Похожие презентации:
Әлемнің ең көне вокзалдары
1. Әлемнің ең көне вокзалдары
2. Аточа вокзалы, Мадрид
.Аточа вокзалы, Мадрид
Аточа – Испанияның ең
үлкен әрі көне
вокзалдарының бірі.
Вокзалдың алғашқы
ғимараты 1851 жылы II
Изабелла ханымның
бұйрығымен салынды. 40
жыл өткеннен кейін
вокзал өртке оранып,
1892 жылы толықтай
жөндеу жұмыстарынан
өтті.
3. Льеж-Гийемен вокзалы, Льеж
Бұл вокзалдың тарихы Еуропадаалғаш темір жолдар пайда
болғаннан жеті жыл өткеннен
кейін, яғни 1842 жылдан бастау
алады. 1958 жылы ғимарат жаңа
стандарттарға сай етіліп қайта
қаланды.
Станция 2009 жылға дейін өз
қалпын сақтап тұрды. Кейін
Сантьяго Калатраваның
жобасымен жаңартылып, от
шашумен салтанатты түрде
ашылды. Вокзалдың үсті үлкен
200 метрлік әйнек күмбезбен
жабылған.
4. Чхатрапати Шиваджи вокзалы, Мумбаи
• Үнділік вокзал ЧхатрапатиШиваджи ЮНЕСКО-ның
әлемдік мұра тізімне
енгізілген. Оның
құрылысына 10 жыл кеткен.
Вокзалдың жобасын
Фредерик Стивенс жасап,
бастапқыда ғимарат
Виктория ханымның есіміне
берілген болатын.
5. Ля Гар вокзалы, Страсбург
• ФранцуздықСтрасбургтегі Ля Гар
вокзалын үлкен
әйнек күмбез жауып
тұр. Алғаш рет
страсбургтік вокзал
1854 жылы қаланды.
2006 жылы
вокзалдың ескі
нұсқасын толықтай
қалпына келтіру
шешімі қабылданды.
6. Канадзава вокзалы, Канадзава
ЖапониядағыКанадзава қаласында
орналасқан бұл вокзал
ең көне деп саналады.
Алғашқы
жолаушыларын
ғимарат 1851 жылы
қабылдады. Вокзалдың
қазіргі кейпін 2005
жылы құрастырған.
7. Самарлық вокзал, Самара
• Вокзал 120 жыл тарихы барКуйбышев станциясының орнын
ығыстырды. Бүгінде әйнектен
жасалған ірі ғимараттың биіктігі 100 метр, ал ауданы 32 000 шаршы
метрді құрайды.
• Вокзалдың 12 темір жолы, 5
платформасы, 2 күту залы және
субұрқақ орнатылған қыстық бағы
бар. 95 метрлік биіктікте
орналасқан сынақ алаңының
арқасында вокзал Еуропа бойынша
ең биік ғимараттардың біріне кірді.
8. Росиу вокзалы, Лиссабон
• Росиу вокзалын туристер мұражайнемесе театрмен шатастырып
жатады. Бұған XIX ғасырдан бері
сақталып келген архитектурасы
себеп. Росиу - күрделі жүйемен
салынған өнер туындысы.
• Қала ортасынан өтетін темір
жолдар көлік қозғалысына кедергі
келтірмеуі үшін 2600 метр туннель
қазылды. Росиу 1957 жылға дейін
басты вокзал саналып келгенімен,
қазірде тек қала маңындағы
бағыттарға қызмет етеді.