МУҒАУИЯ ИБН ӘБИ СУФИЯН (41/661 – 60/680)
3.47M
Категория: ИсторияИстория

Умәуи Әулетінің Билігі (41-132 Ж.ж.)

1.

УМӘУИ ӘУЛЕТІНІҢ
БИЛІГІ(41-132 ж.ж.)

2.

3.

4.

5.

6. МУҒАУИЯ ИБН ӘБИ СУФИЯН (41/661 – 60/680)

* МУҒАУИЯ ИБН ӘБИ СУФИЯН (41/661 –
60/680)
*Муғауия һижраның алдында 5 жыл бұрын дүниеге келген.
*Мекке алынған күні 23 жасында ислам дінін қабылдайды.
*Пайғамбар уахи жазу міндетін тапсырған.
*Әбу Бәкір, Омар, Осман секілді сахабалардан хадис
жеткізген. Оның хадистері әл-Бұхари мен Муслимнің сахих
хадистер жинағында және де басқа хадис кітаптарында
келген. Одан сахабалар мен табиғиндер хадис жеткізген.
*Әбу Бәкрдің (р.а.) халифалығы тұсында Йамама жорығына
және бауыры Язид ибн Әбу Суфиянға көмектесіп Шам
жорықтарына қатысқан.
*Омар (р.а.) Иордания өлкесіне басшы етіп жіберіп, бауыры
Язид көз жұмған соң Дамаскінің басшысы етіп
тағайындайды.
*Османның (р.а.) халифалығы тұсында барлық Шам өлкесі
Муғауияның қол астына кіріп, барлық басшылар оның
қарамағында болды.

7.

‫فضائل معاوية في االحاديث الصحيحة‬
‫ع َميرة رضي هللا عنه‪ ،‬عن النبي صلى هللا عليه وسلّم أنه قال لمعاوية ‪:‬‬
‫‪ -1‬عن عبد الرحمن بن أبي ُ‬
‫" اللهم اجعله هاديا مهديًّا‪ ،‬واهد به" رواه الترمذي ( ‪) 3842‬‬
‫‪ -2‬عن العرباض بن سارية السلمي رضي هللا عنه قال ‪ :‬سمعتُ رسول هللا صلى هللا عليه وسلّم يقول‬
‫‪" :‬اللهم علّم معاوية الكتاب والحساب ‪ ،‬وقه العذاب" رواه أحمد ( ‪) 17202‬‬
‫‪ -3‬عن أم حرام األنصارية رضي هللا عنها‪ ،‬أنها سمعت النبي صلى هللا عليه وسلّم يقول ‪ :‬أول جيش‬
‫من أمتي يغزون البحر قد أوجبوا قالت أم حرام قلت يا رسول هللا أنا فيهم قال أنت فيهم ثم قال النبي‬
‫صلى هللا عليه وسلم أول جيش من أمتي يغزون مدينة قيصر مغفور لهم فقلت أنا فيهم يا رسول هللا‬
‫قال ال" رواه البخاري ( ‪) 2924‬‬
‫قال الحافظ ابن حجر في "فتح الباري" ‪ :‬قال المهلّب‪ :‬في هذا الحديث منقبة لمعاوية ألنه أول من غزا‬
‫البحر‪ .‬اهـ ‪ - .‬وقال أبو جعفر الطبري عن خالد بن معدان قال‪ :‬أول من غزا البحر معاوية؛ في زمن‬
‫عثمان‪ ،‬وكان استأذن عمر فلم يأذن له‪ ،‬فلم يزل بعثمان حتى أذن له‪»...‬‬
‫ع لي معاوية‬
‫‪-4‬عن ابن عباس رضي هللا عنهما قال ‪ :‬قال لي النبي صلى هللا عليه وسلّم‪ " :‬اذهب اد ُ‬
‫"‪ ،‬وكان كاتبه‪ .‬رواه أحمد ( ‪)2651‬‬
‫‪ -5‬روى اإلمام أحمد في (الزهد) وابن أبي عاصم بسند صحيح عن أبي حملة قال‪" :‬رأيت معاوية‬
‫على المنبر بدمشق يخطب الناس وعليه قميص مرقوع"‬

8.

