның байтақ өлкесінде 4 түрлі жазудың үлгісі сақталған: ескі ғұн, үйсіндер пайдаланған рұна
жазуы; Орхон дәуіріндегі рұна жазуы; шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей
жазуы (Жұбан Ана, Батағай); араб жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатұн, Болған Ана, Көк
Кесене) тағы басқалар” дейді. Осыдан рұна жазуының Ислам діні Орта Азияға келгеннен
кейін 300 жылдай қолданыста болғанын көреміз.Міне, «жазу сызуы болмаған,қараңғы
халық» атанып келген ата-бабалармыздың арғы тегінің өзінде сонау ескі заманда білім
жүйесі бар,ерекше түрдегі мектебі бар болған. Түркі қағанаты дәуірінде елдің өзіндік іргелі
мәдениеті болумен қатар,жазу сызуы бар,ұрпағы хат танып,сауат ашатын мүмкіндігі
толық,оқу-оқып білім алатын әулет мектебі болғандығына шек келтіре алмаспыз! Біздің
пікіріміз бойынша, қайыңтозға, шүберекке, ағашқа,көнге батырылып жазған-«оқулықтар
да» болған.Кәзірдің өзінде, металл қаңылтырға,тиын-теңгелерге жазылған, аспап-құралдарға ойылған жазулар бар ғой. Қазақтың киіз каітабының ілкі бастауы сонда жатқаны
анық.Жәй ғана ақылға салсаңыз,ақын-жырау Йоллықтегін, бәдізшілер жанына келіп,
ауызша айтып дастандарды тасқа таңбалатқан жоқ. Ал,осы мектепте,Ұмай Ана ұстаздық
еткеніне келісерсіз. Алайда,Ұмай Ана жалғыз болмағаны да анық. «Кұлтегін», «Тоныкөк»
дастандарын жазып, тасқа таңбалауда бәдізшілерге басшылық еткен, жыршы-ақын –
Йоллық-тегін де,данагөй ақылман,әйгілі ғұлама Тоныкөк те бұдан шет қалмағаны
14

15.

белгілі.Дастанда жырланатын ханның ханымы да (Елбілге хатун-Білге қаған мен
Құлтегіннің анасы),Ұмай Ананың сіңлілері де,қыздары да,басқа өнер иелері де бұл
мектепке ұстаздық еткені анық.Үйдегі бала-шағаны,жалпы отбасын жаман рухтардан
сақтап, үйге құт-береке келтіріп отыратын Анаға тағзым ету оның үлгі-өнегесімен ұрпақты
өмірге дайындау дәстүрі «Көк түріктер» дәуірінде ғана емес, тіпті одан мыңдаған жылдар
бұрын да болғанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп.Мысалы,жасұрпақты ерлікке, батырлыққа,жауынгерлікке баулитын Мәді хаһанның (Моде хан) бесжүз мыңға дейін тәлімгері
бар болғаны Қытай жылнамаларында белгіленген.Осы күнгі балалар ойындарының барлық
бастауы (ат ойыны, құсбегілік,атбегілік,аң аулау, т.б.үлкен шеберлікті талғайтын ойындар
ойнатылып,білім ұқтыратын балалардың ойын сауық мектебі-Дала ордалары болған.) сол
дәуірге сай келеді.Ұмай Ана- Адамзаттың алғашқы ұстаздарының бірі.Әулет педагогикасы осы мектепердің тәжірибесін қорытудан басталған.
3.§ Әулет педагогикасының көне бастаулары
Қаақ отбасы педагогикасының даму кезеңдері,қалыптасу тарихы туралы зерттеу еңбектер
аздау болғанымен мүлдем жоқ емес, Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен
сипатталады.Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары Ю. И. Семенов, Н. Е. Соловьев,
А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал Қазақстанда Н.Құлжанова,С.Көбеев,Х.Арғынбаев
С.Қалиев, М.Жарықбаев, Ж.Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [5-17].Бұл ғалымдардың тұжырымдалары
бойынша отбасы - адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың
туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының
қарым-қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың ойынша бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын қарастырады.Дүниежүзіндегі әрбір
халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып,
кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монография-лық
еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері
де көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың
отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес еңбек екендігіне
ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге маңыз беріледі.
Қазақ отбасы тәрбиесіне тікелей қатысты,педагогикалық ой-пікір білдіріп,түйін жасаған
ғұлама –ғалым аталарымыз бен бабаларымыздың қорытындыларын қарастыралық.
Қорқыт Ата тұжырымы.ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата –
ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта
ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы,елінің ұлағатты ұстазы. Ұлттық
мәдениеттің алтын арқауы болып табылатын әдеби мұралар мен күйлерді қалдырған. Қорқыт Атаның 12 жырдан тұратын поэзиялық кітабының қолжазба көшірмелерінен Қорқыт
ата өмір сүрген дәуірдегі ұлттық мәдениеттің көріністерін,тәрбие дәстүрлерін байқаймыз.
Түркі тектес.халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен
байланысты. «Қорқыт ата кітабында» ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан
қорғап, қамал бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге
ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады. Сонымен
бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер, қанатты сөздер мен
ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба кітабының тарихи-этнографиялық
шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің
өзіндік ерекшелігін айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді. Өзінің
философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын
қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді.
Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. “Кімге қазып жатырсыздар?”
деген сұрауына “Қорқыттың көрі” деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып
құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар
15

16.

да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді.
“Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба
ескерткіші.Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдықтанымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі
тайпалары ежелден қастерлеген.Сондықтан да халық:“Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата,
бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт
Ата күй тартқанда”-деп тегін жырламаған.Қандай да қиын іс болмасын,Қорқыттың кеңесін
алмай, ел ешбір жұмыс-бастамаған.Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.
Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән
берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі
заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына
әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді.“Салор қазан үйінің шабылғаны туралы
әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік
мәнін төмендегіше суреттейді: Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес, Арналы өзендер қартайса, су келмес,Биелер қартайса, құлын бермес,Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес!
Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары
және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып
келеді.Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді
сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен
даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір
жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы,тәлімдік-тәрбиелік ой
толғаныстарын байқатады.Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның
ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан
қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбие,
тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамаларымен қатар жырларында да жақсы айтылады.
Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай:” Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным
көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.Су
тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен,
тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ
бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер
жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдімбілдім
деген сөзді де айтпас.»Осы тектес,баланы балғын шағынан бастап оқытып,
жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу,сияқты тәлімдік идеялар ұшырасады.
Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.Жол
қиындығын көрмеген,жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ.
Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы.Атаның атын былғаған ақылсыз
баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып,тумағаны жақсы.Анадан
өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала өз басын құрап,
үйінен дәм беруге де жарамайды”, “Ананың көңілі балада болар”, “Ақылсыз баладан ата
дәулетінен қайран жоқ”. Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: “Батыр
туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі”, “Ата даңқын шығарып, өзінің
тегін қуған балаға ешкім жетпейді”, “Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық
көріп, өмір сүрмеген көп артық”.“Ұлдың күні қараң,ата өліп мал қалмаса”, “Ата малынан
не пайда, баста дәулет болмаса”Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге
қамқа тон жапсаң да, ханым болмас.Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас.Ескі қамыс
біз болмас, ежелгі дұшпан дос болмас.Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.Ер малын
қимайынша, аты шықпас Ұл-атаның ері, екі көзінің бірі.Дәулетті ұлың болса, ошағыңның
қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.Мықты, жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне
алмас, ол мінгенше, мінбесе игі…Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.Ат жемейтін ащы
шөп біткенше, бітпегені игі. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше,
бүгілтпегені игі. Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.Жалған сөз бұл дүниеде
16

17.

болғанша болмағаны игі. Жердің соны шөбін киік білер.Жайылым жердің көкорай
шалғынын құлан білер.Айырым-айырым жол сүлеуін түйе білер.Жеті бұлақтың хош иісін
түлкі білер.Түнде керуен көшкенін қараторғай білер.Ердің батқанын ат білер.Ауыр жүктің
салмағын тұлпар білер.Қапелімде бастың ауырғанын ми білер.Қыл қобызын арқалап,
елден-елге, бектен-бекке жырау кезер…Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.Самай
шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.Үлкен шаңырақ
үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. Өнегелі бала көрікті.
Қорқыт ата ұлттық тәрбиенің мәнді болуы отбасынан басталатынын, ал
отбасының құты әйел адам екенін айта келіп, отбасының мәдениетін ұстанатын
әйелдерді төрт түрге бөледі: 1. Әйелдің бірі үйдің тіреуі “Ол алыс қырдан, жапан түзден”
үйге бір жолаушы келсе, ері болмаса да, ішкізіп жегізіп, сыйлы жандарын үйден шығарып
салар.2.Әйелдің бірі кепкен ағаш секілді. “Таңертең жатқан жерінен тұрып, беті қолын
жумастан тоғыз тоқашты бірден ауызға салып, толтыра тыққыштап, тойғанынша асап
жейді”. Бір көнек айранды ішіп, жалап-жұқтап, екі бүйірін таянып алып, әлгі әйел былай
дейді: “Қараң қалғыр осы үйдің қожасына келгеннен бері қарным бір тоймады, аяғымнан
жыртық шәркей түспеді, жүзіме рең кірмеді. Ерім өлсе, басқа біреуге тисем қандай жақсы
болар еді” 3..Әйелдің бірі үрген қарын секілді. Ол “жұлқылап оятқанша орнынан тұрмайды,
беті қолын жумайды”. Үйінің ол жағынан бұл жағына бір, бұл жағынан ол жағына бір
шығып бұрқыратып жатады. Өсек айтып есік тесіктен сығалай тыңдап, түске дейін ауыл
қыдырады. Түстен кейін үйіне оралады. Келсе, үйге ит кіргенін, тайынша -бұзау жүргенін
көреді. Тауық пен сиыр қораның да ұйқы тұйқысы шыққан. Сонда да көршілеріне келіп
былайша айқайлайды:-“Ау, Зылиха, Зүбайда, Ұрубейде, Чанқыз, Чанпаша, Айна, Мелек,
Құтты Мелек, қайдасың-дар? Мен-ақ өлейін, көзімді құртайын да кетейін. Төсек орнымның
да быт-шыты шығып жатыр…Көрші хақы, Тәңір хақына менің үйімді қарай салсаңдар
нелерің кетер еді?! – деп көпіреді. 4.Қанша айтсаң да бәз баяғысындай мелшиген қырсық
әйел. “Алыс қырдан, жапан түзден” бір сыйлы қонақ келсе, қожасы үйде болса, былай
дейді:Бұл қараң қалғыр үйде ұн жоқ, елек жоқ, түйе диірменнен келмеді. Не әкелсе де,
берерім жоқ,-деп, теріс айналып қожасына қос саусағын көрсетеді”, деп кейбір әйелдердің
мәдениетсіздігін қатты сынайды. “Тәкаппарлықты Тәңірі сүймейді”, “Көңілі пасық елде
дәулет болмас”т.б. мақалдары арқылы Қорқыт ата жеке тұлғаның мәдениет-тілігі оның
мінезінен көрінетіндігін дәлелдейді. «Қорқыт ата кітабындағы»,«Қазанбектің баласыОразымбектің жауға қалай тұтқын болғандығы туралы жырдан» ғұн,түрік дәуіріндегі
ұлдарға қойылған талап,мақсат-мұраттың дәрежесін айқын аңғарамыз.Ежелгі түркілер бала
тәрбиесіне ерекше мән берген.Оны әскери өнерге үйретуді әке міндеті санаған.Ол кезде
әрбір адамның азаматтық мәртебесінің ел қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай
бағаланған.Оғуз-қыпшақ дәуірінің дәстүрі бойынша,он бес-он алты жасқа жеткен ер
балалар міндетті түрде әскери өнерді үйренетін болған. Бозбалаларды ересектер өздерімен
бірге қан майданға ертіп апаратын.Қолына қару ұстап,жаудың қанын төкпеген жігіт-терді
ешкім сыйламаған,тіпті адам санатына қоспаған.(Қорқыт атаның:«Ол заманда,жауын
жеңіп,бас кеспеген ұлға ат қойыл-маған»-дегені осыдан шығар.)Ең жаман қасиет
қорқақтық, опасыздық саналған. --Жаудан қорқып қашқандарды өз әкелері-ақ қатал жазалап отырған.Оғыз-қыпшақ дәуірінің,жаугершілік заманының осы бір шындығын осы жыр
өте айқын көрсетеді. Қазанбек ер жетіп есейіп келе жатқан бозбалаларға арнап думан
құрып,той жасайды.Той енді қызып келе жатқанда, Қазанбектің сол қол жағында нағашысы
Аруз-қожа,оң жағында інісі Қара-Көне,ал қарсы алдында садаққа сүйеніп баласы Ораз тұр
екен.Қазанбек оң жағына қарады да масайрап күлді,сол жағына көз тастағанда бойын
қуаныш сезімі билеп кетті,ал қарсы алдында тұрған баласына көзі түскен бойда-ақ, жанары
жасқа толып қалды.Сонда Қазанбек ұлына қарап,өзінің неге жылағанын түсіндірді:Атам
өлді,мен қалдым,Жері,жұрты менде қалды. Күні ертең мен де өлермін.Сен қаларсың.Он
алты жасқа келдің.Садақ тартпай,оқ атпадың,бас кеспедің,қан төкпедің,Қалың оғуз елінен
жүлде алмадың.Бірақ Ораз өз міндетін жақсы түсінеді.Ұлына соғыс өнерін үйретпеген
әкесінің өзі айыпты екенін айта келіп,Ораз былай дейді: «Уа,бек әкем!Түйедейсің,бірақ
17

18.

ботасындай ақылың жоқ.Төбедейсің,бірақ тарыдай тағылымың жоқ.Бұл өнерді ұл бала
атадан үйрене ме?Жоқ болмаса,аталар ұлдан үйрене ме?Қашан сен мені жауға қарсы
шығарып ең?Қашан өзің қылыш салып,бас кесіп ең?Мен сенен не көрдім не
үйрендім.Қазанбек бар айып өзінде екенін мойындап,сол жіберген қатасін түзеу үшін
Оразбекті аң аулауға ертіп шығады. Әке өзінің жауды қырған жерін көрсетпек болады.
Қазанбектің қамсыз жүргенін сезген жау әскері бұларды аңдып тұрып шабуыл
жасайды.Жауға тойтарыс беруге әзірленіп жатып Қазанбек ұлына:-Таса жерге барып,
алдымен:менің қалай шайқасқанымды көр,үйренесің,-дейді.Сөйтіп,Қазанбек жау әскерін
жалғыз өзі қой қораға түскен арлан қасқырдай қан жоса етіп қыра бастайды.Әкесінің ерлігін
көріп,арқасы қозып кеткен Оразбек өзінің жас нөкерлерімен бірге соғысқа кірісіп кетеді.Ол
әкесінен рұқсат сұрамай,қан майданға шығады.Ерлік көрсетеді.Бірақ тәжірибесіз жас
жігітті қарсы жақ қолға түсіреді. Қазанбектің қасындағы бектер:-«Балаң қорқақ,қашып
кетті!-деп әкесін азғырады.Ол тіпті жалғыз ұлын өзі өлтірмек болады.Бірақ жыр соңында
Оразбектің ерлігі анықталады. Оразбек жау қолында аяқ-қолы байлаулы жатып та
дұшпанға берілмейді.Ол өзін құтқаруға келе жатқан әкесіне өтініш айтады: Қара таулар
аман болса ел- жайлар,Қанды сулар аман болса-сең айдар, Қара інгендер аман болса-бота
туар, Алып аттар аман болса –құлын туар,Хан басың аман болса –ұлың туар,Сен аман
бол,анам аман болсын! Тәңір ием тағы өзіңе ұл берсін! Ақсүтін анам кешсін маған! Шыбын
жаным құрбандық болсын саған! Соғыспа,әке,шегініп кейін қайт үйге, Т/ұрма мұнда,
қамшылап атты,тарт үйге. Қазанбек жауды жеңіп.үлкен той жасайды.Бұл хикаяны Қорқыт
ата жыр етіп айтады.Бұл жыр жастарды соғыс өнерін білуге,ар-намысты жоғары ұстауға,ел
басына күн туғанда тайсалмай қарсы тұруға,ал жауды жеңе алмаған жағдайда намысты
қолдан бермей,ел-жұрт үшін үлкен ерлікпен ажалға бас тігуге үндейді.Сонымен қатар,бала
тәрбиесіндегі әке міндеті,үлгі өнегесі жырланады. «Қорқыт ата кітабы» бала тәрбиесі,оның
алдындағы әке-шеше міндеті,сондай-ақ баланың әке-шеше алдындағы парызын жырлаумен
басталады. Айталық,қазақтың осы құралыптас ертегі аңыздарында бір балаға зар болған
әке-шешенің мүшкіл хәлі жөніндегі хикаялар жиі ұшырайды. Әрине, мұның өзіндік сырсебептері бар. Патриархал-ру қауымының ұғымы бойынша, тек еркек кіндікті бала ғана
семьяның, ру-тайпаның, жалғасы, қауымның болашақ тірегі саналған. Сол себепті тойжиындарда ер баласы бар аталар ең сыйлы орынға отырып, оған зор қошамет көрсетілетін
болған.Міне, “Қорқыт ата кітабының” бірінші хикаясы-Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр
осындай сюжетке құрылған:“Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, Баяндыр хан жылына
бір той жасап, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Бұл жолы да солай істеді. Тойға
түйеден -бура, жылқыдан- айғыр, қойдан-қошқар сойылсын деп жарлық берді. Сол күні бір
жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қойды. Тойға жиылған
бектерден ұл баласы барларын ақ отауға, ұлы жоқ, бірақ қызы бар кісілерді қызыл отауға,
ұлы да жоқ, қызы да жоқ қонақтарды қара отауға кіргізді. Қара отауға кірген қонақтарға
қара қойдың етін беріп, қара киізге отырғызды. “Не ұлы, не қызы жоқ жандарды
тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз” деді Баяндар ханДерсе ханның үлы да, қызы да
жоқ еді. Ол бұл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. Қайғымен қан жұтып
жылады”.Дерсе ханның тойда қара отауда отырып, қара қойдың етін жеп, баласыз
болғанына қайғырып әйеліне айтқан зарлы мұңы .Ол әйелі-не сырын айтып ақтарылады,
мұңын шағады:Келші бері, басымдағы бақытым, үйімдегі тірегім Сен үйден шыға
бергеніңде көзіме кипаристей Тобығыңа көрінесін түсетін қара шашың бар сенің Қосылып
тұрған қастарың- тартқан садақ секілді, Қос бадам салса симайтын оймақ-ауыз өзіңсің.
Күзгі алмадай қызарып, жүзің сенің жайнап тұр, Піспеген менің түйнек-қауынымсын,
Маған не болғанын сен білесін. бе? (Жолма-жол аударма) Ақыры әйелінің кеңесі бойынша
Дерсе хан аш-жалаңаштарға қыруар көп қайыр-садақа беріп, ата-бабасының аруағына
сиынып, тәңірден бала тілейді. Күндердің күнінде әйелі босанып, бір бала туады. Бала он
бес жасқа толады. Бір күні достарымен асық ойнап жүргенде ханның семіздіктен құтырған
бұқасы босанып кетіп, балаларға тап береді. Барлық балалар қашып кеткенде Дерсе ханның ұлы қорықпай, дәу бұқаны жұдырықпен ұрып жығады. Содан бала Бұқаш аталып
18

19.

кетеді.Бұған риза болған әкесі ұлына енші беріп, оны бектер қатарына қосады.Бірақ Дерсе
ханның күншіл нөкерлері әкесін баласына қарсы айдап салады. Бір күні Дерсе хан аң аулап
жүріп, өз баласын өзі атьш кетеді. Бір сүмдыктың болғанын жүрегі сезген анасы өзінің
қырық нөкер қызымен баласын іздеп жолға шығады. Айдалада елім аузында жатқан
ұлының жарақатын анасы ақ сүтімен емдеп, аман алып қалады. Сол кезде опасыз некерлері.
Дерсе ханның өзін өлтірмек болады. Батыр Бұқаш әкесінің жауларын қырып салып, Дерсе
ханды тұтқыннан босатады Қорқыт ата жырларынан мынандай түйіндер жасаймыз:
.1.Кейіпкерлер батыл, тез ашуланып, ашуы тез тарайтын, аттың құлағында ойнайтын,
қылышты жақсы қолданатын болған. Кішкентай кездерінен бастап шайқастарда қан
төгіп, үлкен жетістіктерге жеткен. Осы жетістіктеріне орай оларға Қорқыт ата
тарапынан есім берілген. Әрі батыр әрі батыл кейіпкерлер тек қана ер жігіттер емес, қыздар
да болған. Мысалы: Байрақ әкесіне үйленетін қыздың ерекшеліктерін былай деп
суреттеген:«Мен орнымнан тұрғанша орнынан тұруы, атыма мінгенше атына мінуі,
дұшпанға барғанымша дұшпанымды алдыма алып келуі тиіс» Байрақ Бәну Шешектің әйел
екеніне қарамастан, онымен бірге атқа мініп, садақ атысып, күреседі. Сейілжан сұлу болса,
Қан Төрәліні гәуірлердің қолынан құтқарады. Дирсехан мен Бекіл әйелдерінің берген
ақылдарын тыңдап отырған. Бұл эпостағы әйелдер бейнесі сенімді, өз ері мен еліне
берілгендігімен қатар өз ары мен жақындарын қорғауда батыл, жар таңдауда ақылды
болып суреттеледі.2.Жырларда оғыз бектері жиі- жиі гәуірлердің тұтқыны
болады.Бірнеше жылдан кейін тұтқынды құтқаруға бір жақыны келеді.Мысалы: Қазанды
баласы Ораздың құтқаруы, Секрек он алты жылдан кейін Алынджа қамалынан бауыры
Екректі, Иекенек Дизмерд қамалында тұтқынға түскен әкесі Қазылық оғызды құтқарды.
Тұтқынға түскен жақындары туралы жағдай құтқарушысына бұрыннан айтылмайды. Он
бес, он алты жасқа келгенде өздеріне дұшпандары тарапынан айтылады.3.Жырдағы
кейіпкерлер барынша жақсы немесе керісінше нашар болып суреттелген.Әр тайпаның
бектері жақсы, гәуірлер тобы болса керісінше.Гәуірлер туралы айтыла бастаса жыр
«жарымай қалғыр» деген қарғыспен басталады.Бірақ гәуір.қыздары сұлу болып
суреттелген.Оғыз мырзаларының олармен үйленуі табиғи құбылыс ретінде көрсетілген.
4.Қорқыт ата жырларының барлығы бірдей өрбіп, бірдей бітеді.Жырларда қан төгіледі, бас
жарылады, соғыстар болады.Жырдың сегізінде гәуірлермен оғыздардың арасындағы соғыс,
екеуі(Бұқашжан, Бәмсі) оғыздардың ішінара, екеуінде(ержүрек Думрул, Басат) соғыс жоқ,
бірақ қиын қақтығыстар бар. 5.Әйелге деген құрмет барлық жырларда кездеседі. Кей
жерлерде әйелдер алдыңғы орында көрсетіліп тіпті матриархаттық дәуірді елестетеді.Жырдың алғы сөзінде Қорқыт атаның айтқан:«Ұлдың кімнен туғанын ана білер» деген
сөзінен әйелге деген құрметті көруге болады.6.Жырларда ананың балаға, баланың анаға
деген сүйіспеншілігін жиі көреміз. Қазан Салор гәуір қолындағы тұтқындар арасынан тек
қана анасының босатылуын сұрап, әйелімен баласынан бас тартады. Гәуірлер болса
Қазанның анасын Жайханның баласына беріп, одан ұл туса сенің аман-атың етеміз дейді.
Гәуірдің өш алу үшін анасын қолданғаны, бұған қойшының көрсеткен наразылығы,
баласының анасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін ең салиқалы түрде көрсетіп отыр.
Дирсеханның әйелі баласының алғашқы аңшылығы үшін дайындық жасайды, баласының
кері қайтпағанына шарасыз қалып, іздеу салып жолға шығады. Ана баласы үшін қандай
қиындық болса да дайын еді. Осы сияқты Бөрлі сұлу да баласы аңнан кері оралмағандықтан
баласы мен күйеуін іздеп ауыр жолға шығады.Иекенктің анасы болса әкесінің тұтқынға
түскенін баласынан жасырып, оның амандығын ойлайды. Дәл осындай жағдай Секректің
бауыры Екректің тұтқын болғанында да айтылады. Екі баласының біреуін Төбекөзге жем
қылған бір ананың жалғыз баласын аман сақтап қалу үшін Басаттың алдына барып
жалынуы- ананың балаға деген сүйіс-пеншілігін көрсетеді. Пері қызы да сырттан келетін
қауіп қатерден қорғану үшін ұлы Төбекөзге сақина берген болатын. 7.Жырларға ортақ
сюжеттік сарын,ұлағаттық өнеге ретінде әйелдердің күйеулеріне деген құрметін айтуға
болады. Бегіл мен Дирсе ханның әйелдерінің күйеулеріне қолқанат болғандығын, ержүрек
Думрулдың әйелі өз жанын күйеуі үшін пида етуі,Селжан сұлудың ұйықтап жатқан Қан
19

20.

Тұралыны жаулардың шабуылынан қорғап күзетуі,Бөрлі сұлудың Қазанға көрсеткен
көмегінен күйеулеріне деген құрметті көреміз. 8:Жырда көп кезедесін ортық мотивтердің
бірі -қайталанатын жерлердің бірі аңға шығу. Дирсе хан, Бейрек, Ораз, Емренің тайпасы
барлығы да аңшылықпен айналысады. Бектер мен оғыздың үлкендері жиі аңға шығады.
Аналары болса алғаш рет аңға шығатын балаларын жолға дайындайды.Қазақтың «Тырнықалды» ғұрпы елес береді. Аңнан қайтпай қалу мен онда кездескен қиындықтар бір-біріне
ұқсас болып келеді. Аңға шықпаған бектердің әңгімелерінде болса оғыз жігіттерінің
жиналып ішіп- жеп көңіл көтергендері туралы айтылады. 9. Жырдағы кейіпкерлердің бірбірінен айырылу сарындары да ұқсас болып келеді.Мысалы: елден, анадан, атадан,
сүйіктісіен,тайпасынан, бауырынан айрылу.Бірақ Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы
жырдан басқа жырдың соңы қуанышпен, тоймен,үйленумен бітеді.Бұл қуаныштар Қорқыт
атаның суреттеуімен аяқталады.Жырларда оқиғалардың баяндалуы қара сөзбен,
кейіпкерлердің диалогтары өлең жолдарымен берілген.Жырлар қуанышты жағдайлармен,
Қорқыт атаның сөздерімен аяқталады. Бірі ұзын бірі қысқа жыр болса да, арасында өзгеше
оқиғалар болып тұрса да барлығына ортақ ерекшелік -Қорқыт атаның келіп жыр жырлап,
күй шертуі, бата беруі.10. Жырдағы ортақ ерекшелік, кейіпкерлердің әрі әйел, әрі еркек,
әрі ана, әрі ата, әрі сүйікті жар ретінде бір бірлеріне ұқсауы, әр жырда осылардың
қайталанып келуінен болады. Біржырды оқып бітіріп, екінші бір жырды оқи бастаған
оқушы өзіне таныс ортаны көргендей болады. Қорқыт-түркілердің оғыз ұлысынан шыққан
асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап,
тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан
артық өмір сүрмейсің», -деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін
жер іздейді. Қайда барса да, алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?-деп
сұраса, олар: «Бұл – Қорқыттың көрі,-деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң,
Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады.Оның жанын алуға келген ажал
күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып,тұрып қалады.Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана
қайрақ жылан болып келіп шағады.Қороқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер
күйші болған. Ол қобызды тек бақсы-балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай
құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді Қорқыт
жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен
жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап
жасағысы келеді. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ
әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып,
көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан
қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған
шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек
жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді. Қорқыт
ұйқысынан ояна сала,осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз
сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң- бәрі құлақ түре
тыңдапты. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты
Желмаяны оньің шешесінің жақын туыстары сыйлаған.В.М.Жирмунскийдің айтуынша,
Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін
бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжагыш ақылгөй болған. Оғыз-қыпшақ қогамының ішкісыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп солардың
бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырғанОлар: Инал хан, Дойлы хан, Көл- Еркі,
Тұман хан және Каңлы-қожа.Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар Корқыттың
ақылды кеңесінен аса алмаған.Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса
айтқан. Әр турлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікір
айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде -195-ке, тіпті 400-ге
келген деген болжам бар. Қорқыт ата (VІІ-VІІІғ) “өлмейтін өмір кілті өнерде” деп өнерді
халық мәдениетінің қасиетті белгісі деп таныған болатын. Сөйтіп әулие бабамыз “Арыстан
баб,“Ұстаз”,“Аққу”, “Ұшардың ұшуы”,“Кілем жайған”, “Әуіпбай”, “Башпай”,
20

21.

“Желмая”, “Елім-ай”, “Тарғыл тана”, т.б. “Қорқыт ата күйлерін”қалдырды (Жиырмадан
астам күйі белгілі екен,нотаға түскені-11 көрінеді)Ол қолына қасиетті аспабын алып
Тәңірдің ерекше жаратылысы болып табылатын дін, өнер, философия, ауыз музыкалық
дәстүрді жалғастыр-ған, қобыздың қасиетті әуені мен ауыру мен дертті
емдейтін
бақсылардың дем беруші піріне айналған. Аңыз арқылы жеткен абыздың бойынан ежелгі
мәдениетке және оның өкілдеріне тән синкреттілік, айтқыштық пен орындаушылық
жарасым тапқан. Оның бейнесі нұрлы ақыл мен терең сезімді қатар ұстайтын рухани
арналармен тоғысады. Қорқыт есімі Түркі тілдес халықтардың көбінде неше түрлі
аңыздарда айтылады. Қорқыт-күй атасы, жер үстіндегі ән-күй атаулының атасы.«Жер
бетіндегі ең тұңғыш қобызды шырғай ағашынан жасап, күңірене күй шертеді, мұң-наласын
ақтарып төгеді. Құдіретті күй сарыны бүкіл жер-әлемді қаптап кетеді.Оны естіген барша
жұрт басын ала алмай тыңдап, таңырқап қалады. Содан бері Қорқыттың күйі де, қобызы да
жер бетін шарлап кезуде. Ал Қорқыт есімі қобыздың ішіндегі, халықтың жүрегінде
ұмытылмастай болып сақталған»- деп жазады М. Әуезов. «Қорқыт» жырларының тегі
туралы кейбір қорытындыларда филология ғылымының докторы, профессор Ә.
Қоңыратбаев былай деп жазады: «Қорқыттың екінші аңызында оның қобызшылық өнері
жөнінде айтылады. Қорқыт тұнғыш рет қобыз ойлап шығарып, жалғыз түйесін сойып,
терісін соған шанақ етіпті, ат бәйгесіне қобызды қосыпты. Қорқыт қобызының нар түйедей
боздаған сиқырлы дауысын аңсап, қырық қыз Сырға жаяу келіп, бәрі де шөлдеп өліпті,
озып келгені- Ақсақ қыз болған екен дейді. Сол 40 қыздың мазары Қарақұмда
дейді...Сондықтан біз Қорқытты бүкіл түркі тайпалар эпосының атасы, соның алғашқы
үлгісін жасаған үлкен айтушы,күйші деп білеміз»Қорқыт барлық ақын-жыраулардың,
жыршылардың, күйшілердің, бақсылардың ұлы ұстазы ретінде
саналған.
Ол –қара қобызды бүкіл түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, түркі
музыка өнерінің негізін қалаушысы.Қорқыт-қазақ үшін ең алдымен күй атасы, қобызда күй
шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. «Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата – ел
бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер,түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама
ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде де көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқыналады.Бірінші ол, оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден -күйші,
қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден — әйгілі жырау, оның жырлары
оғыз – қыпшақ өмірін бейне- леген әдеби-тарихи мұра».Бұрынғы бақсылар өздеріне ұлы
ұстаз ретінде пір тұтып, Қорқыт бабамыздың күйлерін аңырата тартып оның аруағына
сиынып отырған екен. Ал,бақсыны Тәңірімен тілдестіретін аспабы-қобыз еді.Ғасырлар
бойы қыл-қобыздың қолдануы тек қана бақсылардың сакральді орта-сында адамдарды
емдейтін, тәуіптік функциясымен ғана шектелмеген, солармен қатар бұл аспапта музыканы
эстетикалық тағылымы жағынан түсініп ойнайтын. Бұл орайда Ш. Уәлихановтың айтқан
сөзі дәлел болады: «Қорқыт-қазақтың тұңғыш бақсысы, шаманист, бақсы – моңғол сөзі, ол
ойшыл, ақын, емші болған. Қобыз өнері, бақсылар сарыны, содан қалған дейді»Салт
жырлары, ертегі эпос табиғатында шаманизм сарыны басым. Оғыздар қобыз культіне
табынған деген болжам бар. Осы белгілер «Қорқыт» жырларында да кездеседі. Жалпы
Қорқыт өмір сүрген кез-ол бақсының жын -перімен тікелей араласатын сәті, қобызбен күй
тартып, бақсылық шырғаланға түсетін кезі десе болады.Халықтық орындаушылар бұл аспапты пайдалана отырып, оның негізінде өзінің жеке ойларын, толғаныстарын, басынан
кешкен қайғы-мұңын, сезімдерін, қуанышы мен қасіретін жеткізе білді.Белгілі болған
ғылыми деректерге сүйенер болсақ, Қорқыт сегіз қырлы бір сырлы, қасиетті тұлға, бақсы,
көріпкел, әулие, асқан күйші, емші, жырау, тайпа кеңесшісі, қиындықтарға қарсы тұра
білген адам. Бақсылық кез- келген адамға қона бермейтін қасиет. Ол жоғарыдағы «иелер»
немесе перілердің таңдаған адамы болады деген ұғым бар.Әлемдік діндерге дейін Евразияға тараған түркі халықтарының ортақ діні- Тәңірлік дін болды.Ол көшпелілер қоғамының
өмір салтына айналған Тәңірлік дінінің аса көрнекті өкілі болатын.
Ш. Уәлихановтың сөзімен айтқанда:-«Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды
21

22.

үйреткен ең бірінші бақсы» Яғни Тәңірлік діннің ең басты идеологы. Сөз жоқ , қылыштың
жүзі, найзаның ұшымен орныға бастаған ислам дінінің көшпелілер ортасындағы ең басты
қарсыласы сол ортадағы дәстүр- Тәңірлік дүниетаным,Тәңірлік наным- сенім еді.
Ал,Тәңірлік дүние танымның көрнекті тұлғасы Қорқыт болатын.Әр заманда әлеуметтік
құбылыстардың да басы-қасында тарихи тұлға болғаны рас.Түрік халықтарының өткен–
кеткен тарихында Қорқыттың мәні өзгеше орын алады. «Ол ең ақырында дүниеде
өзгермейтін ешнәрсе жоқ, сынбас темір жоқ, өтпес өмір жоқ деп, мәңгілік өмірді халықтың
ән-күйінен іздейді»-деп пайымдайды академик А.Жұбанов.Ол музыка күшімен қасиетті
қобыз үнімен өлімге қарсы тұрған абыздың тірлігі арқылы көрініс табады.Дүниетанымдық,
тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт
атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие
ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Түркі тектес халықтардың ортақ мүрасы болып
есептелетін «Қорқыт ата кітабы» араб әрпімен жазылған екі нұсқасы сақталған /Ватикан
және Дрезден нұсқалары/. Неміс, орыс, италян,түрік,азербайжан тілдеріне аударылып,
басылып шыққан.Бұл енбекті қазіргі қазақ тіліне тұнғыш рет аударып жеткізген-Ә.Қоңыратбаев /Қорқыт ата кітабы. А. 1986/.Шығармада ата-анаға қамқорлық, Әйел-ананы сыйлау,
әдептілік мәселелері үлкен орын алады. Мұнымен қатар жыр жолдарындағы ру батырларының, тайпа көсемдерінің үлгі-өнегелері; адамды сүю, ұрпақ қамын ойлау проблемаларын
көтерген әдет-ғүрыптары мен нанымдардың, тарихи оқиғалардың педагогикалық мәні
ерекше назар аударуға тұрарлық. Енбектегі ғибрат сөздердің мазмұны тәрбиенің әлеументтік сипатын философиялық ой негізінде ашып көрсетулерімен ерекшелінеді. Қорқыт айтқан
ойлар бұдан әрі қарай отбасыңдагы келісім, тайпа-ру бірлігі, патротизм, жауға деген
қаталдық, досқа адалдық, батырлық, табиғат, тіршілік меселелеріне катысты пікірлермен
кеңейе түсті. Қоркыт түлғасы халқымыз мәдениеті дамуыңдағы көп ғасырлық желіні
жалғастырады, оның мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз.
Әсіресе, тарихи дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріңдегі салт-дәстүр, құңдылықтар мен
мінез-құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып
қарағанда"Қорқыт ата кітабының"халқымыздың тәлім-тәрбиесі тарихындағы алатын орны
айтарлықтай екеңдігі даусыз.
Қорқыттың өзі-нағыз ұстаз, тәрбиеші.Өзіндік тәжірибесіне, жеке өнегесі, білімі мен
даналығына сай ол түркілер үшін кеңес беруші, жол сілтеуші, ақыл-парасатқа үйретуші
болды және болып қала береді. Дастанның басында Қорқыт дәл осындай бәрін өзі біліп
тұрған жетекші деп көрсетіледі, оның түркі халқы қиыншылықтарын шешкені айтылады.
Қандай іс болмасын Қорқыт атадан кеңес сұрамай шешілмейді.Дастанның бүкіл жыр
жолдарыңда барлық жерде ол нағыз оқытушы және шебер тәрбиеші, қуатты ой-өрісті
иемденуші ретіңде әрекет етеді.Ол халық жиналысын жүргізеді, жаңа туғаңдарға ат береді,
дана сөздер айтады, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, ол бәріне канық қауым ақсақалы ретіңде
оны ізгі істерге шақырады, бейбітшілік пен жақсы-лыққа үндейді, отаңды қорғауға ықпал
жасайды. Қорқыт Ата-Ақсақалдар мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі. әулеттік мектеп
педагогикасын жетілдіріп дамытушы ғұлама.Қазақтың отбасылық педагогикасының негізін
салушы-Ұлы Даланың Ұлық Ұстазы.Себебі,оның еңбектерінен және іс-әркетінен қазақтың оғуз-қыпшақ дәуіріндегі отбасылық тәрбиесінің мән-мазмұны,мұрат-мақсаты, тәрбиелеу жолы,амал-айласы,әдіс-тәсілдрі өте айқын көрініс тапқан,нақтылы бейнеленген,толық
көрсетілген.Отбасылық тәрбиенің өрістеп жетілуіне өрелі пікір айтып,әулет педагогикасының дамуына ерекше үлес қосқан ғұлама бабамыз,ұстаздардың ұстазы -Әбу-Насыр
әл Фараби.(870-950) еді. Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында
дүниеге келген, ғұлама ғалым. Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик,
философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған.Туған жері-Отырар (Фараб) қаласы. Отырар
(Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы -Аристотельден кейінгі “екінші
ұстаз”,“Шығыстың Аристотелі” ұлы ғұлама. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне
қарағанда, Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб(Отырар)
қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің
22

23.

атауымен “әл-Фараби”,яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.Фараби алғашқы білімін
Отырар медреселерінің бірінде алған. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель
еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны “екінші ұстаз”
(Аристотельден кейінгі) деп атаған.Мәселен, Аристотельдің “Жан туралы трактатын 200
рет қайталай оқыдым, - деп жазып қалдырған. Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани
орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу және Орта шығыс
елдеріне сапарға дайындайды. Әбу Насыр Бағдатқа бармастан бұрын, жолшыбай Самарқан,
Бұхара шаһарларына соғып, білімін жетілдіреді. Кейін Иран халқының мәдениетімен
танысады. Содан кейін әрі қарай Бағдатқа аттанады. Фараби өздігінен оқып жетілген
ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын,оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің
еңбектерін қызығып оқыған. Әбу Насыр Аристотельдің “Метафизикасын” қырық, “Жан
туралы” еңбегін жүз, ал“Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан. Осындай зеректігінің
арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін меңгерген.( Хайруллаев М.
Фараби. – Эпоха и учение. Ташкент, 1975, 156-бет) Фарабидің өзі де “Кемеңгерлік меруеті”,
“Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің тип мазмұны”, “Ғылымдардың
шығуы”, “Бақытқа жету” сияқты т.б.көптеген еңбектер жазған Ол сонымен қатар тәрбие
және білім беру,педагогика мен психология, этика ғылымдар ының салаларында құнды
пікірлер мен қағидалар қалдырған. Әсіресе, жақсы мінез-құлықты қалыптастыру және
дағды мен әдетке ерекше мән берген. Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама
береді.Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту,көзін жеткізу, көндіру және
т.б.тәлімгерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Оқыту-баланың тілін
дамыту, білім беру, үйрету арқылы іске асатын болса, тәрбиелеу –шәкірттердің бойында
жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым
мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, ерік-қайратты тәрбиелеуге
мән берді.Фарабидің психологиялық көзқарасы туралы айтқанда, әртүрлі психологиялық
тақырыптарда бірнеше еңбектердің авторы ретінде де, қазақ топырағында психология
ғылымының негізін қалауға да ерекше үлес қосқаны белгілі. Мәселен, “Жан туралы”,
“Ақыл-ой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы сөз”, “Жанның мәні туралы”,
«Ақыл-ой және ұғым » тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Фарабидің тағылымдық-тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе –
шешендік өнері туралы айтқан қағидалары. Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз
адамның өзіне айтылғанды көкейіне түю, сондай-ақ оған ой-жіберу арқылы адамға құлақ
қою болып табылады. «Көзіжеткізу» терминінің осындай мағынада алыну себебі мынада:
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған, бір-біріне сөз салған, бір-бірімен
әңгімелескенде, бір нәрсені дәлелдеп көзжеткізу үшін шешімдер қабылданған кезде
білімдік пікірлерді жиі келтіреді.Бабамыздың бұл пікірі бүгінгі отбасында берілетін
тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі болуға тиіс.(Алайда күні бүгінге дейін бұл
қағиданы игермедік) Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді.Халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын
жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары
теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады,
әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды
суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр.
Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру
керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне
апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды.
Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде
қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі.
Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай
түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту
23

24.

болады, ал тәрбие -білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық
қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді
жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі.» Жеке тұлғаны қалыптастыру ұғымын ғұлама
Фараби былай анықтайды: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық
қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз
әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі
игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінезқұлқымыз мақтаулы болады» Ізгілендіру- Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі
өзегі болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет екендігін өз
уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап кеткен.Міне,бүгінгі таңда
Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім
беру парадигмасы ретінде ізгілендіру танылып отыр.Әл-Фарабидің педагогикалық ілімі
бойынша тәрбие мен тәлім, білім беру мәселелері өзара тығыз байланысты бір-бірін
толықтыра жургізілуі тиіс. «Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет?» деген
еңбегінде ол ғылым мен философияны жетік меңгеру үшін бірінші алғы шарт етіп
адамның жан тазалығын, ар тазалығын, әдеп-тәрбиелігін қояды. Әл-Фараби балаларды
жүйелі оқытуға 7-8 жасынан беруге нұсқаған. Басқа ғылымдарда оқып үйренуде ғұлама ең
әуелі тіл мен логиканы біліп алуды ұсынады. Әл-Фараби ғылым, білімді қалай болса солай
жаппай жүйесіз үйрене бермей, адамның ақыл-парасатына, мінез-құлқына әсер етіп,
практикалық іс-әрекетіне пайдалы болатын жақтар-ына баса көңіл бөлуді ұсынады.Фараби
логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар тілігін шешіп беруге тырысады.Осындай аса
маңызды педаго гикалық проблеманы шешуге арналған еңбегі «Ғылымдар
классификациясы» т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде мәлім болып, 500 жыл бойы
мектептерде ғылым бастамалары жөнінен негізгі бағдарламалық жетекші құрал
болған.Былайша айтқанда, Фарабидің пайымдауы бойынша оқу-философия негіздерін,
теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие-ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір
адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын
қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті,
сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы
тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін
ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.Адамдардың, әсіресе,
жастарды тәрбиелеу жүйесінде Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл
болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды.Фараби мінез-құлық тәрбиесінің құрал,әдістерін
белгілеуде Аристотельдің адамдағы барлық мінез-құлық, қасиеттерді туа біткен емес,
жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай
дамытып әкетеді.Ол адамда жақсы әдет-мінез қалыптас-тыруда ерік- қайратына көп мән
береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы
келгенде санамен шешу ерікке, өзін-өзі билеуге тіреледі.Мұндай жақсы ниет, оң істер барабара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез-кұлықты
болып өседі. Бұл айтылғандар Фарабидің "Бақытқа жол сілтеуінде" былай дәйектеледі:
"Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы
екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен
кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам
боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.Біз мінез
-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда
қалыптасқан мінез-құлық болмаса,онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап
болғанда, қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін.Адамның белгілі бір
мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез- құлықтан басқа
бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе-әдет болады, ал әдет деп мен белгілі
бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.Мінез-кұлықтың қалыптасу
жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән
24

25.

әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу
жолы дәл осындай...Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай сияқты ол адам жақсы
мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін
мүмкіндіктерді іске асыру қажет.Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған
сай келетін әдеттер берік орын алулары керек».Фараби мұнан басқа жүйелі түрде жаттығу,
машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т.б. тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін
қолдануды ұсынады. Практикалық дағды, шеберліктерді,жақсы мінез-құлықты дарытуда ол
тәрбиеленушінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып екі педагогикалық әдістіжұмсақ және қатаң әдісті ұштастыруды көздеді.
Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы
қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және
субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді.Фарабидің пікірінше,тәрбиеге
көнбейтін,жөндеуге,түзетуге болмайтын жас болмайды.Тек ретін тауып үйретуден,
баулудан жалықпау керек."'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән
ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"-дейді ғұлама. Фараби-"Бақытқа жету жолы"
атты трактатында жастарды батырлық,жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық,
шешендік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу жолын
баяндайды. Дүниежүзілік ғылым
мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы бабамыздың педагогикалық
мұрасы да тілегей-теңіздей мол дүние.Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін
ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған.Оның арифметика,
геометрия, астроно мия,музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар
дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай-ақ, педагогика, методика мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтылғанның айғағы.Оның оқу-білім, тәлім-тәрбие
мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны
гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі.Адам деген ардақты атты
лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ.Нағыз бақыт осы дүниеде ғана, оны басқа
жерден іздестірудің қажеті жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады.Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет.Осы жолда өмір бойы
еңбектеніп, әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт.Бірақ дүниеде жалғыз жүріп
бақытқа жетуге болмайды.Ол үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет ету керек. Адам алдымен
ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет,
парасаттылық адамға өзі-нен өзі келмейді.Ол ұлан– ғайыр еңбек етіп, ғылым-біліммен
молынан сусындаған кісіге ғана қонады. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық
тіршілікті жақсарту барлығы да білімділікке байланысты. Шын мағынасындағы білімділік
үлкен адамгершілік сипат. Зиялылық адамның жақсы мінезінен, білім, дағдысынан,
имандылық қасиеттерінен туындайды. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік
пен өз бетінше әрекеттену (инициатива) одан соң парасаттылық пайда болады, адам
біртіндеп логикалық ойлауға машықтанады, теорилық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге
әдеттенеді. Әбу-Насыр әл-Фарабидің азаматтық,саяси,адам,қоғам жөніндегі ойлары
«Фусулал-чадани» трактатында қаралады.әртүрлі болғанымен,негізінде бір мақсатқа-адам
мен қоғамның арақатынасы оның жетілуіне арналған,еңбектің өзіне тән бір ерекшелік
сипаты тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.Фараби
«азаматтық саясатта» қоғамдық талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде... ол мұны ең
кішкене ұядан отбасынан немесе үйден бастайды.Аристотель сияқты ол үйді бірнеше
бөлікке-,ер мен әйел,үй қожайыны мен қызметшісі,ата-анасы мен баласы,мүлкі және иесі
деп бөдеді.Үйдің өзіне тән мақсаты болады.Бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол
қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады.Сөйтіп бұл арада адамның
өзбасының мүдделерін қоғам мүддесіне бағындыру туралы пікір айтылады.Бұл жерде
Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып,оның ойларынан үлкен азаматтық
гуманизмнің биік көріністерін табамыз.Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес
қоғам мүдделерін
жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың,адамгершіліктің қасиетті
көріністері деп білеміз. Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық
25

26.

қарым-қатынастар жайлы айтқан пікірлері ерекше маңызды .Мәселен, адамда достықтың
екі түрі болады.Оның бірі-адал дос, екіншісі-айнымалы, алдамшы дос.Адал досқа үнемі зор
ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, достар бір – біріне
жақсылық, өзара қамқорлық жасауы тиіс.Жақсы достың сенімін қастерлеп, ақтаған
абзал.Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін
болады.Фараби нағыз шынайы достықты дәріптеп, жұртты осындай адамдардан үлгі алуға
шақырады.Достықтың екінші бір түрі – алдау-арбау негізінде құрылады.Мұндай «досқа»
адам өзінің құпиясын, мінез – құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ.Бірақ
жалған достарды да тәрбиелеуге болады,оларды адал жолға түсіру үшін қажымай- талмай
жұмыс жүргізу қажет.Бір-біріне қас жау адамдардың да екі түрі болады.Бірі-өшпенділігі
мол, жаулығы басынан асқан адамдар да, екіншісі - көре алмаушылықтан жауығатындар,
Фараби бұлардың біріншісінен ерекше сақ болудың,олардың ой – пікірін үнемі таразыға
салып,қадағалап, біліп жүруді ескертеді.Ол осындай адамдардың арам ниетін біліп қана
қоймай,тиісті жерінде аяусыз әшкерелеу қажет дейді.Гуманист –ғалым кей жағдайда жау
адамды да түзеп кемші-лігін бетіне басып айтып отыру да қажет, егер бұл шара іске
асықпай жүзеге асыру керек. Ал көре алмаушылық пен күндеуден жауласқан адамға
байыпты қарым – қатынас жасалған дұрыс.Мұндай адамдардың көзінше көре алмаушылық
және күндеушілік себебін ашып, бұлардың көзін шындыққа жеткізу жағын ойластырған
мақұл. Бейтарап адамдардың да жолдастық, достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз
болады. Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ, кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де
кездеседі. Бірақ олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс. Бейтарап адамдардың
адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ойтілектегілер араз адамдарды татуластыруға, олардың арасында қарым –қатынасты қайта
орнатуға жәрдемін тигізеді.Сондықтан бұларға көңіл бөліп, іс – әрекетіне демеу беріп отыру қажет. Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп, байыптылықпен қарым –
қатынас жасап отыру қажет. тәрбиелеп,, байыптылықпен қарым-қатынас жасап отыру
керек.» Фараби өзінің саяси-педагогикалық трактаттарында халықты, тұрғындарды мінезқұлықты, ақыл- парасатты етіп тәрбиелеуде қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың
басшыларына үлкен орын береді.Ол былай деп жазады:"Тұрғындар бір-бірімен шынайы
көмекке бірігіп шынайы бақытқа жетуді көздеген қала қайырымды қала, халқы қайырымды
адамдар болады. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне
қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді".Бұл
Фарабидің адамзатты болашақ бақытқа жеткізу жөніндегі ең басты гуманистік принципі,
халықтар достығы- ырыстың басы-ғұламаның түпкі ойы, мынадай сыры міне осы қағидада
жатыр. Басқаша айтқанда, адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік
қатынаста өмір суруі ләзім. "Адамдар туралы айтсақ,-деп жазады ғұлама,- оларды қосатын,
байланыстыратын дәнекер тұтқа - адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар
адамзат тегіне жататын болғандықтан өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім.» Осы
қағиданы басшылыққа алып,әрекет ету,өмір сүру,тіршілік жасау Әлем елдерінің барлығына
өзекті,ортақ,негізгі ұстаным болып отырғанын осы таңда адамзат қауымы толық сезінуде.
Ғұламаның ғылыми-педагогикалық шығармаларында әдемілік, әсемдік пен үйлесімдік,
гармония сезімдерін тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олар эстетика-этикамен,
қылықтылықпен тығыз байланыста. Фарабидің педагогикасында музыкалық тәрбие көп
орын алады. Музыканың эстетика жағынан, басқа адамның жаны мен тән күйіне әсері
жоғары бағаланады, өйткені бұл өнер асқақтардың арынын басатындығы,кемеліне
келмегендерді кемелдендіретіндігі және өз шамасын білетіндерді өз дәрежесінде
сақтайтындығы жағынан алғанда өте пайдалы болып табылады. Ол денсаулық үшін
де пайдалы, себебі тән ауырғанда жан да ауырады, тән азап шеккенде жан да күйзеледі.Сондықтан да жағымды дыбыс көңілді көтеріп, жанды жадыратады, субстанцияға
(асылына) лайықты күш тудырып, тәнді кеселден арылтады. Шәкірттерге эстетикалық
тәрбие беруде математика ғылымдары, яғни арифметика, геометрия, астрономия музыка,
теориясы едәуір қолқабыс тигізе алады, өйткені олар «өлшем, рет, үйлесім және сымбат
26

27.

тылық қасиеттері» бар нәрселерді зерттейді. Фараби жастарға эстетикалық тәрбие беруде
яғни көркемдікке баулуда поэзия, бейнелеу, мәнерлеп жазу (каллиграфия) өнерлерін
назардан тыс қалдырмайды. "Көркем жазу-дейді ғұлама, жазудың кемелділігінің жемісі
болады, ал адам бұл әрекетті кемел меңгеріп, оны тамаша орындай алатын дәрежеге
жеткенде ғана жүзеге асады"Фараби , сұлулық хақында былай дейді:«...ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі
елесі. Көркемдік-тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі»- деп санайды
Фарабидің ілімі бойынша тәрбиеші де, тәрбиеленуші де денсаулығы мықты болуын
қадағалауы ләзім, яғни кісінің жеке басын жан-жақты дамытуда дене тәрбиесі маңызды
фактор болып табылады. Ғұламаның айтуынша "адам тәнінің кемелдігі-ол денсаулық, егер
денсаулық бар болса, оны сақтау қажет, ал ол жоқ болса, оған түрлі әрекеттер жасап жету
керек".Еңбек, еңбексүйгіштік те адам баласын жетілдіретін, бақытқа кенелтетін ізгі
қасиеттерге жатады, мысалы, "байсалды, бірқалыпты еңбек кезінде, адамға күш қосылады.
Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді.Мәселен, Әл- Фараби өзінің «Интеллект
(сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды
интеллект»,«жүре келе дарыған интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық
категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы
айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе,
естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік
қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы және жаман
қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес
өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды:«Адамның әуелден
тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та
адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман
қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын
басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады… Өнер
біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты,
қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық бейім
адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес». Фараби «Азаматтық саясатта»
қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан,
отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке-ері мен
әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің
өзіне тән мақсаты болады, бірақ қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады,
сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы
пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның
ойларынан үлкен азаматтық биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері
ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің
қасиетті көріністері деп білеміз. Философия-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең
ерекше” игілік -ақыл, парасат арқылы меңгеріледі.Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса,
солай беталды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика
өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады.Фарабидің атап көрсетуінше, адам
өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.Бір сөзбен айтқанда, Фараби
адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам
рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек , айналадағы дүниені
танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық,саяси,
жөніндегі ойлары “” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа-адам мен
қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипатытәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. ,тіршілік істерден
бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге
тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін филос27

28.

офияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді.
Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді.
.
Фарабидің анықтауы бойынша педагогика тәрбиеленуші адамның ерік-ниеті
белгілі бағытқа сәйкес, тиісті құралдар мен әдістер арқылы басқару, билеу өнері.Ал
басқарушы адам-педагог, ұстаз, тәлімгер,ата-ана.Оның педагогикалық жүйесіндегі
темірқазық болып саналатын философиялық-этикалық категория-ол әрбір адамды
бақытқа жеткізу мұраты.Бақытқа жетудің негізінде философия, ғылыми білімдер
арқылы дүниедегі әдемілікті,кіршіксіз пәк тазалықты бойға сіңіру, ойға, жүрекке
ұялату,дарыту әрекеті жатады."Біз бақытқа тек әдемілік, пәк тазалықты бойға сіңіру
арқылы жетеміз, ал ондай кемел тазалық пен әдемілік философия өнері арқылы
келетіндіктен біз бақытқа нақ философия арқылы ғана жетеміз".Фараби-философия
ұғымына бүкіл ғылым, білім, өнер игіліктерін жатқызады, яғни философия-шынайы
білімпаздық, өнерпаздық, кемеңгерлік. Фарабидің педагогикалық системасында тәрбие мен
тәлім, білім мәселелері бірінсіз- бірі жоқ органикалық, ажырамас, диалектикалык
байланысы косарланып жүреді. Фараби де Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп
қарап, өзінің бүкіл педагогикалық- этикалық және баска гуманитарлық көзқарастарында
осы қағиданы басшылыққа алады. Өзінің "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары" атты
трактатының адамзаттың өзара бірлестік пен өзара көмекке зәрулігі туралы тарауында
Фараби былай деп жазады: "Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары
кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек,ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды
және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы қауымдағы
адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір
затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде
де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі
екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген
адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне
жете алады.»Қоғамды кемелдендіру — бақытқа жетудің басты шарты болып табылады. Тек
кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, фило-софия, тәрбие арқылы кемелдікке жете алады.
Ол шартты түрде адамды бақытқа, кемел-дікке жеткізудің қатар жүргізуге тиісті негізгі
құралы ретінде мінез-құлық, моральдық және ақыл-ой, интеллектуалдық тәрбиелерге
шешуші мән береді.Фараби бабамыз әулет педагогикасын осылай дамыта отырып,оны
әлеуметтік педагогикаға ұластырып берді
4§. Әулет педагогикасының оқулықтары
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын: Алма Қыраубайқызы «Адам. Оның
кемелдену жолдары. «Кемел мемлекет» арманы» -деп қарастырады. Ал,М.Мырзахметұлы:
« Жәуанмартлік ілімі» -деп түсіндіреді.Мемлекеттік заң деп танушы да,жекебастық
педагогика деушілер де баршылық.Барлығының тоғысар жері-адам оның кемелдену
жолы.Біздің пікіріміз бұл дастан-әулет педагогикасының алғашқы оқулығы.Жүсіп
Баласағұнның ойынша, адам баласының қадір-қасиеті білімі мен ақылында. Бұл - адамның
жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы.Ақыл
қайда болса, ұлылық толады,Білім кімде болса, сол білікті болады.Тілдің пайдасы мен
зияны бірдей екенін біл. Ізгілік ет, әділеттің жолын қу, шыншыл бол: Әділ болсаң қараға ақ, аққа - жақ, ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ. Нәпсіңді тый, сабырлы бол, шарап ішпе:
Ішімдікпен мал-дәулетің шашылар, зинақордың ар-ұяты ашылар. Сараңдық пен
ашкөздіктен аулақ бол: Қиды терген сасық қоңыз сияқты, Сараңдықтан асқан не бар ұятты.
«Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мәселесі - адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы
бар. Оның бірі - тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар секілді.Тілден
бақ қонады, тілден бас кетеді.Тіл арыстан есік баққан ашулы,Сақ болмасаң жұтар, ерім,
басыңды! –Адамгершіліктің тағы бір көрінісі - білімде. Өйткені білімді адам - ақылды адам.
Ақыл түнектегі шаммен тең. Туындыгер сонымен бірге адамгершілікке қарама-қарсы
қылықтардан сақтандырады. Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды.
Оның барлық көріністері өлең жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері мынада:
28

29.

1. Адам баласының қадір-қасиеті -білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы.
Ғылым іздеу-мұсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілік –
адамзат үшін ең қажетті қасиет; 4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды;
5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол; 7. Иттердің
басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит
болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса, уәзірі де
сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла. Қайырымды бол.
Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша
1070 ж. жазып бітірген. (18 ай бойы жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар
әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту
етеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Баласағұнға -“хас хажиб” -“бас уәзір”
немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай - ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұни өзінің “Құтты
білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция)
қызметін атқарған.Ж.Баласағұнидің дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап
шығады.Жалпақ жұртқа басшылық,жасап,жетектеуші-андрагогика. Ақын мәселені әмірші
патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты басқаратын адам – ақыл - парасаты ұшан - теңіз,
ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын,
ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік,
ашкөздік, сауық - сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан
сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас
уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой - пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы
тиіс.Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Екіншісі, бақ - дәулет, яғни елге
құт қонсын деген тілек. Үшіншісі, ақыл – парасат. Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі[1].
Жүсіп Баласағұнидің “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпы адамзаттық
рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ақиқатқа
жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы
қағидаға негіздейді. Осындай Ж. Баласағұнидің қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі
түсініктегі әлеуметтік философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп,“Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық
және жан толысуы. Ж.Баласағұнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі
әлеуметтік тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен
ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін
жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Ол өзінің әлеуметтік
философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз
байланыста қарастырады.Жүсіп Баласағұнидің өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған.
“Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы
ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім
жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т. б. мәселелерді
қарастырады. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол.
Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан
адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның
адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты,
құтты ету.Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне
29

30.

мейлінше жақындаған асыл жан. . Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қайқайсысы да саралап көрсеткен. Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық, Ұлы
Ұстаз: «Кісілік-адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын
құнды қасиет. Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық
көрсеткіші,-деп көріп, кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп,
шындығын айту; әділет-әділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды,
кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.» .
Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын, Кісілерді қадырлей біл ағайын.
Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл, қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткенер кісі. Ақылды-есті- кісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.»Ж.Баласағұни адамның
бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізі-кісілігімен ғана Адам
деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді: «Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге
адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды.
Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің..Кісі ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел
сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған
кісілік.Елдіктің өзегі-білік,кілті-тіл, қадір-қасиеті-кісілік.» Ғұламаның «кісіліктің» мәнін
ашып көрсету бойынша айтқан даналық тағылымдары тым терең,әрі құнды. Текті жанды –
Кісілікке жеткізу үшін-кісіліктің әліппесі ретінде Ж.Баласағұни ілімі бағалануы тиіс. Адам
баласының адамгершілік қарым- қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл
сезімдерге жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние таластықты тудыруға, әдепті бұзып,
адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді
қастерлемеуден туындайды Ж.Баласағұни тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен
шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне көтереді. Ол тектіліктің тұқым қуалау
арқылы да адамның бойына тарайтынын жоққа шығармайды. Оны мына ой-пікірлері
дәлелдейді: Елік ойын мәтелдеді, балады: «Текті ердің текті ұрпағы қалады!»..Тегі жақсы
болса, жақсы адам да Жақсыларды құрмет тұтар әмәнда. Ғұламаның данышпандығы
тектілікті тәрбие арқылы қалыптастыруға болатын тұлғалық сапа ретінде
анықтауы болып табылады. Оның негізгі мәні-«әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей
білесің, бабаңды қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе елеулі, халқыңа
қалаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдептілігі бар жан екендігіңді
танытасың» деген ой-түйін: Текті атаның баласы туыс іздейді, Тексіз атаның баласы ұрыс
іздейді. Асыл болса кімнің ата-тегі егер, Одан елге пайда тиер, сене бер!. Тәрбиенің
жетекші роліне сүйене отырып,тек-адамдық қасиет, өйткені әрбір тұлғаның тегі-Адам,
сондықтан оны тұлғаның бойында қалыптастыруға болады деген тұжырым жасайды:
«Бектер сөзі тілді буып алмасын, Текті сөздің тек әділін арнасын. ..Ізгі іс істесең-текті тірлік
сүргенің, Жауыздығың-көрге тірі кіргенің.» Жүсіп Баласағұн от басы, бала тәрбиесіне көп
көңіл бөліп, оның ішінде қыз баланың сырт көзден таса күтімін қадай айтқан. Бұл дәстүрлі
қазақи тәрбиеде: «Қыз бала өзіне-өзі үкідей кызғануы керек. Үкі түскен түгін де қызғанып
көміп тастайды», - деген ұғым-түсінікпен үндеседі.Жүсіп Баласағұн әйел баласын төрт
түрге бөледі. Олар: сұлу әйел, атақты әйел, бай әйел, адал жар. Сұлуды алған ер-күйеу емес,
күзетшіге айналмақ - «Сұлу алған жолдасынан айрылады» деген мақалмен сәйкес келеді.
Атақты әйелді алған атағына телінеді. Бай әйел күйеуін де меншігім деп қарайды. Ал, адал,
ақылды жарды алған ер қолына байлықты да, бақытты да қондырады. Дастан оқырманына
құт - берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады.
Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар
қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім
жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние
қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан
адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге
Жүсіп Баласағұнидің шығармаларында ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық
танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.
Ол үшін адам баласы -дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы Алла тек оны ғана
30

31.

емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, көл мен елді де дүниеге
әкелді, бірақ тек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде,
қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндетосы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмір сүру. Ол өмірді адамға Алланың берген
қарызы деп түсінеді, осы өмірді мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады.Ойшыл
ғалымның айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ
болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың
қарама - қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар: біріншісі – ақыл, оны
ашулану, өшігу күңгірттендіреді; екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады; үшіншісі - ұят,
оны тойымсыздық, ашкөздік жояды; төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі
мүмкін; бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.Жүрсін бектер бес нәрседен
алыстап,Есі болса, жұрнақ болса намыстан.Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу, оған егіз надандық. Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,Бесіншісі өтірік, жерге кіргізер.Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,Білсін сонда басынан құс
ұшпасын.Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,Олар жұқса, азғаны тек қаныңның,- деген
үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асытұғырлы негізінің біріл
қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды айтады.
Имандылыққа баулу оқулығы-әулет иедагогасының тұғырлы негіздерінің бірі. Ислам дінін
түркілер арасында ендіру өте қиынға соққан, себебі ислам діні келгенге дейін түркі
дүнисінде өзіндік ата-бабадан мұра болып қалыптасып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып
ұшан теңіз еді. Оның үстіне көптеген басқа діндерде кірісіп қанатын кең жайған болатын.
Солардың бәрін жеңіп олардың ішіндегілерді қажетінше пайдаланып қолдануы үшін
өзіндік ерекше қағида жасауға тура келді. Мұндай қағида жасап шығу үшін, бұрынғы
қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, басқа дін қағидаларын жақсы жете білуі керек еді.
Оны білмей тұрып жаңа ислам дін қағидасын қалыптастыру мүлдем мүмкін емес болатын.
Міне солардың бәрін електен өткізіп бір жүйеге түсіріп халыққа пайдалануға өз тілінде
сайратып алын келгеннен кейін жаңа түрдегі ислам дінін қабылдау қиынға соққан жоқ.
Бірақ мұны жасап шығу үшін Ясауи талай тер төкті. Сол үшін өмірін сарп етті. Соңында
жер астына тірідей түсті.Жалпақ жұртқа арналған,оқылып-тоқылуға жеңіл, ортақ тілде
отбасылық оқулық жазды.Оны кеңейтіп,мамандарға арнап,риссалла болдрып,хәл лімінің
оқулығын дайындап,шәкірттеріне ұсынды. Яссауи ілімі тым трең болғандықтан оны жіктеп
қарастыру ләзім. Қожа Ахмет Яссауидің дүниетанымдық негіздерінің жеті принципі.
1Алланы сүю /Тәңірге ғашықтық/.2.Ықылас пен шын жүректілік.3. Адам сүйіспеншілігі.4.
Білім.5. Асқа құрмет.6. Әйел-еркек жұптылығы.7. Жақсы көру /дінге, тілге, ұлтқа, жынысқа
бөлмей/.Алланы сүю /Тәңірге ғашықтық/.Ахмет Яссуи хикметтерінің негізгі сарыны осы
Алланы сүюге бағытталған. Себебі бұл сопылық ағым Аллаға қауышудың бірден-бір жолы
болып табылады. Аллаға махаббатпен тек оны сүю, оған ғашық болу арқылы ұласу мүмкін,
Аллаға махаббатпен ұласу,жақындау дегеніміз, «Махаббаты жоқтың дініде, иманы да
жоқ...» деген ұғымды меңзейді. Иман туралы Яссауи хикметтерінде төмендегідей жазып
кеткен.«Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер».Яғни, Ясауи «Иманды» сөйлеткен,
ғашықтық жайында мына шумақтардан оқуға болады. Ғашықтық жолында күндіз-түні
жылаған-дар,Жаннан безіп белін бекем байлағандар. Қызмет етіп Хақ сырын ұғынғандар,Түн ұйқыны арам қылып налан болар.Осылай ғашықтар туралы жырлаған,
ғашықтық жолының ауыр, қиын екендігін жасырмай баса айтқан. Соған шыдағандар ғана
Алла дидарын көре алады, онымен қауышады. Болмаса жарым жолда жете алмай қалады,
сол үшін бұл жолға түссең бәріне көнуің керек. Егер бұларға көнбесең, иланбасаң бұл жолға
қадам баспа деп ескерткен. Сопылықтың негізгі мақсаты ғашықтық жолына түсу, Алламен
қауышу, бірігу. Яғни Алланы сүйе білу үшін, оған махаббаты, ғашықтығы болуы керек. Ал
бұл дәрежеге жету үшін, тек сопылық жолға түсуі қажет. Сопылықтың не екендігін
Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбарымыз жәбірейіл оқиғасында анықтап түсіндіріп берген. Онда
мұсылмандық үш сатыдан, ислам, иман, ихсаннан тұрады. Мұндағы ислам дегеніміз –
діннің сыртқы жағы, иман – ішкі жағы, ихсан – ақиқаты. Бұлар сопылық анықтамалар.
31

32.

Құран меи хадисте намаз сөзінің кездеспей, оның орнына «салат» сөзінің болуы сияқты
исламның алғашқы дәуірлерінде де сопы /тасаууф/ сөзі болмаған еді. Ол дәуірлерде
сопылықты білдіретін «ихсан» сөзі болатын. Сонымеи «ихсан» /сопылық/ ақиқатқа жету
жолы болып табылады. Сопылық жолға түсіп тәңірге жақын болу туралы Яссауи өз
хикметтерінде төмендегідей жырлап өткен. «Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы
болғын,Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын.Махшар күні тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халайықтан қаштым міне. Мәдинеге Расул барып, болды ғаріп,Ғаріптікте азап
тартып, сүйді жанып.Жапа тартып, жаратқанға келгені анық,Ғаріп болып ауыр жолды
бастым міне.Ғашық есігін мәулім ашты, маған сыйлы,Топырақ қылып әзір бол деп
мойынымды иді.Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді,Найза алып жүрек баурым сұқтым
міне.Ділім Жаным құрбан, аямаймын жоқ дүр малым,Хақтан қорқып отқа түспей күйдім
міне.»Міне осындай сарынмен «Хикметтер» тереңдеп кете береді. Мұндағы негізгі мақсат
Алланы сүю, оған шын ғашық болу. Бұл ғашықтық Мұхаммад /с.ғ.с/ пайғамбардан мирас
болып қалғандығында жасырмай баса айтады. Оның керген қиыншылықтарын, ғашықтық
жолында тартқан тауқыметін де жырлайды. Яғни Алланың жолына түсу, оны сүю, оған
мінсіз ғашық болу оңай іс емес, әркімнің қолынан келе бермейтіндігін ескертеді. Сонда да
болса соған ұмтылуға, жол көрсетуге әрекет жасайды. Аллаға ғашық болу, оны сүю ханға
да қараға да бірдей екендігін, Алла алдында кім болса да тең дәрежелі болатындығын ашық
айтып отырған. Ахмет Ясауи жаманнан қашуды, оның орнына ықылас, шын жүректі болуға
шақырады. Ықыласты болған мұсылман, Алла жолында әрқашан таза, кіршіксіз қызмет
етеді. Мұндай дін жолындағы момын Алланы шын жүрегімен сүйеді. Бұл туралы өз
«Хикметтерінде» көптеп жырлаған. Ол іші адал, кіршіксіз таза болмаған, көзіне жасы
ақпаған, халыққа дәруіштік, діндарлықпен танылғандардың соңғы демдерінде риямен
шіріген имандарының жоқ болатындығы жайында көп айтады. Өзінің кейбір байқаусызда
өткізіп алған күналарында жасырмаған, сол күналарды жою үшін жақсыларды іздегендігін
де жырлаған. Яғни Аллаға құлшылық еткенде мұсылманның бес тұтқасын, парызын
кіршіксіз орындауға тырысқан, әрі басқаларды да соған шақырған.
Адам сүйіспеншілігі.Бірінші сүю, Аллаға махаббат болса, екінші сүю Алланың сүйіп
жаратқан құлы адамға деген махаббат, сүйіспеншілік. Себебі адам бүкіл он сегіз мың
ғаламдағы жаратылғандардың ішіндеғі ең құрметтісі, мәртебесі жоғарысы. Өйткені адам
«болмыстың өзі, дәні», адамның дертін бөлісу, аяушылық ету, жәрдедесу, көмектесу, қол
үшын беру оған деғен махаббатты, сүйіспеншілікті білдіреді. Бұл исламның дәл өзі.
Исламда бір-біріне қол ұшын беру, көмектесу, жәрдесмдесу мәселелері туралы құранда
көптеп келтірілген. Оның ішінде әсіресе, жетім-жесірлерге, кедей кепшіктерге, жалғызбастыларға, ғариптерге, пақыр міскіндерге, т.б. өмір сүруге мұқтажды болған адамдарға
жәрдемдесу исламның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл туралы Мұхаммед
/с.ғ.с./ пайғамбарымызда, Қожа Ахмет Яссауи т.б. ислам әлемінің ғұламалары жырлап
өткен. Яссауи өз хикметтерінде Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбарды өзіне пір тұтып, оған өзінің
үмбет екендігін және де оның айтқан сөздерімен істеген істерін бұлжытпай орындауға
уағыздайды. Ғаріп, пақыр, жетімдерді сүюді Мұхаммад /с.ғ.с/пайғамбардың мұра етіп
қалдырғандығын үздіксіз жырлап отырады. Оған үмбет болсаң, жолын қуушы екенсің,
сенде ғаріп, пақыр жетімдерді сүйе біл, сол сияқты, таза, кіршіксіз мөлдір бол,
махаббатында күмән болмасын деп үйретеді. Бұл үшін аят, хадистерде айтқандарға
көбірек құлақ сал дейді. Тағдырдың басқа салғанына қанағат ет, берген ырзыққа риза
бол деп уағыздайды. Мұхаммад /с.ғ.с/ пайғамбардың ең құдіретті кеші Миғраж түні болса,
сол миғраждан қайтіп келгеннен соң да ғаріп, пақыр, жетімдердің қал жағдайларын
сұрағандығын жыр етеді. Яғни Мұхаммад /с.ғ.с/ пайғамбарымыздың адамға деген
сүйіспеншілігінің, махаббатының шексіз кіршіксіз таза екендігін білдіреді. Жалаңаштар
мен аштарға қанағат болған Мұхаммед, Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған
Мұхаммед. Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммед, Ғариппенен жетімге құрмет
қылған Мұхаммед. Ғарсы-күрсі базарына қамқор болған Мұхаммед. Сегіз пейіш бәріне ие
болған Мұхаммед. Жетім, пақыр, ғаріпке пана болған Мұхаммед.Осылай Мұхаммед /с.ғ.с/
32

33.

пайғамбардың адамдарды қалай сүйетіндігін жырлай отырып оның сөзіменен ісін өзіне жол
бастаушы мұра еткен. Оның соншалықты ұлы тұлға бола тұрып, ғарсы-күрсіні аралап, сегіз
пейіштің есігін ашып Алла дидарын көріп қайтқан миғраж кешінің өзінде, менменсінбей
келісімен ғаріп, пақыр, жетімдердің жағдайын сұрап білгендерін паш етеді. Оны өзіне сабақ
тұтады, менде сондай болсам екен деп армандайды. Яғни Қожа Ахмет Ясауи адамды сүюде
оған махаббатта болуда, Мұхаммед /с.ғ.с/ пайғамбарға ұқсасам екен деп армандаған және
келешек ұрпаққа соны өсиет еткен.Жоғарыда айтып өткендей, сопылық жолға түсу үшін
үлкен-үлкен төрт мақамды басып өту керек. Міне осы төрт мақамнан, тағы да он-оннан
мақамы бар. Әуелгі төртеуін шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқат мақамы деп айтады.
Осы төрт мақамының біріншісін алып қарайтын болсақ, шариғат мақамы, ол тағы да он
мақамға бөлінеді дедік, сол он мақамды қарастырып шығайық.1. Әуелі иман келтірмек, Хақ
тағаланың бірлігіне, барлығына, сипатына және затына.2. Екінші - намаз оқымақ тұрар.3.
Үшінші - ораза тұтпақ тұрар. 4.Төртінші-Зекет бермек тұрар.5. Бесінші - хаж тәуап қылмақ
тұрар.6. Алтыншы - мүлайім /сыпайы/ сөйлемек тұрар.7. Жетінші - Ғылым /білім/ үйренбек
тұрар.8. Сегізінші – Хазірет Расул сәлләллаһу тағала әлейһи уәссаләмнің сүннеттерін
мүлтіксіз орындамақ тұрар. /Құран және хадис/.9. Тоғызыншы - Әмірі мағруфты мүлтіксіз
орындамақ тұрар /шариғат қағидаларын насихаттау/. 10. Оныншы – Нәһи мүнкәр қылмақ
тұрар. /жаман істерден қайтару/.Сонымен жоғарыдағы он мақамнан көрініп тұрғандай,
«Білім «шариғаттың ең негізгі қағидаларының, мақамының бірі болып тұр, яғни жетіншісі,
білім адамдарды ақиқатқа жетелеуші және жаратылғандардың Жаратушысын тану жолы
болып табылады. Міне осындай кәусар бұлақтап сусындаған Қожа Ахмет Яссауи де өз
«Хикметтерінде» білім,ғылым туралы жырлап өткен. Яғни ол ғалым болу оңай емес, ол
жолға түскен адам, көп қасірет шегеді, соған шыдасаң ғана түс, болмаса ғылымды, білімді
мазақ етпе дейді. Егер осы қиын жолдарды басып өте алсаң ғылым, білім шыңына шыға
аласың, хақ тағалаға жақын боласың деп ескертеді. Алла жолындағы білімге қадам басу,
күйіп жанып шоқ басумен тең, Хақ зікірі тек қана жанмен ділде айтылатындыгын еске
салып отырады. Муриттеріне, Хақ жолына түсу үшін ұстаздарына, пірлеріне адал қызмет
ету керек екендігін ерекше түсіндіріп өтеді.
Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Яссауи ілімі
барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Жетілген адам болмысының таза
рухани-моралдік жағынан толыққандығының өзіндік бір үлгісін жасап шығарған оның
ілімінде, мистикалық бейнелер мен қоғамдық өмірдің шынайы бейнелері қатыстырылып,
өзіндік бір талғау мен шыңдалу, салыстыру мен ұмтылдыру сияқты стимулдарға айналған
деуге де болады. Бірақ тұлға аскеттік өмір стилінде болған жағдайда ғана өзіндік бір жаңа
руханияттық өрлеу сатысына көтеріледі, ол психологиялық, философиялық, педагогикалық
арналар арқылы өзінің бағдарын айқындап алатындығы туралы айтылады. Нәтижесінде,
діни ғашықтық сезім адамды кемелдендіруге алып келетін негізгі қозғаушы күш болып
саналады. Көшпелі мәдени құндылықтарды сақтап, оның тіршілік етуін қамтамасыз еткен,
"білектің күші, найзаның ұшымен" қорған болғандар - сол қоғамның төл перзенттеріалыптар. Сондықтан қуат пен құдіретті айшықтайтын бұл батырлық, ерлік, алыптық сияқты
құндылықтар көшпелі адамдар үшін мақсат, үлкен мұрат болатын. "Қорқыт Ата"
кітабындағы Байындыр Хан, Қазан Хан, Бамсы Байрақ,, Боғаш Хандардың әрбірі алып
түлға, батыр, ер. Өйткені қоғамның мұрат еткен адамы осындай болу керек.Ал Яссауидің
қоғамға қабылдатуды мақсат еткен идеал адам типі -кемел адам, яғни сопы, дәруіш. Қорқыт
Ата дүниетанымы бойынша әрбір адам батыр, ер болуға ұмтылуы тиіс болса, Яссауиде
барлық адам "кемел адам" болуға ұмтылуы керек. Көшпелі мәдениеттегі ең негізгі
құндылық болып табылатын батырлық, ерлік, алыптық үғымы ислам мәдениетінде де
дәріптелетін, мұрат болып саналатын басты құндылықтар. Дегенмен, Яссауи сопылық ілімі
арқылы батырлықтың білекте емес, жүректе екендігін, адамдық мәннің сыры оның рухы
арқылы ашылатындығын басты тұғыр қылып көрсетті. Осының негізінде батырлық, ерлік,
алыптық ұғымы мазмұны жағынан тереңдетіліп, толықтырылды. Көшпелі мәдениеттегі
негізгі күш материалды қуат, батырлық, білектілік ретінде дәріптеліп, "қанша батыр болса
34

34.

да, жауға салма жалғызды, қанша шешен болса да, дауға салма малсызды" деген қағида
бойынша шектеліп, таразыланып қойылатын болса, ал Яссауи ілімінде батырлық жүректе,
ал жүрек болса, шексіздікті-Тәңірді де сыйдыраалатын адамдағы ең асыл жауһар
(субстанция) болып дәріптелген. Бұрын "көп қорқытатын" болса, енді ол жүректілікпен,
яғни Құрандық аяттармен азықтанған ар тазалығымен тереңдікке жетіп,Абайша айтқанда
"мыңмен жалғыз алысатын" дәрежеге, рухани кемелдікке көтеріледі.Өзінің орнын анықтау
үшін қоғамға тайсалмай кіріп, етене араласа алады. Яғни "өзіндік менін" "қоғамдық
менмен" үйлестіре алады, диалог-сұхбатқа түседі. Еркін сұхбатқа түсу үшін алдымен
рухтың тазалығы, сенім,жауапкершілік сезімі қалыптасуы керек. Өйткені адамның
бойындағы сезім, қорқыныш, үрей,жауапкершіліктен қашу сияқты психологиялық хәлдерді
реттеп отыратын күш - иман нұры болып табылады.Яссауи кемел адам типін мақсат еткен
ілімін қоғамға мойындату,қабылдату үшін дәстүрлі түркілік дүниетанымдық ұстындарға
жүгінеді. Бұл ұстындар көшпелі мәдениеттің төңірегінде қалыптасқан түсініктер, категорияар, құбылыстар, ұғымдар екені анық. Көшпелі адам үшін табиғаттың барлық элементтері ерекше мән мен киеліліктің объектісі ретінде көрінетін болса, Ясауи ілімі сол мән мен
киеліліктің объектісі ретінде адамды көрсетіп, табиғаттың адам игілігі үшін Тәңір тарапынан жаратылғандығын, барлық әлемнің адамға сәжде етіп тұрғандығын уағыздайды.
Барлық жаратылғандардың жаратылыс мақсаты - адам және оның игілігін қамтамасыз
ету.Яссауи ілімінде табиғат өзінің жаратылыс мақсаты мен мәнін толық біледі, сезінеді.
Табиғатқа бұл қызметті Тәңір бергендіктен, оның еркі Тәңірде. Ал адамның еркі өзінде, сол
ерікті қалай қолданғанына байланысты Тәңір алдында жауапқа тартылады. Яссауи ілімі сол ерікті қалай қолдансақ адамдық мәнге жетеміз, Тәңірге лайықты құл боламыз деген
сұраққа жауап іздеу жолы, адамдық мәннің ақиқатын табу, өзін-өзі тану жолы [1].
Яссауи ілімі адамның ішкі тыныштыққа жетуі арқылы қоғамда бірлік пен тыныштық
орнатуды, адамды іштей бөліну мен ыдырау психологиясынан арылтуды мақсат етеді.
Яссауи адамның ішкі әлеміндегі ыдырауды реттеуге ықпал ететін күшті уағыздайды, ол Тәңірге деген махаббат. Яссауиде адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі - ақыл (басираткөңілдің көзі). Адам ақылы арқасында періштеден де үстем тұрады. Ақыл -адамның өзінөзі тануына ықпал ететін Тәңір тарапынан берілген қуат. Адам өзін-езі тану арқылы
менмендік, кекшілдік,ашу, өтірік, жамандық, құмарлық сияқты адамның ішкі әлемін
балталайтын пессимистік психологиядан арылады. Ясауи адамды имандылық, тобашылдық, қанағат, махаббат, сабыр, игілік, жомарттық, шыншылдық, әділет, қарапайымдылық,
өзара сүйіспеншілік және құрмет сияқты сезімдерді байытуға үндейді. Яссауи ілімінде
адамның кемелдікке жетуі теориялық (шариғат) және практикалық (тариқат) таныммен
қаруланып қана қоймай, оны өзінің хәлі арқылы рухында сезініп, жүзеге асыруы шарт.
Яғни, таным “суық теория” мен “құрғақ практика” шеңберінде қалып қоймауы керек.
Яссауи ілімінде теория-“қал (сөз)”, практика да “хәл (іс)” өзара тұтастықта болғанда ғана
толық мәнге ие болады. Сондықтан да Тәңірге махаббат арқылы ұмтылу шарт. Яссауи
иманды әл-Фараби сияқты рационализациялау арқылы емес, хәл ілімінің табиғатына сай
“өз рухында сомдау” арқылы күшейтуге болатындығын айтады [2]. Яссауиде қоғамдағы
моральдық-этикалық нормалардың бұзылуы иманның әлсіздігі мен нәпсінің үстемдігінің
көрінісі болса, ал, оны қалпына келтірудің негізгі жолы-махаббат. “Ғашықсыздың иманы
да, жаны да жоқ, ол-хайуан”, - деген Яссауи, әл-Фараби сияқты иманды философиялық
жолмен түсіндіру арқылы емес, тікелей сопылық құндылық-тармен рухты тәрбиелеу
арқылы иман нұрымен ақиқатқа жетелеу керектігін уағыздайды. Яссауидің
дүниетанымдық концепциясының теориялық негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал
практикалық негізін тариқат белгілейді. Сонымен Қорқыт Ата мен Әзіреті Яссауи -түркілік
дүниетанымның бірін-бірі толықтырып тұратын екі кезеңнің өкілдері. Ал Яссауидің
уақытында өркениеттің түлеу процесі нәтижесінде бұрынғы құндылықтар мен ұстындар
шайқалған. Қоғамдағы осындай әртүрлі келеңсіздіктер мен хаостың орнын толтырып,
реттеу үшін Яссауи өзінің төл ілімін үсынған. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен
Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол
35

35.

өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным – арымның
садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен
қабылдаған.Яссауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін
өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп
жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін
сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақиқатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам
адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға,
ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида
бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл
қағиданы: «Еңкейгенге еңкей-атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.Яссауи ілімі ағартушылыққа, ғылымбілімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақи қатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы»
деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандықтан қашу мәселелері жиі
көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметтеледі. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды
жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан
қиыс кетпейді.Яссауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным
бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге,
бауырмалдық пен жанашырлыққа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір
қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұратын біздің халқымыздың
болмысына сіңген деуге болады. «Өз үйінде ою оймағанның кісі үйінде сырмақ сыраты ы»
да осыдан болса керек.Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық,
бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға
негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Ясауи ілімінің осындай
ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы әйелдер мен қыздарды
хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды. Яcсауи ілімінде қонақжайлық
дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін
таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған.
Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа
рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе,
Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған.
Осындай қағидалар арқылы Яссауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ
дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Яссауи өз ілімі арқылы
тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді. Біз
Ясcауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға
тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып тасса, қазақы исламның бітімболмысы, қазақ мұсылмандығы Яссауи ілімі арқылы қалыптасты.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы
келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб
тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет
ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті [3]. Қасиетті кітаптың арабша
мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз
тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты
поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Яссауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың
үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін
дәлелдеді. Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен
танылып, Яссауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс
Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Яссауи сарыны байқалды. 12ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Яссауи
сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары
шығармаларында көрініс тапқан.Осы негізде қазақ отбасылық тәрбикеің оқулығын әр
36

36.

жанырда жазу кең өріс алып күні бүгінге жетті.Отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты,
әңгіме-ақыл кеңестен бастап естелік,мемуарлық,сондай-ақ,жеке тақырыптағы романға
дейін жазылған үлкенді-кішілі туындылар бізде тым мол.[15,16, 17]
5§.Әулет педагогикасының мұраты мен мақсаты
Қазақ педагогикасы өмірде жүзеге асатыны бар, аспайтыны бар,жалаң ой-пікірлер мен
қөзқарастардың, қағидалар мен ұстанымдардың,ілімдер мен теориялардың жай ғана
жиынтығы емес.Өмірде екшеліп,тексеріліп,әбден пісіп жетілген,жүйелі де,тиянақты дүниетаным,ұлтанды мәдениет.Қазақ,сондықтан да: «Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу –
үлкен ғылым»-деген екен.Ал,тәрбиелеу деген сөздің төркініне келсек;арабтың «тәрбиә»
деген сөзінен(қазақша: өсіру, көктеу,жетілдіру)шыққан деседі.Көне түркі тілінде; игдірілген-тәрбиеленген,баулынған мағыналы сөз де бар . (Жігіт сөзі осы игі- ер,жігер,жігерлендірген-игдірілген-тәрбиеленген, баулынған-бозбала мағынасында).Ал,тәрбиелеу дегеніміз:
Фараби данамызша:«Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту
болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық
дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа
белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...»Қорқыт Ата бойынша: «Тәрбиелеу дегеніміз үлгі
өнеге көрсету,әдеп,өнер ұқтыру. Өнердің алды-әскери өнер және музыкалық өнері»-дейді.
Баласағұн бабамыз: «Тәрбиелеу дегеніміз-адамдарды адамгершілік мектебінде оқыту»деген.М.Жұмабаев: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда,адам баласы
туғанда өте әлсіз, зағиып,осал болып туады...Адам баласы –туғанда іңгәлаған айғайы мол
бір кесек ет.Ақыл,есі жоқ.Денесі тым әлсіз. Өсуі ұлғаюы тым сараң,тым шабан.Мінеки,адам
баласы осылай өте әлсіз болып туып,аса сараң өсетіндігінен,оның денесіне, жанына азық
беріп,өсуіне көмек көрсетпей,яғни оны тәрбия қылмай болмайды,»-деген еді. “Адамға ең
бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның
өмiрiне апат әкеледi”- деп әл- Фараби бабамыз айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн
негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды,
алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын
адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатуға бағдарлайды..Тәрбие ұлылар
өсиетiн сақтата отырып, олардың тәрбиелік құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiз-едi .
Педагогикалық іс-әрекет мұрат-мақсатсыз ешқашан жүзеге асқан емес.Осы заманғы
педагогикада баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн үш негiзгi
фактор бар деп көрсетеді.. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы
жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарымқатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте
зор ғылыми және практикалық маңызы бар.Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат
көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын
қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн
мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы
түрдегi белсендi iс-әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi.Осы заңдылықты
қазақ халқы ертеден түсінген.сезген,байқаған.Өзгешелігі-қоршаған ортаны өзгертіп қайта
құруға басты мән беруден гөрі оған икемделіп тіршілдік етуді көбірек ойластырған.
Алғашқы қауымдық құрылыстан біздің заманға шеру тартатын мәдениет дәстүрі сабақтастығын тиянақтап зерделесек, оның казіргі педагогика жетістіктерінің ілкі бастауында орны
бар екендігіне көз жеткіземіз.Қоғам дамуының заңдылықтары демей–ақ, әдеп тағылымдарының өзі діни-имандылық нормалардан бастау алғандары бар.Қай дін болмасын
тұлғаның дұрыс қалыптасуына қажетті тәрбиелік, этикалық,мінез-құлықтық міндет-шарттарды қатаң реттеп отырған.Тәрбиелеу үшін мақсатты бағытталған белсенді әрекетке
ынталандырмай,жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды.Жаттықтыру мәніталап етілген әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындалу дәрежесіне жеткізу .
Жаттығулар нәтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: әдептер мен дағдылар. Қоғамдық
мақсаты бар әрекеттің бәрі,жас ұрпақты дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие.
37

37.

Сондай кез -келген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл
дүниені меңгерту мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолданылып келген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең
бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие –
жас үрпаққа білік пен дағды қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған,
басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы «кісі»
қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.
«Баланы ұлша тәрбиелесең-ұл,құлша тәрбиелесең-құл болмақшы.»(АБайтұрсынұлы.) Жер
бетіндегі әр ұлттың мақсаты –өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рұх пен
мәдениеттің күш - қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір сүру тәсілімен
тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын ұғындыру.Мағжан Жұмабаевтың:
«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы
қажет,»-деген ой тәрбиені келер күн талабымен ұштастыруды ескерткен. Әзірет Әлі
атамыз: «Баланы өзімдей бол деп үйретпе,өзімдей болма деп үйрет»,деген екен.
Ұлттық тәрбиенің мұраты мен мақсатын айқындап,жоба көрсеткен, ғалымдарымыздың ой-пкіріне көз жүгіртелік. Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру және
нәтижеге жету. Тәрбие мақсаты жастарды – өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие
жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.М.М.Тілеужанов өзінің монографиясында
тәрбиенің мақсаттарын атап көрсетті.Олар: ар – ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы,
парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан
ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты,
қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны
жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының
рухына кір салмау;ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу Сонымен дәстүрлі
педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазды.[ 27] М.Жұмабаев:«Көркем денелі,түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат
алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деді.
Әулет мектебііндегі тәрбие ісі,ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерінде негізінен басты-басты
сегіз түрлі мәселені қамтыған. Біріншіден,тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуге.
үйретуді көздеген,әке-шеше баласына «әдепті бол»дегенді басты міндет етіп қойған.
Екіншіден, олар баланы қайрымды, иманды, мейрімді болуға тәрбие-леген.Үшіншіден,тіл
алғыш,елгезек болуға баулыған.Төртіншіден,адал,шыншыл болуға үйреткен.Бесіншіден,
өнегелі ұстаз бен көпті көрген карияның сөзін тыңдап, «ақпа құлақ болмай құйма құлақ
бол» дегенді бойларына біртіндеп сіңіре білген. Алтыншыдан,үлкенді,ата-ананы сыйлап
құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған.Жетіншіден, кісі айыбын бетіне
баспай,біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол,әсіресе қаріп-қасерлепрдің табиғи
кемдігін(мұрны пұшық аяғы ақсақ т.б.)бетіне баспа деп үйреткен.Сегізіншіден,ел қорғаған
батыр бол.Халық алдында қызмет ет,бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай
айтып қана қоймай,жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған. Ал,ғалым Қ.Жарықбаев:
«Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-эконмикалық жағдайларына,мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлімтәрбие берудің артықша талап-тілектерін өмірге әкелді.Мәселен,бұлар,жас адамның жұртқа
танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы,бір сырлы»делінетін қанатты
нақыл сөздерімен қисындады.Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді.Көшпелі
малшаруашылығын жете игеру; еңбексүйгіштік пен қиыншыдлыққа төзе білу,ел намысын
қорғау,жаудан беті қайтпау,ата тегін жадында сақтау,сөз асылын қастерлеу, тапқырлық пен
алғырлық,ат құлағында ойнау,ата салтын бұзбау» жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың
мәселін қайтармақ,көрші қақын жемеу, т.б.)» деген қорытынды жасаған.[25 ]Ұлттық тәрбие
мұратын анағұрлым терең қарастырған ғалым,С.Қалиев: «Халық педагогикасының негізгі
мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып,келер ұрпақты еңбексүйгіштікке,өнерге баулу, жанұя,ауыл-аймақ,Отанның ар-намысын қорғай білетін,жаны жай38

38.

саң,арлы азамат тәрбиелеу болды» дей келе «сегіз қырлы,бір сырлы»,мінезі майда,ары таза,
тәні сау,өнегелі-өнерлі,жан-жақты жетілген, «толық адам» тәрбиелеу дейді.[ ]
Ал,Ә.Табылдиев: «Ер бала әке жолын қуып, «әкеден асып туып»,қатарынан қалмай,алдына
қойған мақсаттарын абыроймен орындауға брышты;елін қорғау,еңбек ету,ата-анасын
ардақтау,өнер үйрену,күш-жігерлі болу,айтқан сөзінде тұру әділетті болу,біреуге
жалынышты кіріптар болмау,әйел адамды құрметтей білу,жасық болмау, т.б. қасиеттерді
бойына сіңіру...»деп жазады.[ 28 ] Міне,бұлар қазақ ұлт өкілінің бойынан табылуға тиісті
негізгі қасиеттер,ата-бабамыздың арман тілегі,тәрбиелеудің түпкі мақсаты.
Қазақ тәлім-тәрбиелік үрдісі бойынша,бірінші мүшелде ұлт өкілі қалыптасудың
негізі қаланып,екінші мүшелде ол нығайып бекіп,адамның қалған ғұмырында дамып
жетіледі деп есептеледі.Бірінші мүшелдің екінші жартысында бала қауымы ұл мен қыз
болып екіге дараланып оларды тәрбиелеу мақсаты мен құралдарында, амал-тәсілдерінде
айырмашылық пайда болады. Түрік дәуірінде: «Бек ұл,пәк қыз» тәрбиелеу мақсаты
қойылса,оғуз дәуірінде «иманды ұл,ибалы қыз»,ғұн,сақ дәуірінде «батыр ұл,батыл қыз»
немесе «Ер жігіт,батыр қыз» тәрбиелеу мақсаттары басқа тәрбиеден басымдылық
алған.Анығырақ айтқанда дәуір талабы,тәрбие мақсаттарын айқындап отырған.Осы негізде
тәрбиелеу қазақ ілімінде: «Жұртыңды сақтап қалғың келсе ұлыңды дұрыстап тәрбиеле,
ұлтыңды сақтап қалғың келсе қызыңды дұрыстап тәрбиле» деген қатаң қағида қалыптасқан.
«Ұлын тәрбиелей алмаған құл етеді,қызын тәрбиелей алмаған күң етеді» деп ерекше
ескерткен.Ел іргесін жаудан сақтап қалатын: «сұңғақ бойлы,терең ойлы,қырандай
алғыр,көсем жігіт,ел басқара алатын шешен жігіт,еліне қорған болатын алаберен өнерлі ұл»
тәрбиелеп өсіру сол дәуірлерде басты мұрат болған. Байырғы қазақ елінің асқақ
адамгершілік мұраттарына иек артқан болашақ ұрпақтың тәлім тәрбиесі мен үлгі өнегесінің
ең шарықтау шыңы-жеке бастың таза да,ұятты болуы екендігі тар мағынасында баршаға
белгілі.Ата-бабамыз ар тазалығын бәрінен де биік қойған. Сондықтан да,қасиетті халқымыз
адамгершілік хақындағы асқаралы асыл түйсігін «малым жанымның садағасы, жаным
арымның садағасы» деген нақылмен жеткізген. Ұлға отыз үйден,қызға қырық үйден тыйым
сала білген бабаларымыз:«құлықты ұл,қылықты қыз», «өнерлі ұл, шебер қыз», «айдарлы
ұл,тұлымды қыз», «айбарлы ұл,ақылды қыз», «ісмер ұл,істі қыз», «шешен жігіт,ақын қыз»
«ер жігіт,есті қыз», «ақылды жігіт,арлы қыз», «намысты ұл,өрелі қыз», «өрелі жігіт, өнерлі
қыз», «аяулы азамат, асыл жар»,« Қазақ жігіт,Қазақ қыз» қатарлы тәрбиелеу мақсаттарын
алдарына қойып, өте нәтижелі тәрбиелеп келгендігіне тарих куә. Олардың бойындағы
адамдық асыл қасиеттер мен өнер үлгісі тасқа қашалып,ағашқа ойылып,қағазға хатталып
жазылған. Күллі шығармашылық еңбектерге арқау болып бүгінге жеткен.Қазақтың
осындай аты аңызға,ісі өнеге айналып,өнері қазақ даласының ауасына сіңісіп,жеріне
жұғысқан ұл мен қыздарын мың-мыңдап атауға болады.Мейлі олар аз болсын,көп болсын
ең бастысы,кісілік қасиеттері ортақ болған.Міне осы қасиеттерді жиынтықтап:«Жігіт сегіз
қырлы бір сырлы болсын» деген.Қазақ атамыз әлеуметтік-экономикалық және тарихи
географиялық жағдайларға сәйкес қазақ халқының жас ұрпақ тәрбиесінде өзіндік
ерекшеліктерді де мұқият ескер-ген.Осыған сәйкес ұлттық тәрбие мұраттары мен тәрбие
мақсатында дәуір талабына сай белгілі дәрежеде өзгерістер болып отырған.Ал,тәрбиенің
түпкілікті іргетас-ында,дінінде айтарлықтай өзгеріс болмаған. Жалпы алғанда,ол:өмірге
қажетті,маңызды білік дағды-ларды игерту, денсаулығын шынықтыру,еңбекке баулу,
табиғатты,туған жерін,өскен ортасын сүюге тәрбиелеу еді.Қазақ тәрбие ілімінде «Қазақ
жігіт,Қазақ қыз» деген ұғым ең қастерлі,ең дәрежелі ардақты,аруақты рәміз.бұл атаққа дақ
түсірмей, даңқын зорайтып өнеге көрсеткен қазақ ұл,қыздарының аты тарихта,жүректе
мәңгі сақталған.Жігіт деген сөздің шығу тегі біздің ойымызша: түріктің:иг-ер-жигер, жігер,
игдірілген-жігерлен-дірілген-тәрбие-ленген-бозбала болу керек.Бозбала-боз-да-ғым-бозоқ-тан шыққан.Бір кезде жіг-іт деудің орнына ер деген сөз қолданылған.Ер-жігіт тіркесі
кәзірде қолданыста бар Ал жігіттің сегіз қыры нені көрсетеді?.«Атаның ұлы болма,
адамның ұлы бол»-деп уағыздайтын халқымыз жаныған жағы жетіле беретін көп қырлы
алмас тәрізді қазақ жігітін қиялында бейнелеп, арманында қазақ азаматының сұлбасын
39

39.

сызып кескіндеген. Сол,азаматтың-ұлт өкілінің, адамгершілік асыл қасиеттері де сегіз
қырлы болсын деген.Бұл қасиеттерді дана, ғұлама, шешен, би аталарымыз ауызша да,
жазбаша да бізге жеткізе білген. Абай бабамыз:«талап еңбек,терең ой,қанағат,рахым ойлап
қой»десе,Шәкерім атамыз: «таза ақыл,ақ жүрек, адал еңбекті» атаған. Саққұлақ би: «адам
басшысы-ақыл, жетекшісі-талап, жолаушысы-мінез,сынаушысы-халық» депті. Халық
арасында «алты асқар» деген ұғым бар Олар: ақыл,білім, жомарттық, әділдік, ыншылдық,
кеңпейіл. Адамның жеті серігі деген ұғымда: шолғыншысы-ат, қорғаушысы-аруақ десе,үш
қуаты ретінде-тіл,ақыл,жүрек аталған. Ал,адамның үш тоқтамы ретінде;ақыл-арқан,өйөріс,адам-қазық деп көрсеткен. Міне,осылар мен басқа дәйекті ескере отырып, жігіттің сегіз
қырын; нұрлы ақыл,жібек мінез, тұнық иман,адал еңбек,терең ой,қаһарман қайрат,өршіл
талап, өшпес өнер-деп тұжырымдаймыз. Қазақтар қолмен,аспаппен,сайманмен,қарумен
ғана емес,ақыл-оймен атқарылатын күллі еңбекті де өшпес өнер деп түсінген.
Мәселен,малды мүшелеп сойып,кәделеп жіліктеу де,қолмен шымши орап тоқу да,жас
ұрпақты асырап- бағып тәрбиелеу де,құс салып саят құру да,ат баптап бәйгеге қосу
да,хаттап кітап жазу да,т.с.с. бәрін өнерге санаған.Сондықтан да, «жігітке жетпіс өнер де
аз» деген.Ал,бір сырлы деген не? Қазақ үғымында,жұмыр жерде және басқа әлемде
(астыңғы,үстіңгі)адам тектес жануарлар(кісі киік,малғұн-мақұлық,басқа әлем қонақтары,
қор қыздары т.б.), албасты, ібіліс,жын-пері,шайтан-елес, тым көп.Бұлардың бірсыпырасында, адамдарда болуға тиісті барлық қасиет, іс-әрекет бар.Біршамасында тек рух жоқ.
Ал,қалғандарында рух болғанымен жүрек жоқ.Басқаша айтқанда, жүрексіз рухтар, жыншайтан,елес түрінде кезіп жүр. Қазақ ғұламалары:-рухтың мекені-жүрек,хабаршысыұят,қанаты-ой екенін,ал,рухани жетілудің, адамгершіліктің мәні-Махаббат пен Парасатты,шығармашылық ерікті дамыту екендігін айтып кеткен.Таза ақылдың тамыры да,арұяттың ұясы да,намыс пен жігердің бастауы да-осы Жүрек. Жүрек-рухтың қамалы. Егер
адамның жансарайын жайып салып,ашып көретін мүмкіндік болса,Жүрек сыры-бірден
көзге түсер,алтын сандық асылы- Рух танылар еді.Ол берік қорған ішінде таза да,табиғи
қалпында сақталады.Қазақ жігітінің бір сыры-осы рух.Рух-кісінің бәрінде бар, бірақ,
дәрежесі әрқилы. Рух-жүрекке қонақтама-са,қорғанын таппаса,елеске айналып кетеді.
Немесе жанмен бірге бейіште сая табуы керек.«Қазақ қызы» үшін осы сегіз қасиетке қоса
әсемдік пен ибалықтың болуы шарт.Қыздың қимасы ары пен ибасы деп қазақ бекер
айтпаған.Қыз баланың өмірде алатын орнының,жаратылысының ерекшелігіне байланысты
тәрбие мақсатында да өзгешелік бар. Қыз бала өзінің әдептілігімен,ізеттілігімен,сезімтал
сергектігімен жаныңды жадыратады.Қыздар жүрген жер көрікті де көңілді, күміс
күлкі,әсем ән,асыл нәзік сезім деген-дердің бәрі де соларға тән нәрсе.Сондықтан халқымыз
қыз баланы ежелден-ақ ерекше ардақтап,мәпелеп өсіріп келеді,осы негізде мынандай
тәрбие дәстүрі қалыптасқан. Қызды жас кезінен көздің қарашығындай сақтап, әлпештеп,мәпелеп өсіру, оның ақылды да әдепті болуына жан салу,ар –намысын қорғауға
келгенде маңына жан жуытпайтын қаһарлы да,қалша етіп шыңдау, балқыған, толқыған ,
еліктегіш шағында қызға қырық үйден тыйым салуы,қызды ерекше эстетикалық шеберлік
пен нәзіктік тілейтін еңбекке (кесте, өрнек,т.б.)баулу,әсем киініп, көркем сөз,ән күй секілді
өнермен тәрбиелеу әсемдіктің ортасында малшындырып(әшекей тағу,асыл металл ілуден
қазақ қыздары үнді қыздарынан кем түспеген) тұрмыс кештіру қазақтың қыз тәрбиесінде
ерекше мән беру,білім-дағды игерту мақсаты болғандығын көрсетеді. Қазақтың қыз
тәрбиелеудегі мұратын,негізгі мақсатын Ә.Табылдиев тамаша тұжырымдаған.«Халық өсіп
келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып,оны орындау қыздың абыройы деп
санаған;ізетті болу,әсем киіну, әкені күту,шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу,қабақ шытпай
жүру,үлкеннің алдынан кесіп өтпеу,ұқыпты болу,өсек айтпау,бала тәрбиесін білу,ұлт
дәстүрлерін құрметтеу , ана тілін ардақтау,орынсыз сөз айтпау,арқан есе білу,қой сауа
білу,кілем тоқи білу,кесте тіге білу,т.б.іс-әрекеттер мен мінез-құлықтық қасиеттер
иманжүзді,абзал жанды қыздың бойында болу керек деп есептеген»[ 28 } Қыз бала әулетте
ерекше бағаланады.Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы
қадірлі қонақ.Дүниеге қыз келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Қыз атауы,
40

40.

менімше түрік сөзінен қалған.Көне түрікше:куз-күз-қүй-күйкен тіркестері көз-өріс,шырақ
немесе қиз-қиқын,қыз-қырқын болып түрленген.Баланы:құт-қу-кү-хү-күй–хэд деп атаған.
Қазақтар қызды күні бүгінгі дейін өріс, шырақ, көзімнің қарасы деп теңей айтады.Саян
түріктері қызды-күйкін деседі. Көріп отырғанымыздай тәрбиелеу қазақ ілімінде айқын
мақсат,сенімді мұрат, жеткілікті үлгі-өнеге болғандықтан әркез тұрақты ұлт өкілі-қазақ
азаматы қалыптасып отырған.Мұраттар мен мақсатты жұрт жаппай толық түсі-ніп,
барлығы бірдей мойындап, жүрегіне жеткізіп қабылдаған.Сондықтан да, аталған мұраттар
мен мақсаттар қазақтардың сүйегіне сіңіп,қанына жұғысып, рухына араласып кеткен.Осы
негізде бір текті,бір тілді,бір ділді, бір дінді ала-құласыз халық қалыптасқан.Осы ортаға тап
келген шарана да шайқа-лып,бөгде де бөленіп,ұлт өкілі болып өңделетін.Бұл жағынан
тәлім-тәрбие ісі бір ізді, тұрақты болып,нәтижесі тамаша табысқа жеткен.Қазақ ілімінің
мұрат мақсатының еркше-лігі: қысқа да нұсқа, тәрбиелеуші де,тәрбиеленуші толық түсініп
ұғынарлық болған Мысалы; «өмірге есті де,епті ата-ана дайындау, немесе аяулы
азамат,асыл жар тәрбиелеу» т.б. Мұраты, барлық адамдарға ортақ,ұзақ уақыт ұстануға,
басшылық етіп, бағыт-бағдар болдыруға тұрарлық терең мазмұнға құрылады.Мақсат-әр
жастағы, әр жыныстағы адамдардың ерекшелігін ескерген, тәрбиелеу амал тәсілі .
Мысалы;«бек ұл,пәк кыз», «иманды ұл, ибалы қыз» т.с.с.Ұлттық тәрбиелік мақсаттар
ұғымды болумен қатар бұлтарыссыз сенімді келеді. Имандылық тәрбиесінде алдымен
баланы тек жақсылыққа - қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат
тұтса, ұстаздың, ата - ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені
қызғанбадым.Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы.«Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде,
өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,
жоспарлауға, оны орындауға, өзіне -өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-имандылықтың басты
мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала
бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Қазақ ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын тым ерте кезден терең пайымдап,өте нақты мақсат
қойып,мұрат тұтқан Айталық:«Егер жеріңнің шетін жау баспасын десең ұлыңды дұрыстап
тәрбиеле,егер ұлтыңды мәңгі сақтағың келсе, қызыңды дұрыстып тәрбиеле деген» аталы
сөз қалдырған. Ұзаққа созылған өз тарихы бар қазақ отбасы баланы тәрбиелеу жолында
өте көп бақы-лаулар мен зерттеулер жүргізіп жинақтап қорытты. Осы қорытулар негізінде
аса маңызды тұжырымдамалар мен пайымдаулар жасалып, олар отбасы баланы тәрбиелеушінің жалпы заңдары ретінде белгілі бір жүйеге келіп тамаша топтасқан. Олар отбасының
тәрбие ережелері мен қағидалары болып табылады. Ата аналар өз тәрбиелік әрекетін осы
ережелер тұрғысынан салыстыра бағалайды.Сонымен бірге бұл ережелер мен қағидалар
бүгінгі дәуірде,тәрбишілір мен мүгалімдерге, педагог оқытушыларға да маңызы өте зор.
6§. Әулет педагогикасының қағидалары
Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы бір сырлы»қазақ азаматын дайындау;
адамгершілігі, кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске-шебер,шаңырақ иесін, отағасын,
кәсіпшіл-көпшіл ұлттық тұлғаны қалыптастыру екені белгілі.Осы мақсатқа жету
үшін,қандай қағидаларды басшылыққа алып,іс-әрекетінде нендей ережелерді ұстанған?
Ұлттық тәрбиеде ұстанған қағида жоқ,ол, кездейсоқ іс-қимыл арқылы,болжаусыз түрде,
бейберекет жүрілген өмір құбылыстарының реттеусіз әрекеті деп айтушылар бар
болғанымен, «міне,мынандай қағидалар болған» деп, ғылыми тұжырым жасап,уәж айтушы
да жоққа тән. Сондықтан, бүгінгі ата-аналар,ұстаз-тәрбиешілер ұлттық тәрбие тәжірибесіне бет бұрғанымен «дәл осылай»деп,басшылық ететін,есінен шығармай үнемі санасатын
қағида қалмаған тәрізді. Олар,амалсыздан «нәтижесін Аллаһ біледі», «кезі келгенде
көрерміз», «уақыт көрсетеді», «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп, «әйтеуір зияны жоқ
шығар» деп нені ойға алса,соны жүзеге асыратын болған. Ұлттық тәрбие нәтижесіне негіз
болып,оның нәтижелі болуына тура ықпал жасайтын, ауыздан-ауызға тарап, жазылмаған
41

41.

заңдай қалыптасқан,тәлім-тәрбие игерту,қазақ үрдісіне сіңіскен,қалыптар мен ережелер
жиынтығын,біз,тәрбиенің қазақи қағидалары деп атадық. Ондай ұғымдарды жалпы және
ерекше қағидалар деп екіге топтастыруға болады.
Бірінші.Тәрбие-екі жақты әрекет.Ұрпақты өсіріп,оны айтулы азамат болдырып
тәрбиелеу ата-ананың, тәрбиелеуші-ұстаздардың абзал борышы, өмірдің бұлтартпас
заңдылығы екенін түсіну.Ұрпақ алдындағы борышын абыроймен атқару саналылығы.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: "Баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін,
асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста
түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалын қайратпен кеше
білетін, адалдық жолда кұрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі
бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін
тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек.»Ұрпақ
тәрбиелеу: ел алдындағы,Аллаһ алдындағы өлшеусіз қарыз, мойындалған парыз.Атам қазақ
ұлым өсіп ер жетсе,есігім жабылмайды, әулетім жалғасады.Қызым бой жетсе ,өрісім
кеңейеді, достығым, тірегім нығаяды» дейді. Ал,А.Байтұрсынов:«Балам дейтін жұрт
болмаса, жұртым дейтін бала да шықпайды». «Өсетін ел ұрпағын ойлайды.», «Ата-анадан
өсіп ұрпақ тараған,жақсы –жаман болса да,бала-солардан»,«Ата–ана ақылы сайрап жатқан
жолмен тең.»Ал,ұлы педагогтар былай дейді. «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге
ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар»(.К.Ушинский)«Сіз
ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге
әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда
болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.» «Бір әкенің
тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» ( А.С. Макаренко)
Қазақ халқы ұлық педагогтардың өсиет-өнегесін естіп білген-білмегенін айта
алмаймын.Алайда,ұрпақ алдындағы тәрбиелеу борышын абыроймен атқарып келгенін
дәлелдей аламын.Кешегі отағасы-әкеде суық қабақ, отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы
қарттарда ақылман абыздық болған. Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып,
түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары,жалқауын зорлап
отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты,дөрекілерді жүндей түтіп, жібектей мінезді ұл
мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған. Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді. «Әкеасқар тау, ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке
әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында, әкенің отырар орыны,
жатар жайы, ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы
аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас
киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге
болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ. «Алты
аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас», «Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі
аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ, Айтайын шын жүрекпен.Әке деген
ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!»Құрмет пен ардаққа лайық әкені
өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес!Ол -олма,әкелер, ұрпағының
келешекте жан бағып, тіршілік жасар кәсібін, талғажау ететін «нан-бауырсағын» бала
жанқалтасына салып беретін.Иә,біздің аталарымыз, «үй-іші әкеге,әлеумет рубасына
бағынған,тапқа жікке бөлінбеген қазақ ортасында туып өсті.» «Әкеге бағыну-Аллаһқа
бағыну»- деген екен Пайғампарымыз(с.ғ.с.). Ал,біздер анамыздың:«Әкең келе жатыр!»деген бір ауыз сөзін естігенде, әке алдында мінез-құлық,іс-әрекетімізден, емтихан тапсыратын шәкірттей дайындалатынбыз. Әкеміз бізге-пайғампар еді. Ата-анаға сәбилері
періштелер еді. Айналамыздағы туыстар біз үшін сақабалар болатын. Баршаға жар салып,
М.Жұмабаев: «Күн шығыста ақ алтын бір сызық бар:Мен келемін,мен пайғампар-Күн
ұлы.»-деді емес пе? Күні бүгін қазақтар өзінен үлкендерді;«Пайғампар-пейілді, пайғампарниетті,пайғампар-көңілді,пайғампар жастағы» -деп сыйлап, құрметтеп, сөз тәмсілі етеді.
Хазреті Хасан Басри қағбаны тәу етіп жүріп,жүк арқалаған бір жас жігітті көріпті.-Не үшін
42

42.

жүгіңмен бірге тәу етіп жүрсің?-деп сұрапты. Арқалап жүргенім жүк емес, әкем.Қасиетті
қағбаға әкемді жетінші рет арқалап әкелдім.Өйткені ол менің бойыма имандылық нұрын
септі. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі.-деп жауап беріпті.Сонда хазрет:Әкеңді осылай қияметке дейін арқалап жүрсең де,бір рет ренжітсең,бұл жақсылықтарыңның барлығы босқа кетеді. Егер әкеңді бір рет қуантсаң,осыншама қызметтің
сауабына жолығасың,-деген екен Қасиетті де,киелі,ардақты да,айбарлы-Қазақ Анаотбасының берекесі,бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болумен қатар қоғамда үйлесімділік
пен қарым-қатынас жарасымдылығының негігі тірегі болған. Сондықтан, Ана- ұлттың
ұлт болып қалыптасуына, сақталуына,дамуына тура ықпал етуші –қоғам мүшесі.Олата салттың,отбасы тәрбие дәстүрінің сақтаушысы,таратушысы,жаршысы,әулет
мек-тебінің тең дәрежелі-бас ұстазы.Қазақ халқының күллі өнері мен мәдениетініңпадишасы, төл иесі.Қазақтың күрескерлік, жауынгерлік,ерлік дәстүрлерінің нағыз
майталманы,бірегей пайғампары. Ана үйдің шырағы,әке үйдің пырағы. «Ана -сая болар
бағың болса,әке-асқар тауың» дейді қазақтар. Отбасының алтын қазығы-Ана.Ана тәрбиесі
қызға,әке тәрбиесі ұлға үлгі.Ана-ақылшың,әке-қамқоршың,аға-қорғау-шың,інің-сүйенішің,
қарындасың-қанатың.Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны
кем,Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.Ана мен әкенің тәрбиедегі
орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ.Ата-ананың
борышын орындауда қазаққа тигізген мұсылман өркениетінің ықпалы орасан зор
болған.Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен жаралып,күннің нұр
шапағынан нәр алып,бүр жаратынын атам қазақ ерте заманнан-ақ білген ғой.Алаш
баласының ананы айрықша ардақтап,есімін асқақ ұстайтыны да содан болу керек.
Шынында да ел бастаған көсем де,топты жарған шешен де,аузын айға білеген ақын,
семсерін көкке суарған батыр да,ой кенін қазған ғалым да,әлемді аузына қаратқан дарын да
анадан туған. Туған халқының атақ данқын дәуірлетіп,дүйім дүниеге танытатын аналар
емес пе? Иә,олар қазақтың алтын құрсақты,абзал жанды аналары!Атам қазақ осындай
аналарды арман етті және сенімді түрде өмірге дайындады.Олардың арман мұраты тамаша
табыспен орындалып отырған.Сол бір еңбек пен тәрбие негізінде олар өмірге келді және
олардың есімі, өнегесі,ғибратты ғұмыры тарихта қалды.Тіпті Аллаһ тағаланың өзі әз-ананы
ерекше жаратты. Аллаһ ананы барлық жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне
сыйдырып,жан дүниесі тек мейірімнен суарылған,жан-жағына күннің көзі сияқты нұр-шуақ
сеуіп тұратын,көп қырлы жахут гауһардай етіп жаратты. Сулудың сулуы,әсемнің әсемі,
асылдың асылы –Ана ғана. Онымен теңдесер жаратылыс жоқ!Ананың алдындағы
перзенттік парыздың өтелмейтіні рас.Бірақ өтеу үшін жаныңды да аяма! «Жұмақтың кілті
анаңның табанының астында жатыр» деген ұлағатты сөз бар, қазақта.Ананы, барыңды
салып бас иіп, алақаныңа салып аяласаң, айтқанын орындап, құрметтеп құлдық ұрсаң,
кілтке қолын жетіп қалуы мүмкін.Үмітіңді үзбе, тырысып бақ!Пайғампарымыз (с.ғ.с.) дың
өсиетін әсте есіңнен шығарма.Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «бала дүниенің хош иісі»-деген.Қазақ
халқының тұрмыс тіршілігіне мусылмандық әдептің орнығуы, біздің дәстүрлі әдептеріміз
нығаюына,оны өмірде басшылық етіп ділімізге сіңіруде үлкен әсерін тигізді. Мәселен,
Құранда: «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық қылуды нұсқадық», (Ганкабут.с.8)
десе,«Мен: Нәбиден(с.ғ.с.):АллаһТағаланың ең жақсы көретін амалы қандай?-деп сұрадым,
Ол(с.ғ.с.): «Уақытылы оқылатын намаз», -деді.-Одан кейін ше?—Ата –анаға жақсылық
істеу.-Ал,Одан кейін ше-Аллаһ Тағала жолында арпалысу.» (Абдуллаһ ибн Масьуд)-деп
айтты.Ата -анаға жақсылық істеу исламда өте жоғары дәрежеде маңызға ие. Пайғампарымыз(с.ғ.с.): «Аллаһ Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында,ал ашуы ата-ананың
ашуында» (Абдуллаһ ибн Омар),- деп көрсеткен. «Пайғампардан(с.ғ.с.): Я,Расулуллаһ,
жақсылықты алдымен кімге істейміз?-деп сұрағанда. Ол(с.ғ.с.)-«Анаңа!»-деді.Онан кейін
ше?-Анаңа!-Ал, онан кейін ше?-Анаңа! Ал,Онан кейін ше? –Әкеңе!(Әбу Һурайра)-деп,
анаңа деген сөзді үш рет,ерекше мән беріп қайталаған.Ата-анаға жұмсақ сөйлеу,ата-ананың
өсіріп жеткізген қарызын қайтару туралы әдептер хадистерде тым ашық көрсетілген. Егер
ата-ананы қадірлемесе тартатын азап, көретін жамандықтарын да, әдепсіздіктің алдын алу
43

43.

және жою жолдарын да нұсқап берген. Мысалы ата-анаға жақсылық істегеннің ғұмыр
жасын ұзақ етсе,ата-анасын кәдірлемесе,оның көз жасын төксе,дөң айбат сөз айтса,атаанаға қарсы келсе, қарттарға қарамай қойса тым ауыр күнәға жазылып, тозаққа кіретіндігі
нақты дәлелдермен ұқтырылады. Айталық,«Нәби(с.ғ.с.)үш қайтара; «Қорболсын!
Қорболсын! Қорболсын! -деген. Маңайындағылар; «Я,Расулуллаһ(с.ғ.с.), кім?-деп сұраған-да,Ол(с.ғ.с.) «Ата анасы немесе ата-анасының бірі қартайған шағында (оларға
қарамаудан) тозаққа кірген адам».
Ұрпақ ата-анаға борышты екенін түсініп,ағайын туыс,ата-баба намысына, абыройатағына кір келтірмей мейлінше оны әспеттеп ардақтау зор міндет,үлкен бақыт.Жақсы
бала ата-ананың аңсаған қуанышы.Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса
да, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бар. Бала ата-анасын қуантарлық ісістеген кезде олардың төбесі көкке жеткендей болады.Ата-ана баласына кішкентай кезінен
бар жақсылықты үйіп-төгіп өсіреді. Бала бақыты үшін қолынан келгенін аямайды.
Міне,бірінші кезекте бала ата-ананың осы бір еңбегін жете түсінуі керек. Бала дайын
тәрбиені үнсіз мәжбүрлі игеруші жасық,әлжуаз, талапсыз, керенау жан емес.Ол өсіп жетіліп
келе жатқан,ұшқыр ойлы,терең сезімді, ынталы, дамуға құмар,көруге қырағы, естуге
алғыр,жалын атқан жас болғандықтан тәрбиені саналы игеруге тиіс.Ондай қарым-қабылет
барлық балада бар. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім
емес.Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе
нәтижеге ие болады».( М.Ғабдуллин) Дәлірек айтқанда тәрбие жат жұрттан әкеліп жаба
салатын жабу емес! Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес,көзсіз қабылдар
сүйекке сіңірер уыты да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің
арымен ақталар қайырымы бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс,басына
қонған бақыт.Тәрбие ісінде,мұрат мақсатың орындалса, одан асқан қуаныш болмайды.
«Басына бақ жұғысып, құт қонатынқазақтың ұлы құлықты, қызы қылықты келеді.Себебіқазақ,Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты ,Тәңір
сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап,
Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік,
махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп,
дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін себебі осында.Жетім өскен ұрпақ аталмыш
бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.Сондықтан,тәрбие мейірімділік
алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек қылына тербеліп, рухтан
үндестік табатын рухани нәзік құбылыс, жан сезімінің жайдарлану,рахат табу,адам
талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы. Иманипедагогикада
тәрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше сипаттайды.Ол бойынша:
ізгілікті іс-әрекет,ниет,көмек –тікелей жүргізілген татымды тәрбие.Оның орны тым
бөлек. Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазлған қағида мынау: «Тәрбиенің
пәрменділігі мектептің, жанұяның, әлеуметтік ортаның балаға,жалпы жасқа мінезқұлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты
қамқорлық жасалуына байланысты.»Қамқорлық шанақты,пәс болса, тәрбие нәтижесіз,
жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «...тәрбиелеу дегеніміз қамқорлық жасау»- десе
ата бабамыз тәрбиелеуді –баулау –деген.Баулау-баптау,жәй-күйін келтіру.Жасөспірімдер
биязы әдеп, жібек мінез игеретіндей,көкірек көзі ашылатындай олардың жәй-күйін
келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді. Ізгілік педагогикасының
ұлттық мәні осында жатыр.Баланың ата-ананы ардақтап,өзінің перзенттік қарызын бір сәт
естен шығармауы,тіпті олар келмес сапарға аттанған соң да олардың рухы мен аруағы
алдындағы міндетін ұмытпауы-адамгершіліктің белгісі.Бұл- жас болсын, жасамыс болсын
баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы, парызы. Қазақ:-Ей балам!Сен әуелі атаанаңды құрметтеп,олардың қас-қабағына қара.Оларды шын пейілмен сүйе біл,ренжітпе.
Атаң қорғаның,анаң қазығың екенін есіңнен шығарма. «Атаңа не істесең алдыңа сол
келеді.»Ата-анаңның абыройы үшін күрес.Олардың атына кір келтірме.Ал,Киікбай шешен:
«Ақылым-атам, білімім-бұрыңғы бабам, салтанатым- сабырым,сүзіп сөйлейтін сөзім.Нан
44

44.

табарым–нарым,жанашырым-анам мен жарым,-деген. Тәрбиеде тәрбиеленуші де,тәрбиелеуші де бірдей міндетті,бірдей жауапты болу керек деген қағида осыдан туындаған.Атаәже,әке-шеше өз міндетін атқара алатын, бала да тәрбиеленуге келетін,оны саналы түрде
бойына сіңіре алатын болуы шарт.Көлгір тәрбие дәру болмайды. Мақсатына жетіп,
мұратын орындауға жол-жоба, ереже боларлық қағидаларды ұсынып,оны ұрпақтан ұрпаққа
жалғастырып отырған. Мысалы.«үйретуден жалықпа,үйренуден тартымба», «істегенің
маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы», «жастары иманды елдің болашағы зор», «жігіт
қадірі өнерімен өлшенер».Егер бұл қағидалар бұрмаланса немесе ескерілмей елеусіз қалса
тәрбие ісі тығырыққа тіреледі,қазақи тәрбиенің қаймағы бұзылады.Осы шақта, «қызға
қырық үйден тыйым» деген тәрбиелеу қағидасы елеусіз қалғандықтан небір сорақы
қылықтар сорлатып келеді. «Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала»-деген
тәрбиелеу қазақ ілімінің қағидасы бар.Ол бойынша 3-13 жас аралығында,балаға ұлттық ұлағатты-әдепті дұрыс ұқтырып игертпесең,бала өзбетімен басқаның әдебін тауып,ұғып
алады,оны қайта игерту тек қана мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыруға тиіс болады.Бүгінгі
таңда осы қағида бұзылғандықтан (ешкім еш жерде ешуақытта әдепті көрсетіп,үлгі өнеге
үйретпейді, Тек,әдеп туралы бала жалыққанша оқытып,айтып әуреге салады) әдепсіздерді
әдейі әзірлегендей,әдепсіздер мен көргенсіздер тым көбейіп кеткен.Әдепті оқытып .сабақ
беріп,айтып үйретпейді,үлгі-өнеге көрсетіп ұзақ уақыт қайталатып, машық дағды игертеді.
«Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығудан тұрады. (Ж.Ж.Руссо) «Әдет-бір әрекеттің
жиі және ұзақ қайталауы»(Әл-Фараби.)Қазақ жұрты ертеден тәрбиелеу ісінің нәтижелі
болуы үшін, оның нақтылы табысқа жетуі үшін қажет болатын, тұрақты басшылыққа
алып,тұғырлы ұстаным ретінде пайдаланылатын тәрбиелеу қағидаларын тиянақтап
отырған.Мысалы; «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай
қадағала,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала», «бала алтыға дейін ауылын
танысын,жетіге дейін жерін танысын», «Екі қарттың ортасындағы бала дана болады,екі
бала ортасындағы қарт бала болады» немесе «жұдырық етке батады,сөз сүйектен өтеді»
«Ұлтыңды аман сақтап қалғың келсе,қызыңды дұрыстап тәрбиеле,жеріңді жаудан аман
сақтап қалғың келсе,ұлыңды дұрыстап тәрбиеле», «Тән- Тәңірден,Тәрбие өзімізден»,
«Ұлын дұрыс тәрбиелей алмаған құл етелі,қызын дұрыс тәрбиелей алмаған күң етеді»,
«Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен ілім» т.б.орасан көдемді қағидалар жиынтығы
қордаланған. Мұның екінші жағы тағы бар.Баланы қадірлеп,төрге отырғызғанмен, төбеге
шығаруға болмайды. Қазақта: «Ата-анадан тыйым көрмеген жеткіншек,өмірден үнемі таяқ
жейді»-деген қатал қағида бар.Осыған қоса,әулеттік педагогиканың қағидалары өте терең
мағыналы,әрі ұлт мүддесі мен оның даму келешегіне бағытталады. Шынымен де адам
баланы өмірге өзінің артынан ұрпақ, мұра, өзінің жалғасын қалдыру үшін әкеледі.
Сондықтан, «атадан жақсы бала туса, есіктегі басын төрге сүйрер, атадан жаман бала туса,
төрдегі басын көрге сүйрер» деп тегін айтылмайды Қазақ қатты айтсаса да,жақсы айтатын
халық. Әкемін деп қайтесің,тіліңді ұлың алмаса, адаммын деп қайтесің, жүректе жылу
болмаса. «Ақылды ұрпақ өсірсең алып шығар құлдықтан, ақылсыз ұрпақ өсірсең, булыққаның булыққан! Балаң жақсы тәрбиелі болса,жер беті жақсы,тәрбиесіз,өнегесіз болса жер
асты жақсы! Екінші.Тәрбие нәтижесі ортаға байланысты,орта тәрбиелі болсын. Балапан
ұяда нені көрсе ұшқанда соны алады.Ағаға қарап іні өседі.Алдыңғы арба қайдан жүрсе,
соңғы арба соңынан жүреді.Екі қарттың ортасында бір бала дана болады.Екі баланың
жанындағы бір қарт бала болады.Қатарына қарап бала өседі.«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» –
Абай.Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның
дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның
адамгершiлiк сферасын қалыптастыру-тәрбиенiң өзегi.Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және
өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады. Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең
бойлап,олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу
жолын тамаша таңдай білген.Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына
байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзiндiк көз45

45.

қарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан,ең бастысы оның
әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.Үлгі-өнеге-өте әсерлі тәрбие әдісі. Бұл әдіс негізінде
жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып
сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ол сөз – екінші
сигналдық жүйе деңгейінде әсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім,
сенімді белсенді қалыптастырып, іс-әрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы
қысқа»-деген байырғы Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - атаана,тәрбиеші, дос-жаран.Үлгінің психологиялық негізі-еліктеушілік. Осыған орай бала
әлеуметтік және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Жас өспірімдер өздері аса ұнатқан
адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жас-ауда оның
өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті
жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға әсер етуші кері өрнек аяқ астын-да.
Жастар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып,болымсыз қылықтар салдарын
талдап, олардан қорытынды шығару-міндетті шарт. Мезетімен орынды пайда-ланған ұнамды үлгі тәрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін де ескерген
жөн.Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-әрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тәуелді. Ұстаз
үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бәріне бірдей
ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тәрбиешінің беделіне, ол бастаған істің
жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.Сонымен,сана қалыптастыру әдістері тұлғаның
ізгілену тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер түрі: әдептілік әңгімелері,
түсіндіру, ұғындыру, әдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тәрбие
әдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, ұстаз таңдаған гуманистік бағытқа
тәуелді.Бұл айтып отырғанымыз,бүгінгі педагогикадағы нұсқаулар.Осыны Фараби бабамыз
былай өрнектеген. «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары
кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек,ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды
және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы қауымдағы
адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір
затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде
де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп жаңа өмір жолында
жасампаз рухани күштердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін
тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады». Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан
адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан.
Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі
бар. Сондықтан да, ата-ананың балаға берер тәрбиесінің рөлі жоғары. Ата-аналар балаларына тәрбиелі болуды үнемі уағыздайды,теріс қылығын көріп қалса, ұрысып жекиді,кей
жағдайда қол да тигізіп жатады.Іс жүзінде дұрыс үлгі, жақсы өнеге көрсетуге шамасы
жетпей қалады. Ата-ана,ағайын-туыс,ата-әже нағыз тәрбиелі азамат («жақсы ұл,жақсы
қыз»)қандай болу керектігін іспен, өнегемен көрсетуі тиіс.«Баланы бұзуға, түзеуге себеп
болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге.» (Ж. Аймауытов).
Үшінші. «Тәлім мен білім кілті-тіл», «Тәрбие басы-тіл»,«Үлкеннің тілін алған жас,сүрініп
қабынбайды.Көрініп тұрғандай тіл мен тәрбие егіз. Ұлт қасиеті тілінде.Тілі өлген ел-тірі
өлген ел.Тіл-қай халық үшін өнер, байлық,әдеп, үлгі, өнеге.К.Д.Ушинский:« ана тілі
халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда
болғаннан кейін де оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”деген. Ж.Баласағұн(ХІғ.)«Кісіге құт-тілден»-деген.А.Йүгінеки(ХІІғ.) «Әдептілік басытіл»-деген. Тіл жүйріктен де озар.Сөз адамның айнасы. Өткір сөз-өлмес ерлік,өшпес
мұра.Тіл-жаның,діл -арың.Тіл айтуға оңай, естуге қиын.Сөз байлығы -тіл байлығы. Тіл
байлығы- ой байлығы Қазақ қоғамы:серт сөзді, семсер тілді, сегіз қырлы аталы сөзді
дәріптеп,оны тек қатынас немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік
ретінде пайдаланған. Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса, «шенді шекпен жаппай46

46.

тын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын». Қазақтың марапаты да- сөз, жазасы да -сөз.
Сол себепті,әулет мектебінде негізгі тәрбие құралының міндетін сөз атқарған.
Мысалы,ұлықтау,ардақтау, бағалау,кешірім ету,тағзым ету, көңіл айту, тыйым-дық
сөздер,ескертпелік сөздер, естірту, жоқтау, т.б. Тіптен, әулет мектебінің ең басты
әлеуметтік пәні де-«Сөз өнері» болған. Бұл жағдай, қазақ деген халықтың сөзді тыңдау,
сөзге тоқтау,сөзде тұру, сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысын,оның салихалы әдебіне,
ерекше қасиетіне, өзгеше мінезіне. айналдыра алған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де
емдеген.Қазақ тілмен азамат,тұлға тәрбиелеген. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі-сойыл.Тәрбиелеу қазақ ілімінің басты қағидасы-ұлттық тілді жете меңгертіп,сол арқылы тәрбиеле!
Төртінші. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – осы заманғы оқыту және
тәрбие беру жүйесіндегі негізгі принциптерінің бірі.Ал,қазақ ілімінде: тәрбие ісін әр
баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді.
«Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да
туады»,«Балаға үміт арту-әкенің парызы, ақтау-баланың қарызы» деп ой түйіндеген
Адамтану қазақ ілімінде баланың даму ерекшелігі өте дәл, әрі өте қызықты сараланған.
Мысалы; нәрестенің кіндігі түскенге дейін;қырқына дейін;тұсауын қиғанға дейін:жетіге
дейін;ұл және қыз жасы;бозбала, бойжеткен жасы:күйеу жігіт, қалыңдық (жар болар жасы)
кезеңі т.с.сАл,мұның өзін еңбекке араласуына сай:қозы жас,қой жас,жылқышы жас
т.б.),нәресте, сәби, балдырған, жас ұлан,жеткіншек деп,баланың ақыл-ой,денесінің
дамуына сай жіктеп қарастырады.Міне осы жас кезеңдерінің жеке өзгешеліктерімен
санасып тәрбиелеу қағидаларын қалыптастырған. Мысалы,«Алтыға дейін атаңды(кей
өлкеде ауылыңды таны) таны,жетіге дейін жеріңді таны»,«Жетіге дейін жерден таяқ
жейсің!», «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбеске(он үшке) дейін қосшыңдай
сана,онбестен асқан соң досыңдай бағала!» Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас
сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі - жас сатылары
немесе биологиялық жетілу шақтары екендігін халық ерте ұққан.Жас ұрпақ тәлім
тәрбиесінде,қазақ: «Балаға-Тоқта!-деген сөзді дер кезінде айтпаса, кейін кеш болады» деген
қағида ұстанған.Басқаша айтқанда:«Балапан басында, тұрымтай тұсында» демекші, әр
нәрсе дер кезінде әсерлі,ықпалды болмақ.Уақыт барлық құбылысқа есепші әрі сарапшы.
Балаға берілуге тиісті тәлім-тәрбие,білік-дағды оның жас шағында іргесі қаланбаса,негізі
қалыптаспаса,уақыт өткен соң,қисық ағаштай қыңырлық көрсетуі мүмкін. Сондықтан,мына
қағида өмірге келген.«Жастай берілген тәрбие, жас шыбықты игендей.»Баланы уыстан
шығарып алып, опық жеудің өзі қайғы.Айталық,бес жас ойын баласының жасы екені рас.
Алайда,жеті жасқа келсе де, ойын баласының ортасында, тайраңдап жүрген ұланға:
«Қойсайшы-ей,...жарбақтамай, балдырған емессің ғой!»-деу арқылы оларды тия қоятын.
Қазақ баласының өсіп даму әр кезеңінде оларға арнап жасалатын жол-жора,рәсім тәмсілдер
бар.Айталық «Алтыға дейін атаңды таны» деген болғандықтан қазақ баласы бұл міндетін
қайткен күнде атқаруға тиіс.Жетіге дейін жеріңді таны дегендіктен қазақ баласы жерін тану
дағдысын игеруі парыз.Ата-анасы сол баланың міндетін атқаруына басшы болуы керек,әрі
мүмкіндік жасауы қажет. Өмірлік білім беру,тәрбиелеу дегеніміздің өзі-нағызында осы!
Ал,ағайын, балаңыздың осы міндеттері орындалып па еді? Еске түсіріп қойғаныңыз жөн ақ.
Бұлай деуімнің екінші ұшы,баланы-адам ретінде құрметтеп қадыр-тұтудың, олармен тіл
табысып түсінісудің басты шарты осы ғұрыптарды атқару болып табылады Мысалы, атқа
мінгізу, тоқым қағу,сүндетке отырғызу, тырнақалдысын белгілеу, тілашарын атап өту т.б.
« Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты солкез -келген нәрседе үлгіні қажет етеді Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да
жоқ.»(Ғ.Мұстафин)Қазақ халқы өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын,
шаңырағымда шырақ жансын, ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән
берген,баланың азамат болу жолында күш-қайратын аямаған. «Ұлдың ұяты-әкеге,қыздың
ұяты –шешеге» деп ұл-қыздарының өнегелі де,ұятты, тәрбиелі де текті болуына ерекше
назар аударып,әрбір ата-ана бұл жауапкершілікті өздерінің міндеті деп санаған.Сондықтан
да олар, тәрбиелеудің ұлттық қағидаларын тамаша меңгерген-ді.Ол үшін үнемі ғибрат
47

47.

алған,ізденіп үйренген Осының нәтижесінде әке мен шеше,әже мен ата отбасының
жүрегі,бас ұстаздар саналған. Олардың түсінігі негізінде мынандай қағидалар да
қалыптасқан.Бұлардың кейбірі бүгінгі педагогикаға сәйкес келмеуі мүмкін.Бірақ қазақ
әулет мектебінде,оқыту тәрбиелеу ісінде бұларды ұстанғаны рас,басшылық еткені
шын,кәзірде, қолданыста екені анық болғандықтан,арнайы атап көрсетілді.Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы,бір сырлы» қазақ азаматын дайындау; адамгер-шілігі,
кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске шебер шаңырақ иесін,құт береке дарытқан
салиқалы отанасын дайындау екені анық. Сондығы болар,құт ұғымы қазақта тәрбиелік
қағида ретінде қалыптасқан. Халықтық әдет–ғұрыптарда: а) Құтты үлкеннен бата алу, ата
қонысын әулиедей көріп қастерлеу адамның басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр
деген рәсіммен бекіді; ә)отбасының, мал–жанның өсіп–өнуі,абырой–беделдің жоғарылауы
басқа қонған Құтпен байланыстырылды. Содан әулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап
тұрған қарапайым адамдар (аналар, әйелдер) бүкіл тайпаның, халықтың Құтына айналған
тұлғалар болады деген ырым орнықты.Тіпті ата–бабаларға қонған Құт оның ұрпақтарына
көшетініне, содан аруақты сыйлау,ата–баба өсиетін қатаң ұстану дәстүрі күш алатынына
кәміл сенушілік туды.Құт ұғымына қарама–қарсы түсініктер,ырым–нанымдар-апат, сор,
жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет жағымды нәрсенің құлдырауын,кері
кетуін білдірді.Құтқа деген дәмеден қалың жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа
заманды аңсау сарыны да жан–жақты көрініс тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу
құлшынысы білінеді.Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген
қағиданы келтіреді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен
жаралуы,ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана
бауырында уызына тойып, сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы. Діни
ұғым бойынша жетесіз баланы «бисмил-ласыз» жаралған деп түсіндіреді.Баланың атаанасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.Бала әке-шешесі, ата-бабасы
өсіп-өнген жерінде өсуі,туған-тұрған жерінің қадір- қасиетін,табиғат сырын терең ұғынып,
болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей
білуі, ұғынуы.Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы
кезеңдеріне мән беріп өсуі. Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез
ерекшеліктерінің орны ерекше. Имандылық негізінде кезігетін «Төрт ана» туралы ұғым,
соның бір нұсқасы болмақ.Ол,Пайғампарымыз(с.ғ.с)-дың атында айтылатын тәмсіл еді.
«Тәңірі Тағала жаратқан табиғатта төрт түрлі нәрсенің-төрт түрлі анасы бар. Бірінші- ауруға
қарсы жасалатын ем-домның анасы. Екінші-кішіпейіл адамның ажарын аша түсетін әдемі
әдептің анасы. Үшінші-жаныңа жарық беріп, ақылыңды арттыратын құлшылықтың
анасы. Төртінші – адамды алаңдатып, кісінің көңілін Құдайдан үнемі бұрып тұратын
түпсіз арман-тілектің анасы болады Олар: біріншісі- денеңе жабысса, жүйкеңді
жұқартып,көңіліңді су сепкендей басып тұратын аурудың- Анасы.Ол-денеге дарыған кез
келген дертті ауыздықтап айла табудың тәсілі -тамақты тартынып жеп, асты өлшемге
түсіру. Сонда ғана дымыңды құртып бітетін дертіңе дауа болатын амал табасың.Екіншісіқоғамдағы қарым-қатынасты түзеп, кісіні көрікті етіп көрсететін әдемі әдептің –Анасы.
Адам абыройын арттырып, кісі қадірін келтіретін қасиет-аз сөйлеп, көп тыңдау.Үшіншісіжан сарайыңды жаңалап,кез келген ортада яғни, тұрмысында Құранды қолданып өлшеулі
өміріне дінді демеу қылмайтын пенденің бәрі үнемі дүниенің бар қызығынан құр қалғандай, одан басқа жұрттың бәрі шалқып жүргендей көңілі алаңдап,уайымдап жүреді.Бұл
желік адамның салиқалы ой ойлап, парасатты пікір түюіне мұрша бермейді Бұл желікті
жоюдың жеңіл жолы-жоққа сабыр, барға қанағат етіп, Тәңірге тәуекел етіп, рухани өмір
сүру ғана. Оларға іш тартпау, ыңғайына иілмеу. Төртіншісі адамды алдап, көңілін арбап
тұратын дүниенің, қызық қиялдың- Анасы.Ол – жоққа сабыр, өмірі таусылып бітпейтін
арман-тілек пен тойымсыз нәпсіден туатын жағымсыз құбылыс. Көңіліңді кірлетпейтін
ғибадаттың Анасы-күнәлі істер жасамау. Яғни, арсыз істер мен ұятсыз әрекеттерді
жасқанбай жасай беретін жамағаттан бойыңды аулақ ұстау.Бүгінгі дәуірде осы төрт ананың
жастардың бойынан табылуы қанағатсыз болып тұр.Оның үстіне,М.Шахановтың айтқан48

48.

ындай мына «Төрт ана да» уайым бола бастады. Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде
М.Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құнды-лық, төрт
негізді ықшамдап, ұсынамыз. «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,Әр адамнан
өз анасынан басқа да.жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,Болу керек құдыретті төрт ана. Туған
жері-түп қазығы айбыны,Туған тілі-сатылмайтын байлығы,Туған дәстүр салт-санасытірегі. Қадамыңа шуақ шашар үнемі, Және туған тарихы еске алуға қаншама. Ауыр әрі
қасіретті болса да,Төрт анаға жағдай жасай алмаған. Пенделердің басы қайда қалмаған.Төрт
анасын қорғамаған халықтың,Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған Қасиетті бұл төрт анатағдырыңның тынысы,Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы. Тәрбиелеу қазақ
ілімінде:қандай тәрбие жүргізсең де,қімге нені үйретсең де,ана тіл,туған жер,туған ана,төл
тарихы, ұлттық діл,дәстүрлі дін,әсем әдеп,жібек мінез арқылы ғана кісі болдыра аласың
деген басты негізгі қағида ұсынады. Сондықтан да,еске алар ескі шақтан келе жатқан«бек
ұл,пәк қыз», «иманды ұл,ибалы қыз», «батыр ұл,батыл қыз»,«айдарлы ұл,тұлымды қыз»
т.б.тәрбиелеген- Ата жолы-бүгінгі біз үшін де,келешек үшін де бағдар үлгі бола алады. Осы
негізде тәрбиелеу қазақ ілімінде: «үйретуден жалықпа,үйренуден тартымба»деген талап
бар. Айталық, «балаң қолқанатқа жараса,аяқ-қолың дамылдаған-ымен, ауызың тиылмасын,
баланың ісі шала болады,ақыл-кеңесіңді аяма» дейді.
Ал,үйретуші ұстаздарды
тәрбиелеуші-тәлімгерлердің білім-дағды игеру шанағын былай тұжырымдайды: «Ол кісі,
әжептәуір білімді,білімін пайдалана да біледі.тағы-тағы білгісі келіп талпынып жүреді»деп,халық, ұстаздарды,шеберлерді, шипагерлерді, ақындарды, өнер иелерін «үш білім»
шеңберінде бағалап келген.Абай атамыз,қазақ қолөнершілеріне осы құралыпты баға
бергені оқырманға аян.Мен.ұстаздарға бағыштап айтып көрейін. «Біледі-біледі-біледі»-бұл
данышпан ұстаз Ондай адам,өзі де өте жақсы біледі,білгенін басқаға ұқтыра алады,білімі
мен дағдысы арқылы басқаны тәрбиелей алады,ғұмыр бойы , тағы да біле берсем деп
талпынып- талаптанып, ізденумен болады. «Біледі-біледі»-бұл шебер ұстаз. Жақсы
біледі,білгенін ұқтырып,басқаны соңынан ерте
алады.Жасының ба,денсаулығының
ба,тұрмыс жағдайының ба ықпалынан болып, ізденуге ,талпынуға шамасы аздау. «Біледі»жас ұстаз.Білетіні көп,естіген-көргені бар. Өзіне тәлімгер керек Әріптестерінің аялы
алақаны,көргенді көмегі керек.Жатпай-тұрмай ізденіп, жанталасып тәжірибе жинақтау
үстінде.Келешегі алда. «Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең
майданда сыналған ел.» (Ғ.Мүсірепов)Енді ерекше қағидаларға тоқталайық. Ерекше
қағидаларға балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелеуге қатысты туындаған
ережелер жиынтығы кіреді.Мысалы:«Өз тіліңмен сөйлеме,бала тілімен сөйле!» деген
қағиданы алып қарастырайық.Әр ата-ана баласының тәрбиелі де әдепті болуын қалайды.
Алайда барлығымыз сол тілекке жете бермейміз.Себебі біз өз тілімізбен балаларға бірдеме
айтқан боламыз.Бірақ,олар түсінбейді.Басқаша айтқанда біздің кеңесіміз балалардың
жүрегіне жетіп,жан сезімін толқытып,ойын баулап алатындай болмайды немесе бала
тілімен сөйлей алмаймыз. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген қағиданы
алайық.Бала жасының ерекшелігін есепке алып, ақыл-кеңес беретін кезінде айтып,дағды
игерілетін жерінде көрсетіп,жаман оғаш қылығын «көрмей,елемей, байқамай» қалып,үлкен
жүрек,кең пейіл көрсетудің орнына үнемі жол сілтеп,жоба көрсеткеннің жөні осы екен деп
уағыз айтып бас-көзге шұқылап,баланы мүлдем жалықтырып жіберетін ата-аналар аз
емес.Бұл қағиданы қай-қайсысымыз ескере бермейтініміз өкінішті-ақ.Баланың ойы
ұшқыр,қайрат –жігері жеткілікті, талап-тілегі жоғары болғанымен тәжірибесі аздау.
Ал,өмір тәжірибесі әрекетпен, еңбекпен, тура бетпе-бет келгенде,оның қиындығын
жеңіп,асуын асқанда ғана жиналмақ. Үнемі біреудің жетегінде жүрген,өз басында еркіндік,билік,шешім жоқ болса ондай жан ешуақытта тәжірибе жинақтамас еді.Сондықтан
баланың кей нәрсені,кей сұрақты,кей мәселені өз бетімен шешуін,тәжірибе жинақтауына
мұрсат берген абзал. «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,он бес(он үш)жасқа дейін
қосшыңдай сана,он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген қағиданың маңызы
зор.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім.Бала бес жасқа
толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластыруға дайындайды.
49

49.

Бала қызығының негізгі рәсімдері осы шақта атқарылады.Жалпы алғашқы мүшел балаға
адамдық негіз,мінез-құлықтық әдет-дағды қалыптасар кезеңі болғандықтан оның даму әр
сатысын қазақтар жіті бақылап,терең талдап,мұқият бақылап отырған.Әр басқышын
аттаған нәрестелердің жеткен жетістігін,асқан асуын «тойлап» атап өтіп отырған.Беске
толған соң, «боқ-сідіктен арылып,қол-аяғын тауып, адам болған деген осы»-,деп,шүкірлік
ететін.Енді өздігінен киініп,тамағын алып ішіп жеп,төсек орнын салып,жинап,дұрыс
жатып,дем алып,уақытылы тұрып,ел қатарлы тірлікке араласатын қабылет игерткен.
Егер,бала бұл дәрежеге жетпесе, жеткізбеген әке-шешені кінәлап, «бет алды өбектедің»деп жазғыратын.Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау,денесінің ширақ
болуына,ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы, ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап,
қадағалап, мұқият қарайды. Солай етуге ата анасы ғана емес,тайпалы ел,ауыл-аймағы
міндетті болған.Бұл бұлжымас ғұрып. Сондықтан, қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім,
тастанды аталмаған. «Жетім» деп атаудың өзі қорлаумен тең болған-ды.Бес жастан кейін
ұл ұяты әкеге,қыз ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы,шеше көрген тон пішуі
шарт.Қыз бен ұл әке-шешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5-10 жасқа дейінгі
бала әке-шеше назарынан тыс қалуға бірде-бір жағдаят болмауға тиіс.Оларды әке-шещшесі
қосшысындай бағалауы тиіс.Ал,он бестен асқан соң олардың «дос» болуы абзал.Солай
болған да еді. «Алтыға дейін атаңды таны,жетіге дейін жеріңді таны» деген қағида ұлттық
тәрбиенің шынбайлы ережесінің бірі еді.Осы жаста бала,өзінің,кіндік қаны тамған жерін
біліп,(барып аунауға міндетті) әке-шеше,ата-баба туып өскен жер,өлкесін тануға тиісті
болған.Ата-бабасының жайлауы мен қыстағын, зиратын,мекендеген жерлерін аралауға
мүмкіндік туғызған. Ағайын туыстарының кімдер екенін, олардың қайда тұрып,нендей
кәсіппен шұғылданатынын,ру-тайпасының арғы тегін,олардың таңба ұранын білу,малға
салатын ен,басатын таңбасын ажырату осы жастағы балаларға міндеттелген.Нағашы
жұртын да білуге тиісті болған. Қазақтар отбасының рулық құрамын байқасақ, нағашысына
рулас қызға үйлену,тұрмысқа шығу өткен дәуірде көп болған.Оның себебі жастар ең әуелі
нағашысымен танысатын,оның жегжатқа қатынасуы содан басталатындығында. Қазақта
«әкесі мен баласы бажа болу» осыны дәлелдейді. Өмірмен, айналасымен танысып
білуге,мына таудың аржағында,анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын,не барын
танып білу 6-7 жас сәбилеріне тән болғандықтан ата-әжелер оларды ертіп қысқа сапарға
шығатын, ел аралайтын болған. Той-думанда,мереке салтанатқа қатыстырып,өнер білімге
құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын. Балалар қуанышында ойналатын күлліойын сауықтар тек балаларға арналатын. Жас өспірімнің тума талантының не екенін білу
үшін, бейімділігін пайымдау үшін,ата-әжесі,әке-шешесі, білгір-тәуіп, сыншы-әулиелерге
ертіп апарып,келешегіне болжам жасататын болған.Қазақтың адамтанушылары бала
келешегін жан-жақты(алақан сызығы, маңдай әжім бедері, табан сызық сұлбасы,құлақ
күнқағар тамыры,саусақ тұяқтары,мең мен түйме,үн мен дыбыс, саусақ, аяқ, мойын,шаш
бітімі,түр түсін т.б.) бақылап өте дәл айтатын болды.Қытайлардың бала алдында зат қою
ғұрпына ұқсас іс-әрекет қазақта да болған.Ал,ұлды тану нағашысын білуден басталған.
Қызды білу шешесін танудан бастау алған. «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан»,
«Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының айғағы.Балаларды бұл жасында атақты
адамдарға апарып аузына түкіртетін. Ұста,зергер,құсбегі,атбегі қатарлы өнерлі адамдарға
апарып шәкірт болдыратын. Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп,алғашқы қадамын
бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын.Ұлттық тәрбиеде:«Өзімізді-өзіміз
тәрбиелейміз»-деген қағида бар.Онда:«бек ұл,пәк қыз», «айдарлы ұл,тұлымды қыз»,
«иманды ұл,ибалы қыз», «айбарлы ұл,ақылды қыз», «батыр ұл,батыл қыз»,«ісмер ұл,істі
қыз», «ер жігіт,есті қыз»,«шешен жігіт,ақын қыз» «өрелі жігіт, өнерлі қыз», «Қазақ
жігіт,Қазақ қыз» «ұлықты ұл, қылықты қыз», «аяулы азамат,асыл жар», «Намысты ұл,өрелі
қыз», «Ақылды жігіт,арлы қыз», т.б. қатарлы ұл,қыздарды өздері тәрбиелеп келгендігін,
орысты, қытайды және де арабты әкеліп немесе оларға апарып тәрбиелетпегені көрсетілген.
Бұл қағиданың екінші мағынасы: бала тәрбиесі,жеке дара отбасының міндеті емес әулет,
ауыл, ру, тайпаның барлық мүшесіне ортақ міндет, парыз екенін көрсетеді.Сондай-ақ, бір
50

50.

әулеттің өзінде бала неғұрлым көп болса, тәрбие татымды болатындығын анғартады.
«Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз»-дегені,ағасы-інісін,әпекесі-сіңлісін, үлкені кішісін тәрбиелей алады деген сенім еді.Осы негізде,көп балалы отбасын,ананы ардақтау салты өмірге
келген.(«Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,екі баласы бардың арты бар да,алды
бар,үш баласы бардың-Орынборда жұрты бар,төрт баласы бардың -Қарғалыда құты бар,бес
баласы бардың-Қазанда қазынасы бар,алты баласы бардың -Мекержада малы бар!» «Алты
ұл тапқан ананы, ханым десе болады,жеті құрсақ көтерген ананы жаным десе болады»,
«Мал таппайтын еркек болмайды, құрарын айт,бала таппайтын әйел болмайды,тұрарын
айт» дейді халық. «Жақсы ұл тапқан ананы жаным десе болмай ма,алты ұл тапқан ананы
ханым десе болмай ма» деп ананың сол ауыр да ардақты үлесін бағалай білгендікті
аңғартады. Сондықтан, «атасыз жетім- жарты жетім,анасыз жетім- бүтін жетім»,-деген.)
«Бала тәрбиесі-баршаның ісі»- деген қазақ тәрбиелеу қағидасы осы негізде өмірге келіп,
тұрақтанған. Осы күнде,бала өзін-өзі тәрбиелейді немесе өмірге келісмен отбасы,
балабақша тәрбиелейді,олардың тәрбиелік үрдісін тереңдетіп не олардың жіберген
қателіктерін жойып, мектеп қайта тәрбиелейді деген ұғым қалыптасқан. Қоршаған орта мен
қауым осы шақта көмекке келу керек деген ұстаным айқын басымдылық алған.Бұл жағдай,
қазақ қауымында бүгіндері жүріліп жатқан тәрбиелік амал-тәсілдерінің, іс-әрекеттер мен
шаралардың ауқымынан анық аңғарылады. Олардың ортақ уәжі: «Отбасы-шағын мемлекет
дейтін болсақ, әрбір отбасы құралып қоғамды, сол арқылы іргесі берік елдің негізін
құрайды.Иманды, ұлтжанды отбасыларынан құралған қоғам сыртқы күштердің бүйірден
келіп тиген соққысына болсын, іштен құрту пиғылындағы жымысқы әрекеттеріне болсын
төтеп бере алатын күшке ие болады.»Иә,сөз жоқ,орынды пікір! Бірақ,жаттанды ой!
Бүгінгі,қазақ қоғамы-иманды, ұлтжанды отбасынан құралып тұрған жоқ қой. Бұрындары
бір отбасындағы тәрбиесіздік бір рулы елдің сүйегіне түскен таңба болған.Жеке жүріп адам
өмір сүре алмасы белгілі. Бақытты, бейбіт елде өмір сүруді қалаған жан өз отбасының
тәрбиесіне, әсіресе ұрпағының имани тәрбиесіне көңіл бөлетіні анық.«Иманды бол» деп
үлкендер бата беріп жатады. Бірақ сол имандылықтың жолын үлкендер жастарға, ата-ана
балаларына көрсете алып отыр ма? Мүлдем жоқ демесең де,күмілжіп қалатынымыз
рас.Әулет мектебінде тәрбиенің екі түрі өте басым болған.Ол,әуелі-имандылық,екіншісіәдептілік. Бүгінгі күнде от басында болсын,мектепте болсын, қоғамдық орындарда болсын
жетпей тұрған,тіптен ескерілмей қалған осы екі тәрбие. Оның себебі,тәрбиелеуді
«тәрбиелеу туралы білім берумен» ауыстырғандықтан болған.Имандылық пен әдептілік
дағды-машық игерту арқылы бойға қонады.Жұрттың бәрі білетін, «қызға қырық үйден,ұлға
отыз үйден тиым»-деген тәрбиелеу ұлттық жолы бар.Бүгінгі күндері осы «қырық-отыз
үйлерің» қайда?,нелер?,кімдер? Олар тыйым қоя алып жүр ме? Ойлану керек- ақ!
Қазақтың тәлім-тәрбие үрдісіндегі ең қызықты қағида-тәрбие біртұтастығы туралы
ұғым.Ол бойынша адамда бір ғана тәрбие бар.Адам не тәрбиелі болады,не тәрбиесіз болып
өседі.Тәрбиелі адамды жақсы(көргенді) кісі, тәрбиесіз адамды жаман (көргенсіз) дейді.
Орташа, нашарлау,тәуір тәрбиелі адам немесе социалистік педагогикадағы тәрізді адамды
саяси тәірбие,дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбие т.б. (осылай жіктегенде бір адамда 18-20 түрлі
тәрбие болатын сияқты!)деп шашыратпаған.Алайда сезімдер мен түйсіктерді,ақыл-ой
зерделігін, парасаттылық дәрежесін, адамдық асыл қасиеттерді ажырата білген.Баулау мен
жаттықтыру жолына, құралына негіздеп еңбекке баулау, дене шынықтыру, табиғатты
аялау, ақыл-ой,зердесін ашу әрекеттерін кең көлемде жүргізіп,жан-жақты қарастырған.
Біртұтастық қағида бойынша тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай келген, орынды амалтәсілдермен жүргізілген қандай да бір,тәлім-тәрбиелік іс-әрекет жас ұрпақ бойына барлық
қасиетті бірдей сіңіре алады.Мәселен,ойын ойнатсаң да отаншыл сезімін оята аласың,өнер
үйретсең де адамгершілік асыл қасиетке қол жеткізесің,жыр жаттатсаң да ақыл-ойын
дамыта аласың дейді. Тек,қазақ тілі арқылы да тұлға қалыптастыруға болады екен.
Сондықтан да қазақ атамыз: «Ей,балам!Балаларыңды ата тегін,ел тарихын,шежіресін
білетін,елін қадірлейтін елжанды, ұлтын сүйетін ұлтжанды,туған жерін қадірлейтін
жержанды етіп шығар» деген өсиет қалдырған.Осы өсиет орындалса,олар жан басынан
51

51.

табылса,адамгершіліктің басқа қасиеттері, әрқашан,оларда қалыптасқан деп сенуге болады.
Әулет педагогикасында мұндай қағидалар бір шама бар.Кейбірі-кей өлкеде ұмыт та
болған. Ескерілмей, ұстан-ылып, басшылыққа алынбағаны да жетерлік .Ал,жалпысынан
алсаңыз,ана мектебінің бүгінгі түрлері мен жаңарған қалыптарында,ешкімге тәуелді
болмай қолданыс тауып отырғанын,оның да заманға сай жетілгенін көре аламыз.Тағы бір
таңқаларлық жағдай, ешкімнің билік нұсқауына мұқтаж болмай,қазақ жұртының тұрмыс
салтына түбегейлі орнығып, дара заңдылығымен әулет педагогикасында салтанат құрып,
ықпалы мен әсерін көрнекті түрде көрсетіп отыр.Мысалы;қазақтың әулет мектебінде
ұстанған өмірлік қағида бар:1.Басты жауың–жалқаулық, сорлататын жаныңды.
2.Осалдығың – аңқаулық, соқтыратын саныңды.3.Жасқаншақ болсаң, ұры алар қоралап
қойған малыңды.4.Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды.5.Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
жоғалтасың арыңды.6.Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды.7.Көпірме босқа
мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды.8.Көрінгенге жалпақтап, бола алмайсың жағымды.
9.Біреуді алдап арбаумен, аша алмайсың бағыңды. Мұны жігіттің тоғыз жауы деп
атайды.Бұл қағиданы басшылық етпеген жігіт,өмірден таяқ жейді,азады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ожегов С.И. Словарь русского языка. — М.: Изд-во «Азъ»,
2.Большой энциклопедический словарь— М.: Просвещение, 1997.
3. Энгельс Ф. »Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы», Алматы, 1984
4.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002
5. Латышина Д.И. «История педагогики» М, 2003
6.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006
7.Кенжетай Д. «Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы» – Алматы, 2008.
8.«Яссауи әлемі» журналы, 2010, №3-4(5) – 102б.; 2011, №2 (7) – 74б.
9.Мысли и высказывания знаменитых людей о семье и браке, матери и материнстве, отцах
и отцовстве, о семейном воспитании.+[ЭР]. Режим доступа: http://vscolu.ru/articles/vyskazyvaniya-znamenityx-lyudej-o-seme.html
10.Баймуканова М.Т. Социально-педагогическая работа с семьей: Учеб. пособие. —
Қараганда: Изд-во КарГУ, 2004. — 115 с.
11.Сухомлинский В.А. Родительская педагогика. — Новосибирск: 1985. — 224 с.
12.В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы.
А.1983
13.Азаров. Ю.П. Отбасы педагогикасы.
Москва, 1985
14.Ахметов Ш.Бала тәрбиелеу қазақ дәстүрі
А.1966
15.Х.Арғынбаев Қазақтың отбасылық дәстүрлері
А. 2005
16. Әлімбаев М.Халық-ғажап тәлімгер
А.1994
17.Аймауытов Ж. Психология
А.1995
18.Әленұлы Ш.Халықтық тәрбиенің тағылымдары
А.1998
19 .Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы-тәрбие қайнары
А 2002
20. Бөлеев Қ. Қазақ отбасындағы отбасылық тәрбие.
А. 2008.
21.Ана мектебі
Улаан-баатар
2012
22.Жеңге және жезде мектебі [ЭР. РРҒ онлайн презентация.Ust kz.] Улаан-баатар 2013
23.Жұмабаев М. Педагогика
А.1992
24.Қ.Жарықбаев,С.Қалиев Қазақтың тәлім-тәрбиесі
А.1995
25.Жарықбаев Қ.Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі
А.2005
26. Меңжанова Э. Мектепке дейінгі педагогика.
А.1992
27. М.М.Тілеужанов.Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері.
Орал, 1992
28.Ә. Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы
А. 2004
52

52.

Бірінші бөлім.Әулет педагогикасының арнайы оқулары
2.1§. Әулет мектебінің әлеуметтік пәндері
Әулет мектебінде оқытылатын пәндердің ішінде «Сөз өнері» ерекше дараланатын,әрі жанжақты дамып, кемелденген.Себебі, бұл пән адамғұмыры бойында оқытылатын, тілі шыққан
сәбиден бастап қарттарға дейін қатыс-атын,ұстаз бен шәкірт жасына шек қойылмайтын,аралас тыңдаушылары бар,ұстаздары да әрқилы сабақ.Әр қазақ бұл пәнді игерту үшін
әулет мектебінде әрі ұстаз,әрі шәкірт. Ал,ата-ана,әке-шеше,құрбы-құрдас ,құдай-қонақ,
құрметті жолаушы,ел кезген диуана,әнші-сері, ақын-жырау,күйші-қобызшы кімде-кім
болсын осы пән сабағына қатысып, ұстаздық етуге міндетті,әрі борышты,жауапты болған.
А.Сейдімбеков:«Егер ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол
рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы?!-деген сұрақ. қойылар болса,онда алдымен
сөз өнері,музыка өнері және қолөнері тілге оралар еді».-дейді. Осы үш өнерді жас ұрпақ
әулет мектебінде оқып үйренген «Өнер алды-қызыл тіл» деп маржан сөздің қадірін терең
түсіне білген халқымыз:«Сөз өнері» пәнінің оқытылу,үйретілу әдістемесін адамның жас
ерекшелігіне үйлестіріп тамаша жасаған.Мәселен сәбидің аузынан шыққан дыбыстарды
икемдеп сөзге келтіру үшін сұрамақ, санамақ, және таныстыру тақпағын пайдаланса,
бұрмаланған сөзбен дыбыстарды түзету үшін мазақтама, жаңылтпаштарды қолданған.Осы
сияқты тіл дамыту,тіл ширатудың көптеген құралдары мен тетіктерін өмірге енгізген.
Балалардың ойлау қабілетін дамытып, зерделеу дәрежесін көтеру үшін жұмбақтар мен
өрнек сөздерді,сөздік ойындар мен әндердің нелерін ойлап тапқан.Осы пәннің жүйелі әрі
үзіліссіз оқытылуы арқасында әділдігі қара қылды қақ жаратын,ердің құнын екі ауыз сөзбен
шешетін майталман шешендер,от ауызды орақ тілді сөз зергерлері,суырып-салма ақындар
қазақтан ғана шыққан.Ал,кәсіби маман сөз зергерлері өсіп жетілуге қажетті, ақындармен
шешендердің ерарнайы мектебі де халық арасында болған.Айталық,көне ғасырларда өмiр
сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн,
ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан
халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы,қуаныш-сүйiнiшi,келер
ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған.Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие
мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды. Қазақтың тәрбие мектебi-ақынжазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым
сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы,ішіп жеген ас суы,киген киімі,баспанасы
т.б. болғаны баршаға белгілі. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi,
ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiктәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. «Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа
мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.Біріөмір,заман жайын терең толғанатын шешендік, фәлсафалық,данышпандық мектеп. Мұның
аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асанқайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың
қолына тиді.Екіншісі-өле-өлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария-даңғыл
жыраулар мектебі» (М.Жолдасбеков) Талантты жастарды сөз өнеріне баулитын әдіс-тәсілі,
ынталандыру құралы,олардың еңбегін бағалау жолы бәрі бәрі де қалыптасқан.Талантты
жастар сана ілімінен ешқашан кенже қалған емес.өмірден алар несібесін қашан да ала
білген.Шын өнер иесіне оны қоршап,қолдап, оқытып баулитын орта қазақта қашан да
болған-ды. «Сөз өнері» пәнінің мазмұны тереңдеп,оқытылу амалы жетілуіне
өткізу,ұйымдастыруына еркіндік,бостандық қажет болған. Сол себепті әулет мектебініңі
барлық түрлері, ғұрып- дәстүрлік рәсімдер толық пайдаланылған. Мысалы, бастаңғы
жасау,ұйқы тастау, сірге жинар,төстік қаптар т.с.с. барлық ұлттық ғұрыптарды атқару ісәрекеттері «Сөз өнері» пәнімен ұласып,бірігіп жүргізілген.Сөз бостандығы-сайын далада
еркін өскен ер халық,сері халықтың ең озық жетістігі болған. «Бас кеспек болса да тіл
кеспек болмау» себебі осында жатыр. Осы пәннің оқытылуы нәтижесінде жалпы
қарапайым халық мынандай қасиеттерге ие болған.:бір-бірінен көргенін көз жазбай үйре53

53.

ніп,жадында ұстайтын,естігенін лезде жаттап алатын,өзінің ойын, білгенін біреуге жедел де
жеңіл түсіндіре алу,қараңғы түн,ну орман,ақборан,құм дауыл сияқты табиғат құбылыстарына тап болғанда өзін-өзі билей алатын,бағыт-бағдарын дұрыс жобалау т.б.Мысалы,
күйді,әнді бір рет тыңдап нотасыз бәз қалпында қайталап,сол қалпынан ауғысыз орындай
алу, сызбалық ешбір құралдарынсыз неше түрлі ою-өрнектерді симметриялы түрде
сызатын,екі адамның сөз қағытпасын, айтысын,өлең-жыр,терме,арнау,толғауын күй-таспа,
күй-табақ,бейнетаспасыз,тіптен,жазып хаттамай-ақ, құймақұлақ-тар қағып алып,зейінде
сақтаған.Кей ұлт өкілдері сияқты 2000-6000 жолдық жыр өлеңдерін жаттап алып,кез-келген
жерінен ауызша айтып беретін қазақтар да көп болған.Бұл туралы бүгіндері ғылымның
жеке саласы дамып, қазақтың ежелден шешіп қойған амал-тәсілдерін,әдіс-айласын шыт
жаңа проблема етіп көтеріп жүр. «Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына»
жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды.Сөзді орынды қолданып, дұрыс
керектене білсек,ол адам жанын балқытып,жүрегін тербеп,ет жүрегін елжіретер тәрбие
құралына айналады. Осыны аңғарған поляк жорналшысы А,Янушкеевич: «Қазақтардың
ақыл-ой қабыл-етінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде.Сөздері қандай жеңіл!
Әрқайсысы айтайын деген ісін түсіндіруге де,қарсыласының дәлеліне тойтарыс беруге де
шебер, тіпті, балаларының ақыл-есі де тез жетіледі»- деп жазды[ ] .
Әр ұрпақ өкілдері адамдардың бір-бірімен қатар өмір сүріп,жұмыс істеп,бірге демалып
қана қоймай, өндірістің, қоғамдық өмірдің,ғылымның өнердің, тәрбиенің күрделі
мәселелерін бірлесіп шешеді.Өмірлік маңызы бар осы мәселелерді бірлесіп шешу
барысында әр түрлі ұрпақ адам-дарының әлеуметтік-психологияық айырмашылықтарының
салдарынан олардың өзара түсінісуіне кедергі жасайтын қиындықтар аз болмайды.
Қоғамның осы тектес маңызды әлеуметтік мүдделерін шешу үшін ғасырлар бойында қазақ
халқы адамгершілік-әдептіліктің тамаша ережелерін қалып-тастырған.Мәселен,үлкенге
құрмет көрсету,кішіге ізет ету- қазақ әдебі.Мұндай үлгі-өнеге нұсқалардың қалыптасуына
қоғамдық сананың құқықтық пәлсапалық, діни т.б. әсері тым күшті болған.Біздің арғы
тегіміз,түп-тұқиянымыз халық болып қалыптасқанға дейін және онан кейін де,көптеген
наным-сенімдерді жүрегінде сақтап,оларға шын ықыласымен сенген,ден қойған.Ең әуелі
көзіне көрінген,қолы жеткен айналасындағы денелер мен жан-жануарлардың ерекше
түріне,бітім болмысына тәубе еткен еді,Мысалы, Көкқошқар,Ақсерке сияқты үй
жануарларын, үкі,бүркіт, сұңқар тәрізді құстар мен оның жеке мүшелерін (тұяғы, тұмсығы,
қанаты, қауырсыны) қасиет тұтса,жеке өскен ағаш,биік шоқы тас, төбе, асқар шың,
Ай,Күнге табынды. Тәңірге,аруаққа,Аллаһқа сыйынды. Қазақ халқы тотемдік сенімдерді
басынан өткізді,исламды ертеден (ҮІІІ-ІХғ.ғ.) қабылдады.Мұның бәрі адамзатқа ортақ
көптеген үлгі-өнеге, нұсқа,қалыптарды өмірге әкелді.Осыларды жас ұрпаққа игерту үшін
қазақ халқы.«Өміртану» (Кей өлкеде «Кісілік кеңес» аталады.) атты пәнді әулет мектебінде
оқытты.Оның «Адамды сыйлау» деген жалғыз ғана тақырыбын алып көрсек;үлкен мен
кішіні сыйлау,ана мен баланы сыйлау, кемтар мен кемшін,жүргінші жолаушы, жоқшы мен
жаушыны сыйлау,елші мен құрметті қонақты сыйлау,туыс пен бейтанысты сыйлау қатарлы
көп салалы екенін байқаймыз. «Кісілік кеңес»пәнінің қамтыған арнасы да ауқымды..Ең
басты екі тарауы-имандылық пен әдептіліктің дағды мен машығын игерту болған.Түр
сипатына келсеңіз;әке мен ұлдың,шеше мен қыздың, сыбырласып, күңкілдескен кеңесінен
бастап,ауыл ақсақалдарының ақылда-сып, мақұлдасқанына дейін,қаласаңыз,халық болып,
ел жұрт болып, Көктөбенің басында жасаған кеңесіне дейін қамтыған аумақты басқосуларға
барып қосылады.Қазақта жеке отырып та,жаңғыз қалып та,өз жүректерін өздері
тыңдап,іштей толқып сырласатын шақтары да бар.Түрік жұртында бектері мен
қағандары,хандары мен сұлтандары, төрелері мен билері, шешендері мен ақылмандары бас
қосып кеңесетін жұмбақ сырлар мен кеңестер де болған.Отбасы ошақ қасынан тым
алшақтап кете алмағанымен абысын-ажын, ене-келін, күндес-мұңдас кеңестері,қысыр
қеңес,кемпір кеңесті де біздің қазақ ұмытпайтын.Тіптен,нағашы-жиен, жезде-жеңге, құрбықұрдас кеңестері мен сұхбаттарының өзі тәрбиеде ерекше орны бар- «Кісілік кеңес» пәнінің
бірер сабақтары болатын.Келелі кеңес-мәнді де, мағыналы сабақ. Осылардың ішінен
54

54.

имандылық және әдептілік туралы кеңесті ерекше талдап көрелік..
Имандылық –адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір
қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік,
кісілік белгісі.Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов
пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында;-қазақ елі ұйымшыл, ері
жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен.
Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен »дейді.«Адамгершілік»-адам бойындағы «ізгілік»,«сыйластық», «инабаттылық», «кісілік»сөздерімен-мәндес.Ұлттық тәрбие ілімінде адамның жағымды мінез- құлықтарын осы
ұғымдардан таратады.Мінез-құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге
болады: адамды сыйлау, ар-ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету
т.б.Адамгершілігі ар-ұяты бар адамның бет бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы өзі
парасатты келеді.Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының
ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес,ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық
салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің
аясында сенім мағынасымен қатар, барлық асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық,
жомарттық, шыншылдық, адалдық, мейірімділік, кішіпей-ілділік т.б.) қамтитын түсініктер
көрініс тапқан.
Бұрынғы дуалы ауыз аталарымыздың сөйлеген сөздері мен істеген амалдарынан
имандылықтың желі есіп тұратын. «Жастары иманды елдің - болашағы зор» - деген
Ж.Баласағұн. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олар-дың ар-ұятын оятып, намысын
қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты
әдеп-тік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру-әрбір отбасының, балалар
бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы. Адамның жарық дүниеге келуі,
өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен
кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер
имандыл-ықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру
салтына айналған.Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу
дағдылары жинала келіп,барша адамгершілік қағидалардың,имандылықтыңжазылмаған
кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап
өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық
жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған.Адамгершілік
пен имандылық.Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп келеді. Өйткені
адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие. Дінге сенуге
байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін
ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен
мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды
адам дейміз. Иманды адам-айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық
ойлайды, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады,
әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет
бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді. Егер бұл екі сөздің беретін мағынасы
іс жүзіне асса әрбір адам, қоғам, мемлекет баянды,берекелі өмір кешкен болар еді. Мұндай
сипатқа қоғамды, жалпы жұртшылықты ие қылу, әрине оңай шаруа емес. Дегенмен көп
уақыт алса да,бұл сипаттарға қол жеткізуге болады. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен
ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік,
мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын
жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы,екінші-ырысының
тұрағы, үшінші-дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.Имандылық қасиеттің сырына
тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен.Ол,
55

55.

біріншіден, наным-сенім, дін.Имандылық мағынасы иман сөзінен бастау алады. Тілімізде
иман сөзіне қатысты иман жүзді, иманды адам, иманы бар т.б. бірнеше тіркестер бар. Иман
сөзі - ‫« اإليمان‬әл-Иман» араб тілінде «сенім» деген мағынаны береді. Яғни, иман келтіру, шын
болмысымен сену, илану.Аллаһтың жалғыз екендігіне, оның пайғамбарларына,түсірілген
кітап-тарына, ақырет күніне шынайы сенуді білдіреді.
Біз, мұсылман халықтары, көбіне-көп Пайғамбарымыз өмір сүрген заманнан, сол
бақыт ғасырынан үлгі аламыз.Мұсылманшылық келмей тұрып,Араб түбегіндегі бүкіл
дүниеде бұл сөздердің мағынасына аса мән берілмейтін,тіпті қоғам бұл сөздердің беретін
мағына-ларына қарсы мағынадағы амал-әрекеттерге толы болатын. Сол кездің өзіңде, әлі
Пайғамбарлық келмей тұрып-ақ Мұхаммед әрбір ісімен жұрттың назарын өзіне аударып,
турашылдығы мен әділдігі және сенімділігі арқылы «тура, дұрыс, сенімді адам» деген
бірнеше мағына беретін «мин» есімін алған болатын.Көпшілік оны «Мұхаммедуләмин» деп
атайтын.
Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де,пайғампарымыздың үлгілі
адамгершілігі мен имандылығы басына қонған,тура да әділ,иман жүзді,сенімді,ру тайпаның, ұлт қауымның ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын,хан-қаған,батыр-ер,шешенби,сал-сері,дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті.Солардың қазақ халқына
қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық қағидалары мен ұстындарына
етене араласып,тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә.
Адамдар қай дініне, қай ұлттан, қандай тектен шықса да Ислам діні олардың бәріне бірдей
қарайды және өмірлерін баянды өткеру үшін белгілі тәртіпке, қағидаларға сүйенеді.
Исламдағы тәртіптің адамзат үшін еш зияны жоқ. Жоғарыда атап өткен сөздердің сөздердің
мағыналарын адам саналы түрде ұғынып, көңіліне орнықтыру және өмірге енгізуі тиіс.
Сенімділіктің беретін мағынасы: аманатты, яғни адамға берілген материалдық және рухани
игілікті қорғау, оларға игілік ете алу дегенді білдіреді.Әрине, бұл сипаттың адам бойында
қалыптасуы адамға материалдық және рухани жағынан белгілі бір күштің, қуаттың әсер
етуімен болады.Адам әрдайым бақылауда екеніне, әрбір жасаған ісі үшін жауап беретініне
сенуі тиіс.М.Жұмабаев "Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп,оның
махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгі-лікке ұмтылып, жауыздықтан безбек".Бірақ
мұндай әдеп нормаларын зорлықпен қабылдату да мүмкін емес. Әрбір адамның басына бір
күзетші қойсаң да, бар адамды сабаз-дық пен сенімділік аясында тұрақты,әрдайым ұстай
алмай-сың. Әркімнің жауапкершілігі өз ұжданында ғой! .Адамгершілік-ол рухани
жетістіктің жоғарғы сатысы әрі имандылықтың көрінісін білдіреді.Қайсібір ұлт оқутәрбиеде, ұрпақ өсіруде, әдет-ғұрпында дінін сақтайтын болса, сол ұлттың болашағы да зор
болмақ.Ұрпақ өнегелі тәрбиеленетін болса ұлтына деген сенімі нығая түседі.Адамның ісәрекетінің, сөзінің тура бол-уы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады.Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бой-ында бұл сипаттарды
қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар
адам жалған сөйлемейді, алдамайды,аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік
айтқызбайды,өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар адам,Алла
тағала мені әруақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің
мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге
құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылман-дылықтың бес парызын толық
орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие
болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі-бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы
адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен имандылығының
қалыптасуы -өзінің нәпсісіне ие болуы. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға
аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ.Халқымыз сырт көзбен емес,
жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген.Иман-қазақ халқының
рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді
ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.Барлық бетболмысының, мінез - құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай; Кімде болса
56

56.

шын мінез, Болмас онда екі сөз. Өлтірсе де көзбе – көз Иманын сатып алмас бөз, –
дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды
бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса,
«бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де
сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі
имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл»
деп ат береді: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп Және хақ жол осы деп әділетті.
Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді
жақсылыққа үндеудегі көптеген ой-пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны
шындық. Кешегі «...біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол
қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін
имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн
деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ
.Екінші,тірегі-әдет-ғұрпы,салт-санасы.Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке»
дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі-салтынан, әдет-ғұрпынан
қол үзбеген жұрттың, кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым –зерттеушілерді
тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі-ана тілі. Ананың бал әлдиімен
бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың
ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.
Міне, осындай басты-басты үш қасиетті берік ұстаған ата-бабалар біздерге, кейінгі
ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә,
келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «атабабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең,
әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді
екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік.(Мұхит
Төлегенов) Иә, атамыз қазақ ежелден мәдениетті, байсалды, ұстамды, әдет-ғұрпы белгілі
бір жолға түскен, ұлттық сана-сезімі бар иманжүзді халық. Сол кездегі жастарымыз
үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін бағалай білетін иманы
жоғары жандар еді. Соның да нәтижесі болса керек, ел ақсақалдары тәрбиелі бір қызметті
бітіргенде немесе бір қайырымдылық іс жасағанда: «тәңірі жарылқасын», «иманды бол
шырағым», «көп жаса», «көсегең көгерсін», «жаныңа жамандық бермесін» деп, тілек
айтушы еді.Тіпті сәбилердің ізгілі ниетін көргенде: «Таудай бол!,Молла бол!...»-деуші еді
ғой! Абай атамыз айтқандай, «біздің ақсақалдарымыз-тіл ұстартушылар, қартайса да, қайғы
ойласа да, ұйқысы сергек болса да-ұлы армандар иесі».« Жиғаныңа сенбе-иманыңа
сен.Иманды адам-арлы адам.Имансыз адам- сорлы адам. Үстіңнің кірін-сабын
кетіреді,Жаныңның кірін-иман кетіреді»,.«Имандылық қастерлі қасиет» «Имандылықинабаттылық айнасы»«Имандылық – ізгілік негізі» Ал, халық- қазір сөйлеу тіліміздегі
сіңісіп кеткен ұғым бойынша ұлы педагог, яғни, сан ғасырлық қалыптасқан қазақы ұғым
бойынша, «ұлы тағылым иесі». Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған
тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден
айырылып қала жаздадық.Тіліміздің шеңбері тарылып, дініміз аяққа таптал-ды.Ұрпақтарымыз мектептерде, тіпті, отбасында да еуропалық деңгейде тәрбиеленетін болды. «Дінулы апиын» деп, халықты оған қарсы қойды. Имандылық иірімдері жойыла бастады..Ал
иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен
адамға бітетін көркем мінез.Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен
имандылыққа уағыздау деп саналған. Адам-Аллаһтың көркем түрде, ерекше махаббатпен
жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде
адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды. «Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау
қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер» (Нахыл сүресі, 78 аят). Адам-ардақты жара57

57.

тылыс. «Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де
көліктендірдік.Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық» (Исра сүресі,70 аят).Ардақтылығысол
Аллаһтың бұйрығымен әлемдегі бүкіл жаратылыс адамға сәжде қылады (лағнет шайтаннан
басқа). «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу
сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келуші-лерден болды» (Бақара
сүресі, 34 аят). Аллаһтың алдында керемет жоғары дәрежеге ие адамның қасиетсіз, қадірсіз
атануы мүмкін емес. «Атымды адам қойған соң,қайдан надан болайын!(Абай) Сол дәрежеге
лайық болуы үшін адам өз бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек. Барлық ізгі
қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі
адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамгершілік адамға ғана тән сипат.
Әрбір ақыл иесі бойындағы адамгершілікті басты ізгі қасиет деп санаса, сол
адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналады. « Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.»
(Ж.Аймауытов)Иман амалдарының бірі-ұялу.Бұл мінез адамды жақсылыққа бастайды,
жаман істерден алыстатады.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде:«Иманның алпыстан астам
тармағы бар,ал ұят-иманның бір тармағы» деген. Халықта «ұят кімде болса, иман сонда»
деген мақал да бар. Ендеше, сол ұят сөзіне терең зер салып көрелікші. Қазақ балаларын «ұят
болады» деген бір-ақ сөзбен ұятсыздықтан тиып, имандылыққа тәрбиелеген. Қазірде осы
сөздің мәні қалмай бара жатқан секілді. Ұят болады деген сөзді ұқпайтын жастар бар.
Ал,тәрбиелеу ұлтық үрдісінде-«Ұят арқылы тәрбиелеу»-деген арнаулы жол да бар.
Пайғампар(с.ғ.с.): «...инабаттылық дініміздің(бір) тармағы,»болатынын айтып: «Инабаттылық тек ғана игілікке бөлейді»-деген.Иба игі қасиеттердің біріне жатады. Тәрбиелеу
қазақ ілімінде жас ұрпақты ұят арқылы тәрбелеу жолы көрсетілген,әрі оны өте ұқыптылықпен жүзеге асырған. «Өлімнен ұят күшті» деп түсінген халық, «анау мынауды
білгенше,жақсы мен жаманды біл ажыратып, немесе «кінә мен күнәні,сауап пен обалды»,
«жанашырлық пен қатыгездікті» ойласаңшы бетін ашып»- деген ғой. Адамның ұяты
бетінде,адамгершілілігі-ниетінде дейтін аталарымыз-ұят деген киелі абыройдан аттамауды
ерекше ескерткен. Ұят-ізгіліктің ұясы,инабаттың ырысы. Ұяты жоқ адам-ұясыз құстай.Есті
бала ұяттан қорқады, ессіз бала таяқтан қорқады.Қыз баланың қимасы мен қымбаты-ұяты
мен ибасы.Осы негізде қазақтың биязы, нәзіқ сұлу арулары,аяулы қыздары өмірге дайындалған жоғарыда айттық.Сондықтан да,ол қағиданы заң деп түсінген қазақтар қыз тәрбиесіне ерекше мән берді. «Қыз өссе елдің көр кі»,«Қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар ауылдың
қызығы бар»-деп білген халқымыз,оларды ерекше сыйлап: «Қыз-қонақ»-деп,төріне отырғызды, мәпелеп бақты, «қыз қылығымен»-деп ибалы,инабатты бойжеткен тәрбиелеу ісі
сахих хадистерге сүйеніп жүргізілгендіктен өнегелі болды.Оларға арнап талай қызықтар
мен ғұрыптарды,мерейі өссін деп неше түрлі мерекелерді жасады. Киім-кешегінен тартып,
жасауына дейін жабдықтады. Рухани қасиетті білдіретін «Ұят»(хаййа) сөзінің мағынасы
жиіркенішті әрі келеңсіз қылық жасау арқылы жаман атқа иелендіруден адамдарды сақтандыру болғандықтан,харам етілген күнәлі істерден бойыңды аулақ салуға үндеу болмақ.Иба
игі қасиеттердің біріне жатады әрі адам негізінен осы сезім-нен аттамау үшін ұят істерден
қашып керісінше игі істерге ұмтылуы қах. Пайғампарымыздың(с.ғ.с.) айтқандай:«Иба
жаман амалдарды жасаудан сақтандырады,осы қасиеттен ада адамдар білгенін істеп,
ұятсыздыққа барады.»Қазақ ұғымында,иба қанымызға. сінген,ұлттық мінезіміз.Ол ұл
қыздың қайсысына болсын ортақ құндылық.Бұл қасиеттің осындай сипатын мұсылман діні
де қуаттайды.Ол бойынша,иба-кейбір адамның дәлірек айтқанда,Аллаһ Тағаланың сүйген
еткен кіршіксіз таза рухани тазалықпен ерекшеленетін бел-гі.Сондықтан әлгіндей туа
біткен қасиеті барлар күнәлі істен бойын аулақ салып, ұнамсыз қылықтар мен әдеттерге
қарсы күресе алады. Осылай иба имандыға тән игі іс.Ал, Пайғампарымыз (с.ғ.с.): «Ибаиманнан»-деумен қатар өзі де беті ашылмаған жас қыздай ибалы болған екен. Халқымыз
«иманды ұл,ибалы қыз»,тәрбиелеу барысында, осы белгілері кемшін және жүре бүлінген
ұрпағын да, жібек мінезді, нәзік ибалы, үлбіреген бүлдіршін қатарына қосып алатын
58

58.

пәрмені,амал айласы болған.Ислам діні де бұл жолдың бар екенін көрсеткен,оған өткен
тарих дәлел.Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайындауда,.қазаққа, ислам
дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан,неке, қию, қыз ұзату, келін түсіру
қазақ салты,ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал
бозбала,бойжеткен имнды ұл ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды.
Әдептiлiк. Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен
адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының
практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық
астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың
әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс.Мәселен, суды
ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу,
құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк Әдеп сақтау-халықтық рәсiмге,ата
тегіміздің жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi
құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. «Адамның ең биік
жетістігі – адамдық борышты атқару» (Н.Мандела)“Әдептiлiк-әдемiлiк”дейдi халық.Яғни,
әдептiлiк,iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан
ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап,
өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған. Әдеттер физиологиялық
тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының
тек оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған
алаптарында да пайда болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi
тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық
ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең-тағдыр орасың”.Әдет адамның
мiнез–құлқының фундаментi болып табылады.Әдет негiзiнде мiнез қалыптасады. А.С.
Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен. Әдеп
адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бермейді. Әдептердi белгiлi бiр мағынада
бiрнеше топқа бөлуге болады.Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әр-қашан шын
сөйлеу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).Мәдени мiнез-құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi
сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б). Гигиеналық әдептер:(таза жүру, қол жуу т.б) еңбек,
ақыл-ой әдеттерi.Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа
бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский:“Жақсы әдет өсiмге берген ақша,
адам өмiр бойы оның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет-борыш, адам өмiр бойы сол
борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi. Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне-бiрi қарсы екi күш
болады.Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады Фараби бабамыз, "Бақытқа
жол сілтеуінде" былай дейді: "Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-бұлар адамшылық
қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе,біз өз бойымыздан және өз
әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі
игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінезқұлқымыз мақтаулы болады.Біз мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүретұра пайда болады дейміз.Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы немесе
жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі
мүмкін.Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың
арқасында бір мінез-құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсеәдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт
қайталануын айтамын.Мінез-кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары
сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебержазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап
машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы дәл осындай.. Абзал әрекет
жөнінде де істің. жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның
өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет.Адамда
белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын
алулары керек». Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет- пердесі, мінезі мен жүрістұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері еді. Фарабидің пікірінше,тәрбиеге көнбейтін, жөн59

59.

деуге, түзетуге келмейтін жас болмайды Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау
керек." 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге
ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама. Ал,Ж.Баласағұн: «Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда,
Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма.Ұл-қызыңа әдеп үйрет,білім бер.Қос жалғанды бірдей
көріп, күлімдер. Бала өсіргің келсе дана жүректі, Қатты ұста,үйрет білім ізетті.» Адам
баласы жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері, ол,табиғатпен және өзара қарым
қатынас жасады.Осы негізде жалпы адамзаттық және жеке ұлттық инабаттық қалыптар
пайда болып,дамып жетілді«Мораль және этика» деген атаулар бір мағыналы грек, латын
сөзінен шыққан. Философия «моральды» адам жүріс-тұрыс әдебі туралы қалыптасқан
көзқарастар жиынтығы десе «этиканы» оның тоеориясы немесе үлгі-өнеге туралы ілім деп
түсіндіреді.Бұқара қауым өз қалауымен ешкімнің қысымынсыз,азаматтық мақсат-мүддеге
сай келетін қазаққа ғана тән (біршама қалыбы баршаға ортақ) әдептілікті,әдеп сақтау
жүйесін қалыптастырған. Ал,ұлттық тәрбиенің мәні мен мақсаты; әдептілік пен әдеп сақтау
қазақ жүйесін ұрпақ бойына сіңіру әдіс айласын жолы мен жосығын,құралы мен тәсілін
айқындап беру. Қазақ әдебі, әуел бастан-ақ,наным-сенімдік, діни әдептермен біте
қайнасып, тәрбиелеу мәнін байытып отырған және ұлттық тәрбиенің тірегіне айналған.
Матриархатта пайда болып,тұрақтанған дін,тұнғыш рет өнегелік-парасаттық қалыптарды,наным-сенімдік әдептерді (діни этканы) жасап шығарды.Қазақ халқы бірнеше
наным-сенімді басынан кешіре отырып,ислам дінін қабылдау нәтижесінде ислами әдепті
алға шығарып,дәстүрлі әдебіне тиянақ етті.Пайғампарымыз(с.ғ.с.) хадисінде: «Ешбір әке
баласына көркем әдептен артық сыйлық берген емес»(Тир-мизи,33),«біреулердің баласына
әдеп үйретуі оған әрбір (күні садақа бергеннен артық»- дейді. (Жәбр ибн- Сумрадан.)
Қазақтың әдептік қалыптарын адамның табиғатпен қатынасу негізінде туып,өмірге келген
және адамдар арасындағы қатынасқа сай қалыптасқан деп екіге топтауға болады.Табиғат
және адам қатынас әрекеті негізінде туындаған әдептерді:-наным-сенім сырлы әлем
денелері мен табиғат таңғажайыптарына байланысты туындаған әдептер;- үй жануарлары
мен қолға ұстаған құс, аң және жәндіктерге қатысты қалыптасқан әдептер;- қоршаған
ортаны қадір тұту, табиғатты аялауға байланысты әдептер деп сара-лаймыз.Ал адамдар
арасындағы қатынастарды реттеу үшін туындаған қазақ әдептерін:-алашты ардақтау,
адамды қадір тұтуға қажетті әдептер;-кішіні тәрбиелеу,жасты жаттық-тыруға арналған деп
жіктеуге болады.Қазақ ұғымында;«Бағасы жоқ қазына-алтыннан артық әдеп бар!».«Киім
суықтан сақтайды,әдептілік ұяттан сақтайды», «Әдептілік-әдемілік»,«Әдептілік, арұят
адамдықтың белгісі.Тұрпайылық, жат мінез надандықтың белгісі», «Әдепсіз өскен адамнан,
тәртіпті өскен тал артық», «Әдепсіз бала,ауыздықсыз атпен тең.Әдепті бала-арлы
бала,әдепсіз бала-сорлы бала.» «Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма!» деген сияқты
терең мағыналы өмірден жасалған түйіндер ,қорытындылар бар. «Сіз» деген-әдеп, «Біз»деген-көмек.» «Көргендіде үйренетін әдеп бар. Көргенсізде жиренетін әдет бар.»
«Мейрімділікті анадан үйрен. Әдептілікті данадан үйрен».«Әдептің не екенін, әдепсізді
көргенде ұғарсың», «Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.», «Ардагер аға алдыңда
тұрсын, әдепті іні артыңда тұрсын». «Әдепсіз әйелдің қолында, әдепті қыз өспейді.»
Осылай жаман әдеттен жирену, жақсы әдепті үйрену, игеру жолдары сараланумен қатар
әдеп сақтау, ар-ұят, намыс абырой туралы мол мағлұмат береді. Ал игерту әдісіне келсек;
сөзбен жетектеп, сүйегіне сіңіріп, көкейіне құйып ұғындыру.Қазақ түсінігі бойынша,
адамдар арасындағы қатынас негізінде туындаған әдептер адамгершілік деп есептеліп,
кісілік қасиеттер оның көрінісі ретінде ұғынылған.Бір ғана мысал келтірілелік. Ән айту әр
қазаққа үлкен қуаныш, тамаша табыс, терең құрмет. Алайда, аузыңа түскенді, ойыңа
келгенді, есіңде қалғанды кез - келген жерде, жасыңның, жынысыңның ерекшелігіне сай
орындамасаң, мұның өзі -әдепсіздік.Сондай-ақ, төсек,жүк үстінде, есік алдында, керегеге
сүйеніп ән орындалмайды. Қазақта ауқаттану, сусын ішу, тамақтану әдебі бар. Осы негізде
қонақкәде, сый-сыбаға қатарлы ғұрыптар мен әдептер қалыптасқан. Айталық, ешкі етін
жеген соң суық су ішуге, қоңыр аң етін жеген соң қымыз ішуге немесе сорпаны сорып,
айранды жұтып, көжені сіміріп, сүтті сораптап ішпейді. Асты алақ-бұлақ жеп, сасқалақтап
60

60.

