Похожие презентации:
Ойлау және қиял психологиясы
1.
Ойлау және қиялпсихологиясы
Орындаған: 6М011600-География мамандығының
І-курс магистранты Асанхан Ақерке
2.
Ойлау дегенiмiз - сыртқыдүние заттары мен
құбылыстарының байланысқатынастарының мида
жалпылай және жанама
түрде сөз арқылы бейнеленуi.
3.
Ойлау танымдық теориялық iс-әрекетретiнде әрекетпен тығыз байланысты.
Адам әсер ету арқылы ақиқатты
таниды, дүниенi өзгерту арқылы оны
түсiнедi. Әрекет ойлау жүзеге асуының
бiрiншi
реттi
формасы
болып
табылады. Ойлау операцияларының
барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең
алғашында практикалық операциялар
түрiнде пайда болып, содан соң барып,
теориялық ойлаудың операцияларына
айналды.
4.
Таным түрi бойынша:1) Эмпирикалық ойлау - теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн,
жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрi.
2) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың
мәнiн танып-бiлу.
Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша:
1) Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын
ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л.
Гуровпен және т.б. зерттелiнген.
2) Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт
бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында
едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.
5.
Ойлау қасиеттерiОйдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу, барлық жасалатын
қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi және жан-жақты тексере алу қабiлетi.
Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселенi жан-жақты ойластырып алмай, оның бiр жағын бөлiп
алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi
беруi.
Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде дұрыс шешiм қабылдай
алуы.
Ойлаудың дербестiгi – адамның жаңа мiндеттердi, мәселелердi шығара алумен және басқа адамдардың
көмегiнсiз өзi мәселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу тәсiлдерiнен тәуелсiздiк
дәрежесiн бiлдiредi.
Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мәнiне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын түсiрмей, тұтас қамтып,
талдай алу қабiлетi.
6.
Қиялдың образдары адамның өміріндегішынайы образдардың жекелеген жақтарын
қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы:
Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз
ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ,
дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге
танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған
боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені
немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны
толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз.
Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер
түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі
тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік
қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру
процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті
көрінеді.
7.
Қиялдың ерекше түрі-арман болыптабылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа
образдарды жеке өзіннің жасауында.
Арманның
шығармашылық
қиялға
қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар.
Біріншіден, арманда адам өзі тілеген
образды жасайды, ал шығармашылық
қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін
жасай бермейді. Арманда адамды өзіне
тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек
жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық
іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни
көркем
шығарма
ғылыми
ашулар,
техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез
арада және тікелей объективті өнім
бермейді.
8.
Назар аударғандарыңызғарахмет!