Муғауия билікке келген кезде ислам
әлемі үш топқа бөлінген еді
1. Умәуилерді қолдаушылар, шамдықтар, т.б.
2. Али ибн Әбу Талибті жақтаушылар,
(Шиттер), Ирақтықтар, т.б.
3. Харижилер. Аталған екі жаққа қарсы топ.
• Муғауияға Куфалықтар серт бергенде Фаруа ибн Науфал
әл-Әшжағи харижилермен бірге қарсылық білдіріп,
Муғауияның жіберген әскері жеңіліс табады.
• Харижилерді Абдуллаһ ибн Әбу әл-Хауса әт-Таии
басқарды.
• Одан кейін Хаусара ибн Зирағ басшылық етті.

9.

Муғауия билігінің ерекшеліктері мен жетістіктері
Муғауия кейбір сахабаларды мемлекет басқару ісіне тартып,
оларды жоғарғы лауазымдарға тағайындайды.
Муғауия билігі кезінде халықтың жағдайы жақсарды.
Білікті адамдарды басшылыққа тағайындау арқылы ішкі
саясатты тұрақтандырды. Мысалы: Амр ибн әл-Асты
Мысырға, әл-Муғира ибн Шуғбаны Куфаға, Зияд ибн Әбиһті
Басраға..
Бұрын соңды болмаған пошта жүйесін құрды. Әміршілерге
кітаптар, хаттар пошта арқылы жіберіліп отырды.
Қызыметшілердің жалақылары мен кіріс шығысты есептеп
жазып отыратын диуандар қолға алынды.
«Диуан әл-Хатам» деп танылған хаттар мен құжаттардың
қауіпсіздігін сақтайтын диуан құрылды. Хаттар бөгде
адамдар оқи алмайтындай мөрленіп жөнелтілді.

10.

Муғауия алдыңғы халифаларда болмаған
күзетшілер ұстай бастады.
Мемлекеттің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді
Шығыста парсылар, оның ішінде келісім шартты
бұзғандармен соғысады.
Ең маңызды майдан орталығы Византия болды.
Муғауия кеме жасау ісімен айналысты. 1700
кемемен теңізге аттанып Кипр мен Грекия
аралдарын алады. (Османның (р.а.) кезінде
басталған). Сауари соғысы деп тарихта қалды.
Хижраның 50-ші жылына қарай теңіз флотын
құрады. Кеме құрылысымен айналысатын
тармақтар Акрада (Палестина), ал х. 54-ші жылы
әр-Рауда мен Мысырда салынды.

11.

Хижраның
49
(50)
жылы
Муғауия
Константинопольді алу үшін теңіз және құрлық
әскерін жасақтайды. Әскер қатарына өзінің
баласы Язид те болды. Сонымен қатар Ибн Аббас,
Ибн Амр, Ибн Зубейр Әбу Әюб әл-Ансари секілді
танымал сахабалар қатысты. Сол жылы
мұсылмандар Константинопольді ала алмай, біраз
шығынға ұшырап кейін шегінеді.
Хижраның 53-ші жылы тағы талпыныс жасайды.
Бұл жолы да теңізден де, құрлықтан да шабуыл
жасап, қаланы қоршап алады да, ол х. 57 ж. дейін
жалғасады.

12.

х. 50 жылы Ұқба ибн Нафиғтің қолбасшы лығымен Судан,
Солтүстік Африка мұсылман дардың қол астына кіреді.
Мұсылман әскерінің қатары жергілікті берберлермен
толығады.
Осы кезде Қайрауан қаласы тұрғызылды.
Мұсылман әскері, сонымен бірге, Шығыста да
айтарлықтай жетістікке жетеді. Табарстан мен Бухараға
дейінгі жерлер алынады. Әл-Муһәлләб ибн Әбу Суфра әлӘзди Синдке, Лахор, Бәттәға (Кабул маңы) жабуыл
жасады.
Келісім шарттарын бұзған аймақтарды ретке келтіріп,
бағындыру.
Х. 56 ж. Муғауия баласы Язидті өзінен кейін халифа
болатындығын бекітіп, адамдардың байғат етуге
шақырады.
Муғауия х. 60 жылы дүние салады.

13.

ҚАЙРАУАН ШАҺАРЫ

14.