шайнамайды, тамақты тойымсыз алмайды, аузынан шыққанша құнығып жемейді Киімді де,
жас мөлшері мен жыныс ерекшелігіне, дене тұрқына сай киінген. Қызылды-жасыл, әлемжәлем киім жасқа жарасымды болғанымен қарттар ақ, қоңыр, қара өңді бір түсті киімдерді
тұтынған. Мүның бәрін айтып отырған себебім, қазақ, сөйлеуде ғана жүйелілікті ұстанып
қоймай, іс-қимыл әрекетте де реттілік пен жүйелілікті ерекше ескерген. Міне, осыларды
қалай айтып, қалай істеп орындауды ұқтыру-қазақ әдебін игерту болмақ.Осы жүйелілік
пен реттіліктің шоғырланған, тұрмыс-салтқа сіңіскен ережелер мен тәмсілдер жиынтығы
қазақ әдебі делінеді.Қазақ тәлім-тәрбиесі дегеніміз-қазақ әдебін жас ұрпаққа игерту
амалы,жол-жобасы болса; әдептілік жеке бастың оны орындай алу,игеру дәрежесі,кісілік
өресі болмақ. Қандай бір салт пен ғұрып,өзінің әдебі арқылы бекем ғұмыр кеше
алады.Ешбір ережеге симайтын салт та жоқ, ғұрып та жоқ.Әдептің жазылмаған заң түрінде
болуына болады,заң әдепке негізделмей шығарылмайды. Мысалы, «Жеті жарғы»тұрмыстық-әдептік заң. Жазылмаған кейбір заңдар, үкіметтен қолдау тапқан, жазылған
заңдардан күшті болады деген қағида да бар. Айталық. шариғат кесімдері, хадис шарифтер
әуелі ауызша таралғанымен,ешбір ереже, заңдардан кем емес.Кәзіргі шақта фиқһ үкімі
кеңінен жайылып,асқақтаған мерзімде оның қуаты толыса түсуде.
Имандылықты,әдептілікті,жібек мінезді жас ұрпақ тек арнаулы үлгі-өнеге көру
арқылы,ұзақ уақыт жаттығып, дағыланып,машықтану арқылы игере алады. Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімінде адамның әрбір даму кезеңінде, жасының ерекшелігіне сай
игертуге тиісті биязы әдеп,жібек мінез дағдылары бар олардың игерілу дәрежесіне қоятын
талап,игерілу дәрежесін сынау амал-айласы өте айқын болған оны бақылап байқап,сынап
тексеріп отыратын жүйелі безбендеу әрекетін қатаң ретпен жүзеге асыратын.Айталық,бала
3-13 жас аралығында биязы әдепке жаттықпаса,жібек мінез игермесе,дағдыланбаса әдепті
өз бетімен ізденіп,қалауы бойынша кез-келген ұлттың әдебін бойына сіңіреді. Оны қайыра
түзеу қиынға соғады.Әдеп пен мінез «қайта тәрбиелеуге оңай көнбейтін» сезім. Бұл
турасында талай келеңсіздікті бастан кешіріп келеміз. Әлі де,секем ала қойған жоқпыз.
Соңы қайырлы болсын делік. Қазақтар «Адамның күні адаммен» деген қарапайым
қағиданы тіршілікте шынайы басшылық еткен. «Сүйек сүйкеніп, жекжат жұғысып, туыс
демесіп» күн көретіндіктен адамдар бірін-бірі жатсынбай,біріне-бірі арқа сүйеп, өмір сүру
қажет екенін ұлы дала табиғаты, ауа-райы, өмір салты қазақтың сүйегіне сіңіріп ұқтырған
екен. Сондықтан да, туыстық-қандастық жүйені тарата білу, саралай алу, тарихын талдау
атам қазақ үшін өмір талабы болған. Осы негізде әулет мектебінде оқытылатын негізгі
пәннің бірі – «Шежіре- тарих» еді. Бұл пәннің негізгі мақсаты; ата-бабасының кім екенін,
олардың кімдермен достасып, кімдермен жауласып, кімдермен қатар көрші тұрып, қандай
қатынас жасап, байланыста болғанын жас ұрпаққа ұқтыру еді. Өткен өмір-бәрі сабақ.Ұрпақ
үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды оқу. Қазақ әр нәрсенің "арғы тегін", "шыққан
тегін" білуге үлкен мән берген-ді. Көшпелі үшін тұтас нәрсе-құдіретті күш, қастерлі
құбылыс, құпиялы тылсым дүние, әсерлі де әдемі әлем. Осыдан арғы текке дегенТәңірге,Ұмайға, Жер-Суға табынушылық (культтық өмір сүру), олардың арақатынасына
ритуалдық (ғұрыптық) рәсім-салттар қалыптасты. Көшпелі жер кезіп, ел кезіп жүріп,
бұрынғымен бүгінгінің бөгде мен жаңаның кәрімен жастың, көргенмен ойдағының
арақатынасын білуге тәнті болған. Неге? Өйткені ол дүниені тұтас қабылдаған. Өмірге тура
жолды іздеген. Адам болмысында оның жан дүниесі мен рухының ықпалын жоғары қойған.
Адамның қабілет-қасиетін жетілдіруді ашық арна ретінде қарастырған. Аруақ пен адам
рухын тіршіліктің мәңгі, лаулап тұрған қос қайнар көзіндей қабылдаған. Содан қазақ
табиғатпен әр түрлі үндестікте болды.Осыдан "қазақтың ата-тегінің болмыс шындығына
тікелей жақын болуы-олардың бақылайтын, қабылданатын, дүниеге сезімдік тұрғыдан
жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесі,
тіршілік етудің басқа да жақтарын, болмыс мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз
көрінісін тапты. Мұның бәрінің нақты өмірде нақты түп тамыры бар, осыдан келіп басқа
ешбір дүние түсінігімен шатыс-тыруға болмайтын дүниеніңұлттық образы, дүниетанымы
пайда болады". (Т. Әбжанов, Ә. Нысанбаев, 27-6.) «Жеті атасын білмеген жетімдіктің
61

61.

белгісі» дейтін қазақ туыстық барлық бағытын тәптіштеп түсіндіретін. Төрт құбыласын тең
көрген қазақ, жастарға, өз жұртын, нағашы жұртын, жиендерін, өз ұрпақтарын толық
білдіру үшін тамаша әдіс ойлап тапқан. Мысалы, адамның төс сүйегінен бастап,санағанда
қолұшына дейін 7 буын болады.Осы жеті буынды әр атаға сәйкестіріп: иық буыны -әке;
шынтақ буын - ата; білезік буынын – баба; алақан буын– ұлы ата;саусақ буын–ұлы
баба(еліката); саусақ орта буынын-әзата (құланат),саусақ ұшы буыны-әз баба (жуажат)
кімдер болғанын, оны төрт жаққа таратып айтатын болған.Осы күнгі аға буын,жас буын деу
содан ұласқан. (Кәзіргі этнографтар баланы атаға жатқызып жүр.Ол жансақтық.) Түптұқиянына дейін жатқа білетін қазақ атамыз, тегін таратқанда, олар кімдер болғанын ғана
айтпаған. Әкесі ұлына кеудесін нүсқап; бұл - сен, оң қолын - өз жұртын, сол қолың - нағашы
жұртың, сондықтан, әр буынға бір ата сәйкес келеді, баяндай бер дейтін. Баласына атабабасын айтып қана қоймай, олар қайда қоныстанғанын, нендей өнері, даңқы, атағы
болғанын, дәулеті қалай болғанын, тіпті, немен шұғылданып, руына несімен қадірлі
болғанын айтып беретін және қайырып айтқызатын.Бұлардың шаңырағы қазір қайда,
кімдер басып отыр, олардан тараған ұл мен қыздар кімдер, олардың алдында – сенің
міндетің, борышың қандай?» - дегенді де айтатынды. Әке айтқандарын, бала жадында
жаңылмай сақтау үшін ағайындар үш шеңбер аумағында талданатын. Мұнда:бірге
туғандар-бір әке балалары; немере ағайындар (бір атаның балалары,); жамағайындар
(үш атадан қосылғандар, баба -балалары); қалысағайындар (әз ата, әз баба балалары).
Осыларды толық тоқып үйренген ұл мен қыз – жеті рудың қамын жейтін халге
жеткен.Рулар шежресі жинақталып, қорытындала келе тайпа, халық тарихы да жазылған.
Мұндай тарих-шежірелердің қолжазба түрінде сақталғандары мен қоса тасқа басылған,
матаға жазылған, ағашқа ойылған, көнге шабылған түрлері де бар. Осыларды бұл пәннің
оқулығы ретінде пайдаланған.Әулет мектебінің келесі әлеуметтік пәні - "Зерде және сауат
ашу" сабағы. Әр отбасы өзінің балаларының ойлау жүйесін дамытып, ақыл-ойының терең
болуы үшін санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі аңыз-әңгімелерді қолданумен қатар, бала
ойыншықтары, есеп тақпақтар, ауызша есептер, есеп-өлеңдер,есеп-жұмбақтар,қазақ
дойбысы, тоғызқұмалақ, құрастырмалы ағаш және өрмелі баулар мен жіптер, түйілген,
өрілген таспалар мен түйіндер, тұйықталған және ашық жіптермен ойнатқан. Бұлардың
түрлері өте көп және мазмұны бай, мағынасы кең көлемді болған. Олардың негізгі
мақсаты; қазақ балаларының ақыл-ойын дамытып, зердесін ашу еді. Осылардың ішінен
балалар ойыншығын алып қарастысақ, оның өзінде үш түрлі ерекшеліктің бар екенін
байқаймыз. Бірінші. Бала қолына өте оңай түсетін, тым мол кезігетін заттардан
жасалатын. Мысалы, тас, ағаш, сүйек, мүйіз, қайыс, былғары, тері, киіз, жүн, жіп т.б.
Екінші. Әр бала өз ойыншығын өзі жасаған. Ағасынан, әпкесінен мұра болып қалған
ойыншық өте аз болды. Дайын ойыншықты дүкеннен сатып алу мүмкіндігі шамалы еді, әрі
оны ұнатпаған. Бұл жағдай баланың жас шағынан өздігінен ойланып, мәселені өздігінен
шешуге бейімдеу еді. Әрі еркін еңбектеніп, дербес шешім жасауға, шығармашылықпен
жұмыстануға негіз қалаған.
Үшінші. Қазақ балаларының жасы сәбилектен өтер шағында ойыншықтарды
жасаумен айналыспай қажетке жарарлық, тұрмыста тұтынарлық заттарды жасауға ауысатынды. Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап
жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбықұрдастарымен жақсы араласуды үйренеді.Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін
дамытып,жас жеткіншектің бойына адамгершілік,сүйіспеншілік,кішіге көмек,үлкенге
құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға
тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан-жақты, тез ойланып шешім
қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық
Қазақ-ежелден сауатты халық. Олар рунналық, белгілік, бейнелік хаттарды
қолданып, талай мыңдаған жазуларды ұрпаққа қалдырды. Бір кезде ұйғыр жазуы мемлекеттік іс-қағаз, дипломатиялық қатынас құралы болды. Араб жазуын, кирилл ғарпін де
игердік. Міне, осы дәуірлерде жас ұрпақ сауатты әулет мектебінде ашқан. Сауат ашу
62

62.

сабағын, зерде ашу іс-әрекетімен ұштастырып, батыс-шығыс ғылымынан сусындап, «Қазақ
академиктері», дүние жүзіне танылған ғұламалар дәрежесіне де көтерілген.Даналығымен,
ғылыми парасаттылығымен әлемге танылған ғұламалар қазақта қашан да болған. Әулет
мектебінде оқытылған келесі пән-«Қолөнер». Осы заманның небір жетілген мектептерінің
өзі қолөнерін қазақтай игерте алмай жүр. Қазақ ұлтында он саусағы майысқан шеберлер,
майдан қалшық суырғандай алтын мен күмісті шүйкелеп өріп, көздің жауын алатын
әшекейлер жасаған зергерлер, ағаш пен темірден түйін түйген ұсталар, былғары мен
қайыстан қақтап, ою-өрнек салған көншілер, әлемнің бар көркемділігін өң мен түске
ұластырып жүн жіптен бастап жібекке дейін өріп, тоқыған өрмекшілер осы әулет
мектебінің шәкірттері еді. « Қолөнер » пәнінің оқыту, үйрету әдістемесі де, оған бейімдеу
жолы да қазақта өте қызықты болған. Жасқа жетпіс өнерде аз дейтін қазақ қандай өнерге
кімнің бейімділігі бар екенін жасынан сынап анықтаған. Бұл жағынан неміс психологтары
сияқты, бүгінгі вольдорф мектебінің негізгі қағидаларын ұстанган тәрізді. Қазақ ішінде
жас баланың келешегін болжайтын, олардың бейім- икемдігін сынап тексеретін дара
дарынды – сыншы адамдар болған. Олар адамтанушы, жан жайын оқитын даналар екен.
Бала дарынын сезіп, талантының көзін ашатын ата, әжей, апайлардың аты ел аузында
қалған.Осылай бала бағдары ашылған соң, таланттылар ұстаздарына қолбала, шәкірт бала,
қалқа бала, атқосшы, көмекші, тәлімгер болып белгілі мерзімнен оқитын, кейде іргесін
тиістіріп ауылдас болатын. Тіптен, атышулы айтулы өнер иелерін, ат арытып, ай, жыл жүріп
іздеп келіп дағды игеретін болған. Әулет мектебінде тиянақты әрі жоғары нәтижемен
оқытылған пән – «Табиғаттану». Себебі, әр қазақ табиғатпен қоян-қолтық араласып өмір
сүрген, әрі білімді сол табиғаттың өзінен тура алған. Қазақ шаруалары кең сахараны кезіп,
көшіп жүріп ауа-райын бақылап, алдын-ала белгілі дәрежеде болжай алған, малдың оты,
суының жұғымдылығы, қуаты, нәрлігін өте терең түсінген, жан-жануарлардың әсіресе,
малдың бітімі, болмысы, тіршілік жағдайын, өсіп-өнуін жоғары деңгейде пайымдаған.
Сайын далада еркін өскен қазақты бүгінгі тілмен бейнелесек – гидрометеоролог, биолог,
ботаник, зоотехник болған. Сонымен қатар, қазақтар құмай тазы, қыран құс ұстап, құсбегі,
саяткер болған. Табиғат туралы жинақтаған осынау көлемді білімін жасұрпаққа әулет
мектебінде оқылатын, «Табиғаттану» пәні арқылы игерткен. Осы пәннің үш түрлі
артықшылығы болған.Бірінші. Қазіргі табиғаттану ғылымының сараланып бөлшек-бөлшек
іргелі ғылым саласына айналуына сәйкес олар жеке-жеке тармақталып оқытылмай,
қаумақтап топтастырылып үйретілген. Бұл күнде осы жағдайды ескерушілік байқалады.
Екінші. Көршілес ел, көңілдес ұлттың жазған-сызғанын аударып, сол жұрттың табиғатын
оқытпай күнделікті тұрмыста ұшырасатын табиғаттан оқытқан. Осы үрдіс бүгінгі күні өте
қажет болып тұр. Бүгінгі ауыл мұғалімі, төлдің аузын үрлеп, тұмсығынан шаранасын
сыпырып, құлағын ашып, кіндігін байлау себебін айтып бере алмай тұрып, көккептер мен
бақаның ішкі құрылысын, өсіп-өнуін әңгімелейді. Кейде аяғының астындағы жолжелкен
мен бақбақтың қасиетін білмей тұрып, Африка өсімдігін баяндау жарамсыз. Үшіншісі.
Бүгінгі табиғаттану сабағының көпшілік пайызы сыныпта, кабинетте өтеді. Кешегі
табиғаттану пәні тікелей өмір тіршілік аясында үйретеді. Алайда, мұндай сабақ қазір де бар.
Дегенмен кабинетте отырып төрт түлік малдың ішкі құрылысы, дене бітімін сызба, фото
сурет арқылы оқытылуы, шалқан, күләбә, қызанақ, құлпынай, қиярдың өсіп-өнуін кітап
оқып игеру жеткілікті емес-ақ. Қазақ шаруасы шөптер мен өсімдіктер, сулар мен бастаулардың шипалық қасиетін танып-біліп,жан-жануарлардың ішкі ағзаларының емдік
әсерлерін сезіне жүріп, оны жасұрпағына ұғындырып түсіндірген. Біздің қазақ бұл жағынан
тибеттерден де асып түскен. Алайда, осы үрдіс кейініректе үзіліп, қазір білімсіз соқыр
әулие, бәдік емшілер көбейіп кетті. Егер, адамдар олардың білгенін бәрі білсе, ешкім де
оларды тыңдамас еді.Аспан шырақтарын,ай күннің амал-тоғысын есентеп,ауа –райының
құбылып өзгеруін болжай алатын,адам мен малтануды оқып үйренетін дала академиялары
мен тау обсерваториялары құрып кетті.Астрологиялық,нумерологиялық және көріпкелболжағыш шынайы жандар заманымызда өмірге келмейтін болды. Олардың жоқтығынан
жалғандары жыртылып айрылады.
63

63.

2.2§.Кісілік кеңес- тәрбиенің басты сабағы
Қазақ ұғымында,олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және
КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша
ойлап-сөйлеп,қуанып-мұңая алатын, сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ,көкірегі ояу,көзі
ашық –ұлт өкілі. Қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өң-делген–
адам.Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам болар
баланың,кісіменен ісі бар, адам болмас баланың, кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі.
Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі
мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі.Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды
армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс), кемел адам (қытай),үлгі кісі(үнді),
тәңірлік жан(монғол), тақуа адам (мұсылмандар) т.б. Мұстафа Шоқай: "Баланы тәрбие
қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген
сөз,...қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі
қылып шығару."Т.Тәжібаев:“Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті
жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім
екенін түсінетін есі кірген ересек кісі”-деген.
Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет,құрмет, жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі
таңдамайды.Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі
азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын,
адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.Ж.Баласағұн бабамыз:
«Десең өзің қадір-құрмет табайын,Кісілерді қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі әсілін
анықтап, Көңіл,қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-естікісілер-дің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.»Билер антындағы :«Кiсiлiкке қайшы iске
қарап тұрмау; Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау;Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;
Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау» Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік»
ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзінөзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам – тағдыр тәлкегіне түскен – мүсәпір.
Кісіліктен бір айрылып қалған сананың ендігі жерде өз-өзіне келіп, толысуы екі талай іс.
Адамдар басқаның көңілін табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды,
өйткені, «кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады
-Мына ұлкісі болғанша,шашым ағарып бітетін шығар! -Ой,бауырым-ай,ол да ертең-ақ.Жас
өсіп,жарлы баю лезде,әне-міне дегенше ер жетер,тек,үлгі-өнегесі оң болсын!
Қазақ халқының ұлттық әдеп-салтында адамшылық жоғары бағаланады.
Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде,өмірдегі кесір қырсық,жанға жат
мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.Күрес бар
жерде күрескерлік дәстүр қайткен күнде қажет.Қазақтың күрескерлік дәстүрі тек
адамгершілікке жат қылық мінездермен күресу барысында қалыптаспады. Қазақтың түп
тұқияны Жұмыр жерге келіп тіршілік жасағаннан бастап әуелі табиғат апатымен,қоршаған
ортаның адамға жағымсыз құбылыстармен күресуге,тірі жүріп тіршілік етуге тура
келгендіктен күрестің жаңа дәстүрі туындады.Ол- еңбекқорлық пен жасампаздық дәстүр
еді.Уақыт өте келе олар мекендеген жерін,өлкесін,қоғам мүшесін жыртқыштар мен
жаулардан қорғау қажет болды.Осы негізде ерлік, батырлық дәстүр қалыптасты.Топтасып,
қауымдасып тіршілік ету үшін адамдар арасындағы қатынастың барлық түріне жазылмаса
да ,тым қарапайым болса да ереже қажет болды.Бұл әдепті өмірге әкелді.Ал әдептің өзі
белгілі бір сенім -нанымға негізделмесе тұрақты болмады. Күрес нәтижесі екінші жағынан
адамдарға ортақ ұстанымдар мен қасиетті игеріп оған бойұсынуға мәжбүрледі. Ол
мәжбүрлік,әр адамда әртүрлі қолдау немесе қарсы тұру сезіміне сай әр дәрежедегі мінезқұлықтарын пайда болдырды.Адамдық қасиеттер мен мінез-құлық қалыптары ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып, нәсілдік жалғасу арқылы,қанға сіңіп,әр ұлттың ерекше мінез бітісін,
адамгершілік қасиетін көрсете алатын болды. Адамрешілікте жалпы адамзаттық ортақ
қасиеттер бар.Мінез-құлықта ондай ортақтық аз болумен қатар адамдардың жеке басына
64

64.

тән ерекшеліктер көп кезігеді. Мысалы баршаға ортақ көркем мінез үлгісі бар болғанымен
әр адамда оның дәрежесі әрқилы.Адамгершілік-қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік
заңдылықтарына сәйкес,адамдар арасындағы адамдық қарым қатынастар жүйесін
реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік,ұлттық игі ісәрекеттер,мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,әдептіліқ қалыптарын
көрсететін терең мәнді ұғым. Адамгершілік-адамның тұлғалық жақсы қасиетін
танытады.Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға
мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк,
адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму
процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп
отырған. «Кісілік кеңес» сабағының қамтыған арнасы да ауқымды. Осы кісілік кеңес
пәнінің ақылдасу аталатын бір ғана тақырыбына шамалы мысал келтірелік.
Ақылдасу.Әулет мектебінің өте тиімді, нәтижелі сабағы-сырласу, ақылдасу, сұхбаттасу еді.
Мысалы,ұл мен әке,шеше мен қыз жеке сырласса,отбасы мүшелері қатар отырып
ақылдасатын. Отбасындағы балалардың өзі ақылдасып көптеген мәселелерді шеше алатын.
Ағайын-туыс,әпеке қарындастар бас қосып ақылдасып, бір шешімге келіп мақұлдасатын,
төрт көз түгел отырып кеңес құрып бір байламға келетін,кеңесіп пішкен тон келте
болмайтын. Жеңгелер мен қайындары, қайын сіңлілері, жезделер мен балдыздар, нағашылар мен жиендер арасында сырласу мен ақылдасу өте жарасымды дәстүр болып бізге
жеткен еді.Алайда, кәзіргі күнде, бұл дәстүрді ойсыратып алдық.(Бұл дәстүр кей жерде бар
да шығар)Бұл ретте тек тәрбие мәселесі ғана емес,тұрмыс тіршіліктің барлық жағын
қамтыған,ауқымды бас қосулар да болатын.Осы іс-әрекет негізінде, ұлттық тәрбие-нің
ұлағатты үлгілері де қозғалып, отбасында «бек ұл,пәк қыз» тәрбелеудегі әркімнің орны мен
атқарар қызметі де сараланатын.Екінші жағынан, сырласушылар бір бірін ұғысып, жүрек
лүпілін тыңдаса алатын,ішкі сезімдерін, жасырын сырларын да ашық айта алушы еді. Абай
атамыз:«Жолдастық сұхбаттастық бір үлкен іс,оның қадірін жетесіз адам білмес.»-деп
ескерткен. Ақылдасу дегеніміз ақылға ақыл қосу. Қазақта,өзімен өзі жеке отырып,
толғанатын, ақылдасатын,есеп беретін ғұрпы тағы бар. ...Екі атты адам, ауыл алдындағы
қырдың дөңесіне шығып оңға бұрылды да,төбешікке келіп.аттарын қалмақша бекітіп
қойды.(Қалмақша бекіту деген, қаңтарылған қос аттың шылбырын бір-бірінің құйысқанына
қыстырып шалып қою.Бұлай байланған екі жылқы тұрған орнында бір- бірін ертіп айналып
тұрады,қозғалып бір бағытта кете алмайды)Бұлар- әкесі мен баласы.Әкесі,көлделең жатқан
екі-үш тасқа, құйрығын қойып,орнығып отырып: ...Е-ей, ұлым! Бұл сұмырый ажал кімді
кімнен айырмады.Жас ортасына келгенде,құдай қосқан қосағымнан айрылып,жесір шал
болып,жетім қалған төртеуіңнің орталарың да,не қазан -аяқ ұстауға,не кір-қоңдарынды
жуып беруге,не ас- суларыңды дайындауға шамам келмей сопиып,құр сүлдерім қалған,
түрім мынау! ...«Қатын өлді қамшының сабы сынды»-деп, қалың төлеп тоқал алатын
бұрыңғының дәулетті қазағы да емеспін. Әменгерлік жолымен үйленетін туған-туыс
менде жоқ. Тіпті, тегім,атам деп жүрген «Жүніс»-ов,менің тәрбиеленіп ер жеткен балалар
үйінің басшысының аты екен.Қарсы құда болып, біреудің қайтып келген немесе отырып
қалған қызын алатын бойжеткен менде жоқ.Бұл өлкеде мен құралыптас, байы өліп,бақыты
тайған әйелдер бар шығар.Екі жарты қосылып бір бүтін болайық деп ақыл қосып,көңіл
жарастырса болар еді. Мен үшін ондай адамды іздеп тауып,тіл табысу үшін,көп уақыт
керек,мүмкіндік те жоқ.«Жазмыштан озмыш жоқ». Құдай басқа салған соң,көнеміз,
бәріне.Алайда.Аллаһ мені тегін жаратқан жоқ шығар.Тәуба! Анаң төрт бірдей тұяқ қалдырды.Сендердің тілеулеріңді тілеп, отыра беруге менің сабырым да жетеді.Ендігі бар үмітім
сендер! Сен биыл жиырма үшке шықтың.Оқуыңды бітірдің,ауылға келіп жұмысқа
орналастың. Үйленіп, бауырларыңа бас көз болатын.тозып кетуі мүмкін шаңырақтың
түтінін тіктеп ұшырып, ошақтың отын сөндірмей алып жүру міндеті саған жүктеліп
отырғанын түсінетін шығарсың,ұлым?!...Кеңес әке тауқіметінен, ұлдың үйленуге деген
ойы, қалыңдық туралы пікіріне қарай ойысты.(Кешір інішек,керектісін кесіп аламын деп
әңгімеңді,сұйылтып жібердім-ау!)Әкесінің айтқан әңгімесіне, өзгерген өң келбетіне,бет
65

65.

әлпетінің түрленуіне көз алмай қарап отырып,әке өмірінің қилы кезеңдерін әкемен бірдей
көз алдынан өтізіп отырған ұл:-Әке,мен сізді жақсы түсінемін. Институттың соңғы
курсында анам ауырды,онда-мүнда апарамын,қаратамын деп жүріп, уақыттан ұтылсам
да,ұстаздардың, достардың арқасында, әйтеуір үздіктер қатарынан қалмай жүріп бітірдім.
Жұмысқа орналасып,енді-енді ес жия бастағанда анамнан айрылдым.Соңғы екі жылда
үйлену туралы ой болғанымен мүмкіндік болмағанын,сіз де білесіз. Сіздің айтқандарыңыздың бәрі рас,бәрі орынды. ...Кейінгі кезде,отбасымыздың тіршілігі бір сізге ғана емес,
барлығымызға қатты батып жүр.Әсіресе шиеттей екі қызыңыз көрінеу жүдеп
барады.Екеуіне сүйеу болар,сізге қамқоршы болар,бізге пана болар жар тапсам деген ой
мені де мазалап жүр.Інім,анама тартқан ,көп сөйлемейтін, дамылсыз шаруалай беретін,
сабағынан да қол үзбей жүріп,күл шығарып,от жаққанын,ас-су дайындап,ыдыс аяқпен
айналысқанын көрген де,мен де жанымды қоярға жер таппай қапаланам...Өзіңіз
айтқандай,Аллаһ бізді,сынағына салғаны болмаса,ырыздық берекесінен қақпаған шығар.
нығметінен айырмаған шығар.Мұңға бейім сәтіміз аяқталып қуанышқа кенелер уақытымыз
да бар шығар.Құдай сәтін салса келініңіз босағаңызды оң аяғымен аттар күн алыс емес
болу керек. Айтқан ақылыңызды,адал ниетіммен қабыл алдым! Екеуі құшақтасып ұзақ
тұрып қалды. Әкесі,сөйлеп жүр,жылап жүр, еміреніп жүр,күліп жүр.қуанып жүр. Қазақтың
әулет мектебі тек балалар үшін ғана,солардың тәрбиесіне бола қалыптасқан жоқ. Ол
әулеттің, ауылдың барлық мүшесін тәрбиеледі,білім берді.Бұл әрекетте,ақылдасу басты
міндет атқарды. ...Біздің көшенің басында,алкагольдікке салынып кеткен бір бейбақ
тұратын.Күн сайын кешке жақын көше бойын аралап.шарбақ ағаштарды тырмалап,
ыңырсып бірдемелерді айтып үйіне қарай,теңселе басып, кетіп бара жататын.Біздер аулаға
кіріп кетеме деп сақтанып,ол келе жатқанда,сыртқы есікті бекітіп, тасалана қалатынбыз.Өзі
біздермен шамалас еді, алайда,біз ол адаммен сөйлесіп,сыр тартпақ тұр ғой,сәлемдесуге
құлықсыз болдық.Ол кейінгі кезде,әдеттегіден ерте келді,енді ,бара сала қайтып келетін
болды,кәзір тіптен бармайтын болды.Осыдан болып, ол адамды енді біз іздей бастадық.кім
екенін,білгіміз келіп.Ол-үш ұл,бір қызы бар,бұрын тізгінші болып жұмыстаған,машина
айдау құқынан айрылған соң, бірігіп карта ойнап, шегетіндер мен ішетіндер тобына
қосылған қазақтың жігіті екен. Келіншегі тігінші болып істеп жүріп, өндірістер тоқтаған
кезде, «бір қолымен бала тербетіп, екінші қолымен ала дорба көтеріп» саудаға шыққан сол
кездегі көп аналардың бірі екен.(Әл-Фараби бабамыз:«Қарны ашып өзегі талғанда,ешкімге
қол жаймай корек тауып жеген адамды Ұлы дер едім...»Кейбіреуімізді шамалы уақыт болса
да,сол аналар асыраған.)Әке кеш келіп,ертеңгі керектенер ақша сұрап,ана мен балалардың
мазасын алып, ақшаның мүмкіндігінің бар- жоғын түсінбей,отбасына әңгіртаяқ ойната
бастағанда, балалары ақылдасып,әкені ертерек ертіп келер амалын тапқан. (Ертерек келсе
шектен шығып,терең масықпай,балаларының сөзін түсінетін жағдайда келеді екен.)
Бастабында жеті жасар қызы әдеттегіден бір сағат бұрын барып,ертіп келіп,беті қолын
жуғызып, тамақтандырып,ертеңгі керектенер ақшасын беріп, ұйықтатып тұрған.Бірер
күннен кейін екі сағат,онан соң үш сағат ерте барып алып келген, жасалар қамқорлықты
арттыра берген.Соңына таман,өзі-ақ бармай қойған,ақшасына шақтап,үйіне алдырып ішіп
жүрген.Ішуді азайта отырып,тіптен ішпейтін халге жеткен.Жаман барлық әдеттен, толық
айығып, отбасының шынайы тірегі,бала- шағасының асқар тауына айналған. Кәзір, ұлын
ұяға,қызын қияға қондырған мерейлі отбасы, ардақты ата – ана болып отыр.Менің,
«қызыңның айтқанына алғашында қалай ердің»- деген сауалыма берген жауабы:«Мен,
жалғыз қызым болғандықтан,оны жақсы көретін едім. Сондықтан , алғашқы күні ерте
келдім.Келесі күні қызыма еріп үйге қайту қиын болды.Бірақ кешегі күні, оның маған
жасаған қамқорлығы мені үйге ерте келуге мәжбүр етті.Күндегідей ұрыс-керіс жоқ,дұрыс
тамақтанып, ертеңгі күні керектенетін ақшаң дайын,одан артық маған не керек еді?Бұл
жалғаса берді, қамқорлық арта берді,үйде жатып ,жақсы демалып отырып ішіп- жеген бойға
қона бастады.Отбасындағы бедел көтеріліп, оларға деген махаббатың,сүйіспеншілігін
артқан сайын жаман әдеттен арылу үшін күш жігерің молайып,ешбір ем-дом керектебейақ олардан жеруге болады екен.Ал,балаларға қоятын сұрағым мол -ақ еді.Оларға сұрақ
66

66.

қоймақ тұр-ғой,беттеріне түзу қарауға батылым бармады.Бір кезде әкелерінің теріс
қылығын көре отырып,онымен замандас бола тұра,жаныма тартып, сырласып, ақылдасып,қатарыма тартудың орнына, онан қашқақтап,бас сауғалап, тығылып жүргенім есіме
түскенде, шынашақтай қыз ғұрлы бола алмағаным ойға оралғанда кірерге тесік,өтерге есік
таппай қиналдым. Қайтейін,ол уақыттағы адамдар пиғылы солай болған шығар.
Байырғы қазақ қоғамында бір ауылдан бастап руға дейін тіптен іргелі елге дейін
жұмыс жасап,аты аңызға айналған,ісі үлгі өнеге болған, ақыл-кеңесі тасқа қашалып, ағашқа
ойылып,көнге шабылып,,кигізге сырылып,кітапқа хатталып жазылған абыз,ақсақал,
ақылман,ғұлама ,ғалым аталар мен аналар қаншама болды.Солардың асыл ойларымен өсиет
өнегесімен,үлгілі жол-жобасының арқасында бүгінгі дәрежеге жеттік. Мемлекттік болсын,
әлеуметтік болсын іс қызмет аумағында кеңесші, ақылшы, тәлімгер, нұсқаушы, жетекші,
басшы қатарлы лауазымдар атауы да,аспаннан түскен жоқ қой, сол пән ұстаздарының үлгісі
десек артық айтқандық болмас.Қазақтың рухани бай қазынасының жасалу жағдайы
олардың тәрбиедегі міндетін пайымдасаңыз, осыншама ұлан асыр ертегі,өлең-жыр,әнкүй,дастандар мен аңыздар,жүз-жүздеген томдарға сиыспай,мың-мыңдаған энциклопедиялар мен жинақтарға жүк боларлық бұл байлық кімге керек болды?Олар қалай
туындап,қандай құдыреттің күшімен жоғалмай ұрпағына жетті екен?Екі қазақтың басы
қосылып, сәл ғана кеңесе қалса,дереу ғибратты, өнегелі, өсиеттік әңгімелер туатыны
ғажап-ақ!Олай болса,ақылдасу, әңгімелесу, сұхбаттасу арқылы бүгінгі эссе, толғау, терме,
арнау қатарлы туындылар айтылып , әңгімеленген екен ғой! Соның бірін,мен де айтайын.
Бір кісі баласы мен орманда серуендеп жүргенде,баласы сүрініп кетіп құлап қалады.
Ауырған жері жанына батқан бала «А-х-хх» деп айғайлап жібереді. Жандарындағы жартас
та «А-х-хх» дегенін естіп бала таң қалады.Ешнәрсеге түсінбеген бала: «Сен кімсің?»-деп
қайта айғайлайды.Алған жауабы: «Сен кімсің?» болады..Бұл жауапқа ашуланған бала: «Сен
қорқақсың!»-дейді.Жартас та: « Сен қорқақсың!» дейді. Бала әкесінен сұрап; «Не болып
жатыр,мұнда,мен түсіне алмадым»-дегенде,әкесі,тасқа қарап «Ұлым жартастың не дегенін
жақсылап естп ал,оның сөздерінен көп нәрсені ұғасың»-деп ескертіп,өзі:«Мен саған қайран
қалдым»-деп айқайлайды. Жауап: «Мен саған қайран қалдым» болады.Әкесі қайта
айқайлайды. «Сен өте әдемісің!..»Жауап тағы «Сен өте әдемісің» болып келеді. Бала қатты
таң қалады,бірақ әлі не болғанын түсінбейді.Әкесі: «Адамдар бұны жаңғырық дейді.Әдетте
мұны өмірге балап түсіну керек.Себебі,өмір сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады.Өміржасаған мәмілеміздің айнасы. Өзіңді жақсы көргізгің келсе,өзің басқаларды жақсы
көр,саған жақсы мәміледе болуды қаласаң,өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол.
Адамдардан құрмет көргің келсе,басқаларды құрметте! Адамдардың сабырлы болуын
қаласаң сен де сабырлы бол!Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей ұстануға тұратын
ереже! Кісілік кеңестің әр сабағы осылай отбасында, балабақшада, қауымдық
ортада,мектепте кез-келген жерде жүріп жатса қандай ғанибет болар еді.Үш ауыз сөзден
тұратын кісілік кеңестер де көп.Кеңесті азсынбаған абзал.
2.3 § Әулет мектебінде көкірек көзін ашу басты міндет
Жаратушы Құдай адам баласына жалған дүниенің жарығы - күнді, алқара көк ормандар
мен ақселеулі даланы, қарлы шыңдары аспанмен таласқан тауларды, ағысы қатты өзендер
мен толқындары тулаған шалқар көлдерді, оларды мекендеген аңдар мен құстарды көрсін
деп басына екі көз берген. Дүниенің сыртқы түрін көретін мұндай көз аңдар мен құстарда
да, жан иелерінің бәрінде де бар. Адам болған соң олар бір-бірімен өзара қатынасып,
қауымдастық құрған соң оның тіршілік заңдары-әдет-ғүрыптары қалыптасады. Әр нәрсенің
сыртқы түрі, ішкі сыры, мән-мағынасы бар. Өмір асау өзендей мың бұралып ағып жатыр.
Оның түбінде не бар? Міне, солардың бәрін көріп, тұсіну үшін бастағы екі көз жеткіліксіз.
Замана ағымын өмірдің алуан түрлі құбылыс-тарын көкірек көзімен ғана көріп, санаға
салғанда ғана түсінуге болады. Қазақ тарихында бастағы көздің орнын толтырарлық,оны
жоқтатпайтын көкірек көзі ерте ашылған қаншама ғұлама-кемеңгер, дана-ақылмандар
болғандығына тарих куә.Адамзат қауымы ондай адамдарға бай екендігі баршаға мәлім.
67

67.

Нәресте дүниеге келген сәтінен бастап, оның балғын жүрегінде өмірге деген
талпыныс орнайды Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім әке тәрбиесімен ұштасып, ол көп
нәрсеге қызығады.Есейген сайын адамның білуге құштарлығы артып, таным көкжиегі
кеңейе түседі. Көкірегін кернеген асыл армандарын іске асыру үшін адам үнемі ізденіс
үстінде болады.Өзіндік дамуды мұрат еткен адамның көкірегі ояу, дүниетанымы кең
болады. Көкірек көзі ашық сөзі рухани өсіп-өнген, жетілген, кемелденген деген ұғымды
білдіреді. Халқымыз білімді, саналы, парасатты адамды – көкірегі ояу; сезімтал түсінігі мол
адамдар – көірегі жүйрік; терең ойлы, зерделі адамды – көкірек көзді; кең пейілді, жомарт,
адал адамды – ақ көкірек дейді. Көңіл-күйі, сезімі, ішкі жан-дүниесі бай адамды көкірек
сарайы кең деп сипаттайды. «Кең сарай,көкірегім дала желдей. Кеудесі жақсылардың алтын
сандық,» «Ілімге толса көкірек, Ашылар көзі санаңның». «Бойда қайрат, ойда көз болмаған
соң, айтпа сөз (Абай) Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің
еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салтдәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген
Қазақ ұғымында көкірек көзін ашу да,үлкен өнер, ашатын да өнер-білім.Қазақтың
жазу-сызуы жойылып, жаппай сауатсыздық жайлап,қараңғылық пен надандыққа бой
алдырған дәуірі болған.Сол бір заманда жұрттың көкірек көзін ашатын негізгі құралы
өнер,өмірлік білім,сенімі болған еді.Фараби бабамыз: « тәрбие-білім-білікке негізделген
өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі.»-дейді. Өнер білім арқылы
адамның көкірек көзін ашудың амал айласын,құрал-тетігін қазақтың барлық ұлықұстаздары,ақылман-ғұламалары өте ашық айтып,дұрыс көрсетіп кеткен.
Жеке адам ғана емес, ұлттар мен ұлыстардың парасаттылық дамуы да осы көкірек
көзінің ашылуына байланысты.Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене бастағандығын оның барынша қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп соларды
жетілдіріп, өркендету жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең адамгершілік принциптерді көкке көтере бастағанынан, аңғаруға болады.Бұл тұрғыдан алғанда
Абай заманында қазақтың қай деңгейде болғаны айтпасақ та түсінікті. Мешеуліктің басты
бір себебі қара танымаған көзде ғана емес, құлақтың құлқында деп білген ақын сол мінді
түзетуге күш салды. «Көңілсіз құлақ, ойға олақ» деп дүрыс тыңдай білмеген адамның не
жақсы, не жаман екенін ұға алмайтынын, құлақ көңілді болмай санаға сәуле түспейтінін,
көкірек көзінің ашылуын қиындатып, ойлау күшін тежейтінін оңай жатталып, жадында
жақсы сақталатын асыл сөзбен еске салды. Ала білу мен бере білуді тең ұстау, зорлықзомбылыққа қатаң тыйым салған әділетті қоғам болу үшін оның әрбір мүшесінің көкірек
көзі ашық, жақсылыққа құштар жаны ізгі болуға тиіс. Сондықтан да Абай: « Атымды адам
қойған соң, қайтып надан болайын» деп кесіп айтқан. Адам болған соң оның надан болуы
кешірілмес айып деп білген. Жаратушы құдайынан тілегені, бар арманы туған халқының
көкірек көзін ашып, надандықтан құтқару болған. Ұлттың адамзат көшінде өзіне лайықты
орын алып, замана талабына сай өркендеуі үшін белгілі адамдар тобының надандықтан
құтылып, парасатты азамат болуы жеткіліксіз. Ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі үшін
оның ұлттық сана деңгейі көтерілуі шарт. Жалпы ұлт жетілмей, қараңғылық тұманы басып
тұрғанда талаптылардың көбін сол тоғышарлық құрдымы тартып кетеді. Осыны көкірек
көзімен көре білген ақын «халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» деп күйінішін
айтып кеткен. Адаммын деп жүрген әрбір азаматқа ұлт деңгейін көтеру үшін оның көкірек
көзін ашуға қызмет ет деп өсиет қалдырған. Туған халқының болмыс-бітімін бейнелеп,
тайға басылған таңбадай көрсете отырып, көкірек көзін ашуға бар күшін, өнерін жұмсады.
Қазақ үшін өнер де өнер-сөз өнері,саз өнері,ән-күй,жыршылық,ақындық, шешендік,
қол өнері басқа ұлттарға қарағанда өз ерекшелігімен өте биік дәрежеге жетуінің негізгі
себебі ұлттың көкірек көзін ашу қажеттілігі еді.Мысалы, саз бен әуен адам бойындағы
мүлгіп жатқан жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына тыныштық сыйласа, шаршағанда
жүйкесін дем алдырып,ойына көркем пікірлер салады Ән - күй. Бала бесік жырын тыңдап
өсуі тиіс. Өйткені, алғаш рет баланың жан сезімін тербейтін, рухани жігер беретін – халық
68

68.

әуені.Қазақтың ән-күйлері сарынды, кең тынысты, шалқымалы болып келеді. Жанға
жағымды нәзік әуендер адамға эмоционалдық-эстетикалық әсер береді Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, менше
сүй», - дегеніндей кейбір әуендер мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да, адамның ішкі
дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір әлемге жетелеп терең ойға шомдырады. Мысалы,
қазақтың кейбір күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер мен ондағы
әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін, жауған жаңбырдың тырсылын
елестететін, көңіліңді сергітіп, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та нәзік әуендердің бар
екені баршаға белгілі. Отанды,бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне байланысты, адам баласын адамшылық пен имандылыққа баулитын музыка мен әндерді тыңдау
әрі айту ұлттық салтқа, айналып,жалпы халықтық сипат алуының тереңіне үңілсеңіз,оның
жалпақ жұрттың жан сарайын, қөқірек көзін ашу талабынан туындағанын байқаймыз.
Біздің халқымыздың музыка өнері және оның адам сезіміне әсері мен қуат күші жайында
айтылған түжырымды ой мен татымды пікірлерінің бастауында Әбу насыр әл-Фараби
тұрады.Сан ғаламға негіз боларлық ой қалдырған бабамыздың саз өнері жөніндегі«Бұл
ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдылығынан айырылған адамдарды түзетуге, қызба
адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға қүдіреті әбден
жетеді» деген тұжырымы халқымыздың тэжірибесінде музыкалық терапияның болғанына
ғылыми негізі болары хақ. Ғұлама былай дейді: «Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жәй
ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтықтықты білдіреді, үшіншісі біздің
қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол
бізді жақсы тынықтырады.»Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары
қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі-өздерінің айналадағы адамдарға деген
қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен карымқатынасу арқылыы қанағаттандырылады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен
өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің аддына адамзаттық қарымқатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол
әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының
дұрыстығына жауап іздейді.Ал музыка-адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу
үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты
көңіл бөлу керек.Осы педагогикалық-психологиялық заңдылықты қазақ халқы тым ерте
аңғарған.Тілі шықпаған сәбидің жан сарайына жету ән-күй,әуен екенін жете сезінген
олар,сылдырмақпен ойнатып,бесік жырын айтатын,әр іс-әрекетін әнге сүйеп атқаруының
түп себебі осында жатыр.Бұл- дәлелсіз мақтанқұмарлық емес.Айталық.Ботасы өлген боз
інгенге басқаның ботасын қалай телігенін көрген шығарсыз.Өлген ботаныің терісін басқа
інген ботасының үстіне жауып,қыл қобызбен сарнатып,телу күйің тартып,көс-көстеу
жырын орындағанда шай қайнатым уақытта,боз інген көзінен жас парлап,алпыс екі тамыры
иіп,өз ботасының терісін құшырлана иіскеген боз інген,бөтен інген ботасын өз ботасындай
танып,емізіп тұрады.Бұл ненің күші? Тұмса тұсақтың қозысын тастап кететін немесе өз
қозысынан өзі жеритін, кей жағдайда қозысы өлген қойға сүті аз қойдың қозысын жағызғанда, аналарымыз,әпкелеріміз,жеңгелеріміз «төйгелеп» қозыны алдыратын, телитінін
жақсы білеміз.Ол ненің құдеріті?Ән-әуеннің әсері.Жапония ғалымдары,күн көзіне еріп,
күнбағыс табақшасы (алақаншасы) бұрылатыны тәрізді кейбір гүлдердің музыкаға еріп
бұрылатынын анықтаған.Ғылымы шарықтап дамыған елде,ғылым жетістігін барлық
орында ұтымды қолданатыны анық.Жапония мектептерінде,түскі үлкен үзілісте,келіп
музыка,ән-күй тыңдайтын,тақпақ өлең тыңдайтын,аудио кітап окытатын, үн таспа еститін
арнаулы бөлме,кабинеттер бар.Кәдімгі өзіміздегі шай ішіп,екі жапырақ балбауырсағын
жеген адамдай,оған рахаттанып,рухани лаззат алған оқушылар,келесі сабаққа өте ынталы
қатысады.Оларда ата-аналар мен балалар бірігіп 100 тақпақ,өлең,жыр жаттау деген ғұрып
бар екен.Мұның бәрі адамдардың көкірек көзін ашуға арналған шаралар.Сондай-ақ,тіл
өнерінің құдыретін түсінгені сонша,алғашқы мектепте шет тілін оқытуға тиым салып,
кәзіргі жапон тіліне қосып көне жапон тілін қатар оқытады.Әдебиеті де солай.Бұл турадағы
69

69.

біздің жағдайымыз,айтпасада түсінікті ғой.. Халқымызда ауыз әдебиетінің ішінде ең көп
тарағаны - өлең. Оның адам өміріндегі маңызы туралы ұлы Абай былай деген:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кіреді денең. Өмірдегі қызықт
бәрі өлеңмен, Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең». Бұл жерде ақын сөзінің өлеңге, өскелең
өмірімізге тікелей қатысы бар. Ана әлдиі, бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке,
салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы – бәрі-бәрі көз алдыңыздан
өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның жүрек
тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуымен байланысты.Бұларсыз адамның көкірек көзі
ашылмайды,жан сарайы қуаттанып,қоршаған әлемді тани алмайды.Ал,Қорқыт Ата өнерді
игерсең,дәлірек айтқанда,күй өнерін меңгерсең, ажалдан да құтыласың,болмағанда ғұмыр
жасыңды ұзарта аласың деп өсиет қалдырған.Осыны есте тұтқан қазағым: «Рухтана шапқан
казақтан ажал да сескенеді»-деген ғой! Фараби бабамыз,музыка құдыретін жете
ұғынып,халқына оны игертудің амал-айласына қатысты тоериялық және практикалық
оқулығын жазып қалдырды.Алайда оның игілігін, европалықтар бізден бұрын көрді,бұл
оқулық Европада ешбір өзгеріссіз алпыс жыл бойы керектенілген екен. Білім арқылы
көкірек көзін ашу қазақ тәрбиелеу ілімінде тым ертеден қалыптасып,оқу-ағартушылық
филио-софиясы арқылы ол даму жолын тауып,әсіресе ХХ ғасырда ерекше табыстарға қол
жеткізді.Ислам өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы ғылым-білім,мектеп-медіресе
қатарлы оқу-білім ошақтары өте баяу болса да, оның көне дамымаған түрлері келсе де, қазақ
қоғамында жылжу болды,қазақтың көкірек көзін ашу амал-айласына сіңісе отырып,өз
орнын тауып жатты.Соның бірі имандылық арқылы көкірек көзін ашу амал-тәсілі
еді.Мұның дәлелін Яссауидің ілімінен табамыз. Яссауи философиясында көңілдің пәктігі
ең басты шарт. Адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы “қалб-и салим”
дәрежесіне жету қажет. Қалби салим болуды Құран аяттарында қалай түсіндірсе, Яссауи де
өзінің «Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу сатыларын “дария”, “кеме”, “асу”
символдары арқылы өте анық, түсінікті түрде айшықтаған.Адамдағы көңіл материалды,
яғни көзге көрінетін, рухани, көзге көрінбейтін әлемдерді тұтастан-дырып, біріктіріп
тұрады. Көңіл осы екі әлемде “төреші” болуы үшін өзін дамытып, кемелдендіріп, шыңдап
«көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир көзі ғафлетте, “Батин көзі” ашылса ешқандай “перде”
қалмайды. “Жан көзі” — қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды. Сыр көзі“фана” мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы көреді. … Көңіл көзі жарылмадан
тағат қылса, Хақ дергахында қабыл болмайды”. Яссауи үшін көңіл ішкі және сыртқы
әлемнің орталығы болу үшін көзін ашу қажет. Сонда ғана жанның да, тәннің де амалдары
оң болады. Міне, көңіл тән үшін де, жан үшін де өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен,
адамды адам еткен оның мәні, рухы болғандықтан, сопылық философияда көңілдің рухани
рөлі тәнге қатысты қырына қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сондықтан осы
руханилығы жағынан өте нәзік сырлар мен құпияларды хикметтер арқылы адамның
адалдығын, мән-мағынасын қамтамасыз ететін күш – көңіл. Алланың аманатын
арқалайтын күш иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл, ой, тіл, сана
емес, көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық табиғаты бойынша, жақсылық пен
жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман мен күпірліктің күрес алаңы да осы көңіл. Көңіл
сондықтан өле-өлгенше бір қалыпты бола алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау,
тізгіндеу, тәрбиелеуге мұқтаж.Көңіл – айна. Оған Алла да, періште де, шайтан да
қарайды. Періште қарап кетсе, оған иман, ізгілік, игі амал, рухани хәлдер сыйлайды, ал
шайтан қарап кетсе, күпірлік, күдік, күмән, жаман амал, шахуат, әуестік, менмендік
ұялайды. Көңіл өз айнасына қарауға тек періштеге ғана рұқсат беретін хәлге жетуге
тырысуы шарт. Көңілді ондай халге жеткізу үшін сопылықта негізгі әдіс – зікір, яғни,
Алланың аты, заты, көмегі, қуатын шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық, бақытқа
кенеледі.Ал көңілдің тыныштығы иманның артуына, бекуіне мүмкіндік береді. Сонда ғана
көңілдің перделері ашылып, көрінетін және көрінбейтін әлемдердің сырлары аян
болады. Барлық сырларды бүгіп жатқан әлем оқылуға дайын кітапқа айналады.
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам
70

70.

ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек.Ақиқат - әрбір адамның жанында
болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет
ететіні -ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім-үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда,
ұждан, орысша айтқанда совесть бар» дейді.Көкірек көзін өнер-білім арқылы ашудың
тамаша жолын көрсеткен ғұлама Шәкерім атамыз еді. «Адамның жақсы өмір сүруіне үш
сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал-еңбек,мінсіз –ақыл,таза
–жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» -деген. Адамның
ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің, оқудың, білімнің, өнердің адамға тән
ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық, ой талаптың ортаға тигізер пайдасы, әсері, ықпалы туралы
түбіне жеткізе айтқан адам Ш. Құдайбердіұлы атамыз еді. Ол: Ынсап, рақым, ар-ұят, сабыр,
сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жай, Анық
төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені
былғамастан,-деп, адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп жүк
артады, мақсат міндет қояды. Олардың орындалуына қажетті шарттарды, жолдарды да
нұсқайды. Мысалы :"Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз рахым, мінсіз сөз, адал
еңбек!» Шәкерім атамыз,жас ұрпақтың мінез байлығын игеруде басты қағидасы болушы
“Ар ілімін” былай тұжырымдайды: Бірінші- әрбір адамда діни таным болуы қажет, екіншіғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі тиіс-дейді, және оны үшке
бөледі:1. Мейірімділік.2.Ынсаптылық.3. Әділеттілік, міне осы үшеуі бойында болған адам,
нағыз “Толық адам” бола алады.Әлемді ақыл-ес көзімен тану дегеніміз осы болмақ.
Ғұлама,М.Ж.Көпеев:“1917 жылға дейін қазақ халқының пәлен пайызы ғана сауатты
болған”-деген¬дерге айтарымыз:“Сауаттылық тек кітап оқи білумен өлшенбейді”...әдеттегі
адамда жоқ, ерекшені көру қабілеті бар әулиелерде, ...адамдарда...жануарларда «бәтін көз»
бар,»- дейді және оны ғылыми негізде дәлелдейді.Осы «бәтін» көзді ашудың жолын
көрсетеді.Бұл бәтін көздің адамға қажеттілігін саралап береді.“Айта- Керимеде-Алла
тәбәрік отғылы: “Ие ғалам лығып уалшаһадат”, – деп тұр. Оның мағынасы: “Көрініп тұрған
да ғалам бар екен”. Көрініп тұрған ғаламды: “Ғалам лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ”дейді. Көрінбей тұрған ғаламды: “Ғалам лығиып, ғалам лимығына, ғалам ламир”-дейді.
Олай болғанда, көрініп тұрғанды: төрт аяқты хайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, бәрі де біледі.
“Көрінбей тұрған ғалам” мағынада –ғалам ламирде не бар, одан адамға келетұғын қандай
пайдалар бар? Соны білуге тырысу керек.Бұрынғы ата-бабаларымыз мұның бәрін білді.
Бірақ артына нұсқа қалдыруға хат жазу білмеген себепті ауыздары айтып кетті. Исі қазақ
деген жұрттың көрініп тұрғаннан басқа¬мен жұмысы болмағаннан: “Қазақтың жаны –
азапта, Наданның жаны – тозақта!”, – деп зарлап кетті. “Көзі соқыр – соқыр емес, Кеу¬десі
соқыр ¬– соқыр”, – деп қақсап кетті. Осы сөздерді бұрынғы ата-бабаларымыз ай¬тып
кеткен. Сонда біздің осы көрініп тұрған-менен ғана алданып: “Өзіміздің шешеден туумен
кісі болдық қой!”, – деп шолақ ойда қалған¬дығымызды білгендіктен бұл сөздерді айтқан”.деп,арнайы белгілеп көрсетеді.Осы көрінбейтіндерді көріп біліп,тану үшін де бәтін көз
керек-ақ. Ал,Абай атамыздың «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең
болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам
жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде Құдай Тағала хайуанның жанынан адамның
жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан»/Абай. 2 том, алматы, 1995, 165 бет/,
деген даналық сөзі бар. Абай «дүниенің көрінген сыры» деп бізді қоршаған материалдық
әлемді айтса, «дүниенің көрінбеген сыры» деп біздің тылсым сырға толы рухани әлемімізді
меңзеп отыр Басымыздағы қос көз бұл көрінбесті қайдан сезсін,ақыл көзі: Ілімге толса
көкірек, Ашылар көзі санаңның. «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөздегендейін ақыл көзін ашу-табиғи заңдылық.Көкірек көзі ерте ашылып,талай іліми
жаңалықтар ашқан қазақ ғалымдары мен ғұламалары бұрын да көп болған,кәзір де
баршылық.Ал,әлемде олардың саны мыңдап саналады.Ең тамашасы олар бір ғана
мемлекеттің,бір ғана ұлттың құшағына симайды,жалпақ әлемнің мақтанышына айналады .
Ал,көкірек көзін ашатын амал-айла,әдіс-тәсіліне келсек,бүгінгі таңда,оқу-білім саласында
орын алып,отырған «жалпақшешейлік» саясатқа қарсы келетін ұстаным бар. Ол,бойынша:
71

71.

«Жастардың көкірек көзін ашатын-өнер –білім екені рас,алайда, бар өнер,бар білім,барлық
жастың(барлық адамның) көкірек көзін аша бермейді.Әрбір жанға тиесілі,әрбір жасқа
қажетті өнер білім бар.Оны дұрыс тауып,таңдап,талғамға сай,қажеттілікке сай адамдарды
қанағаттандырсаң ғана олардың көкірек көзін аша аласың!Себебі,ешбір жанның көкірек
көзін мәжбұрлеп аша алмайсың!»Бұл заңдылықтың мәнін түсіндіру үшін екі ғана мысал
келтірелік. Абай өлеңді жалпыға арнап емес, сол жалпының ішінен бөлініп шыққан
жалқыларға арнап жазған . «Көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға үлгі беру үшін жазған
Бұл сөзді тасыр ұқпай, талапты ғана ұға алатынын да ашып айтқан. Ол өлеңін негізінен
«көңілінің көзі ашық» сергек жастарға арнаған. Абай - бұл жалғанда жалғыз ғана
молшылық бар екенін, ол молшылық дегеніміз ақыл екенін жақсы білген ғұлама. Өйткені,
жер басып жүрген жұмыр басты, екі аяқтылар арасында менің ақылым аз деп мойындаған
пенде жоқ. Ендеше Абай сөзін олардың ақылын молықтыра түсуге, адасқан тұсын көрсетіп,
оң жолға салуға арналған деп қарастыру ләзім.«Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,Думан, сауық
ойда жоқ әуел баста-ақ...»Мен сияқты көркем сөзден еш хабары жоқ,тілі орамсыз,жүрегіне
жылылық тимейтін жанға Абай атамдай жүз ақынның не сияқты тамаша өлеңдерін қанша
жаттатқызсаң да нәтижесі аздау.Солай бола тұра,сыбызғымен бір әуен тартқызсаң делебем
қозып,көзім жайнап,елең ете қаламын.Үш күн отырсам да,сыбызғыны,ас сусынсыз,
жалықпай тыңдай аламын.Себебі,бала күннен,қозы жайып жүріп,қурайдан сыбызғы
тесіп,перне ойып әуестенгендіктен оның айтары маған түсінікті, әрі қонымды.Біздің ауылда
тұратын Жанат Түбекбайұлы (1932) ақсақал өте қызық адам.Өзінің қолдан жасап алған
қалақша бас қара домбырасы бар.Анда-санда,үйінде,төр алдына сырмақты бірнеше
қабаттап жайғызып,беліне қабат-қабат жастықтан сүйеу қойғызып, жайланып отырып
алып,күй тартады ғой, келіп!Ол,үйге кім келіп,кім кетіп жатқанында ақсақалдың шаруасы
болмайды,ас-суды да каперіне алмайды.(Күйді тыңдау үшін,көптеген адамдар ақырын
кіріп,дым демей келіп-кетіп жатады)Бір кезде,домбырасын құшақтап,жастыққа жантайып
ұйықтап кетеді,ұйқыға бататыны сондай аузынан сілекейі ағып та кетеді.Осы жайдың мәнмағынасын атайдан сұрауға ешкімнің дәті барған емес.Ал,кей күндері, үстелге отырып,
көзгілдірігін киіп,қалың дәптерге бірделерді жазып отырады.Мен бір күні,осындай сәтті
пайдаланып,күй тартып,жазу жазып шұқшиюдың мәнін біле қоймақшы болып,атаға:
-Ата,қартайғанда,қағазға шұқшиып,көзмайыңызды тауысып,неге әуреленесіз?-демесім
барма.Атам,жұлып алғандай,тіке қарап:-Сексеннің алтысына жаңа келдім,мені қартайып
қалдың ғой дегенің не? Қалыңдыққа хат жазып отырмын!-демесі бар ма! Бәйбішесі, келіндері,немерелері отыр екен,бәрі ду күлсін. Мен,шынымен тосылып қалдым.Менің
жағдайымды толық түсінген атамыз,ұзақ әңгіме айтып,талай тамаша мен қызықтарды
баяндады.Сөз соңында,қандай бір өнерді игеріп,көкірек көзіңе бітіндей болса да,сәуле
кірсе,білім мен басқа өнерлер тым қиналмай-ақ қолыңа іліне кетуі ғажап емес.Сол,менің
санама саңылау салған осы қара домбыра ғой!Енді қартайған шағымда, одан алыстау
да,үнемі айналысу да қиын екен.Сондықтан анда-санда,домбырамен осылай сырласатыным
бар.Ол сырласудың соңы ойға не сиқты қозғау салып,оны қағаз бетіне түсіріп қоямын,
Мүмкін ұрпақтарым мұны да бір кездері керегіне жаратар.Атаның осы айтқан бір ауыз
әңгімесіндегі ой түйіні,менің бар ғұмырымда алған білімімінің жартысына пара –пар
сезілген еді.Біреудің көкірек көзін ән-күй ашса,екіншілерде қол өнер,би,сәулет-сән,сызу
өнері ашатыны белгілі. Қазақ қыздары кесте тігіп,керме керіп не бау есіп отырғанда,анықтап байқасаңыз олар қандай бір ән-әуенге ілесіп,көңілі көтеріліп ,арманы
асқақтап ,қол еңбегінен ләззат алып шалқып отырғанын көресіз.
...Менің Санат Қабдыразаққызы(1960) деген қарындасым, орталау мектепті бітіріп
құрылысшы мамандығын игеріп,әрлеуші болып істеді.Оның бойында ерекше талант бар.Ол
ою ойып,тұскиіз сызып, неше түрлі алаша,төсек жапқыш,төсек сырмақ,сырмақ, текемет
тігетін.Олай істеп жатқанын көрген жұрт таңданатын бір нәрсе:оюды ойғанда,түскйізді
сызғанда не циркуль,не қарындаш, қалам,сызғыш керектенбейтін:-солай бола тұра барлық
ойған-сызғаны симметриялы,тең өрнекті,көркем шыға келетін Өрнек салып,мүйіз ойғанда
72

72.

қарама- қарсы тұрғандары бір-бірімен бірдей айна қатесіз,компютермен көшіргендей
шығады.Мұның сырын сұрағанда,ол:-Сендер жиһан университетін бітірдіңдер,мен апам
университетін тамамдадым.Сендер жазу-сызудың не сияқты нәзік дәл өлшейтін тетіктері
мен құралдарын керектенесіңдер.Мен апамның сиясы мен шиді ғана пайдаланамым,деп,бізді тойтарып тастайтын.Шындығында,үш бұрыш пішінді ою сызғанда матаны
шаршылап бүктеп,шетін саусақпен шымшып басып сындырып,шамалы шекер қосып езіп
алған қой сүтіне шиді малып сыза салады.Шеңбер сызғанда ғана үлкен шыны аяқтарды
төңкеріп қойып,ернеуін айналдырып шығады.Ақ киізге ою сызғанда шыбықтың ұшын сәл
ғана жағып тұтады да сөндіріп,сыза жөнеледі.Ақ кигізбен қара киізді жеке-жеке-жеке ойып
алып,ойыстырып қосқанда бір-біріне дәлме-дәл қона қалады.Әжемнен бұл құбылыстың
құпиясын сұрасам;мен түсіне қоймайтын бір ілімнің шетін қылтитып қана,қарапайым
тілмен сипаттап:-Бұл қыздың бастағы екі көзінен басқа,көкірегінде екі көзі бар.Солар
арқылы өлшеп-пішіп отыр емес пе!Сенің нағашың Тоқайдың ондай көзі саусағының
ұшында,ол сондықтан,мүсінші –суретші болып жүр,-деуші еді. Көкірек көзін білім арқылы
ашудың өзінде де,әр адамға тиесілі оларға тән білім бар.Мұндай білімді білім беру ғылымы
озық дамыған елдерде «ортақ білімнен» бөліп алып, «қажеттілікті өтеу,көкірек көзін ашар
білім»-деп жастардың қалауына сай ұсынып оқытады.Ал,бізде,ортақ білімді-жалпы
біліммен ауыстырған социалистік дәуір мектебін, «жалпақ білім беретін,коммунистік
мектепке» ауыстырып әлек болуда.Ол білімдер барлық оқушының,барлық жастың көкірек
көзін аша қоюы екі талай ғой!
Жеткіншектердің ақыл –ойын дамытып,зердесін ашу үшін ойын мен ойыншықтың
сан түрін ойлап табу мен қатар,қазақта арнаулы зияткерлік ойындар да бар.Мысалы, қойшы
алгебрасы аталған тоғызқұмалақ,қазақ дойбысы,ағаш түйіні,асық қағу,өрмек өру,бүгінгі
менталдық арифметиканың бастауы болған-қазақтың қара есебі,жұмбағы т.б.Хан мен
хағандар,би мен сұлтандар өзара сынасып,сыр шешетін тапқырлық танытуды қажет ететін
«Сыр ашу»-атты есептік-өнерлік ойынлар да болған Оқудың, білім алып ізденудің түпкі
пайдасын қазақ халқы жіті білген, жете бағалаған. "Оқу - шала естіні бүтін, бүтін естіні
данышпан қылады". ХІХ ғасырдың аяғында,Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында:«Қазақ халқы азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы біреу
салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі еркін;оның келешегі үшін
оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр»
деп жазған. Ы.Алтынсарин бұл тұжырымында қазақ халқының рухани болмысын, тарихи
санасын жоғары баға беріп, аса дарынды ел, аса талантты халық екендігін айқын көрсеткен.
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам
болады.”(Абай)
Кемеңгер халық оның ойшылдары бала тәрбиесіндегі ғасырлар бойы тұжырымын
осылайша жалғыз ауыз сөзге сыйғызыпты. Бағы заманнан үйрету- үлкеннен, үйренукішіден.Үйренушіге жан құштарлығыы ғана емес, үйретушінің де талантты, табанды,
талапшыл болғаны қажет. Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әкеден балаға ауыса
отырып, қазіргі замаңға дейін келіп жеткен, ұлттық болмысын сипаттайтын өз жолы бар.
Бұл жер - жаһандағы әрбір халыққа тән.Соның басты екі тәсілін қарастырдық. Зейінін
ашып,зиынын кеңейту,көкірегін ашып,,сарайын сәулеленліру тым оңай еместігі түсінікті.
2.4 §. Балатану баспалдақтары
Қазақ халқы-өте балажан халық. « Артымда қарайып ұрпағым қалсын, шаңырағымда
шырақ жансын, ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген, баланың
азамат болуы жолында күш-қайратын аямаған. « Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұятышешеге» деп ұл-қыздарының өнегелі де ұятты,тәрбиелі де текті болуына ерекше назар
аударып, әрбір ата –ана бұл жауапкершілікті өздерінің абыройлы міндеті,ұрпақ алдындағы
қасиетті борышы санаған. Қашаннан қазақ ұрпақты Тәңірден, Алладан,Жаратушыдан
жалынып, тілеп, қалап -сұрап алатын. Балалы болу үшін, мойнына бұршақ салып тілеуден
бастап,күндіз-түні иманын үйіріп,қадам сайын жалбарынумен қатар, сәл кешіге бастаса
73

73.

