Похожие презентации:
Көк ірің таяқшасы. Экологиясы. Тұрақтылығы. Ауру адамнан таралу жолдары. Көк ірің таяқшасының аурухана ішілік инфекциядағы орны
1.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫМикробиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Көк ірің таяқшасы. Экологиясы. Тұрақтылығы. Ауру адамнан таралу жолдары. Көк ірің
таяқшасының аурухана ішілік инфекциядағы орны. Антибиотиктерге тұрақтылығы.
Зертханалық диагностикасы. Алдын алуы және емделуі. Көк ірің таяқшасы.
Орындаған: Жолдасбек Б.Н
Тобы: 208 А
Қабылдаған: Курманбекова Ш.Ж
2.
Жоспар:I Кіріспе
II Негізгі бөлім
• Көк ірің таяқшалары
• Морфологиясы
• Дақылдық және биохимиялық қасиеттері
• Эпидемиялогиясы және резистенттілігі
• Антигендік қасиеті
• Патогенезі және клиникалық белгілері
• Аурухана ішілік инфекцияда алатын орны
• Микробиологиялық диагностикасы
• Емдеу және алдын алуы
III Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3.
Тұқымдастығы: PseudomonadaceaeТуыстастығы:Pseudomonas
Түрі:. P.aerugіnosa, P.putіda, P.fluorescens, P.cepacіa, P. mallei.
Псевдомонадалардың қазіргі кездегі жіктелуі молекулалық
гибридизация әдісіне және микроорганизмдердің дақылдық
ерекшелігіне негізделген. Pseudomonas туыстастығының кейбір
бактериялары қазіргі кезде жаңа атқа ие болды – Burkholderia.
Кейбір түрлері топырақ пен судың табиғи өкілдері, сондықтан
табиғаттағы заттар айналымында маңызды рөл атқарады. Басқа
түрлері адамдарда (сап, мелиодиоз қоздырғыштары), жануарлар
мен өсімдіктерде ауру тудырады.
4.
Pseudomonas aerugіnosa (көк іріңді таяқшасы).1862жылы А.Люкке алғаш рет іріңдеген жараның маталық
таңбасы көк-жасыл түске ерекше боялуы жағдайын
байқаған. Псевдомонаданың таза дақылын С.Жессар 1882
жылы бөліп алған.
5.
6.
Морфологиясы және тинкториялық қасиеттері. Pseudomonasaerugіnosa белгілері: грам теріс, тік немесе сәл иілген таяқша,
шеттері жұмырланған, анилин бояуларымен жақсы боялады.
Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбек түрінде
орналасады. Қозғалады (монотрих немесе лофотрих). Пили немесе
фимбриялары бар. Спорасы мен капсуласы жоқ, бірақ микроб
жасушасын қаптайтын капсула тәрізді кілегей түзеді (31-сурет).
Олардың арасында жоғары деңгейде кілегей түзетін мукоидты
штамдары кездеседі.
7.
Дақылды өсіру. Барлық псевдомонадалар - облигатты аэробтар, тыныс алуғақатысатын ферменттері бар (цитохром, дегидраза, цитохромоксидаза).
Хемоорганотроф, өсу температура диапазоны 60-450 С (қолайлысы 370С).
Қоректік ортаға талғамды емес, ет-пептонды агарда және ет-пептонды сорпада
жақсы өседі. Бір тәуліктен кейін сұйық қоректік орта лайланады түбінде тұңба
және бетінде сүр түсті қабықша пайда болады. Ет-пептонды агарда сүр түсті
және жылтырайтын үлкен (3-5 мм), жартылай мөлдір колониялар түзеді.
Колонияның ортасы қоныр, шеттері бір тегіс. Қиғаш агарда көкірің таяқшасы
нәзік, жылтыр қыбықша тәрізді өседі. Дақылдың өзіне тән хош ақгүл (жасмин)
иісі бар. Бактерияның ең маңызды ерекшелігі - бір тәулікте қоректік ортаны
көгілдір-жасыл түске өзгертетін пиоцианин пигментін бөледі. Олар
бактерицидтік қасиетке ие протеиндер. Эпидемиологиялық таңбалау және
түрішілік идентификацияны жүргізу үшін аурудан, қоршаған ортадан бөлінген
бактерия штамдарын пиоцианиндік типтеу қолданады.
8.
Көкірің таяқшасының қантты ыдырататынбелсенділігі әлсіз: глюкозаны ыдыратады. Ал
протеолитикалық белсенділігі басым: желатинді және
ұйыған қан сары суын ыдыратады, казеинді
гидролиздейді. Лакмустық сүтті ірітеді, нитратты
нитритке айналдырады. Индол, күкіртті сутек
түзбейді, Фогес-Проскауэр реакциясы - теріс.
Оксидазаны бөледі.
9.