ЯЗИД I ИБН МУҒАУИЯ (60/680 – 64/684)
Халықтың Язидке халифа ретінде ант беруін ұйымдастыру
Мәдинаның басшысы Маруанға тапсырылды. Халықтың
бір бөлігі одан бас тартады. Себебі Язид жас әрі мемлекеттік
қызметте тәжірибесі жоқ болатын.
Х. 60 ж. Муғауия дүниеден өткен соң Язид халықтың
басым көпшілігінің қолдауына ие болып, заңды халифа
болып есептелді.
Язид барлық адамдардың өзіне сенім білдіргендігін қалап,
Мәдинаның аймақ басшысы әл-Уалид ибн Ұқбаға ол әлХусейн ибн Али, Абдуллаһ ибн Омар және Абдуллаһ ибн азЗубейірді ант беруге көндіруі туралы хат жолдайды.
Мәдина, Куфа мен Мекке халқының көпшілігі ант беруге
мәжбүр болды.
Ол кезде Абдуллаһ ибн аз-Зубейір мен әл-Хусейн Меккеде
болады.

15.

Куфалықтар Хусейнді өздеріне келуге көндіре бастайды.
Олар Хусейнге ант беріп, халифаның Куфадағы аймақ
басшысына біріге қарсы шығатынын айтады. Көптеген
сахабалар оған Куфаға бармауына кеңес бергенімен ол жолға
шығып, онда х. 61 ж. мухаррам айының 10-да Куфаның
аймақ басшысы Убайдуллаһ ибн Зиядтың жасағымен
қақтығысып, қаза табады.
Хусейннің өлімі туралы хабар Хижазға жетісімен Абдуллаһ
ибн әз-Зубейр өзінің халифа Язидке бағынбайтынын
жариялап, халықты өзіне бағынуға шақырады. Сол себепті
халифа бұл аймақтағы басшыны ауыстырады.
Мәдиналықтар Маруан ибн Хакамның үйін қоршап алады.
Язид Мәдинаға әскер жіберіп, х. 63-ші жылы Муслим ибн
Ұқба әскері қалаға шығыстан шабуыл жасап, қала
көшесіндегі шайқаста көптеген құрметті және танымал
адамдар қаза болады.

16.

Мекке мен Хижаз тұрғындары Абдуллаһ ибн әзЗубейрдың билігін мойындап, халифаның әскеріне
қарсы шығады.
Шайқас х. 64-ші жылдың мухаррам айына дейін
жалғасады. Сол уақытта Язидтің өлімі туралы хабар
жетеді.
Язидтің
кезінде
Ұқбату
ибн
Нафиғтің
қолбасшылығымен Солтүстік Африкадағы жеңістер
жалғасын тапты.
Сонымен қатар Теһритке шабуыл жасап берберлермен
одақтасқан Римдіктерді жеңеді.
Марокко жерінде де Берберлермен шайқасып жеңіске
жетеді.
Язид ибн Муғауия Шам өңіріндегі Хуранда 64|684
жылы 39 жасында дүние салады. Ол 3 жыл 8 ай 14 күн
халифа болды.

17.

МУҒАУИЯ II
Язид дүние салғаннан кейін екі жақты серт
беріледі. Шамда Муғауия ибн Язидке, Мекке мен
Хижазда Абдуллаһ ибн әз-Зубейрге серт беріледі.
Муғауия 21 жаста болатын. Оны Шамдықтар
әкесі дүние салысымен тағайындаған еді.
Ол екі ай ғана ел басқарып, Шамдықтарды жинап
халық алдында халифалықтан бас тартатынын
жариялады.

18.

АБДУЛЛАҺ ИБН ӘЗ-ЗУБЕЙР (64-684/73-692)
Язидтің өлімі туралы хабар жеткеннен кейін
әскер қолбасшысы әл-Хусейн ибн Нумайр Абдуллаһ
ибн әз-Зубейрды шақырып, онымен бейбіт келісім
жасасады.
Абдуллаһ ибн әз-Зубейр сахаба әз-Зубейр ибн әлАууамның баласы, халифа Әбу Бәкірдің немересі.
Хижраның 1 жылы дүниеге келген.
Халифаттың барлық өлкелері оның билігін
мойындағандықтан, заңды халифа болып танылды.
Оған тек Сирияның кейбір облыстары ғана
бағынбады.

19.