болды,баз кешіп, әулиелі орын мекендерге,жатып-түнеп,сыйыну мен табынудан жалыққан
емес. Қазақтың осы бір ақжарқын, асыл,риясыз пиғылына Жаратушы да нұрын төгіп,
шапағатына бөлеп,алдына отыздан, артына оннан ұрпақ сыйлаған ғой!Ормандай отыз
ұлды,еліктің лағындай ерке жиырма қызды мәпелеп өсірген қазақ мол-ақ еді.Кәзір де бар
екен.(2010 жылдың жағдайымен)Қарағанды облысының, Теміртау қаласының Ақтау
кентінде 10 ұлы,екі қызы бар.бес отбасы,сегіз қызы төрт ұлы бар бес отбасы тұрады екен.
Бұдан артық байлық,бұдан артық бақыт бола ма?Қазақтың Қарашаңырағына ие болған,
Қазақ хандығының бас ұстазы Абылайдың отыз ұлы,қырық қызы болғаны тарихи шындық!!
Міне осы Жаратушыдан жалынып сұрап алған ұл-қызын адам қатарына қосу үшін оның
даму,өсу,жетілу кезеңдерін мұқият қадағалап,терең зерделеуді өмір тақауырылаған.Осы
негізде адамтану қазақ ілімінің ішінде,сәбитану,тектану,жас кезеңдерін сипаттау жағынан
жинақтаған білім қорында бүгінгі ғылыми аталатын психологиядан артық болмаса кем
түспейтін қағидалар мен пайымдаулар баршылық.Мысалға Абай атамыздың адамтану
ілімінің бір-екілі тұжырымын келтірейік,Абай адамтану тағлымы, біріншіден, тән, жан,
сезім, тектілік үйлесімділігінде,екіншіден, шындық пен адамгершіліктен үйрене білуде
және осы құнды мұраны әр дәуірде жетілдіретін, әрбір адамға жеткізетін өтімді іс-әрекетте,
үшіншіден, халықты алауыздықтан, алалаудан, ал адамды шектеуден сақтауда-дейді. Оның
жетілу жолдары: көп нәрсені есітіп білу, көкейтесті мәселені көңілде түюге дайындық және
соны үйрете алу, үлкен үміт , есеппен адамдық құндылықты, халықтық мұраны бағалай
білу, оларды жөн-жобасымен қолдандыратын бағыт пен дәстүрден ауытқымау;
шығармашылық ізденіс пен істің қайтарымында адам үдесі мен халық үмітін
ақтау.Адамтану-есі барлық жанға олжа, басқа сая, ер қорғаны,сонымен қатар теңсіздіктің
тетігі мен түбірін табу. Одан «ары бар, ұяты бар, ақылы бар» демекші, әркімнің өзі іздеген
құндылық табылар. Өйткені адам «дүниені тегіс көрмекке,тегіс тексермекке лайық», өзін
ақыл-парасат, иман-ғибадат арқылы тануды және солардың пайдасын көрерлік сәт
мүмкіндікті іздестіреді.(27-28-сөз) Ең бастысы,баланың жан азығына зәру екенін еш
уақытта ұмытуға болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі-ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады.Бұлар тәннің
құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі өспейді,қуат
таппайды.Екіншісі-білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа
да, біреу күлсе де, жыласа да тұра жүгіріп,«ол немене ?»,«бұл немене?» деп,«ол неге
үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық
көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары,білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен
пәлсопалық ой жатыр. Яғни,балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса,жан
азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі
мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны адам тәрбиелеп жетілдіруші барша
жан есте сақтауы ләзім.
Адамның жас ерекшелігі туралы айтылған пікірлерде Шәкерімнің: «балалық шақ,
ересектік,қарттық» деген топтауы ауыз әдебиет үлгілерімен сабақтас болса бала жасын
тікелей топтаған Ә.Дибаев ақсақал болды.(А.Диваев. «Игры киргизских детей»1905)Ол ,
қазақ балалар ойынын зерттей келіп жасөспірімдерді сол кездегі ғұрып бойынша :1-7
жасқа дейін- сәби,7-15 жасқа дейін-бозбала, 15-30 жасқа дейін жігіт-деп топтап,қазақ
ойындарын: сәбилер ойыны;бозбалалар ойыны:жігіттер ойыны деп бөлді. Қауым арасында
бала жасын былай атап,төмендегіше топтайды.Бір жас аумағында-шарана,щақалақ,нәресте
атаулары қолданылады.Бір мен екі аумағында ,қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек
дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында
өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп.Мысалы,тәттім,томпағым, торғайым, балапаным,
қозым,гүлім,айым,күнім,жарығым,жұлдызым қатарлы қазақ ананың санына сай бүлдіршіндерді еркелетіп атайтын өз есімдері бар болған.Осы шақтағы сәбилер табиғаты осылай
аймалап, өбектеп, еркелетіп қолпаштап,қолтығынан демеп, көкке көтеріп талпындырып
отырғанды қалайды. Еңбектеуге таяғанда қолды-аяққа тоқтамай талпынып,ұшып кете
жаздай-ды.Мұны қазақтар «қанатты» шақ- «талпыну» дейді.Осы жағдайды білмейтін
74

74.

талайлар нәрестенің қанатты шағында талай нәрестені «ұшырып» құлатып та алған. Үштен
бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала,балақай, 3-12 жас арасы
ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы
бозбала,бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар
өте ұлағатты атаулар.Қыз айттырылғаннан кейін қалыңдық аталуымен қатар, құдалық рәсім
жасалып,қалыңдықты болғандар күйеу атағын алып,жас жігіт, күлше қыз атауы олардың
абырой атағын, айбарымен намаысын ала келеді.Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атауларүлкен жауапкершілікпен, борышпен,ар-ұятпен, міндетпен астарласып тұратындықтан
оның бет-беделін,намысын сақтау үлкен ерлік пен ыждақатты тілейді.Бұл атаулар қазақ
үшін аруақты да,ардақты рәміз саналады.Алпысқа келген сарыкідір әйелді де ұлықтағысы
келсе:«Әй,біздің қыз!»-деп шақырады,абыройын арттырғысы келсе де:«Әй,біздің қыз»-деп
қаратады.Ал, ерлерді алпыстан асса да, «елағасы,жігіт ағасы»-деп құрмет көрсетеді.
Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл –қозғалысындағы өзгерісті,
жаңалықты айтады.Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін
тануы,күліп-жымиуы,аунай алуы, талпынуы,құйрығын басуы,еңбектеуі,қаз тұруы-қадам
басуы,сөйлеуге икемделуі (гуілдеу, ызылдау сияқты сәбиге тән ерекше үн- дыбыс шығару),
сөйлеуі, аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б.Міне осы қатарлы бала дамуын
ерекше бақылаған ұлтымыз,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша
мән беріп,ерекше танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар
өткізген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін,қазақ жұрты тым
ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде
жасалатын бағым- күтім,көрсететін үлгі-өнеге,игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып,өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,
мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге
айналғанда,бауыр аяқ жасап, қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін
орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш
тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды. Неге? Қазақ ата-аналар,бала дамуының әр кезең
ерекшеліктерін өте жетік білген.Сонда,нені білген?Балалар әлемді сезім арқылы таниды:
есту, сипап сезу, иіс сезу және көру. Әрбір сезу тәжірибесі мидың миллиардтаған
жасаушалары арасында байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді, сөйтіп балаға бұл
дүниені үйренуге көмектеседі. Мысалы, ата-ана баласымен оны қолына алғанда,бесікке
бөлегенде,сылап сипағанда,өс-өстегенде сөйлеседі, баланың естуінің дамуына осылай ән
айтып, көмектеседі.Қайталау байланысты нығайтады, осылайша бала ата- анасының
дауысын тануға үйренеді.Бұлай үйрету өмір бойына жалғасады.Алайда қабілеттіліктерді,
әсіресе, көру, есту, сөйлеуді дамытуда ерекше кезеңдер болады.Ми мақта секілді тез
сіңіруге, жаңа ақпараттарды қабылдауға қабілетті болатын кезең бар. Мәселен, кішкентай
балалар өзінің ана тілін оңай және жылдам үйренетінін еске түсіріңіз. Дүниеге келу мен бес
жас аралығындағы кезең баланың дамуындағы барлық салада ерекше қабілеттілік кезең
болып табылады . Бұл туралы адамтану қазақ ілімінде мынандай ерекше қағида бар.
« Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан
асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.(Дәл осыгндай ұстаным, жапондарда,корейлерде,саян түріктерінде де кезігеді) Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес
жасқа дейінгі мерзім.Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып,
еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің
ширақ, ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы,ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап,
қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда, «патшасындай» қарайды. Солай етуге ата–
анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл–аймағы міндетті болған Осы жастағы оң тәжірибе өмір
бойына дені сау дамудың негізін салады.Екінші жағынан, нашар тамақтану, күйзелістер,
негативті тәжірибе және оң эмоциялардың (ынталандыру) жетіспеушілігі осы жылдары
баланың дамуына елеулі әсер етеді. Баланың дамуындағы ауыспалы сатыны-жас
шамасының кезеңдері деп жүрміз. Оның бастыларын: отыру, еңбектеу, тұру, жүру және
алғашқы сөйлеуі қатарлы даму сатыларын жоғарыда тізбектедік. Осы кезеңдеріндегі
75

75.

нәресте,сәби бүлдіршіндердің ерекшелігін атап өтейік.Мұны білген ата-ана, тәрбиелеуші
қауым,тәрбиелеу ісін басқара алады,бақылай алады. Баланың дамуына әртүрлі факторлар
әсер етеді. Әсіресе ата-ананың бала күтімі,тәрбиесі туралы нақты білімі өте маңызды.
Мысалы, егер ата-аналар балаға өз бетімен тамақ ішіп көруге мүмкіндік берілмесе,олардың
өз мәселелерін өз бетімен шешу қабілеттілігі балаларда қалыпты жағдайдан кешірек дамуы
мүмкін.Негізгі кезеңдерге жету жолында бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды
қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру
керек,бауырын көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып,тырбанып
жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен аунай алуы,одан
соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі
ересектер көмегімен сол қозғалысты жасай алатын шағында жаттығып дағдылану
нәтижесінде орындалады.Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйеніп
(жүкке,қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.) тартып,итеріп бойын билеп үйренеді.
Ал,оларды жасамаса, дамудың ол кезеңі кешігеді. Мысалы,бөлеу әнін,бесік жырын,өсөстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей өскен нәрестенің, айналасындағы туыстарының,атаанасының үнін ажырату қабылеті кешігеді. Неге?(Тіптен басқа тілде сөйлейтін жұрт
ортасында өмірге келген қазақ баласының тілі 6 айдан 1 жылға кешігіп шығатыны
анықталған.Ал,басқа ұлт тілінде,тілге келген сәбилердің сөйлеу кезеңі 6-8 айға ұзаратынын
нақтылы зерттеу көрсетіп отыр.) Неге екендігі,сәбидің физиологиялық-психологиялық
табиғатында жатыр.Ол былай дей-ді:«.Мені 6 айға дейін жиі еміз.Маған басқа тамақ керек
емес. Жиі құшақта. Менімен сөйлес,ән,тақпақ,әңгіме айтып бер.Маймен ,тұзбен және басқа
жақпалармен уқала,сылап-сипа.Сылдырмақтарым,қызық-ойыншықтарым көз алдымда
ілулі тұрсын 1 айда мен... Анашымның омырауын еме аламын Бетіме тиген қол бағытына
басымды бұрамын,жылау,бас бұру,қабағын түю,мұрнын тыжырайту... сияқты көңіл-күй
сезімді бет әлпетіммен көрсете аламын. Дыбыс ажырата аламын, маған әуен ұнайды әсіресе
анамның даусын жақсы көремін. Заттар жақында болса көремін. Мені қолыңа жиі алшы,
емізші.(Анасы осыларды қанында жоқ тілде жасаса кешікпейтін шара жоқ қой). Маған таза
қауіп- қатерсіз аузыма сала алатын ойыншықтар бер. Жан-жағыма қарай алатындай мені
ақырын көтер.Менімен көп сөйлес, оқып бер маған. Екпектетіп жатқызып алдыма қолым
жетерлік жерге, ұстай алатындай доп сияқты ойыншық қой. Менімен тығылмаш ойна,
маған ұнайды. 6 айда мен ...Екбетімнен жатып басымды және кеудемді көтере аламын
Көзбен адамдарды қадағалай алам. Заттарға қарай созыла
аламын.Заттарды ұстап,сілкілеймін. Екі жаққа аунай аламын.Біреу тіресе отыра аламын. Қол және ауыз арқылы
заттарды «зерттей» аламын.Мен күле алам, шыңғырам, гүілдейтін дыбыстар шығара
алам.Атымды атағанда қараймын. Айнадағы өз бейнеме күлем.Мені емізуді тоқтатпа, бірақ
маған күніне ұнтақталған,жұмсақ қосымша ас ұсынуға болады.Жегім келмесе қысама.»
«....Маған итеретін, тартатын,айналдыратын зат бер. Сынбайтын ыдыстар ойнауыма дәл
келеді.Маған заттарды көрсетіп, атын айтып үйрет. Менімен әртүрлі ойындар ойна.Өлең
айт, кітап оқы. Ойнап отырсам, келіп қосыл маған. Маған суды, құмды немесе ұсақ
ойыншықты ыдысқа жинап кейін қайта төккен ұнайды. Барлық ыдыс жарайды тек қауіпсіз
болса болғаны. Менің таза және қауіпсіз жерде болғанымды қадағала, себебі мен қозғала
бастағаннан бастап бәріне қызығып әр жерге өрмелеп шығамын. Қол жуып үйрет. Және
барлық екпелерімді уақытында қабылдауымды қадағала, ұмытпа. Мені отбасы мүшелеріне
қолға алуына рұқсат бер, құшақта мені.12 айда мен... Өзім отыра аламын Еңбектей аламын
Ұстанып тұрып 1-2 қадам жасай аламын Дыбыс немесе сөздерді қайталауға тырысамын
Алақанымды шапалақтап ойнағанды ұнатамын Қиын емес тапсырмаларды орындаймын
Өзіме назар аудару үшін әртүрлі дыбыстарды шығарып және ымдарды көрсетемін. Маған
көп көңіл бөлгенді қалаймын. Еденнен екі саусақпен затты ала аламын, алып қайта
құлатқан ұнайды маған Маған рұқсат берсе өзім жегенді ұнатамын.Аузыма салу арқылы
заттарды білемін, зерттеймін.»2 жастан 5 жасқа дейінгі баланың дамуы Жүру және сөйлей
алу қабілеті. Екі жасар баланың танымында үлкен мүмкіндіктер бар.Олар ешқашан тыным
таппайды, энергияға толы, кез келген нәрсеге құмарлық танытады. Олар ересектерге әлі
76

76.

тәуелді болса да, барлығын өздері жасағысы келеді, жасай алмаса, көңілдері жабырқаңқы
болады.Бұл ашу (ыза) тудыруы мүмкін. Ересектердің алдында өз құқықтарын қорғауға
талпынған кезде көптеген «анайы» сөздер қолдануы мүмкін.Дербестілік барлық балалар
үшін маңызды,берілетін дербестіліктің деңгейі мәдени дәстүрлерге немесе өзге қалыпқа
байланысты болуы мүмкін. Үш, төрт және бес жасар балалардың дүниеге келген сәттен
бастап дамыған кейбір дағдылары болады.Егер оларға өмірінің бірінші жылында тиісті
күтім, қамқорлық, ынталандыру және қолдау берілген жағдайда, әртүрлі салада танымның
дамуына көмектесетін тілдік, ойлау дағдылары белсенді дамиды.Балалармен сөйлесе
отырып, олардың миына терезе арқылы қарағандай боласыз. Сіз олардың қоршаған әлем
құбылыстарын түсінуге және ұғынуға талпынғанын сұрақтары бойынша көре аласыз;
мәселен, неліктен ағаштан жапырақтар түседі? Неліктен құстарда қауырсын бар? Неліктен
су лай болады? Түнде күн не істейді? Неге? Неліктен? Қалай? Қарапайым, шынайы жауап
беруге ұмтылыңыз. Бұл оларға үйренуге, әлемді тануға мүмкіндік береді.Осы шақ оларға
гигиена дағдыларына үйретуге ең қолайлы кез, себебі балалар қол жуу әдеті не үшін қажет
екендігін түсінеді. Осы жылдары балалар өзінің эмоцияларын бақылауға тез үйренеді.
Балаларда әлеуметтік дағдылар қалыптасады, оларға басқа балалармен ойнаған ұнайды.
Ойын іс-әрекетін ынталандыру-прогрессивті дамуының ең жақсы жолы, өйткені дамудың
барлық саласын өзгертуге көмектеседі. Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын
(ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін ойын. Баланың алғашқы
жылдары тез өтеді. Соңдықтан оны құшақтап, аймалаңыз, күлдіріп қуантыңыз, желпіндіріп
сергітіңіз, онымен бірге ойнаныз. Бұл оның ақыл-ойының дамуына үлкен көмек. Жеңіл
тақпақтарды жаттату керек, есте сақтау қабілетін дамыту үшін мұның да пайдасы бар.
Еркін жүріп, жүгіремін, өрмелеп шыға аламын, тебе аламын және де секіре аламын
Қаншада екенімді және есімімді айта аламын. Түстерді ажырата аламын Мағынасын
түсінбесем де есептік сандарды пайдаланамын. Мен көп сұрақ қоямын. Жеңіл өлендерді
айтамын. Ойнағанда ойдан шығарған заттарды елестетіп ойнаймын.Саусақ ойындарын
толық үйрет.Өзім тамақ іше аламын Өзгелерге бауырмалығымды көрсетемін Қолымды,
тісімді жуамын, әрине үлкен адамның көмегімен.Мені тыңда және сұрақтарыма жауап бер.
Әлдебір затты зерттеп білуге көп уақыт бер. Сандар жайлы мәлімет беретін және оларды
үйрететін ойыншықтар бер.Ертегі оқы, өлең айт. Маған бояған ұнайды, сондықтан маған
түрлі түсті қарындаштар бер. Басқа балалармен ойнатудың амалын жаса, есік алдындағы
көрші балалармен немесе балабақша балаларымен
ойнат. Мен 5 жасымда... Өз
қозғалысымды үйлестіре аламын. Сөздік қорым мол, еркін сөйлей аламын. Бөтен адамдардың өзі мені түсіне алады. Басқа балалар мен еркін ойнап достасамын. Жеңіл
тапсырмаларды соңына дейін жасаймын. 10-ға дейін санай аламын. Сүретті кітаптарды
тамашалап, қысқа әңгіме де айта аламын!»
Алғаш босанған тұмса жас анаға бала қалауын,олардың шама-шарқы жететін осы
әрекеттерді оған сай жасалатын амал-айланы кім? қашан? үйретіп,ұқтыруға тиісті екенін
белгілеген, оның жүзеге асу дәрежесіне үнемі бақылау қоятын әулеттік мектеп жүйесі
қазақта тым ертеден қалыптасқан.Дәлірек айтқанда, отау көтеріп,еншісін бөліп,жеке шыға
салысымен,жас отауға әке-шеше деп аталатын әулеттік мектеп құрылатын.Осы мектепке:
ата-ене,абысын–ажын,жезде-жеңге, көрші-қолаң да ұстаздық ететін.Ауылдас қалыңдықтар
мен жас күйеу балалар да, күлше қыздар да осында топтасып өмірлік сабақ алатын.Жас отау
иелері әке,ана аталысымен бұл мектептің бас ұстазы болып, кіндікшеше тағайындалатын.
Бұл мектеп осы отаудың іргесі -берік,көпбасты болып өсіп өркендеуіне тікелей жауапты
болатын.Жас сәбидің нағашылары оның даму,жетілу кезеңіне,осы шақтық уақытында дәл
келіп,сәби қалай өсіп, баулынып, тәрбиеленіп,биязы әдеп,көркем мінезді игеріп жатқанын
бақылайтын. Қайын жұртың сыншыл дегеннің бір пұшпағы осында жатыр. Қазақ:«Әкебалаға,үлкен кішіге сыншы»- дейді.Бір көйлекті бұрын тоздырған кім де кім өзінен кішіге
үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл кеңес беруге міндетті.Көпті көріп,үлкен тәжірибе жинаған
қариялар батасын беріп,өсиет өнеге қалдырады. «Ата жолы-асыл жол» деген қазақтар,атабаба өсиеті бойынша тіршілік жасап тірлік етеді.Ата-баба өсиетін бұлжытпай орындауға
77

77.

ант беріп, серт қылады.Оны Темірқазық етіп,бағдар болдырады.Осының бәрін,өз қолымен
істеп,басынан өткерген Қорқыт бабамыз былай дейді;«Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел
көрікті.Самай шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана
көрікті.Қарашаңырақ қасына тігілген отау көрікті. Өнегелі бала көрікті»Қазақ ана осы
көркінен бүгін де айрыла қойған жоқ. Тәубәшылық қой,бұл да болса!Мысалы, балалар
бөлмесінің маңдайшасына;«Бала-өмірдің хош иісі,Аллаһтың аманаты» деген пайғампар(с.ғ.с.) өсиетін, жазып іліп қойған қазақ ананы өз көзіммен көрдім.Мүндай дана аналар
кәзір де бар,бұрын да болған. Осылардың қамқорлығында,аялы алақанында, бақылауында,
басшылығында өскен барлық ұрпақ-өнегелі, көргенді,текті болуы сенімді шындық.Амал
нешік,барлық жерде күллі қазақ тұрмысында әулеттік тәрбие дәстүрі тегіс жалғасып,Тә»рбие деген Тәңіріңіз басымызға бақ болып қонып тұрған жоқ.Керісінше кемістігіміз
көлем алып,қанат жайып ушығып барады. Ал,бір кездегі бізде болған,әулет дәстүрі жаңа
заманға сай түрленіп, басқа елдерден көрініс беріп жүр.Нәресте перзентханадан шығысымен, босанған ана қолына, баланың даму,жетілу кезеңдері сараланып,осы шақтарда
жасалатын бағым-күтім,әдіс-амалдарын тәптіштеп жазылған қойын,қалта дәптерлері табыс
етіледі(шілдехана,бесік той,қырқынан шығару т.б жоқ демесең,тамаша кеңестер жинағы)
екен. Ал,АҚШ,Франция т.б. көптеген елдерде жас ана мектебі жұмыс істеп, алыстан оқыту
ұйымдастырылып, онлайн форум, конференциялар өткізілуде.Сәбилердің қабылдауға тиіс
екпелерінің уақыты,орнын,аналардың «ұяшықтарына» біздегі ауа райын хабарлағандай
түсіп тұрады. Ал,тәрбие,жаттықтыру, баулу, сауықтыру амалдары аптаның, айдың әр
мезгіліне сай музыкамен әрлеп «планшеттерде» сайрап көрсетіліп тұр.Тіпті сәбилердің
аттары аталып,олардың жеке басына арналған кеңестер де арасында айтылып жатыр.
Сонда,соншама көп сәбилерді бақылап,басқарып отыратын, сәбидің әрбірімен жеке
жұмыстауға шамасы жететін әлеуетті,күшті орталаықтар бар деген сөз!!Иә,солай екен.Бізде
де солай болуға тиісті және сондай жүйе бар екен.Тек,онысы толық істей алмай тұр
.Енді,балажасының қазақи жіктелуін Я.А .Коменскийдің жіктеуімен сәйкестіріп
көрелік.Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балаларды әрқайсысы 6 жастан 4
жас кезеңіне бөліп қарастырды.1)балалық шақ-туғаннан бастап 6 жасқа дейін; 2)жеткіншек
шақ-6 жастан 12 жасқа дейін; 3)жастық шақ-12 жастан 18 жасқа дейін; 4) ересектік шақ -18
жастан 24 жасқа дейін. Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене
жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады;
жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары- тілі мен қолы дамиды;
жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау
деңгейі дамиды және ересектік шақта-ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами
түседі. Әрбір осы жас кезеңдерге сәйкес Коменский білім берудің сатысын ұсынады.1) 6
жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады.Ана басшылығымен мектепке
дейінгі тәрбие іске асырылады.2) Жеткіншектер(6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір
қауымда, жергілікті жерлерде алты-жылдық ана тілі мектебін ұсынады.3) Жастық шақ
кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия
ұсынады 4) Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстардаакадемия ұсынады.Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай
мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын. Әрбір білім беру сатысы үшін
Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады. Аналық мектеп-мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте
сабақ Коменскийдің идеясы бойынша,белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше
қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып
өткізу қажет болды. Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке
тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу,
кішіпейілділік және т.б.) Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра
отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне қажетті: атап
айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез және дұрыс жаза білу,
санай, өлшей білу, ән салу және т.б.Бірақ Коменский онымен шектелмеді. Оның түсін78

78.

діруінше,шәкірттер мораль қағидаларын білу,түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу
қажет, азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және
жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу
қажеттігіне тоқталды. Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш
оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады.Қазақта ана мектебі Коменскийден бұрын
да құрылып,жұмыс істегені белгілі.Мысалы Ұмай Ана мектебі.Сақ Ана мектебі,Тұмар Ана
мектебі т.б.Коменскийдің аналық мектебі туралы айтылған пікірлері Бауыржан атамыздың:
«...Менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес,мүшелі кезеңдерді тойлаушы
еді.Алғашқы мүшел-нәрестенің қырқынан шығатын күн.Бұл күн үйі ішінде емес,ауылаймақта да,көтеріңкі көңіл,көп шаттық үстем болатын.Екінші мүшел- баланың жеті жасқа
толған күні.«Жетіге келгенше,бала жерден тяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой.Сол жетіге
толған күні өрен аяғын нық басты деп санайды.Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы
қадамы да осы жерден басталса керек.Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш.Ендігі
мүшел -13 жас.«Он үште отау иесі» деген мақал бар.Бұл енді оң-солыңды тани
бастадың,ер санатына іліктің,сенімен есептесер,ақыл бөлісер кезең келді деген сөз.енді сен
өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағаныңды,өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсыңдеген тұжырымдарымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес. «...Барша халық 5 пен 7
жас мөлшеріне ерекше мән береді. Бұл кезеңде ата-аналар оларға кіші балаларды бағыпқағуды,мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра бастаса,балалар
бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады...Бес,жеті жаста бала естияр
болады деп есептеледі де,жаңа әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие
болады»-деп жазған И.С.Кон.-Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай
жүзеге асатынын Х.Арғынбаев, «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» атты еңбегінде:«Қыз
балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс
тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйренеді,үй
жиып,кір жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдетғұрыптар мен жағымды қылықтарды үйренеді»-деп тамаша көрсеткен.Осы шақтағы бала
әлемін танып білген қазақтар бала ерекшеліктерін ескеріп,төмендегідей іс-шараларды іске
асырған.Бірінші.Қазақ ішінде жас баланың келешегін болжайтын, олардың бейім-икемдігін
сынап тексеретін дара дарынды-сыншы адамдар болған.Олар адамтанушы, жан жайын
оқитын даналар екен. Бала дарынын сезіп, талантының көзін ашатын ата, әжей, апайлардың
аты ел аузында қалған.Шындығында жеті жастан бастап ұл мен қыздың өмірінде елеулі
өзгерістер орын алады.Жалпы,қазақта,«Алтыға дейін ауылыңды (кей өлкеде атаңды),жетіге
дейін жеріңді таны» деген қағидат бар. Беске толған соң,қазақ ұлын сүндетке отырғызып,
атқа мінгізіп еңбекке араластырады.Қызды жетіге келісімен құлағын тесіп,сырға
салып,әлеуметтік міндет жүктейді. Жасөспірімнің тума таланты не екенін білу үшін,
бейімділігін пайымдау үшін өміртану мүмкіндігін туғызған.Ағайын туыстарының кімдер
екенін, олардың қайда тұрып, нендей кәсіппен шұғылданатынын,ру-тайпасының арғы
тегін, олардың таңба ұранын білу, малға салатын ен, басатын таңбасын ажырату осы
жастағы балаларға міндеттелген. Нағашы жұртын да білуге тиісті болған. Қазақтар
отбасының рулық құрамын байқасақ, нағашысына рулас қызға үйлену, тұрмысқа шығу
өткен дәуірде көп болған. Оның себебі жастар ең әуелі нағашысымен танысатын, оның
жегжатқа қатынасуы содан басталатындығында.Өмірмен,айналасымен танысып білуге,
мына таудың ар жағында, анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын, не барын танып
білу 6-7 жас сәбилеріне тән болғандықтан ата-әжелер оларды ертіп қысқа сапарға шығатын,
ел аралайтын болған.Той-думанға, мереке салтанатқа қатыстырып, өнер білімге құштарлығын арттырып,қызығушылығын оятатын. Осылай бала бағдары ашылған соң, таланттылар ұстаздарына қолбала, шәкірт бала, қалқа бала,атқосшы,көмекші, тәлімгер болып
белгілі мерзімнен оқитын,кейде іргесін тиістіріп ауылдас болатын. Тіптен, атышулы айтулы
өнер иелерін, ат арытып, ай, жыл жүріп іздеп келіп дағды игеретін болған.
Ұста, зергер, құсбегі,атбегі қатарлы өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын.
бейімділігі мен ептілігін байқап көріп, алғашқы қадамын бажайлап,бетін ашатын, талпы79

79.

ныстағы тұсауын қиятын Биязы әдеп, жібек мінез игерудің бастамасы осы жаста
қаланатындықтан,оларға машықтану,жаттығу жасау ата-әже,әке-шеше жанында «қосшысындай» еріп жүріп игеретін. Осындай бір жаттығуды Бауыржан атамыз былай өрнектейді;
«...Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.Әкем дастарқан шетінде
қымыз құйып отыр.Ол мені ымдап шақырды да,құлағыма: «Аталарыңа сәлем беруді ұмытпа
дегенім қайда?»-деп сыбырлады.Мен үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да,нық
басып үйге кірдім.Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалау-мағалайкум аталар!»-деп әр
сөзді қадап-қадап айттым. Бұған,әрине,бәрі күлісіп жатыр.Әкем басымнан сипап:
«Жарайсыц, балам,әдепті бала сүйтеді»,- деді. Осы жастағы бүлдіршіндер, білім мен үлгі
өнегені,әдеп пен мінезді негізінде ойын арқылы игереді.Ойын ойнап, ән салмай өсетін бала
болмас.Бала ішегін сүйретіп жүріп те ойнайды дейді ата-бабамыз.Осыны айтқан қазағым
бала жасының осы кезеңің «ойын баласы» атауының үлкен мәні бар. Шындығында өмір
дегеніміз үлкен ойын.Осы үлкен ойынға дайындалу бала ойынынан басталады. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір
кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,ойынның
өзінше бір ерекше мағыналары болған»,-деп тегіннен тегін айтпаса керек.М.Жұмабаев:
«Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады.Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.
Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыс-та нені
көрсе соны істейді.Мысалы. қазақ баласы біреуі ат болып қашады,біреуі құрық салады.
Шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды.Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап
таныстырады,күйеу келтіреді, құда түсіреді.»-деп,қазақ балалар ойынының мазмұнын
қысқаша тұжырымдаған.Бала айналадағының бәрін,ойын арқылы қабылдайды ,сол арқылы
тәрбиеленіп, ләззаттанады,өнерге үйренеді. А.С.Макаренко: «Ойын балалар өмірінде өте
маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса,
балалардың ойыны да сондай маңызды».Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста
да, көбінесе, сондай болады. В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл –ойдың қалыпты дамуы
да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол
арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы
түсінік алады.Ойын-дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»
- деп ойынның зор маңызын бірдей түйіндеген.Осы жағдайларды бүгінгі күн денгейімен
шендестірсек, бірнеше кемшіліктің орын алып отырғанын байқаймыз. 1.Баланың бейім
бағдары,қабылет–қарымы, дарын-тума таланттын танып оның көзін ашу өте төменгі деңгей
де тұр. Осының кесірінен табиғатында жоқ талантты қолдан жасайтын, ата-аналар
көбейіп,мамандық таңдау,кәсіп иемденуде жастар үлкен қиыншылыққа кезігуде.Ал,озық
ойлы елдерде бала бақшадағы кезеңнің өзінде, баланың дыбыс ажыр-ату,тыңдау
қабылеті,көріп сезу және көзжобалау,пайымдау денгейіне,дене бітісі бұлшық еттердің
орналасу,серпілу қуатына т.б, алғашқы сараптама жасап,тану істері қолға алынуда.Осы
негізде балаға барлығын үйретіп ұқтыру емес,оған қажеттісін,пайдалысын ғана оқытып
үйретуге,мамандықты терең игертуге бағыт-бағдар жасалып отыр.2.Биязы әдеп,жібек мінез
дағды машығы осы жастан басталатынын біле тұра,жас жеткіншектерге рухани білім беріп
жатырмыз деген желеумен олардың толық мәнін түсіне алмайтын жалаң ұғымдарды
«оқытып» жүрміз. Ш.А.Амонашвили:«Балаларды қазіргі мектеп қанағаттан-дырмайды.
Балалар бізден жанды білім күтеді, ал біз болсақ оларға жансыз білім берудеміз.Жанды
білім- биікке самғайтын қанаттар. Жансыз білім-аяқтағы кісендер. Ал -біз, үлкендер не
істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген
жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды
орындап,жаттауға мәжбүрлейміз.»-деп түсінікті-түсініксіз көп біліммен баланы тұмшалаудың қажетсізін ашып көрсеткен. Жасөспірім, жасжеткіншек шағында игерілмеген
әдеп,мінез :М.О.Әуезов айтқан: «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызыәдеп пен сый»-деген міндетін атқара алмай қалған. Әдепсіздерді әдейі дайындағандай,көргенсіздер тым көбейіп кеткен. Тәрбиелеуді тәрбие туралы білім берумен ауыс80

80.

тырып алдық. Бала жасының бүгінгі дәуірдегі жіктелуін қарастырайық. Қазіргі педагогика
және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық
фактордың рөлін айрықша көрсетеді.1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға
дейін)2.Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);3.Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш
жасқа дейін);4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);5. Бастауыш
мектеп жасы(7 жастан 11,12 жасқа дейін); 6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан,14, 15 жасқа
дейін);7.Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)Тәрбие мен оқыту осы жас
сатыларына сәйкес жүргізілуі керек.Өйткені, адам жасының табиғи негізі-жас сатылары
немесе биологиялық жетілу сатылары.Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы
кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік
құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. (Адамтану
қазақ іліміндегі жас жіктелуі бүгінгі педагогика мен психология топтауының арасында
сондай ұлықаусар айырмашылық жоқ екені көрініп тұр.Енді,жас кезеңдерінің
сипаттамаларына көз жүгіртіп көрелік)(Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского
возраста.-СПб., 2000.)-Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының
аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды
жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін үйре-неді.Оқытудық алғашқы сатысында олардың
өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу зердесіне хаттай жазып ала
қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн.Қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың
денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.4-5 жасар балалардың
салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір
игеріп,аз және көп сандарды, айды, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл
жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды
орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды
жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері- 6 жастан мектепке
баруы-негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан
деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек
үғымталдығымен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап
қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да
белгілі.Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі.Бастауыш мектеп
жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында
жинақталып, оны өз кезегімен дамудықң келесі сатысына көшуге дайындап отырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып,сол
ерекше-ліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай
алмайды. Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді.
Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі-оқу енеді. Оқу
міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді
талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған
бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл
өзгерісті ол біртіндеп сезінеді.Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің
сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып,
оқуға , жазуға, санауға оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша
түрде беруге үйретеді.Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін
мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан
жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа
ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалып-тасуына
жағдай туғызады.Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты
байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске
түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша
бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді.Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан,
олардың табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы сұрақтары көбейеді.
Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.Сезімдік көңіл-күйінің көтер81

81.

іңкілігі -олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің
құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді. Бұл жастағы балалардың негізгі
іс-әрекеті -оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра
алмайтындықтан,сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп,сыныптың
ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек. Мұғалім
оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды біртебірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы
керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның
орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды
қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тап-сырма орындаудың қажет екендігін
түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.Бала
форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі
қолдану пайдалы. Олар арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз
мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу.Осы ерекшеліктерді
оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін
пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарымқатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік
сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе-баланың мінез-құлқының көпшіл де
кең пейілді болуы.Ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз
болатындығын ескеру керек. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен
дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін
түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет
икемділігі дамиды. Мектептің ең негізгі міндеті-балаға білім атаулының әліппесін
үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны
қалыптастыруда ең бастысы-ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін
өзара байланыста кешенді жүргізу.Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу
ерекшелігі. (Караковский В.А. О подростках.М.: Педагогика, 1970.) Жеткіншек шақ.
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді
де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.Жеткіншектік кезеңнің баланың
дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген
атауларында бейнеленген. Бұл-ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке
басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол
белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас
орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының
моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының
белгіленуі.Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де
бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі
туралы «енді бала емеспін, ересекпін »-деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай
деп қарауын тілейді.Жыныстық толысу тез жүреді:— қыздарда -11-13 жас; -ер балаларда13-15 жас.Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық
аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене
тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы
жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды.Жеткіншектік шақ- болашақ
туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере
отырып, ол туралы ойлану басталатынын, үнемі қаперде ұстауымыз қажет.Сананың дамуы
баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады.Олар отбасында, мектепте еңбекке
араласады, күнделікті өмірді бақылайды,ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала өз ниеті,ісәрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең;намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік
шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік
осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға
тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай
82

82.

асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі
адамдардың істерімен масаттанады.Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы
мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық
ойларға негізделуі керек.Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл,
жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты
ұнатады.Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып,
өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді.Саз әуені-адам сезімінің әміршісі,
толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне
көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал -баланың ісәрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау.Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап,
педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей
ықпал етеді. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары,
спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі.Бұл жұмыс сабақтың басындағы және
соңындағы қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі тыныс
алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс,
белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды.Шамадан тыс жұмыс жалпы дамуын тежейді.
Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру,дене жаттығулары,спорт, дене еңбегі
үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау өте пайдалы. .Дене тәрбиесі және спортпен
айналысу зейіннің дамуына әсер етіп оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен
екіншіге бөлінуіне әсер етеді.Тәрбиешінің міндеті-еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншектің
ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа
жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жетістігін атап көрсетіп,қауіп-қатерден сақтандырып, дер
кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді.
Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады.
Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырыбындағы пікір сайыстардың әсерінен
өмірдің мәні, өз болашағы,мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім
бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың
адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,
әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін
баланы сөгу дұрыс емес. Жеткіншек-термен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері:онымен бірге
іс-қылықтарды,оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын
басқаруға үйрету.Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында
кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін
байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен
сәтсіздік;б) тәртібі қиын құрбыдостарымен байланыс орнату.Отбасындағы жақсы қарымқатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр
түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы-барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы,ең маңызды қоғамдық факторы.Демек, баланың мінезқұлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты
болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу
жүйесіндегі сәтсіздік-ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінезқұлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі
дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады.Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінезқұлық деп аталады.Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік
профилактикалық іс-шаралар-тұлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету ісшаралары,кері әсерлі ортаны сауықтыру. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың
әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.Жеткіншектің мінезқұлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан «айуандық» бағытқа
бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ
аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік
ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей байла-нысты.Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде
өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің
83

83.

тәртібі агрессивті күйде болса, олар «қиын» балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп
мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме,
жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді,
керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне
әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектермен тіл табыса алса, олар өзіне көңіл мен қолдау
көрсеткенді қажетсініп тұратындықтан, тәрбиеші осы кезде көмек қолын созу керек. Әрі
көмек қолын да соза алады.Жасөспірімнің тағы бір ерекшеліктері эмоционалдық
тұрақсыздық.Ұлдардың эмоционалдық тұрақсыздықтың шарықтау шегі 11-12 жасқа, ал
қыздар 13-15 жасқа келеді. Әрине үлкен жасөспірім шақ кезінде баланың көңіл күйі,
психологиялық реакциясы тұрақтайды, сонда да кей жағдайда тұрақсыздық көрінеді. Осы
кезде жасөспірім өз-өзін тануға, өзін тәрбиелеуге, өмірді танып білуге, өзінің өмірлік
компетенциясын жоғарлатуға дайын. Сондықтан мектеп тарапынан психолог, мұғалім
және тәрбие жетекшісі әртүрлі бағдарламалар құрастырып, жасөспіріммен түрлі
жұмыстарды қарастыра алады. Ал ата-аналар жасөспірім өміріне ерекше көңіл аударуы
қажет-ақ.. Өйткені көбінесе жасөспірім стресс жағдайда, көңіл күйінің тез өзгеруіне
байланысты және ашу -ыза басым болуы-өте қауіпті. Ата-ана қарым қатынасты
құрбылардың қарым қатынасына ауыстырады. Осы кезде үйден кетіп қалу, қаңғыбастық,
мектепке келмеу, оқудан қашу, өтірік айту, агрессиялық тәртіп жиі кездеседі.Осының
барлығы жасөспірімнің іштей ізденуіне, физиологиялық және психологиялық қалыптасуының өзгерістеріне байланысты.Міне осы кезде ата-аналар суицидтік дертке
байланысты аса сақ болып, балаларына көп көңіл бөлуі қажет.Суицидтің себептері
1.Отбасынан;2.Достарынан; 3Түңілуден.Бала жасының өз ерекшелігі бар. Мысалы, жасөспірім шақтың өзіндік ерекшелігі- бұл ең ұзақ және баланың физиологиялық өзгерістерге
ұшырайтын кезең. Жасөспірім шақ-қыздар арасында 10-12 жастан 15-16 жасқа ал ұлдар
арасында 12-14 жастан 17-18 жасқа дейін жалғасатындықтан балалардың бейімділігін және
қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып,
олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. Баланың тез
дамуына байланысты бүкіл ағзаның органдары және құрамдары физиоло-гиялық және
психологиялық өзгерістерге тап болады. Жасөспірімнің өз автономиясына күрес ашып,
яғн/, «мен үлкенмін» деп өзімен санасқанды қалайды. Өз құқықтарын айтып, ата-ананың
бақылауынан шығуға қажет етуі және де осы кезеңде өзіндік-жеке қарым-қатынас негізгі
қажеттілікке айналады. Қойылатын талаптардың көбі қарсылық реакциясына әкеледі,
өйткені жасөспірім өзін үлкенмін деп сезінгенімен, қиындықтардан қашады, өзбетімен
кедергілерді сәтті
жеңіп шығуға шамасы жетпей қалатын кез болады.Нақтылы
қолдау,айтулы ақыл-кеңес,үлгілі өнеге дәл сол сәтте өте қажет.Осы шақ та қазақтың
«Кісілік кеңес» аталатын сабағының маңызы өте зор. Оны үнемі өткізіп тұру олармен әкешеше ретінде,ата-әже ретінде,нағашы-бөле ретінде жан тартып кеңесу таптырмайтын
тәрбие сағаты болады. Жасөспірім шақ (15-17 жас) Жасөспірімдік кезеңнің көптеген
теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың
ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны
мен бағытын белгілейді.Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері-мамандық
таңдау,еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, өмірге әзірлену.Өзара байланысты
бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. Адамның жалпы ақылой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей
шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді.Жасөспірімдік шақ-жеке
адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі.Жыныстық толысуға байланысты
өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі
байқалады Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді.Жасөспірімге өзін көрсетуге
ұмтылу,өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады.Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс
бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.Бұл кезеңде сезім, достық
84

84.

қарым-қатынастар дамиды.Мысалы: ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық,бірін-бірі
сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекет-терін бірігіп орындау,жолдасының кемшілігін айтып,
жоюға көмектесу.Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы,
қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп
жүруді ұнатады Біздің мақсатымыз,адамтану қазақ ілімі мен бүгінгі педагогикадағы
балатану баспалдақтарын салыстыра отырып бірінде бар артықшылық арқылы,
екіншісіндегі кемістікті арылту,жаңа жағдайда толықтыру болғандықтан мынандай
қортынды жасаймыз Бірінші.Адамтану қазақ ілімінде баланың даму,өсу әр кезеңіне мұқият
бақылау жасап, өзгерістерді жіті қадағалап,күтіп бағу, тәрбиелеп жетілдіру тәсілін үнемі
өзгертіп, жаңалаған.Оларға сол өзгеріс пен дамуға сай ат беріп,иемденуге тиісті машық
дағдыны игерді ме,жоқ падегенге қорытынды жасаған.Екінші.Кәзіргі -педагогика мен
психологияда жас жеткіншектер мен жасөспірімдердің жеке бас ерекшеліктерін айқындау,
онымен санасу жағдаяттары жақсы қарастырылып, терең талданған. Міне осыларды бүгінгі
таңда өзара ұштастырып үйлесімді пайдалану қажет. Баланы өмір сүруге үйрететін сол
өмірдің өзі.Өмір мектебі-дегеніміз осы . *Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді
үйренеді. *Егер бала араздық ортасында өссе, ол агрессияға үйренеді. * Егер де баланы
мұқатса, ол тұйық болады. *Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір
сүруге үйренеді.*Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға
үйренеді.*Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.* Егер баланы жиі
мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді. *Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға
үйренеді. *Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.*Егер
бала аялаумен өссе, ол әлемде сүйіспеншілікке бөленеді.Адам құдіреттілігіне ой жете
бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ,
киеліде қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесіадамзат,биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен
тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін
таңдай білетін, жоғын таба білетін кеменгер.
2.5§. .Жеңге, жезде мектебінің өміртану сабақтары.
Қазақ әулет мектебінің ішінде өзгешелегі тым молы жеңге және жезде мектебі.
Балдырған шағында ұл мен қыз тәрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек
қыз баланың киім киісі сәнді, жүріс-тұрысы әсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың
амал-тәсілдерін ойластырып, сол үшін де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін
қойған. Мәселен, екіден бес жас аралығындағы қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме,
түйреуіш-тана тағып, үкі қадап тақия,кестелеп пешпет, кеудеше, бүрмелеп көйлек,
сырмалы жағалы жейде кигізуі, жеңіне желпілдетіп жеңұш, қолына білезік, саусағына
сақина салуы, олардың нәзіктігімен үндестік тауып, әдептілік пен әсемділіктің алғы шарты
болған.Себебі қазақтар, қыз баланы киіміне,әсіресе, саусағына, алақанына,жеңіне қарап
өседі деп түсінген.(Қазақтар қыз баланың/қай жастағысы болсын/ алақанын,білегін,бөтенге
көрсетуге,ұстатуға құлықсыз болған) Бұл қағида –адамтану қазақ ілімінен орныққан
бұлтартпас ақиқат еді. «...Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді.Бұл
кезеңде ата-аналар оларға кіші балаларды бағып-қағуды,мал-жанға қарауды,басқа да үй
ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына
жауапкерлікпен алады...Бес,жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де,жаңа
әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие болады»-деп жазған И.С.Кон.
Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын
Х.Арғынбаев, «Қазақтың отбасылық дәстүрлері»атты еңбегінде: «Қыз балалар 5-6
жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс тігу,тамақ
пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйренеді,үй жиып,кір
жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен
жағымды қылықтарды үйренеді»-деп тамаша көрсеткен.Мұның екінші жағы,сол жас
шамасындағы балалар тәрбиесінде қыз және ұлға айырмашылықпен қарау қажеттігін
85

85.

аңғартады. Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап,олардың жас ерекшелігі
мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай
білген.Қазақ тәрбие ілімінде; «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін
қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.Баланы
асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім. Бала беске толысымен қазақтар
атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп
жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл - ойының ұшқыр болуына ата –анасы, ағайын
туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда ,
«патшасындай» қарайды. Солай етуге ата–анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл–аймағыміндетті болған .Екінші жағынан,бұл жаста-«ойын баласы» себепті «өзіндік еңбегі,тіршілігі
бар» ересектерден «тәуелсіз» күн кешуге тиіс. Сондықтан қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр
жетім, тастанды аталмаған. «Жетім» деп айтудың өзі қорлаумен тең болған-ды. Бес жастан
кейін ұл- ұяты әкеге, қыз – ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы, шеше көрген тон
пішуі шарт. Қыз бен ұл әкешешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5 – 15 жасқа
дейінгі бала әке – шешенің назарынан тыс қалуға бірде–бір жағдаят болмауы тиіс.Оларды
әке – шеше қосшысындай бағалауы қажет. Ал он бестен асқан соң олардың « досы» болуы
абзал.Солай болған да еді.Қыз бала жеті жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың
басталуы деп есептеген), « ес біліп қалды, етек – жеңін жинайтын шақ болды” деп, қолғабыс
жасау, даяшылық ету, анасына көмектесу,іс қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тән
білік-дағдыларды игерткен. Ол үшін, олар біз ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік
ұстап алаша, өрмек тоқуға араласқан. Жүн түтіп, майдалап шүйкелеумен қатар ұршық
ұстап жүн иірген. Шүйкеден жіп есіп,бау құрастырған. Киімін жамап, түйме, түймебау
қадаған.Су әкеліп, самауырын қойған, шәйнек асқан, мосы көтерген, пеш жаққан, отын
терген, кір жуысқан, мал сауысқан.Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралықбозбала (бойжеткен) сын кезең ұлға да, қызға да бірдей. Балалықтан байсалдылыққа өтер
басқа өткел де,жол да жоқ.Бірақ олардың сол сыннан сүрінбей өтуіне сүйеніш болар
адамдар:ата-ана,құрбы-құрдас,туыс-туған екені белгілі. Қазақ ғұрпында,ана қызға ең әуелі
ақылшы,әрі жанашыр.Ана ақылынан титтей де аулақ кету, ауытқу болмаған десе
болады.Қыз барлық өнегені анасынан алған.Сондығы болар,«қыз ұяты шешеге“ деген
ғой.“Қыз жағадағы құндыз”.Ол баршаның бақыты.Көптің тәлімімен өсетін, нәзік
қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ. ”.Әдепті, тәртіпті қыз ауылдың
мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік.Бой-жеткендерге
“қырық үйден тию” қойып, «қыз қылығымен” дегенді.ерекше ескерткен.Бірақ мұның бәрі
де қыз тәрбиесі үшін жеткіліксіз (бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай жүр).Бойжеткен
қыздарға ата-әже, әке-шеше жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас кейбір жағдайды
шешуде өзі тәрізді тәжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек артып,сүйену қажет?.Өмірдің
өзі-”Жеңге,жеңге.” деп көрсетіп, сыбырлап, тұр емес пе?! Осы негізде қазақ әулетінде
“Жеңге мектебі” өмірге келген.“Қызы бар үйдің қызығы бар” болатындықтан әр күн өткен
сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп,жаңа тосын
жағдайлары көбеюі рас. Осының бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді? Әрине
жеңге, ол болмаса әпекесі.Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы,бақ береке
нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын
түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше.“Қызың өссе қызы
жақсымен көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол” дейтін қазақ атамыз келінін кейде
“қызым” дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю, бала асырап-күту,
отбасындағы еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала әулетте ерекше бағаланады.Ол
ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ.Дүниеге қыз
келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Әсіресе,қазақтар тұңғышының қыз болғанын қалаған.Оның себебі, «осы отбасына әлі талай ұрпақ келер,оларды асырап бағуға
анасына жәрдемші болар,қыз туса екен!»-деп армандаған. Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің
де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре білген,онымен үн қоса
білген жаратылысынан ерекше дарын иелері.Олар-ән-күй,өлең-жыр, қолөнердің небір баға
86

86.

етпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына
дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида еткен,өзінің ақ пейілді,нәзік сезімді
жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа таратып,ел есінде мәңгі қалдыру ата
салтымыз.Осы салтты жүзеге асырушылар- жезделер мен жеңгелер, балдыздар мен
қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа
тәрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады.Бұл тәрбие жақсы нәтиже
берді. Ұл мен қызды өмірге дайындау ісі олардың жас ерекшелігіне сай қазақ отбасында
кең аумақпен өте мұқият дәлдікпен ерекше амал тәсілмен жүзеге асыр-ылған.Мысалы;
Зейнеп Ахметованың айтуынша, құлағын тескен соң, қызды қазақ болашақ келін, ана
болуға дайындай бастаған.“Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн – құлағын тесу.
Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті – қазақ үшін қасиетті санның
бірі. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен.Тұлымшағы
желбіреген кішкентай қыз жеті жасқа дейін қуыршақ ойнаған болса, құлағы тесілгеннен
кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан бастап “сен енді сырғалы қыз болдың”,
“сырға таққан соң қыз санатына қосылдың, енді саған қуыршақ ойнау жараспайды” деп,
оның құлағына жайлап сіңіре береді.Содан бастап қыз баланың киетін киіміне дейін
өзгереді. Бүрмелі көйлекті осы кезден бастап кигізетін болған. Бұдан былай ол қуыршақтың
орнынан қолына кесте алады. Оюды үйренеді. Ол ендігі жерде жеңгелерінің қазан-ошақ
жақтағы істерін көретін болады. Құрт қайнатып, ірімшік жасап жатқан апаларына
көмектесіп, мән-жайын білмекке ұмтылады. Жеріңді жаудан қорғаймын десең ұлыңды
дұрыс тәрбиеле, ұлтыңды мәңгі сақтаймын десең қызыңды дұрыс тәрбиеле,деген қазақтың
тәрбиелеу қағидасы бар. «Ұлы жоқ-әке жетім,қызы жетесіз болса-ана жетім...»-дегендейін
жетімсіремейін десеңіз ұл мен қызды тәрбиелеу-үлкен парыз! Тек әйелдер қауымының
қатысуымен өтетін,қыз тәрбиелеу әулет мектебінің бір сабағын таныстыруды жөн көрдік.
Қуаныш пен қайғыны ортақ бөлісе білген қазақ үшін бойжеткен қыздың қатарынан
қалмай,өз дәрежесіне тең боларлықтай сипат алуы ата-анасы мен туысқандарына да парыз.
Сондықтан,қыз бала онүшке толған кезде оң босағаға шығару салтын өткізген. Қыздың
жеңгелері, әпкелері шақырылып, «біздің үйде бойжеткен қыз бар,оң босаға шығарылады,»деп ескертілетін.Келген адамдар қызға жасау әкелетін. Қыздың өз үйінен екі ғана нәрсе
қосылады,ол-белбеу және қыз сәукелесі.Бойжеткенге алғашқы қос етек көйлегі мен
мықынды камзолын әпке- жездесі кигізеді.Қыздың бойжеткен салтанатына орай әкешешесі күмістен белбеу соқтырып дайындап қояды. Қалыптасқан салт бойынша белбеу
қыздың талғамына сай өте әсем безендірілуі тиіс.Қыз бала үшін бұл белбеу жоғалса немесе
бүлдірілсе арынан айрылумен бірдей болған.Қыздар белдігін өте қадірлейтін еді Осы
тойда,қызды сәнді киімдермен киіндіреді. Қыз бойжеткенде өзіне тән ерекшеліктерін
көрсетіп жүруге тиісті болған. Мысалы,басы бос бойжеткен қолына құстұмсық жүзік
таққан,оның екі түрі болған.Құсмұрын жүзік-бақыттың, еркіндіктің белгісі секілді,негізінен
өркендеу,өркен жаю үмітін білдіреді.Құсмұрын жүзікті екі жаққа қарата таққан.
Біріншісі,ұшын саусақтың сыртына қарай тағуы,басы бос құда түспегендікті білдіреді,ішке
қарай тағу құда түскендіктің белгісі. Сәукелеге үкі қауырсыны тағылса,ол қыздың басы бос
екенін жігіттер алыстан көріп білетін болған.Сол кездегі жігіттерден қалған мына бір сөз
тәмсілі бар:«Шіркін,қыз үріп ауызға салғандай, сұлу-ақ екен! Амал нешік,бізге бұйырмаған
екен!» Осы күннен бастап әжесі қыздың шашын қос бұрым етіп өріп,шолпы тағады,бұл
қыздың жүгірмеуіне, секірмеуіне, салмақты жүріп тұруына,биязы қозғалуына себеп
болған.Бойжеткен қыз ашық-шашық жүріп басқаға көрініп қалу мүмкіндігін болдырмау
үшін шымылдық құрып, жатқызған, тұрғызған, киіндірген.Бойжете бастаған қыз қымсынып, бүкірейіп жүретіндіктен,оның бойы түзелу үшін,төсегін тік тегіс етіп,қатты ағаштан
жасатқан.Қыздар басына ақ, қара орамал тартпайды.Ақ-жаулықтың,қара-қайғының белгісі.
Оң жаққа шығару салтанаты, әйел затына тән әдептілікті игеру сабағының нақты бастамасы еді.Ал,қызға қалыңдық шағында берілетін тәрбие дәстүрі бізге толыққанды
мазмұнымен жетпеді. Ұл мен қыз бозбала,бойжеткен шағында тәлім-тәрбие беру,өмірге
дайындау ісі тек әке-шешенің ғана қолынан келе бермейді.Осы шақтағы,ағайын- туыс,
87

87.

көрші қолаң, жеңге -жезденің көмегі шексіз.Дәлірек айтқанда бой жетіп қалған қызды
жеңгелері тұрмысқа шығуға ерте кезден дайындаса,ұл бала ағалары,әкелері ғана
емес,жездесінен де ақыл-кеңес алатын.
Қазақ шаруасына-ғұмыр бойы азды-көпті.жиған-терген мүлкі мен малына ие
боларлық ұрпақ, мұрагер ұлдың әр отбасында керектігі қай дәуірде де болды.Ол сонау
патриархалды отбасынан бастап күні бүгінге дейін мәнін жоймай келеді. «Ұлдың аты-ұл
ғой шіркін,қашан да,шаңыраққа ие болып қалатын.»Ең алдымен,әр дәуірдегі отбасы
балаларын өмірдегі өз қаракетін,өз тәжірибесін, қоршаған орта туралы өз түсінігін,әлем
және жер бетіндегі,қоғамдағы құбылыстарды өз пайымымен үйретуді парыз санаған.Ер
баланы тәрбиелеуде әкенің міндеті басым болған. «Ұл-ұяты әкеге».«Әке көрген оқ жонар»,
«Атаның ізін-ұл басар.» Қазақ отбасында әке ұлына өз білгенін, өнерін,еңбек дағдысын
айтып үйреткен, жалықпай жаттықтырған.Қазақ отбасында ер балаларды ерекше қадірейтін.Тіптен оның ең алғаш атқа мінгенін де,бір жаққа жолаушы жүргенін де,алғаш рет
шаруашылыққа араласқанында шашу шашып, қуанышпен атап өтетін, «тоқым қағар»,
«тырнақ алдысы» деп жақын туыстары мен көрші-қолаңдарын шақырып кішігірім тойтомалағын жасайтын.Ұл туғанға күн туған емес пе.Шаңырақта ұл өсіп келе жатқаны, оның
бозбалалық шаққа жетуі үлкен ғанибет."Ертең сегіз қырлы, бір сырлы" жігіт қалыптасуы
шарт. Ол үшін үлгі-өнеге тәрбие қажет. Ұлдың бозбалалық шағында осы міндетті кім
атқаруға тиісті? Ол -жезде. Жезде мектебі осы негізде өмір тақауырынан қазақ қауымында
қалыптасқан. Жезде мектебінің бозбалаға өнер үйретудегі орны ерекше еді. Қазақ, өнердің
тегін нағашыдан іздесе, оның көзінің ашылуын, баулу әрекеті жезделерге байланыстырады.
Бозбалалар жездеде қандай өнер болса ең алдымен соны үйренеді.Жалпы қазақта жезде мен
балдыздар тең құрбыдай әзілдесіп, қалжыңдасады, ой түпкіріндегі жасырын сырларын
ашып бөліседі. Тіпті кәрі жезделер мен елағасы балдыздардың әңгіме-дүкені, қалжыңы
үлгілі мектеп еді.Жезде бозбалаға ғана емес бойжеткенге де ардақты ақылшы. "Жақсы бажа
тауып кел" деп тапсырып қана қоймай, өзі де тауып беріу үшін зыр жүгірген. Балдыздары
жәбір көрсе, есесін, тіпті өшін ондырмай қайтаратын. Қазақ атамыз осы себепті "Әкенің
жақсысы жездедей-ақ" деп баға берген ғой! Жезденің де, жеңгенің де міндетін қатар
атқарған жезде де, жеңге де көп болған. Қазақ ортасында "жеңгетайлық "атты міндет пайда
болған.Оның қызметі де, ақы-қақысы да есептеліп мөлшерленген.Адам өмірінде не
болмайды? Әпкесімен тұрмыс құрған жезделерінің басына түскен өлім мен қайғыны да
олар тең бөліскен. Кей жағдайда бойжеткендер әпкесінің орынын да басқан.Бұл салт жетімді жылатпай, жесірді тентіретпей, асырап-сақтау үлгісінің бір көрінісі.Әпкелі-сіңлілі арулардың тұрмыс шеңберінде бажалар тату-тәтті,ынтымақ берекелі өмір кешкен,бір-біріне
қол ұшын беріп, қарайласып тұрған. Осыдан келіп, "төрт аяқтыда бота тату,екі аяқтыда бөле
тату" болған ұрпақтар қалыптасқан. Бұл да, жезде мектебінің бір мақтанышы еді Өз алдына
шаңырақ көтеруге дайындауда ерлі-зайыптылардың үй-ішінің ішкі-сыртқы шаруаларына
орай міндет бөлісуі ғана емес,олардың ерлі-зайыпты қатынасы да арнаулы тақырыпқа арқау
болатын.Жастардың әке-шеше,туған әпке,ағаларынан ұялуы заңды десек,ертеңгі
өмірлеріне шырай беретін ерлі-зайыптылық қатынастың мәні-сәні жөнінде жеңгелері мен
жезделері әзіл-қалжың араластыра отырып, елітіп, қызықтырып, әсерлі қылып әңгімелейтін. Атастыру ғұрпы да жастардың тезірек тіл табысуын жеңілдететін.
1.Жар таңдау жауапты міндет.Жар таңдау қазақ дәстүріндегі ұлттық амалдар ислами
ұғымдармен етене араласып кеткен.Кәзіргі таңда сол үлгі-өнегені бозбалалар мен
бойжеткендерге айтып түсіндіретін,ұқтырып үйрететін жеңгелер мен жезделердің тым
азайғанынан қыз-жігіттердің бұл тұрғыда қателесуі,жансақ басуы,кемшілікке ұрынуы
белең алған. Жеңге және жезде мектебі күні бүгінге дейін жұмыстайтын, Монғолияда және
Қытайда тұратын қазақтар тұрмысында екі түрлі өзгешелік кезігеді:-Некесіз бала
туу,некесіз отбасын құру,балиғатқа толмай балалы болу мүлдем жоқ болумен қатар
ажырасып шаңырақ шайқалту тым сирек кезігеді.-Оң жақта отырып қалған,жар
таңдап,қалаулысына қолы жетпей «кәрі қыз» атанған жандар кезікпейді. Тіптен қаншама
кем-кетік,мүгедек болса да,адам болып өмірге келген ұл да,қыз да,өмірден өз орнын
88

88.

