99.65K
Категория: ИсторияИстория

Қазақстан Алтын Орда құрамында

1.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА
АКАДЕМИЯСЫ АҚ
ЖАНЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
министірлігі
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Алтын Орда құрамында.
Орындаған: Балғабай Ж.А.
Тобы: С-МІҚ-11.01.19
Қабылдаған: Дарашова З.Б.
Шымкент 2019

2.

Жоспар.
I. Кіріспе
Алтын Орда- Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет.
II. Негізгі бөлім
А) Алтын Орданың тәуелсіз мемлекетке айналуы.
Б) Алтын Орда мемлекетінің саяси, мәдени және экономикалық
тұрғыдан гүлденуі.
В) Алтын Орданың уақытша күшеюі.
III. Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

3.

I.Кіріспе
Алтын Орда- Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы аумағында
құрылған мемлекет. Жошы қайтыс болған соң, оның мұрагері ретінде
екінші ұлы Батый таңдалды. Батыйдың билікке келуі туралы ортағасырлық
тарихшы Өтеміс қажы қызықты мәліметтер келтірген. Жошы қайтыс болған
соң, оның артында қалған ұлдары тақ мұрагері ретінде үлкен ұлы Орда
Еженді таңдаған. Бірақ ол інісі Батыйдың таққа лайықты екендігін айтып,
бас тартады. Мәселені шешу үшін олар аталары Шыңғыс ханға жүгінген.
Мәселеден хабардар болған Шыңғыс хан өзіне келе жатқан Жошы ұлдарына
арнайы киіз үйлер әзірлеген. Алтын босағалы Ақ Орданы Батыйға, күміс
бағалы Көк Орданы Орда Еженге, болат босағалы Боз Орданы Шайбанға
арнайы тіктірген. Осыдан соң барлығы тақ мұрагері ретінде аталарының
таңдауы Батыйға түскенін білген.

4.

Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
1242 жылдан бастап Алтын Орда мемлекетінің құрылған жылы деп
есептеледі. Жері Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі аумақ. Астанасы
Сарай Бату (қазіргі Астрахан маңы), кейінірек Еділдің жоғарғы бойынаСарай-Беркеге көшті. Алтын Орданың алғашқы ханы Батый тақта 14
жыл (1242-1255жж.) отырды. Батый Шыңғыс ұрпақтарының ішіндегі ең
беделдісі болып, Алтын Орданың экономикалық тұрғыдан гүлденуіне
мүмкіндік жасады. Дәл осы кезеңде ол құрметті «Сайын хан» (жұмсақ,
адал) атағын иеленді. Ол Шыңғыс ханның Яса заңдарының орындалуын
қатаң қадағалады. Батыйдың билік құрған кезеңі Алтын Орда тарихында
тыныштық пен тұрақтылық орнаған уақыт ретінде белгілі.

5.

Қызық дерек!
Еуропалық В.Рубрук: «Мен Батыйдың
сарайын көргенде, оның үйі бір үлкен қалаға
ұқсады. Бірақ оның әскерінің күштілігіне,
Алтын Орда сарайының кереметтігіне
қарамастан, саяси қарым-қатынаста ол
тәуелсіз болған жоқ, ол Қарақорымда
басқарылатын империяның бір бөлігі ғана
болды», деп жазған.

6.

Алтын Орданың тәуелсіз мемлекетке айналуы.
1255 жылы Батыйдың өлімі Алтын Ордада бірінші тақ таласын туғызды. 1257 жылы Батыйдың інісі
билікке келді.
Берке Жошы ұлысын тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Мұны өз атынан ақша шығарғанынан көруге
болады. Себебі Батый хан тұсында Алтын Ордадағы ақшалар Ұлы хан Мөңкенің атымен құйылатын.
Берке билігі тұсында, 1263 жылы Жошы ұрпақтарының Ирандағы хулагулықтарға қарсы соғыстары
басталды.
Шыңғыс ханнан тараған екі әулет Әзірбайжан өлкесі үшін таласты. Бұл күресте Алтын Орда билеушісін
Мысыр мамлюктері қолдады. Күрес барысында екі жақта белгілі бір жетістіктерге жете алмады.
Беркенің өзі 1266 жылы хулагтарға қарсы жорықта қайтыс болды.
Кейбір араб және парсы авторлары Алтын Орданы Жошы ұлысы, Батый ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек
ұлысы деп те атаған.

7.

Ноғай бүлігі.
Беркеден кейін билік құрған Меңгу Темір қайтыс болған соң, Алтын Орданың саяси өмірінде Жошы
ұрпақтарының бірі Ноғайдың беделі артты. Ол шын мәніндегі Алтын Орда билеушісіне айналды. Өз
ықпалымен Туда Меңгу (1280-1287жж.), Төле Бұқа (1287-1290жж.) хандарды таққа отырғызды.
1290 жылы Тоқта хан Ноғайдың қолдауымен билікке отырды. Алғашында ол Ноғайдың барлық кеңестерін
тыңдап, оны барынша қолдаған еді. Бірте- бірте Тоқта хан Ноғайдың ықпалынан құтылғысы келіп,арада соғыс
бастады.Тоқта хан Ноғайды жеңген соң , орталық биліктің күші мен беделін қайта қалпына келтіреді.
Исламды мемлекеттік дін деп жариялау.
Тоқта хан қайтыс болған соң , 1312жылы Алтын орда тағына Меңгу Темірдің немересі Өзбек билікке келді.
Өзбек хан билікке келе салысымен исламды Алтын Орданың ресми діні деп жариялады.Ислам дінін нығайту
саясатын оның ұлы Жәнібек хан (1342-1356ж.ж.) да жалғастырды.

8.

Өзбек ханның ішкі және сыртқы саясаты.
Өзбек хан 30 жылдық билігі барысында (1312-1342 ж.ж.) аймақтардағы әртүрлі көтерілістарді басып ,билікті өз
қолында ұстады.
1331 жылғы Қытай картасында Өзбек хан тұсындағы Алтын Орда картасы көрсетілген.Бұл картадаАлтын
Орда бірегей мемлекет ретінде саналып,Ертіс жағалауынан Сырдарияға дейінгі аймақ Өзбек ханның иелігі
ретінде көрсетілген.
Өзбек хан орыс князьдеріне біршама жеңілдіктер жасады.Түмендік,мыңдық,жүздіктерді алу, алым –салықты
жинау орыс князьдеріне тапсырылды. Бұған дейін орыс жерлерінен алым-салықты басқақтар жинаитын.Орыс
діншілдеріне жеңілдіктер беру т.б. Орыс ұлысының жағдайын біршама жеңілдетті.Орыс князьдері өздері ханға
салық алып келіп отырды.Русь жеріндегі маңғолдық билік жаңа кезеңге өтті,мұнда әскери қысым
экономикалық қысыммен ауыстырылды.
English     Русский Правила