Похожие презентации:
Аббасилер Мемлекеті (132/750 - 656|1258) الدولة العباسيّة
1.
АББАСИЛЕРМЕМЛЕКЕТІ
(132/750 - 656|1258)
الدولة العباسيّة
2.
3.
4.
АББАСИЛЕР ХАЛИФАТЫНЫҢҚАЛЫПТАСЫП КЕМЕЛДЕНГЕН ШАҒЫ (132/750-247/861)
1. Әбу әл-Аббас әс-Саффах (132/750-136/754);
2. Әбу Жағфар әл-Мансур Абдуллаһ ибн Мұхаммед
(136/754-158/775);
3. Әл-Мәһди Мұхаммед ибн Абдуллаһ (158/775-169/786);
4. Әл-Һәди Муса ибн Мұхаммед (169/786-170/787);
5. Харун әр-Рашид ибн Мұхаммед (170/787-193/810);
6. Әл-Әмин Мұхаммед ибн Харун (193/810-198/814);
7. Әл-Мәмун ибн Харун әр-Рашид (198/814-218/834);
8. Әл-Мутасим Мұхаммед ибн Харун әр-Рашид
(218/834-227/843);
9. Әл-Уасик Харун ибн Мұхаммед (227/843-232/847);
10. Әл-Мутауәккил Жағфар ибн Мұхаммед әл-Мутасим
(232/847-247/861)
5.
1. ӘБУ ӘЛ-АББАС ӘС-САФФАХ (132/750-136/754)Әс-Саффах Аббасилердің бірінші халифасы
Халифаттың ішкі жағдайы тұрақтандырды
Әл-Һашимия қаласын салды.
Сириядағы Умәуилер қарсыластығының соңғы
ошақтарын жоюмен айналысты.
Умәуилер билігі кезінде басталған Солтүстік
Африкадағы харижилер қозғалысын басуды
жалғастырды.
Сыртқы майданда мұсылмандар түрік тайпалары мен
византиялықтарға қарсы ұйымдастырылған бірнеше
оңтайлы жорықтарды қоспағанда айтарлықтай
жетістіктерге жете қойған жоқ.
6.
2. ӘБУ ЖАҒФАР ӘЛ-МАНСУР АБДУЛЛАҺ ИБНМҰХАММЕД (136/754-158/775)
Ол әс-Саффахтың бауыры, онымен бірге Умәуилерге қарсы
қозғалыстарға қатысқан еді.
Әс-Саффах дүниеден өткеннен кейін билікке келіп, көптеген
қарсыластыққа жолықты.
Әбу Жағфар хижраның 144 жылы әл-Хасан ибн Алидің
көптеген ұрпақтарын тұтқындайды. (Абдуллаһ ибн әлМұсаннаны абақтыға қамайды).
Мұхаммед ибн Абдуллаһмен біраз қақтығыстар орын
алады.
143 жылы Мұхаммедтің бауыры Ибраһим ибн Абдуллаһ
Басрада көтеріліс ұйымдастырылады. Екеуінде де халифа
әскері жеңіске жетеді.
Әбу Жағфардың билігі кезінде харижилердің көтерілістері
өз жалғасын
тапты.
Олар
Солтүстік
Африкада
шоғырланды. Аббасилер билікке келгеннен кейін олар
өзара бірнеше топтарға бөлінді.
7.
Харижилердің ибадилер мен суфрилер топтары белсенділіктанытты. Халифа әскері харижи топтармен үнемі
шайқастар жүргізіп отырды.
Осы кезде Аббасилер қарамағынан Испания шығып кетті.
Онда Умәуи халифасы Хишамның баласы Абдуррахмен ибн
әд-Дахил билік құрды.
Сыртқы
жаулармен
де
күрес
жалғасын
тапты.
Византиялықтар халифаттағы ішкі тұрақсыздықты
пайдаланып, белсенді қарсылық танытты.
Бағдат қаласын салып, халифат астанасы қылды. Қаланы
берік қамалдармен қоршады. Сол секілді Куфаны да
қамалмен қоршауға бұйрық береді.
139 жылы оның бұйрығымен Меккедегі Харам мешітінің
аумағы кеңейтілді.
Халифа Әбу Жағфар әл-Мансұр хижраның 158 жылы
қажылыққа барар жолда дүниеден өтеді. Ол өз орнына
баласы Мұхаммед әл-Мәһдиді тағайындап кетеді.
8.
3. ӘЛ-МӘҺДИ МҰХАММЕД ИБН АБДУЛЛАҺ (158/775169/786)Билікке келісімен ол бірден саяси тұтқындарды босатады.
Әділдігімен
танылып,
халықтың
құрметі
мен
махаббатына бөленді. Хижраның 167 жылы Харам
мешітіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аумағын
кеңейтеді.
Көзі тірісінде халифалықты екі ұлына, басында – әлҺәдиге, одан соң Харун әр-Рашидке өсиет қылады.
Оның билігі тұсында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
Харижилер халифамен жақсы қарым-қатынасты ұстануға
тырысты.