тауып,ұрпақ сүйіп,ата-ана бақытына кенелу құқығы әркім де бар болғандықтан тұрмыс
құрып,тіршілік жасайды.Бізде бұлар жүздеп емес мыңдап саналады.Тіпті сүрбойдақ,
кәріқыз тобы қоғамда пайда болған.Ал,жалғызбасты әйел,жесір әйел-еркектер қауымы тағы
бар.Мұндай келеңсіз жәйіттердің туу себебінің ең бастысы- жеңге мен жезде мектебінің
ескерілмей ұмыт қалғандығынан болып отыр.Ондай мектептерді қайта жаңғырту, әр кез,әр
дәрежеде талпынысы болғанымен олар тұрақты жұмыстап толық нәтижесін берген
жоқ.Отбасына арнап осы бір кітапшаны жазуымыздың негізгі мақсаты сол бір дәстүрлі
үрдісті салтқа сіғңіру ниеті еді. Ал,шеттегі қандастардың тұрмысындағы аталған
артықшылығы жеңге –жезде мектебінің нәтижесі.
Қазақ халқының сан-салалы тәрбиелік дәстүрінің ішінде ұрпақты мөлдір махаббат
рухында тәрбиелеу ой-пікірлері,сүйікті жар,отбасының ұйтқысы-ана,жомарт жігіт пен асыл
арудың шынайы сүйіспеншілік сезімі,сүйкімді назы,аяулы жарға арналған азамат жүрек,
кісілік серт сияқты нағыз адамгершілік қасиет ерекше орын алады.Сүйіспеншілік сезім адал
достықтан,жүрек тебіренісіне туатын таза інкәрлік десек,жар ұғымы әйел мен ердің бірбіріне серік,жәрдемші, пана,сүйеніш мағынасын береді.
Халықтың «бірінші байлық ден саулық,екінші байлық ақ жаулық» деген тауып
айтылған сөзінде үлкен мән жатыр. Өйткені адамның барлық ғұмырының бақыты,көңіл
күйінің көтеріңкі болуы,өмір сүруге құштарлығы,еңбегінің жасампаздығы өзіне лайықты
жар таба білуіне де байланысты.Ата –ана жас ұрпақты өмірге дайындауда осы мәселелерді
ерекше ескеріп,тамаша тәрбие дәстүрін қалыптастырған. Қай қоғамда болмасын әйелдің
алатын орыны,атқаратын міндеті өте маңызды болған.Бала табу,оны әлпештеп өсіру,ана
ретінде әуелі солардың үлесіне тиеді. Жинақы, ұқыпты, бармағынан бал тамған шебер,
үлкен ақыл парасатты талап ететін үй тірлігі де, қонақтардың бабын табу,қонақ күту де
әйелдердің міндеті еді. Қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінде сыртқы шаруаны еркек
басқарғанда,үй мүлікті,үйге кірген ас-ауқатты әйел-билеген.Әке үйдің негізгі қамқоры,
асыраушысы.Аң ауласын, мал бақсын,егін салсын,еңбектің,бейнеттің ең ауырын арқалайтын, атқаратын еркек еді.Халық даналығында: «еркек-бас, әйел-мойын,әке-тірек,бала –
жапырақ»-деп сыпатталады.Сонымен бірге,әке балаға үлгі-өнеге,тәрбиеші,ұстаз.Бала
ержетіп мал бағуға,егін салуға жарасымен әкесі оны еңбекке баулиды,оған өзінің ата кәсібін
үйретеді және баласына еңбегін,жұмысқа қабылетін байқайды.Әке үйдің басшысы, айбары
болғанымен шешенің орнын,қызметін ауыстыра алмайды. «Алып анадан», «Өлімді ана
жеңеді»- деп халық ана ролін жоғары бағалаған.Әйел-ердің түзде ат ойнатқан,үйде құрт
қайнатқан серігі,көмекшісі. «Жігіт жарымен жақсы», «Ер –егіз» дегенде сол жұбайымен
егіз. ...Баяғыда бір кедей өмір сүріпті.Ол қанша тырбанса да жарлылықтан құтыла алмаған
көрінеді. Әбден зығырданы қайнаған кедей бір данышпаннан ақыл сұрай барыпты.
-Уа,тақсыр, сізге бір өтінішім бар еді,жоқшылықтан әбден қажыдым,не әрекет істесем
де,бірім екі болмайды,бұл қалай,не кеңес бересіз? Данышпан оған:-Үйлен депті.-Мұныңыз
қалай тақсыр, ішерге ас,киерге киім таба алмай жүргенде үйлену менің немді алған?-деп
безек қағады,кедей.Данышпан оны егіндікке ертіп барып,пісіп тұрған егінді оң қолымен
ғана (сол қолыңды тигізбей)оруға бұйырады да: -Орғаныңды бір жерге ғана жия бер деп
кетіп қалады.Жігіттің ісі өнбейді.Сәлден соң қайтып келген данышпан:-Өндіре алмапсың
ғой,бұл қалай?-дейді кедейге.-Сыңар қолмен қиын екен тақсыр. –Ендеше қос қолдап орып
көрші.Қос қолдап орған кедей жұмысты өндіріп тастайды. -Есіңде болсын жігітім,-дейді
данышпан,-оң қол ер,сол қол әйел. «Бас екеу болмай мал екеу болмайды».Әйелің өзіңе
сүйеніш,ақылшы,жәрдемші болса кедейліктен де құтыласың. «Мал таппайтын еркек
болмайды,құрарын айт,бала таппайтын әйел болмайды,тұрарын айт»дейді халық. «Жақсы
ұл тапқан ананы жаным десе болмай ма,алты ұл тапқан ананы ханым десе болмай ма» деп
ананың сол ауыр да ардақты үлесін бағалай білгендікті аңғартады.Сондытан, «атасыз
жетім- жарты жетім,анасыз жетім- бүтін жетім»,-деген. Таңдап тауып,жар сүю,ұл мен қызға
үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар, Аллаһ сәтін салып,бақытын ашып,маңдайларын
жарқыратса, ғұмырлық жұптарын кезіктірсе тамаша-ақ! Хақ дінімізде, жар таңдаушы,
жастарға ақыл-кеңес боларлық сахих хадистер мен үлгі нұсқалар мол-ақ.Аллаһ Тағала бұл
89

89.

дүниеде әрбір тіршіілік иесін жұп жұбымен жаратқаны белгілі.Соның ішінде ақыл-ес,сана
сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да,етек жеңін
жиып,әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі дұрыс-ақ.Екі жарты
қосылып бір бүтін болғанға не жетсін!«Үйленіңдер!Үйлену-менің сүннетім»-деген
екен,Пайғампарымыз(с.ғ.с).Діннен хабары бар, байсалды әрі дінді таза ұстанатын,сенімі
берік және оны іс жүзінде амалға асыратын, жомарт, асырауға шамасы келетін, күшті,
көрікті, жас,тақуа, сондай-ақ әйелімен жақсы қатынаста бола алатын, сыйлайтын,
қорламайтын және зұлымдық жасамайтын жан ғана күйеу болуға лайық.
Пайғампарымыз(с.ғ.с.) «Расында дүниенің баршасы нығымет, оның ең қайырлысы-әйел»,деген екен.Сондай-ақ,Аллаһ Елшісі(с.ғ.с.): «Егер сендерге мінез-құлқы мен діні өздеріңе
ұнайтын бір кісі келсе,онда үйлендіріңдер (қыздарыңды беріңдер).Олай істемесеңдер жер
бетінде бүлік және шектен шыққан арсыздық болады»,-дейді.Ал,енді жігіттің жар
таңдауына келер болсақ,ол дегеніміз-өз күйеуіне тақуалық, мінез-құлық,әдеп, ізгілік және
сұлулық тұрғысынан абзал әйел затын іздеп табу.Сондай-ақ,Әбу Һурайрадан(р.а.)риуаят
еткен хадисте Пайғампарымызға(с.ғ.с.): «Қайсы әйел жақсырақ?»-деп сұрақ қойылған.
Сонда Аллаһ Елшісі(с.ғ.с.): «Егер қарасаң-көз қуандыратын,бір нәрсе бұйырсаң-бағынатын
және өзі мен малына қатысты мәселелерде өзіңе қарсы шықпайтын әйел»-деп жауап берген.
Бұқар жырау:«Қалмақтан алсаң маһи бір зайып. Сүйегіңді жоғалтпас.Отының болсын
жантақтан. Қатының болсын қалмақтан.» Қалмақ -қазақтың ата жауы еді.Діні де
бөлек.Жауың болса да,басқа діндіден,қатын алып, оны өз дініңе кіргізіп алсаң,нағыз жиһад
дегенді мензейді. Сөйткен,Бұқар жырау, Абылайға: «Қатын алма қарадан,қара тумас
сарадан, Қатын алсаң қарадан,Алды кетпес баладан, Арты кетпес жаладан.Қатын алма
төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды, Төре болар ұл туса,Аузы кетпес
парадан...» Абылай-қара да,төре де,сұлтан да,хан да бола білді. Қалмақ, башқұрт,
қырғыз,қазақтан он екі әйел алды, жүзге жақын ұрпақты болды. Қазағым, қалыңдықты
былай таңда дейді:«Қатын алсаң қайыс белді торыдан ал,ол болмаса ақ-құбаның зорынан
ал,ол екеуі болмаса қажымайтын қарадан ал. Осы үшеуі болмаса,өзі сары көзі көк
былжыраған сөзі көп,дәл осыған тап боларсың» Жар таңдау негізінде,батыр, шешен,
ақын,сал-серілерге тән болған.Жетім ұлдар мен жоқшылық қолын буған жігіттерге қыз
таңдамақ тұрғой,көп әйел алмақ тұр ғой,бір ғана қалыңдыққа қол жеткізу оңай болмаған.
(Кірме,күшік күйеу.) Жар таңдау тек жігіттерге ғана тән емес,ерке шолжаң немесе көрікті
де кербез, байдың қыздары таңдаудың кесірінен отырып та қалатын.Олар көн етіктіге
бармайтын,көк етіктілерге өтпейтін.Сондықтан,қазақ,беталды менсінбеушілікті, таңдаудағы өрескелдікті ұнатпай;«Тым таңдаған,тазға жолығады»-деп ескерткен. Алайда,
қазақтардың тұрмыс құру, үйлену салты өз ерекшелігімен қалыптасқан. Мысалы:бел
құда,бесік құда,атастыру, айттыру,қарсы құда және әменгерлікпен үйлену,кішілік
алу,сияқты көп жақты тұрмыс құру жолдары бар болған.Ал,кәзір тұрмыс құру, некеге
тұру,қыз ұзату,келін түсіру салтанаттарында дәстүрлік бірер жол-жоралар сақталғанмен,заман талабына сай, түбегейлі өзгеріске ұшыраған.Тәрбиелік денгейі әр жерде,әр түрлі
өтіп жүр.Қазақ қыздарының көз тастап,көңіл аударатын жігіттері мыналар:жігіттің
сұңқары; жігіттің сұлтаны; жігіттің қыраны; нар жігіт;жігіттің арыстаны;жігіттің
төресі;жігіттің жамбозы; сері жігіт;сылқым жігіт;өнерлі жігіт,өршіл жігіт т.б.Бұлардың
ортақ қасиеті: еңсегей бойлы,өткір көзді,қыр мұрынды,қияқ мұртты,кең иықты,апай
төсті,өткір тісті,жуан білекті,қапсағай денелі,бура санды,кең жауырынды,от ауызды,орақ
тілді, темірдей саусақты,жау жүректі,сергек ойлы,ширақ қимылды, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,сұңқардай өр,көк бөрідей қайсар,қырандай алғыр,қабыландай
сұсты, сауысқандай сақ,іскер де ісшіл. Мұндай жігіттер тым сирек қой. Кәзір оларды іздеп
әуіре болмай –ақ қояйын-деп қолды сермей салма. Таңдағаныңды тауып алуға толық
мүмкіндік бар.Қазақ:-Ару қыз;Сұлу қыз;Өнерлі қыз:Ақылды қыз;Айбарлы қыз-деп
аталатын бес ерекше санаттағы қыздарды тәрбиелеп,өмірге дайындаған.Бұл,қазақ
қыздарының бойындағы асыл қасиеттердің басымдылығына сай айтылған шартты жіктеу.
Осы бесеуін қазақтың бір қызының бойынан да табуға болады.Ондай қыздардан малика,
90

90.

ханым,бике,адуын аналар шыққан.Олардың үрім-бұтағы бүгінгі біздің ортамызда да жүр.
Ұлы Дала төсінде қазақтың сан мыңлаған Асыл Аналары өмірге келіп,оның мөлдір суын
ішіп,самал ауасын жұтып,ашық аспан астында,жасыл майсасында ұрпағын өсіріп,азаматын
аялап ғұмыр кешкен.Бүгінгі таңдағы қазақ қыздарының бойынан бесеуін демей-ақ бірекеуін
кез келгенінен табуға болады.Бүгінгі қыздар көрікті де,білімді.Ару қыз.БұлТүріктер дәуіріндегі-пәк қыз.Оғыздар дәуіріндегі-тұлымды қыз.Алаш заманындағыиманды қыз. Әдеп пен ар ұят-қыз көркі деп түсінген бабаларымыз,ару қыз деп:қандай жерде
қандай сәтте болмасын адамгершіліктен аттамайтын,ар-ұят,әдеп ибаны көз қарашығындай
қастерлеп,арына дақ,атына кір келтірмейтін,қасиетті ана тілі мен салт дәстүрін асылға
балап ардақтап,адамгершілікке жат жаман қылықтардан бойын аулақ ұстап,суық жүріс пен
сумақы қылыққа баспайтын, сыпсың сөзге ермейтін,жамандыққа ырық бермейтін,атаанасы мен ел-жұрт,туыстарын құрметтеп, іні-сіңлілерін аялайтын, өсек-аяңнан аулақ,
пәк,опалы,уәде-сертке берік, аузынан гүл, жүзінен нұр төгіліп тұратын қыздарды айтады.
Бұрындары,қазақ салтында, қыздың пәктігін тұрмысқа шығарда көп алдында дәлелдейтін
ғұрпы да болған.Ару қыз-жаны мен тәні таза,рухы мен көңілін
кір шалмаған,адами
болмысына дақ түспеген пәк жандар.
Сұлу қыздар.Әйел затын Аллаһ тағала сұлу етіп жаратқан. Сол себепті олар
сұлулыққа құштар.Бәрі де сұлу болғысы келеді,ұмтылады.Талпыныс бар жерде нәтиже бар.
«Тәңірі-сұлу,ол сұлулықты жақсы көреді.Әйел адалдығы, пәктігі, сұлулығы үшін некеленеді.(хадис)Сұлулықтың сыртқы нышаны-оның әлемге,оны жаратушысына, айналасындағы адамдарға, сүйіспеншілікпен қарап, махаббатпен бас июінен көрініс табады. Қыздарға
тән нәзіктік пен сұлулық.Ұлдарға тән бойындағы жылулық.Ал әдептің орны мүлдем
бөлек,қыз да,ұл да әдепті болу керек.Олар сұлулықты шарқ ұрып іздеп,ақыры табады.
Қыздарға әсемдік жарасады .Талғамы таң нұрымен таласады: Қыпша бел,сұңғақ бойлы
қаракөзге, Жан біткен таңдай қағып қарасады. Сұлулыққа
тамсанып
таңғалмайтын
жан бар ма?Қазақ қыздарының тән сұлулығынан гөрі жан сұлулығына айрықша мән
беріп,ақылды білімді қыздарын тәрбиелеп келген.Ақылды білімді,қылықты қыздар ісәрекетті,құбылыс-өзгерісті ақылға салып екшепелеп парасаттылықпен пайым-дайды.
Мұндай қыздардан тәлімгер аналар,дана асылдар ,ақылгөй данышпандар туған.
Даналығымен ерге серік болған. Домалақ ана мен Қарашаш ана,ел басқарған Айғаным
ханым мен Тайқара ханым сияқты асылдар бастаған лек бүгінгі заманға жеткенін көзіміз
көріп отыр..Бармағынан бал тамып, саусағынан гүл төгілген,кілем тоқып,сырмақ
сырып,киіз басып, кесте тігіп,шілтер тоқып үй ішін жайнатып,тон пішіп, киім тігіп, қойсиыр,түйе-бие сауып,ірімшік қайнатып, іркіт пісіп,құрт жасап,май шайқап отбасына ырысбереке әкелетін,ыдыс-аяқ , көрпе жастығын таза ұстап,шай қайнатып,тамақ пісіріп,қонақ
күте білетін қыздарды іздеген жігіттер,табыла қалса олармен бас құрап,болашақ отауының
түтіні түзу ұшып, шаруашылығын шалқытуға күш салады.Динадай күйшіі,Сарадай
ақын,Шарадай биші,Әлия мен Мәншүктей айбарлы да батыр қыздардың сіңлілерін, бүгінгі
Қазақтың қай бұрышынан іздесең де кезіктіре аласың.Екі жасты қосқанның сауабы бар.Егер
бүгінгі ұл мен қыз көңіл қосып,жұптасуға қолұшын беріп,көмектесетін ақыл-кеңес айтар
ағайын туыс,әпеке- жезде,құрбы-құрдас айналаңнан табылатынына толық сенуіңе болады.
«Үйлену оңай,үй болу қиын» дегенмен,бастарыңа бақ қонып,ынтымақ береке болса,ертеңақ ел қатарлы қазақтың, түтіні тіктеп ұшқан,керегесі кең,терезесі тең бір отауы болып шыға
келесіңдер.«Некелесіп тұрмыс құрыңдар,өсіп-өніңдер.«Мен қиямет күні басқа
үмбеттерімнің алдында, сендердің көп екендеріңді көріп насаттанамын.»(Мұхаммед/с.ғ.с./)
2.Шаңырақ сыйластығы,отбасы ынтымағы.Бұл сабақ бозбалалар мен бойжеткендерге
әр денгейде,үзіліссіз оқылатын,ауқымы кең дәріс.Үлгілі әке,салихалы ана санатына
жеткенше еріксіз естуге,тыңдауға өзіңіз де мойынұсынатын кездер де кезігуі мүмкін.Некеге
тұрып, Аллаһ нәсіп етіп үйлендіңіз.Мүмкін сіз,ол кезде Жүсіп Баласағұн бабаңызды
тыңдаған шығарсыз: ...Әйел алса төрт белгісін көздейді,Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.
Бай әйелді біреу іздеп жүреді, Енді бірі сұлуға көз тігеді, Бірі тілер тұқымы асыл тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы,бектігі, Бірі нәзік, имандысын таңдайды, Оны тапса, көңілде
91

91.

алаң қалмайды.Мүмкін сіз ,Хакім Абайды тыңдаған шығарсыз: Жасаулы деп,малды деп
байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар,ақылы бар,ұяты бар, Ата –ананың
қызынан ғапыл қалма. Мүмкін сіз, Пайғампар(с.ғ.с.) хадисін басшылық еткен шығарсыз:
«Кім әйелді оның атақ -абыройы үшін алса,Аллаһ ол еркекті қор етеді.Кім дүниесі үшін
алса,Аллаһ ондай еркекті жерге ұрады.Ал,кім көзін күнәдан,мүшесін зинадан сақтау үшін
және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін үйленсе,Аллаһ ол кісіге әйелін
берекелі,ал әйелге күйеуін құтты етеді,»-депті.Сондай-ақ,екінші бір хадисте: «Әйелге тек
сұлулуғы үшін ғана үйленбеңдер,сұлулығы оларды тәкаппар етуі мүмкін.Оған дүниесі
үшін де қызықпаңдар,мал-мүлкі оларды шектен шығаруы мүмкін.Расында қара тәнді
иманды әйел текті де дәулетті және көрікті бірақ дінсіз әйелден абзал». Женге және жезде
мектебінде осы қағиданы басшылыққа ала отырып бозбалалар мен бойжеткендердің
тіршіліктегі әр сатысында,әсіресе,жас отау құрып бір шаңырақ астында бас қосқан
кезеңінде оның маңыздылығы,кажеттілігі тым асқақтай береді
Бір шаңырақта тұратындардың әсіресе жас жұбайлардың шаңырақ жарастығы ең
алдымен мына екі жағдайға байланысты.Базарға барайын деп сыртқа шыққан жас келінге,
аулада орындықта отырған үш қарт адам кезігеді.Келін иіліп сәлем салып, үйге кіріп дән
ауыз тиюді өтінеді.Сонда қария-лардың бірі:«Біз шақырған жерге үшеуіміз бірдей
бармаймыз»,-дейді.Оң жақтағы досым-Байлық,сол жақтағым болса-Сәттілік. Менің
атым-Сүйіспеншілік.Өзін жолдастарын таныстырғаннан кейін келінге былай деп талап
қояды: -Кәзір отауыңызға барып,отағасымен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің бірімізді ғана
шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,дейді....Келін сүйіс-еншіліктің талабын күйеуіне айтқанда, қатты қуанған ол; «Қандай
жақсы,қандай жақсы»,-деп қайталай береді.-Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе?
Біз «Байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа толсын». Күйеуінің шешіміне көңілі
толмаған келін: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»-деді.Екеуі ортақтасып,
мынандай шешімге келді:«Негізінде,ең асылы,Сүйіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз
бақытты бола-мыз». Есікті ашып,келін: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз.Сізді
шақыруды ұйғардық,-деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді Жолдастары да
орнынан тұрып,оның артынан үйге қарай жүрді.Аң-таң болған жас келін, Байлық пен
Сәттілікке:«Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:«Егер
де тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар
едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз
керек.,-дейді.Келіннің «неге?» деген сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:«Өйткені, Сүйіспеншілік жүрген жерінде біз-Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».«Шаңырақ сәні –сыйластық» деген мақал осыдан қалған.Шаңырақтағы сыйластық,
сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдылық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың
сәнін кіргізіп,жарастық орнатады. Бір күні Бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты. -Кімей бұл?-депті, жаңадан түскен жас келін. -Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз,-депті Бақ. Жоқ,есікті аша алмаймын:төргі бөлмеде атам жатыр, ауызғы бөлмеде өзіміз жатырмыз,дейді келін.Екінші күні есік тағы тықылдапты.-Бұл кім?–Мен –Дәулетпін ғой,үйіңе қонып
кетейін,-депті есік сыртынан Дәулет. –Жоқ ,үй бос емес,-деп тағы да есігін
ашпайды.Үшінші күні есік және тықылдайды.-Кім екен бұл?-дейді келін. –Ынтымақ
едім.Келін есікті ашып,Ынтымақты үйіне кіргізіпті.Барлығын естіген атасы сонда: -Дұрыс
жасадың,шырағым,ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді,-деген екен.
Халқымыз қасиетті құс деп ардақтайтын аққу көгілдір шағында жұптасады екен де, қалған
ғұмырын аса тату тәтті бірлікте өткізетін көрінеді. Жұптасқан аққулардың бір-біріне деген
махаббаты соншалық,жұптың бірі қапияда қаза тапса,екіншісі қайғыға шыдай алмай,әуеден
құлдилап келіп жерге соғылып мерт болады екен.Ал кейбіреуі неше күндей нәр
татпай,сыңарының жанында жатып,жан тапсыратын көрінеді.Үшіншілері өлген сыңарының мойнына өз мойнын орап қылқынып өледі.Мұны қазақ өте ерте заманда
аңғарған.Жұптасқан қос ақудай ғұмыр кешіңдер деп бата беруі жастарға тым зор тілек
болса керек-ті.Ақылды келін әулеттің-мақтанышы.Жанашыр әйел жарын күтеді,жансақ
92

92.

әйел өзін күтеді.Бойын күте алмаған келіншек,байын да күте алмайды.Тұрмыс құрып не
керек ұғыспасаң,туыстықтан не керек жұғыспасаң.»Ақылды болса алғаның аспандағы
Ай,Күнің.Байыпты болса алғаның, басыңдағы байлығың» Алайда келіннің жаманы
болмайды. келген жері жаман.Жақсы үйге түскен келін нағыз келін болады.Жаман жерге
түскен келін келсап болады».Бәрінен де ерлі-байлы екеуінің ынтымақ берекең, бірінді-бірің
сыйлап, сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарауларың ең басты мәселе. «Екі өзен қосылсадария,екі жақсы қосылса-жанұя»-дейтін қазақ,оларға қос аққудай жарасымды болуын,
жеңге-жезде мектебі аясында үнемі ақыл-кеңес айтудан жалыққан емес.Өз жарыңды жаттай
күт,жат көрсін де түңілсін. Бір-біріңді қадір тұт-жұрт үлгі алсын, үңілсін.Ерлі-қатын тату
болса-шырағы жанар,Ерлі- қатын араз болса-өмірден көңілі қалар.Жақсы келінкелін,жаман келін өлім.Жігітті ер ететін де- әйел,жер ететін де әйел.Жақсы әйел жаман
еркекті-адам етеді.Жаман әйел жақсы еркекті-надан етеді.Аллаһ Тағала әйелдермен сыпайы
сөйлесуді бұйырады, себебі,әйел-анаңыз, қызыңыз, әжеңіз. Әйелін тек жақсы көретін
адамдар ғана сыйлап,құрметтейді,үй-ішіне қатал,қатыгез адам-жаман адам.Қашанда ер кісі
әйеліне,әйелі еріне мейіріммен қараса Аллаһ тағала да оларға рахмет назарымен қарайды.
Бірінің алақанына екіншісі алақанын қойса,саусақтары арасынан күнәлары төгіледі.Жақсы
әйел жаман еркекті ер қылады.Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.Сүйіктің жоқта
дүние суық. «Екі жақсы қосылса,Ай мен Күндей жарасар.Екі жаман қосылса,ырылдасып
таласар». Нағыз мұсылман,нағыз иманды адам деп кімді айтамыз?- деген сұрауға Аллаһ
Елшісі:-Біріншіден,мінезі сиымды,екіншіден-әйелдерге ізет-құрметпен қараған адамдыайтамыз-деген. Хадисте: «Әйелге өз туған ана-қарындасыңа қарағандай мейір шапағатпен
қара!».Дінімізде: «Ер адамның әйеліне мынандай борыштары бар:-өзің тамақтанып,әйелің
аш қалмасын;-өзі жаңа киім алғанда,әйелін де киіндірсін;-әйелге қол көтеруге болмайды;әйелді сөгіп балағаттамау керек;-ренжісіп қалсаң,тым алысқа кетіп қалуға болмайды.Ерінің
әйеліне татуласу үшін айтқан бір өтірігі кешіріледі».
Жеңге және жезде мектебінде үйренетін-ұлы сөздер. Ұлтқа тән ибалы,иманды,нәзік
құбыл-ыстар бырт-бырт үзіліп, қарабайыр қатынасқа түскен сүреңсіз өмір кешуге мықты
кіріскен қоғамнан қашсаң да құтыла алмас секем жайлап,өмір өңсіз,тіршілік тұрлаусыз,
сауық-сайран шаттықсыз, өлім-жітім азасыз,іс-әрекет еріксіз,сөзіміз түрпідей,сыртымыз
кірпідей, көңіліміз түлкідей,ақылымыз таяз, қайғымыз ащымен жуылып, абыройымыз
арақпен тазарған сол бір заман да біз көп дүние,мұрадан,мирастан несібесіз қалыппыз.Ұлы
сөз кірлеген көңілді тазартады,қажыған көңілге қуат бере алады.Асқан-тасқан көңілді
басып,қараңғы көңілге шырақ жаға алады. Ол былай болыпты. «Ата-бабалар қалдырған,
кісілікке баулыған нақыл сөздерді,кейінгі ұрпаққа жоғалтпай жеткізу-кәзіргі сезімі сергек
адамдардың парызы деп есептеген дұрыс.Шындықты айта алмаған сөздің атасы өледі;
қариялар кеткен соң елдің айтар нақылы мен батасы өледі.Әңгімеде , дәстүр-салт санада
жаңа құбылыс пайда болады.Жақсы сөз нәрлендіріп,жақсы дос әлдендіреді екен.Баяғыда
мұндай қариялар келгенде астына көрпе төсеп,шынтағына жастық беріп,қымызды сапырып
отырып,әкеміз жалықпай ауылдағы туыстуыстарын жинап алып,мал сойып,ұзақ уақыт
тыңдайтын. Мұндай әңгіме айту дәуірі 1925-1926 жылдарға дейін өмір сүрді.Одан кейін
халықтың басына түскен нәубат адамдарды есінен тандырды.Ескі әңгіме айтқан адамдарды
қудалады.1940 жылдан бастап қала мен ауылда халықтың руханият пен тұрмыстың
негізінде қалыптасқан дәстүрдің ауытқу кезеңі басталды.Өмір сүруге,болашаққа пайдасы
бар-ау деген жағдайларды ешкім түгендеп, ойланып,толғанбайды.Оны байыптауға байлам
жасаған адамдар бой көрсете алмады. Заңға,не ислам дініне үйлеспейтін дағдыға бет бұрды.
Кәрі-жасына қарамай о дүниелік болған адамдарды оң жаққа салып, жөнелтүдің өзіндік
дәстүрі сақталмады.Оны түсіндіретін діни сауаты бар адамдар болмады.Жаттама құран
аятынан құрастырған шала молдалар пайда болды.Өлімді аста-төк мал сойып,бөшкебөшке сыра ашытып,жәшік-жәшік арақ ішу,карта ойнау белең алды. «Отырған үйдің бір
бөлмесінде мәйіт жатыр-ау» деген ой санаға кірмей,үйді көкала түтін ғып,темекі
тартып,дауласып,дауыс көтеру екі күнге созылған кездер де болды.Марқұм болған соң
жетісі мен қырқына жиналған кәрі-жас жақсы әңгімелер айтудың орнына малының
93

93.

ұрланғанын, биесінің,сиырының төлдегенін, малына қасқыр шапқанын,біреулердің
бұзақтығын термелеп айтып, ұсақ түйек ауыл ішіндегі өсек аяңды сөзіне арқау ғып тарасып
жатты.Тіпті,салихалы үлкен адамдардың өзі арақ-сыра ішіп, карта ойнауға бой ұрды.Бұл
жағдай 1995 жылға дейін етек алды» (А.Әрінұлының естелігінен).
Әулет мектебінде ұлы сөздерді үйрету үшін оны балалар ойынына сіңіріп,ойынға
ұластырып ұқтырған.Білім мен тәрбиені ұлттық балалар ойыны арқылы үйреткен. Айталық,
бата,өнегелік сөздер(тыйымдық сөздер,ескертпелік сөздер, тәлімдік сөздер т.б.)мақалмәтел,жұмбақ,шешендік сөздерді балалар айтысы арқылы жаттатқызған.Ал,ғұрыптық
жырларды да осы айтысқа айналдырып игерткен. Жоқтау,көріс,жар-жар, сыңсу,көңіл
айту,естірту сияқты ұлттық үлгі-өнегелерді де.балалардың бас қосуында ұқтырған.Ұлы
сөзде ұяттық жоқ деп түсінген қазақ,қыздарына бесік жыры,тұсау кесу жыры,бала бесікке
бөлеу әндерін осы жеңге-жезде мектебінде үйретті.Қоштасу,сағыныш әндерін,арнау
өлеңдерін би,музыка аспаптарын үйрету де,қол өнерін ұқтыру да осы мектептің үлесіне
тиген.А.Сейдімбеков: «Егер ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол
рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы?!-деген сұрақ қойылар болса,онда алдымен сөз
өнері,музыка өнері және қолөнері тілге оралар еді».-дейді. Осы үш өнерді бозбалабойжеткен жеңге-жезде мектебінде оқып үйренген. Зере,Ұлжан, Қызтумас,Айғаным
әжелер осы мектеп түлегі.Олар да,анадан ертегі,жыр жаттап, әңгімелерді біліп туған
жоқ.Қай ана осы мектепті көрмесе,одан тәлім-тәрбие алмаса,Бауыржан атамыздан
бастап,бар қазақты «қорқытатын» болады,үрейлендіре алады.Кәзіргі,бата тілек айта
алмайтын,өсиет үлгі қалдыра алмайтын,ұлы сөзге шорқақ аталардың көбеюі де осы
мектепте оқымағандықтың кесірі. Қоштасу.Жеке адамнан бастап күллі халық көңіл-күйін
білдіретін бір де ауқымды,бірде қысқа болып келетін тұрмыстық жыр.Мысалы, «Басынан
Қаратаудың көш келеді» дастанынан бастап «Елім-ай» әні , «Қозы көрпеш-Баян сұлу»
жырындағы Таңсықтың қоштасуы, «Жылау,жылау,жылау күй» дейтін ұзын қоштасулар
бар.Бұл тақырыпта молырақ жырланғаны адамның көңіл-күйі.Адамның қартайып төсек
тартқан шағында,артында қалып бара жатқан ұрпағына,ел-жұртына қоштасу ретінде
айтылатын ақыл-өсиеті,тілегі,өткен өмірімен тілдесуі болады.Немесе арман еткен
мақсатыныңа жете алмаған адамның толқуға түскен,күйіншілікке ұшыраған кезі,үмітімен
қоштасуы.Сол сияқты адамның қиын-қыспақ жағдайға түсуі және одан құтыла алмасына
көзі жеткен соң,артындағы ағайына,халқына арнаған аманаты,олармен қоштасуы
баяндалады.Бұл айтылғандардың бәрі де адамның көңіл-күйін,іштегі шерін қозғайды,оны
қоштасу арқылы шертеді.(М.Ғабдуллин)Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтың
анасы Бағжанның ұлын армияға аттандырғанда айтқан қоштасуы: Сүт суалтқан құлыным,
Жаман атың шыққан жоқ еді,Сол жақсылығыңнан танба, Ақжүрек болып жолдасың,
Адалдық сені қолдасын. Жақсылық үшін тірессең,Жаның, арың қорғасын. Арынды
болсын шабысың, Алымды болсын табысың. Найзадай болсын намысың, Қиындық көрсең
мұқалма! Ауырлық көрсең жұқарма!(А.Әрінұлы естелігінен)
Бесік жыры.Жас баланы бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп,тойлап өткізген.Мұны да
ойын сауыққа айналдырған. Бесіктегі жас баланы тербете отырып,аяулы ана көңіліндегі
ой-арманын,жақсы тілегін жырмен білдіреді.Жас ана бесікке салу және бесік жырларын
бойжеткен шағында,ойын үстінде,өздерінен сәл ересек қыздардан,жеңгелерінен үйренеді.
Кәзіргі кезде бесік жырының нұсқалары көп.Бұл алғашқы бесік жырын бір адам жазып
айтып беріп халық соны айтып жүріп,керектене берген.Кәзір ол айтушының аты мәлім болғандықтан Қасымның,Қадырдың, Иманжүсіптің деп аталатын көптеген ақын жыршылар
атындағы бесік жырлары бар. Оларды оқулықтардан ,арнайы шығармалалардан оқушы
қыздар да,ұлдар да жаттап алатын болған.Келіншектердің осы көп нұсқадан теріп
алып,ұйқастырып керектенетіні кезігеді. Бұл өте қуанышты жай.Біз көнелеу бесік
жырының бір нұсқасын ұсынамыз. Бесік жырын ата,әже,әке,көке,аға,ана,бауыр,бала-шаға
демей бәрі білуге міндетті болған.Себебі бесікті тербету қай-қайсы адамға міндет
болғандықтан,мылқиып үнсіз отырып бесік тербету мін саналған.Сондықтан бәрі бала
шақта үйренген. Тұсау кесу жыры.Бөбектің апыл-ғұпыл,аяғын басар кезінде тұсау кесер
94

94.

рәсімі жасалады.Тұсауын кесе сала,он қадам,анасы қос қолдап жетектейді,Онан
соң,бөбектер мен бүлдіршіндерге береді.Осы кезде айтылатын ән.
Аушадияр жаттатқызу.Қалыңдық аталып,туған үйінің алтын босағасын аттап,жат
жұртқа қадам басарда,қыз бен күйеуге айтылатын ең өсиетті де,өнегелі құлаққағыс
жыры.Ел ішінде бірнеше нұсқасы бар.Мүмкін біреуге керек болуы деген ниетпен, жаттауға
жеңіл нұсқасын ұсынамыз.Бозбалалар ойын-сауығында немесе жекешелеп арнайы
жаттататын. Әушадияр нұр болар, Ақылдың сөзі дүр болар, Ата-анасын сыйлаған,Дақ
шалмайтын би болар. Аушадияр бір болар, Жалқау адам құл болар, Жақсы-жаманды
білмеген,Анық жаман сол болар. Аушадияр екі де Қызды елдің көркі де, Омырауға таққан
ақ Жарасып тұрсын бөркі де. Аушадияр екі дер,Ер жеткенің осы дер.Әдеп-иба,ар-ұят,
Қыз баланың көркі дер. Аушадияр -үш болар, Атан түйе күш болар. Екі жаман қосылса;
Өле –өлгенше өш болар. Аушадияр -төрт болар, Жанып түрған өрт болар. Екі жақсы
қосылса,Айрылмастай серт болар. Аушадияр-бес болар,Жақсы жарың ес болар. Жалқау
қолынан мал тайса,Жинағанша кеш болар. Аушадияр-алты де, Теріс болмас қалпы де, Ер
жорыққа аттану, Атам қазақ салты де.Аушадияр-жеті дер, Ер тілеуін-ел тілер. Елін қорғау
ерлердің, Уәделі серті дер.Аушадияр-сегіз, Су аяғы теңіз. Екі жақсы қосылса, Өлеөлгенше егіз. Аушадияр тоғыз де, Күй төркіні-қобыз де, Жаудан қашқан ез жігіт,
Жорғалаған қоңыз де. Аушадияр-он болар,Қой терісі тон болар. Көптің қамын ойласаң,
Қылған ісің оң болар.Аушадияр-он бірді,Жүрмеген жан не көрді?Жер емшегін емгендер,
Егін салып күн көрді.Аушадияр-он екі,Тұтынба арақ темекі. Әйел атын ардақта, Қылма ісқимыл дөрекі! Аушадияр-он үшті, Бұл жалғанда не күшті? Басын кесіп алса да; Шындықты
айтқан тіл күшті. Аушадияр-он төртті, Бұл жалғанда не текті?Қандай қиын сәтте де, Сертте
тұрған қыз текті. Аушадияр –он бесті.Көргенді тыңдар кеңесті, Кері тартпа дау-шарды,
Ақылға салса теңесті. Аушадияр -он жеті, Әппақ болар жер беті, Нұрдың қызы дейді ғой,
Аққардай болса келбеті. Аушадияр- он сегіз,Жарастықта дос егіз,Қаратау жайлап келсеңіз,
Жылқы менен қой семіз. Әушадияр –он тоғыз, Сайрасын үйде қыл қобыз. Әушадияр –
жиырма, Мекке жолы қиыр ма?Жылқы әулие десек те, Хас әулие сиыр да. Мұны толық
ұсынған себебім,келешектегі түрік тектес халықтардың адамгершілік кодексінің негізі
болар асыл сөздер осында өте көп.ОНЫ ОҚУШЫ ҚАУЫМ ӨЗІ-АҚ ІРІКТЕП АЛАДЫ.
Сарын айту.Бозбалаларды сарын айтуға алдын ала дайындап қояды.Жезделердің
ширақтығы байқалады.Бұл аужаралды дайындық десе де болады. -Айтайын бастап
сарынды үкі-ау,Кейітпе жылап жаныңды үкі-ау. Әкең ұл болған,шешең-қыз үкі-ау,
Солардан қалған сарын бұл үкі-ау. Қосағыңмен қоса ағар үкі-ау,
Бақытты
болып
босағаң үкі-ау Жар-жар үйрету.Бұл балалар ойынында-балалар айтысы деген атпен
ертеден белгілі.Балалар жар-жар айтысып сынасатын.Қыз ұзату тойында ол аужар
аталатын. Аужарды бір жігіт бастап,қайырмасына келгенде баршасы қостайтын. Сөздің
басын бастайын «жар-жарменен» жар-жар, Айтқаныма құлақ сал замандасым жар-жар,
Ата-баба жолы екен қыз ұзату жар-жар,Бет алдыңнан құдайым жарылқасын
жаржар, Көңіліңді қарағым, суытпағын жар-жар, Жамандықты жаныңа жуытпағың
жаржар, Жат жұрттық болып қарағым,кетсең дағы жар-жар, Ата-анаңмен ел-жұртты
ұмытпағын, жар-жар, Аужар айтысында,жезделер жігіттерге қосылса,жеңгелер қыздарға
қосылып жауап өлең айтуға тиіс.Жігіттер тобы: «жар-жар» немесе «үкеу» мақамына
келтірсе қыздар: «ай-қу» немесе «бикем-ай»-ға салады.Осы күндері,аужардың балалар
ойынындағы айтыста керектенілетін нұсқасы көп қолданылады.Себебі ол,жаттауға женіл,
бір сарынды болып келеді.Аужар айту,қыз-жігіттер ғана емес былайғы отырған қауымға
үлкен білім,терең тәрбие беретін жеңге-жезде мектебінің тамаша сабағы еді.Ол
кезектесіп,айтыса отырып,қызға айтатын ақыл –кеңестерін саралайтын еді.
Сыңсуға жаттықтыру. Сыңсу-қазақ қыздарының зары емес,назы.Оны да балалар ойыны
арқылы женгелері жаттатып қояды.Өмірге дайындаудың ол дағы бір сабағы.Ал,кәзір қыз өз
үйінен аттанбақ.Қыз жеңгелері ұзатылатын қыздың жүрек қобалжуын тыйып,жолға жақсы
әзірленуіне,қандай киім киіп, өзін қалай ұстауына дейін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ақылкеңесін айтып,әзіл-қалжыңмен жебей жүріп, оған үйінен атта-нар алдындағы өтеуге тиісті
95

95.

ғұрыпты, орындауға тиісті жол-жосын,рәсімді тағы бір қайталап жаттықтырады.Аттанар
ал-дындағы асты ішіп-жеп болған соң қыздың бір жеңгесі,қыз басындағы үкілі
тақияны,жоғары іліп қойып,оның орнына сәу-келе кигізеді.Бұл қыздың басына киелі киім
киіп,ағайын-туыс-пен,ел-жұртымен қоштасу белгісі.Тәрбиелік маңызының сыртында,қыз
жар болар жасқа жеткенін,оның ақыл-ойының толысуына жасалатын үлкен сын.
Сыңсыманы айту оңай емес. Кей өлкеде мұны «ұзатылған қыздың көрісі» деп атайды.
Науқастың көңілін сұрай білуді үйрету.Ағайын-туысың бар көрші-қолаң,дос-жораларың
бар,кім де кім ауырып қалуы ықтимал.Осындайда,науқастың халін біліп,көңілін сергітіп,тез
сауығып кетуін тілеп,олардың дәрі-дәрмек алуына қолұшын беруді жас өспірімдерге әкешешесі айтып ұқтыратын. Ал,жеңге-жезде мектебінде оны нығайтып бекітетін,әрі өздері
ертіп барып,өнеге көрсететін.Бүгінгі күндері жастар тұрғой ересектер де науқастың көңілін
сұрауда орашолақтық танытады.Бабаларымыздың небір аталы сөз айтып,науқастың көңілін
сұрап,еліндегі жұрт қолында бар,ауыруға шипа болар-лық дәрі-дәрмекті апарып бергендігі
тұралы әңгімелер мол-ақ.Құрдастардың әдемі қалжың айтып науқасты бір сергітіп кететіні
де бар.Дана қарттарымыз,осы кезде ел-жұртымен арыздасып қоштасып қалатын рәсімі де
болған.Өсиет-арман тілегін қалдыратын жосын қалыптасқан.
Абай атамыз қатты
ауырып,ажал аузында жатқанда Бегеш досы көңілін сұрай келіп:
-Ассалаумағалейкүм,Абайжан!Сөзіңе таңырқаған талай жан.Булығып сөйлей алмай
жатырмысың?Алла қонағында бұл не хал?Әй,сабазым,Бегешіңе сөз қатыспасаң,көңілден
өле-өлгенше кетпес арман,-депті.Атамыз басын көтеріп:Азғана ауыл керейден асып туған
сен бір ер, Сен кеткен соң бұл керейге сен сықылды кім келер?Жүгім ауыр болған
соң,көтере алмай жатыр ем, Қелдің ғой,Бегеш,көрдің ғой, Сен кеткенше жеңілер,-деп бір
сәттік көңілі көтеріліп, жаны да жадыраған екен.
Бүгінгі таңда: «Халыңыз ,қалай?Тәуірсіз бе? Шикі ет ауырмаққа деген.Алла шипасын
берсе, ертең-ақ,тұрып кетесіз. Аз күндік бейнет қой! Сәтін салса,не бар,дейсіз, сынақтан
сүрінбейтін жан едіңіз.Ауыру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.Ештеме етпес.Күні
ертең-ақ,сауығып кетерсіз.» Құрдастар,замандастар,тұрғыластар:«Келіншекке еркелеп,
біраз күн тынығып,алғысы келіп, жатқаны ғой.Алып-жұлып бара жатқан ештеме
көрінбейді»-деп,әзілге айналдырады.Науқас жас адам болса, «Жас шағыңда біраз күндік,
Алланың аяқ тұсау қойғаны ғой!Көп қозғалысыңа шамалы,кедергі келген екен, дәнеңе
етпес,тез сауығып кетерсің.Қатарыңа қосылып,әлі-ақ эыр жүгіресің!Сендей күнімізде,талай
сүрініп,талай жығылдық емес пе?Түк етпейді. Аманшылық болса,атып тұрып,атыла
жөнелесің.Жай ғана,тұмау сүрей бірдеңе ғой.»Осылай жұбата отырып,онан-мұнан
алдырған дәрі-дәрмегін, «дәрі алып іш»-деп азды көпті ақшасын ұсынады.Ауырудың беті
ауырлау болса,қомақты қаржы жинап,алыс-жақынға жіберіп емдетеді.Көңіл сұрап, көмек
көрсету бар қазаққа ортақ міндет.Оны орындауға бала жастан жаттығады. Арыздасыпөсиет айтқан үлкеннің сөзін,жанашыр жақыны,жас болсын,жасамыс болсын тыңдау
керек.Себебі ол адамның күллі ұрпағы;- ең соңғы өсиетті,өзі өлгенше орындауы тиіс, үлкен
міндет,жауапты парыз.Қазақ ата-бабасының,әке-шешесінің айтқан өсиетін орындау үшін
өмір сүреді.Атасының, әжесінің, әкесінің, анасының арыз өсиетін тыңдаумен қатар,
балалары, немерелері олар жан тәсілім етерден бұрын,олардың аяғын құшып,олар алдында
жасаған қандай бір ағаттығын,ренжіткен жері болса кешіруді өтініп жалынады. Бұлай істеу
бар қазақтың басты міндеті.Қазақ баласы-бұл борышты өтеуге тиіс.
Өлім хабарын жеткізу,естірту,көңіл айту,бата қылу.Өмір бар жерде өлім бар.Жезделер
мен жеңгелер жастарға бұл турасында көп білім беріп,оларды ертіп жүріп,талай жолжоралғы, рәсімдерді көрсетіп,өнегелерді өздері үйреткен.Қазақ халқының өлім хабарын
жеткізудің өзіндік жөн-жосығы мен үлгі-өнегесі бар.Ертеде сан соқтырған өлімді,күйжыр,толғаумен естірткен.Суыт жүріспен,ауыл шетіне келіп,бір ауылда бір адамға ғана
хабарлап,арықарайшауып келесі ауылға хабар беретін.(Ауылға жайшылықта шауып келме
деген тыйым осыдан).Алғаш естіген адам ауылға толық хабар айтады.Өлім хабарын елге
жеткізуші адам суыт жүрісті,сұсты да ширақ қимылды,әрі қалыптасқан өлшемді сөз,өнегелі
тәсілді жақсы білетін адам болады.Таныс-біліс жерлес,рулас адамдарға: «Пәлен деген
96

96.

кісі,пәлен уақытта қайтыс болды, пәлен уақытта,пәлен жерде жаназасы болады»деп ашық
айты-лады.Өлім хабарын Монғолияда және Қытайда тұратын қазақтарда жергілікті радио
мен телевизия арқылы хабарланады. Бұл жағдай,алыстағы атамекенде тұратын туысы
болсын, сол елдегі ағайыны болсын, қайда кім қайтыс болса да барып, қатынасып,бір уыс
топырақ салу мүмкіндігін жасап отыр. Марқұмның ет жақын туыстарына,ұл-қыздарына,
құда-жек-жаттарына,ауыл ақсақалдары жиылып,ересектер топтасып барып,тұспалдап
естіртеді.Шоқанның қазасын Шыңғыс сұлтанға сол кездегі елдің басты-басты
адамдарын,Тезек төре арнайы жіберіп естірткен. Қазақ халқының естірту ғұрпына
соншалық мән берілуін М.Әуезов: «Қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын,қайғы
көріп,қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көрісетінін,оның адамның
күйініш-сүйініштерін терең сезінген сыпайыгершілігін,көрегендігін танытады»-деп аса
жоғары бағалаған.
Қазақ халқы туыс-туған,дос-жаран,ел-жұртын тірлігінде қандай сыйлап,қалай
құрметтесе,оның өлімін де сондай қадірлеп,құрметтеп,көз жұмған күні оларды өз қолдарымен арулап жуып,ахиретпен кебіндеп,тәптіштеп жерлеп,бір күрек топырақ салуды
адамдық және азаматтық парызымыз деп көреді.Сондықтан өлім хабарын естіген адам
қандай да маңызды жұмысы болса да доғарып тастап,дереу қаралы үйге барып марқұмның
туыс-туған,бала-шағаларының қайғысына ортақтасып оларға көңіл айтып жұбатады.
Марқұмның артқы жұмыстарына көмектеседі. «Торқалы той,топырақты өлімде табылмаған
туыстың кісілікке сәні жоқ» деп өлім хабарын естіген адам күн-түн демей дереу атқа
қонып,марқұмның жаназасына үлгеріп барып,бүр күрек топырақ салуға асығады.Көңіл айта
барған марқұмның туыстары,қайтыс болған адам қарт кісі болса: «Асқар тауым-ай!
Бәйтерегім –ай! Атам-ай!,Әжем-ай!» деп тұрғыласы болса: «сырласым-ай! ақылшымай!,замандасым-ай,ағатайым-ай!,бауырым-ай!»деп, ал жасы кіші балалар қайтыс болса:
«құлыным-ай!,жал-құйрығым-ай! жеткіншегім-айІ асылым-ай! атбайларым-ай!» деп
дауыстап келеді.Үйде дауыс қылып отырған әйелдерге бір-бірлеп амандасып,ерлерге,қол
беріп жеке-жеке амандасады. Әйелдер дауыс салғандар мен жеке-жеке көріседі.Көрісіп
боп,бет- қолдарын жуып,қатарға отырған кезде тоқтау айтылады. «Аллаһ жылатқан
соң,амал нешік!Бәрімізде жылаймыз–ғой,Алайда сабыр сақтап,тоқтап жылаңыздар»Қазақ
халқының қаралы адамдарға көңіл айтып жұбату үлгілері де бар: «тұяғы бүтін тұлпар
жоқ,қанаты бүтін сұңқар жоқ,төрт құбыласы тең отырған кім бар дейсің,қазаның қайырын
берсін,артта қалған бала-шағаға жасын берсін,иманы жолдас болсын,жаны жәннатта
болсын,алланың ісіне адамның шарасы не?болмас іске болаттай берік болыңдар,арты той
болсын!» Қайтыс болушы жас бала болса: «алтын босағаң аман болсын,қалған балаларың
ғұмырлы болсын,солардың тілеуін тілеңдер,бастарың жас қой,аллаһ бергенін алса
да,берерін алмасын,нәрестелерің шапағатшы болсын» деген сияқты көңіл айтылыады.
Қазақ ұғымында күнәсіз сәбилер о дүниеде тек ұжмақ-бейіштен орын алып,ахиретте атааналарына қол ұшын беріп,шапағатшы болады.Көңіл айтуды кей өлкеде жақсы сөз айту
дейді.Жастар осы жақсы сөзді айта алатын болып,жезде-жеңге мектебінен дәріс алуы
керек.Жоқтай алу.Марқұмды жоқтай алмау,қазақ үшін мін саналады.Тіптен дұрыстап
жоқтай алмау үлкен кемшілік. «Жоқтай алмайтын қатын,өліктің басын шірітеді»-деген сөз
осыдан қалған.М.Әуезов: «Жоқтау өлеңі- көпке бірдей жайылған көп қазақтың қолданған
салтынан туатын шер өлеңі.Жүрек қайғысын өлеңмен,әнмен,кейде күймен шығару
ескіліктің сүйген түрі болған.Кейуақытта жалпақ елдің жоқтауы болады.Ондайда қайғылы
қалың елдің атынан ақын жырау жоқтап,кейде үй ішінің ауыл аймақ ,рудың ішінде жоқтау
өлеңі болады Әуелгі жердегі жоқтау-хан өлгенде қарашаның жоқтауы.Қайғымен күйзелген
қалың елдің шерін жыраулар айтады.Ең әуелі қазақтың кісі өлсе оны қаралы үйдің өз
ішіндегі барлық жаны жылап жоқтайдыКөп жоқтаудың өз бетінше шығарылған
сарыны,дауысы болады. Әдет бойынша, ертеңді кеш сол сарыңға жоқтау өлеңді
қосып,дауыс қылады.Онан соң,қазақтағы жоқтау өлең өлген бір адамның өзіне ғана
арналып шыққан.Басқа біреудің жоқтауын айту,жаттама айту-қазақ ұғымынша мін.
Жоқтаудың үшінші түрі: өлген ұлын ананың жоқтауы; күйеуінен жесір қалған жарының
97

97.

жоқтауы.Бұл үй ішіндегі тұрмыстың шері».Жоқтау салты қазақтың тым арғы тегінен бері
жалғасқан.Мысалы,Күлтегін жоқтауы,Ер Тонға жоқтауы, Бұқар жырау жоқтауларына,
Абайдың,Махамбеттің,Жамбылдың айтқан Әбдірахманға,Исатайға,Алғадайға арнаған,
олардың халық үшін істеген ісі,адамшылық әрекеттерін,ақыл-ой парасаттарын сыпаттаған
жоқтаулары ұласып жатыр. Мұндай жоқтаулар кей өлкеде арнаулы жоқтау аталады.
Отбасы шері-бүгіндері көріс аталып,өте қысқа нұсқаман өлік шығарда,бата оқушы
келгенде, сүйекшілер жерлеп оралғанда айтылып жүр.Марқұмның жетісі, қырқы,
жылдығында көрістік жоқтаулар айтылмай тек еске алумен өтілетін болған.Оларды
үйрететін,ұқтыратын жезде-жеңге мектебінің шама-шарқы төмендеген.Үй-іші шерінің бір
нұсқасын ұсынамыз. Оны жаттап алып,марқұмның жағдайына сай өзгертіп айта беруге
болады.Барша марқұмға арнаулы жоқтау шығару мүмкіндігі жоқ болғандықтан,осы
жоқтауларды керектене беруге болады деп ойлаймыз. Жаттанды деп ешкім де сөкпес.
Бүгінгі күндері де,арнаулы жоқтау айта алатын,шығара алатын жандар көп болғанымен,кеңес заңының әсері ме,шариф-хадис тосқауылы ма, білмеймін ,естілмей барады.
Шәкерімнің қызы Гүлнардың жоқтауынан үзінді келтірейік.Сөзі-батыл,сезімі зарлы бұл
жоқтауды кезінде тыңдағандар қандай күйде болғанын білмеймін,ал,оқып бергенімде,көзіне жас алған талайларды көргемін. Айрылдым әкем-тірегім,Далада қалдау сүйегің.
Бақытсыз сорлы болдым ғой Дәл келмей еткен тілегім. Қолымнан әкем көнбедім,
Көзімше неге өлмедің, Есітпей ақтық сөзіңді,
Өлерде жүзің көрмедім. Барымды жайып
бере алмай, Қорлыққа салған көне алмай. У іштім әкем өлгелі Бірақ та,қалдым өле алмай.
Қамықты жаным қия алмай, Басына елін жия алмай, Арманда қалды әкекем,Топырақ
қолдан бұйырмай. Қабірге жайлап салынбай Бетің жөндеп жабылмай. Сүйегің қалды
құдықта,Әлі де жатыр алынбай. Ойымнан шықпас арманым, Жерленбей қолдан қалғаның.
Кеш, әке, әлсіз нәзікпін, Сондықтан бармай қалғаным, Он жеті толар жасымда, Айықпай
көзден жасым да,Дос тұрғой дұшпан көрмесін, Қазаны тартқан басымда. Сөкпеңіз мені
жылаған, Бар тілегі құлаған.Бар екен тағдыр аяусыз, Сақтаған маған сыбағаң!
Қазақтың әулет мектебі әлеуметтік үлкен институт,қоғамдық ірі академия.Кісі
қалыптастыру,адам баулу,тәрбиелеуде оның атқарған қызметі,орындаған міндеті өлшеусіз
мол,есепсіз көп.Оның бір ғана түрі-Жеңге және жезде мектебінің жастар арасына жүргізген
тәлім-тәрбиелік іс-әрекетіне қысқаша шолу жасадық.Терең бойлап,жан-жақты талқылаған
арнаулы еңбекте бар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әулет мектебі
Астана 2013
2.Ана мектебі [ЭР.PPF onl Ұмай ана мектебі.Ана мектебінің айбынды ұстаздары.
Bilimger kz.Ана мектебі.Bilim all kz.Дана мектебінің дарынды ұстаздары]
Астана 2014
3.Жеңге және жезде мектебі [ЭР. РРҒ онлайн презентация.Ust kz.] Улаан-баатар 2013
4.С.Айнұр. Әулет педагогикасының қағидалары — ADISTEME.KZ, ustaz.kz - bilimger.kz
Халық педагогикасының негізгі қағидалары baribar.kz›Студент bankreferatov.kz
5.С.Айнұр.Әулеттік мектеп педагогикасы — adisteme.kz›aulettik-mektep-pedagogikasyi.html
6.Х.Орик.Әулет педагогикасы
Павлодар 2018
7.Әлімбаев М.Халық-ғажап тәлімгер
А.1994
8.Әзімхан С.Дін-тәрбие діңгегі
А.1999
9.Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика
А.2006
10.Әленұлы Ш.Халықтық тәрбиенің тағылымдары
А.1998
11 Әлемдік педагогикалық ой -сана І том
А.2008
12.Әлемдік мәдениеттану ой-санасы І том
Ас.,2013
13. Әмірова Б.Ә. Этнопсихология
Қарағанды, 2012
14.Бауыржан Момышұлы Үшқан ұя
А.1973
15. Бөлеев Қ. Қазақ отбасындағы отбасылық тәрбие.
А. 2008
16.Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы-тәрбие қайнары
А 2002
98

98.

Екінші бөлім.Әулет педагогикасының тәрбие құралдары мен жолы
3.1§. Әулет педагогикасының тәрбие құралдары
Шаруа отбасында тәрбие, үлгі-өнеге көрсету іс-ірекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы
өмір әрекеттерінен түбегейлі айырмашылығы аз еді. Тәрбие құралдарының аясы атам
заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарына тіреліп
отырды.Өнегелер міндетті түрде өмір белестерінде өріліп,тәрбие еңбек қимыл-дарының
ауқымында жүзеге асырылатын. Ұлттық тәрбие құралдары мен тетіктері өз жүйесін құрай
отырып, тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған. Солардың ортасынан
әулет мектебінде үнемі,әрі тұрақты қолданыс тапқан, бірнешеуін саралап көрсетейік.
Тәлімдік сөздер. Тәлімдік сөздер дегеніміз-әр ата-ана,аға-жеңге немесе жасы үлкендердің
жасы кішіге берген ақыл-кеңесі, көрсеткен үлгі- өнегесі, айтқан өсиет-тілегі болмақ.
Бұлардың дәуір талабына сай келетін таңдаулылары сұрыпталып бізге жеткен, олар біздің
өмір тіршілігімізге сіңісіп,күнделікті қолданыста жүр.Тәлімдік
сөздердің жазбаша
сақталып,кітап-кітап болып хатталғандары да бар. Тәлімдік сөздерді шартты түрде болса
да,тәрбиелік құрал ретінде беске топтаймыз.Олар: -ақыл-кеңестік; -тағылым-нақылдық; толғау-арнаулық; өсиет- аманаттық; - ақ бата,ізгі тілек, ыстық лебіздер. Тәлімдік сөздердің
тәрбиелік мәні өте зор болумен қатар нәтижесі тез көрінетіндіктен, қазақта ең аумақты да,
ауқымды да, жиі қолданылатын тәрбиелеу құралы. Себебі, қазақ халқы,сөзге үлкен маңыз
берген, сөз өнерін асқақтатып дамытқан, сөздің адам жан дүниесін толқытып, сүйекке сіңіп
әсер ететінін білген. Оны тек жас ұрпақ тәрбиесінде ғана емес,әулет,ауыл,ру мүддесі үшін
арнаулы түрде ойлап тауып,орынды керектеніп отырған.Қазақ баласы өмірінің соңғы
сәтінде(көпшілігі бұл сәтті нақ сезетін),ағайын туысымен,дос-жолдастарымен қоштасып,
өсиет аманатын қалдыратын,Осы мезгілде айтылған аманат,қалдырған өсиет мүлтіксіз
орындалатын.Қазақтар жадында ерекше сақталған, Қорқыт ата өсиеті,Бұқар жырау өсиеті
немесе ата баба өсиеттері,олардың ғұмырындағы бағыт-бағдары, өмірлерінің Темірқазығы
болып кеткен. Басқаша айтқанда: қазақтардың тіршілік ету,ғұмыр кешудегі негізгі мұраты,
түпкі мақсаты,ұстанымы,ділі-ата-баба өсиетін орындау болып табылады.Ақыл-кеңестік
тәлімдік сөздердің мағынасы айқын, қысқа да,нұсқа болумен қатар нақыл сөзге жақын
түйінді, шешендік сөздер секілді нәрлі, жыр тақпақ түрінде де кезігеді. Мысалы:Өнегелі
мінез кімде болса да оны үйренуге тырыс; Ғылым үйренуден басқа үшін, біреуге жалынба!
Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады (Абай).Не істесең де,ойлап істе,
ойламай істесең қор боларсың.Адам болам десеңіз,әуелі адамды адам деп танып алу
керек.Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас,бірақ ол
біреу ғана.Зымырай шапқан асаудың мойнындағы,арқандай шұбатылып,ол тез өтіп кетпек,
оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң,өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың
(Ә.Нұршайықов).Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,ешкім шығара алмас қиын есеп
(О.Бөкей). Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,ар,мінез деген нәрселермен
озады.Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық...Ғылым таппай
мақтанба,орын таппай баптанба (Абай). Қанатындай сұңқардың,Тұяғындай тұлпардың,
Иманжүзді қуатты,Мен жастарға сенемін(М.Жұмабаев).Сабырдан асқан айла жоқ.
Жақсының ашуы шайы орамал кепкенше, жаманның ашуы жерге басы жеткенше(Халық).
Жігіттің құны жүз жылқы,Ар-намысы мың жылқы.(Т.Байтасов).Ақыл-кеңестік тәлім сөздер
сахих хадистер мен дін ғұламаларының түсініктемелерінде,сахабалардың жеке басының
үлгілерінде өте көп кезігеді.Ардақты Пайғампарымыз(с.ғ.с.) бір сапардан қайтып келе
жатып,бел жазып,аяқ суытып әрі тамақтану үшін бір жерге тоқтайды.Жолсоқты болып
қарындары ашқандықтан бір қой союды ұйғарады.Жанындағы сахабалардың бірі:-Қойды
мен сояйын,- десе,екіншісі;-Терісін мен сыпырайын,-дейді.Үшінші бір сахаба;-Етті пісіру
менің мойнымда,-деп жұмыстарды теңдей бөліп алады.Сол кезде Пайғампарымыз(с.ғ.с.);Олай болса, отынды мен жинап келейін,- дейді. Сахабалар бұған қарсылық білдіріп;-Уа,Аллаһтың Елшісі(с.ғ.с.)! Әуре болмаңыз.Сіз көлеңкеде тыныға тұрыңыз.Біз бәріне
99

99.

де,өзіміз-ақ үлгереміз ғой,-десті.Сонда Расулуллаһ(с.ғ.с.):-Бұл жұмыстарды өздерің-ақ
істей алатындарыңызды білем.Алайда,Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден
артық сезініп, бөлектенгенін,әрі әрекетсіз отырғанын ұнатпайды,- деп жауап береді.
Хазреті Лұқпан хәкім артына көп өсиет қалдырған. Ей,ұлым!Тақуалықты пайдасы мол
сауда деп ұқ.Өйткені мұндай саудалардың пайдасын мәңгілік көресің. Ей,ұлым!
Жаназаларға қатыс!Тойға көп жолама. Өйткені жаназа сенің есіңе ахиретті түсіреді,ал той
болса сені дүниеге қызықтырады.Ей,ұлым! Әтештен қалып қойма!Өйткені сен балбырап
ұйқының құшағында жатқанда ,ол бар дауысымен шақырып елді ұйқысынан оятуға
тырысады.Ей,ұлым!Тәубеңді кешіктірме! Өйткені ажал аяқастынан келеді.Ей, ұлым!
Надандар мен достаспа, олармен жақын болсаң істеген қылықтарын сен ұнатады екен деп
ойлайды.Ей,ұлым!Аллаһтан лайықты түрде қорық!Жүрегіңнің таза еместігін біле тұра,
басқалар құрмет көрсетсін деп,тақуа болып көрінуге тырыспа!Ей,ұлым!Мына екі нәрсені
ұмыт; біреуге жасаған жақсылығыңды, біреудің саған жасаған жамандығын.
Тағылым-нақылдық сөздер өте көркем де өткір, салмақты келедіАлайда оның да
ықшам, түрлері бар.
Әйел үйдегі ырысың,
Бұтағы -бабасының,
Ұл айбарлы қылышың.
Ұрпағы -атасының,
Қыз түздегі өрісің,
Тұяғы-әкесінің
Келін кеңейген тынысың,
Тілегі -анасының,
Олақ –міншіл.
Тірегі -ағасының,,
Қызғаныш-күншіл.
Түлегі- даласының,
Сырғақ –сыншыл,
Дарытқан бар асылын
Бос сөз- былшыл. Ескелді би
Мен-қазақ баласымын Е.Өтетілеуов
Қазағым елім,
Жұмысы жоқтық,
Қайқайып белің,
Тамағы тоқтық,
Сынуға тұр таянып.
Аздырар адам баласын.
Талауда малың,
Көп айтса көнді,
Қамауда жаның,
Жұрт айтса болды,
Аш қөзіңді оянып,
Әдеті жаман адамның.
Ұйықтайтын барма не сиқың
Ақыл бітпес
дәулетке,
Қанған жоқпа әлі ұйқың. А.Байтүрсынов
Дәулет бітпес келбетке. Абай
Қазақтың педагог-ағартушысы,балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин әңгімелерінің
күллісі-тағылымдық-нақыл сөздер болып табылады.Әулет мектебінде оны ауызша айтып
беру арқылы таныстырылатын. Баспадан шыққан оқулық іспетті басылым тұр ғой,көшірме
қолжазбалық нұсқалардың өзі шет ауылдарда мүлдем табылмайтын. Мына әңгімені ақсақал–Ақмәди Шөдеұлы(1863-1926),Семей өңіріне жолаушылап қайтқан соң,ауыл балаларына айтып берген екен. Сол жақтан жазып әкелген болу керек.
...Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болып-ты.Бұлақ бір тастақ жерден
шыққан,айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп,суы
мұздай,салқын,шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі,таза бұлақ екен.Су шыққан
жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне
жазыпты:-Әй,жолаушы болсаң, осы бұлақтай бол,-деп.Манағы үш жолаушы бұлақтан
ішіп қанған соң,жазуды оқып біреуі саудегер екен,ол айтты:-Бұл жазылған ақыл сөз
екен,бұлақ күн-түн тынбай ағып,алыс жерлерге барады,бара-бара кеңейіп,үлкейеді, бұған
басқа бұлақтар құйып,үлкен өзен болып кетеді.Мұнан мұрат сол:сен де,адам тынбай
қызмет қыл,еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең ақырында сен де,зорайып
мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін,-деді.Екінші жолаушы мүсәпір молда екен,басын
шайқап:-Жоқ ,мен олай ойламайым, бұл жазудың мағынасы сіз ойлағаннан гөрі жоғарырақ
соқса керек,бұл бұлақ:кім-кімге болса даяр, ыстығыңды салқындатып ,рахаттандырады,сусағанның сусынын қандырады,ол үшін ешкімнен ақы –дәметпейді; бұлай болса
,адамға да әбірет сол:біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе
дегені болса керек, -деді. Үшіншісі көркем келген бір әдеміжігіт екен,бұл үндемей тұрды.
100

100.

