Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесі
Бүйрек
Hесепағар(ureter)
Қуық(vesica)
Айырмашылық
856.72K
Категория: МедицинаМедицина

Зәр шығару жүйесі

1. Зәр шығару жүйесі

БҚБ 201
Қарағұл Нұрбек

2. Зәр шығару жүйесі

жыныс аппараттарымен
морфологиялық және физиологиялық
жағынан тығыз байланысты келеді. Зәр
шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда
болған несепті ағзадан шығару болса, жыныс
жүйесі (тірі ағзаның бір белгісі) көбею
функциясын атқарады. Осының нәтижесінде
зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе
болып саналады. Себебі ер адамдарда зәр
шығару және тұқым шығару жолдары бірігіп,
жалпы ортақ жол құрайды. Ал әйел
адамдарда екі жүйенің жолдары екі бөлек
болғанымен, ортақ несеп-жыныс аппаратын
түзеді және-бірімен өте тығыз байланыста
жатады.

3.

4. Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару
мүшелеріне
несепағар(ureter)
Бүйрек(ren,nefros)
қуық(vesica)
жатады.

5.

Зәр шығару жүйесі
Зәр түзуші мүше
Зәр шығарушы мүше
Зәрағар
Бүйрек
Қуық
Зәр шығару өзегі

6. Бүйрек

(почка,ren,nefros). Құрсақ
қуысында, жоғарғы бел омыртқаларының
тұсында орналасқан. Бір-біріне бас
жақтарымен жақын жатады. Оң бүйрек сол
бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен жатады.
Бүйректер артқы жағынан диафрагмаға,
белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан
тоқ ішектің өрлеу және төмендеу
бөліктерімен шектеледі. Бүйректің
орналасуы жас және жыныс
ерекшеліктеріне байланысты келеді.
Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан
да төменірек жамбас ішінде түсе жатады.
Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересек
адамдарда ұзындығы 12 см, ені 6 см,
салмағы 120 грамға дейін жетеді.

7. Hесепағар(ureter)

Несепағар (ureter) — жұп мүше, 30-35 см, диаметрі 8 мм болатын бүйрек қуысы
мен қуықты жалғайтын ұзын түтік. Несепағардың ішкі бөлігі (pars abdominalis)
үлкен бел бұлшықетінен алдыңғы бетімен кіші жамбасқа өтеді, жамбас бөлімі
(pars pelvica) жамбастың шектелген сызығы арқылы алға, медиалді және төмен,
мүшенің интрамуральды бөлігін (pars intramuralis) жасай қуық түбіне өтеді.
Несепағар 3 жерден тарылу түзеді: (3-4 мм) бүйрек қуысьшан несепағарға
шығатын жерінде, іштік бөлімнің жамбас бөліміне өтуінде және несепағардың
қуыққа өтетін жерінде болады. Несепағар қабығы шырышты, бұлшықеті және
дәнекер қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa), эпителиймен
қапталған және терең қатпарлы, жиырылған бұлшықеті қабығы (tunica
muscularis) жоғарғы бөлімінде 2 қабаттан — ішкі және сыртқы циркулярлы, ал
төменгі бөлімінде 3 қабаттан — ішкі, сыртқы, ортаңғыдан тұрады. Бұлар несептің
бүйректен қуыққа өтуін жүргізеді. Сыртынан несепағар дәнекер қабықпен (tunica
adventitia) жабылған.

8. Қуық(vesica)

Несепқуық (vesica urinaria cystis;
сурет 158) тақ қуыс мүше, көлемі
700-800 см3, жамбас астауының
түбінде орналасқан, оның пішіні
несептің толуымен байланысты.
Алдынан қасаға симфизі,
еркектерде артқы жағынан ұрық
бездері және тік ішек орналасқан,
ал әйелдерде — жатыр және
қынаптың жоғарғы бөлігі
орналасқан. Қуық өзінің төменгі
бөлімі арқылы жамбас түбіне
жанасады. Денесі (corpus vesicae),
түбі (fundus vesicae), мойны (cervix
vesicae) және ұшы (apex vesicae)
болады.

9. Айырмашылық

Әйел несепшығару өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см
болатын, диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды. Әйел несеп шығаратын өзегі
қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен
артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді. Оның артқы қабырғасы
қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан. Несеп шығаратын өзектің
қабырғалары шырышты, бұлшықетті және дәнекертін қабықтарынан
тұрады.
English     Русский Правила