Х. 160 жылы Хорасанда Юусуф ибн Ибраһим көтеріліс
шығарып, тұтқынға түседі де, өлім жазасына кесіледі.
9.
161 ж. Хорасанда әл-Муканна бүлік шығарады. Ол «хулул»туралы түсінік таратады, яғни бастапқыда Құдай
Адамның денесіне енген және сондықтан да оған
періштелер сәжде қылған, ал одан соң Құдай барлық
пайғамбарларға еніп отырған, сосын ол Әбу Муслим мен
оның өзіне еніп отырғандығын айтады. Әл-Муканна өзін
жердегі Құдай деп жариялайды. Халифа әл-Мәһди оған
қарсы
әскер
жібереді
де,
олар
әл-Муканнаны
жақтастырмен қосып Кеш атты қамалда қоршап алады.
Қалай болғанда да жеңілетіндігін түсінген ол алдымен
өзінің отбасын өлтіріп, одан соң өз-өзіне қол жұмсайды.
Халифа әл-Мәһди Византиямен соғысты жалғастырды.
Бағдаттан Меккеге барар жолда демалыс орындарын
салдырып, құдықтар қаздырды.
Харам мешітін кеңейтті.
Халифа әл-Мәһди он жыл билік құрады да, тосыннан
қайтыс болады. Халифаны қол астындағы күңі у беріп
өлтірген деген пікірлер де бар.
10.
ӘЛ-ҺӘДИ МУСА ИБН МҰХАММЕД (169/786-170/787)Халифа әл-Һәди бір жыл үш ай билік етті.
Бастапқыда ол өзінің бауыры әр-Рашидті тақты иеленуден
шеттетіп, өзінің кәмелетке толмаған баласына тақты
мұраға қалдырғысы келгенімен, кейінен райынан
қайтады.
Мәдинада әл-Хасан ибн Алидің ұрпағы әл-Хусейн ибн Али
бүлік шығарып, пайғамбардың ұрпағы ретінде Мәдина
тұрғындарын өзіне қаратып алады. Халифа әскер жіберіп,
оларға тойтарыс береді.
Халифа әл-Һәди хижраның 170 жылы тосыннан қайтыс
болады.
11.
ХАРУН ӘР-РАШИД ИБН МҰХАММЕД (170/787-193/810)Мемлекет барлық салады дамудың шырқау шегіне жетті.
20 жасында Византия мен түріктерге қарсы шабуылдарға
қатысып, әскер басқарған.
Ол 24 жасында халифа болды. Тақуалығымен,
жомарттылығымен танылған.
175 жылы ол өзінің баласы Мұхаммед әл-Әминді өзінің
мұрагері деп жариялайды. Ал екінші баласы әл-Мәмунды
екінші мұрагері қылады.
Ішкі жағдай тұрақты болды.
Византиямен соғыс толастаған емес. Кейбір кезеңдерде
келісім шарттар жасасып бейбіт қарым қатынас орнаған.
187 жылы Арменияда түрік-хазарлардың шабуылы
басылады.
Харун әр-Рашид Самарканд тарапындағы бүліктерді басу
үшін шыққан сапарларының бірінде, Туса қаласында
дүниеден өтеді.
12.
ӘЛ-ӘМИН МҰХАММЕД ИБН ХАРУН (193/810-198/814)Әл-Мәмунның жақындары оны бауырын орнынан алып,
билікті өз қолына алуға үгіттейді. Ол одан бас тартады. 194
жылы әл-Әмин екі інісін де (Мәмун, Қасым) орнынан алып,
басқа адамдарды тағайындайды.
Бауырлары халифатқа деген құқықтан айырылады,
халифаның бұйрығымен Қағбадағы құжат жойылады. Бұл
жайтты естіген әл-Мәмун әскер жасақтай бастайды. Халифа
оның күшейіп кетуінен қауіптеніп, келіссөздерге елші
жібергенімен, ол нәтиже бермеді.
195 жылы халифа төрт мыңдық әскерді бауыры әл-Мәмунға
қарсы аттандырады. Алайда бұл шайқаста әл-Мәмун жеңіске
жетеді.
Қақтығыстар жалғасын тауып отырды. Нәтижеде әлМәмуннің әскері 198 жылы Бағдатты алады.
Әл-Әмин билігі кезінде халифаттың сыртқы майданында еш
өзгеріс болмады. Харижилер мен Африканың солтүстігіндегі
Ағлабилер мемлекеті Аббаси халифасымен жақсы қарымқатынаста болған.
13.
ӘЛ-МӘМУН ИБН ХАРУН ӘР-РАШИД (198/814-218/834)Әл-Мәмун Харун әр-Рашидтің күңінен туған баласы (170
жылы). Бауыры әл-Әмин өлгеннен кейін ол Бағдатқа
көшіп бармай Марыда қалады.
Әл-Мәмун мемлекеттік істерді жүргізуді жақын
жолдастарына, оның ішінде әл-Хасан ибн Сахл мен оның
бауыры әл-Фадл ибн Сахлге тапсырады да, өзі мемлекет
басқаруға араласпайды.