Умәуилердің жақтастары Язидтің тағы бір баласы –
Халидті, басқалары Мәдинаның аймақ басшысы болған
Маруанды халифа қылғысы келеді.
Сирияда Маруанның билігі түпкілікті орнығады.
Халифа Абдулла ибн әз-Зубейр Умәуилерді басып тастау
үшін Сирияға әскер жібергенімен жеңіліс табады,
Маруанның Сириядағы билігі одан бетер орныға түседі.
Ол х. 65-ші жылы қайтыс болады да, билікті өзінің екі
баласына, алдымен Абдулмаликке, одан соң Абдулазизге
өсиет етеді.
Х. 70-ші жылдары Византия мұсылмандардың
арасындағы Умәуилер мен Абдуллаһ әз-Зубейр
арасындағы тартысты пайдаланып көтеріле бастайда,
тіпті Абдулмалик ибн Маруан Византиялықтардың
Сирияны жаулап алуынан қорқып, оларға салық та
төлей бастайды.

20.

Халифаның бауыры Мусаб Сирияға бірнеше мәрте
әскери жорықтар ұйымдастыраып, х. 71 ж. шешуші
шайқаста Мусаб өліп, Абдулмалик жеңіске жетеді де, Ирак
толығымен Абдулмаликке өтеді. Олар Мысырды да басып
алып, ол жерді Абдулазиз ибн Маруан басқарады.
Сириялықтардың белсенді әскери әрекеттерінің
нәтижесінде Абдуллаһ ибн әз-Зубейрдің қол астында Хижаз
өлкесі ғана қалады.
х. 72 ж. Абдулмалик Хажжаж ибн Юусуфты Хижаз
тұрғындарымен шайқасуға жібереді.
Меккені қоршап алу х. 72 ж. зулхижжа айынан 73
жылдың 17-ші жумада улә айына дейін жалғасады.
Абдуллаһ ибн әз-Зубейрдің өлімімен аяқталады.
Халифаттың барлық облыстары Абдулмалик ибн
Маруанның билігін мойындайды.
Ол Маруанилердің Әбу Суфянның ұрпақтары
Суфянилерді ауыстырған бірінші Умәуи халифасы болды.

21.

АБДУЛМӘЛИК ИБН МАРУАН (73/692-86/705)
Барлық мұсылмандар ант беріп, мемлекетте
тыныштық орын алады. Сыртқы жауларына қарсы
тұрып, Византиямен, шығыста түріктермен қарым
қатынас реттеледі.
х. 73 ж. Византиялықтарды жеңеді. Карфаген
мұсылмандардың қолына өтеді.
х. 83 ж. Сицилияға сәтті әскери жорық жасалады.
Шығыста Мауараннаһр түріктеріне қарсы
жетістіктерге
жетеді.
Харижилердің
қарсы
әрекеттерінен жетістіктерін жетілдіре алмады.
Абдулмалик халифалығы кезіндегі Халифатта
тұрақтылық пен мықты орталықтандырылған билік
орнады.

22.

Х. 75 ж. кейін көптеген шығыс аумақтары, оның
ішінде Бара, Хорасан, Куфа мен Систан біріктіріліп,
Хажжаждың қол астына беріледі де, ол көп өкілеттілікке
ие болады.
Хажжаж х. 82 85 ж. Аралығында Абдуррахман ибн
Мухаммад әл-Ашазд бастаған ішкі бүлікшілердің
көтерілісін басады.
Мемлекетте харижилерде үлкен мәселе туындатты.
Олардың азарикалар және суфрилер атты секталары
белсенді әрекет етті.
Абдулмаликтің халифалығы кезінде х. 76-шы
жылынан бастап, халифаттың барлық аумағында
біртұтас ақша жүйе қалыптастырылды.
Барлық ресми хат алысулар мен құжаттар толығымен
араб тілінде жүргізілетін болды.
Құранның кейбір әріптерінің нүктеленуі.

23.

АБДУЛМӘЛИК ИБН МАРУАН КЕЗІНДЕ БАСЫЛҒАН
ТИЫН АҚША

24.

ӘЛ-УАЛИД I ИБН АБДУЛМӘЛИК (86/705-96/715)
Мемлекет ішкі тұрақтылығымен және қоғамдық өмірдің
барлық салаларының қарқынды дамуымен ерекшеленеді.
Умәуилердің Дамасктегі атақты мешітін салдырады.
Иерусалимдегі Қуббат әс-Сахра атты кешенге құрылыс
жұмыстарын жүргізген.
Мәдинадағы пайғамбар мешітін кеңейткен.
Дамасктен 20 шақырым жерде алапес ауруымен
ауырғандарға арнап емхана (лепрозорий) салдырылған.
Құран оқушыларды қатты жақсы көретін және олардың
қарыздарын төлеп беретін.
Ол билік еткен кезде мұсылмандар жаулап алу
соғыстарын
жалғастырып,
жеңістерге
жетіп,
жаңа
аумақтарды алған.

