5.01M
Категория: ПромышленностьПромышленность

Мал суару қөздері

1.

2.

Мал суару - малға уақытыңда қажетті мөлшерде су беру. Әр
малға қажет су мөлшері малдың жасына, өнімділігіне, ауа
райына, жұмысқа пайдалану ретіне, берілетін жемшөп түріне
байланысты.

3.

Мал ішетін су биологиялық, химиялық, физикалық
құрамы жағынан таза болу керек. Шаруашылық
үшін ыңғайлы ретіне, түліктің түріне қарай, қорада
немесе ашық алаңда автосуарғыштан суару, құдық
басында суару, табиғи суаттан (өзен, көл, бұлақтан)
суару сияқты мал суарудың әр түрлі тәсілдері
қолданылады

4.

Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында шаруашылықты сумен қамтамасыз
ету - кезек күттірмейтін мәселелердің қатарында саналды. Қыстаулар өзен
аңғарлары мен қалың қамыс қоршаған көлдердің, сондай-ақ тау
бөктерлерінде орын тепті. Мұндай жерлерде малды қысты күні қорекпен
қамтамасыз етумен қатар суға тапшылықты оңай шешуге мүмкіндік туатын.
Көктемде қар суы мен жауын-шашыннан жиналған табиғи су қоймалары
малды сумен қамтамасыз етуге жағдай жасады .

5.

Қазақстанның солтүстігінде өзен,
көл, бұлақтар мен батпақты
жерлер көп кездеседі . Бұл
аймақта жер асты суларының
жер бетіне жақын орналасуы
құдықтардың кең таралуына
жағдай жасады. Орманды
алқаптарда құдықтардың
қабырғасына қайың бөренелерді
"құлыптап" орналастыратын
болған. Жекелеген аймақтарда
құдықтардың қабырғасы таспен
қаланып жасалатын болған .

6.

7.

Су жер бетіне жақын
орналасқан таяз құдықтарды
кең етіп қазылатын болған.
Мұндай құдықтарда су көп
жиналып, олардан суды теріден
жасалған қауғамен батырып
алатын болған . Солтүстік
аймақтарда терең құдықтар да
кездесетін. Бұл құдықтардан су
орыс қоныстанушыларына
еліктеп жасалған "тырна"
жүйесі бойынша алынатын .

8.

Шөлді және шөлейтті жерлерде
жазды күні малды суғару үшін
құдықтар қазылады. өйткені
мұндай аймақтарда тұщы судың
сирек кездесуі, көктемгі
жиналған судың тез кебуі, өзен
суларының құмға сіңіп жоқ
болуы - құдық қазуға итермеледі.
Мұндай құдықтардың тереңдігі 10-нан 100 м-ге дейін жетті.
Қазақтар тереңдікке байланысты
"құлаш", "қадам", "арқан бойы"
сияқты өлшемдер қолданды.

9.

Бетпақдалада тереңдігі - 15 құлаш,
Қызылқұмда - 30-40 қадам, ал
Маңғыстау мен үстіртте - 40-100
қадам құдықтар кездесіп отырды.
Мұндай шыңырау құдықтардан суды
жердің бетіне шығарып, малды
суғару көп қиындықтар туғызды.
Тереңдігі 7-8 метр құдықтан суды
түйе, жылқы мен өгіздің күшімен
шығарды. Ол үшін бір жастағы
өгіздің тұтас терісінен мес (долы)
дайындалып, оған түйенің немесе
жылқының терісінен жасалған арқан
байланды

10.

Осыдан кейін құдықтың үстіне бел ағаш орнатылды.
Арқанның бір шеті түйеге байланып, құдықтың ішінде
суға толтырылған мес (долы) сыртқа шығарылды. Бұл
жұмысқа екі адам мен бір мал тартылды.

11.

Шөлді жєне шөлейтті жерлерде
қатар орналасқан қос құдықтар
кездеседі. Мұндай құдықтардың
ара қашықтығы, олардың
тереңдігіне сєйкес келеді. Мұндай
құдықтардан су шығаруға аз күш
жұмсалып, неғұрлым көп мал
суғаруға мүмкіндік жасалады. Ол
үшін екі құдықтағы местер (долы)
бір малға байланады. Бір адам
малды екі құдықтың ортасында
алып жүреді. Жұмыс барысында
бір құдықтан су шығарылғанда,
екінші құдыққа мес түсіріліп
отырады. Ал су толтырылған
месті екі құдықтың қасында екі
адам тұрып астауға құйып
отырады.