Бағдатта халифа жүргізіп отырған саясатқа қарсы
Аббаси әулеті өкілдерінің наразылығынан туындаған
толқулар жиі орын алып отырды. Ол әл-Мәмунның
өзінің мұрагері ретінде пайғамбардың (с.а.с.) ұрпағынан
саналатын Али ибн Мусаны тағайындаған уақытта
ушыға түсті. Аббасилер әл-Мәмун тақты Алидің
жақтастарына өсиет еткеніне қарсы болды. Осыған
байланысты бағдаттық Аббасилер әл-Мәмунның ағасы
Ибраһим ибн әл-Мәһдиді халифа қылып жариялады.
14.
Муғтазилилердің ықпалына ерді. Олардың көзқарасынмемлекеттің ресми идеологиясы ретінде жариялайды.
Пікірін қолдамаған ғалымдарды қудаланды.
Әл-Мәмун басшылығы кезінде ірі сыртқы соғыстар
болмады. Оған халифаттың ішкі тұрақсыз жағдайы мен
сарайдағы өзгерістер де себеп болды. 215-218 ж.
Византияға бірнеше жорық ұйымдастырды.
Аббасилер мен Алауилердің қақтығысы болды. Ең ірісі әлХусайн ибн Алидің ұрпағы Ибн Табатабтың Куфадағы
көтерілісі болды.
Алауи жақтастары Аббасилерді Куфадан ығыстырып
шығарады.
Әл-Мәмун
алғаш
мемлекеттік
деңгейде
аударма
орталығын ашты.
218 жылы халифа әл-Мәмун дүниеден өтеді де, тақты
бауыры әл-Мутасимге қалдырады.
15.
ӘЛ-МУҒТАСИМ МҰХАММЕД ИБН ХАРУН ӘР-РАШИД(218/834-227/843)
Әл-Муғтасим Мұхаммед харун ар-Рашидтің Марида есімді
күңінен туған баласы. 179 жылы дүниеге келген. Өлім
алдында жатқан кезде халифа әл-Мәмун өзінің баласы
Аббасты мұрагері қылмақшы болады, бірақ ол тақтан бас
тартып ағасы әл-Мутасимге жолын береді.
Мұсылмандардың әл-Мутасимнің билігі кезінде жеткен ең
маңызды жетістіктерінің бірі Бабектің көтерілісін басып,
Византияға қарсы шықты.
Муғтасим әскерін толығымен түріктерден жасақтады.
Оның істері Бағдат тұрғындарының толқуын туындатқан
кезде ол Тигрдің сол жақ жағалауына Бағдаттың
солтүстігіне жүз шақырымдай жерге Самарра қаласын
салуға бұйрық беріп, 220 жылы сол жерге өзінің
резиденциясын көшіреді.
Құранды жаратылған деп есептеп, ортодоксалды
ұстанымдағы ғалыдмарды қудалауды жалғастырды.
16.
ӘЛ-УАСИК ХАРУН ИБН МҰХАММЕД (227/843-232/847)Әл-Уасик 196 жылы Меккеде дүниеге келген. Әкесі әлМуғтасимнің өлімінен кейін халифа болды. Ол да муғтазилік
пікірді қолдады. Ол Басраның аймақ басшысына мутазилиттік
сенімге деген көзқарастарын анықтау үшін барлық
ғалымдарды тергеп шығуға бұйрық береді. Құранның
жаратылғандығына қарсы шыққан хадистанушы Ахмад ибн
Насыр
әл-Хузағи
Аббасилердің
белсенді
жақтастары
болғандығына қарамастан халифа әл-Уасиктің бұйрығымен
өлім жазасына кесіледі.
229 жылы әл-Уасик көптеген мемлекеттік шенеуніктерді өз
міндеттеріне немқұрайды қарады деп айыптайды да, оларға
дүре соқтырып, ауыр материалдық айыппұл салады.
Бұл кезеңнің маңызды тарихи оқиғалары қатарына 231 жылғы
византиялықтар
мен
мұсылмандардың
тұтқындарды
алмастыруын айтуға болады.
17.
АББАСИЛЕР ХАЛИФАТЫҚҰЛДЫРАУ КЕЗЕҢІ (247/861-334/946)
Бұл кезеңнің халифалары:
Әл-Мунтасир Билләһ (247/861-248/862)
Әл-Мустағин Билләһ (248/862-252/867)
Әл-Муғтазз Билләһ (252/867-255/870)
Әл-Муһтади Билләһ (255/870-256/871)
Әл-Муғтамид Аляллаһ (256/871-279/892)
Әл-Мутадид Билләһ (279/892-289/902)
Әл-Муктафи Билләһ (289/902-295/908)
Әл-Муктадир Билләһ (295/908-320/932)
Әл-Кахир Билләһ (320/932-322/934)
Ар-Ради Билләһ (322/934-329/940)
Әл-Муттаки Лилләһ (329/940-333/945)
Әл-Мустакфи Билләһ (333/945-334/946)