Похожие презентации:
Тіршіліктің құрылымдық деңгейлері
1. Тіршіліктің құрылымдық деңгейлері
Еуразия ұлттық университетіЖалпы биология жəне геномика кафедрасы
Тіршіліктің құрылымдық
деңгейлері
Орындаған: Толегенова А, Бижанова Д,
Хазипова А, Бегендикова А, Сейпулла А.
Нұр-сұлтан – 2020
2. Тіршілік ұғымы
Тіршілік ұғымындағы негізгі орында — нәруыздар меннуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар
барлық тірі организмдер жасушаларының түрлі
құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі.
Табиғаттағы барлық тірі организмдер бір-біріне ұқсас
біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады. Бұл, жалпы,
тірі организмдердің бәріне тән биологиялық заңдылық
болып саналады.
3. Молекулалық деңгей
Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организмқұрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі
де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин
қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және
бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады.
Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды.
Молекулалық деңгейде тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір
түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы
тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі,
т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады.
4. Жасушалық деңгей
Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтікбірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке
органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет
атқарады. Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын кызметі өзара бір-бірімен
тығыз байланысып, жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір
жасушалы организмдерде (бір жасушалы балдырлар және қарапайым жануарлар)
барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз
алдына жеке организм болып саналады. Бұрынғы өткен бір жасушалы жасыл
балдырлар — хламидомонаданы, хлорелланы және қарапайым жануарлар —
амебаны, инфузорияны, т.б. естеріңе түсіріңдер. Көп жасушалы организмдердегі бір
жасуша өз алдына жеке организм бола алмайды, тек организмнің қарапайым
құрылымдық бірлігі қызметін атқарады.
5. Ұлпалық деңгей
Шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкіжасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа
түзіледі. Ұлпалық деңгей — тек көп жасушалы организмдерге
тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас организм бола
алмайды. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі
ұлпа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдік
мүшелеріндегі ұлпалар — түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және
бөліп шығарушы деп аталады. Әрбір жеке ұлпаның құрылысы
мен атқаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.
6. Мүшелік деңгей
Көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы жәнеатқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді
құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және
бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас
организм бола алмайды. құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас
бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды.
Мысалы, адам организмінде ас қорыту, тыныс алу, қан айналым,
т.б. мүшелер жүйесі болады.
7. Организмдік деңгей
Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла)мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз алдына жеке организм. Ал көп
жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі.
Жеке организм денесінде тірі организмдерге тән барлық тіршілік
процестері-қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею, т.б. жүреді.
Әрбір жеке организм өзінен кейін ұрпақ қалдырып отырады. Көп жасушалы
организмдерде жеке жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жеке мүшелер
жүйесі тұтас организм бола алмайды. Тек бір организмдегі барлық мүшелер
жүйесі өзара үйлесімді қызмет атқара отырып, тұтас бір организмді
құрайды. Организм тікелей сыртқы табиғи орта жағдайларымен тығыз
байланыста ғана тіршілік ете алады.
8. Популяциялық-түрлік деңгей
Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі біраймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды.
Популяция дегеніміз — бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған
әрі көптеген даралардан (особьтардан) тұратын тобы.
Популяциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық
өзгерістер байқалады, ол бірте-бірте жаңа түрдің пайда болуына
септігін тигізеді.
9. Биогеоценоздық деңгей
Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғанатіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын
биогеоценоз дейді. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды.
Биогеоценоз құрамына сан алуан тірі организмдер және белгілі
табиғи орта жағдайлары біріктіріледі. Биогеоценоздағы
организмдердің денесінде энергия жинақталады және энергия бір
организмнен екіншісіне беріліп отырады. Биогеоценоздың
құрамында бейорганикалық, органикалық қосылыстар және тірі
организмдер болады.
10. Биосфералық деңгей
Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдермен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта
жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді
құрайды.
11. Сұрақтар
1. Тіршілік ұғымындағы негізгі орында не тұрады және неліктен?2. Тірі организмдердің бәріне тән биологиялық заңдылык ?
3. Табиғи бірлестік дегеніміз не ?
4. Қай деңгейде алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады?
5. Қандай деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі?
6. Қай деңгей тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет болып табылады?
7. Макромолекулалы заттар қай деңгейді құрайды ?
8. Қай деңгейде тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын
байқалады?
9. Ұлпаның қандай түрлері болады жануарларда және өсімдіктерде ?
10. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп нені құрайды ?
12. Сұрақтар
11. Көп жасушалы организмдерде жеке жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жекемүшелер жүйесі тұтас организм бола аладыма?
12. Популяция дегеніміз не ?
13. Құрамына сан алуан тірі организмдер және белгілі табиғи орта жағдайлары
біріктіріледі?
14. Құрамында бейорганикалық, органикалық қосылыстар және тірі организмдер
болады?
15. Биосфералық деңгейді құрайды ?