Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау
4.63M
Категория: ЭкономикаЭкономика

Нұр-Сұлтанда қала маңы қатынастарына тарифтік аймақтар енгізіледі

1.

2016 ж. 30 шілдеде Нұр-Сұлтанда қала маңы қатынастарына
тарифтік аймақтар енгізіледі. Аймақтарға бөлу жүйесі Жол
жүруді төлеудің электрондық жүйесінің (ЭШОП) жобасын
енгізу кезіндегі алғашқы дайындық кезеңі болып
табылды.Астананың қала маңы аумағы 4 тарифтік аймаққа
бөлінген, әрқайсысының ұзындығы-15 км.

2.

Жоспарлы экономика жағдайында қала маңындағы қатынаста тарифтердің
мынадай түрлері болды:
1. Шақырым бойынша.
2. Төмендеткіш (бөлектелген- жеңілдік). Бұл ретте жолдың бірінші учаскесінде
тарифтің жоғары ставкасын орнатуы, ал әрбір келесі тарифтік учаске төлем аз
мөлшерде алынады. Сараланған тарифті қолдану алыс қашықтықтарға
жолаушылардың жүруін ұлғаюына ықпал етеді деп саналды.
3. Арттырғыш. Төлем сапар қашықтығы артуына тікелей пропорционалды кезде.
4. Еселенген жеңілдік тариф әрбір учаскенің жолақысы үшін тең төлеммен, бірдей
тарифтік учаскелерге бөлінген қала маңындағы маршруттарда қолданады.
5. Жабылатын, маршрут бірінші учаскенің екінші жартысы сол уақытта екінші
учаскенің бірінші жартысы болып табылатындай есеппен бөлінген кезде
Қала маңындағы қатынаста жол жүру құнын есептеу үшін автомобиль көлігімен
қала маңындағы маршруттарда жолаушыларды тасымалдаудың тарифтік аймақтарын
(10 аймақ) басшылыққа алған жөн.

3.

4.

5. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау

тарифтерінің кейбір мәселелері туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысы. Нұр-Сұлтан
.
қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 1181 болып тіркелді
• Нұр- Сұлтан қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты
автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф электрондық жүйе арқылы төлеу кезінде
мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол
ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 90
(тоқсан) теңге;
2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол
ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 180 (бір жүз
сексен) теңге;
3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол
ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 90 (тоқсан) теңге;
4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол
ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста – бір километр үшін 8 (сегіз) теңге;
5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен
тасымалдау кезінде – 180 (бір жүз сексен) теңге;
6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен
тасымалдау кезінде – 250 (екі жүз елу) теңге;
7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 180
(бір жүз сексен) теңге;
8) қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 11 (он бір) теңге 50 тиын.

6.

7.

Келу бекеті
Маршрут
Аймақ /зона
Тариф/балалар тарифі

8.

9.

Қалааралық және халықаралық жолаушы
тасымалдарына арналған автовокзалдар бір
сағатта қабылдап-жөнелте алатын автобус
санына байланысты 4 класқа бөлінеді:
I класс- 20 автобустан жоғары;
II класс - 11-20 автобус;
III класс- 7-10 автобус;
IV класс - 6 автобусқа дейін.
English     Русский Правила