Жолдастары:«Сен не ойлайсың?»-деп сұрады. Жігіт айтты: -Менің ойыма бөтен бір
нәрсе келеді;бұл бұлақтың бір орнында тұнып тұрып.шөп-шалам түсіп,лай-қоқым болса ,
бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді;бұл күні- түні тынбай ағып,тазаланып
тұрғаны үшін ынтық болады.Олай болса, жазудың мағынасы:көңілінді, бойыңды, осы
бұлақтай таза сақта,бұлаққа қарасақ,күн түссе күннің,шөп түссе шөптің сәулесін
көреміз,көңілің сол рәуішті сыртқа көрініп тұрсын дегені ме деймін,-деді. Ақсақал сөз
соңында:-Иә,балалар,мен сендерге ерекше тапсырма беремін.Ауыл маңынан бір
бастаудың көзін жақсылап ашып,оның басына,сендер де;-Әй,жолаушы болсаң, осы
бұлақтай бол!-деп жазыңдар.Біздің жақтың жолаушыларының пікірін жинайтын, бұлақ
басына қобдиша жасап қойыңдар.Келесі күзде,бастау басында екі жақтың пікірін
талқылайтын боламыз деген.Балалар ата сөзін, абыроймен орындаған. Ауылына жақын
жердегі бұлақтың маңайында ағаш өспеген.Екі-үш ағаш кейініректе отырғызылған.Алайда оның біреуі ғана өседі,Бұл бастау әуелі;Ақмәди бұлағы, кейіннен, жалғыз
ағаш бұлағы атанған.Біраз жылдан соң алшақ емес жерден екінші ағаш өскен.Сол
ағаштың жанынан, бастаудың екінші көзі қайнап шыққан.Осылай,Қосағаш бастауы
атанып, адамдар келіп,су ішіп, ағашқа ақтық байлайтын болған. Бастаудың етегіне
таман,дем алатын орындар жасалып, аялдама еткен. Оның суы-бас,көз ауыруларына
шипалы екендігі анықталып,кәзір арасан бұлақ десетін көрінеді.
Тағылым сөздің бір мысалын жан алғыш періштенің сөзінен де табабыз. Жақып пайғампар
мен жан алушы Әзірейіл періште дос болыпты.Кейде періште келіп пайғампардың көңілкүйін сұрап кетеді екен.Бір күні жағдай сұрай келген періштеден Жақып пайғампар:
«Уа,Әзірейл!Жанымды алғалы келдің бе,әлде жағдайымды білгелі келдің бе?»-деп
сұрайды. Періште: «Жо-ға,тек жағдайыңды білгелі келдім,»- деп жауап қатады.Сонда
пайғампар: «Саған айтар тілегім: жанымды алуға келерден бұрын алдымен маған хабар
берерсің,»-дейді.Періште:«Жарайды,келместен бұрын екі немесе үш хабаршы жіберермін,»-дейді.Кұндердің күнінде Жақып пайғампардың ажалы жетіп, періште келеді.
Періштені көрген пайғампар: «Қош келдің. Менің жанымды алғалы келдің бе,жоқ әлде
жағдайымды білгелі келдің бе?»-деп сұрайды.Періште: «Бұл жолы жаныңды алғалы
келдім»,-дейді.Пайғампар:«Оу,келместен бұрын елші жіберемін дегенің қайда?»-деп
таңырқайды.Сонда періште: «Мен уәдемді бұзған жоқпын.Менің елшілерім өзіңнің бойыңда қап-қара шаштарыңа ақ түсуі-бірінші хабаршым. Қуатты денеңнің әлсіздеуі-екінші
хабаршым.Тіп-тік, сымбатты мүсініңнің бүкірейе бастауы-үшінші хабаршым,»-дейді.
Толғау-арнаулық тәлімдік сөздер.Әулет мектебі тек жастар үшін ғана өмірге келген
жоқ.Оған жас баладан бастап.ұлы қариялар да қатысатын.Сондықтан,оның тәрбиелеу
құралына;шешендік сөздер.қанатты сөздер, терме-толғаулар,нақыл сөздер, даналық
пікірлер бәрі де қажет болған.Ал,жыр-дастандар-ең күшті,ең қуатты тәрбие құралы еді.
Қазақтың нақыл-ғибрат сөздерінде жақсы мен жаман жөнінде сындарлы ой-пікірлер мол.
Осыларды ана сүтімен қабылдап,қаршадайынан естіп өскен Бөлтірік шешен жаман менен
жақсыны жіктей келе былай дейді: Жақсы деген кісінің,алды арты бірдей жарық
болар.Жақсы деген ісіңнің,бас аяғы бірдей анық болар.Жаман деген кісінің,алды арты
бірдей жау болар.Жаман деген ісіңнің,бас-аяғы бірдей дау болар.Бөлтірік шешен адам
баласын қор қылатын қырсық дерттерді былай деп айқындап береді:Күншілдік деген
бар,содан сақтан. Кекшілдік деген бар,содан сақтан. Астамшылдық деген бар,одан алыс
жүр. Сараңдық деген бар,одан қалыс жүр.Қараулық деген бар,одан таза бол.Бәлеқорлық
деген бар,одан ада бол. Ынсапқорлық деген бар,одан аман бол.
Шам шаһарында тұрғанда Әбу Наср әл-Фараби бір жағынан шахтың бау-бақшасын
күтіп баптаса, екіншіден қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты .Бақшадағы хауыз
жанында бағдат кілемше үстінде,құс жастыққа шынтақтаған ол ойға батып отырады.Мәуе
ағаштарының бұтағында отырған бұлбұл құстар сайрап тұрады.Ол омырауына түскен
салалы ақ сақалын сипап отырып,мына бір шумақтарды қағаз бетіне түсіріпті:
Кеткенім жоқ,елім, сенен атақ,бақыт, тақ іздеп,
Шықтым,жұртым,шалғай ғылым атты шам іздеп.
101

101.

Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенімше шамамның
Ассамдағы сексен жастан сәбиіңмін,балаңмын.
Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін,
Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін,
Айналайын атам қыпшақ,туған жерім,сағындым ,
Өз атыңа,үрметіңе қайда жүрсем табындым.
Бұл жолдар әрі ғалым,әрі шайыр бабаның жасы сексеннен асқан шағындағы туған еліне
деген сағыныш сазы болса керек. ( Осы өлең жолдарын,шет елде жүрген жетпіс жастағы,
бір қандасымыз,баласына он қайтара оқытып тыңдаған екен.) Куфа қаласында бір отбасы
өмір сүріпті.Отағасы тым тынышсыз,пәле іздегіш болыпты.Қисынсыз жерден сылтауыратыл, үйдің берекесін алып,бала шағаның құтын қашырады екен.Әйелі құрдай жорғалап,
күйеуінің қабағын бағып жүреді.Сонда да қатыгез күйеуі сылтау тауып әйелінің мазасын
ала береді.Бір күні ол әдетінше ашуына мініп келген бойы әйеліне:«Маған бір келі тұз
салып тамақ пісіресің, піскеннен соң тамақтан ешқандай тұздың дәмін сезбейтін болайын,әйтпесе сені талақ етемін,»-деп талап қояды.Есі кеткен әйел кімге барарын білмей дал
болады.Ол есімі халық аузынан түспейтін Имам Ағзам Әбу Ханифа деген өте білгір ғалым
кісі бар екенін естіген. «Бір кісі шешсе, сол кісі шешер,»-деп Ұлы Имамның үйіне тартады.
Имамның алдына етегі жасқа толған күйі кіріп,мән- жайды баяндайды.Ұлы ғалым әйелдің
мұңын тыңдап болғаннан кейін: «Мұның жарасы жеңіл.Үйіңізге барыңызда,бір тереңдеу
тостаққа құр судың өзін қайнатып,бір келі тұз салыңыз.Артынан сол суға жұмыртқа салып
асыңыз да,еріңізге беріңіз.Асылған жұмыртқадан тұздың дәмі білінбейді.»-дейді.Әйел
мәселенің бұлайша оңай шешілгеніне қатты риза болып үйіне қайтады.
Өсиет-аманаттық сөздер.Өсиет-аманат сөздер әр отбасынан,ошақ қасынан табылады.
Бұл қазақтың сөз өнеріне деген ерекше ілтипаты,құрметі,сөз өнерін жас ұрпаққа ұқтырған
ерекше оқуы,мектебі болғандығын көрсетеді. Алайда,қазақ тарихының түрлі кезеңдерінде
әр өлке,әр жұртта өмір сүрген атақты ақылгөй даналар айтқан ұлағатты сөздер, толғаулар,
өсиеттер-сол бір отбасындағы сөз өнері оқуының басты бағыты, жолбасшысы болған.Бұқар
жырау:
Биік тауға жарасар,ығынан тиген панасы,
Терең сайға жарасар, тобылғылы саласы,
Ер жігітке жарасар,қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар, халқына тиген пайдасы,
Ақсақалға жарасар.еміздіктеген сабасы,
Келіншекке жарасар, емшектегі баласы.
Қыз онбеске келгенде,шашынан көп жаласы.
Бұл жалғанда бір жаман,ағайынның аласы.
... Жақын жерден шөп жесе,жердің сәнін кетірер,
Жар басына қонбаңыз,дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болмаңыз,көрінгнге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,айрылмасқа серт етер.
...Ағайынның аразы,елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,ауыл сәнін кетірер.
... Есіл көзден нұр тайса,бір көруге зар болар.
Хайырсыз итке мал бітсе,аңқаң құрып келгенде
Саумал бермес ішерге..Ал Шалақын (Тілеуке Құлекеұлы):
Бұл дүниенің мысалы,ұшып өткен құспен тең
Өмірде көрген жақсылық ұйықтап өткен түспен тең.
Атадан мирас ақылың,түзік айтқан мақұлың
Ләзім болған іспен тең.
Үлкеннен көрген зорлығың,жаманнан көрген қорлығың,
Ойлап тұрсаң, бозбала,дұшпаннан көрген күшпен тең.
Ағайының көп болса,Бірлігі оның бек болса,жамандық жер кез келсе,
102

102.

Бір-біріне сеп болса,бүтін тұрған бұзылмай Отыз екі тіспен тең.
Айдыны жақсы аймен тең,жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,имансыз көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,іс бітірмес жамандар, Жүз болса да бірмен тең.
Мектептен сабақ алсаңыз,алуан шекер балмен тең.
Саясы жоқ байтерек,сазға біткен талмен тең.
Жаман туса балаңыз,бұғып өскен тазбен тең.
Қайғы ойлаған жігіттің,кең дүниесі тармен тең,
Уайымшыл адамның,алды тұйық жармен тең.
Жетесіз жаман бозбала,жетпістегі шалмен тең.
Жақсының айтқан ақылы,қазулы сара жолмен тең.
Жаманға айтқан ақылың,ағып кеткен селмен тең.
Қас жаманның орны бар,кесек те болса көрмен тең.
Жомарттық қылған жігіттің,ықыласын байқасаң,
Толқып соққан көлмен тең.
Жақындап келген кәрілік,жайып қойған көрмен тең.
Жақсы қатын алсаңыз,жақсылығын білдірер,
Ерін жөнге көндірер,анық осы, бозбала,Жұмақтан шыққан хормен тең.
Ыстық лебіз,игі тілек,ақ бата-Әулет мектебінің басты тәрбие құралы.Ол қазақ салтында
тым ертеден орын алған.Сақ тайпалры Күнге,Айға,Отқа тағзым еткен.Ата-баба
рухына,яғни аруаққа сыйынған.Осы кезде қолын жайып тілік-тілеп,бата жасаған.Тілек
тілеу бізге өте жоғары дәрежеде дамып,өңделіп жеткен.Ал,тәрбиелік мәніне келсек; жасұрпақты жетелі, зерделі,әдепті,кісілікті,көркем мінезді, терең танымды болуын
тілейді,жерін,елін қорғауға дайын сайып-қыран болып ержетуді қалайды.Алғыс,
тілектерді тәрбиелік құрал ретінде екіге топтаймыз.Адамның талпынысына, еңбегіне,
құлшынысына қолдау көрсететін ыстық лебіздер мен тілектер;басқаның қуанышын,
марқабатын,ізгі ниетін айқындайтын тілектер мен алғыстар.Қазақ; көшке кезіксе,- көш
байсалды болсын; -жолаушығы кезіксе,-жол босын;-жаңа қонысқа келгендерге,-қоныс
жайлы болсын:-жүк артып жатқандарға -жүк тең болсын; -мал сауып жатқандарға-ақ мол
болсын; - шөп шапқандарға-пішен шүйгін болсын;-бие байлап жатқанға-желі немесе ноқта
берік болсын-төл пішкендерге-пішпе көп болсын: -киіз басып жатқандарға-киіз ширақ
болсын,тез піссін;-сайгүлік баптағандарға-ат(тай,құнан) бәйгелі болсын:Қазақ алғыс
тілектерді барлық жағдайда қолдана білумен қатар, оларды түрлендіріп,жер-жерде
жетілдіріп керектенген.Соғым сойып жатқандарға-соғым сүйгін болсын,өздеріңе бұйыртып
жегізсін,соғым семіз болсын,-деп шығыс аймақтарда айтылумен қатар. орталық өлкеде тек
жылқыны соғым малы деп есептегендіктен болу керек, «қазы-кірпіштей,жая-жастықтай,
жал-білектей,қарта-тоқпақтай»-болсынд еседі.Айт-қабыл болсын,тілеген тілектеріңіз,
періштенің құлағына шалынсын;науқанға келгендер: -дұға қабыл болсын, садақа сауаптан
болсын;жаңа киім кигендерге:-игілігіңе ки,өзің киіп, өзің тоздыр! Өсиет-тілектер де
бар.Бұқар жыраудың тілегі:
Бірінші тілек тілеңіз,
Жетінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбаққа.
Желкілдеген ту келіп,
Екінші тілек тілеңіз,
Жер қайысқан қол келіп,
Ер шұғыл пасық залымнан
Сонан сасып тұрмасқа
Тіліне еріп азбасқа
Сегізінші тілек тіленіз,
Үшінші тілек тілеңіз
Сегіз қиыр шар тарап
Үшкілсіз көйлек кимеске
Жер тұлданып тұрмасқа
Төртінші тілек тілеңіз,
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Төреңіз тақтан таймасқа
Бесінші тілек тілеңіз,
Оныншы тілек тілеңіз
Бес уақытта бес намаз
Он ай сені көтерген
Біреуі қаза қалмасқа
Тас емшегін жібіткен
103

103.

Алтыншы тілек тілеңіз,
Омыртқасы үзілген,
Алпыс басты ақ орда,
Аязды күнде айналған
Ардақтаған аяулың,
Бұлтты күнде толғанған.
Күнінде біреуге,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Ал,жастардың ізгі ниетіне, қайрымдылығына арналған тілектер қысқа да нұсқа.Өркенің өссін,таудай бол,іске сәт,көп жаса,Аллаһ жарылқасын,көп рахмет,молла бол,бай
бол,бақытты бол,батыр бол, жігіт бол,азамат бол,өнерің үстем болсын, аяқ-қолыңа дерт
келмесін,шебер бол,шешен бол.
Бата-сөз анасы,бата –жастарға мәңгі құт.Батасыз ұл жарымас,баталы ұл арымас.
Атадан бота қалмасың, бата қалсын.Батаны тәрбие құралы ретінде беске топтаймыз;Ерлік,өнер,білім-ғылым жолына аттанарда, алыс сапарға шығарда,елінің сенімін ақтауға
бет бұрғанда айтулы ақсақалдарға барып алатын-АҚ БАТА. Екінші:Жас балалар мен
жастарға өмір жолының жаңа асуларына бет алғанда,өмір баспалдақтарын аттағанда жасы
үлкендердің беретін-УЫЗБАТА.Үшінші.Мереке, тойлар мен салтанат
жиындарда
берілетін,көпшілікке арналған-ҰЛЫҚ
БАТА. Төртінші, күнделікті, дастарханға
берілетін(ас-қайыру)-ТӨРБАТА.Бесінші.Жеке адамдардың мүшелі тойы,қуаныш шаттығы,
ерекше жырғаулы сәтіне сай берілетін – АЛҒЫС БАТА(АРНАУЛЫ БАТА.) (Теріс бата
деген де бар.Бұл тәрбие құралы болғанымен жазалау амалына жатады.) Батаның тәрбиелік
мәні зор.«Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер».Бата адамды ізгілікке, парасаттылыққа мейірімділікке баулиды.Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік
тілмен,әсермен қол жайып тұрып айтылады. Батаны ауылға,елге сыйлы талантты адамдар
береді. Тыйымдық сөздер.Жас өспірімнің өмір тіршілігінде,қимыл іс-әрекетінде
тәжірибесіздіктен болып кездесетін кез-келген бөгетті,қиындықты болдырмау үшін алдынала жасаған ескертпелер мен құлаққағыстарды тыйымдық сөздер дейміз.Олар беске
жіктеледі.-Теріс мінезден;оғаш қылықтан; жаман әдеттен;имансыздықтан;қауып-қатерден
тыю. Тыйымдық сөздер әлеуметтік ортада кең қолданыс табумен қатар үнемі жаңадан
жасалып отырады.Мысалы; көп-қабатты үйлерде тұратындар бөлмеде тарсыл-даған қатты
дыбыс шығаруға,басқаның мазасын алатын даңғырлаған музыка қоюға,есігін бекітусіз
тастауға,электр желісіне қосылған тұтыну тетіктерін үнемі жалғауға,су құбыры шүмектерін
ашып тастауға тыйым салған сөздер пайда болды..Басқаша айтқанда қауыммен қатар
өзгеріске еніп.дәуірлік дамуға ілесе алады. Сондықтан да тәрбиелік құрал ретінде үлкен
міндет атқарады.Екінші жағынан,ұлттық әдептердің қарапайым қалыптары ретінде көрініс
беретін реті де бар.Бұл қырынан да, «неге?» деген сұрауға үнемі жауап бере бермейді.Оны
мүлтіксіз,үнсіз орындауды қажет етеді.Мысалы:қолыңды төбеңе,желкеңе қойма.Неге деп
сұраудың реті жоқ.Егер сұрай қалсаңыз, қазақтың дүние танымына,наным-сеніміне
әжептәуір тереңдеп сапар шегесіз.Әр ата-ана үшін бұл міндетті де емес,мүмкіндік те
жоқ.Тек тәрбие құралы болғызып пайдалана білсе болғаны. Тыйымдық сөздер қазақ нанымсеніміндегі және діни бұйрықтар,тыйымдар мен етене қабысып,тұтас бір рухани
құндылыққа айналған.Жер бетінде жақсылықты жайып, жамандықты тыю тәрбиенің ең
басты нысанасы. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю күллі ислам үмбетінің
міндеті.Егер осы міндет орындалған кезде үмбет әрқашан да басқа адамдардан артық,
қайырлы болып, бүкіл адамзатқа игілік пен адалдық жолында ҰСТАЗ-дық жасайды.
Сондықтан тыйымдық сөздердің әулет мектебінде кең көлемде қолданылған себебі осы.
Оларды,мынау көне нанымға байланысты,анау исламдық танымға сай,қалғандары бізге
жарасар деп алалауға, бөле жарып керектенуге жол жоқ. Тыйымдық сөздер ауқымды
болғандықтан шамалы топтама бердік.-Отбасын сабама, отбасын қазғылама,үйді
айналажүгірме, отты,ошақты, дастархан,тамақ,ыдысты аттама отпен ойнама, отқа
түкірме,отты күлді шашпа; адамды санама, айналма, дастарханды. тамақты, табалдырықты,
ииткиімді,ат әбзелдерін, құрал саймандарды баспа;баланы, тмалды, ыдысты, итті аттама,
теппе;суды сапырма,суға, күлге,жұртқа,қораға дәретке отырма; үйді сабама,малды басқа
ұрма,босағаны құшақтама, керме, түнде үй сыпырма,кір жума,түнде тырна-ғыңды алма,
104

104.

бейуақта жылама,күлме, ұйықтама,біреуге көңіл айтпа,түнде суға барма;бүйіріңді
таянба,жер таянба, иегіңді таянба, шашыңды жайма,бетіңді баспа, сызба, тізеңді құшақтама, қолыңды қусырма,бөркіңді теріс киме,шапанды желбегей жамылма,үйде ысқырма,
үйге жүгіріп кірме,мойныңа жіп, белбеу салма, құдыққа, ыдысқа,отқа,жоғары қарай
түкірме, шелектегі суға аузыңды батырма,ақты төкпе,пышақ жүзін жалама, шалқалатып
қойма,таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама,үй ішінде айналма,өтірік күлме, өтірік ауырма,
сөйлеме, жылама, ішегіңді,табаныңды тартпа:-Үлкендердің жолын кеспе,сөзін бөлме,кісіге
молаға саусағыңды шошайтпа,адамды айналма, адамға қарап есінеме, түшкірме,
түкірме.Кісі айыбын бетіне баспа, кісі мініне күлме,кемтарға күлме,адамға малға зәбір
жасама, баланы басқа ұрма,ата-анаңа қарсы келме,қыз ұлдың,ұл қыздың киімін
кимесін,аманатқа қиянат жасама,ант ішпе,әбес сөйлеме,өтірік куәлік жасама, тіліңдішайнама, шығарма, тістеме,саусағыңды аузыңа салма,үлкеннен бұрын сөйлеме, тамақ
жеме,отырма, жатпа,үлкеннің бетінен алма.Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе,кісі
үйінде қалшиып тұрма,жұрт көзінше керілме,уһілеме, кекірме, қасынба, құлағыңды,
мұрныңды шұқыма.Шашыңды тырнағыңды өсірме, кісі төсегіне не теріс қарап,жүрелеп
отырма, екпетіңнен жатпа,сол қолмен тамақ ішпе, алма,берме, қолыңды артыңа ұстама,бала
бетіне үрлеме,шалбарыңды басыңа жастама.-Дініңді сатпа,ұлтыңды сатпа,арыңды сатпа;
Құдайға, Пайғампарға,әулиеге тіліңді тигізбе;бейітке қолыңды шошайтып,оған қарсы түзге
отырма,қабірді баспа, жанынан шауып өтпе,қай уақытта болмасын,дұға қыл,бетіңді сипа.
Намазды бұзба,құс-құмырсқа сияқтылардың ұясын бұзба,баланы,құсты шошытпа жәндікті
жәбірлеме,шөп, өскінді жұлып отама. Аққуды атпа, құланды қағында, бөкенді төлдеген
кезде аулама.Жалғыз немесе жас ағашты қима. Бұлардың барлығының себеп салдары бар.
Дүниеден имансыз кету себептері.-Жарамсыз ғибадат;-Зағиып иман-қуатсыз, сенімсіз
иман;-Тоғыз ағзада туралықтан шықпақ;-Күнәға бату;-Мұсылман болғанына шүкірлік
етпеу;-Имансыз кетуден қорықпау;-Нақақ біреуге залымдық жасау;-Азан айтқанда
сүннеттерін қалдырып айту;-Ата-анасының сөзін тыңдамау;-Көп ант ішпек,сөйтіп біреуге
зиян келтіру;-Арақ-шарап ішу;-Мүсылманды ренжіту;-Ашық күнә жасау;-Күнәсін
ұмытпақ;-Надандыққа көнбек,ғылым үйренбеу;-Аллаһқа мойынұсынбау;-Кісі ақысын
жемек;-Бағынышты көп адам ұстап, оларға әділ болмау; -Шариғатта рұқсат етпеген жерде
мұқадат етпек;-Масқаралау.Бір адамды кемітіп келемеждеу.-Өтірік куәгерлік етпек;Ғылым
үйренуден қашпақ;-Еркектерге жібектен кимек,алтын, күміс тақпақ;-Өтірікке батпақ,
надан-нан өтірік тұмар тақпақ;-Пұтқа табынып, балшылық жасап, бекерге сену.Күнә жасауо бастан адам табиғатына тән құбылыс.Ал,жас адам үшін ол тіптен жанына жақын нәрсе.
Осының бәрін ескерген атам қазақ жастарға алдын-ала ескертіп қою үшін тыйымдық
шараларын белгіледі. Ал,исламда,күнәні үлкен кіші деп ажыратып,оны болдыр-маудың
жолын, бола қалса арылту амалын (негізгі себепшісі –шайтан) айқындағанын ілгеріректе
айттық.Үлкен күнә тоғыз түрлі болатындығы хадисте көрсетілген: «...Олар:Аллаһқа серік
қосу,сиқыр жасау,хақсыз (орынсыз) адам өлтіру ,жетімнің малын жеу, өсім жеу,жиһадтан
қашу,намысты және иманды бір әйелгезина жаласын жабу...»Ал,басқа бір хадисте осы
айтылған жеті күнәға қосымша:ата-анаға құрметсіздік пен мәсжидул Харамда күнә істеуді
қосып, үлкен күнә тоғызға толған.Барлық күнәні жинақтай отырып, Хафиз Зәкәби үлкен
кінәні 70 десе,Хажир әл-Хай-тами 467 –ге жеткізген.Нешеу болсада, оларды жасатпау,
жасалына қалса, олардан арылу үміті, мүмкіншілігі исламда толығымен бар.Сондықтан,біз
әулет мектебінде тыйымдық әмірлер мен сөздерді толық пайдалануымыз қажет. «Атаанадан тыйым көрмеген ұрпақ-өмірі өксіп,таяқ жеумен өтеді»,«баланың бар қылығына
тыйым қоя берсең,ол жасқаншақ болып,жүнжіп кетелі.»-деген қағидаларды тең
ұстап,ескерген дұрыс, Әдет-ғұрыптар. Әулет, ауыл, ру аумағында тіршілік тынысының
сан- салалы қатынас-ында адамдар көптеген әдеттерді қалыптастырған. Жеке басқа тән
әдеттер мен қатар рудың бет пішінін көрсететін көлемді әдеттер тұрақтанып келе ғұрыпқа
айналады. Олар жазылмаған заң іспеттес адамдар арасындағы қатынасты реттеп отырады.
Атам қазақ, қауым тіршілігінде елеулі қызмет атқарушы осы әдет-ғұрыптарды тәрбие
құралы етіп тамаша пайдаланған. Барша қазақта бар, көшпенділік тұрмыс туындысы-көшке
105

105.

айран (сусын) алып шығу, іргелес қонған көршіге ерулік беру, соғым басқа шақыру,
омыртқа беру, сыбаға сыйлау, ұйқы тастау сияқты ғұрыптар күні бүгінге дейін өз мәнін
жоймай қолданыста жүр. Былай қараған адамға тәрбиелік онша маңызы бола қоймайтын
тәрізді көрінгенімен, олар, әулет тәрбие мектебінің ұйымдастыру түрі, әрі тәрбиелеу құралы
болып табылады. ӘДЕТ.Жеке адамдардан бастап белгілі топтардың күнделікті өмірде,
тұрмыс тынысында қолданылатын іс-қимыл,әрекет дағды,сенім-наным жол-жорасы.Бұл
әуелі жеке адам,әулет, тайпа,топ аумағында қолданылатын қарапайым және күрделі әдеттер
деп бөлінеді.Қай-қайсысының да екі түрі бар;бірінші—ұнасымды әдеттер, екінші-жаман
әдет-тер. Кейбір әдеттер топ, тайпа шеңберінен шығып,ру,ұлт аумағына тарап ғұрыпқа
айна-лып кетеді. Сондықтан ұнамды әдеттің мұндай етек алуын әр кезеңде халқымыз
қолдап келсе, жаман әдеттің жайылуына қарсы тұрып үнемі күресіп келеді.Халықтың
күрескерлік дәс-түрінің бір көрініс беретін,айқындалатын жері осы болмақ. Қарапайым
әдеттер қайталанып істелу арқылы машыққа айналады.Айталық ерте тұрып, жүгіру,дене
шынықтыру жаттығу-ларын жасау,суық суға шомылу,қармен дене ысқылау сияқты әдеттер
денсаулыққа өте пайдалы екенін біле тұра барлық адам олай жасай алмайды.Ал
дағдыланғандар үшін бұл әдет жай ғана машық.Салт аттқа мініп өрлі-қырлы
шапқылау,түрлі ойындар ойнау,аң қуып,құс салу қазақтардың бір тобына еш қиындығы
жоқ машық болғанымен барлығының қолынан келмейді. Мұны көрген шет жұрт адамдары
салт атпен жасалатын ойын, сайыстарды баға жетпес өнер санайды, қазақтың дәстүрлі
салтына балайды.Осы іс-қимылдар бір кезде бірер адамның қарапайым әдетінен бастау
алған-ды. Одан соң әскери өнер нысанына көтерілді,кәзір ұлттық спорт санатында.Жаңа ай
көргенде (ай үш жаңасында көрінеді) одан тілек тілейтін қазақтар бар:«Ай көрдім,аман
көрдім,ескі ай,есірке,жаңа ай жарылқа!»-десе, балалар:«Айдың көңілі жай болсын,
балалардың мінгені,жорға-жүйрік тай болсын.» Мұндай тілектер әуел баста топ адамдар
шеңберінде ырым ретінде пайда болса да рулы елге тарап ғұрыпқа айналды. Ғұрып болу
үшін оны жасаудың әдебі, жазылмаған заңдық сипат алуы қажет еді.Ондай қолдау
болмағандықтан кәзір,бұл әрекеттер әдет шеңберінде қалып қойған. Себебі кәзір кезде бар
қазақ осылай тілек тілемейді.Осындай әдеттің бірі «шөміш қағу».Сәуір айында, әлбетте,күн
жыли бастайды.Сол кезде,күн күркіреп,көкте найзағай жарқылдайды. Ел-жұрт еңсе
көтеріп,жадырай серпілісіп:«Күн күркіреді,көк дүркіреді»,-десіп жатады.Осы кезде шөміш
алып шығып,үйдің оң босағасынан бастап,жабық үстін (уық қарын тұсын) шөмішпен
ұрғылап: «Сүт көп, көмір аз»-деп айта жүріп, айналып әкеліп,сол жақ босағаға шөмішті іліп
қояды.Осыдан соң:- Уа,Құдайым,Жарылқа!Береке мол болсын. Ынтымақ артсын. Адалдық
болсын. Амандық болсын.Ырыздық көп болсын. Уайым жоқ болсын.»-деп игі тілекпен
тірлікке тәу еткен.Бұл әдет,кәзір ырым денгейінде бірер адамдар аумағында қалып қойған.
Жасаушыға-алғыс жоқ.жасамағанға-айып та жоқ.Тұрмыстағы қарапайым әдеттер ұзақ
уақыт қайталанып жасалса, аумағы кеңіп топтан тайпаға,тайпадан руға,рудан ұлысқа
жайылып етек алған жағдайда салтқа сіңіп,кейбіреуі әдепке айналып кетеді.Мысалы,ас
батамен басталып,батамен аяқталатыны сияқты,ауқаттану қол жуумен басталып,қол
жуумен аяқталады.Онсыз астың дәмі де. сәні де жоқ.Дәретсіз намаз болмайтыны секілді,
ауыз-мұрнын толық тазаламай дәрет те солғын тартады.Қазақта ірі іс,үлкен қимылдардан
басқа саудаласу,сәлемдесу,ақылдасып сырласу,жөн білісіп танысу әрекеттерінде бет
пішінімен,дене қимылы мен үнсіз отырып-ақ ойды,пікірді айқын танытып,істі бітіре
салатын болған.Мұндай іс-қимылдарды қуану,кайғыру,ашу, дәмету, қарсылық,шошыну
сәттеріне ыңғайын тауып пайдалану шеберлігі сезімталдықты, ғымталдықты,ұтқырлықты,
тапқырлықты бейнелейді. Осыған жасұрпақты дағдыландыру үлкен өнер. Жәрмеңкеге
қатысқан қазақтар бір-бірінің жеңдеріне қолдарын сұғып жіберіп саусақтары арқылы малға
сауда жасап отыратын.(Саудада айну,азғыру деген әдеттер бар.Бұлай жасырын жүріп
жатқан саудаға кім бөгет болсын?)Осыдан «жең ұшымен жалғасыпты»-деген ұғым
қаыптасқан.Бір істі мақұлдау, қоштау, ризалық шарасында «бәрекелді» деп те,бас изеу,
арқаға қағу арқылы да түсініседі. Бір іске белсене кіріскенде алақанына түкіру,алақанын
уқалау әдеттері де бар.Құлшыныстағы адам жөнін айтқысы келгенде; «көр де тұр», «санап
106

106.

отыр», «алақаныңа түкіріп отыр» дейді. Қуаныш сәтінде үлкендер қол шапалақтап,бөркін
аспанға ататын, балалардың секіріп-секіріп алатындары да бар. Батыр, палуандардың төсін
соғып,санын шапалақтап сайысқа шығатын әдеті бар. Ашу,ыза кезінде қолданылатын
қимылдар басқа сезімдерден гөрі көбірек.Мұндайда жұдырық түю,көзін адырайту,
дұшпанының үйін, отбасын сабау,туырлығын тілгілеу қатарлы содыр қимылдар жасайды.
Ашу кезінде еркектер өз маңдайын ұрады,жер тебеді.Әйелдер өз шашын өзі жұлады,ері
өлсе бетін тырнайды.Балалары безбүйректік жасаса, атасы теріс бата берсе,анасы емшегінің
сүтін көкке сауады.Қарсылықты қол сермеу,бас шайқау,орнынан үнсіз тұрып кету арқылы
білдіреді. Сес көрсетсе-тістену,тісін қайрау,саусағын қайрау,саусағын безеу,тоңқойып
артын көрсету сияқты ерсі қимылдар жасайды. Алақан жаю,иығын көтеру,желкесін қасу,
басын қасу,ернін тістеу,бармағын тістеу-амалсыздытың, шарасыздықтың «енді қайтейіннің" белгісі.Ал,сан соғу,жерге түкіру,отыра қалу,немесе тұрып кету,ернін тістеу-өкініш
«әттегенайдың» белгісі. Шошынғанда,қорыққанда ішегін тарту,жағасын ұстайтын әдет бар.
Жеңілу бейнесін-бас ию,тізе бүгу, қол қусыру,аяғына жығылу арқылы білдіреді.(Аяққа
жығылу бірнеше ғұрыптың құрамына кірген рәсім.Ол үлкен жаза қатарына жатады.)
Масқаралау үшін бетке түкіру,бетіне күйе жағу,есекке, сиырға теріс қаратып мінгізу,
әйелдердің шашын кесу, еркекті артқа тебу,желкеден түю сияқты жазалау әдеттер де
болған. Мұнда бір ишараның өзі бірнеше мақсатта қолданылған. Мысалы сәбидің
маңдайына күйе жағу масқаралау емес, алақанға түкіру бір де құлшындыру нышаны
болса,бірде өкіну нышаны.Кетісу-араздасу белгісі ретінде ат құйрығын кесу,біреуді
табалағанда отырған жерді құйрығымен нығарлап айызы қану.енді көрінбе,қараң батсын,
деген жағдайда жерден бір уыс топырақ алып,кетіп бара жатқан адамның артынан топырақ
шашу бұрыннан келе жатқан халықтық әдет.Ел-жұртынан ағайыннан безінгенде,төбесіне
қолын қойып шығу,торыққан,жаны жүдеп мұңайған, мойыған шағында жағын таяну,
тұтқын болғанда айыпталғанда желкеге қолын қою сияқты әдеттер бар.Олардың ішіндегі
ерсі,өрескелдерін, тыйымдар мен тәлімдік сөздер, ырымдар арқылы жойып отырған. Бірақ
ауыру қалса да әдет қалмайды демекші жаны сірілері де бар.Жаңадан пайда болған әдеттер
де бар. Мысалы,кішкене ғана қолы босаса кітап оқитын,ән-музыка тыңдайтын,сурет
салатын,ойын ойнайтын, балық аулайтын адамдар көп-ақ.Жалпы, машықтық (хобби) деген
әдет жақсы етек алып келеді.Жұқпалы жаман әдеттер де техникалық мүмкіндіктерге
байланысты өсіп барады, жаһандануға сай жат қылықтар да жастар әдетіне теріс ықпалын
тигізуде.Бұлармен күресуде дәстүрі тәрбиелеу тетіктерін,әулет мектебінің құралдарын
кеңінен пайдалану қажет.Әдет көпшіліктің қолдауы арқылы адамдар қатынасының зорлық
пен нұсқауға мойынсынбайтын әдептілік ережесі ретінде көрініс береді. Қуаныш сәтінде
үлкендер бөркін аспанға атса, балалар алақайлап секіреді. Ашу- ыза кезінде жұдырық түю,
көзін адырайту, немесе дұшпанның үйін, от басын сабау, туырлығын тілу сияқты ірі
қимылдар да жасалған. Балалары безбүйректік жасаса, әкесі теріс бата беріп, анасы
емшегінің сүтін көкке сауған. Шошынғанда, таңырқанғанда ішегін тарту, жағасын
ұстайтын, бетін шымшитын әдет те бар. Кешірім сұрау, жеңілгендігібілдіру үшін, бас ию,
тізе бүгу, қол қусыру, аяғына жығылу ғұрпын жасаған. Тәрбие тетігі ретінде қолданылатын
әдет ғұрыптар өте көп. Оларды қолдану мақсатына сай үшке топтаймыз. Мәселен; ескертпе–құлаққағыс жасау үшін; мадақтау-қолпаштау үшін; жазалау-жәбірлеу үшін
қолданылатын әдет-ғұрыптпар. Ырым.Халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен
туындаған өмірлік тәжірибе қортындысының тұжырым-дарына сай жасалатын іс-әрекет,
жол-жора, рәсім. Көшпелі халық ұрпағы өзін қоршаған табиғаттан тәрбие алады,есейеді,ер
жетеді.Ал адамдар арасындағы қарым-қатынас,келіп кету,сіз-біз десу, араласу,ой
таластыру,іштесу арқылы өмірлік тәжірибесін молайтып,өзін-өзі тануға ұмтылып,жан
дүниесінің рахатын іздейді.Оның бәрі белгілі рет, түсінікті жүйе арқылы жүзеге
асады.Сондай реттілік пен жүйе- әр түрлі жол мен ұзақ уақыт талап етеді.Міне осы негізде
ырым қалыптасқан.Қазақта ырымның түрі өте көп.Оны жалпыға ортақ және өңірлік ырым
деп бөлуге болады.Алайда өңірлік ырымдар уақыт талқысынан өте келе не жойылып
кетеді,не ортақ ырымға айналады.«Қазақ ырым етеді,ырымы кейде қырын кетеді».Бұл
107

107.

көрші ағайындардың сөзі.Кей жағдайда, ырымдар сан рет қайтала-нып,аумағы ұлтты
қамтып ғұрып болады. А.Байтұрсынов:«Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет»деген.Адал ниетпен жасалған ырымдар бізге жетті. «Аптасына бір рет монша көрмесең,
тәнің кірлер.Күніне бір рет адаммен сөйлеспесең көңілді кір басар»-деген ұлағатты сөз
бар.Адам көңілін жадыр-атып,сезіміне сыр ұялатып, шалқытып отырса ол адамда өмірге
деген құлшыныс,тірлікке деген талпыныс туындайды. Әжелеріміз,аналарымыз осыны
жақсы сезінгендіктен өмірге келе қоймаған шаранаға тумақ жерінің хош иісін,әсем
үнін,таңғажайып тұлғасын таныта білген. Мына ырымдар соның айғағы.Жүкті жас келінге
ақ биенің кешкі саумалын ішкізіп, көбігін жалатады.Жас ананың «Көңілін көтеру» ырымын
жасайды.Жастар келінге, салмақты, байсалды, ырғақты ән айтып,күй тартып береді.Майда
құм не тұз үстімен жалаң аяқ жүргізеді.Айлы түнде суық суға шомылдырады.Бала ширақ
болады.Жүкті келініне көлделең жатқан жіп,арқан,бауды аттатқызбаған.Баласының кіндігі
мойнына оралып қалар деп ойлаған.Жүкті әйел шашын кеспейді.Бақ таяды,баласының бағы
сөнеді,кемтар болып туады, ғұмыры қысқа болып туады дегенге сенген.Екі қабат әйел
хайуанды теппейді,баласының арқасына жүн өседі,өзінің белі ауырады. Бала өмірге
келісімен жылы суға тұз салып шомылдырған. Жусан салған жылы суға денесін
батырып,хош иісті шөптермен сылап-сипап,денесін созып,шынықтырып отырған.Келіннің
ұйықтайтын отауын,төсегін,сәбидің бесігін, құндағын арша түтінімен аластап тазалаған.
Жусан мен аршаның иісі оның туған жерінің иісі,оның жадында,көңілінде мәңгілік
сақталады. (Шетте жүргендер,сапардағылар туған жерінің топырағы мен арша,жусан ала
кететін рәсім осы ырымның көрінісі.) Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып бала
емізбейді,орамал салып алу керек.Жалаңбас болса, қайызғағын шайтан баланың аузына
салып жібереді. Бала есейгенде мәңгүрт болады,анадан безеді, басына шығып-кемітіп
сыйламайды,сөзін тыңдамайды,қиянат жасайды.Қазақ анасы омырауын ашып бөгде тұрғой
ата-енесіне көрсетіп бала емізбеген.Бірге тұрғандар баласын шымылдық аржағында
емізген. Қыдырып келген жас сәби баланы құр қол шығармайды,жейде кигізіп,
нағашылары,етене туыстары мал атап, немесе қолына бір нәрсе ұстатып жібереді.
Бақытының беті қайтпасын деп ырымдағаны.Бұл ырымдар жас ана мен баланы мәпелеу,
қадірлеу, тәрбиелеудің мейрімді жолы. Бала есейе бастағанда туған жеріне апарып аунату,
кіндік қаны тамған жерін көрсету,кіндік кескен жұртын таныту ырымы-оның туған жеріне
деген сүйіспеншілігін ояту үшін жасалған. Себебі,осы кезде,ата-баба зираты, қорғаны,
жайлауы,қыстағы, малына салынған ең таңбасы көрсетіліп, таныстырылатын болған.
Ертеден келе жатқан ырым бойынша белгілі батырлар мен билерге,ақындарға,әнші–
күйшілерге,атақты адамдарға баласын ертіп апарып аузына түкіртіп алатын болған.
Ондағы ойы баласының сондай болсын дегені.Осындай ниетпен солардың аттарын
қоятын.Бұл ырым бүгін де кең етек алған.Алайда оның да шегі болуы тиіс.Бір кезде,
Гагарин, Ким,Мэлс,Иван-дар көбейіп кетті емес пе? Қонақ қызды төрге отырғызады. Сол
үйдің төрінде қырық көліктік бақыт қалады.Босаға жақта отырса-қырық қырсық үйге
келеді. Қонаққа үйдің есігін үй иесі өзі ашады,қонақпен бірге он ырыс кіреді, біреуін өзі
жейді , қалған тоғызы сол үйде қалады.Шығарда қонақ өзі ашады,үй иесі қадірлеп,үйден
шығарып,аттандырып жібереді.Тек бата-дұғаға келген адамдарды шығарып салмайды.
Олар; «Тойда (жақсылықта) кезігейік»-деп өздері аттанады. Үйге кіріп келе жатқан қонақ
бала сүрінсе үй иесі марқаяды және төрден орын береді: «Кәнеки балам,төрдегі жүкті сүз»дейді.Бала төрдегі жыйылған жүкті немесе кебежені құшақтайды.Үйге аяқ-астынан байлық
келеді,бақыт қонады. Некелі кісінің төсегіне басқа адамды жатқызбайды.Көрпе жастықты
басқа біреуге қолданбайды-неке бұзылады, махаббат шетке ауады.Алғаш некеде
керектенілген бұйымдар бұзылмайды,киім сөгілмейді-неке бұзылады,не біреуі опат болуы
мүмкін.Күйеу бала мен келін ата енесінің төсегіне отырмайды,жантаймайды-жаман ырымға
жатады,сыйластық бұзылады.Мал сатқанда,басындағы ноқтасын,бұйдасын,мойын жібін
шешіп алады,ұсақ малдың жүнінен бірнеше қылды жұлып алып,аузын сүртіп,сілекейін
алып қалады.Ырысын басқаға жібермейді. Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге
кіргізбейді.Үйде алауыздық туады.Нанды жерге тастама, үстіне бір зат қойма.Нан
108

108.

жұмақтан келген тағам, кім де кім нан қоқымын сыпырып алса,не жесе бақуатты
болады,Аллаһ күнәсіне кешірім береді.Нанды оң қолымен же!-ырысың көбейеді. Қажет
болған жағдайда, Құранды басып тұрып, нанды алуға болады. Соғым етінен үй иесі татпай
тұрып қан-жынын итке жегізбейді.Құт кетеді.Соғымға сойылған малдың сүйегін далаға
шашып тастамайды.Малға ит-құс шабады. Асқа тойға,мерекеге,құрбанға сойылған малдың
қанын көмеді, етінен өздері ауыз тимей тұрып басқаға бермейді. Ала жіп аттамайды.Ала
жіпті қазақ ежелгі дүние танымы бойынша ертеден ырымдаған. Тұсау кесу үшін ала жіп
керектеніледі.Халық түсінігі бойынша ала жіп киелі, әрі шек ретінде алынған.Дау-шарға
төрелік айтып қазылық құру үшін болған отырысты «дау жиыны»-дейді.Даулы мәселе өте
маңызды болса,бір малды дау иесі құрбандыққа шалып, жиналғандар қолдарын қанға
малып,тілек дұғалар оқылып, екі жақта дауды адал шешуге ант берген.Әдет бойынша,дау
шешілерде қарсы жақтар ала жіпті ортаға керіп қояды.Дау шешілсе осы ала жіпті ортасынан
(ала жіпті міндетті түрде қара киімді кемпір ғана қиятын болған) шорт кеседі.Егер дау
араздасқан екі адам аумағында болса,ала жіпті екеуіне керілтіп ұстатады да ортасынан
беделді бір адамға қиғызып араздасқандарды татуластыратын болған.Оның мәнісі-егер
уәде бұзып,бір-бірімізге қайтадан жауыздық ойлассақ,тәңір жазамызды беріп,осы ала
жіптей қиылып қалайық деген сөз. Қазақтардың адамға қиянат жасаған емеспін деудің
орнына «Ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын деуі» осыдан. «Ала жіп»- қазақ ұғымында
белгілі әдептілік шегі.Халқымыз ала жіпті құрмет тұтқан,қасиет санаған –киелі деп
есептеген. Тіпті,қой қораға қасқыр түспесін деп ала жіп керу,жылан үйге кірмесін деп үйді
айналдырып ала арқан тастау,уық бау,кереге таңғышын,басқұрларды ала жіппен сыру бәрі
де осының салдары.Ырымдарды белгілі бір сенім- нанымға негізделгендігінен болып, оның
біреулерге ұнап,біреулерге ескінің қалдығы ретінде көрінуі ықтимал. Әулет мектебінде
«тәрбиеленуші» хош көріп, сеніп, ол ырымдарды орындап жатса,оны тәрбие құралы ретінде
пайдаланудың ешбір зияны жоқ. Қазақтың қол жумай тамақ ішпейтін ырымы жан жақты
қолдау тауып,енді оған қол жумай асты аяқтамайтын әдеті қосылып кәзір,ғұрыпқа айналып,
салтқа сіңіп алды.Ақсарбас айтып мал сою,тасаттық беру,нәзір жасау бір кездері ырым
ретінде қарастырылып келсе кәзір көптеген адамдар,топтар орындап, жалпылық іс-әректке
айналып,құрбандық шалу ислам ғұрпына сіңісіп кетті. Жоғарыда біз атаған ырымдардың
кейбірі солай да болатын шығар.Ырым дүние жүзі халықтарының бәрін де дерлік
кездеседі.Ғылым тілінде ТАБУ делінеді. Ислам тағылымы. Әулет мектебінің тәрбие
тетіктерінің ішінде Иман және Шариғат ерекше орын алған. Оларды қазақтар тәрбие діңгегі
іспеттес пайдаланған. Қазақ ұлт өкілі бойында болуға тиісті абзал қасиеттердің біріимандылық. Оған тек наным-сенім арқылы қол жеткізуге болады. Қазақтар исламға дейін
де бірнеше наным-сенімдерді бастан кешіргені белгілі Олардың ұшқындары күні бүгінге
дейін сақталған. Қазақтар оның бәрін де тәрбие құралы ретінде керектеніп келеді. Мәселен,
отқа, суға, Күнге, Айға, Көкке, малға, аңға, құсқа, ағашқа т.б. болмысқа, Тәңірге табыну,
оларға құлшылық жасау, аруаққа сиыну рәсімдері, жол-жоралары балалар тәрбиесінде
барыншы орынды қолданылады. Жалғыз мысал атасақ, баланы бесікке салу тойында
қаншама рәсімдер сол наным - сенім негізінде жасалады деңізші!? Пайғамбардың Аллаһ
атынан түсірілген хабарламалары мен бұйрықтарын сөзсіз қабылдауды, мойындауды,
орындауды иман десек, ол әрі мұсылмандық белгісі болмақ. Мұсылманның Аллаһ атынан
түсірілген тәлім-тәрбиелік, уағыз-өсиет, ереже-қағидалар жиынтығын шариғат дейміз.
Пайғамбарымыз Мұхамедтің мүбәрәк сөздері және істері туралы естелік тәмсіл-баяндары
да таптырмас тәрбие құралы болған.Пайғанбарымыз «байлығын халық игілігі үшін
жұмсаған, артына пайдалы кітап жазып қалдырған, жақсы бала тәрбиелеп өсірген
адамдарға істеген ісінің сауабы үнемі барып тұрады» деген екен. Қазақтар осы үшеуіне де
ерекше көңіл бөлумен қатар жақсы бала тәрбиелеп өсіруді адамдық ұлы іс-қасиетті борыш
санаған. Осы мұратқа жету үшін баласының тілі шығысымен “бисмилаһи”-ді айтқызып,
калимаға тілін сындырған.Алғашқы мүшел жасына сиғызып (5 жаста) сүндетке отырғызып,
мұсылмандық сауатын ашып, оқуын оқытқан.құран аяттарын жаттатып, иманның 6 шартын
орындатқан. Орындау барысын ата-анасы мұқият қадағалайтын. Амал және оның 8 түрінің
109

109.

мағыналарын түсіндіретін. Алғашқы мүшел жасының соңында Исламның бес шартын
орындата бастатқан. Осылайша, жасынан мұсылмандық тәрбие көрген қазақ ұлт өкілі
имандылықты игеретін.
Мұралық және жәдігерлік заттар. Қазақ әулетінде бірнеше
ғасыр бойы атадан балаға мұра болып сақталған, жалғасқан әсем бұйымдар, әшекей заттар,
құрал саймандар, ер тұрман әбзелдері, киім-кешек түрлері тым көп кезігеді. Олардың
ішінде алтын, күміс сияқты қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған құнды заттар
болумен қатар ағаш, сүйек, мүйіз, тері, көн, былғары, жүннен жасалған бұйымдар да
баршылық. Осылардың тарихын баяндай отырып ата-аналар жас ұрпақ бойына
адамгершіліктің небір абзал қасиеттерін сіңіре алатын. Туған жер, өскен өлке,қоршаған
орта табиғатын әулет мектебінде тәрбиенің тамаша құралы еткен. Қазақтың әр
баласы үшін ата-баба қыстағының тауы мен тасы, ойы мен қыры, белі мен асуы, құзы мен
шыңы, жайлауының көгалы мен балқашы, өзені мен көлі табиғи оқулық, көркемдік пен
әсемдіктің Аллаһ сызған айшықты көрнекілігі болған. Тіптен, ата-баба моласы, қорымы
және зиратының өзі толған тарих-шежіре, қасиетті білім бесігі еді.Ататүрік дәуірінен бері
келе жатқан сынтас, мүсінтас, балбан, оба, қарақшы бәрі-бәрі “сөйлей жөнелетін, сыр
шертетін” үнтаспалар болатын. Текеметі төселіп, сырмағы салынған, алашасы жайылып,
шиі құрылған, шымылдығы тартылып, уықбауы ілінген, жүкаяғы кебежесімен жиналып,
әбдіресі адалбақанмен қатар тұрған қазақ киіз үйі, оның ішкі жиһаздарымен біріккенде
бірнеше томдық энциклопедия, альбомдар жол қалатын. Тек оларды көретін шырақ,еститін
құлақ,ұғатын зерде, тоқитын ықылас, саналайтын ой сәл бөлектеу болған. (Оқасы жоқ, аз
жаттықсақ ол да қолдан келер!). Міне, осы ортаға қазақтың ән күйін, той-думанын, өлеңжырын, ауыз әдебиетін, музыкасын, қол өнерін, ойын сауығын әкеліп қоссаңыз есі дұрыс
дені сау бала тұрғой мүгедек-мүскіндер де, тіптен басқа ұлт өкілі болып әжептәуір
қалыптасып қалғандар да күрт өзгеріске ұшырайтын. Нағыз ұлт өкілі қалыптасатын.
Меншік пәрменді тәрбие құралы. Қандай да адам, өз ұрпағының бай қуатты, дәулетті
де,ырысты болғанын қалайды. ”Кетпес ырыс,кең пейіл берсін” деп тілейді. Өмірден не
сияқты үлде мен бүлдеге бөленген,рахатқа батып,асылға малшынып, шекесінен
шылқыған,жал мен жая жеп, саумалға шомылған адамдар өтті! Жеке бастың рахатын
көрген салдар мен мырзалар да аз болған жоқ. Оның бәрі ақымақ емес еді ғой! Шөп құйқалы
жерге өседі. Балқаш- нуы мен суы бар жер. Байлық бақыт болмаса да, бақытқа апарар
жолдың біреуі. Еңбек те, баюдың бастамасы болғанымен өзегі емес. Ол да еш болады. Олай
болса, адамға жұрт қатарлы өмір сүру үшін, табан тірер дәулет, арқа сүйер ырыс қажет.
Тақыр кедей адам, әлеуметтік таршылық көреді, азғындайды, тозады, ақыр соңында
бұзылады, дұрыс ұлт өкілі де бола алмайды. Осыны ескерген қазақ халқы тәрбие
құралының бірі ретінде меншікті таңдаған. Айталық, адам өмірге келген күннен бастап,
оның ішерге асын, киерге киімін, тіршілік етуге қажетті үй мүлкін, мал дәулетін кім, қашан
дайындау керектігін алдын ала ескеріп, оны жүзеге асыратын межелі кезеңдерді тағайындай білген ,ғұрыптарды дәстүрге айналдырған. Мәселен, алғашқы қамқорлықты
кіндікшеше иткөйлек кигізіп бастауы тиіс. Ал бесікке салғанда, тыштыма жегендердің
барлығы да байғазы береді. Алғаш көргендер көрімдік берсе, ағайын туыстары, алғаш қонақ
болған,қыдыра келген жолына мал атаған. Ал нағашылары “қырық” серкешін төлеген. Мал
төлдеген уақытта, төл пішкен кезде қолғабыс жасаған балаға кім де болсын көген түп жасап,
үлес ұсынатын. Баланың еңбек пен бейімділігін аңғарған әке-шеше, ағайын туыс жол
болсын жасап, өркенін өсіру үшін сол кәсіпке қажетті құрал сайман ұсынатын.Ашамайға
мінгізгенде ер-тұрман әзірлеуге тиіс болса, сүндетке отырғызғанда сүндет атын
дайындаған. Бала жетіге келгенде бәсіре тайын дайындап, оны бағып күтү, баптау әдісін
үйреткен. Мектеп-медіресе есігін аттағанда тілашар жасап, оқу құралдарын, жабдықтарын
берген. Қызға ұзатылғанда жасау берсе, ұлға отау көтергенде енші бөлген. Жақынжуықтары сусынға сиыр мен бие, көлікке түйе мен ат әкеледі. ” Енең берді бір сиыр, сол
сиырға бол үйір. Анаң берді бір түйе, сол түйеге бол ие” демекші отау тұрмысы қамтамасыз
етілүі қажет. Енді ғана олар өз күнін өзі көреді. Ұлттық қолөнер бала тәрбиесінің басты
құралы. Сырмағы салынып, текеметі төселіп, жүк аяғына сандығы қойылған, алашасы
110

110.

жайылып, кіреуетіне аяқбауы байланған қазақ киіз үйінің төрінде еңбектеп, жас нәресте
жүр. Оны қоршаған, жаңағы аталған бұйымдар, жас сәби түйсігіне қалай әсер етеді? Сансалалы ою-өрнекпен безендірілген, үй жиһаздары, әлем-жәлем көздің құртын алатын өңмен
түске малшынған бояулар үндестігі, жас нәрестенің зейінін еріксіз өзіне тартады. Олай
болса сәби көзін ашып, қоршаған болмысқа назарын тастаған алғашқы сәттен бастап, қол
өнерді тәрбие құралы етіп пайдалану үшін, қазақ атамыз, киіз үйдің ішін, баланың бесігін,
оның киім-кешегін, жөргегін, қолбауын құлпыртып сәндеген. Жүкаяққа сызылған
құстұмсық оюын алайық. Ол еңбектеп жүрген жас сәбиге не айта алады? Құстұмсық-көк
аспан сұлтаны-қырандай өр де еркін бол, батыр да бақытты бол, ешкімге еңсе берме, қас
пен досыңды қиядан шалатын қырағы бол дегенді мегзейді. Сырмақтағы қошқармүйіз оюықазақтай кеңқолтық елің мен жерің бар, теңіздей терең дәулетті, көлдей көп ырысты
болуды, сәби құлағына сыбырлайды. Қошқармүйіз-молшылық нышаны. Себебі, қазақ:Малды бақсаң қойды бақ, Қошқар мүйіз сүйектен: Қос мұртыңды май бұлап, Ет арылмас
иектен-деген емес пе!Қыз бен ұлдың, бозбала мен бойжеткеннің тағынатын әшекейлері,
зергерлік бұйымдар, сәбилердің сылдырмағы, күміс ер, сарыала қамшы, тақия, бөрік,
сәукеле, шашбау, шолпы, кездік, пышақ, семсер, қылыш т.б.қолөнер бұйымдарының тәрбие
құралы ретінде әрқайсысынының өзіндік міндеті бар. Мәселен, қазақ атамыз, ою-өрнекті
хат орнына да пайдаланған, сондығынан, ол ерекше тәрбие құралы болмақ. Қазақ елінің
ерте заманнан келе жатқан дәстүрі бойынша, бөтен жерге тұрмысқа ұзатылған қыз баланың
белгілі бір уақыттан кейін төркін жүртына сәлемдеме жіберуі салтқа айналған.
Сәлемдемеде жас келіншек өзінің жат жердегі өмірін, күйеуі мен оның туыстарының
көзқарасын ою-өрнекпен хабарлап, хат жіберуі шарт екен.Осы салт бойынша күйеуге
ұзатылған бір келіншетің үйіне жіберген сәлемдеме-хатында алақандай жарғаққа, бойы
сорайған, ұзын, өте жіңішке бейне кестеленіп, оның қасына дөп-дөңгелек адам бейнесі
салынған екен. Бұл сәлемдемеден қыздың ата –анасы жат жұртқа ұзатылған қызының
«отырса опақ, тұрса сопақ» болып жүрген мүшкіл халін түсінген.Егер ұзатылған қыздан
құсмұрын салынған сақина келсе, не қошқар мүйізді оюлы хат келсе, ата-анасы, ағажеңгелері салтанатпен атап өтетін болған.
Ежелгі ғұрып бойынша жас жігіт өзі ұнатқан бойжеткенге сыңар білезік тарту
етіп, жүрек сырын білдіретін болған. Егер қыз жігітті ұнатса, бұл сыйлықты жүрекке жақын
көріп, сол қолына салып, көпшілік ортасында болғанда арнайы тағып жүреді. Көпшілік
ортасында, қыз тағы біреуге ұнап қалса, білезігін көрген ол, қызбен жүрек сырын бөлісуге
құқығы жоқ екенін бірден аңғарып: ”Қыз жақсы-ау, тек бізге бұйырмаған екен” деп үміт
үзетін. Екі жас үйлену тойын өткізіп, қосылғаннан кейін, ”сыңар білезік-махаббатымыздың
куәсі” деп, оны қос білезікпен алмастырады.Қазақтың тұтынған әр заты, ішіп-жейтін
әр асы, киінгін киімі, отыратын орыны, сөйлеу жөн-жосығы бәрі-бәрі мәнді де
мағыналы, тәрбиелік тағылымы мол. Бүгінгі, педагогиканың тарландары:«Бала тәрбиесіне әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін отбасы тәрбиесін жоғары
дәрежеде дұрыс жолға қою кәжет» (П.Ф.Каптеров),«Адам тәрбиелеу,өзінің туған ұлы мен
қызын тәрбиелеу-азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі,оның азаматтық
қызметі.»(В.А.Сухомлинский)-деп мәселе көтеріп, жұртшылықтың назарын әулет мектебіне аударып отырса, бұл мәселені, қазақ халқы ертеден түсініп, сол дәуірге сай шешіп,
жүзеге асырып келген-ді.«Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына,Інім Күлтегін ер
атанды»,амал нешік,үкімет ыдырап,... «Бек ұлдары құл болды,пәк қыздары күң болды»
(«Күлтегін»ҮІІІ ғ.), «Адам өмірі қамшының сабындай ғана қысқа екен,досы көп,ұрпақ
тәрбиелеген ұтады екен.» , «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған
ұл жаман»,(ҮІІІ-ІХғ.ғ, Қорқыт). «Үш түрлі адамға:байлығын халық игілігі үшін жұмсаған
адамға(көпір салдырып,құдық қаздырып,мешіт салдырған),артына пайдалы кітап жазып
қалдырған ғалымға және елге пайдасы тиер жақсы бала тәрбиелеп өсірген адамға істеген
ісінің сауабы барып тұрады» (Мұхаммед с.ғ.с.),«Тәрбиесіздік-адамзаттың қас жауы.
...Балаға ең алдымен тәрбие беру керек...» (Әл-Фараби 870-950),«Бес жасымда шариғатқа
бетім бұрдым,дін жолында ораза тұтып әдет қылдым.Күндіз түні зікір айтып рахат
111

111.

қылдым.Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп тапты.Әр сырымды пердеменен бүркеп
жапты.Он үшімде нәпсімді қолға алдым. Тәкаббарды аяқ астына басып алдым.»(Қожа
Ахмет Яссауи ХІ-ХІІ ғ.)«Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, Үйіңде өсір бөтен жерде
қалдырма.Ұл-қызыңа әдеп үйрет,білім бер.Қос жалғанды бірдей көріп,күлімдер.Бала
өсіргің келсе дана жүректі,Қатты ұста,үйрет білім ізетті.» (Ж.Баласағұн ХІғ.),«Жақсы бала
ата-анаға-қызық, жаман бала ата-анаға күйік»(Қ.Абай),«Шын бақ--ата-ананың махаббаты
мен балалардың таза жүрегінде» (Ш.Құдайбердиев).«Балам дейтін елі болмаса,елім дейтін
баласы бола қоймас» (А.Байтұрсынов) «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе-өскен орта,ата-ананың
тәрбиесі».(Ж,Аймауытов)Отбасы тәрбиесінің әр дәуірдегі мақсаты мен міндетін қазақтың
ұлық ұстаздары осылай нұсқап,оны жүзеге асыру жолына бағыт бағдар беріп отырған.
Әулет мектебінің тәрбие құралдарының тым өтімді және тиімді екендігін қазақтың
данышпандары жас шағынан танып білген.Олар осымен сусындап,осыдан нәр алған.
Айталық, Абай бала кезінен әңгіме тыңдауға өте құмар болыпты.Ауыл үлкендері мен
алыстан келген игі жақсылардың бас қосқан жерінен кетпей олардың қызықты әңгімелері
мен сөзін ынта қойып тыңдайды екен.Абайдың ертегілер, аңыздар және өткен күндер
қихаяларын айтқызып тыңдаған кісілері өзінің әжесі мен шешесі болған.Екеуіне кезек
қолқа салып;-Бұлдыр,бұлдыр күн өткен, Бұрынғыдай кім өткен?-деп сұрайды
екен.Сөйтіп,Абай он-онбір жасында –ақ арғы-бергі замандағы неше түрлі аңыздар мен
ертегілерді, өлең жырлар мен айтыстарды,әзіл-сықақ пен әжуа-мысқылдарды,жұмбақ пен
жаңылтпаштарды көп естіп,түгел жадында сақтаған. Кейін оның асқан шешен,керемет ақын
және кеменгер кісі болуына бұлардың үлкен көмегі тиген....Абай ақылды,тапқырлықты
қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті.Өзі де жұмбақ шығарыпты.
Соның бірі мынау:-Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы
жеңері тағы белгісіз.Сол сегіз батыр кімдер?Шешуі:Қыс пен жаз,күн мен түн , тақ пен
жұп,жақсылық пен жамандық (Ұ.Әбділдаұлы) Аталған тәрбие құралдары әулет мектебінде
жаппай қолданылатын, үлкен кішіге бірдей қажет еді. Алайда, балаларға тән, оларға
арналған тәрбие құралдары да бар.Олар;-балалар ойыны;қол өнер туындылары; ән-күй,
өлең-жырлыры, аңыз-ертегілері т.б.
Қазақ балалар ойыны. Бала ойынмен өседі. Ойын-балалар өмірінің нәрі. Ол жәй ермек
қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты. Халықтық
рухани бай қазынаның бірі, һәм бірден-бір тәрбие құралы-халық ойындары. Халық оның
алуан түрін тауып, өз ұрпағын өрелікке, ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен
мергендікке тәрбиелеген. Бала ойынының түрі де,мазмұны да сан алуан. Қазақ балалар
ойыны олардың жасына, жынысына сай болған. Ұл бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа
құмар. Ал, қыз бала, қанша нәзік болса да, дүние мүлікті жасаушы, әрі жаратушы, асырап
күтуші. Ойын-балалық шақтың басты ерекшелігі. Бұл туралы, М. Жұмабаев былый деген:
“Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.
Ойнағанда бала айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы
біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды.
Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап таныстырады, күйеу келтіреді, құда
түседі.”Ойын балалар үшін өмірдің өзімен тең. Сондықтан, қазақ атамыз: ”Базар-қаланың
ажары, ойын-баланың базары”, ”Баланың ойынын бұзба, өнегең болса, ойын қозға”, ”Бала
ойынымен өседі, дана ойымен өседі”, ”Қыз-құыршақ,ұл-құлыншақ”, ”Бала ішегін сүйретіп
жүріп те ойнайды”деген ғой. Ойнай білмеген, ойлай білмейді демекші, ұлттық ойынмен
жасынан ойнап өспеген баланың тілі кенжелеп шығатынын, сана –сезімінің өсуі
баяулайтынын нақтылы зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр. Олай болса, бала денесінің дамуы,
ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екенін біздің қазақ тым ертеден білген.
Мәселен, Тонюкөктің жеті жасында, найза, семсер, қылыш, садақ өнерлерін игергендігі
белгілі. Ат құлағымен алысқан қазақ балалары, он екі түрлі түз тағысын, көк аспан еркесін
қолына үйреткен, қанаттыны да айтқанына көндірген. Халқымыз бала мінез-құлқының
қалыптасуына ойынның үлкен мәні бар екенін толық түсінген. Ойын үстінде баланың
ортамен қатынасы кеңейіп, таным қабылеті өседі, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала
112

112.