Антигендік құрылымы. Көкірің таяқшасындасоматикалық О-антигені және талшықты Н-антигені
бар. Кілегей және капсула-тәрізді қабықша
синтездейтін штамдарда М-антиген анықталған.
10.
Патогенділік факторлары. Көкірің таяқшасы тудыратынаурулардың патогенезіне қатысатын көптеген патогенділік
фактолар бар: пили (фимбриялар), экстрацеллюлярлы
кілегей, осының құрамына кіретін гликопротеид,
эндотоксин, экзотоксин А, экоэнзим S (экзотоксин S –
жоғары вирулентті штамдарда кездеседі), лейкоцидин,
энтеротоксин және өткізуші факторлар, агрессия
ферменттері (гемолизин, фосфолипаза, нейраминидаза,
протеаза, эластаза). Олардың түзілуі плазмидалармен
қадағаланады.
11.
Экзотоксиндер арасында маңыздылығы ерекшесі - экзотоксин А,әсері дифтерия экзотоксиніне ұқсас - трипсинге, жоғары
температураға, ортаның қышқыл рН сезімтал. Экзотоксин А өлімге
әкелетін әсері - рибосомадағы ақуыздардың түзілуін бұзатын ЕҒ-2
ақуыздың элонгациясымен байланысты. Көкірің таяқшасының
патогенді қасиеттерін күшейтетін ферменттері бар: коллагеназа дәнекер тіндерді бұзады және қоздырғыштың ағзада таралуын
қамтамасыз етеді; протеаза - комплемент жүйесін тежейді;
лецитиназа, нейраминидаза т.б.
12.
Сонымен қатар, P.aeruginosa бірнеше токсин: А және Zгистотоксинін, гемолизин және лейкоцидин түзеді.
А гистотоксині көбінесе «ауруханалық» штаммала –
рында кездеседі, массасы 52000 -71500 болатын, тер –
молабильды белок болып табылады. Цитотоксиндік қасиетке ие.
Z гистотоксині термостабильды болып келеді, 70 -100
С қыздырғанда бұзылмайды.
Көк іріңді таяқша екі типті гемолизин синтездейді.
Олардың бірі – термостабильды гликолипид, екіншісі –
термостабильды С фосфолипаза белсенділігі бар ақ –
уыз.
13.
Резистенттілігі. Көкірің таяқшасының ерекшелігі қоректікзаттарға қажеттілігі шектелген, сондықтан қоректік заттар көзі
жоқ жағдайда өмір сүре алады. Көкірің таяқшасы ультракүлгін
сәулесіне және хирургияда қолданатын антисептиктерге төзімді
(фурацилин, риванол т.б.). Аурухананың палата шаңдарында 2
аптаға дейін, ал күйікке шалдыққанда пайда болған қабықшада 8 аптаға дейін сақталады. 600С қыздырғанда 15 мин аралықта,
550С қыздырғанда - 1 сағат ішінде өледі. 2% фенол ертіндісінде
жылдам жойылады.
Антибиотиктерге тұрақтылығы бактерияның сыртқы мембрана
өткізгіштігіне және пенициллиназа түзілуімен байланысты.
14.
Эпидемилогиясы.Табиғи ортасы – топырақ, әртүрлі су қоймалары. Сауадамның 5-10% көкірің таяқшасының тасымалдаушысы (қалыпты жағдайда
ішекті мекендейді) және аурухана ішінде пациенттердің 70% тасымалдаушы
болып келеді. Аурухананың ішінде медициналық құрал-жабдықтарда, суда,
ауада, тамақта таралған. Псевдомонадалар дестилденген және стерилді
суларда өсіп-көбейеді, сондықтан антисептиктер, детергенттер т.б ертінділер
құрамында кездеседі.
Ауру эндогенді - қалыпты микрофлора белсенген кезде, яғни дисбактериоз
байқалғанда және экзогенді - псевдомонадалар топырақпен, сумен, ауамен,
инфицирленген инструменттермен, таңба материалдарымен, тағамдармен
жұққанда жолмен тарайды.. Дисбактериоз жиі жас балаларда және ағзаның
жалпы резистенттілігі төмендеген кісілерде дамиды. Инфекция көзі – ауру
адам, бактерия тасымалдаушылар және табиғи резервуарлар. Сондықтан
көкірің таяқшасы тудыратын инфекцияны сапроантропоноз деп атайды.
Таралу механизмдері мен жолдары: ауа-тамшылы, қарым-қатынас арқылы,
парентералді, фекалды-оралды.
15.
Патогенезі және клиникасы. Көкірің таяқшасы адамда түрлі ауруқоздыруы мүмкін: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит,
пневмония, плеврит, бауыр, ми да абсцестер, зәр шығару
жолдарында қабыну үрдістерін тудырады т.б. Маңызды рөлі операциялық жаралардың және құйіктердің іріңді-қабыну
асқынулары сияқты қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін. Көкірің
таяқшасы тағы тағамдық токсикоинфекция қоздырғышы бола
алады. Көкіріңді таяқша тудырған аурулар өте ауыр түрде дамиды,
емдеуі қиын, ұзаққа созылу жағдайында жүреді. Бұның себебі:
біріншіден - түрлі патогенді факторларының болуы, екіншіден - 610 және одан көп антибиотиктерге бір уақытта R-плазмидалық
тұрақтылық болу.