25.

Византияға қарсы әскери әрекеттер толастаған емес.
Оған халифаның ұлдары да белсене қатысты.
Х. 92-ші жылы Солтүстік Африканың аймақ басшысы
Муса ибн Нусайр Испанияға Тариқ ибн Зиядті жібереді. Ол
Кордованы алады.
Мауереннахр аумағында түріктер жизия төлеуге келісім
береді.
Х. 93 ж. Қутайба Самарқандты алады.
Х 94 ж. Шашты, Ферғана алынады.
Х. 96 ж. Шығыс Түркістан мен Қашқарды алынады.
Қутайба Қытай императорына Хубайра ибн аш-Шумруж
басқарған елшілер тобын жәбереді.
Қутайба ибн Муслим бақылау жүргізген аумақ
Кавказдан Шығыс Түркістанға дейін жалғасып, Орталық
Азияны, Систан, Мауереннахр мен Кабулды да қамтыған.
Олардың орталығы Мерв болған.

26.

ИСПАНИЯНЫҢ АЛЫНУЫ

27.

СУЛЕЙМАН ИБН АБДУЛМӘЛИК (96/715 – 99/718)
Билік жүргізген қысқа уақыт аралығы да ішкі
тұрақтылық
пен
мемлекеттегі
тыныштықпен
ерекшеленеді.
Бірқатар кадрлық өзгерістер жүргізіп, кезінде Хажжаж
тағайындаған басшылардың барлығын ауыстырады.
Өзіне бағынғысы келмеген Хорасанның басшысы
Қутайба ибн Муслимді және Андалусияның басшысы
Абдулазиз ибн Мусаны орындарынан алды.
Бұл кадрлық өзгерістер мұсылмандарға басқа жаулап алу
әрекеттерін жүргізуге кедергі келтірді.
Сулеймен билігі кезіндегі жалғыз ірі әскери жорық х.
98 ж. Константинопольді қоршап алулары болғанымен,
ол нәтиже бермеді.

28.

ОМАР ИБН АБДУЛАЗИЗ (99/718 – 101/720)
Омар ибн Абдулазиз асқан тақуалығы және
әділдігімен танылды.
Ислам ғылымдарын терең зерттеген.
Халифа әл-Уалид кезінде Мәдинаның аймақ басшысы
болған. Сулейман ибн Абдулмалик оны өзінің ізбасары
етіп қалдырады.
Халифа болғаннан кейін ол өзінің отбасылық
шығындарын азайтып, мемлекеттік қазынадан ештеңе
алмауға серт беріп, өзінің Дамаск маңындағы жер
телімінен түсетін азын-аулақ қаржыға өмір сүрген.
Халифа өз қарамағындағыларға еркін көшіп-қону
құқығын берген. Жолаушыларға тоқтайтын үйлер
салдырған.
Көптеген құдықтар қаздырып, жолдар салдырған.

29.

Экономикалық реформалар нәтижесінде халықтың
тұрмыстық деңгейі жақсарған.
Әділетсіз
билік
жүргізіп,
мемлекеттік
қазына
қаражаттарын дұрыс пайдаланбаған басшылардың орнынан
алып отырды.
Ғалымдарға құрметпен қарады. Билік еткен уақытта
мемлекеттегі өзге дін өкілдері ислам дінін қабылдаған.
Әзірбайжанға шабуыл жасаған түріктерге қарсы әскер
жасақтап жібереді.
Византиямен соғыс жалғасып. Батыс Еуропада аш-Шамс
ибн Мәлик қолбасшылық еткен әскер Пиренеяны өтіп,
Септиманияны және Провансты алып, ол жерден
Аквитанияға еніп, Тулузаны қоршап алады, алайда бұл
қаланы ала алмайды.
Халифа Омар ибн Абдулазиз х. 101 ж. Дамаскте өзінің
жанындағы адамдардың қастандығы нәтижесінде өледі.
Олар Омар өзінен кейін Язид ибн Абдулмаликке билікті
беруден бас тартады деп қорыққан болатын.

30.

31.

32.