ойынының негізгі жабдығы ойыншық және сөз.Бала ойыншықтарын беске топтаймыз: құрастырмалы; жарақтық; бейнелік; дыбыстық; табиғи. Қазақ балаларының құрастырмалы
және жарақтық ойыншықтары өте қызықты және терең мағыналы. Мысалы, ”Кәріжілік
асығы” деген ойыншықпен ойнау ережесі оңай болғанымен,шешімін табу тым күрделі.
Әуелі жасау әдісін түсіндірелік. Ұсақ малдың кәріжілігін толық тазалап қайнатады. Осыдан
соң, екі басына таяу жерден, біз жасайтын шеміршек сүйек астынан екі теседі. Тазаланған
асықты шік бетінен тік тесіп, оған жіңішке жіпті ортасынан тұйықтап өткізеді де, тұйықтан
жіптің екі ұшын қатар өткізіп, әр ұшты жілік тесігіне байлайды. Ойын шарты:тұйықтағы
асықты азат ету. Талап: жіпті шешуге, үзуге, шеміршекті сындыруға болмайды. Баланың
ақыл-ойын дамыту үшін мұның маңызы зор. Ал, ”Ағаш түйіні” деген, құрастыруға арналған
ойыншықтың жасалуы да, шешуі де күрделі. Ол, ұзындығы, ені, қалыңдығы бірдей,
қиықтары әртүрлі жұп санды (6,8,12.) білеуше ағаш кесінділерінен шаршы құрастырылады.
Қазақ балалар ойындарын: ойынға қатысушының санына сай; жеке басқа, топқа, қауымға
арналған, қолданылатын жабдығына сай; ат, мергендік, сөз, саяттық, ойнау мақсатына сай;
қимыл-қозғалыстық, зейін-зерделік, еліктеу көріністік, тапқырлық- сайыстық, көңілашарермектік болып сараланады.Қазақ балалар ойындырының кез-келгенінде, олардың дені сау,
денесі ширақ болудың, ақыл-ойдың аршындап дамуын, көңіл күйдің көтеріңкі болуын,
жігер мен қайраттың жетілуін негізгі мақсат еткен
Балалар тақпақтары мен жыры. Балалар тақпақтары мен жыры - балалар фольклоры
деген айдармен (А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, С. Сейфуллин, Ш. Ахметов,
Ә. Марғулан, Қ. Жұмалиев, Қ, Ысмайлов, М. Ғабдуллин ) әжептәуір сараланып, бізге
реттелген білім қоры жетіп отыр. Біз, Кенжехан Ісламжанұлының (Рухани уыз.А.,1995,22б) жіктеу үлгісін пайдаландық.Ол бойынша: А. Әлпештеу жыры; бесік жыры, сәбилік ғұрып
жыры, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры. Ә.Жеткіншектер жыры; маусымдық жырлар,
арнау-тілек өлеңдері, балалар тақпағы, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама. Б. Ойын
өлеңдері; тәжіксілесу, жаңылтпаш, жұмбақ, ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық
ойындар (еліктеме-көріністік деп атауды ұсынамыз, себебі, ойын өзі-көрініс).
Балалар тақпақтары мен жырының тәрбиелік мән-мазмұны, оның
тәрбие
құралы
екендігі
белгілі болғанымен, қолдану жолдары мен амал-тәсілдері толық айқындалып
болған жоқ. Әсіресе, бүгінгі таңдағы, әулет мектебінде керектену, керегесін кеңейту ісі
мүлдем жолға қойылмаған. Ол үшін ата-аналарға арналған әдістемелік және кеңестік,
үлгілік кітап-құралдар қажет болып отыр. Профессор М.Ғабдуллин өзінің"Ата-аналарға
тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақынжыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ.Мұндағы тәрбиелік
мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа
қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып,
орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Балалар тақпақтары мен жырының қай-қайсысының болсын тәрбиелік құрал ретінде
ерекше мәні мен мазмұны бар. Мәселен, жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, ой-өрісін
кеңейтумен қатар, олардың тілін ширатып,тіл байлығын молайтады. Онда-өмірде
кездесетін заттар мен кәсіп,тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, аспан
денелері, жер әлем өздеріне тән ерекшелітер арқылы жұмбақталады. Айтылған нәрселердің
сол сипаты мен белгілері арқылы шешіледі. Жұмбақ-адамның зерделеу қабылетін
жетілдіреді. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ойшылдыққа үйретеді. Жұмбақтарды жасыру
және шешу кезіндегі ерекше белгілер мен сипаттарды даралау жағдайына сай төртке
топтаймыз. Олар: болмыс пен құбылыстың ерекше белгілерін бейнелеп жасырылған
жұмбақтар; зат пен жан-жануардың сыртқы түрін, сұлбасын бейнелеп жасырылған
жұмбақтар; зат пен құбылыстың белгілері мен сипаттарын қарама қарсы қойып
жасырылған жұмбақтар; балалардың білетін болмыс пен құбылыстың белгілері мен
сипаттарын,білмейтін зат пен құбылысқа ұқсатып жасырылған жұмбақтар. Жұмбақты
шешу дегеніміз-баланың ақыл-ой қызметінің шұғыл да, белгілі мақсатпен жұмылдыруы
113

113.

болып табылады. Сол сияқты жаңылтпаштар да бала тәрбиесінде өзіндік орны ерекше
құрал. Ол бала тіліндегі дыбыстардың түзу айтылыуына көмектеседі, тілдік қорының
өсуіне жәрдемдеседі, табандылық пен төзімділік қасиетін шынықтырады. Ал, ересектер
үшін, жаңылтпашты дұрыс айта алмай, шатысып,көпшілік алдында күлкі болуына
арналған. Бұл қырынан – жаңылтпаш - әзіл - сықақ құралы, әрі айыптау құралы да болады.
Жаңылпаштың негізгі міндеті - айтылуы бала үшін қиын дыбыстарды дұрыс айтуға
дағдыланатын жаттығу құралы. Ал, мазақтамалар-халқымыздың балалар бойында кездесетін ұнамсыз қылықтарды дер кезінде мінеп-шенеп,түзетіп отыру үшін қолданған қысқа
сықақ өлеңдері. Мазақтамалар, балалардың өз аузымен айтылып, бірі екіншісінің
кемшілігін бетпе-бет сынап, екіншісі ұялып, кемшілігін түзететін еді. Кейде мазақтамалар
ойындарда айыптау, жазалау құралы да болған. Санамақтар қазақ балаларының ең
қызықты тәрбие құралы.Оның қызығы сол өте кең тараған. Тілі шыққан сәбиден бастап,
бозбала, бойжеткендер де, санамақтарды жаттап алып, жарыса айтады. Күлән деген қарт
әжейдің мына бір сөзі есімде: ”Санамақты жасымда бір жаттадым, балалы болып тағы
жаттадым, қартайғанда үшінші жаттадым” Санамақ-танымдық құрал. Баланың танымдық
ой-өрісін кеңітеді,мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады, тәртібінен жаңылмай санау,
турашылдыққа баулиды.Балалар тақпақтары мен жырларының басқа түрлерінің тәрбиелік
мәні өте зор болумен қатар, олар әрі, тәрбие құралы, әрі, қазақ әулет мектебінің
ұйымдастыру түрімен астарласып жатады. Әулет мектебінде оқытылатын пәндердің негізін
құрайды. Мәселен, әлпештеу жырлары тұрмыс салтының өткізілу рәсімдерінде салтанат
ажарын ашу үшін қолданылумен қатар, балаларға білім беру, оларды рухтандыру үшін
қажет. Ал, балалар айтысы- жай тәрбие құралы ғана емес, ол -әулет мектебінің бір түрі.
Айталық балалар айтысының: тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы; суырып салмалық
талантқа баулу, оған жаттықтыру айтысы;жұмбақ айтыс; өтірік өлең айтыс; жаңылтпаш
жарысы;қара өлең айтысы; қайым айтыс; күлдіргі айтыс; аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар. Міне, осыларды өткізудің белгілі ережесі, әр түріне сай қойылатын талап бар
Балалар ән- әуездері. Ән-әуен-адамның ішкі сезіміне әсер ететін құдіретті күш, ол
адамзаттың рухани азығы, жан серігі. Ол тек адамға ғана әсер етіп қоймай жан-жануарларға,
өсімдіктерге де әсер ететінін қазақтар жақсы білген. Айталық, ботасы өліп, боздап қалған
боз інгенге, басқа бота телу үшін, телінбек бота үстіне өлген бота терісін жауып, көскөстеп отырып, қобыз тартқанда, екі көзінен жас сорғалаған сорлы аруана аздан соң,
басқаның ботасын өз ботасындай емірене емізгенін талай көрдік. Төйгелеп отырып,
ауызбен сыбызғы үнін салғанда тамыры тартылған саулықтың қос емшегіне сүт кіріп, тұла
бойы иіп сала беретінін де білеміз. Домбыра үніне, ана әлдиіне ұйыған жас сәбидың бойы
балқып, жан дүниесі рахат тауып ұйқыға кететіні баршаға аян.Ән-әуен өзінің көркемдігі
және нәзіктігімен бала жанын баурап алып, олардың ақыл-ой, сана сезімін кеңейтіп, жақсы
мінез-құлықтарының, әсемдік талғамын арттырумен қатар, бала қиялын асқақтатып,
адамдық асыл қасиеттерін бала бойына қалыптасуына тура ықпал жасайды. Қазақ баласы
қаршадайынан шіңкілдегін қолына ұстап,немесе қурай сыбызғысын қолтығына қысып
жүріп қозысын қайырды, аялдаса болды аяулы аспабын әуезге келтіріп, ыңылдап ән
айтты.Қолында аспабы жоқ болса да,не жаттағанын, не ойынан шығарған ән-әуезін салудан
айнымады, әрі жалықпады.Себебі қоршаған әлем,оның құлағына әсем үнмен әрқашан
сыбырлап,көзіне әсемдікті көлделең тартып, көкірегіне рухани нұр шашып тұратын.
Атақты суретші Әбілхан Қастеев: «мені сурет әлеміне баулыған дала келбеті, шөптің
тербелісі, құстардың сайрауы, бұлақтың сылдыры» деген екен.Көшпелі халықтардың
еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін өлең, сөзге, ән-әуенге құмар болатыны
табиғи құбылыс. Мәселен, әйгілі Кемпірбайға өлең жеті жасында қонса, Т. Сара тоғыз
жасында домбыра алып топты жарған. Осы бір, бала жүрегіндегі өлеңге,өнерге деген
құмарлықтың ерте белгі беретінін халық жіті сезінген және оның бүр жарып гүлденіуіне
әрқашан қолайлы жағдай туғызуға тырысқан. Оған халықтың дәстүрлі тәрбиесіндегі әдетке
айналған салттар дәлел. Мұның бәрі,өнерге деген құрмет,оны насихаттаудың, жалғастырудың дәстүрлі жолы. Әрине шынайы өнер ілуде біреуге ғана дариды. Мысалы, Қорқыт өте
114

114.

зерек,ұғымтал бала болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде, ол, шебер ойнаған. Бірақ,
оған қанағаттанбайды., табиғаттың үні (ұшқан құс, сылдырап аққан су, жүгірген аң,
сыбдырлаған жапырақ, ұлыған ит пен қасқыр т.б,) естілетін жаңа бір аспап жасағысы
келеді. Он ойланып,мың толғанып, қарағай ағашынан бір нәрсенің жобасын жасайды, Ары
қарай не істерін білмей қиналады. Бір күні шаршап отырып ұйықтап кетеді, Түсінде оған:
«Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар атанның жілігіндей екен, енді оған нар
түйенің терісінен шанақ, ортекенің мүйізінен тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған
қыл ішек жетпей тұр»,-дейді. Қорқыт осының бәрін жасап шығады,қобызды қолына алған
кезде аспап боздап қоя беріпті, күллі табиғат, ескен жел, жүгірген аң тоқтай қалып
тыңдапты.Қазақ халқының ауыз әдебиетінің мол мұралары, ән-күй ,өлең-жыр, терме,
айтыс, аңыз-әңгімелер мен ақын-жырау, ойшыл ғұлама, би-шешендердің тәрбиелік ойпікірлері тамаша тәрбие құралы екендігі даусыз. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе
жатқан салт-дәстүр, тарихи әдеби мұралар, ескерткіштер де тәрбиелеудің таптырмас
құралдары.Ұзаққа созылған өз тарихы бар әулет педагогикасы балаларды төрбиелеу
жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде
аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасындағы балаларды тәрбиелеудің жалпы
заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бәрі
ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы
тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың
бәрінің төркін мәні-ата-аналарға кеңес, отбасылық тәрбие ережелері болып табылады.Бұл
ережелер ескерусіз қалған жағдайда тәрбиелеу қазақ ілімінің шаңырағы шайқалып,қаймағы
бұзылады.Мысалы,жоғарыда айтылған «қызға қырық үйден тыйым,қала берді қара күңнен
тыйым деген»ереже осы шақта ескерусіз қалып еді, «балалы бала» пайда болып,балиғатқа
толмай жүкті болу,жезөкшелікке бойұру,оң жақта отырып бала табу,шаталар мен
қонақтардың «сарқытын» асырау қатарлы келеңсіз жайыттар жайлап алды.Тәрбиелеу
қазақи қағида бойынша 3-13 жас аралығында балалық шағында биязы әдеп,жібек мінез
игертпесең ол өздігінен басқа жұрттың әдеп,салтын,мінез әдебін үйреніп алады.Оны қайта
тәрбиелеу тек мәжбүрлікпен жүзеге асырылады деген қатаң қағида бар.Осы қағида бұзылғандықтан,ұл мен қыздар басқаның киіну,ауқаттану,ән салып би билеуін үйреніп
алды.Мысалы,амандасса жаласады, жыртық тесік,алашұбар киінеді,әң салса өкіріпбақырады, ауқаттанса аштыға таласады т.б.Жасөспірімге отбасында, балабақшада, мектепте биязы әдепке баулу жоқ, мылжыңдау көп. Жібек мінезіміз қатыгездікке, ашкөздікке,
өзімшілдікке,атаққұмарлық пен жағымпаз екіжүздікке ауысты. Еңбекқұмарығымыз жатып ішер жалқаулыққа ұласты.
3.2§.Тәрбиелеудің ұлттық жолдары
Қазақ тәлім –тәрбие үрдісінде тәрбиелеудің ұлттық мұрат, мүдде және мақсаты айқын
болғандықтан,оған жету жолы көрсетіліп,жүзеге асырудың амал-тәсілдері сараланған.
Қазақ ұлт өкіліне,қоғам мына талапты жаппай қойған.Олар: тірі жүру үшін, әуелі киіміңді,тамағыңды тап, отбасыңды асыра; екінші ұрпағыңды тәрбиелеп өсіре алатын қабылтің болсын; үшінші денсаулығыңды сақтай алатын шамаң болсын! Сондықтан да, әр адам,
әр ата-ана –ұстаз, әрі тәрбиеші және емші-домшы жанбаға алатын болуы тиіс.
Атам қазақ, ұрпақ тәрбиелеудің талай тамаша жолдарын тағайындап, оны жүзеге
асырудың амал-тәсілдерін айқындаған. «Ата-баба үлгісі, қазылған қара жолмен тең» (Шал
ақын (1787-1819)). Ата жолы-бала жолы,жолды қуған оңалар (мақал). Ал, М. Жұмабаев:
«Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт
тарбиясы баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол
болғандықтан, әрбір тәрбияшы, сөз жоқ, ұлт тәрбиясымен таныс болуға тиісті. Және әрбір
ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбияшы баланы сол ұлт тәрбиясымен тәрбия қылуға міндетті,“-деп тәрбиелеудің ұлттық
жолының ұлағаттылығын дөп басып айтқан.Тәрбиелеудің жеті түрлі ұлттық жолы бар.
Олар: адамды қанаттандырып рухтандыру;нандырып-сендіріп оны қанына сіңіру,
115

115.

табындыра білу; үлгі-өнеге көрсету,ақыл-кеңес беру; жаттықтырып-дағдыландыру;
ширатып-шынықтыру, талап қойып-өңдеу; бағалап марапаттау, мақтапқолпаштау, ынталандыру; тиым қою, жазалап-сөгу.
Адамды қанаттандырып рухтандыру жолы. Ең ұлы күш-рух. Рухсыз адам –бейшара
адам. Рухсыз адам қанша күшті болса да, жеңіске жете бермейді. Қазақ ұғымында, рух деген
адам бойындағы ерекше қуат. Дәлірек айтқанда, рух адамның барлық жақсы қасиеттері мен
жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі Қазақ деген халықтың бітім-болмысын, қадірқасиетін, абырой-атағын анықтап айшықтап тұратын ұғымдардың бәрі де қысқа да нұсқа.
Діл, дін, тіл, ар-ұят, намыс, ұлыс, ру, ел-жұрт. Осы киелі тылсым дүниелер шоғырланып,
тоғысып, жымдасып, бір бүтін дүниеге айнал-ғанда рух деген құдірет жаратылады. Яғни
ойға ақыл, бойға қуат бітеді. Айтылуы да, жазылуы да тез, тосын ырғалып, шорт кесіліп,
селт еткізіп, теңдесі жоқ бір шерді іштен шығарғанын аңдамай да қаласың. Тегінде бұл
сөздің қашан, қай заманда пайда болып, сіңісті болғанын кім біліпті. Басы ашығы қанша
ғасыр тауқыметін көріп бақса да маңдайына әжім,таңдайына дерт,үніне сес дарытқан емес.
Сонан соң екінің бірі емес илғи бір мұзбалақтарға тән. Сол себепті де аздың, тіпті жалғыз
адамның азығы болып қалғанда да көптің таңдайын қақтырып, өнегесін жарқыратудан
бірден-бір жаңылмай келеді. Жаңылдыратын күш ешқашан болмақ емес! Рухты осылай
ұғынған қазақ: «Ақшадан айрылсаң-ештемеден айрылмағаның.Денсаулықтан айрылсаңжартысынан айрылғаның. Рухтан айрылсаң-бәрінен айрылғаның», «Жағым сынса да, сағым
сынбасын», «Қолың сынса, қайта бітер. Сағың сынса, қайтып бітер?!» деп, жас ұрпақты
қанаттандырып, талпындырып тәрбиелеудің мән-мазмұнын айқындап берген.
Қазақ ұғымында, рухтың мекені- адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, арнамыс,қайрат жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды. Рухани бай адам
ең алдымен әділ, мейрімді және қанағатшыл болады. Қазақ түсінігі бойынша;жан жүректі
мекендеп, тәннен ажырасарда мұрынның ұшынан шығып кетеді. «Паһ, қорыққаннан жаным
мұрнымның ұшына келді!» Ал, рух осы жанның, адам түйсігіне сезілмейтін, ақылмен
ажыратуға болатын, баламасы. Жан- рухтың қамалы. Рух-деген адам бойындағы бір қуат.
Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі
істерінің қайнар көзі. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты-асыл нұр.Күн
адамның рухы болса, күн сәулесі –ақыл. Себебі ақыл-рухтың құрамдас бөлігі Адам
бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің
көрінісі болып табылады. Адам денесі тұтас болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі
осы екі қуаттың-«рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.Адамның ішінде болмайды
аласы,Оларды бұзатын нәпсінің таласы.(Шәкәрім.) Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян
келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық
рухы, кешіре білу,
қайырымдылық, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі
ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет.Ұлттық рухұрпақ тәрбиесінің арқауы.Ұлттық рух дегеніміз-өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік.
Адамды рухтандырудың бес амалы бар. Олар:тектілігін таныту, өрелігін сезіндіру;
намысын жану, арын ардақтау; иелік сезімін қоздырып, мақтанышын марқайту; жүрек
жылуын тұтатып, көңілін мерейлендіру; жауапкершілігін айқындау, келешегіне
үміттендіру.
Қазақ руларында өз ұраны, өз таңбасы, белгісі болған, ал, алты алаш үшін ортақ
ту, ұран ұлттық рәміздер мен айбындық аспап, хандық тақ, таяқ, сандық сияқты жаппай
халық қастерлейтін батырлардың қару жарағы, ерлердің естеліктері, сарайлар мен ордалар,
бекіністер мен қорғандар, қалалар мен кенттер қазақ даласында атам заманнан бері бар
еді. Міне, осылардың тарихын талдап. мән-мазмұнын жас ұрпаққа жеткізу, олардың таным
өресін биіктетіп,тектілігін тереңдете түседі. Әулет шеңберінде, мұның нышаны да толық
кезігеді. Ұранымыз-алаш, туы бірдің-тегі бір дейтін қазақ, соларды балалар құлағына
құйып, олардың рухын қанаттандырған. ”Аталар бас имеген жерде ,сен тізеңді бүкпе”
дейтін қазақ еркіндік пен ерлік тамырлас екенін сездіріп, “айбындана шапқаннан ажал да
сескенеді”, ”ұранды елдің ұрпағы –қайсар” болатынын дәріптейді.
116

116.

Ұлттық рух-адам жанына, халық жанына-ділмен, тілмен, дәстүрмен, өнермен сіңеді.
Осыны аңғарған халық, бала алғашқы мүшелден асқанға дейін, оның дамып жетілу,өсіп
нығаю әр кезеңін мұқият бақылап, жетістігіне жігер беріп, үнемі атап өтіп отырған.
Мәселен, құрсақ той, шілдехана, ат қою, шаш алу, бесікке салу, тұсау қияр, атқа мінгізу,
сүндет той, тілашар т.б.ғұрыптарды осы кезеңде өткізген. Оның негізгі мақсаты-жаңа туған
жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәлім-тәрбиені ұйымдастыру еді.
Басқаша айтқанда, тәлім - тәрбие беру үшін, әулет мектебін ұйымдас-тырып, оның пәндерін
осылай оқытқан. Ол, өз кезегінде, осы ұйымдастыру нәтижесінде қазақтың салт-санасымен
біте қайнасып, ғұрып дәстүріне ұласқан, күнделікті тіршілік тынысына айналған Олай
болса, әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында, әдет-ғұрпында атқарған әрбір ісәрекеттің, ұйымдасқан, бірлескен қимыл-қоғалыстың, жүзеге асырылған шаралардың
жиынтығы болмақ. Алғашқы мүшелден кейін мұндай тойлар тиылып, тек мүшел жасы ғана
аталатын. Қазақ қандай ғұрпын, ырымын, салтын жасасын оның тәлім-тәрбие беру
мектебіне айналуын көздеген. Былай қарасаңыз,қазақта не көп, той, мереке, салтанат көп.
Оның бәрі, асып-төгіліп, шашылып тарату үшін жасалған, мақтаншақтың, бөспенің ісәрекеті емес, бала тәрбиесі үшін, жас ұрпаққа ұлағат үшін жасайды. Жас ұрпақтың рухын
асқақтату үшін жасалады. Оларды қазақ, жалпы түрде –бала думаны деп атаған. Жастардың
жүрген жері –думан. Ол,теріс ұйымдасса-тұманға айналады.Ата - ананың ақылы, сайрап
жатқан жолмен тең, ата-ананың сөзі-айдын жолдың өзі деп өсиет еткен ата-бабамыз, адам
деген ардақты ат, оған намыс пен ар қымбат, жігіт намысқа шабады, әрі оны намыс
өлтіреді деп, өзінің намыстан жаралғандығын паш етіп отырған. Жетеліні жеті жыл
жетелесең адам болады, жетесізді жетпіс жыл жетелесең де надан болады. Өз жігеріңді
шыңда. Әсіресе, жасөспірімдердің қиялының ұшқырлығына сай талпынтып, арманға
жетелеп, асқарға құлаш серметіп, желпіндіріп өсірген. Ер намысы-ел намысы,сенің
жасыңда ата-бабаларың пәлендей ерлік жасаған, түгендей батырлық көрсеткен дегенді
ақыл-кеңес арқылы да, асыл сөз арқылы да,өлең жыр арқылы да, ән-күй арқылы да,мысал
өнеге арқылы да жеткізе білген, көкірегіне тоқыта білген.
Қазақ тәрбие үрдісіндегі рухтандырудың ең шымбайлы амалы, қазақтың
елін,жерін,тауын,көлін өзен суына иелік ете білу сезімін оятып, оны жас ұрпақтың
жүрегіне,қанына, сүйегіне сіңіру еді. Басқаша айтқанда, мақтануға тұрарлық қазақта
қандай дүние, рухани байлық болса сонымен мақтана алатын ұрпақ тәрбиелеу еді. Сол
үшін, менің әкем-шешем, ата-бабам, әулетім, руым, жұртым деген ұғымдырды тереңдетіп
түсіндіретін болған. Қазақтай туыс-туғанына тым бауырмал халық өте аз болудың бір
себебі осы шығар. Қазақ баласына туған өлкесі, ата-бабасының қыстағы мен жайлауы,
ауылы, аймағы-ең қымбат, ең асыл дүние. Олар оны әке-шешесімен бірдей сүйген. Еділ,
Жайығымен, Есіл, Ертісімен, Каспий, Аралымен, Сыр, Тобылымен мақтана білген қазақтар.
Жалпы қазақта мақтанарлық көсем де,шешенде, батыр да, бай да, ақын да, ғалым-ғұлама,
әулие-баба, бақсы-балгер т.с.с. ұлт өкілі қай дәуірде де бар болған,кәзір де жетіп артылады.
Олай болса, Отаны мен Ордасы, Тауы мен Суы арқылы мақтана алатын АЗАМАТты кәзір
де тәрбиелей аламыз. Бұлай істеудің әдіс-айласы да әжептәуір қалыптасқан. Тек, әр жас
ұрпақ: ”мынау менікі,иесі менмін “деген сенімге нық,ойға орнықты, тұжырымға түйінді
болса болғаны.
Наным-сенім басты амал. Бұл амал-жас ұрпақтың тез нануына негізделген. Сондықтан,
жұрт арасындағы көне наным-сенімдердің өзі де тәрбие құралы ретінде күні бүгінге дейін
қолданылады. Екінші жағынан ,тәрбиелеу дегеніміздің өзі, біздің ықпалы-мызға
балалардың риясыз сенуі. Дәстүрлі тәрбие амалы жас ұрпақты шексіз сендіріп, сенімін
қанына сіңіріп, қалаған уақытында оған бас идіріп табындыра алуында. Ал, адамзаттың
рухани даму баспалдағы сол бір көне нанымнан басталады.Бала табиғаты қоршаған ортаға
қаншалықты етене болса, тәрбелеу құралы сол жақындықтың дәнекері болады, оны жүзеге
асыру амалы наным-сенім. Айталық, алғаш тісеген бала, тісін нанға орап (кей өлкеде етке
орап) итке тастап «Жасық тісім саған,пышақ тісің маған» деп күбірлейді. Немесе,
шілдеқоңызды қолына қондырып алып, «Ел қалай көшер? Ел қалай көшер?» деп әндетіп
117

117.

отырады. Дәстүрлі түсінік бойынша шілдеқоңыз қалай қарай ұшып кетсе, қоныс аударған
ауыл да солай қарай көшеді, балалар оған имандай сенеді. Ықылық тиген бала, саусағымен
күре тамырын басып тұрып; «Ықылық, ықылық! Ықылық менімен еріп, суға барды. Мен
келдім, ықылық сумен қалды» деп үш рет айтқанда, ықылығы тоқтайды (Дәрігерлерден
сұрасам, бұл ең дұрыс әдістің бірі екен). Менімше, бұл сенім нәтижесі. Жаңа ай көргенде
ересектер: «Ай, көрдім, аман көрдім, ескі ай, есірке, жаңа ай жарылқа!» десе, балалар;
«Айдың көңілі жай болсын, балалардың мінгені, жорға-жүйрік тай болсын…»деп тілек
тілейді. Бұл, айға табынудың бір көрінісі. Жалпы, күнге, айға табыну хунн дәуірінен бар
болумен қатар, ол дәстүр кейіннен тәңірге (көкке, аспанға), жерге (умай) табынуға ұласып,
әр түрлі жануарларды тотемге айналдыру, түрлі құбылыстардың иесі бар деген тәрізді
ұғымдар да өріс алды, осы көне түсініктің қай-қайсысын да пайдалана отырып, оған ислам
дүние танымын мінсіз қабыстырған ата-бабамыз, ұрпағын тәрбиелеу амалын дұрыс
таңдаған. Мұсылман ата-аналар өз баласы-ның мінез-құлқын жақсы біліп және оны
тәрбиелеуде ең жақсы тәсілдерді қолдануға тиісті. Олар әртүрлі тәсілмен балалар
махаббатына ие болып, жас ерекшелігіне қарай еркелетіп, әзілдейді, ойнайды, оларды
мақтап, ата-аналық махаббатын білдіретін сөздер айтады, оларға көмектеседі Бұдан бала
жаны шаттанып, ата-анасын жақсы көріп сүйетін болады. Осыдан кейін бала ата-анаға
сеніп, олардың айтқанын құлшына орындайды, ата-анасын құрметтейді. Кейбір адамдар
ата-аналардан өз балаларымен кішіпейіл, қарапайым, қарым-қатынас жасауы оның бала
алдындағы беделін түсіреді деп ойласа, мұнысы мейлінше қате пікір болар еді. Шын
мәнінде баланы мейрімділікпен тәрбиелеу ең дұрыс та тиімді жол. Бұл турада,
Пайғампарымыздың жеке басының үлгісі де жеткілікті. Бір де, Аллаһтың Елшісі қолына әлХасанды көтеріп үйден шығады да, баланы жерге қойып, өзі намаз оқуға кіріседі. Ал, бала
намаз оқып отырған атасының арқасына шығып алады. Намаз біткеннен кейін адамдар
Пайғампарға: «Ой, Аллаһтың Елшісі, сен намазда сәждені созып алдың ғой» дейді. Сонда,
Пайғампар: «Менің балам арқама мініп алды, ал мен оның ойынын бұзғым келмеді» деген.
Міне, әр мұсылман өз балаларын осылай аялауы керек, оларға мейрімділік пен жұмсақтық
көрсетіп, оларға шамасынша бақыт пен қуаныш сыйлауға тиіс. Бұл мұсылмандық тәрбие
талабы. Қазақ халқына бұл заң ретінде қанына сіңген тәрбие жолы. Адамға құдай
сыйлаған,қасиеттердің ең асылы-мейірбандық. Жүрегі таза болса адамның, періштеден
айырмасы болмас еді. «Ата-ана баласы үшін өнегелі тәрбиеден артық ештеңе де бере
алмайды.» (хадис) Абай атамыз: «Біреулер құдайдан бала тілейді, ол баланы не қылады?
Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқытсын дейді, қартайған күнімде
асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?»
Әжесінің тізесіне жастанып жатып, әжесінің айтқан ертегісіне уыздай ұйыған жас
сәбидің қиялы,сол ертегі кейіпкерлерінің нақтылы бар екеніне, олардың ертегі оқиғасын
бастан кешкеніне шексіз сеніп, Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ, Жетібасты дәу, айдаһарлардың болғандығана шүбәленбейтін. Мифологиялық танымдарды да тамаша пайдаланған.
Соның бірі, Наурыз мейрамындағы салттар. Байырғы қазақтар жақсылықты –кие,
жамандықты-кесір, қыс иесін –Зымыстан, жаз иесін-Табыстан деп атаған. Жақсылық пен
Жамандықтың жан алысып, жан беріскен тайталасы жыл санатына қосылмай қалған, алты
күн -өліара шаққа дөп келеді.Осынау «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер», «өлінің
ары тартар, тірінің бері тартар», «қара қатқақ,аш өзек » жыл мезгілін халқымыз «Өліара»
деп атаған. Ертеректе қазақтар катерлі өткел болған осы күндерді өткізбей тұрып, қонақ
шақырмаған,сапарға аттанбаған, тілеу-той жасамаған, «апырай, қайтер екен »деп «жаздың
шығар, қыстың қайтар», «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» мезгілінде ауыл иттерін де
үргізбеген.Өліара-ескі мен жаңа, қыс пен жаз,көне жыл мен жаңа жыл, өткен уақыт пен
келер уақыттың жік-жапсарындағы ұзын ырғасы, бас-аяғы алты-жеті күнге созылған
аумалы-төкпелі мезгіл, ауыспалы-өтпелі мерзім, бейберекет-беймезгіл мезет, аласапыран
қаламақай уақ, қарақұла өліара шақ. Ескі ай батып, көк жүзінде жаңа ай көрінбейтін екі-үш
күн уақыт та өліара аталады.
118

118.

Ата-бабаларымыздың Өліараны уықыт есебіне қоспауының бірден-бір себебі, әлемдік
мифологиялық таным бойынша, Жаратылыс жаратылмай тұрып, Уақыт пен Кеңістіктен
тыс Жаратушының бұл дүниені алты күнде жаратып, жетінші күні демін алған уақиғаға
байланысты. Жаратылыс жаратылған осы алты күнде бүгіндері жер шарына көктен Нұр
жауып,жетінші күн бүкіл жаһаннамға тарайды. Осы түн-Қызыр түніне сәйкеседі. Қызыр
түнінде әулеттердің тәлімдік, тәрбиелік, үлгілік өнегелігімен кісілер жанын пәктеп, адам
баласының мінез-құлқы мен іс-әрекеті, яғни қылығы түзеліп, Руханият түпкі тегіне тартып,
Рух әлемнің есебіне қосылмақ. Қызыр түні Ел – жұрт Алладан: От басыларына береке
орнап, үй ішіне құт келуін, әулетбасына ынтымақ жайлап, әулетке ризық енуін тілеген.
Осының бәрін орайластыра отырып, Наурыз мерекесін тәрбие мектебінің жұмыс жасайтын
айлығына айналдырған. Осы мезгіл аралығында барлық адамдардың жас ерекшелігіне
сәйкескен рәсімдер мен ғұрыптарды өткізе білген. Мәселен, Қызыр Атаның тарататын
сыйлығынан үлесін алу үшін сәбилердің өзі үлкен дайындық жасайтын болған.
Үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл кеңес беру. Көпті көрген көнелер, көп ой түйген кеменгер ұрпақкейінгілерді жаңсақ қадамдардан сақтандырушылар, қателіктен қақпайлаушылар, мінін
түзеушілер,жақсылыққа жетелеушілер. Өйткені олар ағаттықтың, аңқаулықтың, білместіктің не екенін жақсы аңдайды, анық біледі, өздері кешкен опық өкініштердің қайталауын
қаламайды. «Ақылың болса ақылға ер», деп қазақ атамыз жасқа ақыл-кеңеске құлақ асуды
ескертсе, «Алдыңғы жақсы, артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаны қайсы»-деп үлкеннің
парызын айқын көрсетеді. Себебі, «Жас-қарттықтың көзі, қарт-жастықтың тезі » ғой.
Тәрбиелеудің ұлттық үрдісінде үлгі-өнегенің ықпалын өте жоғары бағалаған. Ата-ана,
ағайын-туыс, таныс-жегжат, ауылдас-көрші, құрбы-құрдас өнегесі бала тәрбиесіне күшті
әсер ететіндігін дәл көрсеткен. «Өнегелі дана жоқ жерде,өнерлі бала да жоқ », «Өнеге күші
өлшеусіз», «Ағаштан ағаш рең алады,адамнан адам тәлім алады » деу арқылы тамаша
тұжырым жасаған. Әке балаға қарыз. Тәрбие деген Тәңір бар. Ағаға қарап іні өсер. Тегінен
нәр алған тозбайды. Өнегесіз өсу жоқ, тәрбие ділмен басталады, тілмен дамиды. Әркім өз
баласын, өз тәліміне қарай тәрбиелейді. Ана баулыған бала-епті, әке баулыған бала-есті.
Асыл-асылына, нәсіл-нәсіліне тартады. Атаның ақылы балаға-азық, жолы жазық. Ұлттық
тәрбие үрдісінің үлгі-өнеге көрсетіп, ақыл кенес беру жолы көптеген тәрбиелеу амалдарын
туғызған. Олар: Адамның өсіп-өнген ортасы-ауыл аймағы,қауымы үлгілі -өнегелі болуын
көздеу; ақыл-кеңестің орынды,бала жүрегіне жететін бағалы, нұсқалы болуын ерекше
қадағалау, жас сәбиден бастап еңкейген кәріге дейін,қарадан бастап, ханға дейін өсиет
айтып, кеңес беру, насихаттау қазақ әдіс-амалы қалыптасқан. Баланың тентек
болмағы, әуелі –үйінен. Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті. Ағадан
қалғанды іні киіп өседі, ападан қалғанды сіңлі киіп өседі, көргендерін бойына түйіп өседі.
Аға-ініге ұстаз, апа-сіңліге ұстаз. Ұлың өссе,ұлы үлгілімен ауылдас бол, қызың өссе қызы
үлгілімен ауылдас бол, қатарына қарап бала өседі. Мұның бәрі ортаның бала тәрбиесіне
ықпалын көрсететін қазақ тәрбие үрдісінің негізгі ережелері. Осының нәтижесінде ұлттық
тәрбиенің алтын ережесі-бала тәрбиесі баршаның ісі деген қағида қалыптасқан. Айтылған
сөз тебірентсе, жүрекке жеткені, тебірентпесе далаға кеткені, бала жүрегі- пәк, жақсы
көргенді ғана,жақсы көре алады. Бұл мәселенің екінші жағы тағы бар. Баланың ағасы,інісі,
апасы, сіңлісі болғанда ғана,олар көп болғанда ғана тәрбие нәтижелі болатындығын
ескерткен. Сондықтан, бала тәрбиесіне әсер етуші барлық дүние, құбылыс,өзгеріс өнегелі,
игілі болсын. Алдынғылардан, ағалардан, өмір тәжірибесі бай, түйгені мол, қосар кеңесі көп
жандардан үлгі алсаң, үйреніп көрсең сен де айтулы азамат болып өсесің дейді халық.
Халқымыз қандай бір білім мен өнегені балаға қолма-қол көрсету, көрсете отырып үйретуді
басшылық еткен. Мәселен еңбек дағдысын игерту үшін бақташы малшылар, етікші, үйші,
кестеші, өрмекші, өрімші тағы басқалар әуелі өзі істеп көрсетіп, онан соң өзі қадағалап
отырып істету, ең соңында балаға өз бетінше істеткен. Айталық, үлкенді сыйлау, қартты
құрметтеу, қонақ қабылдау, күту және аттандыру әдеттерін де көрсету арқылы ұқтырып
үйреткен. Қазақтың «көре-көре көсем» болады дейтіні осы. «Ауылдасына қарап,
азаматтығыңды таны» дейді халқымыз. Өзіңді, өзіңнің жан дүниеңді өзгелермен салыстыра
119

119.

отырып білу тиімді екені белгілі. Осыны аңғарған қазақ атамыз бала тәрбиесінде басқаға
салыстыра отырып құлақ қағыс жасауды көп қолданған. Жалпы салыстыру арқылы танып
білу тиімді әдіс,ұтымды үрдіс және көз ашқаннан көз жұмғанға дейін қажетті де пайдалы
дағды. Мұны пайдаланудың жөн-жосығын әр жастағы балаға, ұланға, жеткіншекке, жігітке
үйрете білу және оны қолдана білу үлкендерге парыз.
Жаттықтырып-дағдыландыру,талап қойып шыңдау. Қазақ айтып үйретіп, көрсетіп
ұқтырумен ғана шектелмеген. Қандай бір әдеп, әдет, дағдының шынайы мәнін түсіндіріп
оны ойға тоқытады. Кішкентайлар әдепті бір қылық жасаса оны үнемі қайталатып,
жаттықтыратын. Мәселен, үйге кірген адамға сәлемдестіру дағдысын игерту үшін сәбиге;
«Кәне, ассалау...» десе,атасы; «ботам, оң қолың қайсы, оң аяғын кәне, бір тізерлеп отыршы,
аллауакбар айтпаймыз ба?» деп отырады. Әжесі, «қозым, құманды маған жақындатшы,
құлыным, әлгі, рахметіңді айта қойшы, жұлдызым, сау болыңыз- ды айтпаймыз ба, апасы
жүргелі жатыр ғой т.б.» үнемі еске салып отырады. Жаттықтырып-дағдыландыру еңбекке
баулудың басты жолы. Баланың жақсы жағын онан әрі жетілдіру үшін, теріс қылық, артық
қозғалалысын доғарту үшін халық әр дәрежеде талап қойып, шыңдауды ұнатады. Талантты
өсіретін-талап деген сөз бар. Мүндағы « талаптың » екі мағынасын аңғаруға болады.
Біріншісі-адамның өзінің талап-тануы, екіншісі-жұртшылықтың одан өсуді, толысуды,
жетілуді талап етуі. Тәрбиелеудің ұлттық үрдісі бойынша тәрбиелеу жолының шыңдау
амалында, талап ету арқылы тәрбиеле, бұл үшін әуелі талап етуді үйрен, қояр талабың
баланың ойына, бойына шақ па соны біл. Яғни ойлылықпен әділ талап ет. «Аға болсаң ақыл
айт, ақыл айтсаң мақұл айт.» Әлгі әділ талап төркіні осында. Үйрету-үлкеннен, үйренукішіден. Үйрет, үйрет те міндет ет. Яғни, үйреткеніңді толық үйренуді талап ет. Ұзын арқан,
кең тұсауға, болбыр-лыққа, бостыққа, ұйқышылдыққа, уақытты зая жіберушілікке жол
берме! Ондайға жол берсең, өкінуші жалғыз емес, екеу болмақ. Бірі шәкіртің, бірі өзің.
Ұлттық тәрбиенің талап қою амалын екі топқа топтауға болады. Біріншісі-тура, екіншісіжанама талап қою. Уақытылы қатаң талап қойып, қолма-қол орындату, жасату, атқарту
тура талап болса, басқа біреулер, туыс-туғандары арқылы немесе қас-қабақ, ыммен, дауыс
ырғағымен, бет әлпетімен талап етуді жанама талап демекпіз.Талап қою мына амалдармен
жүзеге аспақ.
А.) Ақыл қоса талап қою.Серік, сен ұсақ малды жайғанда соңынан еріп жүре бермей,
табынның алдына шығып, тоқыратып,қоралы қойдың алды-артына көз тастап
байқастағаның дұрыс. Бүгін мен сені бақылап, байқап отырамын. Осыны орында! Мұның
пайдасы мынау:мал аз жүріп, көп оттайды, табынның алды-артын үнемі қадағалау өлімжітімге қырағылықты арттырады.
Ә.) Сенім артып талап қою. Қайрат, сенің қолыңнан ат арқандау, жылқы бекіту келеді
ғой. Мен кешке келмей қалсам, сен ана малдарды жайғап, отқа қоя берерсің. Сенім артып
талап қою, қолдаумен де ұштасып жатады. Себебі, «жаза баспас адам жоқ»дейтін қазақ
сүрінгенді сөзбен соққыға жығып, сүмірейтпейді,қайта еңсесін көтеріп жұбатады. Қазақ
баланың бір кез жаңылып басқан аяғына, артық айтқан сөзіне, оғаш кеткен мінезіне
есеп жасай бермейді. «Тәйір-ай, ондай-ондай хан қызында да болады», аңдаған адамға
«Әттеген-ай!» сайын ақыл қосылады. Елдің ескі заманнан бері ескірмей келе жатқан бір
мақалы «Көш жүре түзеледі» демей ме? Өйткені туа сала тұлпарға мінген ешкім жоқ. Табыс
табан астында оқыстан қолға қонбайды. Ұсақ та, ұлы істердің жүзеге асуына уақыт керек.
Б.) Қас-қабақ, ыммен талап қою. Ұлттық тәрбие үрдісінде баланың жақсы ісін, мәнді
қылығын,биязы мінезін көргенде оларды онан ары ынталандыру үшін, бас бармағын
шошайту, қолын басынан биік ұстау,жылы жүз таныту сияқты қимыл жасап оны тілекпен
демеп; «таудай бол, өркенің өссін,ұлкен жігіт бол,молла бол,т,б,» мұнанда артық,қылықты,
мінезді, өнерлі болуын талап етеді. Ал, теріс қылығы үшін,оғаш мінезі байқалса, қас
қабағын түю, жөткіріну, түйіле қарау, шынашағын көрсету арқылы ондай мінезді доғаруды
талап етеді. Бұл жас балалар үшін өте ұнасымды талап.
В.) Шарт арқылы талап қою. Баланың оғаштығын, әсіресе, бұрын байқалмаған
қылығын, мінезін, іс-әрекетін аңғарған адам, оның осы жағдайын жоюға дейін уақыт
120

120.

беріп,шарт қойып, талап ететін. Кей жағдайда баланың бір нәрсесін алып уақытша бермей
қою, не жетіспей тұрған, қолда жоқ бір дүниесін,қажетін осы оғаштықты жойған соң алып
беретіндігіне, тауып беретіндігіне уәде етіп, шарттасып, талап қоятын болған.
Г.) Реніш білдіріп талап қою. Есет, саған не болған, осыншама? Үсті – басың шаңшаң. Түймелерің салынбаған. Өй, сенгенім сен болсаң. Жылдам барып түзеліп келгенің жөн
болар! Бар, бар. Мұндай талапқа қояр өлшем бар. Ол-«көңіл нәзік, сөз батыр!» Көңілге
кірбің қалдырмау, басқаның жүрегін жаралауға болмайды.
Ғ.) Қорқыту арқылы талап қою. Бұл жас баларға көп қолданылатын амалдың бірі.
«Аю келеді, үбіжай, тышқан жүр» деп сескендіруден бастап, «үйге жалғыз қалдырып
кетемін,қонаққа ертіп бармайым, алысқа кетіп қаламын т.с.с.» жалған қорқытуларды
қолданған. Алайда мұның теріс ықпалы да болған. Мәселен, баланың қорқақ, үрейленгіш
болып өсуіне, өтірік айтуына себепші болған-ды.
Ынталандыру жолы. Тәрбиелеудің ұлттық үрдісінде егер ата –ана баланың қандай
бір ұнасымды қылығын, не мінезін аңғарса оны мадақтауға тиіс. Себебі бала үлкендермен
бірдей өзіне ыстық ықылас, ізгі ниет көрсеткенді ұнатады. Осыны ескерген халық
балаларды ынталандыру ниетімен мадақтау арқылы олардың жан дүниесін тербеп,
сырттай ықпал етудің тамаша үлгісін қалыптастырған. Ынталандыру түрлерін
балалардың жас ерекшелігіне сай ұтымды керектенген. Аймалау, иіскеу. Жас нәресте
өмірге келгеннен тілі шығып оң-солын ажырата бастағанға дейін ынталандырудың осы
амалы қолданылады. Әке-шеше, ата-анасынан бастап ағайын –туған бәрі де нәрестені
көргенде, қолына алғанда көрімдігін беріп (егер алғашқы рет болса) қауымға айтулы азамат
қосылғанына қуанышын білдіреді, таудай талантты, үлкен жүректі, мықты білекті, ақ ниетті
адам болуын тілеп, «жарығым, күнім, қозым, ботам,т.б.» деп аймалайлды. Егер нәресте
қырқынан шыққан болса,бұл ыстық ықыласты езу тартып, жылы шыраймен қарсы алады.
Бұл адамға деген мейрімділіктің алғашқы нышаны. Тілі шыққаннан ат жалын тартып мінер
халге жеткенге дейін, етек жеңін жиғанға дейін қолданылатын әрі ынталандыру, әрі
мейірлендіру (өз мейірін, сүйіспеншілігін білдіру) амалы иіскеу. Қазақ ғұрпында баланы
тек маңдайынан иіскейтін болған. Ал жасөспірімдер мен бозбала, бойжеткендерді, тек алыс
сапарға аттандыру, жолға шығаруда ғана бір бетінен иіскеп, қайта оралғанда екі бетінен
сүйетін болған. Ата – анасы баласы есейе бастағанда тек олар ұйықтап жатқанда ғана иіскеп
аймалайтын. Мұның екі түрлі мәні бар. Оның біріншісі-ынталандыру еркелетуге айналмасын деген ниет. Екіншіден жас өспірім; «өзім, үлкен болдым, ересек болдым» деген ойды
үнемі жадында ұстайтындықтан аймалау, олар үшін сәбиге ғана тән нәрсе деп
ойлайтындығымен санасқандық болмақ. Өз басымыздан кешкен мына бір жайды еске
түсірейікші. «Жан ботам,бері келші. Апасы құлынының маңдайынан бір иіскеп жіберсін.
Жүгіріп барып ана бұзауларды қайырып келші. Немесе, апасы құлыншағының алақанын бір
шөп еткізсін,қолыңды жуып келе қойшы!» Міне, анамыз бізді осылай аймалаған. Ал,
маңдайымыздан сипап, бауырына басып, елжірей құшақтағанда әке-шеше мейрімінің
рахатына тең келетін ұжмақ пен бейіш бұл дүниеде болмайтындығына көзіміз жетті ғой
шіркін! Өмірді, адамды, ата-ананы сүюге тәрбиелеудің ірге тасы осылай қаланады. Алғыс
айту, ақбата беру,ізгі тілек тілеу. Жақсы сөз жанды жылытады. Ел алғысын алсаң, елдің
елеулісі боларсың, көптің алғысын алсаң, халықтың қалаулысы боласың. Баталы ұл
арымас,батасыз ұл жарымас. Қазақта үш қуаныш деген ұғым бар. Олар:алғыс алу; өзіңді
көптің іздеуі; ісіңнің өшпеуі. Жанымызды серпілтіп,марқайта отырып қанаттан-дыратын
тілек сөздер мен алғыстар-ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Жауынмен жер көгерер,
батамен ер көгерер. Алғыс және тілек сөздердің қарапайым тәрбиелік, тағылымдық мәнінің
зор екендігі баршаға мәлім. Тәрбие құралы ретінде алғыс және тілек сөз, бата әр арналы
жеке дария болып есептеледі. Бұлар жас ұрпақтың жетелі, зерделі,әдепті, кісілікті, көркем
мінезді, терең танымды болуын тілейді, жерін, елін қорғауға дайын сайыпқыран болып
ержетуін қалайды. Бата –сөз анасы, бата-жастарға мәңгі құт немесе «Атаңнан бота
қалмасын,бата қалсын» деген пайымдаулар алғыс және тілек, бата сөздер біріге келе
тәрбиелеудің тамаша теңізіне айналатындығын көрсетеді. Алғыс және тілек сөздерді екіге
121

121.

топтаймыз. Олар: қуанышын, мархабатын,ізгі ниетін айқындайтын ақ тілектер мен алғытар; басқаның талпынысына, еңбегіне, құлшынысына қолдау көрсету үшін айтылыатын ақ
тілектер мен алғыстар. Ал, батаны тәрбие құралы ретінде беске жіктейміз. Олар: батагөй
қарттың ұрпағына (ақынына, батырына, шешенініне, ханына, халқына, қайраткеріне, т.б.)
сәттілік тілеп жасайтын уыз батасы; арнайы қалап алатын ақ бата;дастархан батасы;
басқаның қайрымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін берілетін алғыс бата; үлкен
мен кішінің қуанышына, тойына тілеуінде берілетін тақырыптық бата.
Мадақтау. Тәрбиелеудің ұлттық үрдісінде, баланың еңбектегі, әдептегі және
адамгершіліктегі әрбір талпынысын, әрбір табысын, аңғарған ата-ана, көрші –қолаң, әр
адам оны мадақтап ынталандырып отыруға тиіс болған. Мадақтаудың баланың жасы мен
жынысына қарай қолдану шарты бар. «Баланы бұзғың келсе орынсыз мадақта» немесе
«Артық мақтау тергеуден жаман» дейтін себебі осы шарттың талабы. Тәрбиелеудің ұлттық
үрдісінде мақтау екі түрлі мақсатта қолданылған. Ол ең әуелі баланы ынталандыру
үшін,екінші мадақтауға көндігіп, мадақтаусыз (ақысыз) қозғалмайтын-дардың жасы
өрлеген сайын (жас өспірімдер мен бозбалаларды) ұялту үшін қолданылады. Мысалы,
кейбір теріс мінез құлыққа дағдылынғандар абайсызда, ойламаған жерде дұрыс іс істей
қалса, не болмашы істі тындырып.осыған «ақы» сұрай қалса, ата-анасы «қайтсін, кішкене
ғой,жас қой, сәби ғой, былай жасау басқаның қолынан келе қоймас еді» деп орынсыз мақтай
жөнелетін. Тіптен ырым жасайтын: «Шөп немесе ши сындыратын». Кейбір жағдайда тым
әсерлі болу үшін «Бөрене,дөңбек сындыру керек еді» деп жатады. Мұндай мақтауды (шын
мәнінде кекету) әсіресе құрбы-құрдастары алдында қолданатын. Бұл өте тиімді болады.
Алайда мақтау орынды болуы басты шарт. «Жоқтай алмайтын әйел өліктің басын шірітеді»
демекші мақтай алмаған адам баланың жанын күйік етеді. Орынсыз мақтау баланы еркешолжыңдыққа,есіріктікке жетелейді. Тіпті отбасы мүшелерінің арасындағы тең құқылықтық пен ата-әже мен әке-шеше арасында келіспеушілік, түсініспеушілік туғызуы да мүмкін.
Марапаттау, сыйлық ұсыну. Баланың кесек табысына, әсіресе жас кезіндегі үлкендер
ісіне еліктеп, атқарған еңбегі мен қылығына, талпынысы мен бейімділігіне қарай сый сияпат көрсетуді қазақ тәлім – тәрбие үрдісі қуаттайды. Сыйлық ұсынудың қазақ
қоғамында ата-ана, туыс-туғандар үшін белгілі жол-жорасы болған. Айталық, балғындарға
анасы, әжесі, әпеке-жеңгесі сыйлық үшін тапшы, қат немесе сирек болатын тағамдарды
ұсыну, онан ірірек болғанда киім-кешек, тіпті кезі келгенде, уақыты болғанда төсек-орын,
үй-мүлік жабдықтарын сыйға тартқан. Атасы, әкесі қатарлы адамдар қолына ұзақ жылдар
ұстаған қамшысынан бастап астындағы аты, үстіндегі киіміне дейін балаға, жігітке шешіп
берген, арнайы дайындап сыйлыққа ұсынған. Әсіресе жас адамның еңбектегі еселі
табысын,кәсіптегі ерекше бейімділігі мен баланың талантының алғашқы талпынысын
көргенде әуелі ізбасарлық мирас үшін, екінші сый сияпат үшін, үшінші іскерлік пен
шеберлікті, білімділікті, өнерді шыңдау үшін кәделі сыйлықтар ұсынған. Мысалы, жас
шопанға –таяғын,жылқышыға –қамшысын, құрығын, зергерге –дүкенін, саятшығатұғырын, томағасын т.б. сыйлаған.Араша түсу. Тәлім-тәрбие үрдісінде тәрбиеленушіге зор
талап, қатаң тәртіп қойылумен қатар оларға сенім жүктеп, сенім арту негізгі қағидалардың
бірі болғандықтан араша түсу, ақтап алу амалы әрқилы жас адамыны да қолдынылған. Бұл
бала тәрбиесі баршаға деген қағиданы жүзеге асыруда да қолданылатын негізгі тәсіл. Бір
жолғы қате немесе теріс іс-әрекетімізге әпеке-жездеміз, аға-бауырымыз, бейтаныс үлкенкіші кез-келген адам әкемізден арашалап алу ата дәстүріміз. Мәселен, алты жасар Әлібек
абайсызда ішіп отырған айранын сырмақ үстіне төгіп алды. Отбасындағылардың бәрі
дерлік мұны көріп отыр. Атасы, әжесі, ағасы үндеген жоқ. Аздан соң, әкесі Әлібекке ұрса
бастап еді, шешесі;-Әкесі-ау, болды ғой!Әлібек, онсыз да, тазалап жатыр. Байқаусыздан
болды.Атасының баласы ендігәрі ондайға бармайды.Тиянақтылықты дағды етеді.
Атасының баласы үлкен ақылды, ұқыпты, мінезді болатынын біздің Әлібек жақсы біледі.
Әкесі сөзін дереу тыйды. Әңгіме аяқталды. Бұл араша түсудің ең қарапайым түрі.Ол
үлкеннің беделін арттырып, кішіге сенім жүктеп ізгілікке тәрбиелеудіәң тиімді тәсілі.
122

122.

Жазалау. Бұл ынталандырудың кері жолы. Алайда қойылатын талап дәрежесі екеуінде
бірдей болған. Айталық, жаза қателігін мойындаған және қателік деңгейіне дөп келген
болуы керек. Баланың жас және жеке бас ерекшелігіне сай қолданылуы қажет. Осы
негізінде жазалаудың әділ, әрі залалсыз түрлері қалыптасқан.
Шектеу. Бұл амалды нәрестелерге қолданатын. Еңбектеп жүрген сәбилер мен аяқ-қолы
жаңа шыққан балапандар от пен суға түскіш, құрал-жабдыққа ұрынғыш келеді. Осыны
болдырмау үшін, жіпке байлау, айналасына бөгет қойып сәбилерді шектейтін болған. Кей
жағдайда балаларды жазалау үшін қат ас –судан, шөміштен қағып, сыбағасын кейінге
қалдырып шектеу де жасалған.Күлкі-келеке ету, мазақтап,сықаққа айналдыру. Сәбилер
арасында мазақтама аталатын тәрбие құралы барын айттық. Зілсіз қалжың етіп, жастарды
ептеп күлкіге сүйеп, түйреп те, іреп те, мүйіздеп те алатын ата жолымыз бар. Мысалмен
тұспалдап, қызым саған айтамын, келінім сен тыңда дейтін қазақ тәрбие жолының осы бір
амалдарын мың құбылтып жарамды пайдаланатын. Кезі келгенде кекетіп те алатын. Кәзіргі
сықақ және күлкі театрларының ататөркіні тәрбиелеудің аталмыш жолынан бастау алғандығы анық. Халық баланың теріс қылығы мен мінезіне ескерту жасаса, айтқанына құлақ
аспай, бір нәрсені бірнеше рет айтқызып орындайтын жалқаулар мен ездерге,бейпіл ауыздар мен жадағайларды ұрысып сөгетін,дауыс көтеріп жекіретін.Тіптен қорқытып та алатын.
-Аю келеді!.Үбіжәй жүр, деуден бастап «Жылама, орыс келе жатыр, атып кетеді; Тамаққа
өкпелеме, қытай келе жатыр, сатып кетеді» тәрізді жалған қорқытулар тәрбиеде бір кез жиі
қолданылатын.Алайда, қорқыту қашанда нәтижелі бола бермейтіні баршаға аян. Қазақтар
арасында ұят арқылы тәрбиелеу жолы нәтижелі қолданылып келген. «Өлімнен үят күшті»
деп түсінген ата бабамыз, анау-мынауды білгенше, жақсы мен жаманды біл ажыратып деген
ғой.Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі-ниетінде екендігін білген қазақ атамыз, ұят деген
киелі абыройдан аттамауды ерекше ескерткен. Ұят-ізгіліктің –ұясы. Есті бала ұяттан –қорқады, ессіз бала таяқтан қорқады. Қыз баланың қымбаты мен қимасы-ұяты мен ибасы.
Сондықтан да, қандай мінез құлықтың, іс-қимылдың, әдеп пен әрекеттің қазақ ұлы мен
қызына неше жасында, қай мезетте жат, әрі ұят екенін жалықпай жаттатып,
жаңылмай ұғындыра білген. Оның амалдары тым мол еді. Той-мереке, думан сауықтарда
жаңылтпаш айттырып, әзіл оспаққа айналдырып ұялтудан бастап, үлкендер алдында
кемшілігін мойындатып ұялту, замандастары алдында сынап ұялту, жасы кішілер алдында
айғақ етіп ұялту т.б. Тәрбиелеудің келесі бір жолы-жастарды жаман адамнан, жат
қылықтан, ұнамсыз әдеттен, орынсыз әдептен жирендіру.
Сынау. «Әке - балаға сыншы» дейтін қазақ қауымы баланы сәбилік шағынан бастап мінезін,
білімін, дарынын үнемі байқап, сынап, қадағалап отырған. Жаманын жасырып жеке өзіне
ескертіп, арылтып жойып отырса, жақсысын өсіріп қауымға паш еткен. Бірақ адам
бойындағы жақсы мен жаман, бейімділік пен талант нышандары екінің біріне оңай
байқалып,біліне бермейтін еді. Сондықтан, ата-аналар, көпті көрген, көзі қарақты, көңілі
ояу, қолы шебер өнер иелеріне немесе би шешен, ақылгөй даналарға, адамтанушыларға
барып балаларын арнайы сынататын. Әке-шеше, ағайын-туыс, тіпті алаштың әр азаматына
дейін балаға сыншы, әрі оған жауапкер болған. Баланың өзі де, өз мінезі мен қылығына
жауапты. Әрі сыншы.
Тиым салу, жолын кесу. Қазақ қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тиым салып,
әдепсіздікке, ұятсыздыққа, бейбастаққа ешуақта жол бермеген. Керек десе, кексе әйелге,
жігіт ағасына да беталды жадағайлыққа, бассыз-баусыздыққа, асып-тасуына жол
берілмеген, оларға да тиым қойылып, тұсау салынған.
Қолтигізу. Бұл үлкендердің балаларға жасаған қиянаты. Жалпы, балаға қол тигізбейтін
ұлттар мен топтар дүниеде баршылық. Қазақ та, солардың бірі еді. Қоғамның халық
ұғымына, тәрбиесіне еткен әсері, қалдырған нәрсіз мирасының бірі. «Аюға да намаз
үйреткен таяқ » деген қағиданы ұстанған кей ата- аналар бұзақылық жасағаны үшін, шектен
шығып бара жатқанын сезгенде баласына әр дәрежеде қол тигізетін-ді. Кей жағдайда, ол да
нәтиже беретін.
123

123.

Әдебиеттер
1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы
А.1977
2.Ахметов Ш.Бала тәрбиелеу қазақ дәстүрі
А.1966
3. Ахметов Ш. Народные традиции воспитания детей у казахов.
А.1966
4.Аймауытов Ж. Психология
А.1995
5.Арғынбаев .Х.Қазақтың отбасылық дәстүрлері
А. 2005
6. Абай. Қара сөздері.
Алматы 2006
7. Азаров. Ю.П. Отбасы педагогикасы.
Москва, 1985
8. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.
Алматы: 1975
9.Баласағұн Ж.
Құтты білік
Алматы 1986
10.Ы,Алтынсарин.. Өнер білім бар жұрттар
А.1991
11.Ы,Алтынсарин.Мұсылманшылықтың тұтқасы
А.1994
12.Шәкәрім. Энциклопедия
Семей 2008
13.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
/Т.Ж. 13 том/
Павлодар. 2008
14. М.Дулатов
Шығармалары
А.1991
11.Жұмабаев М. Педагогика
А.1992
12.Қ.Жарықбаев,С.Қалиев Қазақтың тәлім-тәрбиесі
А.1995
13.Жарықбаев Қ.Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі
А.2005
14.Бейсенбай К., Нурматов Ж. Е. Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам»
концепциясы // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 7-9
15.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы
І том; ІІ том А.1994
16,Қазақтың психологиялық ой-пікірлері
А.2006.
17 Психология: Энциклопедиялық сөздік
.Алматы: 2011
18..М.Мырзахметұлы. Абайтану: оқу құралы2010.
Алматы:
19.Қалиев С. Қазақ этнопедагокикасының теориялық негiздерi мен тарихы А. 2003
20.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика.
Астана: 2006.
21.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері
А.1995
22.Озғанбаева Ө.О.Халықтан асқан ұстаз жоқ
А.1997
23.Оршыбеков Ы. Қазақ халық творчествосындағы азаматтық
тәрбие.
А.1998
24.Оразбекова К. Иман және инабат
Алматы1993
25.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті
А.2005
26..Кенжеахметұлы С.
Жеті қазына (1,2) А.2000 ;
А.2003
27.Кенжехан І. Рухани уыз
А.1991
28.Мұқанова Б., Р. Ильясова
Этнопедагогика:
Астана 2008
29.Мухамед Әли әл-Хашами Мұсылмандық тәрбие
А.2002
30. Кемел кісі ілімі
Қарағанды 2016
31.Волков Г.Н. Этнопедагика
Чебоксары. 1974
32. Афанасьев Н.Ф. Этнопедагогика народов дальнего Востока и Сибири Иркутск, 1980
33.Сәрсенбаев Н. Обычай,традиции и общественная жизнь
А.1974
34.Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар
А.2005.
35.А.Ноғаев. Даналық ойдан дән ізде.
Алматы: 2013
36. Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар
Астана 2015
37.Қазақ халқының философиялық мұрасы. 4-том.
Астана: 2005
38.Тәрбиелеу қазақ ілімі
Қарағанды “TENGRI Ltds”
2018. ISBN-978-6017980
39.Қабдыразақұлы Қ. Ұлттық тәрбие үрдісі
Қарағанды 2014
40. Ана мектебі
Астана 2014
41. Әулет мектебі.
Астана 2013
42. Ұлы даланың ұлық ұстаздары
Қарағанды 2016
43.Адамтану қазақ лімі
Улаан-баатар 2018
44.Иманипедагогика
Улаан-баатар 2019
124

124.

МАЗМҰНЫ
Кіріспелік бөлім. Әулет педагогикасы
1§.Отбасы және оның педагогикасы
3
2§.Қазақ отбасы тәрбиесі. Әулет педагогикасы
11
3§. Әулет педагогикасының көне бастаулары
15
4§. Әулет педагогикасының оқулықтары
28
5§. Әулет педагогикасының мұраты мен мақсаты
37
6§. Әулет педагогикасының қағидалары
41
Бірінші бөлім.Әулет педагогикасының арнайы оқулары
2.1§.Әулет мектебінің әлеуметтік пәндері
53
2.2§.Кісілік кеңес- тәрбиенің басты сабағы
64
2.3§.Әулет мектебінде көкірек көзін ашу басты міндет
67
2.4§.Балатану баспалдақтары
73
2.5§.Жеңге, жезде мектебінің өміртану сабақтары
85
Екінші бөлім.Әулет педагогикасының тәрбие құралдары мен жолы
3.1§. Әулет педагогикасының тәрбие құралдары
99
3.2§.Тәрбиелеудің ұлттық жолдары
115
Әдебиеттер
124
Мазмұны
12
English     Русский Правила