16.
Несепшығарушы жолдардың асцендирлі немесе гематогендіинфекциялары пиелит, пиелонефрит, цистит, уретрит
формаларында кездеседі, көбінесе, қыздарда.
Симптомдары: жоғары температура, кейде жүрек айныйды,
қабырға – омыртқалық бұрыш тұсында және іш тұсында
ауырсыну сезімдері байқалады, жиі бүйір бөліктерінде. Аурудан
кейбір ағзалар айлап, кейде жылдап қабынып, түрлі асқынулар
мен ауруларға әкеледі.
17.
18.
19.
Көк іріңді таяқша өте сезімтал болып келеді.Адамдардың бұл инфекцияны жұқтыруы көбінесе
емдеу орталықтарында болады, сондықтан да көк іріңді
таяқшаны ең көп таралған назокомиальды инфекция
дейді (лат. nosocomium — аурухана), яғни арухана
ішілік инфекция. Ауруханаішілік инфекция, соның
ішінде көк іріңді таяқша материалдық заттар, орамал,
құрал-жабдықтардың дұрыс дезинфекциялық тазалау
шараларынан дұрыс өтпегендіктен адамдарға жұғады.
20.
Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зертханалық әдіс бактериологиялық. Тексерілетін материал әртүрлі болады,дегенмен ірің, экссудат, мүшелерден пунктат, зәр жиі алынады.
Көкірің таяқшасының ерекшелігі: пиоцианин пигменті бөлінуі
нәтижесінде қоректік ортаның көгілдір-жасыл түске боялуы.
Pseudomonas туыстастығының идентификациясы биохимиялық
және дақылдық қасиеттері бойынша жүргізіледі.
Серологиялық диагностикасы көкірің таяқшасының
антигендеріне соның ішінде А экзотоксині және ЛПС кешеніне
қарсы антиденелерді анықтау жүргізіледі (КБР, РГАР т.б.).
21.
Емдеуі. Антибиотиктермен емдеу, тек оларғасезімталдығын анықтаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Тағамдық токсикоинфекцияда және ішек
дисбактериозында белсенді терапия ретінде интестибактериофаг тағайындалады. Созылмалы әлсіз өтетін
ауруларда аутовакцина қолдануға болады.
22.
Алдын алуы. Жоспарлы арнайы сақтандыруықарастырылмаған. Жалпы сақтандыруы - қоздырғышты
жараға, құйік жара бетіне түсірмеу, яғни қатал
санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау. Қазіргі кезде
қолданылатын вакциналар: құрамында ЛПС бар
вакцина, субкорпускулярлы полисахаридті вакцина,
рибосомалық вакцина, құрамында талшықтық антигені
және жасушадан тыс бөлінген кілегейдің бөлшектері
бар вакцина, сонымен қатар, құрамында А экзотоксині
бар және т.б.
23.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің мәліметінше, сауалнама нәтижесіндепавлодарлықтардың 54% қорқорды тұтыну өкпеге еш зиян келтірмейді деген пікірде.
- ҚР санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде мамандар қауымы темекі шегу
құралдары, қорқор сұйықтықтарының құрамын тексерді. Нәтижесінде қорқор құрамында ішек
және өзге де қауіпті таяқшалардың бары анықталды. Аталмыш бактериялар гепатит,
туберкулез, герпес сынды вирустық ауруларға душар етеді. Қорқор түтінінің құрамында
темекіге қарағанда шайыр 36 есеге, көміртегі монооксиді 30 есеге артық. Ал иіс газы 8,4
есеге, никотин 7,5 есеге артық, - дейді департамент мамандары.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қоғамдық
орындарда қорқор тартуға тыйым салған болатын.
Санитарлық-эпидемиологиялық сарап нәтижесі көрсеткендей, Қазақстан аумағындағы
қоғамдық тамантану және басқа да орындарындағы шылым шегу түтікшелерін, қорқор
сұйықтықтары және олардың ыдыстарын тексерген кезде, олардан адам денсаулығы үшін
қауіпті болып саналатын ішек және көкірің таяқшалары, сарғыш стафилококтар,
саңырауқұлақтар табылғаны анықталған болатын.
Осы айғақ бойынша, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 21, 159 - баптары негізінде тыйым салынды.
old.baq.kz/kk/news/ult_sauligi/pavlodarliktardin-54-i-korkordi-ziyansiz-dep-biledi-53763
24.
Пайдаланған әдебиеттерhttps://studopedia.ru/5_998_taksonomiyasi.html
https://en.ppt-online.org/182468
www,google,kz