ЯЗИД II ИБН АБДУЛМАЛИК (101/720 – 105/724)
Язид ибн Абдулмалик Сүлеймен ибн Абдулмаликтің
бауыры.
Ол жас әрі мемлкетті басқару ісінде тәжірибесі жоқ
болатын.
Язид байлық пен молшылықта өмір сүріп үйреніп
қалғандықтан, мемлекет істеріне көңіл бөлмейтін.
Халифат ол басқарған кезеңде айтарлықтай әлсіреді.
Андалусияның аймақ басшысы басқарған мұсылман
әскерлері Франциядағы әскери әрекеттерін жалғастырып,
Лионды алып, Бургундияға жылжиды.
Визнтиямен қақтығыстар жалғасын тапты. Ал шығыста
Соғды түріктері мұсылмандармен жасасқан шарттарды
бұзып, бүлік шығарады.
Язид ибн Абдулмәлик Дамаск өңіріндегі Бәлқа деген жерде
105 жылы 38 жасында дүние салды. Ол төрт жыл бір ай
билік еткен.

33.

ХИШАМ ИБН АБДУЛМӘЛИК (105/724 – 125/743)
Ол белсенді әскери саясат жүргізіп, өз туыстары мен
жақындарын әскери амалдарға қатысуға мәжбүрлеген.
Баласы Абдуррахман әд-Дахил кейін Андалусиядағы Умәуи
басшы болады.
Мемлекеттегі тұрақтылық пен тыныштық жалпы алғанда
бұзылған емес, тек басқарушы әулетке қарсы жекелеген
көтерілістер ғана орын алды.
Осы кезеңде Аббасилерді қолдайтын жасырын насихат күшейді,
оған қарсы Умәуилер жазалау амалдарын қолданады.
Ирақта х. 121-ші жылы Алидің ұрпағы Зейд ибн Али өзінің
жақтастарымен билікке қарсы шығып, 122 жылы өлтіріледі.
Кейіннен Зейд ибн Алидің жақтастары бүгінге дейін Йеменде
өкілдері бар шииттердің зейдтік тармағын құрады.
Умәуилерге қарсы ірі көтерілістер 116 ж. Хорасанда және
берберлер көтеріліске шыққан Солтүстік Африкада да орын
алады. Екеуі де халифа әскерімен басылады.

34.

Иракта харижилер х. 119 ж. Бахлул ибн Бишр мен оның 40
жақтастары Мосул өңірінде көтеріледі. Ирақтың аймақ
басшысы шамасы келмейді. Дамаскке шыққан шайқаста
харижилер жеңіледі.
Византиямен соғыстар жалғасты.
х. 117 ж. Халифаттың флоты Сардинияға теңіз жорығын
жүзеге асырды. Х. 127-ші жылы Сицилия аралындағы және
Франциядағы жаулап алу әрекеттері жалғасты.
Андалусияда Аквитания мен Ронаға кірді. Пуатьеде 8 күнге
созылған шайқаста мұсылмандар кері шегінеді.
Шығыста мұсылмандармен жасасқан шартты бұзып, жизия
төлеуді қойған халифаттың солтүстігіндегі түріктермен соғыс
жалғасып жатты. Хазар түріктері х. 112 ж. Әзірбайжанға
шабуыл жасап, Халифат әскерімен тоқтатылды.
х. 113 ж. Хазарияға еніп, хазарлықтарды ойсырата жеңеді.
Түріктер жүйелі түрде мұсылмандарға қарсы шабуылдар
жасауын тоқтатқан емес.
х. 112 ж. Гератты алады.

35.

ӘЛ-УАЛИД ИБН ЯЗИД (125/743 – 126/744)
Язидің өсиеті бойынша, Хишамнан кейін билікке оның ұлы әлУалид келу керек болды. Алайда ол діннен алыс, тіпті ішімдік
ішетін болғандықтан, Хишам оған билікті бергісі келемеді де,
таққа өзінің ұлы Масламаны отырғызғысы келді.
Хишам өлгеннен кейін халық әл-Уалидке халифа ретінде серт
береді. Бастапқыда халифа қайырымдылықпен айналысып,
халықтың жағдайын көтеру үшін жұмыс жасағанымен, көптеген
қателіктер жіберді.
Алидің ұрпақтарының бірі Хорасанда өмір сүріп жатқан Яхия
ибн Зейд ибн Али Зейн әл-Абидинді өлтіруге бұйрық береді.
Хишамның баласы, өзінің туысы Сүлейменді абақтыға
жаптырып,
Хишамның
барлық
мұрагерлерін
барлық
артықшлықтардан айыруға бұйрық береді.
Халық әл-Уалидтке наразылық білдірді. Ол орталықта
болмаған кезде Умәуилер сарайда көтеріліс шығарып, оның немере
ағасы Язид ибн әл-Уалидке серт береді. Бұл кезде әл-Уалид
Амманда болып сол жерде өлтіріледі.