12.

13.

Мұндай құдықтар мал көшетін бағытта әрбір 20-30
шақырым қашықтықта орналасты. Жайылымдағы
құдықтар сол ауылдың, рудың немесе құдықты қазған
адамдардың меншігі болды. Ал мал көшетін бағытта
орналасқан құдықтар жалпыға бірдей болды.

14.

Кішігірім құдықтар жыл сайын тазаланып, жөндeуден өтеді.
Белгілі бір уақыттан кейін жаңа құдықтар қазылып отырады.
Шөлейтті жерлерде құдықтар қазу көп күшті қажет етеді.
Құдықтарды қазуға жалдамалы адамдар тартылады.
Қабырғасы сексеуілдің бұталарымен өрілген дұрыс құдықты
қазуға бірнеше айды қажет етеді.

15.

Манғыстау мен үстіртте терең құдықтар қазу көп
күш пен біліктілікті қажет етеді. өйткені 1,5-2 м.
тереңдіктен кейін 20 дан - 100 метрге дейін
қалыңдықта қатты қабат (ракушечник) кездесіп
отырады. Суға жету үшін осы қатты қабатты тесіп
шығу керек болады. Осындай ауыр жұмысқа
қайратты адамдарды жалдайтын болған. Бұл
құдықтар ұзақ жылдар бойы қызмет етті.

16.

17.

Ақпарат берушілердің айтуы бойынша Манғыстау мен
үстіртте 150-200 жыл бұрын қазылған құдықтар елі
күнге дейін адамдарға қызмет етеді екен. Олардың
аттары құдықты қазған адамдардың аттарымен аталады
екен. Мысалы, Мамыртай, Мамыш, Қазбек атты
құдықтар аттары соған дәлел бола алады. Құдықтардың
жерден шығып тұрған жеріне биіктігі бір метрден
биіктікте тас плиталармен қаланып, бетіне ортасында
тесігі бар қақпа (айкел) жабылатын болған .

18.

Маңғыстау жерінде осыдан екі
жүз жыл бұрын 1133 құдық
болған, оның 698-і байлардың,
107-і қарапайым шаруалардың,
282-і жекеленген рулардың,
тек 46-сы ғана көпшіліктің
меншігінде болған екен.
Ақмола облысында 38165
тұщы сулы жєне 7465 ащы
сулы құдықтар болып, оның
1689-ы мемлекеттің, 7553
көпшіліктің, ал 36385-і жеке
байлардың иелігінде болған
екен.

19.

20.

Адамдардың ауыз суы мен мал суғаруға қажетті су көздеріне
байланысты бірқатар уездердегі сандық мәліметтер біраз
қызығушылықты туғызады. Көкшетау уезі қазақтары XIX
ғасырда 65 өзен мен кішігірім өзендер, 115 көл, 731 батпақты
жерлер, 2106 құдық, 60 бұлақ суларын пайдаланған екен .

21.

22.

Зайсан көлі маңында қысты күндері 891 қыстауда құдық,
964 қыстауда - бұлақ, 754 қыстауда - қар суын, 663
қыстауда - өзен, 8 қыстауда - көл, 5 қыстауда батпақты
жердегі су көздерін пайдаланған. Лепсі уезінде
жергілікті халық 106 өзен мен бұлақ, 216 арық суларын
пайдаланса, Қапал уезінде 92 өзен, 300 бұлақ
көздеріндегі суды қажеттеріне жаратқан.

23.

Ал, Жаркентте халық 60-қа жуық өзен, бұлақтардан
тараған арықтар мен көлшіктерден суға
қажеттіліктерін қамтамасыз еткен. Верный уезі
қазақтары 171 су көздерін (өзен, бұлақ), көл және су
жиналатын жерлер мен олардан тараған 392 арықтар
мен су қоймаларын қажеттіліктеріне жаратқан .

24.

Ерекше назар аударатын жайт, Жетісу болысында су
көздерінің көп болуына байланысты құдықтар қазу
кең таралмаған . Оңтүстік Балхаш аймағында
табаны қатты қар суы жиналатын жерлерді қазақтар
малдарын суғаруға пайдаланған.
English     Русский Правила