Сөз тіркесін оқытуда қолданылатын ұстанымдар
Жүйелілік принципі
Көрнекілік принципі
Саналылық пен белсенділік принципі
Теорияны практикамен байланыстыру принципі
Түсініктілік принципі
Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру принципі
Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыру
Фразеологиядан айырмашылығы
Фразеологиядан айырмашылығы
Сөз тіркесінің өзіне тән белгілері
4.30M
Категория: ПедагогикаПедагогика

Сөз тіркесінднгі ұтымды тәсілдер Ұқсас тұлғаларды оқыту әдістемесі Сөз тіркесін зерттеген ғалымдар

1.

Тақырыбы: Сөз тіркесінднгі ұтымды тәсілдер
Ұқсас тұлғаларды оқыту әдістемесі
Сөз тіркесін зерттеген ғалымдар
Орындағандар: Асанова Ж
Атейбек А
Әбсаттар А
Ауғанбаева А
Тексерген: Мұхамади Қ

2. Сөз тіркесін оқытуда қолданылатын ұстанымдар

Қазақ тілі әдістемесі – ана тілін ұғынудың
заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға
үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін
педагогика ғылымының бір саласы.

3.

“Балалар әдебиетінің атасы” атанған
Ыбырай Алтынсарин “Қазақ
хрестоматиясы” және
“Қазақтарға орыс тілін оқытудың
қолданбасы” деген еңбегінде әңгіме
әдісін қазақ мектебінде алғаш рет
қолданды.

4.

• А. Байтұрсынов өзінің “Қай әдіс жақсы” мақаласында:
“Әдіс- керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсыжаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына
қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың
сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да
сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды.
Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне
қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін”,
- дейді.
• Дыбыс әдісі мен тұтас сөзді әдістің қайсысы жақсы
дегенге мысалдар келтіре отырып, қазақ тіліне дыбыс әдісі
жақсы деген тұжырымға келеді.

5.

Ғылыми принципі
Оқытудың ғылыми принципі
бойынша оқулықтардағы тілдік
материалдардың мазмұны тіл
білімі саласындағы ұғымдар мен
олардың құрылымына сәйкес
келуі тиіс. Қазақ тілі пәнінің
бағдарламалары мен оқулықтары
осы принципке сүйеніп жасалады.

6.

Мектеп оқулықтары қазақ тілі
теориясына қатысты өлшемдер
негізінде жасалуы тиіс. Алайда бұл
талаптар кейде ескерілмей қалады.
Бұл тұста ғылыми принциптің
жүйелілік принципімен тығыз
байланысты екенін есте ұстау
қажет.

7.

Лингвистика іліміндегі соңғы жаңалықтарды
ғылыми түрде ой елегінен өткізіп, оқушыға
жеткізу – мұғалім міндеті.
Мәселен, тіл білімінде өзінің шешімін тапқан
атаулық тіркестер, сөздердің салалас қатары
туралы терең мағлұмат беру оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттырады.

8. Жүйелілік принципі

Оқытудың жүйелілік принципі дегеніміз – оқу
материалдарының логикалық жағынан бір ізбен
сатылай құрылу, берілу тәртібі.

9.

Сөз тіркесінің басыңқы және
бағыныңқы сыңарларының
негізгі белгілерін оқушыға
меңгерткеннен соң, сөз
тіркесінің түрлері туралы
мағлұмат беріледі. Өйткені сөз
тіркесінің есімді, етістікті болып
бөлінуі оның басыңқы сыңарына
байланысты.

10. Көрнекілік принципі

11. Саналылық пен белсенділік принципі

Саналылық пен белсенділік принципі оқушыларға
грамматикадан білім беру барысында олардың саналы
түсіну қабілетін дамытып отырады. Тілдің
заңдылықтары мен ережелерін оқушылар жаттанды
түрде емес, саналы түрде игеруі қажет.

12. Теорияны практикамен байланыстыру принципі

Бұл
принципте оқушылардың теория жүзінде
алған білімдерін өмір қажетіне пайдалынулары
арқылы іске асады.

13. Түсініктілік принципі

оқу материалына дәл
анықталған материалды ендіруді, оқушылар
меңгере алатындай ғылыми терминдер мен
ұғымдарды пайдалануды көздейді.
Сондай-ақ, оқу материалын меңгертуде
мұғалімнің жаңа білімді баяндап, түсіндіруне
де байланысты.

14. Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру принципі

Оқушыларға теориялық білім мен
практикалық дағды беруде олардың
психикалық қасиеттері, оқуға бейміділігі мен
икемділігі ескеріледі.

15. Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыру

Сөз тіркесінің өзіне тән табиғатын
айқындап, оған анықтама беру
үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне
ұқсас тұлғалардан, атап айтсақ,
атауыш сөз бен көмекші сөздің
тіркесінен, сөздердің салалас
қатарынан, күрделі сөзден,
фразеологиялық сөз тіркесінен,
сөйлемнен ажырата білу керек
болса, екіншіден сөз тіркесіне тән
басты белгілерді айқындап алу
қажет.

16.

*Сөз тіркесін өткен кезде сұрақтар қою арқылы күрделі
сөздің өзіне тән белгілерін еске түсіргеннен кейін
мынандай сөйлемдерді жазып, сөз тіркесіне талдатуға
болады:
1. Ақ киімді, денелі,
ақ сақалды...
2. Мен де жаңадан
кірісіп,
ақсақалдармен
таныса алмай
жатырмын.
3. Қабырғаға ілінген
боз кілем көздің
жауын алады.
4. Таң сәріден
шырылдаған
бозторғай Сәтжанды
әдеттегідей әлдеқайда
ерте тұрғызды.

17.

Күрделі сөз
Сөз тіркесі
1. Сөз жасаудың бір түрі
Синтаксистік теория
2. Күрделі сөздің әрбір сыңары бір-бірімен тығыз
мағыналық байланыста болады.
Сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірімен
синтаксистік байланыста болады.
3. Күрделі сөздің әрбір сыңарында жеке-жеке
мағына болуы да мүмкін. Бірақ оның
сыңарларының жеке-жеке мағынасы болғанымен,
тұтас сөздің мағынасы сыңарларының
мағынасынан гөрі күңгірттеу болады.
Сөз тіркесінің сыңарларының мағынасы айқын
болады.
4. Күрделі сөздің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ
қойылмайды, күрделі сөз бір ғана сұраққа жауап
береді.
Сөз тіркесінің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ
қойылады.
5. Күрделі сөздің әрбір сыңарының орны тұрақты.
Сөз тіркесінің әрбір сыңарының орны тұрақты
емес.
6. Күрделі сөз тұтасымен морфологиялық
өзгерістерге ұшырамайды. Күрделі сөздердің тек
соңғы сыңары ғана морфологиялық өзгеріске түсе
алады.
Сөз тіркесінің әрбір сыңары түрлі морфологиялық
өзгерістерге ұшырайды.
7. Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен
синтаксистік байланысқа түседі.
Сөз тіркесінің әрбір сыңары жеке-жеке
синтаксистік байланысқа түседі.
8. Күрделі сөздер - сөздерге бір табан жақындап
түрған күрделі единицалар, сондықтан бұларға
номинативтілік тән.
Сөз тіркесіне номинативтілік қасиет тән емес,
өйткені оның әрбір сыңарына номинативтілік
тән.
9. Күрделі сөздер сөйлеу кезінде жасалмай,
бұрыннан жасалып, даяр тұрған қалпында сөз
тіркесінің не сөйлем құрамына енеді.
Сөз тіркесі белгілі бір үлгілер бойынша сөйлеу
кезінде жасалады.

18.

Сөз тіркесін сөздердің салалас қатарынан
ажырата білу үшін, құрылымдық ерекшелігіне
назар аудару қажет.
Ашық аспан, мектепке келді, биік тау
Сөз тіркестері басыңқы, бағыныңқы
сыңарларымен жасалады.

19.

20.

Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің
сыңарларын орны жағынан алмастыруға болмайды.
Сағат қалта – қалта сағат

21. Фразеологиядан айырмашылығы

O Етпетінен жату – етпетінен түсу, мал көру –
қол көру, жіп жалғау – жүрек жалғау,
пышақ қайрау – тісін қайрау, тас қабырға –
тас қараңғы.

22. Фразеологиядан айырмашылығы

ФРАЗЕОЛОГИЯДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Еркін тіркестің тұрақты тіркестен
айырмашылығын түсіндіруде тағы бір
мынадай әдіс бар.
Оқушыларға бір тұрақты тіркес
беріледі. Мысалы, “тісін қайрау”.
Әрқайсысы өзінше түсінік береді.
Алайда оның тура мағынада емес
екенін бәрі түсінеді.
Одан кейін “пышақ қайрау” еркін
тіркесі беріледі.
Бұл тіркестің тура мағынада, яғни
еркін тіркес екенін балалар бірден
түсіне алады.

23.

Бір
байқағанымыз, мысалдарды көптеп
келтіре отырып, сөз тіркесін салыстыра
оқыту көп нәтиже бермек.

24. Сөз тіркесінің өзіне тән белгілері

1. Кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады;
2. Бір сыңары бағыныңқы, бір сыңары басыңқы
болады;
3. Солардың нәтижесінде белгілі бір синтаксистік
қатынас – жаңа грамматикалық мағына пайда болады;
English     Русский Правила