36.

ЯЗИД III ИБН ӘЛ-УАЛИД (126/744)
Язид ибн әл-Уалидтің билігі бар-жоғы 6 айға созылды, ол
36 жасында тырысқақ жұқпалы ауруынан дүние салады.
Бірақ ол билікті өзінің бауыры Ибраһим ибн әл-Уалидке
өсиет етіп қалдырып үлгереді.
Язид III-нің қысқа қызметі кезінде жекелеген елді
мекендерде елеулі толқулар болды. Ең бастысы Умәуилердің
және олардың жақын туыстарының өз ішінде үлкен ыдырау
орын алды.
Хумс тұрғындары көтеріліс шығарып, өлтірілген әлУалид ибн Язид үшін өш алуға шақырды.
Тағы бір көтерілісті Маруан ибн Мухаммад Армения мен
Әзірбайжанда шығарады. Бірақ, кейіннен ол шешімін
өзгертіп, Язидтің билігін мойындайды.

37.

ИБРАҺИМ ИБН ӘЛ-УАЛИД
(126/744 – 127/744)
Ибрахим ибн әл-Уалид күңнің баласы
болатын және билікте бар-жоғы 70 күн
ғана болды.
Мемлекеттің
көп
бөлігі
оның
халифалығын
мойындамай,
ішкі
қақтығыстар орын алады.

38.

МАРУАН ИБН МУХАММАД (127/744 – 132/750)
Византияға қарсы сәтті шабуылдар жасады.
х. 105 ж. ол Коньяны алған.
Армения мен Әзірбайжанды тәртіпке келтіре алды
Дамаскке шабуыл жасап, Ибраһим қашып кеткеннен
кейін ол Умәуилердің ең соңғы халифасы болады.
Ол мемлекеттік қазынаны алдыңғы халифаның
жақтастары тонап, ел қиын жағдайда қалған уақытта
халифа болады.
Халифаттағы қақтығыстар өзінің шегіне жетіп, Умәуилер
әулетіндегі ыдырау да ушығып тұрды.
Өңірлердегі көтерілістер жалғасын тауып, бастапқыда
Хомстың, одан соң Дамасктің, Палестинаның тұрғындары
көп кедергі туындатты. Ирақта да беделді отбасылар бірбіріне қарсы шығып, олардың арасында қақтығыстар орын
алды.

39.

Мемлекеттегі
тұрақсыздықты
пайдаланған
харижилер ушығып кетеді. Олар террористік саясат
жүргізіп, Халифатқа үлкен қауіп төндіргендіктен,
Маруан әскерді өзі бастап шығып, оларға тойтарыс
береді.
Харижилер х. 130 ж. Мәдинаны басып алып, үш ай
қаланы басқарады. Халифа шамнан әскер жіберіп
қаланы азат етеді.
Умәуилер билігінің соңында арабтар мен берберлер
арасындағы қақтығыстарды пайдаланып харижилер
Солтүстік Африкада да айтарлықтай жағдайды
ушықтырды.
х. 127 ж. бастап Солт. Африканың бір бөлігі харижи
– суфрилердің қолына өтеді.
Андалусияда да тұрақсыздық орын алады.

40.

УМӘУИ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰЛАУЫ
Себептері:
1. Умәуи әулетінің билікке күшпен келуі
2. Билікке келген кезде мемлекетте Уәмәуи әулетіне қарсы
шииттік, харижилік топтардың болуы. Кейін мемлекетте
көтерілістер ұйымдастырып отырды.
3.
Ішкі
келіспеушіліктер.
Әулет
тармақтарында
халифалыққа талас-тартыстың орын алуы.
4. Ұлтшылдық. Умәуилердің араб ұлтына ерекше көңіл
бөлуі өзге халықтардың (мауали) наразылығын тудырып
отырды.
5. Кейбір халифалардың нәпсі әуестікке салынып, мемлекет
ісіне немқұрайлы қарауы
English     Русский Правила